Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 174 қаулысына және "Жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайын қар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 18 ақпандағы N 9 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 20 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4128. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 Қаулысымен.

     "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің тәртібін бекіту туралы" қаулысына, Бокей ордасы мен Жаңақала аудандарының жергілікті атқарушы және өкілетті органдарының бірлескен шешімдері мен ұсыныстарына сәйкеc облыстық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2005 жылғы 14 желтоқсандағы N 1-3 қорытындысын есепке ала отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Батыс Қазақстан облысының кейбір ауылдық елді мекендерінің атаулары қайта аталсын:
      Бокей ордасы ауданы бойынша:
      Орда ауылы Хан Ордасы деп қайта аталсын;
      Жаңақала ауданы бойынша:
      Орыс тілі нұсқасындағы "Джангалинский район" транскрипциялары тиісінде "Жангалинский район";
      село "Джангала" "Жангала" деп өзгертілсін.

      Сессия төрағасы                    Облыс әкімі
      Облыстық мәслихат хатшысы