Өрт қауіпсіздігі туралы

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы N 48 Заңы

Жаңартылған

       Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "мемлекеттiк комитеттер", "мемлекеттiк комитеттерге", "мемлекеттiк комитеттердiң", "мемлекеттiк комитеттердi" деген сөздер алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N  511 , Мәтiндегі сөздер ауыстырылды - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

      Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
      Осы Заң мемлекеттiк органдардың, меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi.

  1-тарау
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

       Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
      ерiктi өрт сөндiрушi - өрттiң алдын алу және (немесе) сөндiру жөнiндегi қызметке ерiктi негiзде (еңбек шартын жасаспай) тiкелей қатысатын азамат; 
      қоныстану аумағы - елдi мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсiптiк объектiлердi орналастыруға арналған бөлiгi; 
      мемлекеттiк өрт бақылау - өрт қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын бақылау және оларды бұзушылықтың алдын алу мақсатында өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асыратын қызмет түрi; 
      өрт - адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне зиян, материалдық залал келтiретiн бақылаусыз жану; 
      өртке қарсы ерiктi құралымдар - азаматтардың елдi мекендерде және ұйымдарда өрттiң алдын алу мен оны сөндiрудi ұйымдастыруға қатысу нысаны; 
      өртке қарсы қызмет - белгiленген тәртiппен құрылған басқару органдарының, өрт сөндiру органының және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдарының күштерi мен құралдарының, соның iшiнде өрттiң алдын алу мен оны сөндiрудi ұйымдастыруға, олармен байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған өртке қарсы құрылымдардың жиынтығы; 
      өртке қарсы шаралар режимi - өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуына жол берiлмеуiн және өрттiң сөндiрiлуiн қамтамасыз ететiн азаматтардың мiнез-құлық ережелерi, өндiрiстiк және шаруашылық қызметiн ұйымдастыру тәртiбi, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-жайларды (аумақтарды), өндiрiстiк және арнаулы жабдықтарды күтiп ұстау шарттары; 
      өрт қауiпсiздiгi - адамдардың, мүлiктiң, меншiктiң, қоғам мен мемлекеттiң өpттeн қорғалу жай-күйі;
      өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген әлеуметтiк және (немесе) техникалық сипаттағы арнаулы шарттар;
      өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұзу - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормаларды, ережелер мен нұсқауларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау;
      өрт қауiпсiздiгi шаралары - өрт қауiпсiздiгi талаптарын орындау жөнiндегi iс-әрекет;
      өрт сөндiру-техникалық өнiмi - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған арнаулы техникалық, ғылыми-техникалық және санаткерлiк өнiмi, соның iшiнде өрт сөндiру техникасы мен жабдығы, өрт сөндiру құралдары, от сөндiретiн және оттан қорғайтын заттар, арнаулы байланыс және басқару құралдары, электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базалары, сондай-ақ өрттiң алдын алу мен сөндiрудiң өзге де құралдары; 
      өрттi сөндiруге байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстары - адамдарды, мүлiктi, меншiктi құтқару мен басқа жерге көшiру, өрт кезiнде зардап шеккендерге дәрiгер келгенге дейiнгi алғашқы көмек көрсету жөнiндегi жауынгерлiк iс-әрекеттерi; 
      уәкiлеттi орган - өрт қауiпсiздiгi саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган).
       Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2006.12.29. N  209 , өзгерту енгізілді - 2007.05.15. N  253  Заңдарымен.

       2-бап. Қазақстан Республикасының өрт
             қауiпсiздiгi саласындағы заңдары

      Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн басқа да заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 

       3-бап. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң
             негiзгi принциптерi

      Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi: 
      - Өрт қауiпсiздiгi саласында адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау; 
      - ұйымдар мен азаматтардың қызметiндегi қатер деңгейiн алдын-ала анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру; 
      - өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару және басқа қажеттi жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық көмек көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, өрт салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру болып табылады. 

       4-бап. Қазақстан Республикасындағы өрт
             қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi

      Қазақстан Республикасындағы өрт қауiпсiздiгi жүйесi - өрттi және одан келетiн залалды болдырмауға бағытталған экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы қызмет күштерi мен техникалық құралдарының жиынтығы. 
      Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды, өртке қарсы қызметтiң, салалық өртке қарсы қызметтiң органдарын, өрттен қорғау-техникалық ғылыми-зерттеу мекемелерiн, өрттен қорғау-техникалық оқу орындарын, өрт сөндiру-техникалық өнiм өндiру кәсiпорындарын қамтиды.
       Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.  

  2-тарау
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ 
САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗІРЕТІ

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

       5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасы Үкiметi өрт қауiпсiздiгi саласында: 
      - мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi және оларды iске асыруды қамтамасыз етедi; 
      - өрт қауiпсiздiгi саласындағы салалық бағдарламаларды бекiтедi; 
      - мемлекеттiк органдар қызметiне басшылық жасайды, олардың Қазақстан Республикасы заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын бақылайды; 
      - өрт қауiпсiздiгi саласында ақпарат беру, бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету тәртiбiн белгiлейдi; 
      - өрттi және оның салдарын мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн айқындайды; 
      - бюджет қаражаты есебiнен қамтылатын өртке қарсы қызметтiң штат саны лимитiн белгiлейдi;
      - қоныстану аумақтарының және өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбесiн белгiлейдi;
      - Қазақстан Республикасы аумағында өрттерден сақтандыру мен оларды жою жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызмет тәртiбiн белгiлейдi; 
      - өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережені бекітеді;
      өртке қарсы қызмет мiндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектiлердiң тiзбесiн бекiтедi;
      өрт қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi; 
      дала өрттерiн, сондай-ақ мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерi құрылмаған елдi мекендердегi өрттi сөндiру тәртiбiн белгiлейдi; 
      өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленбеген талаптарды келiсу тәртiбiн белгiлейдi. 
       Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N  437 , 2000.05.05.  N 48 , 2003.12.29. N  511 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан   қараңыз), 2006.12.29. N  209  Заңдарымен.

       6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзедi, салааралық үйлестiру мен мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      2) нормативтердi, стандарттар мен ережелердi бекiтедi және келiседi, өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк есепке алуды жүргiзедi;
      3) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк өрт бақылауын жүзеге асырады;
      4) өрт қауiпсiздiгi саласындағы зерттеу қызметiн, бiлiмдi насихаттауды, азаматтар мен мамандарды оқытып-үйретудi ұйымдастырады;
       5) алып тасталды
      6) өз өкiлеттiктерi шегiнде өрттер бойынша анықтауды жүзеге асырады;
      7) меншiк нысанына қарамастан өртке қарсы қызметтердiң жұмысын үйлестiредi;
      8) Өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруi туралы ереженi әзiрлейдi;
      9) өз құзыретi шегiнде өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдарды қызметке қабылдауды, қызмет бабында ауыстыруды, қызметтен босатуды, арнаулы атақтар беру мәселелерiн шешудi жүзеге асырады;
      10) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асыруды бақылайды;
      11) объектiлер құрылысына өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын келiседi;
      12) өрт қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi; 
      13) өрт қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
       Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан   қараңыз), 2006.12.29. N  209  Заңдарымен.

       7-бап. Орталық мемлекеттiк органдардың өрт қауiпсiздiгi
             саласындағы өкiлеттiктерi

      Орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде:
      1) өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтердi, стандарттар мен ережелердi әзiрлеп, келiседi, мемлекеттiк есепке алуды жүргiзедi және оның деректерiн өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органға бередi;
      2) салалық өрттен қорғау-техникалық комиссияларын құрады;
      3) мемлекеттiк органдардағы өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн бақылауды қамтамасыз етедi, өрттiң алдын алу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзедi.
       Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       8-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
             аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың)
             жергiлiктi атқарушы органдарының өрт
             қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiктерi

      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiктерiне мыналар жатады:
      1) тұрғын халықты және ұйымдарды өрт қaуiпсiздiгi саласындағы шаралар туралы хабардар ету;
      2) өрт салдарынан зардап шеккен азаматтар мен қызметкерлердiң әлеуметтiк қорғалуын өз құзыретi шегiнде қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянды өтеу.
       Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

  3-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӨРТКЕ
ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ОРГАНДАРЫ

       9-бап. Өртке қарсы қызмет органдарының мәртебесi және
             олардың мiндеттерi

      Өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттiң алдын алуды, өрт қауiпсiздiгi жағдайын бақылауды және өрт сөндiрудi жүзеге асыратын арнайы мемлекеттiк орган болып табылады.
      Өртке қарсы қызмет органдарының құрамына: басқару органы, күштер мен құралдар, оның iшiнде өрттiң алдын алуды және оны сөндiрудi ұйымдастыруға, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған өртке қарсы құрамалар, сондай-ақ белгiленген тәртiппен құрылған өрт-техникалық оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерi кiредi.
      Өртке қарсы қызмет органдарының тулары болады, олардың сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
       Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

       9-1-бап. Өртке қарсы қызмет органдарының құзыретi

      Өртке қарсы қызмет органдары:
      1) мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда, кәсiпорындарда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      2) барлық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын өрт қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiн және, өрт қауiпсiздiгi талаптарын белгiлейтiн техникалық регламенттердi қоспағанда, өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      3)  алып тасталды
      4) өрт және өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асырады;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыреттер шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асырады;
      6) өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн жұмылдыру дайындығы және бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдыру, олардың жұмысының орнықтылығын арттыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi, өртке қарсы қызмет органдарының жұмылдыруға ұдайы дайын болуын қамтамасыз етедi;
      7) азаматтарға, кәсiпорындардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және өрттi болдырмау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу туралы нұсқамалар бередi;
      8) елдi мекендерде және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан объектiлерде өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң өртке қарсы күреске дайындығын бақылауды жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын стратегиялық, аса маңызды мемлекеттiк объектiлердi, мемлекет меншiгiндегi тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiн өрттен қорғау жөнiндегi қызметтi қамтамасыз етедi.
      Ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұруды, субъектiлер өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерiн бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылыстарды, ғимараттарды салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмағанда ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салуды уәкiлеттi органның және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.
      Субъектiнiң жұмысын iшiнара немесе толық тоқтату немесе оған тыйым салу туралы талап-арызды уәкiлеттi орган және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.
      Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi өкiлдiктерiнiң өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiлуiн бақылау, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту. 9-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз),  өзгерту енгізілді - 2006.12.29. N  209 , 2007.01.12. N  222  (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       9-2-бап. <*>

       Ескерту. 9-2-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

       9-3-бап. <*>

       Ескерту. 9-3-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

       9-4-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындары

      Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындары өртке қарсы қызмет қызметкерлерiне бiлiм беру және олардың бiлiктiлiгiн арттыру саласындағы орталық атқарушы орган айқындайтын мамандықтар бойынша жоғары кәсiптiк бiлiмi бар мамандарды даярлау мақсатында құрылады.
      Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындарының басты мiндеттерi:
      1) өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң кәсiби өсуi мен жетiлуiне жағдай жасау;
      2) өртке қарсы қызмет органдары үшiн мамандар даярлау;
      3) мамандар даярлау бейiнiне сәйкес қызметтi жетiлдiрудiң өзектi проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу, алынған зерттеу нәтижелерiн оқу процесiне және практикаға енгiзу болып табылады.
      Ескерту. 9-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

         9-5-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк
               бақылау

      Уәкiлеттi орган өрт қауiпсiздігі саласында жүзеге асыратын мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының талаптарын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң сақтауын айқындау мақсатында жүргiзiлетiн тексерулер түрiнде орындалады.
      Мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторы - уәкiлеттi органның басшысы; 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторының орынбасарлары - уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары; 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары - уәкiлеттi органның барлық санаттағы мамандары; 
      облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторлары - уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары; 
      облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторларының орынбасарлары - уәкiлеттi органның аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары; 
      облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары - уәкiлеттi органның аумақтық органдарының барлық санаттағы мамандары жатады.
      Мемлекеттiк мекемелердiң және басқа да кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн тексеру үшiн негiздеме болып табылатын өртке қарсы қызмет органының құжаты тексеру тағайындау туралы нұсқама болып табылады.
      Тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:
      жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралығы ескерiлiп өткiзiлетiн, өртке қарсы қызмет органы жоспарлаған тексеру;
      жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы туралы өтiнiштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактiлер бойынша жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртiпке, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауіп-қатердi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
      қарсы - тексерiлетiн кәсiпкерлiк субъектiсiнiң шарттық мiндеттемелерi не өзге де құқықтық қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қайта тексеру не қосымша ақпарат алу мақсатында өртке қарсы орган жоспардан тыс тәртiппен жүргiзетiн тексеру;
      рейдтiк - бiрнеше кәсiпкерлiк субъектiсiнiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген талаптарын сақтауы мәселелерi бойынша олардың қызметiн бiр уақытта қамтитын тексеру.
      Ескерту. 9-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз),  өзгерту енгізілді - 2006.12.29. N  209  Заңдарымен.

         9-6-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк
               құқықтық актiлердiң орындалуын бақылауды
               жүзеге асыру тәртiбi

      1. Елдi мекендердiң, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан,
барлық ұйымдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды сақтауы бақылануға жатады.
      2. Өртке қарсы қызмет органдары құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органға жоспарлы тексеру жүргiзудiң жылдық жоспарын ұсынады. Әр айдың соңында меншiк нысандарына қарамастан барлық ұйымдардың қызметiне тексерулер тағайындау туралы актiлерiне және тексерудi есепке алу карточкаларына салыстыру жүргiзiледi.
      3. Жоспардан тыс, қарсы, рейдтiк тексерулер жүргiзу кезiнде тексеру тағайындау туралы акт шығарылып, тексерулердi есепке алу карточкасы жасалады және ол шығарылған күнi тексерiлетiн субъектiнiң орналасқан жерi бойынша немесе кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру орны бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептiлiктi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi органға тiркеу үшiн табыс етiледi.
      Тексеру азаматтардың денсаулығы мен өмiрiне және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiне төнген қауiп-қатердi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға байланысты туындаған ерекше жағдайларда, мезгiлiнен тыс уақытта тексеру жүргiзу кезiнде, сондай-ақ бұзушылықтардың жасалуы бiрден байқалған және дәлелдердi бекiту үшiн жедел iс-әрекеттер жүргiзу қажет болған жағдайларда тексерудi тағайындау туралы актi мен ақпараттық есеп құжаттары тексеру жүргiзу басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi iшiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органға ұсынылады.
      4. Ұйымдар өздерiнiң өрт қауiпсiздiгi деңгейi бойынша 1, 2, 3 және 4-топтар объектiлерiне бөлiнедi. Аудандағы объектiлер есебiн өртке қарсы қызмет органы жүргiзедi.
      5. 1-топтағы объектiлерге: жалпы құрылыс алаңы 3500 шаршы метрден асатын iрi өнеркәсiп орындары және республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары; электр станциялары; әуежайлар; теңiз сауда порттары; театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық ұйымдары, медицина ұйымдары мен сыйымдылығы 800 және одан да көп орынды қонақ үйлер; жалпы алаңы 2500 шаршы метрден асатын сауда объектiлерi; мұражайлар, сурет галереялары; жалпы алаңы 2500 шаршы метрден асатын кiтапханалар; мұнай базалары мен жалпы сыйымдылығы 2000 текше метрден асатын мұнай өнiмдерiнiң қоймалары; газ қоймалары мен сыйымдылығы 1000 текше метрден асатын газ құю станциялары жатады.
      Бұл объектiлердi өртке қарсы қызмет органдары кемiнде бес жылда бiр рет кешендi тексередi және жыл сайын кешендi тексеру кезеңiнде айқындалған өрт қауiпсiздiгі саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды бұзушылықтарды жоюдың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      6. 2-топтағы объектiлерге: бiрiншi топқа енбеген өнеркәсiп орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары; балық және өзен порттары; 50 бiрлiктен астам техникасы бар автокәсiпорындар; темiр жол станциялары, локомотивтiк, вагон, вагон жөндеу, рефрижератор, жөндеу-жабдықтау деполары; атқарушы және өкiлдi органдардың ғимараттары; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктер; ауысымда 800 және одан да көп оқушылар, студенттер, тыңдаушылар саны бар оқу мекемелерi; бiрiншi топқа енбеген театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық ұйымдары; алаңының көлемiне қарамастан дiни мекемелер; жалпы алаңы 1000-нан 2500 шаршы метрге дейiнгi сауда объектiлерi; мұражайлар, сурет галереялары және жалпы алаңы 1000-нан 2500 шаршы метрге дейiнгi кiтапханалар, сыйымдылығы 400-ден 800 адамға дейiнгi медицина ұйымдары мен қонақ үйлер; құрылыстары 1500 шаршы метрден астам жалпы алаңы бар ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектiлерi мен құс фабрикалары жатады.
      Бұл объектiлердi өртке қарсы қызмет органдары екi жылда бiр рет кешендi тексередi және жыл сайын кешендi тексеру кезеңiнде айқындалған өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды бұзушылықтарды жоюдың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      7. 3-топтағы объектiлерге: екiншi топқа енбеген бiлiм беру ұйымдары; ғылыми-зерттеу және жобалау институттары; кемiнде 50 бiрлiк техника саны бар автокәсiпорындар; жалпы алаңы 1500 шаршы метрден аз ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектiлерi мен құс фабрикалары; балалар, әкiмшiлiк ғимараттары, жатақханалар, байланыс ұйымдары, коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындары; түтiн тарту жүйесi көзделген тұрғын үйлер, тамақтану мекемелерi, ойын мекемелерi, дәрiханалар, почталар, байланыстың сөйлесу пункттерi, телеграфтар, банк бөлiмдерi, көркемсурет шеберханалары, 150 шаршы метрден астам алаңы бар салтанат залдары; бiрiншi және екiншi топтарға енбеген мұражайлар мен сурет галереялары, медицина ұйымдары мен қонақ үйлер, сауда объектiлерi, кiтапханалар жатады.
      Бұл топтың объектiлерiн өртке қарсы қызмет органдары жылына бiр рет тексередi.
      8. 4-топтағы объектiлерге: ашық автотұрақтар мен жеке гараждар; бiр қабатты жер үстi және жер асты гараждары; автомобильдерге май құю стансалары, саяжай және бау-бақша шаруашылығы қоғамдары; оқшау тұрған, дара және топтастырылған үйлер; сауда павильондары, жөндеу шеберханалары, дүңгiршiктер, қабылдау пункттерi мен валюта айырбастау пункттерi, тауарларды сатуға арналған, оның iшiнде базарлар аумақтарында орналасқан контейнерлер; жеке тұрған және тұрғын үйлер мен құрылыстарға жапсарлас (қабаттас) салынған 150 шаршы метрге дейiнгi алаңы бар сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, тамақтандыру кәсiпорындары, ойын орындары, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерi, дәрiханалар, медициналық кабинеттер, банк бөлiмдерi, көркемсурет шеберханалары, салтанат залдары, мұражайлар, көрме залдары, офистер, аудио-бейне жазба және прокат пункттерi, диспетчерлiк пункттер мен басқа да шағын объектiлер жатады.
      Бұл топтағы объектiлердi өртке қарсы қызмет объектiлерi жылына бiр рет тексередi.
      9. Салынып жатқан объектiлердi өртке қарсы қызмет органдары олардың жобалау-сметалық құжаттамасының және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгiне жалпы негiздерде тексередi, бiрақ ол жылына бiр реттен кем болмауға тиiс.
      Ескерту. 9-6-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

         9-7-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өрт
               қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық
               актiлердi орындауын бақылауды жүзеге асыру
               тәртiбi

      Тексеру тағайындау туралы акт өртке қарсы қызмет органының шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру жүргiзу үшiн негiз болатын құжат болып табылады.
      Өртке қарсы қызмет органдары шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi, олардың қандай объектiлер тобына жататынына қарай, басқа объектiлердегi сияқты кезеңдiлiкте жүргiзедi.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудiң ұзақтығы бес тәулiктен аспауға тиiс.
      Тексеру жүргiзу кезiнде өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне тексеру жүргiзу туралы негiздеменi көрсетуге мiндеттi.
      Өртке қарсы қызмет органдары лауазымды тұлғаларының еркiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырудың мүмкiн болмауына әкеп соғатын iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 9-7-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

       10-бап. <*>

       Ескерту. 10-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

         10-1-бап. Өртке қарсы қызмет органдары
                қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы

      Белгiленген тәртiппен арнаулы атақтар, белгiленген үлгiдегi қызмет куәлiктерi мен жетондар берiлген, өртке қарсы қызмет органдарында қызметте тұрған адамдар өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi болып табылады.
      Өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген медициналық, санаторий-курорттық және зейнетақымен қамсыздандыру тәртiбi қолданылады.
      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген, ішкі істер органдары қызметкерлері үшін белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
      Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
      Ескерту. 10-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N  511 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) 2007.05.15. N  253  Заңдарымен.

         10-2-бап. Өртке қарсы қызмет органдары
                қызметкерлерiнiң қызмет өткеруi

       Өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметке жасы кемiнде он сегiздегi, кәсiби даярлығы, денсаулық жағдайы, дене дамуы және бiлiм деңгейi бойынша өздерiне жүктелген қызметтiк мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      Өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орындарында оқу үшiн орта бiлiмi бар, он сегiз жасқа толмаған адамдар қабылдануы мүмкiн. Бұл орайда аталған оқу орындарына түскен адамдармен өрт-техникалық оқу орнын бiтiрген соң өртке қарсы қызмет органдарында одан әрi қызмет өткерудiң талаптары мен мерзiмдерi көзделетiн келiсiм-шарттар жасалады.
      Өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орнындағы оқу уақыты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мерзiмдi әскери қызмет мерзiмiне есептеледi.
      Өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына отыз екi жастан аспаған, орта және аға басшы құрамға қырық жастан аспаған адамдар қабылданады. Ерекше жағдайларда аталған жас мөлшерi қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi бар және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн адамдарға қатысты өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган басшысының шешiмiмен өзгертiледi.
      Өртке қарсы қызмет органдары өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына тағайындалған немесе кадрына есепке алынған әскери мiндеттiлер белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және өртке қарсы қызмет органдарында арнайы есепте тұрады.
      Өртке қарсы қызмет органына қызметке алғаш алынған адамдар мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет органдарының кәсiби даярлау мектептерiнде және оқу пункттерiнде арнайы бастапқы оқытудан өтедi. Көрсетiлген оқу орындарында алғашқы дайындықтан өтудiң тәртiбi мен шарттарын өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органының басшысы белгiлейдi.
      Өртке қарсы қызмет органына алғаш қабылданған адамдар үшiн үш айға дейiнгi сынақ мерзiмi белгiленедi. Сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда, өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi сынақтан өтпеген адам ретiнде жұмыстан босатылуы мүмкiн. Нәтижесi оң болған жағдайда сынақ мерзiмi қызмет стажына есептеледi.
      Бұрын сотталған және ақтай алмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себеппен жұмыстан босатылған адамдар өртке қарсы қызмет органдарына қызметке қабылданбайды.
      Өртке қарсы қызмет органдарына қызметке тұрған азаматтар ант қабылдайды, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне партияларға, кәсiподақтарға мүше болуға, қандай да бip саяси партияларды қолдауға, ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткiзуге қатысуға, өзге де ақылы қызметпен (оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа) айналысуға, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге тыйым салынады.
       Ескерту. 10-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N  511 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       10-3-бап. Өртке қарсы қызмет органдарындағы
                қызметтiң шектi жасы

      Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қызметте болуының шектi жасы:
      1) қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас;
      2) орта, сондай-ақ арнаулы майор және подполковник атақтары бар аға басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас, арнаулы полковник атақтары бар адамдар үшiн - елу жас;
      3) жоғарғы басшы құрамдағы адамдар үшiн - елу бec жас болып белгiленедi.
      Қажет болған жағдайда, өртке қарсы қызмет органдарының жекелеген қызметкерлерiнiң қызмет мерзiмi өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органы басшысының шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн.
      Қызметтiң ұзартылуы өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң осы Заңда көзделген негiздер бойынша қызметтен босатылу мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
       Ескерту. 10-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N  511 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       10-4-бап. Өртке қарсы қызмет органдарындағы
                қызметтi тоқтату негiздерi

      Өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметті тоқтату негіздерi:
      1) осы Заңда белгiленген тәртiппен қызметтен босату;
      2) Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалту;
      3) өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерiн Заңмен белгіленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану;
      4) өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қаза болуы;
      5) лауазымымен сыйыспайтын қызметпен айналысу;
      6) соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi немесе ақтай алмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстiң тоқтатылуы болып табылады.
      Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi:
      1) зейнетақыға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) бойынша;
      2) қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
      3) денсаулық жағдайы бойынша - тиiстi комиссияның қызметке жарамсыз немесе шектеулi жарамды екендiгi туралы қорытындысының негiзiнде;
      4) штаттың қысқаруына байланысты;
      5) өз еркi бойынша;
      6) келiсiм-шарттың бұзылуына байланысты;
      7) аттестаттау тәртiбiмен қызметке сай келмейтiндiгі анықталуы бойынша;
      8) сынақ мерзiмi iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
      9) беделiн түсiретiн қылық жасаған жағдайда;
      10) қызмет тәртiбiн үнемi бұзғаны үшiн жұмыстан шығарылады.
       Ескерту. 10-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N  511 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       10-5-бап. Өртке қарсы қызмет органдары
                қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары
      
      Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiне мынадай арнаулы атақтар белгiленедi және берiледi:
      қатардағы құрам:
      iшкi қызметтiң қатардағы жауынгерi;
      кiшi басшы құрам:
      iшкi қызметтiң кiшi сержанты;
      iшкi қызметтiң сержанты;
      iшкi қызметтiң аға сержанты;
      iшкi қызметтің старшинасы;
      iшкi қызметтiң прапорщигi;
      iшкi қызметтiң аға прапорщигi;
      орта басшы құрам:
      iшкi қызметтiң кiшi лейтенанты;
      iшкi қызметтiң лейтенанты;
      iшкi қызметтiң аға лейтенанты;
      iшкi қызметтiң капитаны;
      аға басшы құрам:
      iшкi қызметтiң майоры;
      iшкi қызметтiң подполковнигi;
      iшкi қызметтiң полковнигi;
      жоғары басшы құрам:
      iшкi қызметтiң генерал-майоры.
      Жоғары басшы құрамның арнаулы атағын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
      Кiшi, орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарын беру (одан айыру) тәртiбi өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеру туралы ережемен анықталады.
       Ескерту. 10-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N  511 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       10-6-бап. Өртке қарсы қызмет органдары
               қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу,
               зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру

       Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үлгiлерi мен тиесiлiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн нысанды және арнаулы киiм-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi.
       Ескерту. 10-6-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N  511 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       10-7-бап. Өртке қарсы қызмет органдарының
                қызметкерлерi мен зейнеткерлерiнiң тұрғын
                үйге құқықтары және оларды әлеуметтiк
                қорғаудың өзге де шаралары

       Өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерiп жүрген қызметкерлер өздерi тұратын қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген үйiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жекешелендіpe алады.
      Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының қаза тапқан қызметкерiнiң отбасы басқа тұрғын үй берiлмей, қызметтiк тұрғын үйден немесе қызметтік тұрғын үйге теңестірілген үйден шығарылмауға тиiс.
      Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған мөлшерде Қазақстан Республикасы Үкiметi айқындайтын тiзбе бойынша тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтем төленедi.
      Ескерту. 10-7-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N  511 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.  

       10-8-бап. Өртке қарсы қызмет органдары
                қызметкерлерiнiң демалысы

       Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн жыл сайынғы демалыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да демалыстар берiледi.
      Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбелiк есептеумен) еңбек сiңiрген жылдары:
      он жылдан acca - ұзақтығы күнтiзбелiк бec күн;
      он бес жылдан асса - ұзақтығы күнтiзбелiк он күн;
      жиырма жылдан асса - ұзақтығы күнтiзбелiк он бес күн қосымша ақы төленетiн демалыс берiледi.
       Ескерту. 10-9-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N  511 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       10-9-бап. Өртке қарсы қызмет органдары
                қызметкерлерiнiң қаза тапқан (қайтыс болған)
                немесе мертiккен жағдайдағы кепiлдiктерi

       Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын орындау кезеңiнде мертiккен жағдайда - оған, ал ол қаза болған (қайтыс болған) жағдайда өтем алуға құқығы бар адамдарға Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен бiржолғы өтем төленедi.
      Бiржолғы өтемдi төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде не алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне оның соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi.
      Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы, (контузия алуы), мертiгуi, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленген жағдайда оларға:
      1) I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражат;
      2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражат;
      3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленеді.
      Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оларға бiржарым айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде; жеңiл мертiккен жағдайда - жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi.
      Егер өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қаза болуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы (мертiгуi), науқастануы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарумен байланысты емес мән-жайлардан болғандығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтем төленбейдi.
       Ескерту. 10-9-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N  511 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       10-10-бап. Өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру

      Өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк мекемелер болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк меншiктiң аса маңызды объектiлерi тiзбесiне кiретiн ұйымдар мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерiнiң өрттен қорғау және өрт сөндiру жөнiнде көрсететiн қызметтерi үшiн бюджетке ақы төлейдi.
      Мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерiнiң мемлекеттiк меншiктiң аса маңызды объектiлерi тiзбесiне кiрмейтiн және мемлекеттiк мекемелер болып табылмайтын объектiлерде өрт сөндiруi ақылы негiзде жүзеге асырылады. Ақы бюджетке аударылады.
      Өрттен қорғау және өрт сөндiру бойынша осы бапта көзделген қызмет көрсетулерге ақы төлеу есебiнiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
       Ескерту. 10-10-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N  511 , жаңа редакцияда - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       10-11-бап. Өртке қарсы қызмет органдары
                қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi және олардың
                iс-әрекетiне шағымдану құқығы

       Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
       Ескерту. 10-11-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N  511 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       11-бап. <*>

       Ескерту. 11-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       12-бап. Салалық өртке қарсы қызмет

      Меншiк нысанына қарамастан ұйымдар өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында салалық өртке қарсы қызметтiң басқару органдары мен бөлiмшелерiн құра алады. 
      Салалық өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн ұйымдастыру, қайта ұйымдастыру, тарату тәртiбi, олардың қызметiн жүзеге асыру шарттары өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органымен келiсiлген тиiстi ережелермен белгiленедi. 
      Салалық ұйымдарда өрт пайда болуы және азаматтар мен қоршаған ортаның қауiпсiздiгiне қатер туғызатындай өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда, салалық өртке қарсы қызметiнiң ұйым (жеке өндiрiс), өндiрiстiк учаске, агрегат жұмысын, ғимараттың, құрылыстың, үй-жайдың пайдалануын, жұмыстардың жекелеген түрлерiнiң жүргiзiлуін толық немесе iшiнара тоқтата тұруға құқығы бар.
       Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       13-бап. Қоғамдық бiрлестiктер (халықтың өртке қарсы
             ерiктi құралымдары)

      Қоғамдық бiрлестiктер (халықтың өртке қарсы ерiктi құралымдары) Қазақстан Республикасының заңдары мен өздерiнiң құрылтай құжаттарына сәйкес өрттерден сақтандыру және оларды жою, азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi өрттерден қорғау жөнiндегi шараларға қатыса алады.
       Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

  4-тарау
ӨРТ ҚАУIПСIЗДIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

       14-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтық реттеу

       Өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтық реттеу - нормативтiк құқықтық актiлерде мiндеттi түрде орындалуға тиiс өрт қауiпсiздiгi талаптарын белгiлеу. 
      Өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерi, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын қамтитын нұсқаулықтар, техникалық регламенттер және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер жатады.
      Өнiмге және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары техникалық регламенттерде белгiленедi.
      Мемлекеттiк органдар әзiрлейтiн және өрт қауiпсiздiгi талаптарын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде келiсiлуге тиiс.
       Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының   2006.12.29. N  209  Заңымен.

       15-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын
              әзiрлеу және iске асыру

      Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына, өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, сондай-ақ өртке қарсы күрес тәжiрибесi, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердiң, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өртену қаупiн бағалау негiзiнде әзiрленедi. 
      Заттарды материалдарды, бұйымдарды және жабдықтарды дайындаушылар (жеткiзушiлер) тиiстi техникалық құжаттамада осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өртену қаупiн, сондай-ақ оларды пайдаланған кездегi өрт қауiпсiздiгi шараларын мiндеттi түрде көрсетедi. 
      Кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектiлер үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеп, iске асырғанда, соның iшiнде оларды жобалағанда, өрт кезiнде адамдардың басқа жерге қауіпсiз көшiрiлуiн қамтамасыз ететiн шешiмдер мiндеттi түрде көзделуге тиiс. 
      Өндiрiстер үшiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шешiмдердi көздейтiн өрттердi сөндiру жоспарлары мiндеттi түрде әзiрленедi. 
      Елдi мекендер мен әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдар үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын тиiстi мемлекеттiк органдар әзiрлеп, iске асырады. 
      Мемлекеттiк органдардың шешiмi бойынша жасалатын инвестициялық жобалар өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органмен келiсiп алынуға тиiс. 
       Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       16-бап. Өрттердi сөндiру

      Өрттердi сөндiру азаматтарды, мүлiктердi құтқаруға және өрттердi жоюға бағытталған жауынгерлiк iс-әрекеттер болып табылады.
      Ел қоныстанған аумақтарда, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттiк объектiлерде және мемлекеттiк меншiктегi тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнде өрт сөндiрудi мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерi және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдары жүзеге асырады.
      Басқа объектiлердегi өрттi сөндiрудi меншiк нысандарына қарамастан салалық өрт сөндiру қызметтерi немесе ерiктi өртке қарсы құрамалар жүзеге асырады. 
      Өрттердi сөндiрудi ұйымдастырудың және бұған өртке қарсы қызметтер бөлiмшелерiн, олардың салалық бағыныстылығына қарамастан, тарту тәртiбiн өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органы белгiлейдi. 
      Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң өрттердi сөндiруге баруы және оларды жоюға қатысуы сөзсiз тәртiппен жүзеге асырылады. 
      Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру үшiн елдi мекендердiң телефон жүйелерiнде бiрiңғай - 01 нөмiрi белгiленедi. 
      Өрттердi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметтiң қызметкерi барлық тұрғын үйге, өндiрiстiк және басқа да үй-жайларға кедергiсiз кiруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға, оттың өршуiне жол бермеуге және өрттi сөндiруге бағытталған кез-келген шаралар қолдануға құқылы. 
      Өртке қарсы қызметтiң өрттi сөндiруге тартылған барлық бөлiмшелерi өрттi сөндiру жөнiндегi басшыға бағынады. Өрттердi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметтiң уәкiлеттiлік алған лауазымды адамдарынан басқа ешкiмнiң де оның iс-әрекетiне араласуға немесе оның өкiмiнiң күшiн жоюға құқығы жоқ. 
      Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы өртке қарсы қызмет органдарының басшыларына қатысты аға жедел бастық болып табылады.
      Облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының басшылары меншiк нысанына қарамастан, тиiстi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерi филиалдарының салалық өртке қарсы қызметтiң және өртке қарсы ерiктi құралымдардың басшыларына қатысты аға жедел бастық болып табылады.
      Өрттердi сөндiру кезiнде келтiрiлген материалдық залал қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс. Өртке қарсы қызметтiң жеке құрамы, аса қажет болған жағдайларда өрт сөндiруге қатысқан өзге де адамдар келтiрiлген залалды өтеуден босатылады. 
      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары және қорғаныс, авиация, темір жол, теңіз және өзен көлігі, орман шаруашылығы объектілеріндегі өрттерді сөндіру өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органы мен тиісті заңды тұлғалары арасындағы келісімдермен регламенттеледі. 
      Апаттарды, дүлей зілзалаларды және өрт сөндіруге байланысты емес өзге де төтенше жағдайларды жою кезінде өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары (ақшалай қаражаттан басқа) оларды жою жөніндегі басшының қарамағына көшеді. 
      Өрт сөндiру кезiнде өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң:
      1) өрт сөндiру үшiн өртке қарсы қызметтiң күштерi мен құралдарын, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тартуға;
      2) өрттi сөндiру және жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтатуға, қажет болғанда қауiптi аймақтан адамдарды және материалдық бағалы заттарды көшiруге нұсқау беруге;
      3) өрт кезiнде азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кiрулерiн шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға;
      4) өрт кезiнде азаматтардың жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында және азаматтарды құтқаруға, оттың таралуын болдырмауға және өрттi жоюға бағытталған шараларды қабылдау үшiн азаматтардың тұрғын үй және өзге де үй-жайларына, ұйымдарына, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнен басқа аумақтар мен үй-жайларға кедергісiз кiруге;
      5) қажет болған жағдайларда жабық есiктер мен терезелердi, сондай-ақ адамдарды құтқару мен өрт сөндiруде кедергi болатын құрылыстарды бұзып ашуға;
      6) адамдарды құтқару үшiн және аса қажет болған жағдайда өрттi сөндiру және жою кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен, меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың байланыс құралдарын, мүлкiн және өзге де материалдық құралдарын, көлiктi, егер залал келтiрiлген болса, оны иелерiне өтеу арқылы пайдалануға құқылы.
       Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N  437 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

       17-бап. Өрт сөндiру - техникалық өнiмдi өндiру

      Өрт сөндiру - техникалық өнiмi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте шарттық негiзде, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен жүзеге асырылатын тәртiпте өндiрiледi.
      Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өрт сөндіру-техникалық өнімінің түрлерін өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган белгілейді.
       Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N  437  Заңымен.

       18-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды
              орындау мен қызметтер көрсету

      Қазақстан Республикасында өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететiн мемлекеттiк емес ұйымдар құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн, оларға мыналар жатады:
      - мемлекеттiк мекемелер болып табылмайтын ұйымдарды өрттен қорғау;
      - өрт сөндiру-техникалық өнiмiн өндiру, оны сынықтардан өткiзу, сатып алу және жеткiзiп беру; 
      - жобалау iздестiру жұмыстарын атқару; 
      - ғылым-техникалық кеңес беру және жобалардың мемлекеттiк сараптамасының ерекше құзыретiне жатқызылатын сараптау жұмыстарын қоспағанда, сараптама жүргiзу; <*>
      - заттардың, материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және конструкциялардың өрт қауiпсiздiгiн сынау; 
      - халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету; 
      - өртке қарсы насихатты жүзеге асыру, арнайы әдебиет пен жарнама өнiмiн басып шығару; 
      - оттан қорғау және мұржа-пеш жұмыстары; 
      - өрт саймандарын, өрттердi сөндiрудiң бастапқы құралдарын өндiру, оларды жөндеу және қызмет көрсету, отты сөндiретiн заттардың сапасын қалпына келтiру;
      - өртке қарсы қызметтiң ғимараттары мен құрылыстарын салу, қайта құру және жөндеу;
      - өрттен қорғау жүйелерi мен құралдарын өндiру, монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
      - тiзбесiн өртке қарсы қызмет органдары белгiлейтiн өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстар мен қызметтер жатады.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N  437 , 2003.07.02. N  454 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       19-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы бiлiмдердi
              насихаттау, халықты және мамандарды
              оқытып-үйрету

      Өрт қауiпсiздiгi саласындағы бiлiмдердi насихаттауды өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары мен қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады. Бiлiмдердi насихаттау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары пайдалануы мүмкiн. 
      Азаматтарды оқытып-үйрету мектепке дейiнгi және жалпы орта бiлiм беру мекемелерiнде, жұмыс орны мен тұрғылықты жерi бойынша ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету - кәсiптiк-техникалық, арнаулы орта және жоғарғы бiлiм беру, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлау мекемелерiнде, өрт қауiпсiздiгi саласындағы iс-әрекеттерге әзiрлеу жөнiндегi орталықтарда, жұмыс орны бойынша ұйымдарда жүргiзiледi. 
      Бағдарламалар мазмұнына қойылатын талаптарды және өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету тәртiбiн өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органы белгiлейдi.
       Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.  

       20-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ақпаратқа
              халықтың құқығы

      Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ақпаратты ұйымдар қызметiнiң қауiп-қатер деңгейi және басым өртену қауiптiлiгi, қажеттi қауiпсiздiк, өрттердiң салдарлары, олардан сақтандыру және оларды жою жөнiндегi шаралар туралы мәлiметтер құрайды. Ақпарат ашық және жариялы болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануға жатады. 
      Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде өздерi қабылдаған шешiмдер туралы халықты хабардар етуге және өрттен қорғау - техникалық бiлiмдердi таратуға жәрдемдесуге тиiс.
       Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.   

       21-бап. Өрттердi және олардың салдарын
               мемлекеттiк есепке алу

      Өрттердi және олардың салдарларын мемлекеттiк есепке алуды Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi уәкiлеттi органымен келiсiм бойынша өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органы жүзеге асырады. 
      Мемлекеттiк органдар, меншiк нысанына қарамастан ұйымдар өртке қарсы қызмет органдарына өрттер және олардың салдарлары туралы есептер ұсынады.
       Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының  2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

       22-бап. Өрт қауiпсiздiгiн ғылыми-техникалық
              жағынан қамтамасыз ету

      Өрт қауiпсiздiгiн ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз етудi ғылыми-зерттеу ұйымдары және оқу орындары жүзеге асырады. 
      Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ғылыми-техникалық талдамаларды қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерi есебiнен жүзеге асырылады. 
     Ғылыми зерттеулердi үйлестiру өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органына жүктеледi.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының  2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

       23-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы сәйкестiктi
              растау

       Өрт қауiпсiздiгi саласындағы сәйкестiктi растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады
       Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының   2006.12.29. N  209 , өзгерту енгізілді - 2007.01.12. N  222  (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

         4-1-тарау. Өрт қауiпсiздiгiнiң жалпы талаптары

      Ескерту. 4-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N  209  Заңымен.        

       23-1-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы техникалық реттеу
                объектiлерi

       Өнiм және оның өмiрлiк циклiнiң процестерi өрт қауiпсiздiгi саласындағы техникалық реттеу объектiлерi болып табылады. 

       23-2-бап. Жобалау, салу, реконструкциялау және өндiру
                кезiндегi өрт қауiпсiздiгi талаптары 

       Техникалық реттеу объектiлерiн жобалау, салу, реконструкциялау және өндiру кезiнде:
      1) объектiлердi орналастыру;
      2) объектiлердi пайдалану;
      3) объектiлердi өрт-техникалық тұрғыдан жiктеу;
      4) объектiлердi өрт депосы ғимараттарымен және құрылыстармен қамтамасыз ету;
      5) адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      6) өрттiң таралуын болғызбау;
      7) өрттi сөндiру мүмкiндігiн қамтамасыз ету;
      8) өрт сөндiру кезiнде құтқару жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi талаптар сақталуға тиiс.

       23-3-бап. Пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және
                өткiзу кезiндегі өрт қауiпсiздiгі талаптары 

       Техникалық реттеу объектiлерiн пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және өткiзу кезiнде: 
      1) өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар; 
      2) адамдарды эвакуациялау жолдары;
      3) өрт шыққан жағдайда адамдардың қауiпсiздiгi мен iс-қимыл тәртiбiн қамтамасыз ету; 
      4) инженерлiк жүйелермен жарақталуы және олардың жұмыс жағдайына келтiрiлуi; 
      5) өрт автоматикасы жүйесiмен жарақталуы және оның жұмыс жағдайына келтiрiлуi, оған қызмет көрсету және қызмет көрсететiн қызметкерлер ұдайы болатын орындарға шығару; 
      6) өрт техникасымен жарақталуы және оның жұмыс жағдайына келтiрiлуi; 
      7) өрттiң таралуын болғызбау; 
      8) өрттi сөндiру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету; 
      9) аумақтарды, ғимараттар мен құрылыстарды, объектiлердiң үй-жайларын күтiп-ұстау; 
      10) өрт сөндiру кезiнде құтқару жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптар сақталуға тиiс.

  5-тарау
ӨРТ ҚАУIПСIЗДIГI САЛАСЫНДАҒЫ
ҚҰҚЫҚТАР МЕН МIНДЕТТЕР

       24-бап. Азаматтардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы
              құқықтары мен мiндеттерi

      Қазақстан Республикасы азаматтарының:
      - өрттер болған жағдайда өздерiнiң өмiрiн, денсаулығын және жеке мүлкiн қорғауға; 
      - Қазақстан Республикасы аумағындағы белгiлi бiр жерде болғанда өздерi ұшырауы мүмкiн өрт қаупi туралы және қажеттi қауiпсiздiк шаралар туралы хабардар болуға; 
      - өрттер салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды қолданылып жүрген заңдармен белгiленген тәртiппен өтеттiруге; 
      - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, соның iшiнде белгiленген тәртiппен қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiктерi қызметiне қатысуға құқығы бар. 
      Қазақстан Республикасының азаматтары: 
      - өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;
      - өрттердi байқаған жағдайда өртке қарсы қызметтi дереу хабардар етуге;
      - өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi келгенге дейiн азаматтарды, мүлiктi құтқару және өрттердi сөндiру жөнiнде қолдан келген шараларды қолдануға;
      - өрттi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметке көмек көрсетуге;
      - өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;
      - Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен өртке қарсы қызметi органдарына өрт қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын бақылау және олардың бұзылуына жол бермеу мақсатында  өздерiне тиесiлi өндiрiстiк, шаруашылық, тұрғын үйлердi және өзге де үй-жайлар мен құрылыстарды тексеруге және қарап шығуға мүмкiндiк беруге мiндеттi.

       25-бап. Ұйымдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы
              құқықтары мен мiндеттерi

      Өрт қауiпсiздiгi мен өрт сөндiрудi қамтамасыз ету ұйымдардың басшыларына жүктеледi.
      Меншiк нысандарына және қай ведомствоға байланыстылығына қарамастан ұйымдардың: 
      - өз қаржысы есебiнен, соның iшiнде өртке қарсы қызмет органдарымен шарттар жасасу негiзiнде ұстайтын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн белгiленген тәртiппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға; 
      - мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өкiлдi органдарға өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныс енгiзуге; 
      - ұйымдардың объектiлерiнде болған өрттердiң себептерi мен мән-жайларын анықтау жөнiнде жұмыстар жүргiзуге; 
      - заңдармен белгiленген шекте өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi әлеуметтiк және экономикалық ынталандыру шараларын белгiлеуге; 
      - өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiнде ақпарат, соның iшiнде белгiленген тәртiппен өртке қарсы қызметтiң басқару органдары мен бөлiмшелерiнен ақпарат алуға құқығы бар. 
      Меншiк нысанына қарамастан ұйымдар: 
      - өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға; 
      - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға; 
      - өртке қарсы насихат жүргiзуге, сондай-ақ өздерiнiң қызметкерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйретуге; 
      - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес салалар, ұйымдар және объектілер үшін белгiленген нормаларға сәйкес өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн, соның iшiнде өртке қарсы қызмет органдарымен шарттар жасасу негiзiнде құруға және ұстауға; 
      - өрт сөндiру жүйелерi мен құралдарын түзу күйiнде ұстауға, олардың мақсатқа сай пайдаланылмауына жол бермеуге; 
      - өрт қарсы қызметке өрттердi сөндiру, олардың шығу және өршу себептерi мен жағдаяттарын анықтау кезiнде, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуына және өрттердiң шығуына кiнәлi адамдарды анықтау кезiнде жәрдем көрсетуге; 
      - өрттердi анықтайтын және сөндiретiн автоматты құралдарды енгiзу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға; 
      - өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-әрекеттердi атқаруға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi және өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдар аумағында өрттердi сөндiру кезiнде қажеттi күш-құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерi мен тынығу орындарын Үкiмет белгiлеген тәртiппен беруге; 
      - өртке қарсы қызметi өкiлдерiне олар ұйымдар аумағында қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асырған кезде заңдарда белгiленген тәртiппен жүрiп-тұруын қамтамасыз етуге; 
      - өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйi туралы, соның iшiнде өздерi өндiретiн өнiмдердiң өртену қаупi туралы, сондай-ақ өз аумақтарында болған өрттер және олардың зардаптары туралы мәлiметтер мен құжаттарды өртке қарсы қызметi органдарына беруге;
      - өрттердiң шыққаны, өртке қарсы қолда бар қорғану жүйелерi мен құралдарының ақаулары туралы, жолдар мен кiрме жолдардың жай-күйiнiң өзгерiстерi туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлауға мiндеттi.
       Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N  437  Заңымен.

  6-тарау
ӨРТ ҚАУIПСIЗДIГI САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢДАРДЫ
БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК

       26-бап. Өрттердi және олардың зардаптарын тексеру

      Өрттердi тексеру және олардың зардаптарын анықтау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      Өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң бұзылғаны немесе лауазымды адамдар мен азаматтардың әрекетсiздiгi анықталған жағдайда тексеру материалдары кiнәлiлердi жауапқа тарту үшiн тиiстi органдарға берiлуге тиiс.

       27-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдарды және
              өзге де нормативтiк актiлердi бұзғандық
              үшiн жауапкершiлiк

      Өрт қауiпсiздiгi туралы заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

       28-бап. Азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне,
              қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi
              объектiлерге өрт келтiрген залалды өтеу

      Өрттердiң салдарынан азаматтардың денсаулығына, мүлкiне қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген залалды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

  7-тарау
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       29-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы
              дауларды шешу тәртiбi

       Өрт қауiпсiздiгi саласындағы дауларды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен соттар шешедi.

       30-бап. Өртке қарсы қызметтiң жұмысында
              заңдылықтың сақталуын қадағалау

       Өртке қарсы қызметтiң жұмысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды мемлекет атынан Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.

       31-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы
              халықаралық шарттар

      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда белгiленгеннен өзгеше ережелер көзделсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi