ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1) 54-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету;";
2) 55-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету;".
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:
1) 15-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы "пробация қызметінің есебінде тұрған" деген сөздер "өздеріне қатысты пробация қолданылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-баптың бірінші бөлігінде:
11) тармақша алып тасталсын;
12) тармақшадағы "тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 17-бапта:
екінші бөліктің 4) тармақшасындағы "емдеу-профилактикалық, туберкулезге қарсы," деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөліктің екінші абзацында:
1) тармақшадағы ", сондай-ақ дәрi-дәрмектер мен қосымша емдеу-профилактикалық көмек көрсету үшiн медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында айқындалатын қосымша көрсетілетін қызметтерге құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету бойынша ұсынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жатады.";
төртінші бөлік алып тасталсын;
бесінші бөліктің 1) тармақшасы алып тасталсын;
4) 18-бапта:
бірінші бөлікте:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге байланысты процесті ұйымдастырады;";
4) тармақшадағы "мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған" деген сөздер "өздеріне қатысты пробация қолданылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-2) мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
5-3) сотталғандарға медициналық көмек көрсету үшін қылмыстық-атқару жүйесінде медициналық ұйымдарды (соматикалық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар (бөлімшелер), амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар) ұйымдастырады;";
екінші бөліктегі "мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік және өзге де көмек көрсетеді" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 20-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацының 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 84-бабы бірінші бөлігінің 4) тармағында белгіленген," деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кәмелетке толмаған адамды пробация қызметінің немесе полицияның есебіне қою ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің, ал қажет болған кезде – педагогтің немесе психологтің қатысуымен жүзеге асырылады.";
6) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"21-бап. Пробациялық бақылау шарттары
1. Өзіне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адам:
1) соттың үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап он тәулік ішінде, ал мекемелерден босатылған адамдар босатылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде өзінің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға есепке қою үшін келуге;
2) жазаны өтеудің осы Кодексте белгіленген шарттары мен тәртібін және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын сақтауға;
3) өзінің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға мінез-құлқы туралы есеп беру және профилактикалық әңгімелесуге қатысу үшін келіп тұруға;
4) өзінің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға тұрақты тұрғылықты жерінің, жұмысының немесе оқуының өзгеруі туралы жазбаша хабар беруге міндетті.
2. Сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жазалаудың және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларының мақсаттарына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.";
7) 22-баптың бірінші бөлігінде:
4) тармақшадағы "беру және оны алудан бас тарту" деген сөздер "алу" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы ", сондай-ақ оған әлеуметтік-құқықтық көмек беру көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді" деген сөздер алып тасталсын;
8) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"23-бап. Пробациялық бақылау шарттарын сақтамау салдарлары
Адам пробациялық бақылау шарттарын сақтамаған жағдайда, пробация қызметі осы Кодекстің 68-бабының екінші бөлігіне, 176-бабының екінші бөлігіне сәйкес материалдарды сотқа жібереді.";
9) 26-бапта:
екінші бөлік ", оларды орындау мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдарға жүктеледі" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктегі "мекеме" деген сөз "мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 63-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бас бостандығын шектеуге сотталғандар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шеңберде әлеуметтік-құқықтық көмек алу үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.";
11) 69-баптың екінші бөлігінде:
1) тармақшадағы ", сондай-ақ оған әлеуметтік-құқықтық көмекті беру көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді" деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы "беру" деген сөз "алу" деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 97-баптың бірінші бөлігіндегі "сотталғандар мен персоналдың қауіпсіздігін" деген сөздер "сотталғандардың, персоналдың және медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 104-баптың екінші бөлігінде:
4) тармақшадағы "емдеу-профилактикалық мекемелердегі, мекеменің медициналық-санитариялық бөлімінің стационарларындағы" деген сөздер "мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "емдеу-профилактикалық мекемелердегі, сондай-ақ мекеменің медициналық-санитариялық бөлімінің стационарларындағы" деген сөздер "мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 107-баптың екінші бөлігіндегі "мекеменің медициналық бөліміне" деген сөздер "мекемеде орналасқан медициналық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 117-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандарға амбулаториялық, стационарды алмастыратын, стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдар (соматикалық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар (бөлімшелер), амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым) ұйымдастырылады. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылулары (аурулары) бар сотталғандарды мәжбүрлеп емдеуді мекемеде орналасқан медициналық ұйым жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
"3-1. Мекеме әкімшілігі сотталғандарға медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларды ұсынады және осы үй-жайлардың тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.";
төртінші бөліктегі "санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды" деген сөздер "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 121-баптың екінші бөлігіндегі "Мекеменің медициналық-санитариялық бөлімінің стационарындағыларды" деген сөздер "Стационарлық жағдайларда медициналық көмек алу үшін мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдағыларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 134-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сотталғандарды тәртіптік изоляторлардан немесе жалғыз адамдық камералардан мекемелерде орналасқан медициналық ұйымға, сондай-ақ өзге де медициналық денсаулық сақтау ұйымына ауыстырған жағдайда, олардың сонда болу мерзімі жазаны өтеу мерзімінің есебіне жатқызылады.";
18) 147-баптың бесінші бөлігінде:
"дәрігердің" деген сөз "медицина қызметкерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Сотталған адам емдеуге жатқызылған кезде медициналық-санитариялық бөлімнің стационарына ауыстырылады." деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Сотталған адам емдеуге жатқызылған кезде стационарлық жағдайларда медициналық көмек алу үшін мекемеде орналасқан медициналық ұйымға ауыстырылады. Мекемеде орналасқан медициналық ұйымда медициналық бұйымдар және (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандар болмағандықтан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайда, сотталған адам өзге тиісті медициналық ұйымға емдеуге жатқызылады.";
19) 161-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы "денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша қылмыстық-атқару қызметi саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздер "қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 166-баптың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы "және пробация қызметін" деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы "пробация қызметіне" деген сөздер "жергілікті атқарушы органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 168-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"168-бап. Жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсету
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгi:
1) жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, сондай-ақ оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсетеді;
2) мекемелерден босатылған адамдар үшін жыл сайын жұмыс орындарына квоталар бөледі, сондай-ақ оларды жұмысқа орналастыратын жеке және заңды тұлғаларды көтермелейді.
2. Мекемеден босатылған адам жұмысқа және тұрмыста орналасуда өзіне көмек ұсынылуы және әлеуметтік көмектің өзге де түрлері ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.";
22) 169-бапта:
төртінші бөлікте:
1) тармақшадағы "қызметке" деген сөз "жергілікті атқарушы органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "пробация қызметіне" деген сөздер "жергілікті атқарушы органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші және алтыншы бөліктер алып тасталсын;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам өзіне әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.";
сегізінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өзі есебінде тұрған ішкі істер органына айына кемінде бір рет өзінің мінез-құлқы туралы есеп беру үшін келіп тұруға;";
23) 172-бапта:
бесінші бөлікте:
1) тармақшадағы "пробация қызметіне" деген сөздер "жергілікті атқарушы органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "пробация қызметіне" деген сөздер "жергілікті атқарушы органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы және жетінші бөліктер алып тасталсын;
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Өзіне қатысты сот әкімшілік қадағалау белгілеген адам өзіне әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар өзіне қатысты сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.";
тоғызыншы бөлікте:
"ішкі істер органдарына" деген сөздер "өзі есебінде тұрған ішкі істер органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
", сондай-ақ алатын әлеуметтік-құқықтық көмек туралы есеп беру үшін пробация қызметіне" деген сөздер алып тасталсын;
24) 174-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшадағы ", сондай-ақ оған ұсынылатын әлеуметтiк-құқықтық көмектiң көлемiн айқындауға қажеттi өзге де мәлiметтердi анықтайды" деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы "көмекті ұсыну және оны алудан бас тарту" деген сөздер "көмек алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Шартты түрде сотталған адам өзіне әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар шартты түрде сотталған адамға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.".
3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік реттеу шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын жаңа талаптар тұтынушылар, мемлекет үшін пайда мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға байланысты шығасылардан басым болған жағдайда ғана енгізілуі мүмкін.";
2) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігіне:
1) осы Кодексте белгіленген реттегіш құралдарды қалыптастыру шарттарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік реттеуді негіздеудің, келісудің және мониторингтеудің міндетті рәсімдерін ендіру;
2) мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілеріне деген сенімін арттыру;
3) реттеушілік саясатты қалыптастыруда жобалық басқаруды ендіруге, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің бұрын қабылданған шешімдерінің сабақтастығы мен ескерілуіне негізделген мемлекеттік реттеудің жүйелілігі мен дәйектілігі;
4) кәсіпкерлік субъектілеріне залал келтіргені үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының дербес жауапкершілігін енгізу;
5) жаңа талаптарды енгізу нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері үшін кедергілер жасауға жол бермеу арқылы қол жеткізіледі.";
3) 22-баптағы "кәсіпкерлік және кәсіби қызметте өзін-өзі реттеуді дамыту үшін мемлекеттік реттеу саласын ондағы ең төмен қажеттілікті негізге ала отырып қысқарту арқылы" деген сөздер "ең төмен қажеттілікті негізге ала отырып мемлекеттік реттеу саласын қысқарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де ынталандыру шаралары арқылы кәсіпкерлік және кәсіптік қызметте өзін-өзі реттеуді дамыту үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 38-баптың 6-тармағындағы "болмашы" деген сөз "төмен" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 62-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласындағы міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу үшін мынадай шарттардың алдын ала сақталуы:
1) нақты саладағы реттеуші мемлекеттік орган және мүдделі тұлғалар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс;
2) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу жоспарланып отырған салада Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын қоспағанда, ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және (немесе) кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет субъектілерінің міндетті мүшелігі бар өзге де коммерциялық емес ұйымдардың жұмыс істеуі қажет.";
6) 64-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген" деген сөздер алып тасталсын;
7) 80 және 81-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"80-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары, міндеттері және шектері
1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың заңды мүдделерін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және ел экономикасының өсуін ынталандыратын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің міндеттері:
1) адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауды, қоршаған ортаны қорғауды;
2) ұлттық экономикаға инвестициялар тартуды ынталандыратын реттеуші ортаны және инновациялық қызметке қолайлы экожүйе қалыптастыруды;
3) адал бәсекелестікті дамытуға жағдайлар жасауды;
4) кәсіпкерлердің іскерлік беделіне негізделген бизнестің адал, әдепті жүргізілуін ынталандыруды;
5) өзін-өзі реттеуді дамытуға жәрдемдесуді;
6) тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтиды.
3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу реттегіш құралдар арқылы жүзеге асырылады және:
1) Қазақстан Республикасының заңдары;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері;
6) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптарды қамтитын өзге де құжаттар деңгейінде мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеуіне негізделген.
4. Осы тараудың күші Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қолданылмайды.
81-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдары
1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу:
1) кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу;
2) техникалық реттеу;
3) бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
5) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу нысанында;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
2. Мынадай реттегіш құралдар:
1) кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруының рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі;
2) мемлекеттік бақылау мен қадағалау;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін белгілеу;
4) ақпараттық құралдар;
5) өзін-өзі реттейтін ұйымға міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптардың орындалуын қамтамасыз ету құралдары болып табылады.";
8) мынадай мазмұндағы 81-1-баппен толықтырылсын:
"81-1-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қалыптастыру шарттары
1. Реттегіш құралдар және (немесе) талаптар мынадай шарттар:
1) негізділік;
2) кәсіпкерлік қызметті реттеудің теңдігі;
3) ашықтық;
4) орындаушылық;
5) айқындық;
6) мөлшерлестік және ұтымдылық;
7) дәйектілік және болжамдылық негізінде қалыптастырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттардың мынадай анықтамалары бар:
1) негізділік деп реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қорғау мақсатында ғана енгізілуі түсініледі;
2) кәсіпкерлік қызметті реттеудің теңдігі деп, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы реттеуді жүзеге асыру кезінде нарықтың жекелеген субъектілері үшін, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері мен табиғи монополиялар субъектілері үшін неғұрлым тиімді құқықтық жағдайлар белгілеуге жол бермеу түсініледі;
3) ашықтық деп енгізілетін (өзгертілетін) реттегіш құрал және (немесе) талап туралы ақпараттың қолжетімділігі, оларды енгізу уәждерінің анықтығы түсініледі;
4) орындаушылық деп кәсіпкерлік субъектілерінің енгізілетін реттегіш құралдың және (немесе) талаптың шарттарын орындау мүмкіндігі түсініледі;
5) айқындық деп реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің нормаларын екіұдай түсінуге жол бермейтіндей етіп түсінікті, қолжетімді нысанда баяндау түсініледі;
6) мөлшерлестік пен ұтымдылық деп кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің әсер ету деңгейінің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында қорғалатын құндылықтар үшін қолайсыз оқиғалардың басталу тәуекелі дәрежесіне сәйкестігі түсініледі;
7) дәйектілік пен болжамдылық деп енгізілетін және (немесе) қолданыстағы реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі түсініледі.
3. Реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізу, сондай-ақ қолданыстағыларын өзгерту осы бапта белгіленген шарттар сақталып жүзеге асырылады.
Реттегіш құралдар және (немесе) талаптар осы Кодекстің 3 және 80-баптарында белгіленген кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мақсаттарына, міндеттеріне және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес келуге тиіс.
4. Енгізілетін және қолданыстағы реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың шарттарына сәйкестікті бағалау реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес реттеушілік әсерге талдау жүргізу шеңберінде жүзеге асырылады.";
9) 82-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"82-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізуді, реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері
1. Егер мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізуді, реттеуді қатаңдатуды жоспарлаған болса, мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзгеше ұлғайту реттеуді қатаңдату болып табылады.
2. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа талапты енгізу немесе реттеуді қатаңдату, халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне жаппай қатер төндіруі мүмкін жағдайларды қоспағанда, реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларында айқындалған тәртіппен кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеудің нақ сол саласындағы екі талаптың күшін жоюды көздеуге тиіс.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тиісті құқықтық қатынастарды реттеу алғаш рет енгізілетін жағдайларға, сондай-ақ осы баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайларға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
3. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеушілік құралдарды және (немесе) талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары, Қазақстан Республикасының заңдары жобаларының тұжырымдамалары, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің жобалары реттеушілік әсерін талдауға жатады.
Бұл ретте, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құрал және (немесе) талаптар енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін және (немесе) реттеу қатаңдатылғанға дейін және қатаңдатылғаннан кейін реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талап:
1) авариялардың, дүлей зілзалалардың және өзге де төтенше жағдайлардың салдарларын еңсеру жөніндегі мәселелерді реттеуге;
2) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымын, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымын реттеуге;
3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметін реттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына;
4) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген жағдайда арнаулы валюталық режим енгізуге;
5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына;
6) адамдардың инфекциялық және паразиттік аурулары мен жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда, тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып карантиндік аймақты, сондай-ақ карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдауға;
7) экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мәселелерді реттеуге;
8) қарсы барлау және барлау қызметі саласындағы мәселелерді реттеуге;
9) жедел-іздестіру қызметі саласындағы мәселелерді реттеуге;
10) күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүргізу мәселелерін реттеуге;
11) соғыс жағдайын енгізуге және қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттеуге қолданылмайды.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу немесе реттеуді қатаңдату кезінде реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талаптар Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын қарау процесіне де қолданылмайды. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобалары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауындағы заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы шеңберінде, осы бапта белгіленген негіздер бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізілуі мүмкін.
4. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу, реттеуді қатаңдату кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мақұлдағаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау мақсатында құрылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның негізгі функциялары:
1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау;
2) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті қарау және мақұлдау;
3) сараптама топтарының ұсынымдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен басқа да ұйымдарының өкілдерін кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарына шақыруға және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тыңдауға;
4) мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
5) сараптама топтарын құруға, олар туралы ережені бекітуге және осындай сараптама топтарын қалыптастыру мен олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге құқығы бар.
Осы тармақтың талаптары, Қазақстан Республикасының заңдары жобаларының тұжырымдамаларында және Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларында кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу, реттеуді қатаңдату жағдайларын қоспағанда, өңірлік маңызы бар актілердің жобаларына, сондай-ақ осы баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
Өңірлік маңызы бар актілер деп Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және жергілікті өкілді және атқарушы органдар, оның ішінде тиісті аумақтың әкімі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер түсініледі.
5. Әкімшілік және (немесе) қылмыстық жауаптылықты енгізу немесе кәсіпкерлік субъектілерінің бұрыннан бар әкімшілік және (немесе) қылмыстық жауаптылығын қатаңдату жағына қарай қайта қарау реттеушілік әсерді талдаудан басқа, мыналарды:
1) заңдық жауаптылық шараларының жазалау сипатына жол бермеуді;
2) сол бір құқық бұзушылық үшін заңдық жауаптылықтың бірнеше түрі енгізілген жағдайда, заңдық жауаптылық мөлшерінің қисынды арақатынасын;
3) бұзылуы реттеушілік әсерді талдау шеңберінде заңдық жауаптылыққа алып келетін талаптарды нақтылауды көздеуге тиіс.";
10) 83-бапта:
бірінші бөліктегі "онымен байланысты талаптардың" деген сөздер "(немесе) талаптың, реттеуді қатаңдатудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "құралдарды пайдалану" деген сөздер "құралдарды және (немесе) талаптарды пайдалану, реттеуді қатаңдату" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлік "реттегіш құрал енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін" деген сөздер "реттегіш құрал және (немесе) талап енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін, реттеу қатаңдатылғанға дейін және қатаңдатылғаннан кейін" деген сөздермен ауыстырылсын және "құралдар" деген сөзден кейін "және (немесе) талаптар" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік "құралдардың" деген сөзден кейін "және (немесе) талаптардың, реттеуді қатаңдатудың" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік "құралдарды" деген сөзден кейін "және (немесе) талаптарды, реттеуді қатаңдатуды" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің ұсыныстарын қарау қорытындылары бойынша енгізілген кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның ұсыныстары негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралдың және (немесе) талаптың, реттеуді қатаңдатудың күші жойылуы немесе олар қайта қаралуы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда мемлекеттік органдар осы бапқа сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.";
5-тармақтағы "құралды енгізудің немесе" деген сөздер "құралды және (немесе) талапты енгізудің," деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру және жүргізу кезінде нормативтік құқықтық актінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжаттың, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісі жобасының, Қазақстан Республикасының заңы жобасы тұжырымдамасының, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаты жобасының немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжат жобасының осы Кодекстің 9, 11, 80, 81-1 және 82-баптарының талаптарына сәйкестігін растауды қамтамасыз етеді.";
7-тармақтың екінші бөлігіндегі "құралды енгізудің немесе" деген сөздер "құралды және (немесе) талапты енгізудің," деген сөздермен ауыстырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 83-1-баппен толықтырылсын:
"83-1-бап. Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі
1. Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі (бұдан әрі – талаптар тізілімі) деп кәсіпкерлік қызметті реттеу салалары бөлінісінде реттеушілік актілердің жалпыға қолжетімді дерекқоры түсініледі.
Осы баптың мақсаттары үшін реттеушілік актілер деп қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжаттар түсініледі.
Талаптар тізілімі мынадай міндеттерді шешеді:
1) талаптардың осы Кодексте көзделген оларды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің қызметті жүзеге асыруы үшін міндетті талаптардың толық тізбесі туралы олардың хабардар болуын қамтамасыз ету.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!11) тармақшаның сегізінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.05.2022 № 123-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Талаптар тізіліміне реттеудің тиісті салаларында кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптар қамтылатын қолданыстағы реттеушілік актілер енгізіледі.
Талаптар тізіліміне реттеушілік актілер олардың тиімділігін бағалау, оның ішінде мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу және осы Кодексте көзделген міндетті талаптарды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан оларға кейіннен талдау жүргізу үшін енгізіледі.
Реттеушілік актілер талаптардың тізіліміне енгізілуге жататын кәсіпкерлік қызметті реттеу салаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негізінде айқындайды.
3. Реттеушілік актілер кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға берілетін талаптар тізіліміне кәсіпкерлік қызметті реттеу кезінде оларды қолданатын реттеуші мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша енгізіледі.
Ұсынуда реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша реттеушілік актілерге кейіннен талдау жүргізу мерзімдерін айқындайды.
4. Реттеушілік актілерді талдау реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Реттеушілік актілер талаптардың тізіліміне былайша:
1) Қазақстан Республикасының заңдары баптар бойынша;
2) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері және өзге де құжаттар деректемелері көрсетіле отырып, осы актілердің немесе құжаттардың атаулары бойынша енгізіледі.
6. Егер реттеуші мемлекеттік орган реттеушілік актіге уақтылы талдау жүргізбесе, бұл акт талаптар тізілімнен шығарылады.
Реттеуші мемлекеттік орган осы Кодекстің 81-1-бабына сәйкес келмейтін талаптарды бұзғаны үшін кәсіпкерлерді жауаптылыққа тартуға жол бермеу мақсатында реттеушілік актілер талаптардың тізілімінде болмаған және (немесе) одан алып тасталған жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптар бойынша – талаптар тізілімінен алып тасталған не талаптар тізілімінде болмау фактісі анықталған күннен бастап алты ай ішінде;
2) өзге де нормативтік құқықтық актілер мен құжаттар бойынша –талаптар тізілімінен алып тасталған не талаптар тізілімінде болмау фактісі анықталған күннен бастап үш ай ішінде олардың күшін жоюға (күші жойылды деп тануға) не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген мерзімдер бұзылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектілерінің тиісті реттеушілік актілердің талаптарын сақтамауы оларды әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болып табылмайды.
7. Талаптар тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган Құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесі базасында жүзеге асырады.";
12) 84-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-2) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;
1-3) реттеушілік актілері талаптар тізіліміне енгізілуге жататын кәсіпкерлік қызметті реттеу салаларын айқындау;";
13) 85-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
5-2) реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыруы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
7) тармақша "құралдардың" деген сөзден кейін "және (немесе) талаптардың" деген сөздермен толықтырылсын;
14) 86-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "реттегіш құрал" деген сөздер "кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құрал және (немесе) талап, реттеуді қатаңдату" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы "141-бабының 2 және 3-тармақтарында," деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші абзацындағы "Реттегіш құрал" деген сөздер "Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құрал және (немесе) талап, реттеуді қатаңдату" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 87-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "141-бабының 2 және 3-тармақтарында," деген сөздер алып тасталсын;
16) 100-1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде даму стратегиялары мен жоспарларын" деген сөздер "технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 101-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму стратегиялары мен жоспарларын" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 112-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"112-1-бап. Ақпараттық құралдар
1. Ақпараттық құралдар деп мемлекеттік органдарға немесе өзге де тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, бір мезгілде төмендегі өлшемшарттардың барлығына сәйкес келетін ақпаратты беру талаптары түсініледі:
1) ақпаратты беру міндетті болып табылады;
2) ақпаратты бермеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді;
3) ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектілері береді.
2. Ақпараттық құралдар енгізу көзделетін Қазақстан Республикасының заңдары қолданысқа енгізілгеннен кейін реттеуші мемлекеттік орган ақпараттық құралдардың тізбесіне, сондай-ақ талаптар тізіліміне толықтырулар енгізуге бастама жасауға тиіс.
3. Ақпараттық құралдарды беру ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып, электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште жүргізіледі. Ақпараттық құралды беру тәсілін жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайды.
Бұл ретте, ақпараттың берілуін автоматтандыру енгізілмейтін және қамтамасыз етілмейтін ақпараттық құралдарды беруді талап етуге тыйым салынады.
4. Осы тараудың ережелері салық, кеден, қаржы саясаты, статистикалық қызмет саласында бар, сондай-ақ бір реттеу субъектісіне қолданылатын ақпараттық құралдарға қолданылмайды.
Осы тараудың мақсаттары үшін қаржы саясаты деп қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент – банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент – сақтандыру брокерлері филиалдарының, қаржы ұйымдары болып табылмайтын сақтандыру нарығына қатысушылардың, коллекторлық агенттіктердің, қаржы ұйымдарына ірі қатысушылардың, эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, сақтандыру топтарының және банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың, төлем қызметтерін көрсететін нарық субъектілерінің қызметіне, валюталық құқық қатынастарын реттеуге, қаржылық қызметтер көрсетуге, сондай-ақ қаржы құралдарын шығаруға, олардың айналысына, оларды өтеуге және күшін жоюға байланысты қатынастар жиынтығы түсініледі.";
19) 112-2 және 112-3-баптар алып тасталсын;
20) 116-баптың 3-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуге;";
21) 124, 129 және 130-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"124-бап. Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу
Мемлекет Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді.";
"129-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы қатынастар
1. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін белгілеу мақсатында жүзеге асырылады және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
2. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді ұйымдастыру саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу, осы баптың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 12 және 14-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықтық мәртебесі мен қызмет түрлеріне қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Кодексте:
1) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі;
2) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
3) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар;
4) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері белгіленеді.
4. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын және 131-1-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) жол жүрісі қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
2) көліктегі қауіпсіздік талаптарын сақтау тұрғысынан көліктік бақылау бекеттерінде автомобиль көлігі құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне;
3) "Ішкі су көлігі туралы" және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кемелерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауға;
4) тірі малды, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнім мен шикізатты өткізетін сауда базарларында, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттік орман қоры аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсімдіктер дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатына;
6) жануарлар дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
балық шаруашылығы су айдындарында – балықтардың белгіленген кәсіпшілік өлшемі, балық аулау мөлшерлері, құралдарының түрлері мен тәсілдері, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар, кейдейсоқ аулау бөлігінде, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналы) жүргізуге;
аңшылық шаруашылығы аумағында – жануарларды аулау құралдарын алып қою, аулау тәсілі мен түрі, олардың жыныстық-жастық құрамы, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын сақтауға;
7) карантиндік аймақтардағы және жануарлардың аса қауіпті ауруларының қолайсыз пункттеріндегі, ошақтарындағы, карантиндік объектілердің, аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарындағы іс-шараларды мемлекеттік бақылауға және қадағалауға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!21) тармақшаның жиырма екінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8) жолаушылар пойыздарында жүру жолында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын мемлекеттік бақылауға;
9) жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс сауда-саттыққа;
10) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылауға;
11) жиырма бір жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімін, темекі өнімін сатуды, балалар үшін тыйым салынған ақпарат қамтылатын ақпараттық өнімді он сегіз жасқа толмаған адамдарға таратуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін), оларды жүргізу уақытын, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жерін күні бұрын айқындау мүмкін болмаған кезде мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.
5. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасы талаптарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау мен атқару мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
6. Осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 131-1-бабын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар талаптарын орындауын мемлекеттік бақылау;
2) жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің сақталуын мемлекеттік бақылау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттар мен өзге де мәмілелердің орындалуын мемлекеттік бақылау бөлігінде шарттық қатынастарды орындауға байланысты мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.
7. Осы тараудың күші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және егер Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсаттық бақылау көзделген болса, рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсаттық бақылау жүргізуге қолданылмайды.
8. Осы Кодекстің 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын және 131-1-бабын қоспағанда, осы тараудың күші кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.
9. Осы бапты (мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау, өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бөлігінде), осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын және 131-1-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын жеткізу орындарында, кедендік тазартуды аяқтау орындарында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізуге, сондай-ақ фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, ветеринариялық-саниатариялық бақылауды жүргізуге байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.
10. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабының 1-тармағын, 131-1, 143, 144, 151, 153, 154, 155, 156 және 157-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші орындалуын мемлекеттік бақылау мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
11. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 138 және 139-баптарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын, төлем жүйелерінің операторлары мен операциялық орталықтарын, төлем ұйымдарын, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
12. Осы тараудың күші:
1) прокуратура органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау;
2) қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында бақылау мен қадағалау;
3) сот төрелігі;
4) жедел-іздестіру қызметі;
5) қарсы барлау қызметі;
6) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.
13. Осы бапты, осы Кодекстің 130, 131-1, 133-баптарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) ішкі істер органдары:
Қазақстан Республикасының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы;
жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауы;
осы Кодекстің 133-бабының талаптары және ішкі істер органдары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасының есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы бойынша жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау;
2) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуы;
3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасының сақталуы;
5) Қазақстан Республикасының жарылғыш заттардың заңды айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.
Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде туындайтын қатынастар осы Кодекстің 20-тарауында реттеледі.
14. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабының 1 және 3-тармақтарын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, осы тараудың күші жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды сақтауына байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.
15. Бұл ретте, осы баптың 4-тармағының 11) тармақшасында, 5 (ішкі аудит қызметтерінің тексерулерін қоспағанда) және 10 (акциздік бекеттердегі бақылауды қоспағанда)-тармақтарында, 13-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті тіркелуге жатады.
Бұл ретте, осы баптың 4-тармағының 11) тармақшасында, 13-тармағының 1) (есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар саласындағы) және 2) тармақшаларында көрсетілген тексерулерді тағайындау туралы акт тексеру басталғаннан кейін келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелуге жатады.
Бақылау және қадағалау органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей, құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жүргізілген тексерулер туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған нысан бойынша ұсынады.
16. Осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 131-1-бабын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды;
2) мемлекеттік органдар субъектілері болып табылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
17. Осы баптың 4, 5, 6, 11, 12 және 14-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі және бұл ретте туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарында реттеледі.
Осы баптың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі және бұл ретте туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілерде регламенттеледі.
18. Осы баптың 5, 6 және 12-тармақтарында санамаланған қатынастарға ішкі бақылау бөлігінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 38-бабының күші қолданылады.
19. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осы баптың 4, 5, 6, 9, 11, 12 және 14-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін регламенттеу болмаса, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында, халықаралық шарттарда және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілерде осы баптың 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін регламенттеу болмаса, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.
20. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге асырылады.
21. Осы Кодекстің 138 және 139-баптарына қызметтің жаңа салаларын енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының осы заңдарында реттелген қатынастарға қолданылады.
130-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың мақсаты мен міндеттері
1. Экономикалық қауіпсіздікті, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеуді, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісі өндіретін және өткізетін өнімнің, технологиялық процестердің адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүлкін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың мақсаты болып табылады.
2. Осы Кодекстің 141-бабының 6-тармағында, 143-бабының 1-тармағында, 144-3-бабының 1-тармағында және 144-4-бабының 5-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі мәселелері бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдауына тыйым салынады.
3. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың міндеттері:
1) құқық бұзушылықтардың, зиян (нұқсан) келтірудің профилактикасын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың адал субъектілерін ынталандыру;
3) анықталған құқық бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау болып табылады.";
22) 131-бапта:
тақырыптағы "кезіндегі" деген сөз "кезінде кәсіпкерлік субъектілеріне арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бақылауды," деген сөз "бақылау мен қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
2-тармақ "бейтараптылық," деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
4-тармақта:
"тексерілетін адал субъектiлерді" деген сөздер "мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың адал субъектілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"құқық бұзушыларға" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
"5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылауды жүргізу көзделсе, осы Кодекстің 144-1-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау жүргізбестен, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге тыйым салынады.
6. Жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркелген (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқық мирасқорларынан басқа) күннен бастап үш жыл ішінде оларға қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мемлекеттік бақылау бөлігіндегі ережесі салықтық тексерулерге ғана қолданылады.";
23) 132-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері" деген сөздер "олардың филиалдары мен өкілдіктері, мемлекеттік органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 134-бапта:
1-тармақта:
"тексерiлетiн субъектiлер" деген сөздер "бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері)" деген сөздермен ауыстырылсын;
", оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеуші сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкiн" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
"тексерiлетiн субъектiлер" деген сөздер "бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"132-бабының 2-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiне" деген сөздер "132-бабының 2-тармағында және 143-бабының 3-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 135-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"135-бап. Мемлекеттік қадағалау
1. Бақылау және қадағалау органының бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау жөніндегі қызметі мемлекеттік қадағалау (бұдан әрі – қадағалау) болып табылады, оны жүзеге асыру барысында жедел ден қою шараларын қолдану құқығы беріледі.
2. Қадағалау бақылау және қадағалау органының әкімшілік іс жүргізуді қозғамай жедел ден қою шараларын қолдануын білдіреді.
3. Қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес прокуратура органдары мемлекет атынан жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалау;
2) бақылау және қадағалау органдары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіп пен шарттарда жүзеге асыратын қадағалау болып бөлінеді.";
26) 136-бапта:
1-тармақта:
"тексерiлетiн субъектiлерге" деген сөздер "бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тексерудi" деген сөз "бақылау мен қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Егер Қазақстан Республикасының заңдарында жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі болмаса, бұл шараларды қолдануға тыйым салынады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі, тауары (жұмысы, көрсететін қызметі) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін болса, бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жедел ден қою шараларын қолданады.";
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі:
1) жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіздерді;
2) жедел ден қою шараларының түрлерін және талаптарды нақты бұзушылықтарға оларды қолдану шарттарын;
3) жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдану туралы нұсқаманы (актіні, қаулыны) ресімдеу тәртібін қамтиды.
Осы Кодекстің 143-бабына сәйкес тексеру парағына енгізілген, бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
4. Бақылау және қадағалау органдары осы Кодекстің 139-бабында айқындалған қызмет салаларында жедел ден қою шараларын қолданады.";
27) 137-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"137-бап. Бақылау нысандары
1. Бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін бақылау:
1) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын, алдын алу-профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау;
2) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Кодексте, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда – Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын тексерулер;
3) тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Профилактикалық бақылау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;
3) бақылау мақсатында сатып алу.
3. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер (бұдан әрі – талаптарға сәйкестігін тексеру);
2) жоспардан тыс тексерулер.
4. Бақылау нысандарының бірі ретінде тергеп-тексеру осы Кодекстің 144-4-бабына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын бақылау және қадағалау органдары әрекеттерінің кешенін білдіреді.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексерулерді бақылау және қадағалау органдары мынадай әрекеттердің бірін жасау:
1) бақылау және қадағалау органы лауазымды адамының бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) баруы;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты сұрату;
3) бақылау мен қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағында және 143-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту арқылы жүргізеді.
6. Бақылау мен қадағалау субъектілерінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес тексеру парақтарында белгіленген талаптарды сақтауы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасы болып табылады.
7. Профилактикалық бақылау немесе тексеру шеңберінде осы Кодекстің 136-бабының ережелеріне сәйкес жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
Бақылау және қадағалау органы профилактикалық бақылауды немесе тексеруді жүргізу барысында жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдануға негіз болып табылатын тексеру парағының талаптарын бұзу фактісін байқаған кезде жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдану туралы тиісті нұсқаманы (актіні, қаулыны) ресімдейді.";
28) 138-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) ықтимал радиациялық қауіпті қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін атом энергиясын пайдалану саласында;";
29) 139-бапта:
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"19) атом энергиясын пайдалану саласында;";
22) тармақшадағы "саласында жүзеге асырылады." деген сөздер "саласында;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
"23) өрт қауіпсіздігі саласында жүзеге асырылады.";
30) 13-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-параграф. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі";
31) 140-бап алып тасталсын;
32) 141, 143 және 144-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"141-бап. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі
1. Бақылау мен қадағалау субъектісі қызметінің нәтижесінде салдарларының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы тәуекел болып табылады.
Тәуекелдерді бағалау деп бақылау және қадағалау органдарының зиян келтіру ықтималдығын өлшеу жөніндегі қызметі түсініледі.
2. Бақылау және қадағалау мақсаттары үшін тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі деп қызметтің тиісті салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін барынша аз мүмкін болатындай дәрежеде шектеу мақсатында, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) мұндай бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерден босатуға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі түсініледі.
Бақылау мен қадағалау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға ықпал ететін факторларға байланысты, бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарты болып табылады.
3. Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің (бұдан әрі – тәуекел дәрежелері) біріне жатқызады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
4. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық маңыздылығы жоғары бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу жиілігі жарты жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ екі жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ үш жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тәуекелдің жоғары немесе орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігін тексеру, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігін тексеру, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және талаптарға сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
6. Бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге арналған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары, тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыруы қағидалары негізінде әзірленеді.
7. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін реттеуші мемлекеттік органдар бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) нақты тәуекел дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу графиктерін немесе тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізеді, сондай-ақ ол мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Тәуекелдерді бағалаудың және басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүзеге асырылатын бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі белгілі бір бақылау мен қадағалау саласындағы осындай бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, бақылау және қадағалау органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының өзіндік ерекшелігі мен құпиялылығы ескеріле отырып, реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыруы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес тексеру парақтарында белгіленген және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің нысанасы болып табылатын талаптардың бұзылу дәрежесін айқындауға негіз болып табылады.
Талаптардың бұзылуы ауырлығына қарай өрескел, елеулі және болмашы болып бөлінеді.
Осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес тексеру парақтарында белгіленген талаптардың бұзылуын өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтарға жатқызу реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыруы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) мынадай жағдайларда:
1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасаса;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан немесе тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалса;
3) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болса, ақпараттық жүйе қолданыла отырып, бақылау мен қадағалау субъектілері қызметінің тиісті салаларында тәуекелдің жоғары дәрежесінен тәуекелдің орташа дәрежесіне немесе тәуекелдің орташа дәрежесінен тәуекелдің төмен дәрежесіне ауыстырылады.
10. Реттеуші мемлекеттік органдар ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) бақылау мен қадағалауды жүзеге асырған кезде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы жасалған келісімді ескере отырып, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында осындай мүшеліктің (қатысудың) болу фактісін жеңілдететін индикатор ретінде ескереді.
Осы баптың осы тармағы бірінші бөлігінің, сондай-ақ 9-тармағы 3) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі, қорғаныс, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету салаларына қолданылмайды.
11. Бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) бақылау нысандарын айқындауды реттеуші мемлекеттік органдар бақылау жүзеге асырылатын әрбір қызмет саласы үшін жүзеге асырады.";
"143-бап. Тексеру парақтары
1. Реттеуші мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін бірлескен актімен тексеру парақтарын бекітеді.
Бекітілген тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
2. Тексеру парағы бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын міндетті талаптардың тізбесін қамтиды, оларды сақтамау адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келеді.
Тексеру парағы бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін бөліп жасалады.
Біртекті топтар деп сол бір талаптар қойылатын бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) түсініледі.
3. Тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана тексеруге және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға жатады.
Тексеру парағына енгізілетін талаптар бір мезгілде мынадай өлшемшарттардың бәріне сәйкес келуге тиіс:
1) экономикалық қауіпсіздікті, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, адамдардың өміріне, денсаулығына, олардың мүлкін қорғауға, қоршаған орта үшін қауіпсіздікке, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей (тура) әсер ететін қызметпен (процеспен, әрекетпен) байланысты болу;
2) талаптардың сақталуын көзбен шолу, зертханалық зерттеу, қарап-тексеру және жете тексеру, растайтын құжаттардың бар-жоғын тексеру арқылы тексеруге болады;
3) талаптар жалпы сипатта болмауы және басқа нормативтік құқықтық актілерге сілтемені қамтымауы керек;
4) талапты бірнеше реттеуші мемлекеттік органның қайталауына жол бермеу.
144-бап. Тексерулерді ұйымдастыру тәртібі
1. Талаптарға сәйкестігін тексеру осы Кодекстің 141-бабының 4-тармағында белгіленген жиілікпен тәуекелдерді бағалау өлшемшарттары қолданылып жүзеге асырылады.
Біліктілік немесе рұқсат беру талаптары, сондай-ақ хабарлама жасау тәртібі шеңберіндегі талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
2. Реттеуші мемлекеттік орган бекіткен график талаптарға сәйкестігін тексеруді тағайындау үшін негіз болып табылады.
График өздеріне қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру тағайындалған бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) міндетті түрде көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жыл сайынғы негізде қалыптастырылады.
Бақылау және қадағалау органы сол бір бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру графигін және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін жасаған кезде оларды жүргізу кезеңінің бірыңғай мерзімдері белгіленеді.
3. Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің басталғаны туралы тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын оның басталу күнін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Бақылау мен қадағалау субъектісі тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарлама алған, бірақ тексеру кезіне Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өткен жағдайда, тексеру жүргізудің басталғаны туралы қайта хабардар ету талап етілмейді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!32) тармақшаны елу екінші абзацпен толықтыру көзделген – ҚР 21.05.2022 № 123-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында, нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
Осы баптың 5-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органы тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) тексеру жүргізудің нысанасын көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталғаны туралы бақылау мен қадағалау субъектісіне хабар беруге міндетті.
5. Бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады:
1) талаптарға сәйкестігін тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
2) егер бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп ұсынбаса және (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, талаптарға сәйкестігін тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған елеулі және болмашы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
3) сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
4) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокуратура органдарының тапсырмалары;
5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
6) бақылау мен қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру (жедел ден қою шараларын қолданудың құқыққа сыйымсыздығы);
7) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;
8) салық төлеушінің жолданымдары, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәліметтер мен мәселелер.
6. Жоспардан тыс тексерулер анонимдік жолданымдар болған жағдайларда жүргізілмейді.
7. Нақты бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мән-жайлар жоспардан тыс тексеруге жатады.
8. Эпидемияның, карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың таралу қатері төнген жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі жұмыс күні ішінде ұсына отырып, объектілерге жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
9. Бақылау және қадағалау органдары, сондай-ақ құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган орналасқан жерден едәуір шалғайдағы объектілерде немесе бақылау мен қадағалау субъектілерінде жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздер анықталған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі бес жұмыс күні ішінде ұсына отырып, жоспардан тыс тексеру жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы акт тіркелген жерден оны жүргізетін жерге дейін бір жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тіркеуші органдар орналасқан жерден едәуір шалғайда орналасу деп есептеледі.
10. Жалған пестицидтерді өндіру (формуляциялау), тасымалдау, сақтау, өткізу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, сондай-ақ патогендігі I–II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша жоспардан тыс тексерулер бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен жүргізіледі.
11. Осы баптың 5-тармағында санамаланған жоспардан тыс тексеруді жүргізу үшін негіздер мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелеріне, қызметін әділет органдарында немесе тіркеуші органда тіркемей жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, бейрезидент-заңды тұлғаларға да қатысты қолданылады.
12. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың қолданысын белгілі бір мерзімге тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
13. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тексерулерді қоспағанда, осы Кодексте белгіленбеген өзге де тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.";
33) мынадай мазмұндағы 144-1, 144-2, 144-3 және 144-4-баптармен толықтырылсын:
"144-1-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
1. Бақылау және қадағалау органдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды бақылау мен қадағалау субъектісі ұсынған есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтерді және бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асырады.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында жүргізудің мақсаттары, құралдары, тәсілдері, субъектілердің (объектілердің) тізбесі, жүргізу жиілігі, бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) байқауды есепке алу тәсілі міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі айқындалады.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес мынадай шарттардың барлығы сақтала отырып жүзеге асырылады:
1) бақылау және қадағалау органдарының бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруына тыйым салынады;
2) құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеу әрі бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар ету талап етілмейді;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша, бұзушылық болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, бірақ бақылау мен қадағалау субъектісіне оны жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалар) жасалады.
4. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды талдау нәтижелері бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады.
144-2-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау
1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау – бақылау және қадағалау органдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізетін бақылауды білдіреді және оның нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылау мен қадағалау субъектілеріне әкімшілік іс жүргізуді қозғамай оларды жою туралы нұсқама шығарылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жедел ден қою шаралары қолданылады.
Нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, осы бақылаудың алдындағы жылы аталған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты осы Кодекстің 131-бабының 5-тармағына және 144-1-бабына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жасалған жағдайда жүргізіледі.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жиілігін бақылау және қадағалау органдары жоғары және орташа тәуекел дәрежелеріне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жылына екі реттен жиілетпей айқындайды.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында және өзге де цифрлық платформаларда қауіпсіздік режимін қамтамасыз ете отырып орналастырылады.
4. Реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы бекіткен бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімі бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға негіз болып табылады.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдері бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындалған объектілерді міндетті түрде көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты қалыптастырылады.
Бақылау және қадағалау органдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің бекітілген жартыжылдық тізімдерін, оның ішінде электрондық нысанда құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жиынтық тізімін қалыптастыру үшін жібереді.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерінің нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдеріне өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті орган бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жиынтық тізімін бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жылының алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырады.
Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімі негізінде бақылау мен қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің басталғаны туралы күнін көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама қолма-қол табыс етіледі, табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не егер осы субъект бұрын электрондық поштасының мекенжайын бақылау және қадағалау органына ұсынған болса, бақылау мен қадағалау субъектісінің осындай мекенжайына электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тәсілмен жіберіледі.
Егер бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама алған бақылау мен қадағалау субъектісі бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау кезінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өткен болса, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің басталғаны туралы қайта хабардар ету талап етілмейді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!33) тармақшаны жиырма төртінші абзацпен толықтыру көзделген – ҚР 21.05.2022 № 123-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу қорытындылары бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою туралы нұсқама береді.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша осы Кодекстің 136-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартпай, жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
6. Осы баптың ережелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.
144-3-бап. Бақылау мақсатында сатып алу
1. Бақылау мақсатында сатып алу деп бақылау және қадағалау органының тауар нысанындағы өнімді бақылау шеңберінде сатып алуды жүзеге асыруы түсініледі.
Бақылау мақсатында сатып алу профилактикалық бақылаудың дербес түрі болып табылады, оны жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы бапта айқындалады.
2. Бақылау мақсатында сатып алу нормативтік құқықтық актілерде және (немесе) нормативтік техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өткізу фактісін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
3. Бақылау мақсатында сатып алу сатып алынған өнімнің тізбесі және бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы туралы ақпаратты қамтитын төлем құжатымен расталады.
4. Бақылау мақсатында сатып алудың қорытындылары бойынша бақылау және қадағалау органдары сатып алынған өнімнің нормативтік құқықтық актілерде және (немесе) нормативтік техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін зерттеуді осы Кодекстің 153-бабының екінші бөлігіне сәйкес тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды кейіннен қолдану мүмкіндігімен жүзеге асырады.
5. Бақылау мақсатында сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында профилактикалық бақылаудың осындай түрін жүргізу тікелей көзделген қызмет салаларында жүргізіледі.
6. Бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыруға және сатып алынған өнімді зерттеуге байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
144-4-бап. Тергеп-тексеру
1. Тергеп-тексеру бақылаудың дербес нысаны болып табылады, оның жүзеге асырылуы осы бапта айқындалған.
2. Тергеп-тексеру мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептерін анықтау және тиісті шаралар қолдану;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау болып табылады.
3. Тергеп-тексеруді жүргізу үшін мыналар негіз болып табылады:
1) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, мұндай факт тұлғалардың кең тобына қатысты болған және бұзушылықтарға жол берген нақты бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) анықтау талап етілетін жағдайларда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жолданымдары;
2) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қайтыс болуы туралы ақпарат (шұғыл хабархат);
3) эпидемияның, жалған және тіркелмеген пестицидтердің, ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың туындауы мен таралуы туралы мемлекеттік органдар немесе қызмет субъектілері беретін ақпарат (шұғыл хабархат);
4) еңбек қызметіне байланысты жұмыскерлердің денсаулығын зақымдау жағдайлары және еңбекке жарамсыздыққа не өлімге алып келген жағдайлар;
5) алдындағы мән-жайларын анықтау қажеттігі туындайтын авариялар, технологиялық бұзушылықтар немесе оқыс оқиғалар, олардың себептерін, техникалық құрылғыларды пайдалану шарттарын, технологиялық процестерді бұзушылықтардың, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын, электр энергетикасы саласындағы талаптарды бұзушылықтардың сипатын анықтау, осындай авариялардың, технологиялық бұзушылықтардың немесе оқыс оқиғалардың салдарларын жою және оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды, авариядан, технологиялық бұзушылықтан немесе оқыс оқиғадан келтірілген материалдық залалды айқындау;
6) нормативтік құқықтық актілерде және (немесе) нормативтік техникалық құжаттарда белгіленген талаптарды адамның өміріне, денсаулығына және мекендеу ортасына қауіп төндіретіндей бұзушылық анықталған жағдайда, бақылау мақсатында сатып алу қорытындылары бойынша өнімді зерттеу нәтижелері.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген негіздер болған кезде бақылау және қадағалау органы тергеп-тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдайды.
5. Тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі мыналарды:
1) тергеп-тексеру жүргізілетін жағдайларды;
2) тергеп-тексеруді жүргізу мерзімдерін және ұзақтығын;
3) бақылау мен қадағалау субъектісін, құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органды, мүдделі мемлекеттік органдарды тергеп-тексеруді жүргізудің басталуы туралы хабардар ету мерзімдерін;
4) тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды тарту тәртібін;
5) тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамын қалыптастыру шарттары мен тәртібін;
6) тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібін қамтуға тиіс.
6. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімдері күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс және күнтізбелік отыз күнге бір рет қана ұзартылуы мүмкін.
7. Тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары бойынша бақылау және қадағалау органдары тергеп-тексеруді жүргізу үшін негіз болған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылыққа жол берген бақылау мен қадағалау субъектісін (субъектілерін) айқындайды.
Тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары бойынша бұзушылыққа жол берген бақылау мен қадағалау субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар қабылданады.
Бақылау және қадағалау органы мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындыларын интернет-ресурста жариялайды.
8. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының заңдарында бақылаудың осындай нысанын жүргізу тікелей көзделген қызмет салаларында жүргізіледі.";
34) 145, 146, 147, 148 және 149-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"145-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы акт
1. Бақылау және қадағалау органының бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізіледі.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;
5) бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы немесе бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау мен қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесі;
6) тағайындалған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасы;
7) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу мерзімі;
8) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізудің негіздері, оның ішінде міндетті талаптары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;
9) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезеңі;
10) бақылау мен қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 155-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері;
11) актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және мемлекеттік органның мөрі;
12) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
146-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу
1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын қарсы тексерулерді қоспағанда, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы акт, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті түрде тіркеледі.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы акт, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне қатысты тіркеледі.
Мемлекеттік кірістер органдары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген қарсы тексерулер жүргізген кезде бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері бойынша құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру және жетілдіру үшін пайдаланылады.
2. Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру басталғанға дейін оларды құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органның бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері бойынша аумақтық органына ұсыну, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну арқылы құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркейді.
Осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы акт оны құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органның бақылау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері бойынша аумақтық органына ұсыну, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну арқылы, жоспардан тыс тексеру басталған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеледі.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу кезінде бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге жататын талаптардың тармақтарын көрсете отырып, тексеру парақтарын (олар болған кезде) ұсынады.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және күшін жоюдың, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламалардың, қатысушылар құрамын өзгертудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсынудың тәртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру қажеттігі қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қатерді дереу жоюды талап ететін әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қалыптасуынан туындаса, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген болса, сондай-ақ бұзушылықтардың тікелей жасалуы кезінде олардың жолын кесу және дәлелдемелерді бекіту үшін кезек күттірмейтін әрекеттер жасау қажеттігіне орай бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізу кезінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеу құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру басталғаннан кейін келесі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
147-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезіндегі бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының әрекеттері
1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары бақылау мен қадағалау субъектісіне:
1) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелгені туралы белгі қойылған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын;
3) қажет болған кезде – құзыретті органның режимдік объектілерге баруға арналған рұқсатын;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген, объектілерге бару үшін қажет болатын медициналық рұқсаттаманы көрсетуге міндетті.
2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, бақылау мен қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні табыс ету, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісін бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге жататын талаптардың тармақтарын көрсете отырып, тексеру парағымен (ол болған кезде) таныстыру күні бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан, тексеру парағымен танысудан бас тартылған, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын органның лауазымды адамының бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
Хаттамаға бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға қол қояды.
Заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы, бұл ретте бас тарту себебіне жазбаша түсініктеме береді.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізе алады.
Бұл ретте, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізетін лауазымды адамдардың құрамы бақылау және қадағалау органының шешімі бойынша өзгеруі мүмкін, бұл туралы бақылау мен қадағалау субъектісі және құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті орган ауыстыру себептері көрсетіле отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге қатысуы басталғанға дейін хабардар етіледі.
4. Бір бақылау және қадағалау органының сол бір мәселелердің аясында бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бірнеше бақылау мен қадағалау субъектісіне профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді бір мезгілде жүргізуі қажет болған кезде, осы орган әрбір бақылау мен қадағалау субъектісі үшін бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеуге міндетті, бұған мынадай:
1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
2) бақылау-касса машиналарының немесе үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің болуы;
3) сәйкестендіру құралдары мен есепке алу-бақылау маркаларының болуы және олардың төлнұсқалығы;
4) мынадай:
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;
тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болуы және тауарлардың атауының, санының (көлемінің) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі;
5) лицензияның болуы;
6) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
7) көліктік бақылау немесе ішкі істер органдары бекеттерінде автомобиль көлігі құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлардың атауының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі;
8) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкеткен кезде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құжаттардың болуы және тауарлардың құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі мәселелері бойынша жүргізілетін салықтық тексеру кірмейді.
148-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу мерзімдері
1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және ол:
1) микрокәсіпкерлік субъектілері үшін – бес жұмыс күнінен аспауға және бес жұмыс күніне дейін ұзартылуға тиіс;
2) шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын бақылау мен қадағалау субъектілері үшін:
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруді жүргізу кезінде – он бес жұмыс күнінен аспауға және он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуға тиіс;
жоспардан тыс тексерулерді жүргізу кезінде – он жұмыс күнінен аспауға және он жұмыс күніне дейін ұзартылуға тиіс.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу мерзімдерін бақылау және қадағалау органының басшысы (не оның міндетін атқарушы адам):
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде шетелдік мемлекеттік органдардан ақпарат алу;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізілетін тұлғаның тұрған жерін анықтау;
3) зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алу қажет болған жағдайларда ғана, осы баптың 1-тармағында айқындалған мерзімдерге тек бір рет ұзартуы мүмкін.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда, бақылау және қадағалау органы құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркей отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі және ұзартудың себебі көрсетіледі.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда, бақылау және қадағалау органы, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, бұл туралы бақылау мен қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) міндетті түрде хабардар етеді.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны бақылау және қадағалау органы ол ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не егер осы субъект бұрын электрондық поштасының мекенжайын бақылау және қадағалау органына ұсынған болса, бақылау мен қадағалау субъектісінің осындай мекенжайына электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тәсілмен жіберіледі.
149-бап. Өнім үлгілерін іріктеу тәртібі
1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру кезінде өнім үлгілерін іріктеу жүргізіледі.
Іріктеп алынатын өнім үлгілерінің саны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің және нормативтік құжаттарының өнімге және өнімді сынау әдістеріне қойылатын талаптарына сәйкес айқындалады.
2. Өнім үлгілерін іріктеуді бақылау мен қадағалау субъектісі басшысының немесе өкілінің және бақылау мен қадағалау субъектісі уәкілетті адамының қатысуымен бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы жүргізеді және ол өнім үлгілерін іріктеу актісімен куәландырылады.
Іріктеп алынған өнім үлгілері жинақталған, қапталған және пломбаланған (мөрленген) болуға тиіс.
3. Өнім үлгілерін іріктеу актісі үш данада жасалады. Актінің барлық данасына өнім үлгілерін іріктеп алған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және бақылау мен қадағалау субъектісінің басшысы не өкілі және бақылау мен қадағалау субъектісінің уәкілетті адамы қол қояды.
Өнім үлгілерін іріктеу актісінің бір данасы жолдамамен және тиісті түрде іріктеп алынған өнім үлгілерімен бірге сараптама (талдау, сынақ) жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілеттік берілген ұйымға жіберіледі.
Өнім үлгілерін іріктеу актісінің екінші данасы бақылау мен қадағалау субъектісінде қалады.
Өнім үлгілерін іріктеу актісінің үшінші данасы өнім үлгілерін іріктеуді жүзеге асырған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамында сақталады.
Өнім үлгілерін іріктеу актісінде:
1) жасалған орны мен күні;
2) бақылау және қадағалау органы басшысының өнім үлгілерін іріктеуді жүзеге асыруға негіз болған шешімінің күні мен нөмірі;
3) бақылау және қадағалау органының өнім үлгілерін іріктеуді жүзеге асыратын лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе);
4) өнім үлгілерін іріктеу жүргізілетін бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы және тұрған жері;
5) бақылау мен қадағалау субъектісі басшысының немесе өкілінің және бақылау мен қадағалау субъектісі уәкілетті адамының лауазымы мен тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
6) өндіруші, өндірілу күні, партия сериясы (нөмірі), үлгілердің жалпы құны көрсетілген іріктеп алынған өнім үлгілерінің тізбесі мен саны;
7) қаптаманың түрі және мөр (пломба) нөмірі көрсетіледі.
4. Өнім үлгілерін іріктеуге байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.";
35) 150-бап алып тасталсын;
36) 151 және 152-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"151-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезіндегі шектеулер
Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде:
1) осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген талаптардың орындалуын, сондай-ақ егер мұндай талаптар өзінің атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамалары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің объектілері болып табылмаса немесе бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамаларын зерттеуді, сынауды, өлшеуді жүргізу үшін белгіленген нысан бойынша және (немесе) көрсетілген үлгілерді, сынамаларды ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеу қағидаларында және оларды зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар күшіне енген күнге дейін қолданылатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидалары мен әдістерінде белгіленген нормалардан асатын көлемде іріктеу туралы актіні ресімдеместен, оларды іріктеп алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерін асыруға;
6) осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол бір кезең ішінде сол бір мәселе бойынша жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган оған қатысты бұрын бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізуге;
7) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізу мақсатында бақылау мен қадағалау субъектілерінің есебінен шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізуге құқылы емес.
152-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелерін ресімдеу тәртібі
1. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт;
2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізуге негіз болған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актінің (бар болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актінің) күні мен нөмірі;
4) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
6) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу күні, орны және кезеңі;
7) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
8) тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған талаптардың тармақтары;
9) бақылау мен қадағалау субъектісі өкілдерінің, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамдардың бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы;
10) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетіледі.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіге:
1) бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
2) өнім үлгілерін іріктеу, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау актілері, жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және бар болса, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.
4. Жүргізілуі барысында тексеру парақтары талаптарының тармақтарын бұзушылықтар анықталған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы әрбір акт бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы бір ғана нұсқама берілуі мүмкін.
5. Мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері туралы актіні (хабарламаларды) қоспағанда, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актінің, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бекітеді.
6. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада:
1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу күні, орны және кезеңі;
6) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарына сәйкес бұзушылықтың ауырлық дәрежесін міндетті түрде көрсете отырып, тексеру парағы талаптарының тармақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі;
7) анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою бойынша нұсқаулар;
8) бақылау мен қадағалау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның), сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру кезінде қатысқан адамдардың нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы;
9) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетіледі.
7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы мерзімдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде:
1) бақылау мен қадағалау субъектісінің бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылық мүмкіндіктерінің бар-жоғы;
2) пайдаланылатын өндірістік объектілердің техникалық жай-күйінің ерекшеліктері;
3) мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген тиісті рұқсатты алу немесе хабарламаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндетті қорытындыларды, келісулерді және басқа да құжаттарды беру мерзімдері ескеріледі.
Қосымша уақыт және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісі өзіне бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Өтініште бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды және оларды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндауға міндетті.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініште баяндалған дәйектерді ескере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама үш данада жасалады.
Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші данасын құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырады, екінші данасы бақылау мен қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар үшін қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшіншісі бақылау және қадағалау органында қалады.
Бақылау мен қадағалау субъектісінің таңдауы бойынша электрондық нысанда қалыптастырылған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арқылы беріледі.
Электрондық нысанда қалыптастырылған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау мен қадағалау субъектісі көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.
9. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкілдері ескертулерді және (немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады.
10. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, бухгалтерлік және өзге де құжаттардың төлнұсқасын алып қоюға және алуға тыйым салынады.
Төлнұсқа құжаттарды алып қою және алу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің нормаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.
11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жүргізіледі.
12. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне табыс еткен күн бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
13. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау мен қадағалау субъектісі осы нұсқамада белгіленген мерзім ішінде, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
14. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты бақылау мен қадағалау субъектісі белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, бақылау және қадағалау органы екі жұмыс күні ішінде бақылау мен қадағалау субъектісіне нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты ұсыну қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы жөніндегі ақпарат ұсынылмаған жағдайда, бақылау және қадағалау органы, жоспардан тыс тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылауды қоспағанда, осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
15. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтар мерзімінен бұрын жойылған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісі бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынылған ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса береді.
Бұл жағдайда осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу талап етілмейді.";
37) 152-1-бап алып тасталсын;
38) 153-бапта:
тақырыптағы "тексеру жүргiзу" деген сөздер "бақылауды жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
"тексеру жүргiзу нәтижесiнде тексерiлетiн субъектiнiң" деген сөздер "бақылауды және қадағалауды жүргізу нәтижесінде бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2-тармағына" деген сөздерден кейін "және 143-бабының 3-тармағына" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі "Тексерiлетiн субъектiге" деген сөздер "Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне)" деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 154, 155, 156 және 157-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"154-бап. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының бақылауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бақылау жүргізу кезінде:
1) осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде бақылау мен қадағалау объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіге немесе бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қосу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін алуға, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
3) аудио-, фото- және бейнетүсіруді жүзеге асыруға;
4) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына жататын техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото- және бейнеаппаратураның жазбаларын пайдалануға;
5) мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына жатпайтын талаптарды қоюына және өтінумен жүгінуіне тыйым салынады.
3. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау мен қадағалау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген негізде және тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезеңінде бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) бақылау мен қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
6) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасына жататын қажетті ақпаратты бақылау мен қадағалау субъектісіне беруге;
7) бақылау мен қадағалау субъектісіне – бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні, бұзушылықтар анықталған жағдайда – бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы олар аяқталған күні не "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етуге;
8) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
155-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезіндегі бақылау мен қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері
1. Бақылау мен қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезінде:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын мынадай:
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүргізу жиілігі сақталмаған;
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген, осы Кодексте белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы сол бір кезең ішінде сол бір мәселе бойынша өзіне бұрын бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізілген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындаған;
егер бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылауда өрескел бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;
осы Кодекстің 141, 143-баптарында және 146-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;
жасалған не дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызда немесе хабарда, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де жүгінімдерде көрсетілген уақыт аралығы шеңберінен шығатын кезең үшін бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексерулер тағайындалған;
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған;
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы бір актіде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізілетін бірнеше бақылау мен қадағалау субъектісі көрсетілген;
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мерзімдерін осы Кодексте белгіленген мерзімнен асыра ұзартқан;
осы Кодекстің 156-бабының 2-тармағына сәйкес осы Кодекстің талаптары өрескел бұзылған жағдайларда бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге жібермеуге;
2) егер құжаттар мен мәліметтер бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасына, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңге жатпайтын болса, оларды ұсынбауға;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіге, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нәтижелері туралы актіге, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға, сондай-ақ бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды адамдардың бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін шектейтін, заңда негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;
5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуге;
6) өзінің мүдделері мен құқықтарын білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында үшінші тұлғаларды бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге қатысу үшін тартуға құқылы.
2. Бақылау және қадағалау органдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізген кезде, бақылау мен қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері:
1) осы Кодекстің 146-бабы 1-тармағының талаптары сақталған кезде бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
4) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру аяқталған күні бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
6) егер осы Кодексте не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
7) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу үшін объектіге келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
8) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабарлама алған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің белгіленген мерзімдерінде бақылау және қадағалау объектісі тұрған жерде болуға міндетті.
156-бап. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұза отырып жүргізілген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің жарамсыздығы
1. Егер бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын, осы Кодексте белгіленген талаптарды өрескел бұза отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізсе, олар жарамсыз деп танылады.
Жарамсыз деп танылған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру актісі және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау мен қадағалау субъектілерінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды бұзуының дәлелдемесі бола алмайды.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жарамсыз деп тану жоғары тұрған мемлекеттік, оның ішінде алқалы органның, органның немесе соттың бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы осы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру актісінің, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жоюы үшін негіз болып табылады.
Жоғары тұрған мемлекеттік органның бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің жарамсыздығына байланысты актінің күшін жою, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің жарамсыздығына байланысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы бақылау мен қадағалау субъектісінің өтінішін қарауы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімінің бұзылуы бақылау мен қадағалау субъектісінің пайдасына шешіледі.
2. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұзуға:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу негіздерінің болмауы;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабарламаның болмауы, сол сияқты хабарлама мерзімдерін сақтамау;
4) осы Кодекстің 151-бабының талаптарын бұзу;
5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің кезеңділігін бұзу;
6) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне ұсынбау;
7) бақылау және қадағалау органдарының өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындауы;
8) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру туралы актіні құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеу міндетті болғанда, оны тіркемей бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу;
9) осы Кодекстің 148-бабында көзделген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу мерзімдерін бұзу;
10) осы Кодекстің 131-бабының 5-тармағына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай алдын ала профилактикалық бақылау жүргізусіз бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жатады.
157-бап. Бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі
1. Бақылауды жүзеге асыру кезінде бақылау мен қадағалау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Кодекстің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының қылмыстық істі тергеп-тексеруге байланысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.";
40) 309-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға осы Кодекстің 82-бабының 3-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдары бойынша қолданыстағы реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың күшін жою немесе оларды қайта қарау жөнінде ұсыныстар енгізеді;".
4. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
1) 26-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алғанға дейін не шетелдік жұмыскер өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы немесе еңбекші көшіп келушіге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілген рұқсатты алғанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;";
2) 30-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдар беретін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың, еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың және өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін мерзімдері шегінде жасалуы мүмкін.".
5. 2020 жылғы 7 шiлдедегi "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) бүкіл мәтін бойынша "профилактикалық бақылау мен қадағалау", "профилактикалық бақылау мен қадағалаудың", "профилактикалық бақылау мен қадағалауды", "профилактикалық бақылау және қадағалау" деген сөздер тиісінше "профилактикалық бақылау", "профилактикалық бақылаудың", "профилактикалық бақылауды", "профилактикалық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, мұндай сатып алуды арнаулы мемлекеттік органдардың медициналық бөлімшелері жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда;
2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберiнде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу, мұндай сатып алуды арнаулы мемлекеттік органдардың медициналық бөлімшелері жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда;
3) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберiнде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді;";
3) 6-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды;
4) бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды;";
4) 7-бапта:
49) тармақша "көлемі" деген сөзден кейін ", қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 59-1), 59-2), 59-3), 59-4), 59-5) және 59-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"59-1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын, туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
59-2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді және жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесін айқындайды;
59-3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін бюджет қаражаты есебінен сатып алу және олардың ақысын төлеу тәртібін айқындайды;
59-4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың үлгілік штаттары мен штат нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
59-5) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
59-6) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен нормативтерін әзірлейді және бекітеді;";
92) тармақша "көлемі" деген сөзден кейін ", қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 12-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасы "денсаулық сақтау ұйымдарын" деген сөздерден кейін ", оның ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
"21-1) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;";
6) 13-бап мынадай мазмұндағы 21-1), 21-2) және 21-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"21-1) сотталғандарды жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бойынша медициналық куәландырудан өткізу үшін арнаулы медициналық комиссия құрады;
21-2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
21-3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді әзірлейді және бекітеді;";
7) 28-баптың 3-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қадағалау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";
екінші және үшінші бөліктердегі "профилактикалық бақылау мен қадағалау" деген сөздер "профилактикалық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 32-баптың 2-тармағында:
"Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі нысанында мемлекеттік бақылауды, жоспардан тыс тексерулерді, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды" деген сөздер "Профилактикалық бақылау, тексеру және тергеп-тексеру нысанында мемлекеттік бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тексерудің немесе профилактикалық бақылаудың" деген сөздер "профилактикалық бақылаудың, тексерудің немесе тергеп-тексерудің" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 33-бап алып тасталсын;
10) 35-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға қатысты жүргізеді.
Денсаулық сақтау субъектісі медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерге мониторинг нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мониторинг нәтижелеріне медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға шағым жасауы мүмкін;";
11) 36-бапта:
4-тармақтағы "және профилактикалық бақылау мен қадағалау" деген сөздер ", профилактикалық бақылау, тергеп-тексеру және қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
12) 40-бап алып тасталсын;
13) 42-бапта:
"профилактикалық бақылау мен қадағалау" деген сөздер "профилактикалық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
14) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"44-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау
1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау ақпараттық жүйелерден алынған деректерді, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстыру арқылы жүргізіледі.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылаудың мақсаттары:
1) бұзушылықтарды уақтылы анықтау, олардың жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) беру;
2) оларға әкімшілік жүктемені азайту;
3) өнім мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігінің нысаналы көрсеткіштеріне, қоршаған ортаның сапасына қатысты және өнімге, көрсетілетін қызметтерге және қоршаған ортаға ықтимал әсер ететін өндірістік процестерді реттеу құралдарына қатысты шешімдер қабылдау үшін мекендеу ортасының адамның денсаулығына әсері туралы анық ақпаратты алу;
4) уланулардың туындауы мен инфекциялық аурулар, кәсіптік аурулар тұтануының алдын алу бойынша орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау, олардың туындауын болжау мүмкіндігі;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
6) штаттан тыс ахуалдарға жедел алдын ала отырып ден қою;
7) басшылар мен жұмыскерлердің санитариялық-гигиеналық хабардар болуы мен жауапкершілігінің неғұрлым жоғары деңгейін қалыптастыру;
8) жұртшылыққа қоғамдық денсаулықты сақтау жөніндегі субъектілердің (объектілердің) қызметі және халықтың денсаулығы үшін тәуекелдер туралы хабар беру болып табылады.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
4. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, камералдық бақылауды қоспағанда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ресімделеді. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымның нысанын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бұзушылықтар анықталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) мынадай тәсілдердің бірімен:
1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі;
2) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өкіліне немесе лауазымды адамына қолын қойғызып табыс етіледі;
3) "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне электрондық тәсілмен жіберіледі.
6. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген, анықталған бұзушылықтарды ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тиісінше жою бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) ұсынымды орындауы деп танылады.
7. Бақылау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға қарсылық жіберуге құқылы.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) іріктеуге негіз болып табылады.
9. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды арнаулы тіркеу журналында есепке алуына жатады, ол нөмірленуге, тігілуге және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделуге тиіс.";
15) 45-баптың тақырыбындағы "профилактикалық бақылау мен қадағалаудың" деген сөздер "профилактикалық бақылаудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 54-баптың 3-тармағында:
"Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі нысанында мемлекеттік бақылауды, жоспардан тыс тексерулерді, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды" деген сөздер "Профилактикалық бақылау, тексеру және тергеп-тексеру нысанында мемлекеттік бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тексерудің немесе профилактикалық бақылаудың" деген сөздер "профилактикалық бақылаудың, тексерудің немесе тергеп-тексерудің" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 69-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
"4-2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтердің ақысын төлеуге;";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.";
18) 104-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар мониторингтік топтар құруы мүмкін.
Құрылған мониторингтік топтар, олардың құрамы және өкілеттіктері туралы ақпарат, сондай-ақ мониторингтік топтың әрекет ету алгоритмі бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті атқарушы органдардың сайттарында орналастырылады.
Мұндай топтардың қызметі жеке және заңды тұлғалардың инфекциялық аурулардың таралу қатерінің алдын алуға байланысты қоғамдық тәртіпті, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық және шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтауына мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Мониторинг жүргізу тексеру болып табылмайды және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың өзге нысандарына жатпайды.
Мониторинг жүргізу үшін көрсетілген топтар объектіге барған кезде көрсететін, мониторинг тағайындау туралы электрондық нысандағы актіні алу үшін ақпараттық ресурста алдын ала тіркелуді жүзеге асырады.
Мониторингтік топтардың инфекцияның таралу қатерінің алдын алуға байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің бұзылу белгілерін көрсететін фото- және бейнеақпаратты кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жіберу үшін, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысына араласпай және заңды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмей, жинауға құқығы бар.
Мониторингтік топтардың құзыретіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау жатпайды.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мониторингтік топтың құрамында мониторингтік топтарды құру және мониторинг жүргізу тәртібіне сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі болған жағдайда, мониторингтік топ шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің шарттарын бұзушылықтарды сол жерде, тіпті кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тоқтата тұруға дейін жолын кесуге құқылы. Бұл жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі тікелей жүргізеді.
Мониторингтік топтар өз қызметін инфекцияның таралу қатерінің алдын алуға байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары шеңберінде жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік субъектісін мониторингтеу нәтижелері бойынша инфекцияның таралу қатерінің алдын алуға байланысты Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы береді.
Мониторингтік топтарды құру және мониторинг жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.
Мониторингтік топтар қызметін жүзеге асырған кезде кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және заңнамасына сәйкес меншікке қол сұғылмаушылықты қоса алғанда, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар.";
19) 125-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық оңалту уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша жіті жай-күйлерден, хирургиялық араласудан, жарақаттардан, сондай-ақ олардың салдарынан кейін көрсетіледі.";
20) 143-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"143-бап. Ұстап алынған, күзетпен қамауға алынған, арнаулы мекемелерге орналастырылған, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету
1. Ұстап алынған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары айқындайтын тәртіппен көрсетіледі.
2. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көрсетіледі.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдар осы Кодекстің 134-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті алу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады.
4. Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, ұстап алынған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес және көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.";
21) 152-баптың 2-тармағындағы "және Ішкі істер министрлігімен" деген сөздер алып тасталсын;
22) 195-баптың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат есебінен көрсетілетін;";
23) 202-баптың 3-тармағында:
бірінші абзацтағы "адамдарға" деген сөзден кейін ", оның ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы "тегін" деген сөз "қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарды қоспағанда, тегін" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 20-6-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасына, оның орынбасарларына, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының өзге де қызметкерлеріне ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысы беріледі.";
2) 4-1-тарау мынадай мазмұндағы 20-8-баппен толықтырылсын:
"20-8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлерін іссапарға жіберу
1. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлері Қазақстан Ұлттық Банкінің алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында реттелетін тәртіппен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін.
2. Қазақстан Ұлттық Банкінің іссапарға жіберілген қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен жүзеге асырылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тәртіппен және шарттарда айқындалады.
3. Қазақстан Ұлттық Банкінің іссапарға жіберілген қызметкерлерін және олармен бірге жүретін отбасы мүшелерін (жұбайын (зайыбын), кәмелетке толмаған балаларын, кәмелетке толмаған асырап алған балаларын, сондай-ақ кәмелетке толған, еңбекке жарамсыз балаларын және (немесе) ата-аналарын) әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету, кепілдіктер беру шарттары, өтемақылар мен өзге де төлемдерді төлеу, оның ішінде залалды өтеу шарттары Қазақстан Ұлттық Банкінің тиісті актісінде айқындалады.".
7. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы" 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына:
12-баптың а) тармақшасындағы "пробация қызметіне", "пробация қызметінің" деген сөздер тиісінше "жергілікті атқарушы органдарға", "олардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 23-бапта:
2-тармақтағы "Ішкі істер министрлігі," деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі тергеу изоляторының әкімшілігі күдіктілер мен айыпталушыларға медициналық қызмет көрсету үшін үй-жайлар береді және осы үй-жайлардың тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.";
3-тармақтағы "мекеменің" деген сөз "ұйымдардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 24-баптың 3-тармағындағы "дәрі-дәрмектермен" деген сөз "дәрілік заттармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"25-бап. Қосымша ақылы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету
1. Тергеу изоляторларында күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар мүмкіндігіне қарай, қосымша ақылы тұрмыстық және медициналық көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етіледі.
2. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға ақылы тұрмыстық қызметтерді тергеу изоляторының әкімшілігі көрсетеді, олардың тізбесі мен көрсетілу тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілейді.
3. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға ақылы медициналық қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тергеу изоляторларында орналасқан медициналық ұйымдар көрсетеді.";
4) 29-баптың 2-тармағында:
"қызмет көрсету" деген сөздер "қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мамандандырылған медициналық қамтамасыз ету денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.".
9. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:
"4-4) денсаулық сақтау ұйымдарын, оның ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдарды дамыту мен олардың жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды бекіту;";
2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-5) және 14-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"14-5) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінде сотталғандарға медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарды (соматикалық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар (бөлімшелер), амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар) ұйымдастырады;
14-6) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;".
10. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
тақырыптағы "Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан" деген сөздер "Өзге мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметкерлерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарынан" деген сөздер "Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарынан мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметкерлерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ "мемлекеттік қызметшілерге" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлеріне" деген сөздермен толықтырылсын.
11. "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуді қамтиды.";
2) 5-бап 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді;".
12. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-бап 6-тармағының 10) тармақшасындағы "нәтижелері қамтылуға тиіс." деген сөздер "нәтижелері;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі мүшелерінің сараптама қорытындысы қамтылуға тиіс.".
13. "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
18-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы "он бес" деген сөздер "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Депозитордың қатысушы банкте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік берілген депозиттердің бірнеше алуан түрі болған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым олар бойынша жиынтық кепілдік берілген өтемді депозиттің әрбір түрі бойынша жеке белгіленген кепілдік берілген өтемнің ең жоғары мөлшері шегінде, бірақ жиырма миллион теңгеден асырмай төлейді.".
14. "Босқындар туралы" 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-бапта:
9), 10), 11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;";
13-1), 13-2), 13-3), 13-4) және 13-5) тармақшалар алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
"6-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) пана іздеген адамның куәлігін береді;
3) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асырады;
4) босқын куәлігін береді;
5) пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімдерін қалыптастырады және ай сайын уәкілетті органға, ұлттық қауіпсіздік органдарына және ішкі істер органдарына жібереді;
6) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияларды құрады;
7) пана іздеген адамдар мен босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.";
3) 7-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
"2-2. Ішкі істер органдары:
1) пана іздеген адамдар мен босқындарды Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүзеге асырады;
2) жол жүру құжатының үлгісін бекітеді;
3) жол жүру құжатын беруді жүзеге асырады;
4) ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсынуы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзушыларды шекаралық іздестіру, шектес мемлекет азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруіне немесе жаппай өтуіне тойтарыс беру кезінде пана іздеген адамдар мен босқындардың шекаралық аймақта (белдеуде) орналасқан жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне немесе объектілерге кіруін шектейді немесе тыйым салады;
5) заңды күшіне енген сот шешімдерін орындау үшін пана іздеген адамдар мен босқындарды мәжбүрлеп шығарып жіберуді жүзеге асырады;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
4) 8-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы "уәкілетті органның" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "уәкілетті органға" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері өзгерген кезде бұрынғы тұрғылықты жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының есебінен шығуға және келген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа тұрғылықты жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органында есепке тұруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдеуге;";
5) 9-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы "уәкілетті органның" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "уәкілетті органға" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері өзгерген кезде бұрынғы тұрғылықты жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының есебінен шығуға және келген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа тұрғылықты жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органында есепке тұруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдеуге міндетті.";
6) 10-бапта:
1-тармақтағы "жазбаша өтінішхатпен өзі немесе осыған уәкілетті өкіл арқылы өзінің келген жері бойынша босқын мәртебесін беру туралы уәкілетті органға" деген сөздер "босқын мәртебесін беру туралы жазбаша өтінішхатпен жеке өзі немесе осыған уәкілеттік берілген өкілі арқылы өзінің келген жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
бірінші бөліктегі "– көші-қон бақылауы пунктіне, ал мұндай пункт болмаған жағдайда" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі "уәкілетті органға" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі "уәкілетті органға", "Уәкілетті орган" деген сөздер тиісінше "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына", "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға және ішкі істер органдарына босқын мәртебесін беру, ұзарту немесе босқын мәртебесін беруден, ұзартудан бас тарту туралы хабар береді.";
7) 11-бапта:
1-тармақтағы "Уәкілетті орган" деген сөздер "Жергілікті атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың төртінші бөлігіндегі "уәкілетті органға" деген сөздер "жергілікті атқарушы органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "уәкілетті орган" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "уәкілетті орган" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы босқын мәртебесінен айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған адамға бұл шешімнің себептері көрсетілген және қабылданған шешімге шағым жасау тәртібі түсіндірілген шешімнің көшірмесін табыс етеді немесе жібереді, сондай-ақ қабылданған шешім туралы уәкілетті орган мен ішкі істер органдарына хабар береді.";
9) 15-баптағы "Уәкілетті органның" деген сөздер "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 18-бапта:
1-тармақтағы "уәкілетті органның немесе соттың" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының, уәкілетті органның не соттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "уәкілетті орган" деген сөздер "ішкі істер органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 21-баптың екінші бөлігі 3) тармақшасының екінші абзацындағы "Уәкілетті орган" деген сөздер "Жергілікті атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
15. "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
12-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-2-бап. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды мемлекеттік статистиканың тиісті органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
2. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылаудың мақсаты респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзуына жол бермеу, оларға бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оларға түсетін әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
3. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсынбағанын, сондай-ақ олардың анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынуын анықтау түрінде жүзеге асырылады.
4. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау статистикалық нысанда белгіленген мерзімдерде мыналарды:
1) респонденттер Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынатын статистикалық нысандарды;
2) алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін статистикалық ақпаратты түзу кезінде – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика органдарының сұрау салуы бойынша алынған ақпаратты талдау арқылы жүргізіледі.
5. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы қорытынды ресімделеді, ол бұзушылықтар анықталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде респондентке жіберіледі.
6. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген қорытынды мынадай жағдайларда:
1) алғаны туралы белгі қойылып – қолма-қол;
2) тапсырыс хат арқылы – поштамен;
3) респондент бұрын ұсынған статистикалық нысанда көрсетілген респонденттің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап – электрондық тәсілмен;
4) респондент бұрын ұсынған статистикалық нысанда көрсетілген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген күннен бастап – мәтіндік хабарламамен табыс етілді деп есептеледі.
7. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
8. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында көзделген статистикалық нысандарды ұсынудың кезеңділігі бойынша айқындалады.
9. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды белгіленген мерзімде орындалмаған кезде, мемлекеттік статистика органдары әкімшілік іс жүргізу қозғайды.
10. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелерін тиісті мемлекеттік статистика органдары мемлекеттік статистика органдарының тиісті ақпараттық жүйелерінде электрондық түрде есепке алады.".
16. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) даму жоспары – мемлекеттік кәсіпорынның, акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бесжылдық кезеңге арналған негізгі қызмет бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;";
4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 32-2) және 37-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"32-2) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспары – ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның онжылдық кезеңге арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын және негіздейтін құжат;";
"37-2) іс-шаралар жоспары – ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның бесжылдық кезеңге арналған негізгі қызмет бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;";
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Егер "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілерінде заңды тұлғалардың қатысушылары (акционерлері) арасында өзге тәртіп орнату мүмкіндігі көзделмесе, осы Заңның акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысты қолданылатын ережелері мемлекет "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы, салымшысы, акционері, мүшесі) ретінде әрекет ететін жағдайларға, оның ішінде мемлекеттің акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) мүліктік құқықтарды сатып алуы бөлігінде қолданылады.";
3) 8-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі "жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің" деген сөздерден кейін ", "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 11-бап мынадай мазмұндағы 15-3) тармақшамен толықтырылсын:
"15-3) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардағы акцияларды, үлестерді, пайларды және үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алу туралы шешім қабылдайды, мемлекеттің акционер (қатысушы, салымшы, мүше) ретінде осындай заңды тұлғаларды басқаруға қатысу құқығын жүзеге асырады немесе осы құқықты мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға береді;";
5) 13-бапта:
3) тармақшаның екінші және үшінші абзацтарындағы "акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын", "акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының" деген сөздер тиісінше "ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын", "ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-3) тармақшадағы "акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-4) тармақшадағы "акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 14-бап мынадай мазмұндағы 26-4) және 26-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"26-4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, орналастырылатын акцияларға ақы төлеуді, "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны, сондай-ақ республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, үлестерді, пайларды және жарғылық капиталға қатысудың өзге де нысандарын енгізу арқылы салым енгізуді жүзеге асырады;
26-5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционер (қатысушы, салымшы, мүше) ретінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғаларды басқаруға қатысу құқықтарын "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады;";
7) 15-баптың 7) тармақшасындағы "акционері мемлекет болып табылатын тиісті саладағы ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және акционері мемлекет болып табылатын тиісті саладағы ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 114-бапта:
тақырып "сатып алу ақысына" деген сөздерден кейін "не "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына (акцияларын төлеуге)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Осы баптың ережелері мемлекеттік мүлікті "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына (акцияларды төлеуге) мүліктік салым ретінде беру үшін де қолданылады.";
9) 169-бапта:
тақырып "жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген өзге де заңды тұлғалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Осы баптың ережелері мемлекеттің "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардағы акцияларды, үлестерді, пайларды және үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алуы жағдайларына да қолданылады.";
10) 173-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы баптың күші мемлекеттің "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардағы акцияларды, үлестерді, пайларды және үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.";
11) 181-баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде:
3) тармақша "даму жоспарларын" деген сөздерден кейін ", іс-шаралар жоспарларын" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы "даму жоспарын" деген сөздер "іс-шаралар жоспарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "даму жоспарларының" деген сөздер "іс-шаралар жоспарларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 184-бапта:
бірінші бөліктегі "даму стратегиялары мен даму жоспарларын" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және іс-шаралар жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "даму стратегиялары" деген сөздер "даму жоспарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары", "даму стратегияларын" деген сөздер тиісінше "Іс-шаралар жоспарлары", "даму жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы "даму стратегиялары" деген сөздер "даму жоспарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "заңды тұлғалардың, оның ішінде ұлттық компаниялардың даму стратегиялары" деген сөздер "заңды тұлғалардың даму стратегиялары, оның ішінде ұлттық компаниялардың даму жоспарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші бөліктердегі "даму стратегияларын" деген сөздер "даму жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары" деген сөздер "Іс-шаралар жоспарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының жобалары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында баяндалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі, сондай-ақ әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында көрсетiлген бюджет параметрлерiне сәйкестiгi тұрғысынан мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісіледі.";
5-тармақтағы "даму жоспарларын" деген сөздер "іс-шаралар жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар үшiн даму стратегиялары мен даму жоспарларын" деген сөздер "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар үшiн іс-шаралар жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "даму стратегияларының", "даму жоспарларының", "Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының" деген сөздер тиісінше "даму жоспарларының", "іс-шаралар жоспарларының", "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "даму стратегиясының", "даму жоспарларын" деген сөздер тиісінше "даму жоспарларының", "іс-шаралар жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;";
13) 186-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы баптың күші мемлекеттің "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы, салымшысы, акционері, мүшесі) ретінде әрекет ету жағдайларына "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.";
14) 199-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Есепке алу объектілері үшін мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсетілетін қосымша мәліметтердің құрамына ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, оның ішінде мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарлары, даму жоспарлары және олардың орындалуы туралы есептер кіреді.".
17. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-баптың 5-1), 5-3), 6-2) және 16-1) тармақшалары алып тасталсын;
2) 11-бап мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2) және 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"14-1) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
14-2) көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;
14-3) облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді;";
3) 15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
"4-2) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар береді, оларды ұзартады және кері қайтарып алады;";
4) 43-2-баптың 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген сөздер "халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
18. "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 3) тармақшасындағы "Қордың даму стратегиясы" деген сөздер "Қордың даму жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "Қордың даму стратегиясын" деген сөздер "Қордың даму жоспарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "Қордың даму стратегиясын" деген сөздер "Қордың даму жоспарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-баптың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларындағы "даму жоспарын", "даму жоспарының", "даму жоспары" деген сөздер тиісінше "іс-шаралар жоспарын", "іс-шаралар жоспарының", "іс-шаралар жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 10-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы "даму жоспарларын" деген сөздер "іс-шаралар жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 16-бапта:
тақырыптағы "даму стратегиялары мен даму жоспарлары" деген сөздер "даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "даму стратегиясы" деген сөздер "даму жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Даму стратегиясын", "даму жоспары", "даму жоспарының", "даму стратегиясын" деген сөздер тиісінше "Даму жоспарын", "іс-шаралар жоспары", "іс-шаралар жоспарының", "даму жоспарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "даму стратегиясы", "даму стратегиялары", "даму стратегиясын", "даму стратегияларын", "даму жоспарларын" деген сөздер тиісінше "даму жоспары", "даму жоспарлары", "даму жоспарын", "даму жоспарларын", "іс-шаралар жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын.
19. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 26-баптың 1) тармақшасының алтыншы абзацы алып тасталсын;
2) 28-баптың 1) тармақшасы үшінші абзацындағы "куәлігінің үлгілерін, оларды ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін әзірлейді" деген сөздер "куәлігінің" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"босқындар мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган – босқын куәлігінің үлгілерін, оларды ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін әзірлейді;".
20. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 16) тармақшасының үшінші абзацы "адамдарға" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігіндегі "арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын адамдарды" деген сөздер "еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 10-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға" деген сөздер "еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 24-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы "және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы "және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 64-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға, штаттың қысқартылуына байланысты не денсаулық жағдайы салдарынан, не Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы лауазымы қысқартылған кезде арнаулы атағы бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толуына байланысты жұмыстан шығарылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы жалпы еңбек өтілі жиырма бес және одан көп жыл болған, оның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құраған кезде туындайды. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидаларын, олар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";
4-тармақтағы "арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, қызметтен шығарылған күні еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы болмаған адамдарға," деген сөздер "қызметтен шығарылған күні еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы болмаған, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болмаған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ "адамдар" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ "адамдардың" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 65-бапта:
бірінші бөлік "адамдарға" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдардағы жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік "3) тармақшасына" деген сөздерден кейін ", 2-1-тармағына" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ "адамдарды" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ "адамдардың" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 66-баптың бірінші бөлігі "адамдардың" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 70-бап "адамдарға" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын.
21. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
мынадай мазмұндағы 26-2-баппен толықтырылсын:
"26-2-бап. Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес
1. Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі – Ұлттық кеңес) төралқаның жанындағы алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Ұлттық кеңес өз қызметінде Ұлттық палата органдарынан тәуелсіз болады.
2. Ұлттық кеңестің құрамы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, ұлттық холдингтердің, қор биржаларының, бейінді халықаралық институттардың, өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдерінен, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы беделді халықаралық және ұлттық сарапшылардан қалыптастырылады.
3. Ұлттық кеңестің төрағасы мен мүшелері төралқаның шешімімен қайта сайлану мүмкіндігі беріліп, төрт жылдық мерзімге сайланады.
4. Ұлттық Кеңестің шешімдері Ұлттық кеңестің көзбе-көз немесе сырттай отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы дауыс санының үштен екісін құрайтын білікті көпшілік дауыспен қабылданады.
Ұлттық кеңестің көзбе-көз немесе сырттай отырыстарын өткізу үшін кворум сайланған мүшелердің жалпы санының үштен екісін құрайды.
5. Ұлттық кеңес:
1) Қазақстан Республикасында корпоративтік басқаруды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және мүдделі мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірлейді;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексін және корпоративтік басқарудың ұсынымдық сипаттағы өзге де стандарттарын әзірлейді және қабылдайды;
3) Ұлттық палата Қазақстан Республикасының Үкіметімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен жасайтын және Қазақстан Республикасында корпоративтік басқаруды дамыту жөніндегі, оның ішінде қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексі мен корпоративтік басқарудың өзге де стандарттарын практикалық тұрғыдан іске асыру, корпоративтік басқару деңгейін бағалау жөніндегі шараларды көздейтін келісім негізінде корпоративтік басқару деңгейін арттыруға жәрдемдеседі;
4) қазақстандық акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқару практикасына жыл сайынғы шолуды дайындайды;
5) жыл сайынғы жұмыс жоспарын бекітеді;
6) атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы есепті жариялайды;
7) Ұлттық кеңес жұмысының қажетті қағидалары мен рәсімдерін айқындайды.
6. Ұлттық кеңестің қызметі туралы ақпарат, оған қоса ол қабылдаған қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексі және корпоративтік басқарудың өзге де стандарттары Ұлттық палатаның интернет-ресурсында жалпыға қолжетімді режимде орналастырылуға тиіс.".
22. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 32-1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарындағы "мемлекеттік қадағалауды" деген сөздер "мемлекеттік бақылау мен қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-2-бапта:
2) тармақшадағы "мемлекеттік қадағалауды" деген сөздер "мемлекеттік бақылау мен қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшадағы "мемлекеттік қадағалау" деген сөздер "мемлекеттік бақылау мен қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 15-баптың 3-тармағының 21) тармақшасындағы "мемлекеттік қадағалау" деген сөздер "мемлекеттік бақылау мен қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 36-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "мемлекеттік қадағалауға" деген сөздер "мемлекеттік бақылау мен қадағалауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 38-бапта:
мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
"4. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және тексеру нысанында жүзеге асырылады.";
бірінші бөлікте:
"4. Мемлекеттік" деген сөздер "Мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
"тексеру нәтижелерінде" деген сөздер "бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тексерілетін субъектіге" деген сөздер "бақылау субъектісіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бұзушылықтарды жою" деген сөздер "анықталған бұзушылықтарды жою" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру аяқталған күні бақылау субъектісіне табыс етіледі.";
үшінші бөлікте:
"Субъектiлер" деген сөз "Бақылау субъектілері" деген сөздермен ауыстырылсын;
"өтініші бойынша" деген сөздерден кейін "анықталған" деген сөзбен толықтырылсын;
5-тармақтағы "болмашы" деген сөз "төмен" деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақ "қорытынды қолданылатын кезеңге" деген сөздерден кейін "бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 39-бапта:
тақырып "мемлекеттік" деген сөзден кейін "бақылау мен" деген сөздермен толықтырылсын;
"қадағалау" деген сөз "бақылау мен қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бағытталады" деген сөз "бағытталған" деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші абзацта:
"қадағалау" деген сөз "бақылау мен қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, сондай-ақ газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";
бірінші абзацтағы "мемлекеттік қадағалауды" деген сөздер "мемлекеттік бақылау мен қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшалардағы "мемлекеттік қадағалау" деген сөздер "мемлекеттік бақылау мен қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі "мемлекеттік қадағалау" деген сөздер "мемлекеттік бақылау мен қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 69-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "мемлекеттік қадағалау" деген сөздер "мемлекеттік бақылау мен қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 77-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің үшінші абзацындағы "мемлекеттік қадағалауды" деген сөздер "мемлекеттік бақылау мен қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 78-баптың 1-тармағындағы "мемлекеттік қадағалау" деген сөздер "мемлекеттік бақылау мен қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 86-баптың 4-тармағындағы "мемлекеттік қадағалау" деген сөздер "мемлекеттік бақылау мен қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын.
23. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-бапта:
8) тармақшадағы ", халықтың көші-қоны және босқындар" деген сөздер "және халықтың көші-қоны" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалар алып тасталсын;
2) 6-бапта:
1-тармақтың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"24) жол жүру құжатын беруді жүзеге асыруға;";
2-тармақтың 34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"34) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде болғанын анықтау тұрғысынан куәландыру үшін медициналық ұйымдарға жеткізуге;";
3) 11-бапта:
5) тармақшадағы "және босқындар" деген сөздер алып тасталсын;
25) тармақшада:
жиырма тоғызыншы абзац алып тасталсын;
отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жол жүру құжатының үлгілерін;".
24. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) заңдылық.";
2) 1-тарау мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
"9-1-бап. Заңдылық
Уәкілетті мемлекеттік органдар немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары рұқсат беру және хабарламаны қабылдау кезінде осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті.";
3) 29-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы ", дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның тұрған жері бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 51-бапта:
1-тармақтағы "және профилактикалық бақылау" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы "бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тәртібімен" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы "және профилактикалық бақылау" деген сөздер алып тасталсын.
25. "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-1-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "стратегиялар мен даму жоспарларының" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және іс-шаралар жоспарларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-баптың 2-тармағындағы "стратегияларды және даму жоспарларын" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, іс-шаралар жоспарларын және даму жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын.
26. "Өзін-өзі реттеу туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласындағы міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу бұл салада Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан басқа, ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдар және (немесе) кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет субъектілері міндетті түрде мүшесі болатын өзге де коммерциялық емес ұйымдар жұмыс істеген жағдайда ғана енгізіледі.";
2) 4-бапта:
1-тармақ 3) тармақшасындағы "күшейту өзін-өзі реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады." деген сөздер "күшейту;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) өзін-өзі реттеу субъектілерінің реттеуші мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру өзін-өзі реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.";
2-тармақ 8) тармақшасындағы "жол бермеу болып табылады." деген сөздер "жол бермеу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) адал бәсекелестік болып табылады.";
3) 6-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйыммен қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
4) 7-бапта:
4) тармақша "міндетті" деген сөзден кейін "немесе ерікті" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-2) ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйыммен қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасады;
4-3) өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі шаралар кешенін, оның ішінде уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізделген ұсыныстарын ескере отырып әзірлейді және бекітеді;";
5) 10-баптың 1-тармағындағы "жарғы және" деген сөздер "жарғы және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 12-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдарының басшылары мен мүшелерін сайлау мерзімдері мен тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.";
7) 13-баптың 3-тармағының 7) тармақшасындағы "нысан бойынша," деген сөздер алып тасталсын;
8) 14-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі "беруіне жол берілмейді" деген сөздер "беруге заңды өкіліне ғана жол беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 15-баптың 6-тармағында:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы алып тасталсын;
екінші бөліктегі "1) және 2) тармақшаларында" деген сөздер "2) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 18-бапта:
бірінші бөлікте:
7) тармақша алып тасталсын;
12) тармақшасындағы "алуға құқығы бар." деген сөздер "алуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
"13) өзін-өзі реттеу субъектілерінің қызметін реттейтін заң жобаларының тұжырымдамаларын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысуға;
14) өзін-өзі реттеу нысанына қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстарды реттеуші мемлекеттік органдардың қарауына енгізуге құқығы бар.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның әзірленіп жатқан қағидалар мен стандарттарды реттеуші мемлекеттік органмен келісуге құқығы бар.";
11) 19-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) үшін міндетті қағидалар мен стандарттарды әзірлеуге және бекітуге;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қағидалар мен стандарттарды реттеуші мемлекеттік органмен келісуге;";
"Өзін-өзі реттейтін ұйым" деген сөздер "Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бірін" деген сөз "біреуін немесе бірнешеуін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым осы Заңның 28-бабының 1-тармағында көзделген мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етудің бір немесе бірнеше тәсілдерін пайдалану арқылы өз міндеттемелері және өз мүшелерінің (қатысушыларының) міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жауап береді.";
12) 20-бапта:
бірінші абзацтағы "әзірлеуге құқылы" деген сөздер "әзірлейді және бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "нақты" деген сөз алып тасталсын;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік қызмет саласындағы, міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын олардың мазмұнының осы Заңның 24, 25 және 26-баптарында көзделген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.";
екінші бөліктегі "кезден" деген сөз "күннен" деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөлікте:
"және уәкілетті орган" деген сөздер алып тасталсын;
"кезден" деген сөз "күннен" деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі "және уәкілетті орган" деген сөздер алып тасталсын;
13) мынадай мазмұндағы 20-1 және 20-2-баптармен толықтырылсын:
"20-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларына қойылатын талаптар
1. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында мыналар:
1) жалпы ережелер (өзін-өзі реттейтін ұйымның атауы, терминдер мен анықтамалар);
2) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қойылатын жалпы талаптар, мүшелердің (қатысушылардың) кәсіби мінез-құлық қағидалары;
3) өзін-өзі реттейтін ұйымның және оның мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін ұйымдастыру тәртібі;
4) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;
5) өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жауапкершілігі және оған тарту тәртібі;
6) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) жаза қолдану, оларды алу және шағым жасау тәртібі;
7) мүдделер қақтығысын болғызбау немесе реттеу жөніндегі шаралар;
8) өзін-өзі реттейтін ұйымның атына келіп түскен, оның мүшелеріне (қатысушыларына) берілген шағымдар туралы реттеуші мемлекеттік органға хабар беру тәртібі;
9) мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету шараларын пайдалану тәртібі;
10) дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібі;
11) қорытынды ережелер (қағидаларды қолданысқа енгізу, қайта қарау және күшін жою тәртібі) көзделуге тиіс.
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары іскерлік әдеп қағидаларының талаптарына сәйкес келуге, өзін-өзі реттеудегі мүдделер қақтығысын жоюға немесе азайтуға тиіс.
3. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары жосықсыз бәсекелестікке, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар мен өзге де тұлғаларға моральдық зиян немесе нұқсан келтіретін әрекеттер, өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің (қатысушысының) іскерлік беделіне не өзін-өзі реттейтін ұйымның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға кедергі келтіретін талаптарды белгілеуге тиіс.
4. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында өзін-өзі реттейтін ұйым өз бетінше айқындайтын өзге де ережелер көзделуі мүмкін.
20-2-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның стандарттарына қойылатын талаптар
1. Өзін-өзі реттейтін ұйымның стандартында:
1) жалпы ережелер (мақсаты мен қолданылу саласы, нормативтік сілтемелер, терминдер мен анықтамалар (бар болса), жалпы мақсаттары мен қағидаттары, өнімге, процестерге және көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар);
2) өнімнің, процестер мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сипаттамалары, процестерді орындау, көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру, өнімді өндіру және өткізу тәртібі;
3) қорытынды ережелер (стандарттарды қолданысқа енгізу, қайта қарау және күшін жою тәртібі) көзделеді.
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымның стандарты Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
3. Өзін-өзі реттейтін ұйымның стандартында өзін-өзі реттейтін ұйым өз бетінше айқындайтын өзге де ережелер көзделуі мүмкін.";
14) 25-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "уәкілетті орган және" деген сөздер алып тасталсын;
15) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) банктік шот және банктік салым шарттары талаптарымен екінші деңгейдегі банктерде ақшаны орналастырудан алынған кірістер;";
16) 28-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацындағы "бірін" деген сөз "біреуін немесе бірнешеуін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) өздері өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар мен өзге де тұлғалар алдындағы мүліктік жауаптылығын қамтамасыз ету жөніндегі төлемдерден басқа, өтемақы қорынан кез келген төлемді жүзеге асыруға жол берілмейді.";
17) 29-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерін өзін-өзі реттеуге өтуге ынталандыруды:
1) кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласында ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген және тиісті кәсіпкерлік және (немесе) кәсіптік қызмет түрі субъектілерінің көпшілігін біріктіретін өзін-өзі реттейтін ұйымдар жұмыс істеген кезде міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу тұрғысынан реттеушілік әсерге талдау рәсімін жүргізу;
2) ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызметінің нәтижелерін осындай қызмет нәтижелерін тану туралы келісім негізінде тану;
3) өзін-өзі реттеу нысанасына байланысты мәселелер бойынша өзін-өзі реттейтін ұйымдарды нормашығармашылыққа қатысуға тарту арқылы жүзеге асырады.";
18) 3-тарау мынадай мазмұндағы 29-2-баппен толықтырылсын:
"29-2-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың реттеуші мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы
1. Ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызметінің нәтижелерін ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесін (қатысушысын) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдары қызмет нәтижелерін тану туралы келісім негізінде тануы мүмкін.
2. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасалған жағдайда мемлекеттік бақылау мен қадағалау тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары ескеріле отырып, ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты жүзеге асырылады.
3. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісім ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйыммен жасалуы мүмкін, оның қағидалары мен стандарттары реттеуші мемлекеттік органмен келісіледі.
4. Егер өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызметін бақылауы бақылау мен қадағалау субъектілері қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау және қадағалау органы жүзеге асыратын бақылау мен қадағалауға сәйкес келген жағдайда, қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасуға жол беріледі.
5. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісімді жасасу және оның қолданысын тоқтату тәртібін, сондай-ақ оның елеулі шарттарын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
6. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісімді ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым елеулі шарттар сақталған және өзі реттеуші мемлекеттік органға жүгінген жағдайда жасайды.".
27. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 12-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы "акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 10) тармақшасындағы "мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларына" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларына және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі "даму жоспарларының" деген сөздер "іс-шаралар жоспарларының, даму жоспарларының" деген сөздермен ауыстырылсын.
28. "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
16-баптың 8-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацы ", ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспары" деген сөздермен толықтырылсын.
29. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
26-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасы ", сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар" деген сөздермен толықтырылсын.
30. "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Атом энергиясын пайдалану саласында лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілерін тексеру "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігіне (бұдан әрі – талаптарға сәйкестігін тексеру) жүргізіледі.
Талаптарға сәйкестігін тексеру, қызметін ықтимал радиациялық қауіптілігі I, II, III және IV санаттағы объектілермен жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Қызметін ықтимал радиациялық қауіптілігі I, II, III және IV санаттағы объектілермен жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүргізіледі.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау алдын алу-профилактикалық сипатта болады.
3. Атом энергиясын пайдалану саласында бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау:
1) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар ұсынатын ақпарат пен есептілікті;
2) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын бұзушылық туралы ақпарат келіп түскен кезде өз құзыреті шегінде уәкілетті органның сұрау салуы бойынша алынған, осы заңнаманы сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратты;
3) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын сақтау мәселелеріне қатысты, жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін ақпаратты талдау арқылы жүргізіледі.
4. Қызметін ықтимал радиациялық қауіптілігі I, II, III және IV санаттағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер атом энергиясын пайдалану саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау субъектілері болып табылады.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау мен қадағалау субъектісінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды ресімдейді және жібереді.
6. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай:
1) алғаны туралы белгі қойылып – қолма-қол;
2) хабарламасы бар тапсырысты хатты жіберу арқылы – поштамен;
3) бақылау мен қадағалау субъектісі уәкілетті органға бұрын ұсынған құжаттарда көрсетілген бақылау мен қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті органның жөнелтуі арқылы – электрондық тәсілмен жіберілген жағдайларда, табыс етілді (алынды) деп есептеледі.
7. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды орындау мерзімі оны табыс еткен (алған) күннен кейінгі күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрауға тиіс.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда бақылау мен қадағалау субъектісі ұсыным жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
9. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізуге алып келеді.
10. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі қажеттілігіне қарай, бірақ Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында көзделген ақпарат пен есептілікті ұсыну кезеңділігінен жиілетпей айқындалады.";
2) 7-1-бап алып тасталсын;
3) 26-3-баптың 4-тармағындағы "7 және 7-1-баптарына" деген сөздер "7-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын.
31. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 17-1-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы пилоттық жобаны жүргізу үшін мемлекеттік органдар мұндай пилоттық жобаны жүргізу шарттарын заңнамалық деңгейде бекітуді қамтамасыз етуге тиіс.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы пилоттық жобаға қатысуы тек қана ерікті болып табылады.";
2) 60-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік саясатты жүргізетін, белгілі бір салада (қызмет аясында) реттеуді және басқаруды жүзеге асыратын немесе құзыретіне тиісті мәселелерді шешу жатқызылған мемлекеттік органдар не өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктерге сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың жүгінуі бойынша нақты субъектілерге қатысты немесе нақты жағдайға қолданылатын нормативтік құқықтық актілерге өз құзыреті шегінде түсіндірмелер беруге міндетті.
Мұндай түсіндірмелер:
1) жолданымда қойылған мәселелер шегінде түпкілікті сипатта болуға;
2) дербес деректерді қамтитын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тиісті мемлекеттік органның интернет-ресурсында ұқсас жолданымдарды қорыту арқылы жалпыға қолжетімді режимде жариялануға тиіс.
Мұндай түсіндірмелердің міндетті заңдық күші болмайды және ұсынымдық сипатта болады.
Жолданымды жіберген және мемлекеттік органнан өзіне қатысты немесе нақты жағдайға қолдануға қатысты түсіндірме алған нақты субъектінің алынған түсіндірмеге сәйкес жүзеге асырылатын қызметі, егер мұндай түсіндірме кейіннен кері қайтарып алынса, қате деп танылса немесе мазмұны өзгермеген сол нормативтік құқықтық актіге қатысты мағынасы өзгеше, жаңа түсіндірме берілсе де тиісті міндетті талаптарды бұзу ретінде саралана алмайды.";
3) 13-тарау мынадай мазмұндағы 62-1-баппен толықтырылсын:
"62-1-бап. Міндетті талаптарды сақтау рәсімдері туралы хабар беру
1. Мемлекеттік саясатты жүргізетін, белгілі бір салада (қызмет аясында) реттеуді және басқаруды жүзеге асыратын немесе құзыретіне тиісті мәселелерді шешу жатқызылған мемлекеттік органдар не өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктерге сәйкес міндетті талаптарды сақтауға міндетті тұлғалардың кең ауқымына міндетті талаптарды сақтау рәсімі, бақылау мен қадағалау субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өкілеттіктері, міндетті талаптарды тиісінше сақтаудың өзге де мәселелері туралы хабар беруді қамтамасыз етеді.
2. Бақылау мен қадағалау субъектілеріне хабар беру міндетті талаптарды сақтау жөніндегі басшылықтарды шығару арқылы да жүзеге асырылады.
Міндетті талаптарды сақтау жөніндегі басшылыққа міндетті талаптарды сақтау тәсілдеріне қатысты түсінік беру, міндетті талаптарды сақтау үлгілері, бақылау мен қадағалау субъектілерінің міндетті талаптарды сақтауды қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдауы жөніндегі ұсынымдар енгізіледі.
Көрсетілген басшылықта жаңа міндетті талаптар қамтылмайды.
3. Міндетті талаптарды сақтау жөніндегі басшылықты тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітеді және ол мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде жалпыға қолжетімді режимде жарияланады.
4. Бақылау мен қадағалау субъектілері міндетті талаптарды сақтау жөніндегі басшылықты ерікті негізде қолданады және ол ұсынымдық сипатта болады.
5. Бақылау мен қадағалау субъектілерінің және (немесе) олардың жұмыскерлерінің міндетті талаптарды сақтау жөніндегі басшылыққа сәйкес жүзеге асырылатын қызметі міндетті талаптарды бұзу ретінде саралана алмайды.".
32. "Пробация туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 3-тармағында:
1) тармақшадағы "пробация қызметінің есебінде тұратын" деген сөздер "өздеріне қатысты пробация қолданылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) өздеріне қатысты сот пробациялық бақылау белгілеген сотталғандарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру;
4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамды босатуға дайындау.";
2) 3-бапта:
5) тармақшадағы "пробация қызметінің есебінде тұратын" деген сөздер "өздеріне пробация қолданылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "пробация қызметінің есебінде тұратын" деген сөздер "өздеріне қатысты пробация қолданылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдар, олардың құқықтары мен міндеттері";
2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "Пробация қызметінің есебінде тұратын" деген сөздер "Өздеріне қатысты пробация қолданылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы "Пробация қызметінің есебінде тұратын" деген сөздер "Өздеріне қатысты пробация қолданылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) пробациялық бақылаудың тәртібі мен шарттарын орындауға және сақтауға;";
2) тармақша алып тасталсын;
4) 5-баптың 3-тармағындағы "әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы негізінде" деген сөздер алып тасталсын;
5) 6-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктегі "әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы негізінде" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
6) 9-бапта:
2) тармақшадағы ", сондай-ақ оған әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынудың көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы "көмек алуды ұсыну және одан бас тарту" деген сөздер "көмек алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 12-баптың 1) тармақшасындағы "күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеуге бағытталған, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі" деген сөздер "сотқа дейінгі баяндаманы дайындау жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 13-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Пробация қызметі осы Заңның 9-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген тәртіппен алынған мәліметтер негізінде сот талқылауы басталғанға дейін сотқа дейінгі пробация қолданылатын адамға ұсынылатын сотқа дейінгі баяндаманы жасайды.";
5-тармақтағы "Бұл ретте адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына сәйкес жалғасады." деген сөздер алып тасталсын;
9) 14-бапта:
1-тармақтағы ", олардың әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасында көзделген іс-шараларды орындауы, пробация қызметінің ұсынымдарын ұстануы және оның көмегін қабылдауы" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың үшінші бөлігінде:
2) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшадағы "және оның көмегін алуы" деген сөздер алып тасталсын;
10) 15-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
11) 16-бапта:
3 және 4-тармақтардағы "пробация қызметі қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігімен бірлесіп" деген сөздер "қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Пенитенциарлық пробация қолданылатын сотталғандардың өтініші бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі босатылғаннан кейін өздері таңдаған тұрғылықты жердегі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, олардың:";
7-тармақтың бірінші абзацындағы "Пробация қызметі" деген сөздер "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 17-бапта:
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары жүзеге асыратын пробациялық бақылау, сондай-ақ пробация қызметінің әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша жәрдемдесуі" деген сөздер "оның тұрғылықты жері бойынша полиция жүзеге асыратын пробациялық бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуі" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарға қатысты пенитенциарлықтан кейінгі пробация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүгіну арқылы олардың бастамасы бойынша оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету нысанында жүзеге асырылады.";
6-тармақ алып тасталсын;
13) 18-баптың 4) тармақшасындағы "кәмелетке толмаған адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
14) 19-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "және оған қажетті әлеуметтік-құқықтық көмек көлемін айқындау" деген сөздер алып тасталсын.
33. "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" 2021 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың 1-тармағындағы "даму жоспарлары" деген сөздер "даму жоспарлары, іс-шаралар жоспарлары" деген сөздермен ауыстырылсын.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.05.2022 № 123-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасын, 4) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші және тоғызыншы абзацтарын, 5), 6), 7), 8), 10), 11), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшаларын, 3-тармағының 20) тармақшасын, 21) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 7, 11, 15 және 32-тармақтарын;
2) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 2) тармақшасының екінші абзацын, 2-тармағы 4) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 5-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 10), 17), 19), 20), 21), 22) және 23) тармақшаларын, 8, 9 және 20-тармақтарын;
3) мынадай:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 2), 3), 9), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18) және 19) тармақшаларын;
4) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 2) тармақшасының үшінші абзацын, 3-тармағының 4), 11) және 12) тармақшаларын, 13) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 14) тармақшасының үшінші абзацын, 15) тармақшасын, 18) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 21) тармақшасының төртінші – жетпіс жетінші абзацтарын, 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38) және 39) тармақшаларын, 5-тармағының 1), 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларын, 22-тармағын, 24-тармағының 4) тармақшасын, 26-тармағы 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарын, 10) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 11) тармақшасының екінші – алтыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 12) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 17) тармақшасының төртінші абзацын, 18) тармақшасын және 30-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 15-тармағы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |