Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 174 және "Жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайын қаржылық есеп

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 9 шілдедегі N 61 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5745 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 380 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 317 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасына:
      "Тұжырымдаманың негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері" деген 3-бөлімде:
      "Медицина және фармацевтика кадрларын даярлау құрылымдарын өзгерту" деген 5.1-параграфта:
      он жетінші абзацтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "медициналық-профилактикалық іс бакалавры академиялық дәрежесі беріле отырып "медициналық-профилактикалық іс" (5 жыл);";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағаны ", 2009 жылғы 2-тоқсан" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов