Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 және 2005 жылғы 6 маусымдағы N 564 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі N 709 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

         "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының  14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ферроқорытпа (ферроникель) өндіру жөніндегі металлургия зауытын салу және пайдалану" инвестициялық жобасы бойынша "Музбель" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылуының мынадай мерзімдері белгіленсін:
      корпоративтік табыс салығы бойынша - инвестициялық жоба шеңберінде тіркелген активтер пайдалануға берілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап бес жыл;
      мүлікке салынатын салық бойынша - инвестициялық жоба шеңберінде тіркелген активтер пайдалануға берілген жылдан кeйiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап бес жыл;
      жер салығы бойынша - инвестициялық жоба шеңберінде тіркелген активтер пайдалануға берілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап бес жыл.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі