Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 88 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының осы қаулының қосымшасына сәйкес қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулы қосымшасының 26 - 34, 36 - 43-тармақтарын қоспағанда, қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Заң департаменті (Өртембаев А.Қ.) осы қаулы қабылданған күннен бастап жеті күндік мерзімде:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы қаулының қосымшасында көрсетілген қаулылардың күші жойылды деп танылғандығы туралы хабарласын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк Төрағасы                       Г. Марченко

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау жөніндегі агенттігі
      Төрайым Бахмутова Е.Л.
      2010 жылғы "__" қараша

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2010 жылғы 1 қарашадағы
N 88 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының күші жойылды деп танылатын
қаулыларының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Пруденциалдық нормативтер туралы" Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 27 қазандағы N 380 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 67 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Шет ел валюталарын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту жөнінде" 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 29 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 72 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 1998 жылғы 23 ақпан — 1 наурызда жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1998 жылғы 6 мамырдағы N 101 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 85 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 1998 жылғы 9 - 15 қарашада жарияланған).
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту жөнінде" 1998 жылғы 19 маусымдағы N 119 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 557 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 1998 жылғы 17 - 23 тамызда жарияланған).
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Пруденциалдық нормативтер туралы" ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1998 жылғы 28 тамыздағы N 157 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 600 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 1998 жылғы 24 - 30 тамызда жарияланған).
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтыруды бекіту жөнінде" 1998 жылғы 28 тамыздағы N 158 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 599 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 1998 жылғы 24 - 30 тамызда жарияланған).
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне толықтыруларды бекіту туралы" 1998 жылғы 29 қыркүйектегі N 189 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 654 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 1998 жылғы 30 қараша - 6 желтоқсанда жарияланған).
      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 360 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 857 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 1999 жылғы 19 шілде - 1 тамызда жарияланған).
      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістерді бекіту туралы" 1999 жылғы 19 ақпандағы N 16 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 729 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 1999 жылғы 29 наурыз - 11 сәуірде жарияланған).
      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қолма-кол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1999 жылғы 19 ақпандағы N 17 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 709 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 1999 жылғы 29 наурыз - 11 сәуірде жарияланған).
      11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 19 ақпандағы N 17 қаулысына өзгерістерді бекіту жөнінде" 1999 жылғы 20 мамырдағы N 113 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 808 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 1999 жылғы 21 маусым - 4 шілдеде жарияланған).
      12. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтырулар мен өзгерістерді бекіту жөнінде" 1999 жылғы 21 маусымдағы N 137 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 820 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 1999 жылғы 21 маусым - 4 шілдеде жарияланған).
      13. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1999 жылғы 23 қыркүйектегі N 304 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 983 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2000 жылғы 14 - 27 ақпанда жарияланған).
      14. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сатуды тоқтату туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 346 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 978 тіркелген).
      15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1999 жылғы 19 ақпандағы N 17 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 401 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1008 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 1999 жылғы 20 - 31 желтоқсанда жарияланған).
      16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 209 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1165 тіркелген).
      17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 265 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1197 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2000 жылғы 17 - 30 шілдеде жарияланған).
      18. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі N 308 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1208 тіркелген).
      19. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі N 309 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1207 тіркелген).
      20. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау ережесіне толықтыруларды бекіту туралы" 2000 жылғы 30 қазандағы N 413 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1362 тіркелген, 2001 жылы "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінің" N 13 жарияланған).
      21. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Пруденциалдық нормативтер туралы" ереже туралы" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге өзгерісті бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы N 435 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1345 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2001 жылғы 1 - 14 қаңтарда жарияланған).
      22. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі бухгалтерлік есептің есепшот жоспарын бекіту туралы" 2000 жылғы 15 қарашадағы N 419 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі бухгалтерлік есептің есепшот жоспарына толықтыруларды бекіту туралы" 2001 жылғы 9 сәуірдегі N 90 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1467 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2001 жылғы 23 сәуір - 6 мамырда жарияланған).
      23. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған бухгалтерлік есептің толық есепшот жоспарын бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 325 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған бухгалтерлік есептің толық есепшот жоспарына толықтыруларды бекіту туралы" 2001 жылғы 9 сәуірдегі N 91 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1468 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2001 жылғы 9 - 22 сәуірде жарияланған).
      24. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде статистикалық есеп беруді ұйымдастыру ережесін бекіту туралы және есеп берудің жаңа үлгілеріне көшу мерзімі туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 347 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде статистикалық есеп беруді ұйымдастыру ережесіне өзгерістерді бекіту туралы" 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 354 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1677 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2001 жылғы 19 қараша - 2 желтоқсанда жарияланған).
      25. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Пруденциалдық нормативтер туралы ереже жөнінде" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 23 қарашадағы N 460 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1768 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2002 жылғы 25 ақпан - 10 наурызда жарияланған).
      26. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2003 жылғы 25 шілдедегі  N241 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2467 тіркелген).
      27. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің жылдық қаржылық есебін ұсыну тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 442 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2639 тіркелген, 2004 жылғы 14 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінің N 8 (23646) жарияланған).
      28. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 241 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 22 қарашадағы N 160 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3307 тіркелген, 2005 жылғы 12 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінің N 6 (23964) жарияланған).
      29. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 442 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 22 қарашадағы N 161 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3290 тіркелген, 2005 жылғы 7 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінің N 3 (23961) жарияланған).
      30. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 175 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3384 тіркелген).
      31. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 442 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы N 68 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3746 тіркелген).
      32. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 174 қаулысына және "Жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 175 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 18 ақпандағы N 9 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4128 тіркелген) 2-тармағы.
      33. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзара сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 9 қазандағы N 103 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4450 тіркелген, 2006 жылғы 17 қарашада "Заң газеті" газетінің N 201 (1007) жарияланған).
      34. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Арнайы қаржы компанияларының және исламдық арнайы қаржы компаниясының жылдық қаржылық есебінің тізбесі және нысандары туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 110 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4482 тіркелген).
      35. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі кеңесі туралы ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 9 шілдедегі N 86 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 134 қаулысы.
      36. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті электрондық тасымалдауыштарда ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4640 тіркелген, 2007 жылы Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында (наурыз-сәуір) жарияланған).
      37. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қаржылық есептілік нысандары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 44 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4702 тіркелген) қосымшасының 8-тармағы.
      38. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ипотекалық ұйымдардың, арнайы қаржы компанияларының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілік нысандары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі N 84 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4905 тіркелген).
      39. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есептілік нысандары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі N 86 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4906 тіркелген).
      40. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есептілігі бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 21 шілдедегі N 61 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5298 тіркелген, 2008 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағының N 10 жарияланған).
      41. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есебі және қаржылық есептілікті жасауы мәселелері жөнінде толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 20 наурыздағы.N 24 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5637 тіркелген) 1 -тармағы.
      42. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 174 және "Жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 175 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 9 шілдедегі N 61 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5745 тіркелген) 2-тармағы.
      43. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдері және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 24 тамыздағы N 84 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5801 тіркелген) 8-тармағы.