Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 23 қыркүйек N 304. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 88 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12. 
N 578  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Ішкі жану двигательдерінің бөлшектеріне арналған шектеу шараларын жою және алюминийдің қайталама қорытпыларының экспортына бақылау орнату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
     1) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037   P971037_   қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 226-құжат):
     көрсетілген қаулыға 4-қосымшаның 1,2 және 3-бағандары мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

     "Өңделмеген қайталама    7601 20 910,
     алюминий қорытпалар:     7601 20 990
     кесек түрінде, басқалар  7603 - 7616 (тек
     және олардан жасалған    қайталама
     бұйымдар                 қорытпалардан)

     2)  (Күші жойылды - 2004.12.27.  N 1404  Қаулысымен).

     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі