Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "мемлекеттiк комитеттер", "мемлекеттiк комитеттерге", "мемлекеттiк комитеттердiң", "мемлекеттiк комитеттердi" деген сөздер алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N 511 , Мәтiндегі сөздер ауыстырылды - 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Заң мемлекеттiк органдардың, меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
өрт қауiпсiздiгi - адамдардың, мүлiктiң, меншiктiң, қоғам мен мемлекеттiң өрттен қорғалу жай-күйi;
өрт - адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне зиян, материалдық залал келтiретiн бақылаусыз жану;
мемлекеттiк өрт қадағалауы - өрт қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын бақылау және олардың бұзылуына жол бермеу мақсатында Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды адамдары жүзеге асыратын қадағалау қызметiнiң арнаулы түрi;
өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген әлеуметтiк және (немесе) техникалық сипаттағы арнаулы шарттар;
өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұзу - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi стандарттарды, нормаларды, ережелер мен нұсқауларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау;
өртке қарсы шаралар режимi - өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуына жол берiлмеуiн және өрттiң сөндiрiлуiн қамтамасыз ететiн азаматтардың мiнез-құлық ережелерi, өндiрiстiк және шаруашылық қызметiн ұйымдастыру тәртiбi, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-жайларды (аумақтарды), өндiрiстiк және арнаулы жабдықтарды күтiп ұстау шарттары;
өрт қауiпсiздiгi шаралары - өрт қауiпсiздiгi талаптарын орындау жөнiндегi iс-әрекет;
өртке қарсы қызмет - белгiленген тәртiппен құрылған басқару органдарының, күштер мен құралдардың, соның iшiнде өрттiң алдын алу мен оны сөндiрудi ұйымдастыруға, олармен байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған өртке қарсы құрылымдардың жиынтығы;
өрттi сөндiруге байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстары - адамдарды, мүлiктi, меншiктi құтқару мен басқа жерге көшiру, өрт кезiнде зардап шеккендерге дәрiгер келгенге дейiнгi алғашқы көмек көрсету жөнiндегi жауынгерлiк iс-әрекеттерi;
өрт сөндiру-техникалық өнiмi - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған арнаулы техникалық, ғылыми-техникалық және санаткерлiк өнiмi, соның iшiнде өрт сөндiру техникасы мен жабдығы, өрт сөндiру құралдары, от сөндiретiн және оттан қорғайтын заттар, арнаулы байланыс және басқару құралдары, электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базалары, сондай-ақ өрттiң алдын алу мен сөндiрудiң өзге де құралдары;
қоныстану аумағы - елдi мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсiптiк объектiлердi орналастыруға арналған бөлiгi;
өртке қарсы ерiктi құралымдар - азаматтардың елдi мекендерде және ұйымдарда өрттiң алдын алу мен оны сөндiрудi ұйымдастыруға қатысу нысаны;
ерiктi өрт сөндiрушi - өрттiң алдын алу және (немесе) сөндiру жөнiндегi қызметке ерiктi негiзде (жеке еңбек шартын жасаспай) тiкелей қатысатын азамат.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының өрт
қауiпсiздiгi саласындағы заңдары
Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн басқа да заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
3-бап. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң
негiзгi принциптерi
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi:
- Өрт қауiпсiздiгi саласында адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау;
- ұйымдар мен азаматтардың қызметiндегi қатер деңгейiн алдын-ала анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру;
- өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару және басқа қажеттi жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық көмек көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, өрт салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру болып табылады.
4-бап. Қазақстан Республикасындағы өрт
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi
Қазақстан Республикасындағы өрт қауiпсiздiгi жүйесi - өрттi және одан келетiн залалды болдырмауға бағытталған экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы қызмет күштерi мен техникалық құралдарының жиынтығы.
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн және бақылайтын орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды, өртке қарсы қызметтiң, салалық өртке қарсы қызметтiң органдарын, өрттен қорғау-техникалық ғылыми-зерттеу мекемелерiн, өрттен қорғау-техникалық оқу орындарын, өрт сөндiру-техникалық өнiм өндiру кәсiпорындарын қамтиды.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
2-тарау
МЕМЛЕКЕТТIК ӨКIМЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨРТ ҚАУIПСIЗДIГI САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIГI
Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өрт
қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасы Үкiметi өрт қауiпсiздiгi саласында:
- бiрiңғай мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;
- өрт қауiпсiздiгi саласындағы салалық бағдарламаларды бекiтедi; <*>
- мемлекеттiк органдар қызметiне басшылық жасайды, олардың Қазақстан Республикасы заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын бақылайды;
- өрт қауiпсiздiгi саласында ақпарат беру, бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету тәртiбiн белгiлейдi;
- мемлекеттiк өрт қадағалауын ұйымдастырады, оның қызметiнiң және өрттер мен олардың зардаптарын мемлекеттiк есепке алудың тәртiбiн белгiлейдi;
- бюджет қаражаты есебiнен қамтылатын өртке қарсы қызметтiң штат саны лимитiн белгiлейдi;
- қоныстану аумақтарының және өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбесiн белгiлейдi;
- Қазақстан Республикасы аумағында өрттерден сақтандыру мен оларды жою жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызмет тәртiбiн белгiлейдi;
- өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережені бекітеді.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N
437
, 2000.05.05.
N 48
, 2003.12.29. N
511
, 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
6-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi
органның өкiлеттiктерi
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган өрт қауiпсiздiгi саласындағы атқарушы, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады және оның аумақтық органдары, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерi болады.
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган:
1) бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзедi, салааралық үйлестiру мен мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
2) нормативтердi, стандарттар мен ережелердi бекiтедi және келiседi, өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк есепке алуды жүргiзедi;
3) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк өрт қадағалауын жүзеге асырады;
4) өрт қауiпсiздiгi саласындағы зерттеу қызметiн, бiлiмдi насихаттауды, азаматтар мен мамандарды оқытып-үйретудi ұйымдастырады;
5) өрт қауiпсiздiгi саласындағы лицензиялау мен сертификаттауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
6) өз өкiлеттiктерi шегiнде өрттер бойынша анықтауды жүзеге асырады;
7) меншiк нысанына қарамастан өртке қарсы қызметтердiң жұмысын үйлестiредi;
8) Өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруi туралы ереженi әзiрлейдi;
9) өз құзыретi шегiнде өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдарды қызметке қабылдауды, қызмет бабында ауыстыруды, қызметтен босатуды, арнаулы атақтар беру мәселелерiн шешудi жүзеге асырады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N
307
,
1999.07.16. N
437
, 2000.05.05.
N 48
, 2003.12.29. N
511
, бап жаңа редакцияда - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
7-бап. Орталық мемлекеттiк органдардың өрт қауiпсiздiгi
саласындағы өкiлеттiктерi
Орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде:
1) өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтердi, стандарттар мен ережелердi әзiрлеп, келiседi, мемлекеттiк есепке алуды жүргiзедi және оның деректерiн өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органға бередi;
2) салалық өрттен қорғау-техникалық комиссияларын құрады;
3) мемлекеттiк органдардағы өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн бақылауды қамтамасыз етедi, өрттiң алдын алу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзедi.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
8-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың)
жергiлiктi атқарушы органдарының өрт
қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiктерi
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiктерiне мыналар жатады:
1) тұрғын халықты және ұйымдарды өрт қaуiпсiздiгi саласындағы шаралар туралы хабардар ету;
2) өрт салдарынан зардап шеккен азаматтар мен қызметкерлердiң әлеуметтiк қорғалуын өз құзыретi шегiнде қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянды өтеу.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
9-бап. Қазақстан Республикасындағы өртке қарсы
қызметтiң негiзгi мiндеттерi
Өртке қарсы қызметтiң негiзгi мiндеттерi:
- өрттерден сақтандыруды ұйымдастыру;
- өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн қадағалауды қамтамасыз ету;
- өрттердi сөндiру.
Өртке қарсы қызметке қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiгi
жәрдемдеседi.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
9-1-бап. Өртке қарсы қызмет органдары
Өртке қарсы қызмет органдары қоныстану аумақтарында орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердi өрттен қорғауға арналған, осы аумақтарда және аса маңызды объектiлерде мемлекеттiк өрт сөндiрудi қадағалауды жүзеге асырады.
Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының дипломатиялық консулдық мекемелерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегi өкiлдiктерiнде өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бақылау жасауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Қоныстану аумақтарында, мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлерде өрт сөндiрудi облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерi жүзеге асырады.
Басқа объектiлерде өрт сөндiрудi меншiк нысанына қарамастан салалық өртке қарсы қызметтер немесе ерiктi өртке қарсы құралымдар жүзеге асырады.
Өртке қарсы қызмет органдары бiрыңғай дербес жедел қызмет ретiнде Қазақстан Республикасындағы өртке қарсы қызметтiң негiзгi түрi болып табылады.
Өртке қарсы қызмет органдарының құрамына:
1) өртке қарсы қызмет органдары:
өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган;
облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдары;
2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерi, өрт сөндiру-техникалық оқу орындары кiредi.
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның, облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерiнiң және өрт сөндiру-техникалық оқу орындарының тулары болады. Өртке қарсы қызмет органдары туларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Ескерту. 9-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
9-2-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның,
аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының
өкiлеттiктерi
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның, аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының өкiлеттiктерiне мыналар жатады:
1) мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ ұйымдарда өрт қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
2) барлық мемлекеттiк органдар, сондай-ақ азаматтар, ұйымдар мiндеттi түрде орындауға тиiс өрт қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiн және өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен бекiту;
3) жеке және заңды тұлғаларға өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар жүргiзуге және қызмет көрсетулерге лицензиялар беру;
4) өрттер және өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iс жүргiзудiң жүзеге асырылуын бақылау;
6) өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ғимараттарды, құрылыстар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды салуға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта жаңартуға, қалпына келтiруге, күрделi жөндеуге) арналған жобалардың мемлекеттiк сараптамасын жүргiзуге қатысу;
7) нормалары мен ережелерi белгiленбеген объектiлердi салуға арналған өрт қауiпсiздiгi талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалардың және ережелердiң жобаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен келiсу;
8) өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жұмылдыру дайындығы және оларды жұмылдыру, бейбiт уақытта және соғыс жағдайы кезеңiнде төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының орнықтылығын арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлеу, мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерiнiң жұмылдыруға ұдайы дайын болуын қамтамасыз ету;
9) ұйымдарда, кәсiпорындарда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
10) азаматтарға, кәсiпорын басшыларына анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою және өрттi болдырмау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу туралы ұйғарымдар беру;
11) заңда белгiленген құзырет шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асыру;
12) мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерiнiң ведомстволық бағыныстылығына қарамастан елдi мекендерде және объектiлерде өртке қарсы күресуге дайындығын бақылау;
13) жер учаскелерiн таңдау және ұйымдарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссиялардың жұмысына қатысу;
14) халықтың өртке қарсы ерiктi құралымдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмысына жәрдемдесу;
15) өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерiн бұзған кезде, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылыстарды, ғимараттарды салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгi талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұруды, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту приборларын пайдалануға және субъектiлердiң өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуiне тыйым салуды сот жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының өтiнiшi бойынша жүргiзедi.
Субъектiнiң жұмысына iшiнара немесе толық тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы талап-арызды өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.
Айрықша жағдайларда, адамдардың өмiрi мен денсаулығына айқын қатер төндiретiн, өртке қарсы нормалар мен ережелер бұзылған кезде жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, субъектiнiң қызметiне үш күннен аспайтын мерзiмге тыйым салуға немесе тоқтата тұруға көрсетiлген мерзiм iшiнде мiндеттi түрде сотқа талап-арыз ұсыну арқылы жол берiледi. Бұл ретте өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының жұмысына тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы актiсi сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады.
Хабарлама алғаннан кейiн прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз жүргiзiлген жағдайда өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе оларды алып тастайды.
Ескерту. 9-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
9-3-бап. Облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы,
астанадағы) мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерi
Облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерi:
1) меншiк нысанына қарамастан елдi мекендердiң қоныстану аумақтарында және объектiлерде өрт сөндiрудi;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердi өрттен қорғау жөнiндегi қызметтi;
3) өрт сөндiруге өртке қарсы қызметтердiң күштерi мен құралдарын, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тартуды;
4) өрттi сөндiру мен жою жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде цехтар және объектiлер жұмысын тоқтата тұруды жүзеге асырады, қажет болғанда адамдарды, материалдық құндылықтарды қауiптi аймақтан көшiруге өкiмдер бередi;
5) өрт кезiнде азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттың үй-жайларына кiруiн шектеудi немесе уақытша тыйым салуды;
6) өрт кезiнде азаматтардың жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды құтқаруға, оттың өршуiн болдырмауға және өрттi жоюға бағытталған шараларды қолдану үшiн азаматтардың ұйымдарға, тұрғын үйлерге және өзге де үй-жайларға, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнен басқа аумақтар мен үй-жайларға бөгетсiз кiрудi;
7) адамдарды құтқару және өрттi сөндiру үшiн қажет болған жағдайларда жабық есiктер мен терезелердi, сондай-ақ қоршау конструкцияларын ашуды;
8) адамдарды құтқару үшiн және мәжбүрлiк қажеттiлiк жағдайда өрттi сөндiру мен жою кезiнде ұйымдардың байланыс құралдарын, мүлкiн және өзге де материалдық құралдарын, көлiктi олардың меншiк нысанына қарамастан, нұқсан келтiрiлген жағдайда иелерiне шығынды өтей отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен пайдалануды жүзеге асырады.
Ескерту. 9-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
9-4-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындары
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындары өртке қарсы қызмет қызметкерлерiне бiлiм беру және олардың бiлiктiлiгiн арттыру саласындағы орталық атқарушы орган айқындайтын мамандықтар бойынша жоғары кәсiптiк бiлiмi бар мамандарды даярлау мақсатында құрылады.
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындарының басты мiндеттерi:
1) өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң кәсiби өсуi мен жетiлуiне жағдай жасау;
2) өртке қарсы қызмет органдары үшiн мамандар даярлау;
3) мамандар даярлау бейiнiне сәйкес қызметтi жетiлдiрудiң өзектi проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу, алынған зерттеу нәтижелерiн оқу процесiне және практикаға енгiзу болып табылады.
Ескерту. 9-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
Ескерту. 10-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының - 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
10-1-бап. Өртке қарсы қызмет органдары
қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы
Белгiленген тәртiппен арнаулы атақтар, белгiленген үлгiдегi қызмет куәлiктерi мен жетондар берiлген, өртке қарсы қызмет органдарында қызметте тұрған адамдар өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi болып табылады.
Өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген медициналық, санаторий-курорттық және зейнетақымен қамсыздандыру тәртiбi қолданылады.
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне осы Заңға және өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмейтiн деңгейде қолданылады.
Өртке қарсы қызмет органдарының жұмысшылары мен қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет және еңбек туралы заңдарымен реттеледi.
Ескерту. 10-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N
511
, өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
10-2-бап. Өртке қарсы қызмет органдары
қызметкерлерiнiң қызмет өткеруi
Өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметке жасы кемiнде он сегiздегi, кәсiби даярлығы, денсаулық жағдайы, дене дамуы және бiлiм деңгейi бойынша өздерiне жүктелген қызметтiк мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орындарында оқу үшiн орта бiлiмi бар, он сегiз жасқа толмаған адамдар қабылдануы мүмкiн. Бұл орайда аталған оқу орындарына түскен адамдармен өрт-техникалық оқу орнын бiтiрген соң өртке қарсы қызмет органдарында одан әрi қызмет өткерудiң талаптары мен мерзiмдерi көзделетiн келiсiм-шарттар жасалады.
Өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орнындағы оқу уақыты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мерзiмдi әскери қызмет мерзiмiне есептеледi.
Өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына отыз екi жастан аспаған, орта және аға басшы құрамға қырық жастан аспаған адамдар қабылданады. Ерекше жағдайларда аталған жас мөлшерi қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi бар және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн адамдарға қатысты өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган басшысының шешiмiмен өзгертiледi.
Өртке қарсы қызмет органдары өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына тағайындалған немесе кадрына есепке алынған әскери мiндеттiлер белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және өртке қарсы қызмет органдарында арнайы есепте тұрады.
Өртке қарсы қызмет органына қызметке алғаш алынған адамдар мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет органдарының кәсiби даярлау мектептерiнде және оқу пункттерiнде арнайы бастапқы оқытудан өтедi. Көрсетiлген оқу орындарында алғашқы дайындықтан өтудiң тәртiбi мен шарттарын өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органының басшысы белгiлейдi.
Өртке қарсы қызмет органына алғаш қабылданған адамдар үшiн үш айға дейiнгi сынақ мерзiмi белгiленедi. Сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда, өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi сынақтан өтпеген адам ретiнде жұмыстан босатылуы мүмкiн. Нәтижесi оң болған жағдайда сынақ мерзiмi қызмет стажына есептеледi.
Бұрын сотталған және ақтай алмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себеппен жұмыстан босатылған адамдар өртке қарсы қызмет органдарына қызметке қабылданбайды.
Өртке қарсы қызмет органдарына қызметке тұрған азаматтар ант қабылдайды, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне партияларға, кәсiподақтарға мүше болуға, қандай да бip саяси партияларды қолдауға, ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткiзуге қатысуға, өзге де ақылы қызметпен (оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа) айналысуға, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге тыйым салынады.
Ескерту. 10-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N
511
, өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
10-3-бап. Өртке қарсы қызмет органдарындағы
қызметтiң шектi жасы
Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қызметте болуының шектi жасы:
1) қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас;
2) орта, сондай-ақ арнаулы майор және подполковник атақтары бар аға басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас, арнаулы полковник атақтары бар адамдар үшiн - елу жас;
3) жоғарғы басшы құрамдағы адамдар үшiн - елу бec жас болып белгiленедi.
Қажет болған жағдайда, өртке қарсы қызмет органдарының жекелеген қызметкерлерiнiң қызмет мерзiмi өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органы басшысының шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн.
Қызметтiң ұзартылуы өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң осы Заңда көзделген негiздер бойынша қызметтен босатылу мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
Ескерту. 10-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N
511
, өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
10-4-бап. Өртке қарсы қызмет органдарындағы
қызметтi тоқтату негiздерi
Өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметті тоқтату негіздерi:
1) осы Заңда белгiленген тәртiппен қызметтен босату;
2) Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалту;
3) өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерiн Заңмен белгіленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану;
4) өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қаза болуы;
5) лауазымымен сыйыспайтын қызметпен айналысу;
6) соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi немесе ақтай алмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстiң тоқтатылуы болып табылады.
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi:
1) зейнетақыға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) бойынша;
2) қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
3) денсаулық жағдайы бойынша - тиiстi комиссияның қызметке жарамсыз немесе шектеулi жарамды екендiгi туралы қорытындысының негiзiнде;
4) штаттың қысқаруына байланысты;
5) өз еркi бойынша;
6) келiсiм-шарттың бұзылуына байланысты;
7) аттестаттау тәртiбiмен қызметке сай келмейтiндiгі анықталуы бойынша;
8) сынақ мерзiмi iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
9) беделiн түсiретiн қылық жасаған жағдайда;
10) қызмет тәртiбiн үнемi бұзғаны үшiн жұмыстан шығарылады.
Ескерту. 10-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N
511
, өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
10-5-бап. Өртке қарсы қызмет органдары
қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары
Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiне мынадай арнаулы атақтар белгiленедi және берiледi:
қатардағы құрам:
iшкi қызметтiң қатардағы жауынгерi;
кiшi басшы құрам:
iшкi қызметтiң кiшi сержанты;
iшкi қызметтiң сержанты;
iшкi қызметтiң аға сержанты;
iшкi қызметтің старшинасы;
iшкi қызметтiң прапорщигi;
iшкi қызметтiң аға прапорщигi;
орта басшы құрам:
iшкi қызметтiң кiшi лейтенанты;
iшкi қызметтiң лейтенанты;
iшкi қызметтiң аға лейтенанты;
iшкi қызметтiң капитаны;
аға басшы құрам:
iшкi қызметтiң майоры;
iшкi қызметтiң подполковнигi;
iшкi қызметтiң полковнигi;
жоғары басшы құрам:
iшкi қызметтiң генерал-майоры.
Жоғары басшы құрамның арнаулы атағын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
Кiшi, орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарын беру (одан айыру) тәртiбi өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеру туралы ережемен анықталады.
Ескерту. 10-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N
511
, өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
10-6-бап. Өртке қарсы қызмет органдары
қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу,
зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру
Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үлгiлерi мен тиесiлiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн нысанды және арнаулы киiм-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi.
Ескерту. 10-6-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N
511
, өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
10-7-бап. Өртке қарсы қызмет органдарының
қызметкерлерi мен зейнеткерлерiнiң тұрғын
үйге құқықтары және оларды әлеуметтiк
қорғаудың өзге де шаралары
Өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерiп жүрген қызметкерлер өздерi тұратын қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген үйiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жекешелендіpe алады.
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының қаза тапқан қызметкерiнiң отбасы басқа тұрғын үй берiлмей, қызметтiк тұрғын үйден немесе қызметтік тұрғын үйге теңестірілген үйден шығарылмауға тиiс.
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған мөлшерде Қазақстан Республикасы Үкiметi айқындайтын тiзбе бойынша тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтем төленедi.
Ескерту. 10-7-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N
511
, өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
10-8-бап. Өртке қарсы қызмет органдары
қызметкерлерiнiң демалысы
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн жыл сайынғы демалыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да демалыстар берiледi.
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбелiк есептеумен) еңбек сiңiрген жылдары:
он жылдан acca - ұзақтығы күнтiзбелiк бec күн;
он бес жылдан асса - ұзақтығы күнтiзбелiк он күн;
жиырма жылдан асса - ұзақтығы күнтiзбелiк он бес күн қосымша ақы төленетiн демалыс берiледi.
Ескерту. 10-9-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N
511
, өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
10-9-бап. Өртке қарсы қызмет органдары
қызметкерлерiнiң қаза тапқан (қайтыс болған)
немесе мертiккен жағдайдағы кепiлдiктерi
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын орындау кезеңiнде мертiккен жағдайда - оған, ал ол қаза болған (қайтыс болған) жағдайда өтем алуға құқығы бар адамдарға Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен бiржолғы өтем төленедi.
Бiржолғы өтемдi төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде не алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне оның соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi.
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы, (контузия алуы), мертiгуi, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленген жағдайда оларға:
1) I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражат;
2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражат;
3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленеді.
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оларға бiржарым айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде; жеңiл мертiккен жағдайда - жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi.
Егер өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қаза болуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы (мертiгуi), науқастануы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарумен байланысты емес мән-жайлардан болғандығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтем төленбейдi.
Ескерту. 10-9-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N
511
, өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
10-10-бап. Өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру
Өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк мекемелер болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк меншiктiң аса маңызды объектiлерi тiзбесiне кiретiн ұйымдар мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерiнiң өрттен қорғау және өрт сөндiру жөнiнде көрсететiн қызметтерi үшiн бюджетке ақы төлейдi.
Мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерiнiң мемлекеттiк меншiктiң аса маңызды объектiлерi тiзбесiне кiрмейтiн және мемлекеттiк мекемелер болып табылмайтын объектiлерде өрт сөндiруi ақылы негiзде жүзеге асырылады. Ақы бюджетке аударылады.
Өрттен қорғау және өрт сөндiру бойынша осы бапта көзделген қызмет көрсетулерге ақы төлеу есебiнiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Ескерту. 10-10-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N
511
, жаңа редакцияда - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
10-11-бап. Өртке қарсы қызмет органдары
қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi және олардың
iс-әрекетiне шағымдану құқығы
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
Ескерту. 10-11-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N
511
, өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
Ескерту. 11-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының - 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
12-бап. Салалық өртке қарсы қызмет
Меншiк нысанына қарамастан ұйымдар өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында салалық өртке қарсы қызметтiң басқару органдары мен бөлiмшелерiн құра алады.
Салалық өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн ұйымдастыру, қайта ұйымдастыру, тарату тәртiбi, олардың қызметiн жүзеге асыру шарттары өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органымен келiсiлген тиiстi ережелермен белгiленедi.
Салалық ұйымдарда өрт пайда болуы және азаматтар мен қоршаған ортаның қауiпсiздiгiне қатер туғызатындай өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда, салалық өртке қарсы қызметiнiң ұйым (жеке өндiрiс), өндiрiстiк учаске, агрегат жұмысын, ғимараттың, құрылыстың, үй-жайдың пайдалануын, жұмыстардың жекелеген түрлерiнiң жүргiзiлуін толық немесе iшiнара тоқтата тұруға құқығы бар.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
13-бап. Қоғамдық бiрлестiктер (халықтың өртке қарсы
ерiктi құралымдары)
Қоғамдық бiрлестiктер (халықтың өртке қарсы ерiктi құралымдары) Қазақстан Республикасының заңдары мен өздерiнiң құрылтай құжаттарына сәйкес өрттерден сақтандыру және оларды жою, азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi өрттерден қорғау жөнiндегi шараларға қатыса алады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
14-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк
құқықтық реттеу
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық реттеу - өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлердi орындау үшiн мiндеттi өрт қауiпсiздiгi талаптарын белгiлеуi.
Өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге өрт қауiпсiздiгi стандарттары, нормалары мен ережелерi, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары мазмұндалатын нұсқаулар мен өзге де құқықтық актiлер жатады.
Мемлекеттiк атқарушы органдар қабылдайтын және өрт қауiпсiздiгi талаптарын белгiлейтiн стандарттау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органымен мiндеттi түрде келiсуге тиiс.
Басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу, күшiне енгiзу және қолдану тәртiбiн, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi талаптарынан және нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленбеген өрт қауіпсiздiгiнiң қосымша талаптарынан ауытқуларды келiсiп алу тәртiбiн өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органы белгiлейдi.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
15-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын
әзiрлеу және iске асыру
Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына, өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, сондай-ақ өртке қарсы күрес тәжiрибесi, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердiң, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өртену қаупiн бағалау негiзiнде әзiрленедi.
Заттарды материалдарды, бұйымдарды және жабдықтарды дайындаушылар (жеткiзушiлер) тиiстi техникалық құжаттамада осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өртену қаупiн, сондай-ақ оларды пайдаланған кездегi өрт қауiпсiздiгi шараларын мiндеттi түрде көрсетедi.
Кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектiлер үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеп, iске асырғанда, соның iшiнде оларды жобалағанда, өрт кезiнде адамдардың басқа жерге қауіпсiз көшiрiлуiн қамтамасыз ететiн шешiмдер мiндеттi түрде көзделуге тиiс.
Өндiрiстер үшiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шешiмдердi көздейтiн өрттердi сөндiру жоспарлары мiндеттi түрде әзiрленедi.
Елдi мекендер мен әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдар үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын тиiстi мемлекеттiк органдар әзiрлеп, iске асырады.
Мемлекеттiк органдардың шешiмi бойынша жасалатын инвестициялық жобалар өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органмен келiсiп алынуға тиiс.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
Өрттердi сөндiру азаматтарды, мүлiктердi құтқаруға және өрттердi жоюға бағытталған жауынгерлiк iс-әрекеттер болып табылады.
Өрттердi сөндiрудi ұйымдастырудың және бұған өртке қарсы қызметтер бөлiмшелерiн, олардың салалық бағыныстылығына қарамастан, тарту тәртiбiн өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органы белгiлейдi.
Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң өрттердi сөндiруге баруы және оларды жоюға қатысуы сөзсiз тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл орайда шығындар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен өтеледi.
Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру үшiн елдi мекендердiң телефон жүйелерiнде бiрiңғай - 01 нөмiрi белгiленедi.
Өрттердi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметтiң қызметкерi барлық тұрғын үйге, өндiрiстiк және басқа да үй-жайларға кедергiсiз кiруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға, оттың өршуiне жол бермеуге және өрттi сөндiруге бағытталған кез-келген шаралар қолдануға құқылы.
Өртке қарсы қызметтiң өрттi сөндiруге тартылған барлық бөлiмшелерi өрттi сөндiру жөнiндегi басшыға бағынады. Өрттердi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметтiң уәкiлеттiлік алған лауазымды адамдарынан басқа ешкiмнiң де оның iс-әрекетiне араласуға немесе оның өкiмiнiң күшiн жоюға құқығы жоқ.
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының, мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерiнiң басшыларына қатысты аға жедел бастық болып табылады.
Облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының басшылары меншiк нысанына қарамастан, тиiстi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерiнiң, салалық өртке қарсы қызметтiң және өртке қарсы ерiктi құралымдардың басшыларына қатысты аға жедел бастық болып табылады.
Өрттердi сөндiру кезiнде келтiрiлген материалдық залал қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс. Өртке қарсы қызметтiң жеке құрамы, аса қажет болған жағдайларда өрт сөндiруге қатысқан өзге де адамдар келтiрiлген залалды өтеуден босатылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары және қорғаныс, авиация, темір жол, теңіз және өзен көлігі, орман шаруашылығы объектілеріндегі өрттерді сөндіру өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органы мен тиісті заңды тұлғалары арасындағы келісімдермен регламенттеледі.
Апаттарды, дүлей зілзалаларды және өрт сөндіруге байланысты емес өзге де төтенше жағдайларды жою кезінде өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары (ақшалай қаражаттан басқа) оларды жою жөніндегі басшының қарамағына көшеді.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N
437
, 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
17-бап. Өрт сөндiру - техникалық өнiмдi өндiру
Өрт сөндiру - техникалық өнiмi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте шарттық негiзде, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен жүзеге асырылатын тәртiпте өндiрiледi.
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өрт сөндіру-техникалық өнімінің түрлерін өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган белгілейді.
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N
437
Заңымен
.
18-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды
орындау мен қызметтер көрсету
Қазақстан Республикасында өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететiн мемлекеттiк емес ұйымдар құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн, оларға мыналар жатады:
- мемлекеттiк мекемелер болып табылмайтын ұйымдарды өрттен қорғау;
- өрт сөндiру-техникалық өнiмiн өндiру, оны сынықтардан өткiзу, сатып алу және жеткiзiп беру;
- жобалау iздестiру жұмыстарын атқару;
- ғылым-техникалық кеңес беру және жобалардың мемлекеттiк сараптамасының ерекше құзыретiне жатқызылатын сараптау жұмыстарын қоспағанда, сараптама жүргiзу; <*>
- заттардың, материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және конструкциялардың өрт қауiпсiздiгiн сынау;
- халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету;
- өртке қарсы насихатты жүзеге асыру, арнайы әдебиет пен жарнама өнiмiн басып шығару;
- оттан қорғау және мұржа-пеш жұмыстары;
- өрт саймандарын, өрттердi сөндiрудiң бастапқы құралдарын өндiру, оларды жөндеу және қызмет көрсету, отты сөндiретiн заттардың сапасын қалпына келтiру;
- өртке қарсы қызметтiң ғимараттары мен құрылыстарын салу, қайта құру және жөндеу;
- өрттен қорғау жүйелерi мен құралдарын өндiру, монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
- тiзбесiн өртке қарсы қызмет органдары белгiлейтiн өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстар мен қызметтер жатады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N
437
, 2003.07.02. N
454
, 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
19-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы бiлiмдердi
насихаттау, халықты және мамандарды
оқытып-үйрету
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы бiлiмдердi насихаттауды өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары мен қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады. Бiлiмдердi насихаттау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары пайдалануы мүмкiн.
Азаматтарды оқытып-үйрету мектепке дейiнгi және жалпы орта бiлiм беру мекемелерiнде, жұмыс орны мен тұрғылықты жерi бойынша ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету - кәсiптiк-техникалық, арнаулы орта және жоғарғы бiлiм беру, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлау мекемелерiнде, өрт қауiпсiздiгi саласындағы iс-әрекеттерге әзiрлеу жөнiндегi орталықтарда, жұмыс орны бойынша ұйымдарда жүргiзiледi.
Бағдарламалар мазмұнына қойылатын талаптарды және өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету тәртiбiн өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органы белгiлейдi.
Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
20-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ақпаратқа
халықтың құқығы
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ақпаратты ұйымдар қызметiнiң қауiп-қатер деңгейi және басым өртену қауiптiлiгi, қажеттi қауiпсiздiк, өрттердiң салдарлары, олардан сақтандыру және оларды жою жөнiндегi шаралар туралы мәлiметтер құрайды. Ақпарат ашық және жариялы болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануға жатады.
Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде өздерi қабылдаған шешiмдер туралы халықты хабардар етуге және өрттен қорғау - техникалық бiлiмдердi таратуға жәрдемдесуге тиiс.
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
21-бап. Өрттердi және олардың салдарын
мемлекеттiк есепке алу
Өрттердi және олардың салдарларын мемлекеттiк есепке алуды Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi атқарушы органымен келiсiм бойынша өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органы жүзеге асырады.
Мемлекеттiк органдар, меншiк нысанына қарамастан ұйымдар өртке қарсы қызмет органдарына өрттер және олардың салдарлары туралы есептер ұсынады.
Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
22-бап. Өрт қауiпсiздiгiн ғылыми-техникалық
жағынан қамтамасыз ету
Өрт қауiпсiздiгiн ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз етудi ғылыми-зерттеу ұйымдары және оқу орындары жүзеге асырады.
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ғылыми-техникалық талдамаларды қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерi есебiнен жүзеге асырылады. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органының мiндеттерiн iске асыруға арналған ғылыми-техникалық талдамалар республикалық бюджет қаражаты есебiнен орындалады.
Ғылыми зерттеулердi үйлестiру өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органына жүктеледi.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
23-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы лицензиялау
мен сертификаттау
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы лицензиялау мен сертификаттау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
24-бап. Азаматтардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы
құқықтары мен мiндеттерi
Қазақстан Республикасы азаматтарының:
- өрттер болған жағдайда өздерiнiң өмiрiн, денсаулығын және жеке мүлкiн қорғауға;
- Қазақстан Республикасы аумағындағы белгiлi бiр жерде болғанда өздерi ұшырауы мүмкiн өрт қаупi туралы және қажеттi қауiпсiздiк шаралар туралы хабардар болуға;
- өрттер салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды қолданылып жүрген заңдармен белгiленген тәртiппен өтеттiруге;
- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, соның iшiнде белгiленген тәртiппен қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiктерi қызметiне қатысуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының азаматтары:
- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;
- өрттердi байқаған жағдайда өртке қарсы қызметтi дереу хабардар етуге;
- өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi келгенге дейiн азаматтарды, мүлiктi құтқару және өрттердi сөндiру жөнiнде қолдан келген шараларды қолдануға;
- өрттi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметке көмек көрсетуге;
- өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен өртке қарсы қызметi органдарына өрт қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын бақылау және олардың бұзылуына жол бермеу мақсатында өздерiне тиесiлi өндiрiстiк, шаруашылық, тұрғын үйлердi және өзге де үй-жайлар мен құрылыстарды тексеруге және қарап шығуға мүмкiндiк беруге мiндеттi.
25-бап. Ұйымдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы
құқықтары мен мiндеттерi
Өрт қауiпсiздiгi мен өрт сөндiрудi қамтамасыз ету ұйымдардың басшыларына жүктеледi.
Меншiк нысандарына және қай ведомствоға байланыстылығына қарамастан ұйымдардың:
- өз қаржысы есебiнен, соның iшiнде өртке қарсы қызмет органдарымен шарттар жасасу негiзiнде ұстайтын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн белгiленген тәртiппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға;
- мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өкiлдi органдарға өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
- ұйымдардың объектiлерiнде болған өрттердiң себептерi мен мән-жайларын анықтау жөнiнде жұмыстар жүргiзуге;
- заңдармен белгiленген шекте өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi әлеуметтiк және экономикалық ынталандыру шараларын белгiлеуге;
- өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiнде ақпарат, соның iшiнде белгiленген тәртiппен өртке қарсы қызметтiң басқару органдары мен бөлiмшелерiнен ақпарат алуға құқығы бар.
Меншiк нысанына қарамастан ұйымдар:
- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;
- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға;
- өртке қарсы насихат жүргiзуге, сондай-ақ өздерiнiң қызметкерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйретуге;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес салалар, ұйымдар және объектілер үшін белгiленген нормаларға сәйкес өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн, соның iшiнде өртке қарсы қызмет органдарымен шарттар жасасу негiзiнде құруға және ұстауға;
- өрт сөндiру жүйелерi мен құралдарын түзу күйiнде ұстауға, олардың мақсатқа сай пайдаланылмауына жол бермеуге;
- өрт қарсы қызметке өрттердi сөндiру, олардың шығу және өршу себептерi мен жағдаяттарын анықтау кезiнде, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуына және өрттердiң шығуына кiнәлi адамдарды анықтау кезiнде жәрдем көрсетуге;
- өрттердi анықтайтын және сөндiретiн автоматты құралдарды енгiзу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
- өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-әрекеттердi атқаруға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi және өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдар аумағында өрттердi сөндiру кезiнде қажеттi күш-құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерi мен тынығу орындарын Үкiмет белгiлеген тәртiппен беруге;
- өртке қарсы қызметi өкiлдерiне олар ұйымдар аумағында қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асырған кезде заңдарда белгiленген тәртiппен жүрiп-тұруын қамтамасыз етуге;
- өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйi туралы, соның iшiнде өздерi өндiретiн өнiмдердiң өртену қаупi туралы, сондай-ақ өз аумақтарында болған өрттер және олардың зардаптары туралы мәлiметтер мен құжаттарды өртке қарсы қызметi органдарына беруге;
- өрттердiң шыққаны, өртке қарсы қолда бар қорғану жүйелерi мен құралдарының ақаулары туралы, жолдар мен кiрме жолдардың жай-күйiнiң өзгерiстерi туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлауға мiндеттi.
Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N
437
Заңымен
.
26-бап. Өрттердi және олардың зардаптарын тексеру
Өрттердi тексеру және олардың зардаптарын анықтау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң бұзылғаны немесе лауазымды адамдар мен азаматтардың әрекетсiздiгi анықталған жағдайда тексеру материалдары кiнәлiлердi жауапқа тарту үшiн тиiстi органдарға берiлуге тиiс.
27-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдарды және
өзге де нормативтiк актiлердi бұзғандық
үшiн жауапкершiлiк
Өрт қауiпсiздiгi туралы заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
28-бап. Азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне,
қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi
объектiлерге өрт келтiрген залалды өтеу
Өрттердiң салдарынан азаматтардың денсаулығына, мүлкiне қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген залалды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
29-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы
дауларды шешу тәртiбi
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы дауларды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен соттар шешедi.