ӨРТ ҚАУIПСIЗДIГI ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 22 қараша N 48-I

Қолданыстағы

     Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен
денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау
жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
     Осы Заң мемлекеттiк органдардың, меншiк нысанына қарамастан жеке
және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында өрт
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын
реттейдi.

                             1-тарау

                        ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
     
     1-бап. Негiзгi ұғымдар 
     
     Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
     өрт қауiпсiздiгi - адамдардың, мүлiктiң, меншiктiң, қоғам мен
мемлекеттiң өрттен қорғалу жай-күйi;


      өрт - адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне зиян, материалдық залал келтiретiн бақылаусыз жану;
      мемлекеттiк өрт қадағалауы - өрт қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын бақылау және олардың бұзылуына жол бермеу мақсатында Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттiк қадағалау қызметiнiң арнаулы түрi;
      өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарымен, уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк актiлерiмен белгiленген әлеуметтiк және (немесе) техникалық сипаттағы арнаулы шарттар;
      өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұзу - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi стандарттарды, нормаларды, ережелер мен нұсқауларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау;
      өртке қарсы шаралар режимi - өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуына жол берiлмеуiн және өрттiң сөндiрiлуiн қамтамасыз ететiн азаматтардың мiнез-құлық ережелерi, өндiрiстiк және шаруашылық қызметiн ұйымдастыру тәртiбi, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-жайларды (аумақтарды), өндiрiстiк және арнаулы жабдықтарды күтiп ұстау шарттары;
      өрт қауiпсiздiгi шаралары - өрт қауiпсiздiгi талаптарын орындау жөнiндегi iс-әрекет;
      өртке қарсы қызмет - белгiленген тәртiппен құрылған басқару органдарының, күштер мен құралдардың, соның iшiнде өрттiң алдын алу мен оны сөндiрудi ұйымдастыруға, олармен байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған өртке қарсы құрылымдардың жиынтығы;
      өрттi сөндiруге байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстары - өртке қарсы қызметтiң адамдарды, мүлiктi, меншiктi құтқару мен басқа жерге көшiру, өрт кезiнде зардап шеккендерге дәрiгер келгенге дейiнгi алғашқы көмек көрсету жөнiндегi жауынгерлiк iс-әрекеттерi;
      өрт сөндiру-техникалық өнiмi - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған арнаулы техникалық, ғылыми-техникалық және санаткерлiк өнiмi, соның iшiнде өрт сөндiру техникасы мен жабдығы, өрт сөндiру құралдары, от сөндiретiн және оттан қорғайтын заттар, арнаулы байланыс және басқару құралдары, электронды есептеу машиналарына арналған бағдармалар мен деректер базалары, сондай-ақ өрттiң алдын алу мен сөндiрудiң өзге де құралдары.

          2-бап. Қазақстан Республикасының өрт
                 қауiпсiздiгi саласындағы заңдары

      Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн басқа да заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

          3-бап. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң
                 негiзгi принциптерi

      Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi:
      - Өрт қауiпсiздiгi саласында адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау;
      - ұйымдар мен азаматтардың қызметiндегi қатер деңгейiн алдын-ала анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру;
      - өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару және басқа қажеттi жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық көмек көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, өрт салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру болып табылады.

          4-бап. Қазақстан Республикасындағы өрт
                 қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi

      Қазақстан Республикасындағы өрт қауiпсiздiгi жүйесi - өрттi және одан келетiн залалды болдырмауға бағытталған экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы қызмет күштерi мен техникалық құралдарының жиынтығы.
      Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн және бақылайтын орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды, Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң, салалық өртке қарсы қызметтiң органдарын, өрттен қорғау-техникалық ғылыми-зерттеу мекемелерiн, өрттен қорғау-техникалық оқу орындарын, өрт сөндiру-техникалық өнiм өндiру кәсiпорындарын қамтиды.

                               2-тарау

        МЕМЛЕКЕТТIК ӨКIМЕТ ОРГАНДАРЫ МЕН ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ
            ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨРТ ҚАУIПСIЗДIГI САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIГI

          5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өрт
                 қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiгi

      Қазақстан Республикасы Үкiметi өрт қауiпсiздiгi саласында:
      - бiрiңғай мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;
      - мемлекеттiк бағдармаларды әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;
      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктер, мемлекеттiк комиттер және орталық атқарушы органдар, жергiлiктi атқарушы органдар қызметiне басшылық жасайды, олардың Қазақстан Республикасы заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын бақылайды;
      - өрт қауiпсiздiгi саласында ақпарат беру, бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету тәртiбiн белгiлейдi;
      - мемлекеттiк өрт қадағалауын ұйымдастырады, оның қызметiнiң және өрттер мен олардың зардаптарын мемлекеттiк есепке алудың тәртiбiн белгiлейдi;
      - республикалық бюджет құрамында өрт қауiпсiздiгi саласындағы қызметтi қаржыландыруға арналған қаржыны көздейдi, республикалық бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын өртке қарсы қызмет санын белгiлейдi;
      - мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылатын, соның iшiнде республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдар мен объектілер салалары тiзбесiн белгiлейдi; <*>
      - мемлекеттiк мұқтаждар үшiн өрт сөндiру - техникалық өнiмдердiң түр-түрiн, оларды шығару мен жеткiзiп беру көлемiн бекiтедi;
      - Қазақстан Республикасы аумағында өрттерден сақтандыру мен оларды жою жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызмет тәртiбiн белгiлейдi;
      - өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережені бекітеді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16.
               N 437 Заңымен. Z990437_
      ЕСКЕРТУ. 5-бап 11-абзацпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
               2000.05.05. N 48 Заңымен. Z000048_

          6-бап. Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi
                 жөнiндегi орталық атқарушы органының өкiлеттiгi

      Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы мемлекет өрт қауіпсіздігі саласында уәкілдік берген орган болып табылады, өзiнiң ведомстволық бағыныстағы аумақтық органдары бар, бiрiңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi, салааралық үйлестiрудi және ведомство үстiнен мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады. <*>
      Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органы:
      - Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттiк бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етедi және ұйымдастырады;
      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және орталық атқарушы органдар, жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар жұмысын үйлестiредi;
      - өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтердi, стандарттар мен ережелердi бекiтедi және келiседi, мемлекеттiк есеп жүргiзедi;
      - Қазақстан Республикасында мемлекеттiк өрт қадағалауын жүзеге асырады;
      - өрт қауiпсiздiгi саласындағы ғылыми-зерттеу қызметiн, бiлiмдердi насихаттауды, азаматтар мен мамандарды оқытып-үйретудi ұйымдастырады;
      - меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң өртке қарсы күреске даярлығының жай-күйiне мемлекеттiк бақылауды және өрттiң алдын алу жөнiндегi жұмысқа бақылауды жүзеге асырады;
      <*>
      - өрт қауiпсiздi саласындағы лицензиялау мен сертификаттауды белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге және орталық атқарушы органдарға, жергiлiктi атқарушы органдарға, меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға және азаматтарға мiндеттеушi күшi бар нұсқамалар мен басқа да нормативтiк актiлер бередi;
      - өрттердi сөндiрудi қамтамасыз етедi және жүзеге асырады;
      - өртке қарсы қызметтiң басқа да түрлерiнiң қызметiн үйлестiредi;
      - кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады;
      - мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қатардағы және бастықтар құрамындағы адамдарды қызметке қабылдауды, қызмет бойынша ауыстыруды, қызметтен босатуды, арнайы атақтар беру мәселелерін шешуді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады; <*>
      - өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының қатардағы және басқару құрамының қызмет өткеруі туралы ережені әзірлейді; <*>
      - арнаулы атақтармен ауыстырылуға тиісті Қызметтер тізбесін бекітеді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының
               1998.12.09. N 307 Заңымен. Z980307_
      ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16.
               N 437 Заңымен. Z990437_
      ЕСКЕРТУ. 6-бап 15-16-абзацтармен толықтырылды - Қазақстан
               Республикасының 2000.05.05. N 48 Заңымен. Z000048_

          7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына
                 кiрмейтiн министрлiктердiң, мемлекеттiк
                 комитеттердiң және орталық атқарушы органдардың
                 өрт қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiгi

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және орталық атқарушы органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде:
      - өрт қауiпсiздiгi саласында бiрiңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi және ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
      - өрт қауiпсiздiгi саласында нормативтер, стандарттар және ережелер әзiрлеп, келiседi, мемлекеттiк есеп жүргiзедi және оның мәлiметтерiн Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органына бередi;
      - салалық өрттен қорғау-техникалық комиссияларын, өртке қарсы құрамаларын, өртке қарсы қызмет пен авариялық-құтқару жұмыстары бөлiмшелерiн құрады және олардың тәулiк бойы жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      - өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiне бақылау ұйымдастырады, өрттерден сақтандыру мен оларды жою шараларын жүзеге асырады;
      - ғылыми зерттеулердi, бiлiмдердi насихаттауды, азаматтар мен мамандарды өрт қауiпсiздiгi ережелерiне оқытып-үйретудi ұйымдастырады.

          8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен
                 жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өрт
                 қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiгi

      Жергiлiктi өкiлдi және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiгiне мыналар жатады:
      - өрт қауiпсiздiгi шараларының орындалуы мен жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
      - аймақтық мақсатты бағдарламаларды әзiрлеу, бекiту және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
      - өрттер шыққан кезде қоғамдық тәртiп мен қауiпсiздiктi

қамтамасыз ету, олардан сақтандыру және оларды жою жөнiндегi мiндеттi
ережелердi қабылдау;
     - өрттерден сақтандыру мен оларды жою жөнiндегi шараларды
ұйымдастыру;
     - азаматтар мен ұйымдарды өрт қауiпсiздiгi саласындағы шаралар
жөнiнде хабардар ету;
     - жергiлiктi бюджеттердiң өрт қауiпсiздiгiне арналған шығыстар
бөлiгiн әзiрлеу, бекiту және атқару;
     - өрттер салдарынан зардап шеккен азаматтар мен қызметкерлердiң
әлеуметтiк қорғалуын өз құзыретi шегiнде қамтамасыз ету, азаматтардың
денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi
объектiлерге келтiрiлген зиянды өтеу;
     - қоғамдық өрт сөндiру бiрлестiктерiнiң қызметiне жәрдемдесу.

                             3-тарау

                 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӨРТКЕ
                     ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ОРГАНДАРЫ

         9-бап. Қазақстан Республикасындағы өртке қарсы
               қызметтiң түрлерi мен негiзгi мiндеттерi

     Өртке қарсы қызмет мынадай түрлерге бөлiнедi:
     - мемлекеттiк өртке қарсы қызмет;
     - салалық өртке қарсы қызмет.
     Өртке қарсы қызметтiң негiзгi мiндеттерi:
     - өрттерден сақтандыруды ұйымдастыру;
     - өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн қадағалауды қамтамасыз ету;
     - өрттердi сөндiру.
     Өртке қарсы қызметке қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiгi
жәрдемдеседi.

         10-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет, оның қызметкерлерінің
                 құқықтары мен мәртебесі
<*>




      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет Қазақстан Республикасындағы өртке қарсы қызметтiң негiзгi түрi болып табылады және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының құрамына бiрiңғай дербес жедел қызмет ретiнде кiредi.
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет қалаларда, аудандарда және елдi мекендерде, мемлекеттiң меншiгiндегi айрықша маңызды өрт - және жарылу қаупi бар объектiлерде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен құрылады.
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өртке қарсы қызметi күштерi мен құралдарының орталық басқару органынан, аумақтық бөлiмшелерден және олардың басқару органдарынан, оқу және өрт сөндiру-техникалық орталықтарынан, арнайы ғылыми-зертте мекемелерiнен тұрады.
      Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтарына мыналар жатады:
      мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру, әкімшілік өкілдерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігі талаптарының, стандарттарының, нормалар мен ережелерінің орындалуына тексеру жүргізу, ұйымдардың басшыларына, басқа да лауазымды адамдарға және азаматтарға анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою және өртті болдырмау жөнінде шаралар қолдану туралы ұйғарымдама жолдау;
      барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың, азаматтардың орындауы үшін міндетті өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін және өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту;
      мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың есебінен өрттердің себептерін анықтау үшін өткізілуге міндетті сараптамалар, сондай-ақ құрал- жабдықтарға, бұйымдарға, заттарға, материалдарға олардың өрт қауіптілігі дәрежесін айқындау үшін бақылау сынақтарын белгілеу;
      заңды және жеке тұлғаларға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензиялар және заңдарда белгіленген тізбелер бойынша өнімге өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік сертификаттарын беру;
      өрттен және өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы туралы істер бойынша анықтамаларды жүзеге асыру;
      заңда белгіленген құзырет шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізуді жүзеге асыру;
      өрт қаупін туғызатын өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұзған кезде, сондай-ақ ұйымдарды, объектілерді, ғимараттарды, үйлерді салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникамен қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған жағдайда ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндіріс учаскелерінің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұру, үйлерді, ғимараттарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізуге тыйым салу;
      елді мекендер мен ведомостволық бағыныстылығына қарамастан объектілердің өртке қарсы бөлімшелерінің өртпен күресуге дайындығына, ұйымдарды, үйлер мен ғимараттарды жобалау, салу және қайта жаңарту кезінде стандарттарда, нормалар мен ережелерде көзделген өртке қарсы талаптарды жобалау және құрылыс ұйымдарының орындауына бақылау жасау;
      жер учаскелерін таңдау және ұйымдарды, үйлер мен ғимараттарды пайдалануға қабылдап алу жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
      өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын, сондай-ақ бұл нормалар мен ережелер жоқ объектілердің құрылысына арналған жобалық шешімдерді келісу;
      мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жұмылдыруға әзірлеу және жұмылдыру, олардың бейбіт уақытта төтенше жағдайлар пайда болған кездегі және соғыс уақыты жағдайындағы жұмысының тұрақтылығын арттыру жөніндегі шараларды жасау мен жүзеге асыру, мемлекеттік өртке қарсы қызметтің арнаулы бөлімшелерінің толық жұмылдыруға үнемі әзір тұруын қамтамасыз ету;
      төтенше жағдайларда өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын, көлік және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тарту, адамдарды, материалдық қазыналарды қауіпті аймақтан көшіруге өкімдер беру болған жағдайда құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу мен төтенше жағдайларды жою кезеңінде цехтар мен объектілердің жұмыстарын тоқтата тұру;
      табиғи зілзалалар, апаттар, авариялар және өрттер кезінде азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, азаматтарды құтқаруға, оттың өршуін болдырмауға және өртті жоюға бағытталған шаралар қолдану үшін азаматтардың тұрғын үйлері мен өзге де үй-жайларына, ұйымдарына, оларға тиесілі жер учаскелеріне, дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды өкілдіктерінен басқа, аумақтар мен үй-жайларға бөгетсіз кіру;
      табиғи зілзалалар, апаттар, авариялар және өрттер кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың жеке учаскелерге, аумақтарға, үйлердің бөлмелеріне кіруін шектеу немесе оған уақытша тыйым салу; адамдарды құтқару және өртті өшіру үшін қажет болған жағдайларда жабық есіктер мен терезелерді, сондай-ақ қоршау конструкцияларын ашу; кез келген су объектілерінен өртке қарсы қажеттер үшін су алуды жүзеге асыру;
      адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдай аймақтарындағы ұйымдардың байланыс құралдарын, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын, көлікті оларға нұқсан келтірілген ретте иелеріне зиянды өтеп, олардың меншік нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен пайдалану;
      халықтың өртке қарсы ерікті құрамаларының өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмысына жәрдемдесу, өртті сөндіруде көзге түскен азаматтарды көтермелеу. <*>
      <*>
      Ұйымдарды, объектiнi, ғимаратты, үйдi салу, қайта жаңғырту, кеңейту немесе техникалық жағынан қайта жарақтау кезiнде өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерi бұзылған жағдайда, сондай-ақ жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған жағдайда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi жүзеге асыратын ұйымның, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, үйлердi, ғимараттарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының өтiнiшi бойынша сот арқылы жүргiзiледi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң жұмысына iшiнара немесе толық тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi. <*>
      Шағын кәсiпкерлiк субьектiсiнiң қызметiне тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға ерекше жағдайларда, өртке қарсы нормалар мен ережелердiң бұзылуы адамдардың өмiрi мен денсаулығына анық қауiп төндiрген кезде талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органының қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы актiсi сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады. <*>
      Қазақстан Республикасының Өрт қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы, оның орынбасары, Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының өрт қадағалау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, өрт қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру жөнiндегi уәкiлеттi лауазымды адамдар болып табылады. <*>
      Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Өртке қарсы мемлекеттік

қызмет басқармаларының және оқу орындарының тулары болады. Өртке қарсы 
қызмет органдары туларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының 
Президенті бекітеді.
<*>
 
     Өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарына қызметке тұрған азаматтар 
ант береді, оның мәтінін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
<*>
 
     Өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының қызметкерлеріне мынадай 
арнаулы атақтар белгіленеді және беріледі: 
     қатардағы құрам: 
     ішкі қызметтің қатардағы жауынгері; 
     кіші басшы құрам: 
     ішкі қызметтің кіші сержанты;
     ішкі қызметтің сержанты; 
     ішкі қызметтің аға сержанты;
     ішкі қызметтің старшинасы; 
     ішкі қызметтің прапорщигі; 
     ішкі қызметтің аға прапорщигі; 
     орта басшы құрам: 
     ішкі қызметтің кіші лейтенанты; 
     ішкі қызметтің лейтенанты; 
     ішкі қызметтің аға лейтенанты; 
     ішкі қызметтің капитаны; 
     аға басшы құрам: 
     ішкі қызметтің майоры; 
     ішкі қызметтің подполковнигі; 
     ішкі қызметтің полковнигі; 
     жоғары басшы құрам: 
     ішкі қызметтің генерал-майоры.
<*>
 
     Жоғары басшы құрамға арнаулы атақты Қазақстан Республикасының 
Президенті береді. 
<*>

      Басқа лауазымды адамдардың қалған санаттағы қызметкерлерге арнаулы атақтар беру (олардан айыру) жөніндегі құқықтары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережемен белгіленеді. <*>
      Арнаулы атақтар берілген Өртке қарсы мемлекеттік қызмет қызметкерлеріне қызмет өткеру, еңбегіне ақы төлеу, арнаулы атақтар беру, медициналық және санаторий-курорттық, зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген әлеуметтік қорғау ережелері қолданылады. Өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының қызметкерлері үлгілері мен тиесілілік нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін нысанды және арнаулы киім-кешекпен тегін қамтамасыз етіледі. <*>
      Кіші, орта, аға басшы құрамындағы адамдар сот үкімі бойынша немесе Өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережемен белгіленетін тәртіппен арнаулы атақтан айырылуы мүмкін. Жоғары басшы құрамның арнаулы атағынан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен жүзеге асырылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді және 4,5-бөліктермен толықтырылды -
               Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N 307 Заңымен.
               Z980307_
      ЕСКЕРТУ. 10-бап 6,7,8-бөліктермен толықтырылды - Қазақстан
               Республикасының 1999.11.29. N 488 Заңымен. Z990488_
      ЕСКЕРТУ. 10-бап 9-15-бөліктермен толықтырылды - Қазақстан
               Республикасының 2000.05.05. N 48 Заңымен. Z000048_

          11-бап. Мемлекеттiк өрт қадағалуы

      Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттiк өрт қадағалауы - мемлекеттiк өрт қадағалауы қызметiнiң арнаулы түрi республикада қалалардың, елдi мекендердiң және меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi объектiлердiң өрт қауiпсiздiгiнiң жоғары деңгейiн сақтау мақсатында жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік өрт қадағалау мемлекет өрт қауіпсіздігі саласында уәкілеттік берген орган - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының мемлекеттік өртке қарсы қызметі құрамына кіреді. <*>
      Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi, ішкі істер және қорғаныс органдарының, авиациялық, темiр жол, теңiз және өзен көлiгi, орман шаруашылығы объектiлерiндегi мемлекеттiк өрт қадағалауы Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органы мен Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк органдары арасындағы келiсiмдермен реттеледi. <*>
      Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консульдық мекемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегi өкiлдiктерiнiң өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi бақылау, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09.
               N 307 Заңымен. Z980307_
      ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16.
               N 437 Заңымен. Z990437_

         12-бап. Салалық өртке қарсы қызмет

      Мемлекеттiк органдар, меншiк нысанына қарамастан ұйымдар өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында салалық өртке қарсы қызметтiң басқару органдары мен бөлiмшелерiн құра алады.
      Салалық өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн ұйымдастыру, қайта ұйымдастыру, тарату тәртiбi, олардың қызметiн жүзеге асыру шарттары Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органымен келiсiлген тиiстi ережелермен белгiленедi.
      Салалық ұйымдарда өрт пайда болуы және азаматтар мен қоршаған ортаның қауiпсiздiгiне қатер туғызатындай өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда, салалық өртке қарсы қызметiнiң ұйым (жеке өндiрiс), өндiрiстiк учаске, агрегат жұмысын, ғимараттың, құрылыстың, үй-жайдың пайдалануын, жұмыстардың жекелеген

түрлерiнiң жүргiзiлуін толық немесе iшiнара тоқтата тұруға құқығы бар.

         13-бап. Қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiгi

     Қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiктерi Қазақстан Республикасының
заңдары мен өздерiнiң құрылтай құжаттарына сәйкес өрттерден
сақтандыру және оларды жою, азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық
жүргiзушi объектiлердi өрттерден қорғау жөнiндегi шараларға қатыса
алады.

                               4-тарау

                   ӨРТ ҚАУIПСIЗДIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

         14-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк
                 құқықтық реттеу



      Өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық реттеу мемлекеттiк органдардың өрт қауiпсiздiгi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауы болып табылады.
      Өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық реттеу - уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлердi орындау үшiн мiндеттi өрт қауiпсiздiгi талаптарын белгiлеуi.
      Өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге өрт қауiпсiздiгi стандарттары, нормалары мен ережелерi, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары мазмұндалатын нұсқаулар мен өзге де құқықтық актiлер жатады.
      Мемлекеттiк атқарушы органдар қабылдайтын және өрт қауiпсiздiгi талаптарын белгiлейтiн стандарттау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органымен мiндеттi түрде келiсуге тиiс.
      Басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу, күшiне енгiзу және қолдану тәртiбiн, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi талаптарынан және нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленбеген өрт қаупсiздiгiнiң қосымша талаптарынан ауытқуларды келiсiп алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органы белгiлейдi.

          15-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын
                  әзiрлеу және iске асыру

      Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына, өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, сондай-ақ өртке қарсы күрес тәжiрибесi, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердiң, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өртену қаупiн бағалау негiзiнде әзiрленедi.
      Заттарды материалдарды, бұйымдарды және жабдықтарды дайындаушылар (жеткiзушiлер) тиiстi техникалық құжаттамада осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өртену қаупiн, сондай-ақ оларды пайдаланған кездегi өрт қауiпсiздiгi шараларын мiндеттi түрде көрсетедi.
      Кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектiлер үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеп, iске асырғанда, соның iшiнде оларды жобалағанда, өрт кезiнде адамдардың басқа жерге қауіпсiз көшiрiлуiн қамтамасыз ететiн шешiмдер мiндеттi түрде көзделуге тиiс.
      Өндiрiстер үшiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шешiмдердi көздейтiн өрттердi сөндiру жоспарлары мiндеттi түрде әзiрленедi.
      Елдi мекендер мен әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдар үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын тиiстi мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары әзiрлеп, iске асырады.
      Мемлекеттiк органдардың шешiмi бойынша жасалатын инвестициялық жобалар өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органмен келiсiп алынуға тиiс.

          16-бап. Өрттердi сөндiру

      Өрттердi сөндiру азаматтарды, мүлiктердi құтқаруға және өрттердi жоюға бағытталған жауынгерлiк iс-әрекеттер болып табылады.
      Өрттердi сөндiрудi ұйымдастырудың және бұған өртке қарсы қызметтер бөлiмшелерiн, олардың салалық бағыныстылығына қарамастан, тарту тәртiбiн Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органы белгiлейдi.
      Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң өрттердi сөндiруге баруы және оларды жоюға қатысуы сөзсiз тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл орайда шығындар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен өтеледi.
      Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру үшiн елдi мекендердiң телефон жүйелерiнде бiрiңғай - 01 нөмiрi белгiленедi.
      Өрттердi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметтiң қызметкерi барлық тұрғын үйге, өндiрiстiк және басқа да үй-жайларға кедергiсiз кiруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға, оттың өршуiне жол бермеуге және өрттi сөндiруге бағытталған кез-келген шаралар қолдануға құқылы.
      Өртке қарсы қызметтiң өрттi сөндiруге тартылған барлық бөлiмшелерi өрттi сөндiру жөнiндегi басшыға бағынады. Өрттердi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметтiң уәкiлеттiлік алған лауазымды адамдарынан басқа ешкiмнiң де оның iс-әрекетiне араласуға немесе оның өкiмiнiң күшiн жоюға құқығы жоқ.
      Өрттердi сөндiру кезiнде келтiрiлген материалдық залал қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс. Өртке қарсы қызметтiң жеке құрамы, аса қажет болған жағдайларда өрт сөндiруге қатысқан өзге де адамдар келтiрiлген залалды өтеуден босатылады.
      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары және қорғаныс, авиация, темір жол, теңіз және өзен көлігі, орман шаруашылығы объектілеріндегі өрттерді сөндіру Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органы мен тиісті заңды тұлғалары арасындағы келісімдермен регламенттеледі. <*>
      Апаттарды, дүлей зілзалаларды және өрт сөндіруге байланысты емес өзге де төтенше жағдайларды жою кезінде Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдары (ақшалай қаражаттан басқа) оларды жою жөніндегі басшының қарамағына көшеді. <*>

     ЕСКЕРТУ. 16-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. 
              N 437 Заңымен.  

Z990437_

 

         17-бап. Өрт сөндiру - техникалық өнiмдi өндiру

     Өрт сөндiру - техникалық өнiмi Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлеген тәртiпте шарттық негiзде, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен
жүзеге асырылатын тәртiпте өндiрiледi.
     Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өрт 
сөндіру-техникалық өнімінің түрлерін өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық 
атқарушы орган белгілейді.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 17-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. 
              N 437 Заңымен.  

Z990437_

 

         18-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды
                 орындау мен қызметтер көрсету



      Өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстар мен қызметтер өрт қауiпсiздiгi талаптарын iске асыру мақсатында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдардан басқасына, шарттық негізде орындалады және көрсетiледi. Өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге: <*>
      - елдi мекендердi және меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарды өрттерден қорғау; <*>
      - өрт сөндiру-техникалық өнiмiн өндiру, оны сынықтардан өткiзу, сатып алу және жеткiзiп беру;
      - жобалау iздестiру жұмыстарын атқару;
      - ғылым-техникалық кеңес беру және сараптама жүргiзу;
      - заттардың, материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және конструкциялардың өрт қауiпсiздiгiн сынау;
      - халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету;
      - өртке қарсы насихатты жүзеге асыру, арнайы әдебиет пен жарнама өнiмiн басып шығару;
      - оттан қорғау және мұржа-пеш жұмыстары;
      - өрт саймандарын, өрттердi сөндiрудiң бастапқы құралдарын

өндiру, оларды жөндеу және қызмет көрсету, отты сөндiретiн заттардың
сапасын қалпына келтiру;
     - өртке қарсы қызметтiң ғимараттары мен құрылыстарын салу, қайта
құру және жөндеу;
     - өрттен қорғау жүйелерi мен құралдарын өндiру, монтаждау,
техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
     - тiзбесiн өртке қарсы қызмет органдары белгiлейтiн өрт
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстар мен
қызметтер жатады.
     ЕСКЕРТУ. 18-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. 
              N 437 Заңымен.  

Z990437_

 

         19-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы бiлiмдердi
               насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету



      Өрт қауiпсiздiгi саласындағы бiлiмдердi насихаттауды арнайы уәкiлеттiгi бар мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады. Бiлiмдердi насихаттау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары пайдалануы мүмкiн.
      Азаматтарды оқытып-үйрету мектепке дейiнгi және жалпы орта бiлiм беру мекемелерiнде, жұмыс орны мен тұрғылықты жерi бойынша ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету - кәсiптiк-техникалық, арнаулы орта және жоғарғы бiлiм беру, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлау мекемелерiнде, өрт қауiпсiздiгi саласындағы iс-әрекеттерге әзiрлеу жөнiндегi орталықтарда, жұмыс орны бойынша ұйымдарда жүргiзiледi.
      Бағдармалар мазмұнына қойылатын талаптарды және өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органы белгiлейдi.

          20-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ақпаратқа
                  халықтың құқығы

      Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ақпаратты ұйымдар қызметiнiң қауiп-қатер деңгейi және басым өртену қауiптiлiгi, қажеттi қауiпсiздiк, өрттердiң салдарлары, олардан сақтандыру және оларды жою жөнiндегi шаралар туралы мәлiметтер құрайды. Ақпарат ашық және жариялы болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануға жатады.
      Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде өздерi қабылдаған шешiмдер туралы халықты хабардар етуге және өрттен қорғау - техникалық бiлiмдердi таратуға жәрдемдесуге тиiс.

          21-бап. Өрттердi және олардың салдарын
                  мемлекеттiк есепке алу

      Өрттердi және олардың салдарларын мемлекеттiк есепке алуды Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi атқарушы органымен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органы жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және орталық атқарушы органдар, жергiлiктi атқарушы органдар, меншiк нысанына қарамастан ұйымдар өртке қарсы қызмет органдарына өрттер және олардың салдарлары туралы есеп берiп отырады.

          22-бап. Өрт қауiпсiздiгiн ғылыми-техникалық
                  жағынан қамтамасыз ету

      Өрт қауiпсiздiгiн ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз етудi ғылыми-зерттеу мекемелерi, сондай-ақ тиiстi оқу орындары жүзеге асырады.
      Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ғылыми-техникалық талдамаларды қаржыландыру республикалық, жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, ұйымдардың қаражаты есебiнен, сондай-ақ заңдармен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерi есебiнен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органының мiндеттерiн iске асыруға арналған ғылыми-техникалық талдамалар

республикалық бюджет қаражаты есебiнен орындалады.
     Ғылыми зерттеулердi үйлестiру Қазақстан Республикасының өрт
қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органына жүктеледi.

         23-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы лицензиялау
                 мен сертификаттау

     Өрт қауiпсiздiгi саласындағы лицензиялау мен сертификаттау
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

                             5-тарау

                 ӨРТ ҚАУIПСIЗДIГI САЛАСЫНДАҒЫ
                    ҚҰҚЫҚТАР МЕН МIНДЕТТЕР

         24-бап. Азаматтардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы
                 құқықтары мен мiндеттерi

     Қазақстан Республикасы азаматтарының:

     - өрттер болған жағдайда өздерiнiң өмiрiн, денсаулығын және жеке
мүлкiн қорғауға;


      - Қазақстан Республикасы аумағындағы белгiлi бiр жерде болғанда өздерi ұшырауы мүмкiн өрт қаупi туралы және қажеттi қауiпсiздiк шаралар туралы хабардар болуға;
      - өрттер салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды қолданылып жүрген заңдармен белгiленген тәртiппен өтеттiруге;
      - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, соның iшiнде белгiленген тәртiппен қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiктерi қызметiне қатысуға құқығы бар.
      Қазақстан Республикасының азаматтары:

      - өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;
      - өрттердi байқаған жағдайда өртке қарсы қызметтi деру хабардар етуге;
      - өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi келгенге дейiн азаматтарды,

мүлiктi құтқару және өрттердi сөндiру жөнiнде қолдан келген шараларды
қолдануға;
     - өрттi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметке көмек көрсетуге;
     - өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды
талаптарын орындауға;
     - Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен
өртке қарсы қызметi органдарына өрт қауiпсiздiгi талаптарының
сақталуын бақылау және олардың бұзылуына жол бермеу мақсатында
өздерiне тиесiлi өндiрiстiк, шаруашылық, тұрғын үйлердi және өзге де
үй-жайлар мен құрылыстарды тексеруге және қарап шығуға мүмкiндiк
беруге мiндеттi.

         25-бап. Ұйымдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы
                 құқықтары мен мiндеттерi

     Өрт қауiпсiздiгi мен өрт сөндiрудi қамтамасыз ету ұйымдардың
басшыларына жүктеледi.
     Меншiк нысандарына және қай ведомствоға байланыстылығына
қарамастан ұйымдардың:


      - өз қаржысы есебiнен, соның iшiнде өртке қарсы қызмет органдарымен шарттар жасасу негiзiнде ұстайтын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн белгiленген тәртiппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға;
      - мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өкiлдi органдарға өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
      - ұйымдардың объектiлерiнде болған өрттердiң себептерi мен мән-жайларын анықтау жөнiнде жұмыстар жүргiзуге;
      - заңдармен белгiленген шекте өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi әлеуметтiк және экономикалық ынталандыру шараларын белгiлеуге;
      - өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiнде ақпарат, соның iшiнде белгiленген тәртiппен өртке қарсы қызметтiң басқару органдары мен бөлiмшелерiнен ақпарат алуға құқығы бар.
      Меншiк нысанына қарамастан ұйымдар:
      - өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;
      - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға;
      - өртке қарсы насихат жүргiзуге, сондай-ақ өздерiнiң қызметкерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйретуге;
      - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес салалар, ұйымдар және объектілер үшін белгiленген нормаларға сәйкес өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн, соның iшiнде өртке қарсы қызмет органдарымен шарттар жасасу негiзiнде құруға және ұстауға; <*>
      - өрт сөндiру жүйелерi мен құралдарын түзу күйiнде ұстауға, олардың мақсатқа сай пайдаланылмауына жол бермеуге;
      - өрт қарсы қызметке өрттердi сөндiру, олардың шығу және өршу себептерi мен жағдаяттарын анықтау кезiнде, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуына және өрттердiң шығуына кiнәлi адамдарды анықтау кезiнде жәрдем көрсетуге;
      - өрттердi анықтайтын және сөндiретiн автоматты құралдарды енгiзу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
      - өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-әрекеттердi атқаруға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi және өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдар аумағында өрттердi сөндiру кезiнде қажеттi күш-құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерi мен тынығу орындарын Үкiмет белгiлеген тәртiппен беруге;
      - өртке қарсы қызметi өкiлдерiне олар ұйымдар аумағында қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асырған кезде заңдарда белгiленген тәртiппен жүрiп-тұруын қамтамасыз етуге;
      - өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйi туралы, соның iшiнде өздерi

өндiретiн өнiмдердiң өртену қаупi туралы, сондай-ақ өз аумақтарында
болған өрттер және олардың зардаптары туралы мәлiметтер мен
құжаттарды өртке қарсы қызметi органдарына беруге;
     - өрттердiң шыққаны, өртке қарсы қолда бар қорғану жүйелерi мен
құралдарының ақаулары туралы, жолдар мен кiрме жолдардың жай-күйiнiң
өзгерiстерi туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлауға мiндеттi.
     ЕСКЕРТУ. 25-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. 
              N 437 Заңымен.  

Z990437_

 

                               6-тарау

                ӨРТ ҚАУIПСIЗДIГI САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢДАРДЫ
                   БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК

         26-бап. Өрттердi және олардың зардаптарын тексеру

     Өрттердi тексеру және олардың зардаптарын анықтау Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
     Өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң бұзылғаны немесе лауазымды адамдар
мен азаматтардың әрекетсiздiгi анықталған жағдайда тексеру
материалдары кiнәлiлердi жауапқа тарту үшiн тиiстi органдарға
берiлуге тиiс.

         27-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдарды және өзге де
                 нормативтiк актiлердi бұзғандық үшiн жауапкершiлiк

     Өрт қауiпсiздiгi туралы заңдарды және өзге де нормативтiк
құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

         28-бап. Азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне,
                 қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi
                 объектiлерге өрт келтiрген залалды өтеу

     Өрттердiң салдарынан азаматтардың денсаулығына, мүлкiне қоршаған
ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген залалды
өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

                              7-тарау

                         ҚОРТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

         29-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы дауларды шешу тәртiбi

     Өрт қауiпсiздiгi саласындағы дауларды Қазақстан Республикасының
заңдарымен белгiленген тәртiппен соттар шешедi.

         30-бап. Өртке қарсы қызметтiң жұмысында
                 заңдылықтың сақталуын қадағалау

     Өртке қарсы қызметтiң жұмысында заңдылықтың сақталуын
қадағалауды мемлекет атынан Қазақстан Республикасының прокуратура
органдары жүзеге асырады.

         31-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы халықаралық шарттар

     Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы
Заңда белгiленгеннен өзгеше ережелер көзделсе, онда халықаралық
шарттың ережелерi қолданылады.

     Қазақстан Республикасының
            Президентi