Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қыркүйектегі N 927 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.14. N 765 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне бірегей архивтік құжаттарды сақтауға байланысты төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу, өртке қарсы күрес шараларын орындау, сондай-ақ изотопты радиоактивті хабарлағыштарды көму және басқа да шаралар үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қорынан 6 (алты) млн. теңге бөлінсін.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі