Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есептілігі бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 21 шілдедегі N 61 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 04 қыркүйекте N 5298 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есептілігін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 241 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2467 тіркелген; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2003 жылғы N 20 жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3307 тіркелген, 2005 жылғы 12 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінің N 6 (23964) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 241 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 22 қарашадағы N 160, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4450 тіркелген, 2006 жылғы 17 қарашада "Заң газеті" газетінің N 201 (1007) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзара сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 9 қазандағы N 103, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4906 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есептілік нысандары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі N 86 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықта:

      7-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында және 8-тармақта "оныншы" деген сөз "бесінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-қосымшада:
      "Сақтандырушылардан (қайта сақтандырушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйақылары (күмәнді борыштар бойынша резервтерді шегергенде), 14" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық кірістер, 14-1";
      "Туынды қаржы құралдары, 41" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Шығарылған облигациялар, 41-1";

      3-қосымшада:
      "Алынатын сыйақы түрінде есептелген кіріс, 4" және "Сыйақы төлеуге жұмсалатын шығыстар, 5" деген жолдар алынып тасталсын;
      "Сақтандырушылардан (қайта сақтандырушылардан) және делдалдардан алынатын сыйлықақылардың (артуы) кемуі, 11" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық кірістердің (артуы) кемуі, 11-1";
      "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің  сомасының артуы (кемуі), нетто, 16" деген жолда ", нетто" деген сөз алынып тасталсын;
      "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған шығындар резервінің  сомасының артуы (кемуі), нетто, 17" деген жолда ", нетто" деген сөз алынып тасталсын;
      "Аннуитет шарттары бойынша болмаған шығындар резервінің сомасының артуы (кемуі), нетто, 18" деген жолда ", нетто" деген сөз алынып тасталсын;
      "Болған, бірақ мәлімденбеген шығындар резервінің сомасының артуы (кемуі), нетто, 19" деген жолда ", нетто" деген сөз алынып тасталсын;
      "Мәлімденген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің сомасының артуы (кемуі), нетто, 20" деген жолда ", нетто" деген сөз алынып тасталсын;
      "Қосымша резервтердің сомасының артуы (кемуі), нетто, 21" деген жолда ", нетто" деген сөз алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің  жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 442 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2639 тіркелген, 2004 жылғы 14 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінің N 8 (23646) жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3290 тіркелген,  2005 жылғы 7 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінің N 3 (23961) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 442 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 22 қарашадағы N 161, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3746 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 442 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы N 68,  Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4450 тіркелген, 2006 жылғы 17 қарашада "Заң газеті" газетінің N 201 (1007) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзара сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 9 қазандағы N 103, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4906 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есептілік нысандары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі N 86 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-қосымшада:
      "Сақтандырушылардан (қайта сақтандырушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйақылары (ықтимал ысырапқа арналған резервтерді шегергенде), 14" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық кірістер, 14-1";
      "Туынды қаржы құралдары, 41" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Шығарылған облигациялар, 41-1";

      3-қосымшада:
      "Алынатын сыйақы түрінде есептелген кіріс, 4" және "Сыйақы төлеуге жұмсалатын шығыстар, 5" деген жолдар алынып тасталсын;
      "Сақтандырушылардан (қайта сақтандырушылардан) және делдалдардан алынатын сыйлықақылардың (артуы) кемуі, 11" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық кірістердің (артуы) кемуі, 11-1";
      "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің  сомасының артуы (кемуі), нетто, 16" деген жолда ", нетто" деген сөз алынып тасталсын;
      "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған шығындар резервінің  сомасының артуы (кемуі), нетто, 17" деген жолда ", нетто" деген сөз алынып тасталсын;
      "Аннуитет шарттары бойынша болмаған шығындар резервінің сомасының артуы (кемуі), нетто, 18" деген жолда ", нетто" деген сөз алынып тасталсын;
      "Болған, бірақ мәлімденбеген шығындар резервінің сомасының артуы (кемуі), нетто, 19" деген жолда ", нетто" деген сөз алынып тасталсын;
      "Мәлімденген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің сомасының артуы (кемуі), нетто, 20" деген жолда ", нетто" деген сөз алынып тасталсын;
      "Қосымша резервтердің сомасының артуы (кемуі), нетто, 21" деген жолда ", нетто" деген сөз алынып тасталсын.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне жіберсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
        Төрағасы                                   Ә. Сәйденов