Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі N 274 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4-тармақшасына сәйкес, облыстық ономастикалық комиссияның 2007 жылғы 31 наурыздағы қорытындысы, Құрманғазы ауданы әкімиятының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 384 қаулысы, аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 14 ақпандағы N 319-ХХХVI "Калинин селолық округінің атауын өзгерту туралы" шешімі, Махамбет ауданы әкімиятының 2007 жылғы 24 қаңтардағы N 10-а қаулысы мен аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 7 ақпандағы N 328 шешімі негізінде облыс әкімияты қаулы етеді және облыстық мәслихат шешім етті:
      1. Құрманғазы ауданы бойынша:
      Калинин ауылдық округі - Орлы ауылдық округі болып;
      Махамбет ауданы бойынша:
      Чкалов ауылдық округі - Бейбарыс ауылдық округі болып;
      Бақсай ауылдық округінің Коровник қыстағы - Бурабай қыстағы;
      Бақсай ауылдық округінің Комплекс қыстағы - Жангелді қыстағы болып қайта аталсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облысы әкімінің 10.10.2014 № 315 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 325-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың              Облыс әкімі
      ХХІV сессиясының төрайымы -

      мәслихат хатшысы