Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Қаулысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 2000 жылғы 2 маусым N 265 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 шілде N 1197 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 88 Қаулысымен

      Атырау облысында елді мекендерді қорғау және көктемгі су тасқындары мен Каспий теңізінің жел көтерген толқындарының зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен Атырау облысының әкіміне халықты және аумақтарды көктемгі су тасқыны мен Каспий теңізінің жел көтерген толқындарынан қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге 100 (жүз) миллион теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың

 

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Атырау облысының әкімі 2000 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан

Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне орындалған

жұмыстардың көлемдері мен құны туралы есеп ұсынсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



    Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Бағарова Ж.А.