Шет ел валюталарын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 29 қаулысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 72. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 88 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.

      Қолданылып жүрген валюта заңын "Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен (1997 жылғы 24 сәуірдегі N 130 қаулы) шет ел валюталарын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Заң департаменті (Өртембаев А.К.):
      а) осы қаулыны және шет ел валюталарын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін;
      б) осы қаулыны және шет ел валюталарын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық (аумақтық) басқармаларына (филиалдарына) және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.С. Ержановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы
                                         Қазақстан Республикасының
                                         Ұлттық Банкі Басқармасының
                                            1998 жылғы 27 қаңтар
                                              N 29 қаулысымен
                                                 бекітілген

Шет ел валюталарын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының 1997 жылғы 24 сәуірдегі N 130 қаулысымен бекітілген шет ел валюталарын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Ереженің 1.3.-тармағындағы "әуежайлар мен теңіз порттары транзиттік аймағының аумағына" деген сөздер "халықаралық қатынастарға ашылған Қазақстан Республикасының кеден аумағындағы әуежайларда, порттарда және шекаралық өтпе жолдарда кедендік бақылаумен" деген сөздермен алмастырылсын.
      2. Ереженің 1.4.-тармағының сегізінші азатжолы, 2.2.-тармағының оныншы азатжолы, 3.4.-тармағының а) тармақшасының тоғызыншы азатжолы б) тармақшасының сегізінші азатжолы, в) тармақшасының төртінші азатжолы "(Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензия беру туралы шешімі қабылданған соң беріледі)" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. Ереженің 2.1.-тармағының үшінші азатжолы:
      "(Бағалы қағаздар рыногындағы уәкілетті банктердің кәсіби қызметінен, ал атап айтқанда, резидент еместердің мемлекеттік бағалы қағаздармен брокерлік және дилерлік қызметінен басқасы)" деген сөздермен толықтырылсын.
      4. Ереженің 2.2.-тармағындағы:
      - алтыншы азатжолдағы "Экономика және сауда министрлігінің 100 мың АҚШ долларына балама сомадан асатын операциялар жүргізу үшін" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 100 мың АҚШ долларына балама сомадан асатын операциялар жүргізуі үшін, ал 10 миллион АҚШ долларына баламадан асатын сома бойынша сондай-ақ Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі агенттік" деген сөздермен алмастырылсын;
      - жетінші, сегізінші, тоғызыншы азатжолдар "(заңды тұлғалар үшін)" деген сөздермен толықтырылсын;
      - мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік қадағалау департаментінің резидент еместердің (банктер үшін) банк капиталына қатысуы мүмкін екенін ескере отырып есептелген банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі қорытындысы".
      5. Ереженің 3.1.-тармағы мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Уәкілетті банктердің шет ел банктерінде корреспонденттік шот ашуы банктер арасындағы тиісті шарттарда көзделген негізде және тәртіппен жүзеге асырылады".
      6. Ереженің 3.4.-тармағының а) тармақшасының төртінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің шет елде шот ашуға жазбаша келісімі".
      7. Ереженің 3.7.-тармағының б) тармақшасындағы "тоқсан сайын" деген сөзден кейін "есеп беріліп отырған тоқсаннан кейінгі келесі айдың 20-на дейін" деген сөздермен толықтырылсын.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы