Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VІ ҚРЗ.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат):

      1) мазмұнында:

      7, 43, 157-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Азаматтық құқықтар мен мiндеттердiң пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негiздерi";

      "43-бап. Заңды тұлғаның филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері";

      "157-бап. Дауланатын және маңызсыз мәмілелер";

      мынадай мазмұндағы 157-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "157-1-бап. Мәміле жарамсыздығының салдарлары туралы жалпы ережелер";

      158-баптың, 8-тараудың және 268-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "158-бап. Мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн мәмiленiң жарамсыздығы";

      "8-тарау. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар туралы жалпы ережелер";

      "268-бап. Міндеттеме";

      2) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Азаматтық құқықтар мен мiндеттердiң пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негiздерi

      Азаматтық құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өзгереді және тоқтатылады, өйткенi, осы әрекеттер азаматтық заңнамада көзделмегенiмен, олардың жалпы бастаулары мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туындатады.

      Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардан және өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ азаматтық заңнамада көзделмегенімен, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн мәмiлелерден;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасының күшімен азаматтық-құқықтық салдарларға алып келетін әкiмшiлiк актілерден;

      3) азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеген сот шешiмiнен;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау, жою, сатып алу немесе оны иеліктен шығару, сондай-ақ мүлікке құқықтан бас тарту нәтижесiнде;

      5) өнертабыстарды, өнеркәсiптiк үлгiлерді, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын және зияткерлік қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау салдарынан;

      6) басқа тұлғаға зиян келтiру салдарынан, сол сияқты басқа тұлға есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан;

      7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтық-құқықтық салдарлардың басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады, өзгереді және тоқтатылады.";

      3) 8-бапта:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа тұлғаға зиян келтiруге, құқықты өзге нысандарда теріс пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетiндей етiп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерiне жол берiлмейдi.";

      мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:

      "6. Ешкім де өзінің теріс пиғылды мінез-құлқымен артықшылық алуға құқылы емес.

      7. Осы баптың 3-6-тармақтарында көзделген талаптар сақталмаған жағдайда сот адамға тиесілі оның құқығын қорғаудан бас тарта алады.";

      4) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк: құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейiн болған жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттердің жолын кесу; мiндеттi заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, тұрақсыздық айыбын өндiрiп алу; дау айтылатын мәмiленi жарамсыз деп тану және оның жарамсыздығы салдарын қолдану, маңызсыз мәміленің жарамсыздығы салдарын қолдану; моральдық зиянның өтемiн төлету; құқықтық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтiн актісін жарамсыз немесе қолдануға жатпайды деп тану; азаматқа немесе заңды тұлғаға құқықты иеленуіне немесе жүзеге асыруына кедергi келтіргені үшiн мемлекеттiк басқару органынан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiрiп алу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де тәсілдермен жүзеге асырады.

      Заңды тұлғалардың моральдық зиянды өтетуге құқығы жоқ.";

      5) 14-бап "жеке" деген сөзден кейін "мүліктік емес" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 18-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Құқық қабiлеттiлiгiн немесе әрекет қабiлеттiлiгiн шектеуге бағытталған басқа да мәмiлелерге заңнамалық актілерде рұқсат берiлген жағдайларды қоспағанда, азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнен немесе әрекет қабiлеттiлiгiнен толық немесе iшiнара бас тартуы және осындай мәмiлелер маңызсыз болады.";

      7) 20-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      8) 41-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, заңды тұлға өз қызметiн:

      1) жарғысы және құрылтай шарты;

      2) жарғысы;

      3) жарғысы және eгep заңды тұлғаны бiр адам құрған жағдайда, заңды тұлғаны құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiмi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) негiзiнде жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда, коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға осы түрдегі ұйымдар туралы жалпы ережелер негiзiнде әрекет жасай алады.

      Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға мазмұнын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын үлгiлік жарғының негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыра алады.";

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) егер олар құрылтайшылардың өзара қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;";

      9) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-бап. Заңды тұлғаның филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері

      1. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның функцияларының бәрiн немесе бiр бөлiгiн, оның iшiнде өкiлдiк функцияларын жүзеге асыратын оқшауланған бөлiмшесi оның филиалы болып табылады.

      2. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және заңды тұлғаның мүдделерiн қорғауды және өкілдік етуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен өзге де құқықтық әрекеттер жасайтын оқшауланған бөлiмшесi оның өкiлдiгі болып табылады.

      3. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлғалар болып табылмайды. Оларға өздерiн құрған заңды тұлға мүлік бөліп береді және олар оның бекiткен ережелері негiзiнде әрекет етеді.

      4. Заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құруға құқылы.

      Заңды тұлғаның функцияларының бір бөлігін орындайтын, өзінің орналасқан жері бойынша стационарлық жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше заңды тұлғаның өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол стационарлық жұмыс орны болып есептеледі.

      Мемлекеттік мекеменің өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі заңдарда тікелей көзделген жағдайларда құрылады.

      5. Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады.

      Дiни бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары дiни бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады не тағайындалады.

      Өзге нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң басшыларын заңды тұлғаның уәкiлетті органы тағайындайды және олар оның сенiмхаты негiзiнде әрекет етеді.";

      10) 44-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер заңды тұлғаның әдейі банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының) және (немесе) лауазымды адамның әрекеттерiнен (әрекетсіздігінен) туындаған болса, онда заңды тұлғаның қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) және (немесе) лауазымды адам кредиторлар алдында субсидиярлық жауаптылықта болады.

      Егер заңды тұлғаның жалған банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының) және (немесе) лауазымды адамның әрекеттерiнен (әрекетсіздігінен) туындаған болса, онда заңды тұлғаның қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) және (немесе) лауазымды адам жалған банкроттық нәтижесінде кредиторға келтірілген залал үшін субсидиарлық жауаптылықта болады.";

      11) 50-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тарату комиссиясы заңды тұлғаны тарату, сондай-ақ оның кредиторларының талаптарын мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмi туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды. Банкроттық жағдайларын қоспағанда, талаптарды мәлiмдеу мерзiмi тарату туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi айдан кем болмауы тиіс. Банкроттық кезінде кредиторлардың банкротқа қоятын талаптары кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей мәлімделуге тиіс.";

      12) 59-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шарты нотариаттық куәландырылуға жатады.";

      13) 61-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) таза табысты бөлiсуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бiр немесе бiрнеше қатысушыны таза табысты бөлiсуге қатысудан шеттетудi көздейтiн талаптары маңызсыз болады;";

      14) 70-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Толық серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жауаптылығының осы бапта көзделген тәртiбiн өзгертетiн қатысушылардың келiсiмдерi маңызсыз болып табылады.";

      15) 73-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Командиттік серiктестiк салымшысының:

      1) серiктестiктің таза табысының жарғылық капиталдағы өзіне тиесілі үлесiнің бөлігін құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен алуға;

      2) серiктестiктiң қаржылық есебімен танысуға, сондай-ақ оның дұрыс жасалуын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз етудi талап етуге;

      3) жарғылық капиталдағы өз үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен басқа салымшыға немесе үшiншi тұлғаға беруге құқығы бар. Салымшының өзінің бүкіл үлесiн өзге тұлғаға беруi оның серiктестiкке қатысуын тоқтатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен серiктестiктен шығуға құқығы бар.

      Командиттік серiктестiктің құрылтай құжаттарында салымшының өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.

      Командиттік серiктестiктің салымшылары үшін осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген құқықтардан бас тартуы немесе оларды шектеуі, соның ішінде салымшылар мен толық серіктестіктердің келісімі бойынша шектеуі маңызсыз болады.";

      16) 94-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шешімдерін жарғылық капиталға қатысудың басым үлесі болуы не олардың арасында жасалған шарт негізінде не өзгеше түрде басқа заңды тұлға (бұдан әрі – негізгі ұйым) айқындайтын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады.";

      17) 95-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Қатысушы (басымырақ) заңды тұлға заңдарда көзделген тәртіппен акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма пайызынан астамын сатып алуы туралы ақпаратты жариялауға міндетті.";

      18) 99-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өндiрiстiк кооперативтiң жоғары органы оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылады.

      Өндiрiстiк кооперативте кооперативтiң атқарушы органының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыратын байқаушы кеңес құрылуы мүмкiн. Байқаушы кеңестiң мүшелерi өндiрiстiк кооператив атынан әрекет жасауға құқылы емес.

      Кооперативтің басқармасы немесе төрағасы кооперативтiң атқарушы органы болып табылады. Атқарушы орган кооператив қызметiне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады және байқаушы кеңес пен кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi.

      Тек кооператив мүшелерi ғана байқаушы кеңес пен өндiрiстiк кооператив басқармасының мүшелерi бола алады. Кооператив мүшесi бiр мезгiлде байқаушы кеңестiң мүшесi және басқарма мүшесi (кооператив төрағасы) бола алмайды.";

      3-тармақта:

      бірінші бөліктің 2) тармақшасындағы "атқарушы," деген сөз "атқарушы органды," деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "атқарушы органдарының" деген сөздер "атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 116-бапта:

      2-тармақта:

      "заттардың" деген сөз "мүліктің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "заттар" деген сөз алып тасталсын;

      "заңнамалық құжаттарында" деген сөздер "заңдарда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      "заттар" деген сөз алып тасталсын;

      "заттардың" деген сөз "мүліктің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      20) 152-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "жүз есептiк көрсеткiш" деген сөздер "бір жүз айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 153-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "153-бап. Мәмiленiң жазбаша нысанын сақтамау салдары

      1. Мәмiленiң жай жазбаша нысанын сақтамау дау болған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда, тараптар мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге де, куәгерлiк айғақтардан басқа, дәлелдермен растауға құқылы.

      2. Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келiсiмiнде тiкелей көрсетiлген жағдайларда мәмiленiң жай жазбаша нысаны сақталмаған кезде мәміле маңызсыз болып саналады.

      3. Жай жазбаша нысан сақталмаған кезде сыртқы экономикалық мәмiле маңызсыз болып саналады.";

      22) 154-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келiсiмiнде белгiленген жағдайларда жазбаша мәмiлелер оларды нотариат куәландырғаннан кейiн ғана жасалды деп есептеледі.

      Осы баптың 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, нотариаттық куәландыру туралы талаптарды сақтамау осы Кодекстiң 157-1-бабының 3-тармағында көзделген салдарлармен мәмiленiң маңызсыздығына алып келеді.";

      23) 157-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "157-бап. Дауланатын және маңызсыз мәмілелер

      1. Мәміле сот оны осындай деп (дауланатын мәміле) тануына байланысты осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актілерде белгіленген негіздер бойынша не осылай тануына (маңызсыз мәміле) қарамастан, заңнамалық актілерде тікелей көзделген негіздер бойынша жарамсыз болады.

      Егер мәміленің маңызсыздығы заңнамалық актілерде көзделмесе, ол даулы мәмілеге жатады.

      Мәміленің маңызсыздығы туралы дау туындаған жағдайда, оның жарамсыздығын сот белгілейді.

      2. Мәміленің нысанына, мазмұнына және мәмілеге қатысушыларға, сондай-ақ олардың осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актілерде белгіленген негіздер бойынша ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған кезде мәміле жарамсыз деп танылады.

      3. Мүдделі тұлғалар, тиісті мемлекеттік орган не прокурор мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қоюы мүмкін.

      Көрсетілген мәмілені жасау нәтижесінде құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған немесе бұзылуы мүмкін тұлға мүдделі тұлға болып табылады.

      Мәмілені жарамсыз деп тануға талап қою құқығы бар тұлғалардың тізбесі осы Кодексте және (немесе) өзге де заңнамалық актілерде белгіленеді.";

      24) мынадай мазмұндағы 157-1-баппен толықтырылсын:

      "157-1-бап. Мәміленің жарамсыздығының салдарлары туралы жалпы ережелер

      1. Маңызсыз мәміленің жарамсыздығы салдарларын қолдану туралы талапты мәміле тарапы не осы Кодекстің 157-бабының 3-тармағында белгіленген тұлғалар қоюға құқылы.

      2. Жарамсыздығына байланысты және жасалған кезінен бастап жарамсыз болған мәмiлелерді қоспағанда, егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде өзгеше көзделмесе немесе мәмiленiң мәнiнен немесе мазмұнынан өзгеше туындамаса, жарамсыз мәмiле заңдық салдарларға алып келмейді.

      3. Егер мәміле жарамсыздығының өзге де салдарлары осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделмесе, мәміле жарамсыз болған кезде тараптардың әрқайсысы – екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның барлығын қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмағанда (оның ішінде, алынғандар мүлікті пайдалану, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет түрінде болғанда) қайтарылуға жататын мүліктің құнын, мүлікті пайдаланудың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құнын ақшалай өтеуге міндетті.

      4. Сот мәмiленiң жарамсыздығын тудырған әрекеттердi жасауға кiнәлi тараптан екiншi тараптың пайдасына мәмiленi жарамсыз деп тануға байланысты оған келтірілген залалды өндiрiп алуы мүмкiн.

      5. Егер мәмiле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталса, оның құқыққа қайшылығы сот үкімімен (қаулысымен) белгіленсе, онда екi тараптың да теріс пиғылы болған кезде олардың мәмiле бойынша алғандарының немесе алуға арналғандардың барлығы соттың шешiмi немесе үкiмi бойынша тәркiленуге жатады. Мұндай мәмiленi бiр тарап орындаған жағдайда оның екiншi тараптан алғандарының барлығы және одан мәмiле бойынша бiрiншi тарапқа тиесiлiнiң барлығы тәркiленуге жатады. Егер тараптардың бір де біреуі орындауға кiрiспеген болса, мәмiледе орындалуы көзделгеннiң барлығы тәркiленуге жатады.

      6. Қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған теріс пиғыл тараптардың бiрiнде ғана болған, оның құқыққа қайшылығы сот үкімімен (қаулысымен) белгіленген жағдайда, оның мәмiле бойынша алғандарының барлығы екiншi тарапқа қайтарылуға жатады, ал соңғысының алғаны не оған мәмiле бойынша тиесiлiсi тәркiленуге жатады.

      7. Нақты мән-жайларды ескере отырып, сот осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген салдарларды, жарамсыз мәмiле бойынша алынған не алынуға тиiс мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде iшiнара не толық қолданбауға құқылы. Бұл бөлiкте осы баптың 3-тармағында көзделген салдарлар басталады.

      8. Сот мәмiленi жарамсыз деп тани отырып, нақты мән-жайларды ескеріп, оны одан әрi орындауға тыйым салумен шектелуге құқылы.";

      25) 158-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "158-бап. Мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн мәмiленiң жарамсыздығы

      1. Мазмұны заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, дауланатын мәміле болып табылады және сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін.

      2. Қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған, оның құқыққа қайшылығы сот үкімімен (қаулысымен) белгіленген мәміле маңызсыз болады.

      3. Қазақстан Республикасы заңнамасының, заңды тұлға жарғысының талаптарын не оның органдарының құзыретiн бұзатын мәмiленi әдейі жасасқан адам, егер мұндай талап пайдакүнемдiк уәждерден немесе жауаптылықтан жалтару ниетiнен туындаса, мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы емес.

      4. Егер мәмiлеге қатысушылардың бiрi оны мiндеттемені орындаудан немесе үшiншi тұлға не мемлекет алдындағы жауаптылықтан жалтару ниетiмен жасасқан жағдайда, ал мәмiленiң басқа қатысушысы бұл ниет туралы бiлген болса немесе бiлуге тиiс болса, мүдделi тұлға (мемлекет) мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.";

      26) 159-баптың 1, 2, 3, 5 және 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қажеттi рұқсатты алмай не рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн жасалған мәмiле маңызсыз болады.

      2. Жосықсыз бәсеке мақсатын көздейтiн немесе iскерлiк әдеп талаптарын бұзатын мәмiлені сот жарамсыз деп тануы мүмкін.

      3. Осы Кодекстің 23-бабында көзделген мәмілелерден басқа, он төрт жасқа толмаған адам (жас бала) жасасқан мәміле маңызсыз болады.";

      "5. Есуастық немесе ақыл-есi кем болуы салдарынан әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған адам жасасқан мәмiле маңызсыз болады. Кейiннен әрекет қабiлеттiлігi жоқ деп танылған азамат жасасқан мәмiле (осы Кодекстiң 26-бабы), егер мәмiленi жасау кезiнiң өзiнде-ақ бұл азаматтың психикасының бұзылуы жағдайында болғаны дәлелденсе, дауланатын мәміле болып табылады және оның қорғаншысының талап қоюы бойынша сот мәмiленi маңызсыз деп тануы мүмкiн.";

      "11. Заңды тұлғаның осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетiн етiп, не оның органының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасасқан мәмiлесi, егер мәмiледегi басқа тараптың мұндай бұзушылықтар туралы бiлгенi немесе бiлуге тиiс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) мүлiк иесiнiң талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.";

      27) 160-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Оған тиісті құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалған мәмілені (жалған мәмілені) сот мүдделі тұлғаның, тиісті мемлекеттік органның немесе прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп таниды.";

      28) 167-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы "сенімхаттары теңестіріледі." деген сөздер "сенімхаттары;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) тергеу изоляторларында отырған адамдардың тергеу изоляторларының бастықтары куәландырған сенімхаттары теңестіріледі.";

      29) 168-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Берілген күні көрсетілмеген сенімхат маңызсыз болып табылады.";

      30) 170-бапта:

      1-тармақта:

      7) тармақша "қайтыс болуы" деген сөздерден кейін "(оның ішінде қайтыс болған деп жариялануы)" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) тармақша "қайтыс болуы" деген сөздерден кейін "(оның ішінде қайтыс болған деп жариялануы)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сенiмхатты берген адам сенiмхаттың немесе сенiмхатты ауыстырудың күшiн кез келген уақытта жоя алады, ал сенiмхат берiлген адам одан бас тарта алады. Бұл құқықтан бас тарту туралы келiсiм маңызсыз болады.";

      31) 8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар туралы жалпы ережелер";

      32) 193-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер стратегиялық объектiге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару кезiнде осы баптың 3 және 4-тармақтарындағы талаптар бұзылса, мұндай мәмiлелер маңызсыз болады.";

      33) 218-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында жазылған қағидалар бойынша ортақ мүлiктi бөлу немесе одан үлестi бөлiп шығару мүмкiн болмаған кезде сот мүлiктi жария сауда-саттықта сату, одан түскен соманы кейін ортақ меншiкке қатысушылар арасында олардың үлестерiне мөлшерлес бөлiп беру туралы шешiм қабылдайды.";

      34) 236-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы мемлекеттік тіркеу кезінен бастап туындайды.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлiкке құқықты мемлекеттік тіркеу кезіне дейін мүлікке материалдар мен жылжымайтын мүлік тұрғызылатын басқа мүлікке меншік құқығы туралы қағидалар қолданылады.";

      35) 249-баптың 2-тармағы 7) тармақшасындағы "алып қойған реттер кірмейді." деген сөздер "алып қойған;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) осы Кодекстің 218-бабына сәйкес ортақ мүлiктi бөлу не одан үлестi бөлiп шығару мүмкiн болмаған жағдайда соттың шешімі бойынша жария саудада мүлікті сатқан реттер кірмейді.";

      36) 250-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "250-бап. Меншiк құқығынан бас тарту

      Азамат немесе заңды тұлға өзiне тиесiлi мүлiкке меншiк құқығынан бас тарта алады, бұл жөнiнде ол ауызша немесе жазбаша нысанда жариялайды не бұл мүлікке қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуден, пайдаланудан және оған билік етуден шеттетілетіні туралы айқын куәландыратын басқа әрекеттер (әрекетсіздік) жасайды.

      Меншiк құқығынан бас тарту құқыққа сыйымды, ерікті болуға және онда меншік иесінің мүлікті иеленуден, пайдаланудан, оған билік етуден бас тартатыны көрсетілуге тиіс.

      Меншiк құқығынан бас тарту меншік иесінің ерікті білдіруі болып табылады. Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттің және оның органдарының меншік құқығынан бас тартуға құқығы жоқ.

      Меншiк құқығынан бас тарту осы мүлiкке басқа тұлға меншiк құқығын иеленген кезге дейiн тиiстi мүлiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатуға алып келмейді.";

      37) 251-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлiкке өндiрiп алуды қолдану сот тәртiбiмен жүргiзiледi.";

      38) 268-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "268-бап. Мiндеттеме

      Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышкер) басқа адамның (кредитордың) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және тағы да сол сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал кредитордың борышкерден өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқығы бар. Кредитор борышкерден атқарылғанды қабылдауға мiндеттi.

      Егер осы Кодекстің Ерекше бөлімінде өзгеше көзделмесе, міндеттемелерге осы кіші бөлімнің ережелері қолданылады.";

      39) 284-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "284-бап. Өзара мiндеттердiң орындалуы

      1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасынан, шарттан, iскерлiк айналым ғұрыптарынан, мiндеттеме шарттарынан немесе оның мәнiнен өзгеше туындамайтын болса, тараптар өзара мiндеттердi бiр мезгiлде орындауға тиiс.

      2. Тараптардың бiрi мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, екінші тарап өз мiндеттемесiн орындауды тоқтата тұруға не осы мiндеттемесiн орындаудан бас тартуға және залалды өтеуін талап етуге құқылы.";

      40) 294-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жазбаша нысанды сақтамау тұрақсыздық айыбы туралы келiсiмнiң маңызсыздығына алып келеді.";

      41) 297-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "297-бап. Тұрақсыздық айыбының мөлшерiн азайту

      Егер төленуге тиiстi тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл) кредитордың шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, сот борышкердің талабы бойынша борышкердің мiндеттеменi орындау дәрежесiн және борышкер мен кредитордың назар аударуға лайықты мүдделерiн ескере отырып, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсiмпұлды) азайтуға құқылы.";

      42) 307-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кепiл туралы шартта кепiл нысанасы, кепiлмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттеменiң мәнi, мөлшерi немесе ең жоғары сомасы және орындалу мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Егер кепіл нысанасы жылжымайтын мүлік болған жағдайда кепіл туралы шартта оның бағасы көрсетілуге тиіс. Кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасы болып табылатын жылжымалы мүліктің және (немесе) жылжымалы мүліктің жекелеген санаттарының (машина жабдығын және материалдық айналым құралдарының қорларын қоса алғанда) кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы болуы мүмкін.

      Кепіл туралы шартта кепiлге қойылған мүлiк тараптардың қайсысында екендігі және оны пайдалануға болатындығы көрсетiлуге тиiс.";

      "3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарындағы қағидаларды сақтамау кепiл туралы шарттың маңызсыздығына алып келеді.";

      43) 308-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кепiл нысанасының өзгеруі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда басқа да өзгерістер тiркелуге жатады.

      Міндетті тiркелуге жатпайтын кепiлдiң өзгеруі қатысушылардың қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.";

      44) 315-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кепiл берушiнiң кепiлге салынған мүлiктi мұраға қалдыру құқығын шектейтiн келiсiмi маңызсыз болады.";

      45) 319-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Борышкер мен үшiншi тұлға болып табылатын кепiл берушi (заттай кепілгер) кепiл нысанасы сатылғанға дейiнгi кез келген уақытта оған өндiрiп алуды қолдануды және оны сатуды кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi немесе оның орындалу мерзiмi өтiп кеткен бөлiгiн орындап, тоқтатуға құқылы. Бұл құқықты шектейтiн келiсiм маңызсыз болады.";

      46) 327-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тауарларды кепiл берушiде қалдыра отырып және кепiл берушiге кепiлге берілген мүлiктiң (тауар қорларының, шикiзаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, дайын өнiмнің және тағы басқалардың) құрамы мен нақты нысанын өзгерту құқығын бере отырып, оларды кепілге салу айналымдағы тауарларды кепiлге салу деп танылады.";

      "3. Егер тараптардың келісуі бойынша кепіл туралы шартта айналымдағы тауарлар кепілінің жалпы құны кепіл туралы шартта көрсетiлген құннан кем болмауға тиіс екендігі көзделген жағдайда, онда:

      1) егер шартта өзгеше көзделмесе, айналымдағы кепiлге салынған тауарлар құнын кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалған бөлiгiне мөлшерлес кемітуге жол берiледi;

      2) айналымдағы тауарларды кепiлге берушi кепiлдердi жазу кiтабын жүргiзуге мiндеттi, оған тауарларды кепiлге салу шарттары туралы және кепiлге салынған тауарларды қайта өңдеуді қоса алғанда, олардың құрамының немесе нақты түрінің өзгеруіне алып келетін соңғы операция күніндегі барлық операциялар туралы жазбалар енгізіледі.";

      47) 331-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кепiлдiк немесе кепiлгерлік шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Жазбаша нысанды сақтамау кепiлдiк немесе кепiлгерлік шартының маңызсыздығына алып келеді.";

      48) 336-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кепiлдiк және кепiлгерлік өздерi қамтамасыз еткен мiндеттеменiң тоқтатылуымен бiрге, егер шартта кепiлдiкті тоқтатудың өзге де жағдайлары көзделмесе, сондай-ақ осы мiндеттеме кепiл мен кепiлгердің жауапкершiлiгiн соңғылардың келiсiмiнсiз арттыруға немесе өзге де теріс салдарларға алып келмейтіндей болып өзгерген жағдайда тоқтатылады.";

      49) 337-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кепiлпұл туралы келiсiм кепiлпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Бұл қағида негiзгi мiндеттемені нотариат куәландыруға тиiс болатын жағдайда да қолданылады. Жазбаша нысанды сақтамау кепiлпұл туралы келiсiмнің маңызсыздығына алып келеді.";

      50) 350-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мiндеттеменiң бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырудан борышкерді босату жөнiндегi мiндеттеме бұзылғанға дейiн қабылданған тараптардың келiсiмi маңызсыз болады, алайда тараптар өзара келiсiм бойынша мүлiктегi нақты келтiрiлген зиянды ғана өндiрiп алуды көздеуi мүмкiн.";

      51) 351-баптың 1-тармағында:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе шартта: залал толық сомасында тұрақсыздық айыбынан тыс өндiрiп алынуы мүмкiн; кредитордың таңдауы бойынша не тұрақсыздық айыбы, не шығын өндiрiп алынуы мүмкiн болатын жағдайлар көзделуi мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiсінше орындалмағаны үшiн тұрақсыздық айыбы ғана белгiленуі мүмкін болатын жағдайлар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.";

      52) 358-баптың 2-тармағындағы "жарамсыз" деген сөз "маңызсыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      53) 359-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мiндеттеменi әдейі бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi жою немесе шектеу туралы алдын ала жасалған шарт маңызсыз болады.";

      54) 387-баптың 1, 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғамен жасалған және мұндай тұлға өз қызметiнiң сипатына қарай оған жүгінетін әркiмге қатысты жүзеге асырылуға тиіс тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметi, энергиямен жабдықтау, медицина, қонақүй қызметiн көрсету және т.б.) жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады.

      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайлардан басқа, жария шарт жасасуға қатысты бір тұлғаға басқалардың алдында артықшылық көрсетуге құқығы жоқ.";

      "3. Тұтынушыға тиiстi тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) ұсыну мүмкiндігі бола тұра кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның жария шарт жасасудан бас тартуына жол берiлмейдi.

      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға жария шарт жасасудан негiзсiз жалтарған кезде осы Кодекстiң 399-бабының 4-тармағында көзделген ережелер қолданылады.";

      "5. Жария шарттың осы баптың 2 және 4-тармақтарында белгiленген талаптарына сәйкес келмейтiн ережелерi маңызсыз болып табылады.";

      55) 390-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Алдын ала шарт негiзгi шарт үшiн заңнамада белгiленген нысанда, ал егер негiзгi шарт нысаны белгiленбесе, онда жазбаша нысанда жасалады. Алдын ала шарт нысаны туралы қағидаларды сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.".

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат):

      1) мазмұнында:

      28-тараудың және 518-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-тарау. Рента";

      "518-бап. Рентаны ресімдеуге қойылатын талаптар";

      мынадай мазмұндағы 521-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "521-1-бап. Рента шартын рента алушының талап етуі бойынша бұзу";

      533-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      873-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "873-бап. Комиссионердің жауаптылығы";

      2) 414-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Үшiншi тұлғалар сатып алушыдан сатып алынған тауарды талап еткен жағдайда, тараптардың сатушыны жауапкершiлiктен босату немесе жауапкершiлiгiн шектеу туралы келiсiмi маңызсыз болады.";

      3) 428-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шарттың осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқықтардан сатып алушының бас тартуы туралы талаптары маңызсыз болады.";

      4) 429-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сатушы сатылған тауардың кемшiлiктерi үшiн олар туралы өзi бiлмеген кезде де жауап бередi. Сатушыны жауапкершiлiктен босату туралы немесе оны шектеу туралы келiсiм маңызсыз болады.";

      5) 431-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сатушы сатып алушыға тауарды шарттың талаптарына сәйкес жиынтықта беруге мiндеттi.";

      6) 506-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты не өзiне немесе үшiншi тұлғаға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi.

      Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндеттеме болған кезде сыйға тарту шарты маңызсыз болып саналады. Мұндай шартқа осы Кодекстiң 160-бабының 2-тармағында көзделген қағидалар қолданылады.";

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нақты сыйға тарту затын зат және құқық түрiнде көрсетпей немесе мiндеттен босатпай өзiнiң барлық мүлкiн немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру маңызсыз болады.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейін сый алушыға сый беруді көздейтін шарт маңызсыз болады.";

      7) 508-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) заңды тұлға сый берушi болған және сыйдың құны он айлық есептiк көрсеткiштен асатын;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауызша жасалған сыйға тарту шарты осы тармақта көзделген жағдайларда маңызсыз болады.";

      8) 510-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өкiлдiң сыйға тартуға жасаған сенiмхатында сый алушы аталмаса және сыйға тартатын зат көрсетiлмесе, ол маңызсыз болады.";

      9) 512-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сыйға тартудың күшi жойылған жағдайда, егер сыйланған зат сыйға тартудың күшін жою туралы хабарлама келіп түскен кезге қарай сол күйiнде сақталса, сый алушы оны қайтаруға не сыйланған зат иеліктен шығарылған жағдайда, оның құнын сыйға тартудың күшін жою туралы хабарлама келіп түскеннен кейін нарықтық бағалар бойынша өтеуге мiндеттi.";

      10) 28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-тарау. Рента";

      11) 518-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "518-бап. Рентаны ресімдеуге қойылатын талаптар

      Рента шарты нотариатта куәландырылуға жатады.

      Жылжымайтын мүліктің ренталық ауыртпалығы да жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік тіркелуге жатады.

      Аталған талаптарды сақтамау рента шартының маңызсыздығына алып келеді.";

      12) мынадай мазмұндағы 521-1-баппен толықтырылсын:

      "521-1-бап. Рента шартын рента алушының талабы бойынша бұзу

      1. Рента төлеуші шарттың талаптарын елеулі түрде бұзған жағдайда рента алушы рента төлеушіден осы Кодекстің 528-бабында көзделген талаптармен рентаны сатып алуды не шартты бұзуды талап етуге құқылы.

      Егер рента төлеуші рента алушының өміріне қастандық жасаса не оған қасақана дене жарақатын салса, рента алушы шартты бұзуды және шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Рента төлеуші рента алушыны қасақана өлтірген жағдайда шарттың бұзылуын және шығындардың өтелуін талап ету құқығы рента алушының мұрагерлеріне тиесілі болады.

      2. Егер рента төлеу үшін тұрғынжай немесе өзге де мүлік тегін иеліктен шығарылған болса, рента төлеуші шарттың талаптарын елеулі түрде бұзған кезде рента алушы осы мүліктің құнын рентаның сатып алу бағасының есебіне жатқыза отырып, оны қайтаруды талап етуге құқылы.";

      13) 526-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тұрақты рента төлеушiнiң оны сатып алу құқығынан бас тарту туралы шарт талабы маңызсыз болады.";

      14) 530-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шарт жасасу қарсаңында қайтыс болған азаматтың пайдасына өмір бойына рента белгiлейтiн шарт маңызсыз болады.";

      15) 533-бап алып тасталсын;

      16) 560-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер мүлiктік жалдау шарты осы Кодексте көзделген негiздер бойынша жарамсыз деп табылса, онда оған сәйкес жасалған қосымша жалдау шарты маңызсыз болып табылады.";

      17) 575-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кәсiпорынды жалдау шартының нысанын сақтамау шарттың маңызсыздығына алып келеді.";

      18) 582-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ғимаратты немесе үй-жайды жалдау шартының нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.";

      19) 591-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "591-бап. Көлiк құралын пайдалану туралы үшiншi тұлғалармен шарт жасасу

      Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы жалға алынған көлiк құралын коммерциялық пайдалануды жүзеге асыру шеңберiнде жалға берушiнiң келiсiмiнсiз өз атынан үшiншi тұлғалармен, егер олар жалдау шартында көрсетiлген көлiк құралдарын пайдалану мақсаттарына, ал егер мұндай мақсаттар белгiленбесе – көлiк құралының мақсатына қайшы келмесе, тасымалдау шартын және өзге де шарттар жасасуға құқылы.";

      20) 641-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тапсырыс беруші өзiне жұмыс нәтижелерiн өткiзгенге дейiн кез келген уақытта мердiгерге тапсырыс берушінің шарттан бас тартуы туралы хабарлама алғанға дейiн орындалған жұмыс үшiн мердiгерге белгiленген бағаның бiр бөлiгiн төлеп, тұрмыстық мердiгерлiк шарттан бас тартуға құқылы және тапсырыс беруші мердiгердiң сол кезге дейiн жасаған шығыстарын өтеуге мiндеттi. Тапсырыс берушіні бұл құқықтан айыратын шарт талаптары маңызсыз болады.";

      21) 701-баптың 2-тармағындағы "жарамсыз" деген сөз "маңызсыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      22) 715-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Азаматтар мен заңды тұлғаларға кәсiпкерлiк қызмет ретiнде азаматтардан қарыз түрінде ақша тартуға тыйым салынады және мұндай шарттар маңызсыз болып табылады.";

      23) 728-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "жарамсыздығына" деген сөз "маңызсыздығына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      24) 733-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "733-бап. Талапты беруге тыйым салудың жарамсыздығы

      1. Қаржы агентiне ақшалай талапты беру, тiптi клиент пен оның борышкері арасында оған тыйым салу немесе оны шектеу туралы келiсiм болғанда да жарамды болып табылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген ереже клиент пен борышкер арасындағы оған тыйым салу немесе оны шектеу туралы қолда бар келісімді бұза отырып талапты беруге байланысты клиентті борышкер алдындағы міндеттемелерден немесе жауаптылықтан босатпайды.";

      25) 736-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Егер ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартында өзгеше көзделмесе, осы баптың қағидалары қолданылады.";

      26) 740-бапта:

      1-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Клиенттің банктік шоттарындағы ақшасына сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен мүлікке билік етуге уақытша шектеу не мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеу белгілеуі мүмкін.";

      үшінші бөлік "уақытша шектеу" деген сөздерден кейін ", мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеу" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Клиенттің банктік шотына берілген тыйым салу туралы актілер, уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері келіп түскен күні мен уақыты ескеріліп орындалады.

      Клиенттің банктік шотындағы ақшасын ол жеткіліксіз болған жағдайда және (немесе) ақшаға билік етуге шектеу болған кезде алып қою осы баптың 8-тармағы ескеріле отырып және осы Кодекстің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес жүргізіледі.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      27) 748-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Банктiк шот шартының жазбаша нысанын сақтамау осы шарттың маңызсыздығына алып келеді.";

      28) 758-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банктік салым шартының жазбаша нысанын сақтамау осы шарттың маңызсыздығына алып келеді.";

      29) 764-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шарт жасасу қарсаңында қайтыс болған азаматтың не сол кезде болмаған заңды тұлғаның пайдасына банктік салым шарты маңызсыз болады.";

      30) 765-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Салымшының мерзiмдi салымды мерзiмiнен бұрын алу құқығынан бас тартуы туралы банктік салым шартының, сондай-ақ шартты салымның ережесi, көзделген талаптар басталғанға дейiн маңызсыз болып табылады.";

      31) 807-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мүліктік мүдделер объектiсi болатын сақтандыру шарттары маңызсыз болып табылады.";

      32) 809-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтанушының немесе пайда алушының сақтандырылған мүлiктi сақтап қалу мүддесi болмаған кезде мүлiктi сақтандыруға жасалған шартты сот жарамсыз деп тануы мүмкін.";

      33) 819-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтанушы өзін әдейі жаңылыстырғанын сақтандырушы дәлелдеген жағдайларды қоспағанда, тараптар сақтандыру шартында айқындалған мүлiк құнына дауласа алмайды. Егер сақтандыру шартында айқындалған сақтандыру сомасы сақтандыру құнынан асып түссе, сақтандыру шартын сақтандыру сомасының шарт жасалған кездегi сақтандыру құнынан асып түскен бөлiгiнде сот жарамсыз деп тануы мүмкін.";

      34) 825-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.";

      35) 840-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер мүлiктiк сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға сол төленген соманың шегiнде, сақтандыру нәтижесiнде өтелген залалдар үшiн жауапты адамға қоятын сақтанушының (сақтандырылған адамның) талап қою құқығы ауысады. Алайда қасақана залал келтiрген адамға талап қою құқығының сақтандырушыға ауысуын жоққа шығаратын шарт талабы маңызсыз болады.";

      36) 843-бапта:

      1-тармақтың 2), 8) және 9) тармақшалары алып тасталып, 5) тармақшадағы "шарт жасалса;" деген сөздер "шарт жасалса, жарамсыз деп танылады." деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру шарты мына жағдайларда:

      1) егер құқыққа қайшы мүліктік мүдделер сақтандыру объектісі болса (осы Кодекстің 807-бабының 2-тармағы);

      2) сақтандырылған адамның келiсiмiн алу мiндеттi болып табылатын жағдайларда оның келiсiмi болмаса;

      3) шарттың жазбаша нысаны сақталмаса (осы Кодекстің 825-бабының 3-тармағы) маңызсыз болады.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде сақтандырудың жекелеген түрлерiне қатысты шартты жарамсыз деп танудың өзге де негiздерi көзделуi мүмкiн.";

      37) 844-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер сақтандыру шарты қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталса, оның құқыққа қайшылығы сот үкімімен (қаулысымен) белгіленсе, онда осы Кодекстiң 157-1-бабының 5-7-тармақтарында көзделген салдарлар туындайды.";

      38) 867-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Комиссионер үшінші тұлғамен мәміле жасасқаны туралы комитентті хабардар етуге міндетті.";

      39) 873-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "873-бап. Комиссионердiң жауаптылығы";

      мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Комиссионер үшінші тұлғамен мәміле бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

      5. Комиссионердің үшінші тұлғамен мәміле бойынша өз міндеттерін орындамауынан туындаған шығыстар комиссионердің есебінен жабылады.";

      40) 900-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) лицензиаттың белгiлi бiр санаттағы сатып алушыларға (тапсырыс берушiлерге) ғана не шартта белгiленген аумақта ғана орналасқан жерi (тұратын орны) бар ерекше сатып алушыларға (тапсырыс берушiлерге) тауарлар сатуға, жұмыстар орындауға немесе қызметтер көрсетуге құқығы болғанда маңызсыз болып табылады.";

      41) 903-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер заңнамалық актiлерде көзделген негiздер бойынша лицензиардың лицензиатпен негiзгi шарты жарамсыз деп танылса, онда соған сәйкес жасалған кешендi кәсiпкерлiк қосалқы лицензия шарттары маңызсыз деп саналады.";

      42) 951-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда – жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).";

      43) 952-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Моральдық зиянның мөлшерiн анықтаған кезде жәбірленушінің не оған қарсы жасалған құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) келтiрiлген адамгершiлiк залалдың ауырлығын субъективті бағалауы да, сондай-ақ жәбiрленушiнiң не ол қайтыс болған жағдайда оның жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) жан азабы мен тән азабының дәрежесiн дәлелдейтiн объективтi деректер де: қол сұғу объектiсi болған игiлiктiң (өмiр, денсаулық, ар-ождан, қадiр-қасиет, бостандық, тұрғын үйге ешкiмнiң тиіспеуi және т.б.) өмірлiк маңыздылығы; құқық бұзушылық зардаптарының ауырлығы (жақын туыстарын өлтiру, мүгедектiкке алып келген дене жарақатын салу, бас бостандығынан айыру, жұмыстан немесе тұрғын үйден айыру және т.б.); ұятқа қалдыратын жалған мәлiметтер тарату сипаты мен аясы; жәбiрленушiнiң өмiр сүру жағдайлары (қызметтік, отбасылық, тұрмыстық, материалдық, денсаулық жағдайы, жасы және басқалары), өзге де назар аударуға тұратын мән-жайлар ескерiледi.";

      44) 965-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, зияткерлік меншiк объектісіне айрықша құқықтарды олардың құқық иелерi шарт бойынша толық немесе iшiнара басқа адамға беруi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен және заңды тұлғаның – құқық иесiнiң қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде ауысады.

      Айрықша құқықтардың берiлуi авторлық құқық пен өзге де мүлiктiк емес құқықтардың жүзеге асырылуын шектемеуге тиiс. Мұндай құқықтарды беру немесе шектеу туралы шарттың талаптары маңызсыз болады.";

      45) 967-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шарттың белгiлi бiр түрдегi не белгiлi бiр саладағы зияткерлік шығармашылық қызметтiң нәтижелерiн жасауға автордың құқығын шектейтiн талаптары маңызсыз болады.";

      46) 977-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Автордың бiреумен келiсiмi немесе автордың жеке мүлiктiк емес құқықтарын жүзеге асырудан бас тартуы туралы арызы маңызсыз болады.";

      47) 1000-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1000-бап. Патенттiк құқықтарды беру туралы шарт

      "Патенттi басқаға беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға және патенттiк органда (ұйымда) тiркелуге тиiс. Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.";

      48) 1001-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензиялық шарт пен қосалқы лицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалады және патенттiк органда (ұйымда) тiркелуге жатады. Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.";

      49) 1031-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1031-бап. Тауар белгісіне құқық беру туралы шарттар мен лицензиялық шарттардың нысаны және оларды тiркеу

      Тауар белгісіне құқық беру туралы шарт немесе лицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалуға және патенттік органда (ұйымда) тiркелуге тиіс.

      Жазбаша нысанның және тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.";

      50) 1040-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мұраның құрамына мұра қалдырушының тірі кезінде ресімделмеген мүліктік құқықтарын ресімдеу үшін қажетті құқықтар, оның ішінде оларды тіркеу құқығы да кіруі мүмкін.";

      51) 1047-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкiмге енгiзiлген құқыққа қайшы талаптар маңызсыз болады.";

      52) 1050-баптың 1-тармағындағы "мен уақыты" деген сөздер ", күні және уақыты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      53) 1056-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тиiстi нысанда жасалмаған өсиет маңызсыз болады. Өсиеттiң жарамсыздығы осы Кодекстiң 4-тарауының мәмiлелердiң жарамсыздығы туралы қағидаларына негiзделеді.";

      54) 1081-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер мұра алған мұрагерлер мұраның құрамына кіретін мүлікті немесе оған құқықтарды тіркеуден жалтарған жағдайда, мұра қалдырушының кредиторлары мәжбүрлеп тіркеуді талап етуге құқылы.";

      55) 1088-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1088-бап. Заңды айналып өтудiң салдары

      "Қатынастарға қатысушылардың осы Кодексте реттелетiн, осы бөлiмнiң қолданылуға тиiстi құқық туралы қағидаларын айналып өтiп тиiстi қатынастарды өзге құқыққа жатқызуға бағытталған келiсiмдері мен өзге де әрекеттері маңызсыз болады. Бұл жағдайда осы бөлiмге сәйкес қолданылуға жататын құқық қолданылады.".

      3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат):

      1) 33-баптың 1-тармағы алтыншы бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кепiлге беру кезінде, оның ішінде кепіл беруші өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кепіл ұстаушының кепілге салынған затты сатуы кезінде, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен банкроттық процедурасын өткізу барысында кепіл кредиторының талаптарын қанағаттандыру есебіне кепілге салынған затты беру кезінде, сондай-ақ шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына салым ретiнде, акционерлiк қоғам акцияларының төлемiне немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде беру кезiнде;";

      2) 92-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кепіл мүлкін өндіріп алу нәтижесінде екінші деңгейдегі банктің, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымның меншігіне қабылданған жер учаскесін екінші деңгейдегі банктен, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымнан мәжбүрлеп алып қоюды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес оларда жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннен бастап алты ай ішінде жүзеге асыруға болмайды.

      Жер учаскесін иеліктен шығару осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылмаған жағдайда жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Екінші деңгейдегі банк, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйым жер учаскесін иеліктен шығарған жағдайда, жаңа құқық иеленуші үшін игеру мерзімі осы баптың нормаларына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкiмдерi, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары немесе арнайы экономикалық аймақтың басқару органы айқындайтын бастапқы мерзім ретінде белгіленеді.".

      4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) жобалардың экологиялық сараптамасы – қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі мен инженерлік қорғау мәселелері бойынша жобалық шешімдер мен есептеулердің сараптамалық бағасы, ол мыналардың:

      жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттаманың) ведомстводан тыс кешенді сараптамасының;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының бекітуіне жататын аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының бір бөлігі болып табылады.";

      2) 17-баптың 12) тармақшасы "осы бапта" деген сөздердің алдынан "жобалардың экологиялық сараптамасын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 20-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) объектілер салу жобасының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы қорытындысының негізінде өз құзыреті шегінде жаңа объектілер салуға немесе бұрыннан барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) тыйым салады немесе рұқсат береді;

      3) жобалардың экологиялық сараптамасын ұйымдастыруды және жүргізуді қоспағанда, өз құзыретi шегiнде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;";

      4) 48-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамасы), сондай-ақ аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары бойынша экологиялық сараптама құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамында жүргізіледі, оларды Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.";

      5) 49-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізілетін жобалардың экологиялық сараптамасын қоспағанда, мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.";

      6) 50-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Құрылыс жобаларының экологиялық сараптамасын жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.";

      7) 51-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргізу нәтижелері бойынша беріледі.

      Мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті сипаты болады және табиғат пайдалану мен қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету тұрғысынан құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдаудан бұрын жүргізілуге тиіс.

      Жобалардың экологиялық сараптамасының нәтижелерін қамтитын, тиісінше ведомстводан тыс кешенді сараптаманың немесе кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындыларын алмаған құрылыс жобаларын немесе қала құрылысы жобаларын бекітуге және іске асыруға жол берілмейді.";

      6-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      8) 53-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сараптама ұйымдарының бірінде штатта тұратын, жобалардың белгілі бір бөлімі (бөлігі) бойынша сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған жеке тұлға құрылыс жобаларының экологиялық сараптамасының сарапшысы болып табылады.".

      5. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат):

      1) 3-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) бюджеттік инвестициялар – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауға бағытталған активтерді қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;";

      2) 39-2-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "қорға төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы аударым болып табылады." деген сөздер "қорға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) өткізу кезінде шығындар туындауы мүмкін болатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы аударым болып табылады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында айқындалған бағыттар бойынша нысаналы аударымды пайдаланғаны үшін жауапты болады.";

      3) 62-баптың 3-тармағының төртінші бөлігінде:

      "Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы" деген сөздер "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Орталық сайлау комиссиясы," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 67-бап мынадай мазмұндағы 12-2-тармақпен толықтырылсын:

      "12-2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік өтінімге есептеулер мен негіздемелерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынады.";

      5) 151-бап мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға бағытталған активтер осы Бөліммен реттелмейді және Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы болған кезде республикалық бюджеттің жобасына немесе нақтыланған республикалық бюджеттің жобасына енгізіледі.".

      6. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат):

      1) мазмұнында 135-2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "135-2-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға салық салу";

      2) 12-баптың 1-тармағы 39) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты;";

      3) 87-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Осы баптың мақсатында "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларын және (немесе) бағалы қағаздарын жарғылық капиталды ұлғайтуға арналған іс жүзіндегі шығындарды ескере отырып сатып алудың бастапқы құны осындай акциялардың және (немесе) бағалы қағаздардың бастапқы құны болып табылады.";

      4) 88-бап мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "5. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа 2017 жылғы 1 қаңтарда "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларын және (немесе) өзге де бағалы қағаздарын тікелей немесе жанама түрде иеленген заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алуға байланысты туындаған берешек бойынша міндеттемелердің мөлшерін азайту жатпайды.

      6. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға қатысты кредит (қарыз) бойынша борыш кешірілген жағдайда берешек бойынша міндеттемелердің мөлшерін азайту жатпайды.";

      5) 90-бапта:

      2-тармақта:

      6) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға;";

      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған, осы Кодекстiң 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар банк 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредитке (қарызға) және ол бойынша сыйақыға байланысты үмітсіз берешекті кешірген жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 2-3 және 2-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-3. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған, осы Кодекстiң 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар банк өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға берілген кредит (қарыз) бойынша борыш кешірілген жағдайда, бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасын провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танымайды.

      2-4. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның кредит (қарыз) бойынша борышкерге қойылатын талап ету құқықтары басқаға берілген жағдайда, бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлға құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін кіріс деп танылмайды.";

      6) 91-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Борышкер нақты төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма мұндай талап ету құқығы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктен сатып алынған жағдайда, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.";

      7) 99-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөліктің 18) тармақшасындағы "кірістері алып тастауға жатады." деген сөздер "кірістері;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

      "19) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғадан активтерді сатып алу үшін ғана нысаналы аударым түрінде бюджеттен алған кірісі алып тастауға жатады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктің жылдық жиынтық табысынан екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан кредиттер (қарыздар) бойынша осындай ұйым бұрын басқаға берген талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған талап ету құқығын беруден түсетін кірістер алып тасталады.";

      8) 106-баптың 1-1-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан сатып алынған активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын банктер шегерiмге жатқызуға құқылы емес.";

      9) 135-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "135-2-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға салық салу

      1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның кірістері мұндай кірістер мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған жағдайда, салық салудан босатылуға жатады:

      1) екінші деңгейдегі банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, сондай-ақ өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғадан активтерді сатып алу және оларды өткізу;

      2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның екінші деңгейдегі банктерден оларға қойылатын талап ету құқықтарын сатып алған заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акцияларды және (немесе) қатысу үлестерін иелену және өткізу;

      3) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын сатып алған екінші деңгейдегі банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иеленуі және өткізуі;

      4) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның заңды тұлғаларға талап ету құқықтарын екінші деңгейдегі банктерден сатып алу бойынша алынған мүлікті мүліктік жалдау (жалға беру) немесе өтемін төлеп уақытша пайдаланудың өзге нысанында пайдалану;

      5) ақшаны бағалы қағаздарға орналастыру.

      Бұл ретте алынуға жататын кірістерді осы тармақта көрсетілген кірістерге жатқызу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылатын кірістер бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын кірістер бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.

      3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын кірістерді алған кезде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым шығыстарының шегерімге жатқызылатын сомасы мұндай ұйымның таңдауы бойынша пропорционалды немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады.

      4. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылатын шығыстар сомасы пропорционалды әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістердің үлес салмағы негiзге алына отырып, кірістердің жалпы сомасында айқындалады.

      5. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым бөлек әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістерге жатқызылатын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын кірістерге жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.";

      10) 143-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.";

      11) 155-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 29-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-4) осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы;";

      12) 156-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) және 46) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15-1) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларын және (немесе) өзге де бағалы қағаздарын өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;";

      "46) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларын және (немесе) өзге де бағалы қағаздарын сатып алу кезінде жеке тұлға алған табыс;";

      13) 193-баптың 5-тармағының 18) тармақшасындағы "сомасы салық салынуға жатпайды." деген сөздер "сомасы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

      "19) осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы салық салынуға жатпайды.";

      14) 200-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы;";

      15) 248-бап мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-3) өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанға ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаның екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым өткізетін мүлікті;";

      16) 262-баптың 2-1-тармағының бірінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын, есепке жатқызудың пропорциялы әдiсiн пайдаланатын ұйымның:";

      "кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым мұндай банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктен алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар.";

      17) 568-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "келу тәртібімен" деген сөздер "келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының, Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы қызмет атқарып жатқан бейрезиденттің бірінші басшысы, дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен береді.

      Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.

      Салық органы салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      18) 569-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 568-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайтын тұлғалар мынадай тәсілдердің бірімен:

      1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беру арқылы;

      2) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде резидент заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы.

      Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:

      дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың;

      мемлекеттік мекемелердің;

      Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттердің;

      резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің;

      осы Кодекстің 411 және 420-баптарында көрсетілген қызметі бойынша тиісінше ойын бизнесі салығы және тіркелген салық салынатын тұлғалардың құқығы жоқ.

      2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті жасай отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

      Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар:

      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген күннен бастап;

      2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қосылған құн салығының төлеушілері болып табылады.";

      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;";

      19) 571-бапта:

      4-тармақта:

      7) тармақша алып тасталсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) егер заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер:

      әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;

      егер қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) кезден бастап алты ай өткен жағдайда, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған);

      1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-1, 216, 217 және 222-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;

      2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238, 240 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;

      іздеу салынған жеке тұлға;

      болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не Қазақстан Республикасы аумағында болуға рұқсат етілген мерзімі аяқталған шетелдік жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам;

      жұмыс істемейтін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      жұмыс істемейтін заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған;";

      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) осы Кодекстің 579-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеуші жұмыс істемейді деп танылған жағдайларда салық төлеушіні хабардар етпестен жүргізіледі.";

      5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық төлеушiнің орналасқан жері бойынша салық органы:

      1) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың 4-тармағының 1), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.

      Осы баптың 4-тармағы 8) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген жағдайларда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады;";

      6-тармақтың 1), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін – осы шешім шығарылған күннен бастап;";

      "3) осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнінен бастап;

      4) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың 4-тармағының 8) тармақшасында белгіленген жағдайлар туындаған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.

      Қосылған құн салығын төлеуші осы баптың 4-тармағы 8) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген жағдайларда салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп саналады.";

      20) 581-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) осы Кодекстің 579-бабында белгіленген тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушіге және осы банкте ашылған, салық органдары инкассолық өкімдер немесе салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарған банк шоты бар салық төлеушіге банк шоттарын (корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алуға арналған банк шоттарын қоспағанда) ашудан бас тартуға міндетті.

      Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес банктердің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операциялардың шеңберінде берген банк шоттарының орнына бас банк банк шоттарын және қайта ұйымдастыру шеңберінде біріктірілген жағдайда банк берген банк шоттарының орнына құқықтық мирасқор банк ашатын банк шоттарын ашу кезінде қолданылмайды.";

      21) 611-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың сөзсіз орындауына жатады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады.".

      7. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 жылғы 14 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы Заңы):

      1) 1-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "51-1) жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы – жаңа объектілер салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған ведомстводан тыс кешенді сараптама жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар), қала құрылысы жобаларының қала құрылысы кешенді сараптамасының құрамында жүргізілетін жобалар сараптамасының бөлігі;";

      51-1) және 51-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-2) жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер – диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурс қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін қызметтер;

      51-3) жоспарлы медициналық көмек – шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмекті қажет етпейтін профилактикалық іс-шаралар, аурулар мен жай-күйлер кезіндегі медициналық көмек;";

      2) 7-1-баптың 1-тармағының 24) тармақшасы және 21-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 62-бапта:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары өз құзыреттері шегінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, кеден органдарының лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.

      Эпидемиялық маңызы бар объектілерді салу жобаларының, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылар жүргізеді.

      3. Жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы:

      1) эпидемиялық маңызы бар объектілерді салуға арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптамалық ұйымдармен;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары бекітуге жататын қала құрылысы жобалары бойынша жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Осы баптың 3-тармағында көзделмеген жобалар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары жүргізеді.

      Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер бөлігіндегі санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік ұйымдары жүргізеді.";

      5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жер учаскелерін бөлген кезде эпидемиялық маңызы бар объектілерді орналастыруға;";

      9-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын.

      8. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 жылғы 14 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы Заңы):

      1) 46-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Корпоративтік дауға қатысатын тараптар әрбір нақты құжатты көрсетпестен, бір-бірінен және куәлардан іс үшін маңызы бар құжаттарды сұратуға құқылы.

      Тараптар мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құжаттарды бір-бірінен және куәлардан сұрата алмайды.";

      2) 104-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасындағы "157-бабының" деген сөздер "157-1-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 149-бапта:

      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың саны бойынша талап қою арызының және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелері;";

      екінші бөліктегі "бірінші бөлігінде" деген сөздер "бірінші бөлігінің 2)-7) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 165-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) судья талап арызды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жауапкерге және үшінші тұлғаларға талап арыздың және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін жібереді не ұсынады, сондай-ақ дәлелдерді негіздейтін дәлелдемелерді қоса тіркеп, талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікірді белгіленген мерзімде ұсынуды жауапкерге міндеттейді;";

      5) 166-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жауапкер талап қоюға қатысты дәлелдерді теріске шығаратын құжаттарды, сондай-ақ пікірдің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, талап қою арызына пікірді сотқа ұсынады. Судья үш жұмыс күні ішінде пікірдің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да адамдарға жібереді не ұсынады.

      2. Пікір талап қою арызының көшірмелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.";

      6) 173-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Сот талқылауы оны дайындау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.".

      9. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат):

      1) 6-бап мынадай мазмұндағы он үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ осы Заңның 6-1-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда банктік шот ашуға арналған және жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына енбестен жүзеге асырған жағдайларды қоспағанда) өтініш электрондық нысанда "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.".

      2) 11-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік тіркеуден (қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда) бас тартудың осы бапта көзделген негіздері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға қолданылмайды.";

      3) 12-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамада оның берілген күні, тiркеушi орган, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) күні, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері, басшылары және құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәлiметтер қамтылады. Егер жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңда тұлға өзінің қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда бұл туралы мәліметтер аталған анықтамада көрсетіледі.";

      4) 14-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шарты нотариаттық куәландырылуға жатады.";

      5) 16-1-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сот оған қатысты борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып оны тарату туралы шешім қабылданған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару соттың банкроттық рәсімді аяқтау туралы ұйғарымының заңды күшіне енуі негізінде жүзеге асырылады.".

      10. "Шаруашылық серіктестіктері туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 14, 84-құжат):

      1) 7-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, шаруашылық серiктестiгiнің қатысушысы серiктестiк мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) өз үлесін немесе оның бір бөлігін кепiлге салуға және (немесе) сатуға құқығы бар. Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгiнің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иелiктен шығару (басқаға беру) шарты нотариаттық куәландырылуға жатады.";

      2) 11-бапта:

      3-тармақтағы "жарамсыз болып табылады" деген сөздер "маңызсыз болып табылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "жарамсыз болып табылады" деген сөздер "маңызсыз болып табылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 16-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "жарамсыз болып табылады" деген сөздер "маңызсыз болып табылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 23-баптың 2-тармағындағы және 24-баптың 7-тармағындағы "жарамсыз болып табылады" деген сөздер "маңызсыз болып табылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 27-бапта:

      3-тармақтағы "жарамсыз болып табылады" деген сөздер "маңызсыз болып табылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "жарамсыз" деген сөз "маңызсыз" деген сөзбен ауыстырылсын.

      11. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат):

      1) 2-баптың 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) банк холдингі – уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:

      банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге;

      шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға;";

      "6) банктің ірі қатысушысы – уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:

      банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге;

      шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға;";

      2) 5-баптағы "Уәкiлеттi" деген сөз "Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, уәкiлеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 5-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның жалғыз акционері болып табылады.

      2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға:

      1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акциялар, сондай-ақ өз қызметін қаржыландыру үшін облигациялар шығаруға;

      2) меншікті орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алуға;

      3) активтердің, оның ішінде заңды тұлғаларға қойылатын талап ету құқықтарының және оларды иелену туралы шешім қабылдау мақсатында оларға қойылатын өзге де талап ету құқықтарының сапасына бағалау жүргізуге;

      4) банктердің күмәнді және үмітсіз активтерін және өзге де талап ету құқықтарын иеленуге, сондай-ақ оларды өткізуге;

      5) күмәнді және үмітсіз активтері иелендірілген банктер және (немесе) өзге де заңды тұлғалар шығарған және орналастырған акциялардың және (немесе) облигациялардың, оның ішінде заңды тұлғаларға қойылатын талап ету құқықтарының сапасына бағалау жүргізуге;

      6) заңды тұлғалардың, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктерден талап ету құқықтарын иеленген заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін иеленуге және оларды өткізуге;

      7) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын иеленген банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иеленуге, оларды сенімгерлік басқаруға беруге және (немесе) оларды өткізуге;

      8) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктерден заңды тұлғаларға иеленген талап ету құқықтары бойынша алған мүлікті жалға беруге немесе осындай мүлікті өтеулі уақытша пайдаланудың өзге нысанын пайдалануға;

      9) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым иеленген талап ету құқықтарын және басқа да күмәнді және үмітсіз активтерді секьюритилендіру бойынша операцияларды жүргізуге;

      10) дербес, сондай-ақ банктермен бірлесіп күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйымды құруға (иеленуге);

      11) бұрын банк болып табылған заңды тұлғалардан активтерді және талап ету құқықтарын иеленуге және оларды өткізуге құқылы.

      Егер осы тармақшаның бірінші абзацында көзделген мәмілелердің нәтижесінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтерінің мөлшерінен он пайыз және одан да көп сомаға мүлік алған жағдайда, осындай мәміле жасасу туралы шешімді осы ұйымның акционері қабылдайды.

      Егер осы тармақшаның бірінші абзацында көзделген мәмілелердің нәтижесінде кредитордың құқықтары (талаптары) ауысуы болған жағдайда қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілдік етушінің және өзге де тұлғалардың келісімі мұндай ауысуға талап етілмейді. Бұл ретте жаңа кредитордың жеке басы борышкер үшін аса маңызы жоқ деп танылады;

      12) ақшаны бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, сондай-ақ банк шоты мен банк салымы шарттарының талаптарымен екінші деңгейдегі банктерге, уәкілетті органға және осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға орналастыруға;

      13) төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерді, екінші деңгейдегі банктердің активтерін иеленетін ұйымдарды, талап ету құқықтарын банктерден екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым иеленген заңды тұлғаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;

      14) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға байланысты мәселелер бойынша ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін иеленуге;

      15) Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген және бекіткен арнайы бағдарламалардың іске асырылуын жүзеге асыруға;

      16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның осы тармақта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктік қарыз шарттары бойынша өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша банктік қарыз операциясы жөніндегі кредитор (қарыз беруші) деп танылады және ол банктік қарыз шартында белгіленген барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады.

      3. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға бюджеттен нысаналы аударымдар алуға құқығы бар.";

      4) 8-бапта:

      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шектеу басқа банкке бақылау жасауды:

      осы Заңға сәйкес оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілгенге;

      осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырғанға байланысты иемденген банктерге қолданылмайды.";

      13-тармақтың 5) тармақшасындағы "егер осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі болып табылатын жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды не осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 11-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі "банктерге" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған және оларға бақылау жасауды басқа банк сатып алған банктерге" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 15-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі "еншілес банктерге" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған еншілес банктерге" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 17-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі "холдингті" деген сөзден кейін ", екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарын" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 17-1-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінің екінші сөйлемі "холдингке" деген сөзден кейін ", екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарына," деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер өтініш беруші осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің ірі қатысушысы мәртебесін алушы банк немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылған жағдайда өтініш берушінің басқару органының банк акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесі ұсынылады;";

      9) 29-баптың 16-тармағындағы "егер қайта ұйымдастырылатын банктердің бірі өзіне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса," деген сөздер алып тасталсын;

      10) 30-баптың 7-тармағындағы ", сондай-ақ осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдар" деген сөздер алып тасталсын;

      11) 37-бап "еншілес ұйымдарының," деген сөзден кейін "осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдардың," деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 60-1-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "60-1-бап. Банктерді ерікті түрде қайта ұйымдастыру ерекшеліктері";

      1-тармақтың бірінші сөйлеміндегі "Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса, банкті" деген сөздер "Банкті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 61-2-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бас банк пен еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операция осы Заңның 61-4-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бапқа сәйкес жүргізіледі.";

      14) 61-4-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-4-бап. "Бас банк пен еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу ерекшеліктері";

      8-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйым болып табылмайды және осы баптың 9-тармағында көзделген тәртіппен банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы.";

      9-тармақтың 3) тармақшасындағы "дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Осы баптың 1, 3, 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері осы бапта көзделген операцияны бұрын жүзеге асырған еншілес банктен активтерді және міндеттемелерді бір мезгілде бас банкке беру жөніндегі операцияларға қолданылады.".

      12. "Өндірістік кооператив туралы" 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 2001 ж., № 17-18, 242-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат):

      1) 9-баптың 3-тармағындағы "күші жоқ" деген сөздер "маңызсыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 15-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "атқарушы" деген сөз "атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "атқарушы органдарының" деген сөздер "атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 16-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "атқарушы органдарының" деген сөздер "атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "атқарушы органдарының" деген сөздер "атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 17-баптың 1-тармағының бірінші және үшінші сөйлемдеріндегі "атқарушы органдарының" деген сөздер "атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 18-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кооперативтің басқармасы немесе төрағасы кооперативтiң атқарушы органы болып табылады.";

      2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      4-тармақтағы ", байқаушы кеңестiң бақылауында болады және кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi" деген сөздер "және байқаушы кеңес пен кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 19-баптың 1-тармағындағы "атқарушы органдарының" деген сөздер "атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 22-баптың 3-тармағындағы "жарамсыз" деген сөз "маңызсыз" деген сөзбен ауыстырылсын.

      13. "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат):

      9-1-баптың бірінші бөлігіндегі "61-4-бабының 3-тармағында" деген сөздер "5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабының 3 және 10-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат):

      37-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы "сенiмхаттары." деген сөз "сенімхаттары;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) тергеу изоляторларында отырған адамдардың тергеу изоляторларының бастықтары куәландырған сенімхаттары.".

      15. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат):

      1) 29-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тарапы жеке тұлға болып табылатын серіктестіктің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегi (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иелiктен шығару (басқаға беру) шарты нотариаттық куәландырылуға жатады.";

      2) 42-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы жиналысқа қатысуға, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы бар.

      Серіктестікке қатысушылардың көрсетілген құқықтарын шектейтін серіктестік жарғысының және кез келген басқа да құжаттардың, шешімдердің ережелері маңызсыз болып табылады.";

      3) 43-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы "оның өкілеттіктерін" деген сөздерден кейін "немесе атқарушы органның жеке мүшесінің өкілеттіктерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 47-баптың 9-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау басталғанға дейін жалпы жиналыс кворумды белгілеуге міндетті. Бұл талапты сақтамау кворумның бар екендігі анықталғанға дейін жалпы жиналыс қабылдаған барлық шешімдердің маңызсыздығына алып келеді.".

      5) 59-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мынадай:

      1) оның құрамында жарғылық капиталындағы қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушылар (құрылтайшылар) бар болған;

      2) жұмыскерлердің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан көп және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің үш миллионнан астам еселенген мөлшерінен жоғары болған шарттарды бір мезгілде орындаған кезде ол үшін жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізу міндетті болып табылады.

      Орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін жылдық қаржылық есептілік аудиті жарғылық капиталға қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушының (құрылтайшының) талабы бойынша жүргізіледі.".

      16. "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      1) 1-бапта:

      2) тармақшадағы "(кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш)" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі – жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратқа қол жеткізудің, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге электрондық нысанда өтініш жіберудің және тіркеуші органдардың және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де әрекеттерінің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;";

      2) 6-баптың 1-тармағы "Эмиссиялық бағалы қағаздар кепiлiн тiркеу" деген сөздерден кейін ", оның ішінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы тіркеу" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 9-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн өтiнiш беруші не оның өкiлi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiштiң толтырылған бланкiсiн бередi немесе өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жібереді.";

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберген жағдайда "электронды үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркеу үшiн алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуге тиiс.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Заңның 9-3 және 9-4-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде кепіл туралы шарт немесе кепіл шарттары қамтылған өзге де құжат ұсынылады, өтініште қамтылған мәліметтерді тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация тексергеннен кейін тіркеу туралы белгі соғылып, өтініш берушіге қайтарылады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберілген кезде, мәміле тараптары қол қойған өтініш кепіл шарты туралы мәліметтер, сондай-ақ осы баптың 2-тармағына сәйкес мәліметтер көрсетіле отырып, кепіл туралы шарт немесе кепіл шарты қамтылған өзге де құжат ұсынылмастан хабарлама нысанында беріледі.";

      4) 9-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке немесе заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банкпен кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге де шартты жасасқан жағдайда екінші деңгейдегі банк кепіл ұстаушы ретінде жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімімен тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге жібереді. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтініштің мазмұны осы Заңның 9-бабының 2-тармағында айқындалады.

      Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтінішке жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың деректемелері туралы мәліметтер қоса беріледі.

      Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтінішті алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті не электрондық құжат нысанындағы тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді.";

      5) мынадай мазмұндағы 9-4-баппен толықтырылсын:

      "9-4-бап. Жылжымалы мүлік кепілін жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық тіркеу тәртібі

      1. Кепіл беруші осы Заңның 9-3-бабында белгіленген тәртіппен жылжымалы мүліктің кепілін электрондық тіркеуден өткізуден бас тартқан жағдайда, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған кепіл берушінің және кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті кепіл беруші және кепіл ұстаушы осы Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес хабарлама нысанында жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жіберуге құқылы.

      2. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтінішті алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жылжымалы мүлік кепілін электрондық құжат нысанында тіркеу туралы куәлікті не электрондық құжат нысанында тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді.

      3. Жүргізілген электрондық тіркеу туралы ақпарат кепіл ұстаушының, тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.";

      6) 10-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Тiркеушi органның, Мемлекеттік корпорацияның және кепіл ұстаушылардың мiндеттерi";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Заңның 6, 9-3 және 9-4-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні iшiнде жүргiзiлуге тиiс";

      2-1-тармақ "тіркеуші органның" деген сөздерден кейін "және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация, үшінші тұлғаларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабында көрсетілген, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастардың барлық қатысушыларына тиісті қолжетімділік болған кезде жазбаша нысанда немесе жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етуге міндетті. Үшінші тұлғалар жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімінен ақпаратты кепіл беруші және (немесе) кепіл ұстаушы осындай сұрау салуды растаған жағдайда алуы мүмкін.

      Бұл ретте жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратта жылжымалы мүлік кепілі туралы және кепіл туралы шарттың тараптары немесе кепіл шарттарын қамтитын өзге де құжаттар туралы мынадай деректер:

      1) кепіл беруші мен кепіл ұстаушы туралы деректер, олардың деректемелері, оның ішінде мекенжайлары, банктік деректемелері, телефон нөмірлері, сондай-ақ электрондық мекенжайы (бар болған кезде);

      2) негізінде кепiлдiк құқық қатынастары туындағын құжат туралы мәлiметтер;

      3) кепiл туралы шарттың немесе кепiл талаптары қамтылған өзге де құжаттың жасалған күнi мен орны;

      4) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және (немесе) жалпы сипаттамасы;

      5) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi қамтылуға тиіс.

      5. Кепіл ұстаушы кепіл берушінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындаған соң міндеттеме орындалғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығаруға арналған өтінішті тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы жіберілуі мүмкін.

      6. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация кепіл ұстаушы өтініш берген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде кепілді тіркеуден шығаруды жүргізеді және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы кепіл ұстаушыға және кепіл берушіге тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығарғаны туралы хабарлама не электрондық құжат түрінде тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауап жібереді.";

      7) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Заңның 9-3 және 9-4-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тiркеуден бас тартылған жағдайда тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанына сiлтеме жасай отырып, өтiнiш берушіге жазбаша уәжді бас тартуды жібереді.";

      8) 17-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт" деген сөздер "құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарт" деген сөздермен ауыстырылсын.

      17. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат; № 24, 124-құжат):

      7-баптың бірінші бөлігінің 23) тармақшасы "мемлекет" деген сөздің алдынан "табиғи монополия субъектісі коммуналдық қызметтер көрсеткен жағдайда," деген сөздермен толықтырылсын.

      18. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат):

      5-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөлік он сегізінші абзацтағы "операторлар жатады." деген сөздер "операторлар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:

      "мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде:

      1) оның құрамында жарғылық капиталына қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушылар (құрылтайшылар) бар болған;

      2) жұмыскерлердің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш миллион еселенген мөлшерден асатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жатады.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін жылдық қаржылық есептілік аудиті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушының (құрылтайшының) талабы бойынша жүргізіледі.".

      19. "Қаржы лизингi туралы" 2000 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20- IV, 113-құжат):

      1) 6-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер лизинг шарты осы Заңда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде немесе басқа да заңнамалық актiлерiнде көзделген негiздер бойынша жарамсыз деп танылса, онда соған сәйкес жасалған қосалқы лизинг шарты маңызсыз болып саналады.";

      2) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Лизинг шарты жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Лизинг шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.".

      20. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      26-баптың 22-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Банктің сақтандыру холдингі, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен банк бірігу нысанында қайта ұйымдастыру жүргізген кезде акциялары сатып алынған немесе "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-2 немесе 61-4-баптарында көзделген операцияны жүзеге асырған кезде акциялары берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуына уәкілетті органның келісімі бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері (номиналды ұстау) жүйесінде операция тіркелгеннен кейін берілді деп есептеледі.".

      21. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-І, 166-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 жылғы 14 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      21-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) егер олар құрылтайшылардың өзара қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;".

      22. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат):

      1) 20-бапта:

      22-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "22-2) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;";

      2) 68-баптың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Құрылысы аяқталған объект осы Заңның 11-тарауының нормаларына сәйкес пайдалануға қабылдануға тиiс.

      Салынған объектiнi пайдалануға қабылдаудың белгiленген тәртiппен бекiтiлген актiсi ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу үшін негіз болып табылады.";

      3) 73-бапта:

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қою объектіні түпкілікті тексеріп-қараудан және осы тарауда белгіленген талаптар сақталғаннан кейін жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тіркеу үшін негіз болып табылады.".

      23. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 24, 124-құжат):

      212-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген тәртіппен операция жүзеге асырылған жағдайда, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер және өзге де заңды тұлғалардың активтер мен (талап ету) құқықтарын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға берген кезде кепіл ұстаушының өтініші негізінде тіркеледі.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын иеленуін көздейтін шарттың нотариат куәландырған көшірмесі (тапсыру актісін немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқығын басқаға беру туралы талапты қамтитын шарт қоса беріледі.".

      24. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат):

      23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының талдау және әлеуметтік зерттеулерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі айқындайтын тәртіппен халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай дерекқорын жүргізуді қамтамасыз ету;".

      25. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      1) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жария компанияның жарияланған акциялар саны шегінде акцияларын орналастыру туралы шешім жария компания акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданады.";

      2) 23-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Дивидендтерді төлеу қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болған кезде жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданған кезден бастап тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.

      Акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу акционердің қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне өзі туралы қажетті мәліметтердің енгізілгенін растайтын құжатпен бірге қоғамға өтініш жасаған кезден бастап тоқсан күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс.";

      3) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу қоғам органының шешімін талап етпейді.

      Артықшылықты бір акцияға дивидендтер төлеу кезеңділігі және дивидендтің мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді.

      Дивидендтерді төлеу қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болған кезде дивидендтерді алу құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күннен бастап тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.

      Акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу акционердің қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне өзі туралы қажетті мәліметтердің енгізілгенін растайтын құжатпен бірге қоғамға өтініш жасаған кезден бастап тоқсан күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс.

      Артықшылықты акциялар бойынша есептелетін дивидендтердің мөлшері жай акциялар бойынша осы кезең үшін есептелетін дивидендтердің мөлшерінен аз болмауға тиіс.

      Дивидендтер алу құқығы бар және қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде жаңартылған деректемелері бар акционерлерге артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер толық төленбейінше жай акциялары бойынша дивидендтер төленбейді.";

      4) 25-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма пайызынан астамын иеленген заңды тұлға акцияларды иеленген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы қоғамның өзіне тиесілі акциялары туралы мәліметтерді акционерлік қоғамның жарғысында айқындалған бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға міндетті.";

      5) 36-баптың 1-тармағының 17-1) тармақшасындағы "акционерлік қоғамның жасасуын мақұлдау" деген сөздер "қоғамның жасасуы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 53-баптың 2-тармағының 3) және 19) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жарияланған акциялар саны шегiнде акцияларды орналастыру (өткiзу) туралы, оның iшiнде орналастырылатын (өткiзiлетiн) акциялар саны, оларды орналастыру (өткiзу) тәсiлi мен бағасы туралы шешiм қабылдау;";

      "19) осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына сәйкес жасалуы туралы шешім қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданатын ірі мәмілелерді қоспағанда, ірі мәмілелер және жасалуына қоғам мүдделі мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдау;";

      7) 53-1-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Аса маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу үшін қоғамда директорлар кеңесінің комитеттері құрылуға тиіс.";

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Директорлар кеңесінің жеке комитеті қарайтын ішкі аудит мәселелерін қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған мәселелерді қарау директорлар кеңесінің бір немесе бірнеше комитетінің құзыретіне жатқызылуы мүмкін.";

      8) 63-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 5-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:

      егер мәміле жасасу туралы шешім қабылдау кезінде осы мүліктің құны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған оның нарықтық құнына анық мөлшерлес болмауы дәлелденсе;

      қоғамның акционерлерін оның лауазымды адамы (адамдары) өзі (өздері) не үлестес тұлғалары пайда (кіріс) алуы мақсатында қасақана шатастырғаны фактісін сот анықтаса, қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде немесе қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызына иелік ететін (жинақтап алғанда иелік ететін) акционер (акционерлер) өз атынан қоғам мүддесінде жасалуында мүдделілік болған мәмілені қоғамның жасасуы нәтижесінде және құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті қоғамның иеленуі немесе иеліктен шығаруы нәтижесінде қоғамда туындаған зиян үшін лауазымды адамды жауаптылыққа тарту туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.";

      "5-1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері осы баптың 1-1-тармағында көзделген мәмілені жасасу нәтижесінде туындаған, қоғамға зиян келтірілген жағдайларға қолданылады.";

      9) 69-баптың 1-тармағының екінші бөлігі "бағалы қағаздар" деген сөздерден кейін "және (немесе) бұрын банк болып табылған заңды тұлғаның активтері және (немесе) талап ету құқықтары" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 70-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына сәйкес жасалуы туралы шешім қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданатын мәмілелерді қоспағанда, қоғамның iрi мәмiлелерді жасасуы туралы шешiмдi директорлар кеңесi қабылдайды.

      Кредиторларға, жұртшылық пен акционерлерге ақпарат беру мақсатында қоғамның iрi мәмiле жасасуы туралы шешiм қабылданғаннан кейiн үш жұмыс күні iшiнде қоғам мәмiле туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялауға мiндеттi.";

      11) 74-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:

      егер мәміле жасасу туралы шешім қабылдау кезінде иеленген немесе иеліктен шығарылған мүліктің құны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған оның нарықтық құнына анық мөлшерлес болмауы дәлелденсе;

      қоғамның акционерлерін оның лауазымды адамы (адамдары) өзі (өздері) не үлестес тұлғалары пайда (кіріс) алуы мақсатында қасақана шатастырғаны фактісін сот анықтаса, жасалуында мүдделілік болған, нәтижесінде құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті қоғам иеленген немесе иеліктен шығарған және жасасу нәтижесінде қоғамға зиян келтірілген мәміле акцияларының бес немесе одан көп пайызын иеленетін (жинақтап алғанда иелік ететін) акционердің (акционерлердің) талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.";

      4-тармақ "Осы тараудың" деген сөздерден кейін "70 және 73-баптарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 79-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қоғамның ipi мәмілелерді және бір мезгілде мынадай талаптарға жауап беретін: жасалуында қоғамның мүдделілігі болған табылатын және қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің он және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті иеленуге немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелерді жасасуы туралы ақпаратты жеткізуге міндетті.

      Нәтижесінде қоғам активтері мөлшерінің он және одан да көп пайызы сомасына мүлік иеленетін не иеліктен шығарылатын мәмілені жасасу туралы ақпарат мәміленің тараптары, иеленетін немесе иеліктен шығарылатын активтер, мәміленің мерзімдері мен талаптары, тартылған адамдардың қатысу үлестерінің сипаты мен көлемі туралы мәліметтерді, сондай-ақ, бар болған жағдайда мәміле туралы өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс;";

      13) 83-бапта:

      5-тармақтың екінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген" деген сөздер алып тасталсын;

      6-тармақтағы "Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі өзіне қатысты "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылатын болса, банктерді" деген сөздер "Банктерді" деген сөзбен ауыстырылсын.

      26. "Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 84-құжат; 2009 ж., № 24, 134 құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):

      8-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.".

      27. "Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 89-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):

      8-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгін міндетті сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.".

      28. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат):

      1) 36-баптың 11-тармағындағы ", егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса, олардың біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізуі кезінде банктердің" деген сөздер "банктерді біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізу кезінде олардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 37-баптың 1-тармағы:

      "Заңының" деген сөзден кейін "5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы эмиссиялық бағалы қағаздардың ауыртпалығына байланысты операцияларға қатысты кепіл беруші мен кепіл ұстаушының бұйрықтарын беруге жол беріледі.

      Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы эмиссиялық бағалы қағаздардың ауыртпалығына байланысты операцияларға қатысты кепіл беруші мен кепіл ұстаушының бұйрықтарын орындау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында және орталық депозитарийдің (тіркеушінің) ішкі құжаттарында айқындалады.";

      3) 37-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "37-1-бап. Банктерді біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде кепіл затын ауыстыру және акциялар бойынша құқықтар кепілін тіркеу

      1. Банктерді біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде біріктірілетін банктің олар бойынша құқықтары кепіл заты болып табылатын акцияларына (кепіл беруші болып табылатын) акционердің меншік құқығы өзімен біріктіру жүзеге асырылатын банктің осы акцияларды сатып алуы негізі бойынша тоқтатылады.

      2. Біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылатын банктердің (кепіл беруші болып табылатын) акционерлеріне акциялар орналастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын банктердің акциялары бойынша құқықтар орналастырылатын акциялар бойынша құқықтарға ауыстырылады және кепіл құқығы қайта ұйымдастырылатын банктердің акциялары бойынша құқықтар кепілі оларды қамтамасыз ету болып табылатын қайта ұйымдастырылатын банктердің (кепіл берушілер болып табылатын) акционерлерінің тиісті міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін орналастырылатын акциялар бойынша құқықтарға қолданылады.

      3. Қайта ұйымдастырылатын банктердің акцияларымен және қайта ұйымдастыру процесінде орналастырылатын акциялармен әрекеттер кепіл ұстаушының келісімінсіз жасалады.

      4. Банктер біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың акциялары бойынша құқықтар кепілін тіркеудің ерекшеліктері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.";

      4) 72-1-баптың 20-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Акциялары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен банк біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде сатып алынған немесе "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-2, 61-4-баптарында көзделген операция жүзеге асырылған кезде берілген банктің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуына уәкілетті органның келісімі бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері (номиналды ұстау) жүйесінде операция тіркелгеннен кейін берілді деп саналады.";

      5) 88-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда, тараптардың осы мәміле бойынша барлық алғандарын қайтаруына жол берілмейді.

      Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәміленің жарамсыздығын туындатқан әрекеттерді жасаудағы кінәлі тарап залал шеккен мәміле тарапына немесе аталған мәмілені жасау нәтижесінде құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұлғаға залалды өтеуге міндетті.".

      29. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      1-баптың 4) тармақшасындағы ", сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген заңды тұлға" деген сөздер алып тасталсын.

      30. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45- құжат):

      1) 5-баптың 1) тармақшасындағы "(1), 2) және 3)" деген сөздер "1), 2), 3) және 3-1)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 18-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1) коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері;";

      3) 19-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) осы тармақшаның екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде кредиттік бюроға ақпарат беру туралы шартта айқындалған тәртіппен хабарлауға міндетті.

      Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2) және 3-1) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушілер кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде кредиттік бюроға ақпарат беру туралы шартта айқындалған тәртіппен хабарлайды.".

      4) 23-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "1), 2) және 4)" деген сөздер "1), 2), 3-1) және 4)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 24-бапта:

      мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "5-1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ұсынатын ақпараты ақпарат беру туралы шартта айқындалады және онда мынадай мәліметтер:

      1) адамның ақпарат берушіден алған көрсетілетін қызметі бойынша берешегінің сомасы;

      2) берешектің пайда болуы және оны өтеу күні;

      3) ақпаратты беру күніне мерзімін өткізіп алу күндерінің саны;

      4) өсімпұл сомасы (бар болған жағдайда);

      5) көрсетілетін қызметтің түрі;

      6) кредиттік тарих субъектісі – жеке тұлға туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі);

      7) кредиттік тарих субъектісі – заңды тұлға туралы ақпарат (атауы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі, бірінші басшылардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және олардың жеке сәйкестендіру нөмірлері);

      8) тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін берешек деп көрсетілетін қызметтерді алушылардың ақпаратты берушінің алдындағы мерзімі өткен берешегі түсініледі.

      5-2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ұсынатын ақпараты ақпаратты беру туралы шартта айқындалады және онда мынадай мәліметтер:

      1) адамның ақпарат берушіден алған көрсетілетін қызметі бойынша берешегінің сомасы;

      2) берешектің пайда болуы және оны өтеу күні;

      3) қамтамасыз ету ретіндегі және (немесе) берешектің болуына (бар болған жағдайда) байланысты ауыртпалығы бар мүлік туралы мәлімет;

      4) тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.";

      6-тармақтағы "Осы бапта" деген сөздер "Осы баптың 1, 2 және 5-тармақтарында" деген сөздермен, "заңдарында" деген сөз "заңнамасында" деген сөзбен ауыстырылсын.

      31. "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат):

      28-бап мынадай мазмұндағы 1-2 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-2. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

      1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.";

      "3-2. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

      1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.".

      32. "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 152-құжат; № 22-VI, 159-құжат):

      1) 8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын сақтанушыны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеген жағдайда сақтандырушымен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасуға арналған өтінішті электронды түрде беруге;";

      2) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады.

      Сақтанушының өтiнiшi қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.

      Сақтанушының осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес электронды түрде берген өтінішінде:

      1) еңбекақының жылдық қорының болжанатын мөлшері және жұмыскерлердің жалпы саны;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібіне сәйкес экономикалық қызмет түрі мен кәсіптік тәуекел сыныбы қамтылуға тиіс.

      Электрондық өтініш беру жолымен жасалған қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартына сақтанушы мен сақтандырушының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қойылады.

      Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.

      Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық еместiгi үшiн жауапкершiлiктi сақтандырушы өз мойнына алады. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық еместiгi салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi.";

      3) 17-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтанушы қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасу мақсатында осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес өтініш берген жағдайда, еңбекақының жылдық қоры сақтанушының өтінішінде көрсетілген деректерге негізделе отырып айқындалады.".

      33. "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат):

      1) 6-5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жобалық қаржыландыру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 346-бабында белгіленген талаптар сақтала отырып, жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Талап ету құқықтарын басқаға беру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.";

      2) 9-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.".

      34. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      1) 5-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кемінде бір жыл мерзімге пайдалану құқығы, соның ішінде жалға беру, өтеусіз пайдалану, сервитуттар, өмір бойы қарауында ұстау құқығы, рента;";

      2) 7-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде және құқық белгілейтін құжатта қамтылатын мәліметтерде алшақтық болған жағдайда, тіркеу ісінде тіркелген құқық белгілейтін құжатқа басымдық беріледі.";

      3) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау

      1. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу және ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің қажетті шарты болып табылады.

      2. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу және ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.

      3. Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылмайды.

      Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін Мемлекеттік корпорация құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде есепке алынуға жататын, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің негізінде енгізеді.

      Құқық белгілейтін құжатта қамтылған сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің нақты деректерінен алшақтығын анықтау мақсатында құқық иеленуші Мемлекеттік корпорацияға мұндай алшақтықтарды анықтау мақсатында өтініш беруге құқылы, оның нәтижесі бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды ресімделеді.

      Мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау, сондай-ақ ғимараттарға, құрылыстарға және (немесе) олардың құрамдастарына кадастрлық нөмір беру ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жарақтандыру нәтижесінде олардың техникалық және (немесе) сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде, мұндай сипаттамалардың өзгеруі техникалық паспортта зерттеп-қарау жүргізбестен көрсетілуі мүмкін болатын, оның ішінде кадастрлық нөмірдің, мекенжайдың, мекенжайдың тіркеу кодының (бар болған жағдайда) өзгерген кездегі жағдайларды қоспағанда, жүргізіледі.

      Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша техникалық паспорт ресімделеді, онда анықталған өзгерістер көрсетіледі.

      4. Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібі мен мерзімін, бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беру тәртібін, сондай-ақ құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу үшін міндетті мәліметтердің нысандарын, техникалық паспорттың нысанын уәкілетті орган айқындайды.

      5. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.";

      4) 31-баптың 1-1-тармағы бірінші бөлігінің 10) тармақшасындағы "құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шартта" деген сөздер "құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы талапты қамтитын шартта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 46-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "борышкердің, оның ішінде кепіл беруші болып табылатын борышкердің" деген сөздер "кепіл берушінің, оның ішінде борышкер болып табылатын кепіл берушінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      35. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат):

      1) 61-баптың екінші абзацындағы "дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі" деген сөздер "жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 62-баптың төртінші абзацындағы "дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі" деген сөздер "жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 65-баптың бірінші абзацындағы "дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі" деген сөздер "жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "66-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексi (Салық кодексi) мынадай мазмұндағы 135-2-баппен толықтырылсын:

      "135-2-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымға салық салу

      1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымның кірістері, мұндай кірістер мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған жағдайда салық салудан босатылуға жатады:

      1) екінші деңгейдегі банктерден активтерді сатып алу және оларды өткізу;

      2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымның екінші деңгейдегі банктерден оларға қойылатын талап ету құқықтарын сатып алған заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акцияларды және (немесе) қатысу үлестерін иелену және өткізу;

      3) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым активтер бойынша талап ету құқықтарын сатып алған екінші деңгейдегі банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иелену және өткізу;

      4) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым екінші деңгейдегі банктерден сатып алған, заңды тұлғаларға талап ету құқықтары бойынша алынған мүлікті мүліктік жалға беру немесе уақытша өтеулі пайдаланудың өзге нысанында пайдалану;

      5) ақшаны бағалы қағаздарға орналастыру.

      Бұл ретте алынуға жататын кірістерді осы тармақта көрсетілген кірістерге жатқызу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылатын кірістер бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын кірістер бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.

      3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын кірістерді алған кезде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым шығыстарының шегерімге жатқызылатын сомасы мұндай ұйымның таңдауы бойынша пропорционалдық немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады.

      4. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылатын шығыстар сомасы пропорционалдық әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістердің үлес салмағы негiзге алына отырып, кірістердің жалпы сомасында айқындалады.

      5. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым бөлек әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістерге жатқызылатын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын кірістерге жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.";

      5) 68-баптың екінші абзацындағы "дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі" деген сөздер "жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 70-баптың екінші, үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, есепке жатқызудың пропорционалдық әдiсiн пайдаланатын ұйымның:

      мұндай банктен сатып алынған активтер бойынша талап ету құқықтары бойынша банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);

      кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым мұндай банктен сатып алынған активтер бойынша талап ету құқықтары бойынша банктен алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар.".

      36. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат):

      1) 5-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5), 11) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.";

      2) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қаржы мониторингi субъектiлерi, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда, жеке немесе заңды тұлғамен іскерлік қатынастарды орнатудан бас тартуға мiндеттi.

      Қаржы мониторингi субъектiлерi осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда, жеке немесе заңды тұлғамен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргiзуден бас тартуға мiндеттi.

      Қаржы мониторингi субъектiлерi клиенттің іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдалатыны туралы күдік болған жағдайда, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жүргізуді осы Заңға сәйкес тоқтата тұруға, сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы.".

      37. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат):

      65-баптың 6-1-тармағының бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банктердің біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген оларды біріктіру" деген сөздер "Біріктіру" деген сөзбен ауыстырылсын.

      38. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 22, 116-құжат):

      1) 36-баптың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беруге бағытталған, құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының осы баптың 2-тармағында көзделген рұқсаты болмай, сол сияқты рұқсаттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ осы баптың 6-тармағына сәйкес берілетін, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз жасалған мәмілелер мен өзге де әрекеттер маңызсыз болады.";

      2) 37-баптың жаңа 2-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-2. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.";

      3) 41-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың ережелеріне қайшы келетін кепіл туралы шарттардың және өзге де келісімдердің талаптары маңызсыз болады.".

      39. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VIІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат):

      1) 71-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік мүлікті иеленуге және (немесе) пайдалануға беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Мемлекеттік мүлікті иеленуге және (немесе) пайдалануға беру туралы шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.";

      2) 101-баптың 8-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сауда-саттықты жарамсыз деп тану осындай сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жасалған сатып алу-сату шартының маңызсыздығына алып келеді.";

      3) 134-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) мемлекеттік жер кадастры үшін жерге орналастыру жұмыстарын, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ақпараттық дерекқорды, экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын және Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларын, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу;";

      4) 195-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "195-бап. Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару және стратегиялық объектілерді сатып алудың басым құқығы туралы ережелерді бұзудың салдарлары

      Стратегиялық объектілерге құқықтарды иеленушінің стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару және стратегиялық объектілерді сатып алудың басым құқығы туралы талаптарды бұза отырып жасаған мәмілесін сот ол жасалған кезден бастап жарамсыз деп тануы мүмкін.".

      40. "Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-II, 56-құжат):

      11-бапта:

      мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:

      "6-2. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде ғарыш объектісіне құқықтарды өзгертуді (құқықтар ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу үшін мынадай құжаттар қоса береді:

      1) өтініш;

      2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмелері;

      3) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасының талабы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген жағдайда ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде қолданылмайды.".

      41. "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55-құжаттар; № 24, 124-құжат):

      1) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысы, осы Заңның 61-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, борышкердің мүлкінен төленеді, ұзарту мерзімін есепке алмағанда, банкроттық рәсімді өткізу кезеңінде тіркелген болып табылады.

      Банкроттық рәсімді өткізу мерзімі ұзартылған жағдайда банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысы банкроттық рәсімінің аяқталуына дейін кредиторлар жиналысы шешімінің негізінде белгіленген негізгі сыйақы мөлшерінің елу пайызынан аспауға тиіс.

      Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен және ең жоғары шектерін, сондай-ақ осындай сыйақыны төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының уәкілетті орган белгілеген шегінде төлеуге жататын мөлшерін кредиторлар жиналысы айқындайды.";

      2) 25-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның мақсаттары үшін:

      1) кредиторлар жиналысын өткізу туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық хабарды уәкілетті органның интернет-ресурсында кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жариялау;

      2) кредиторлар жиналысын өткізу туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық хабарды кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторға дербес қол қойдыра отырып табыс ету;

      3) кредиторлар жиналысының өткізілетіні туралы хабарды пошта арқылы тапсырыс хатпен кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторға жіберу хабар беру тәсілдерінің бірі кредиторларды, сондай-ақ кредиторлар жиналысына қатысуға құқығы бар өзге де адамдарды тиісінше хабардар ету болып танылады.

      Тұрақты немесе көбіне тұратын немесе орналасқан жері бойынша жеке хабардар ету үшін қажет мәліметтерді анықтау мүмкін болмаған кезде не мұндай хабардар ету мүмкін болмайтын өзге де мән-жайлар болған кезде кредиторлар жиналысының өткізілетіні туралы мәліметтерді осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жариялау мұндай адамдарды тиісінше хабардар ету деп танылады.

      Борышкерде интернет-ресурс бар болған кезде, аталған интернет-ресурста кредиторлар жиналысын өткізу туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық хабарды кредиторлардың жиналысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жариялау міндетті болып табылады.

      Осы тармақтың күші оңалту рәсімі немесе банкроттық рәсімі кезінде кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу туралы кредиторларды хабардар етуге қолданылмайды. Кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу туралы хабарды кредиторларға жіберу тәртібі:

      оңалту рәсімі кезінде – осы Заңның 72-бабының 6-тармағында;

      банкроттық рәсімі кезінде – осы Заңның 91-бабының 1-тармағында айқындалады.

      Кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама кредиторларға жіберілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әкімші уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарламаны қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға жібереді.

      Уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.";

      3) 26-баптың 2 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кредиторлар жиналысы, оған сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы бар кредиторлар дауысының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Қайта шақырылған кредиторлар жиналысы, кредиторлар жиналысының өткізілетін уақыты мен орны туралы кредиторлар тиісті түрде хабардар етілген жағдайда, оған кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы бар кредиторлар дауысының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда, заңды болып табылады.

      Кредитор кредиторлар жиналысына дәлелсіз себеппен екі рет қатыспаса, мұндай кредитордың дауыс саны кредиторлар жиналысының заңдылығын айқындаған кезде есепке алынбайды.

      Растайтын құжаты болған кезде:

      1) кредитордың не оның уәкілетті өкілінің еңбекке уақытша жарамсыздығы;

      2) кредитордың не оның уәкілетті өкілінің кредиторлар жиналысына қатысуына кедергі келтіретін төтенше жағдайдың туындауы;

      3) кредиторлар жиналысының шешімі бойынша өзге де себеп дәлелді себеп ретінде танылады.";

      "5. Тәртібі осы Заңның 99-бабының 6-тармағында айқындалатын борышкердің мүлкін (активтерін) тікелей сату туралы шешімдер қабылданатын және оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін жағдайларды қоспағанда, кредиторлар жиналысының шешімдері сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар жиналысына қатысушы кредиторлардың дауыс санының көпшілік дауысымен қабылданады.

      Кредитор дауыс беруден бас тартқан жағдайда, жиналыс шешім қабылдаған кезде кредиторлардың дауысын айқындау мақсатында кредитор кредиторлар жиналысына қатысушы деп саналмайды.

      Әкімші кредиторлар шешімдер қабылдауы үшін әрбір кредитордың дауыс санын "талаптардың бір теңгесі – бір дауыс" қағидаты бойынша айқындайды.

      Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, онда тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі шығындар, сондай-ақ өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар кредиторлар жиналысында дауыс санын айқындау мақсаттары үшін есепке алынбайды.

      Кредиторлар жиналысында дауыс санын айқындау мақсаттары үшін кредиторлардың тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі шығындар, сондай-ақ өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар түріндегі талаптары:

      1) кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы бар кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандырған;

      2) сот шешімі бойынша тек қана тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі шығындар, өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар түріндегі талаптарының ішінен кредиторлардың талаптар тізілімін қалыптастырған жағдайларда есепке алынады.

      Кредитор талаптарының қанағаттандырылуына қарай оның дауыс саны қанағаттандырылған талаптар сомасына азаяды.

      Оңалту жоспарын келісу мәселесі немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралған кезде дауыс беруге, осындай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) кейінгі кезектер құрамында талаптары қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, осы жоспармен немесе оған енгізілетін өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен мүдделері қозғалған кредиторлар қатысады.

      Кредиторлар жиналысының оңалту жоспарын немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келісу туралы шешімі өздерінің талаптары осындай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) кейінгі кезектер құрамында қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, оңалту жоспарымен немесе оған енгізілетін өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен мүдделері қозғалған кредиторлар дауыстары санының көпшілік дауысымен қабылданады.

      Кредитордың кредиторлар жиналысына келмеуінің себебін дәлелді себеп ретінде тану туралы кредиторлар жиналысының шешімі мұндай кредитордың дауысы есепке алынбай қабылданады.";

      4) 61-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 1-тармағында көзделген әкімшілік шығыстарды сотқа жүгінген өтініш беруші сот:

      1) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым;

      2) борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарған жағдайларда төлейді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, сотқа екі және одан да көп кредитор жүгінген кезде әкімшілік шығыстар осындай кредиторлар арасында олардың талаптарына орай пропорционалды түрде бөлiнедi.";

      5) 72-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары кредиторлар талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабар жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей мәлімденуге тиіс.

      Кредиторлардың талаптарында:

      1) талаптың сомасы туралы (негізгі борыштың, сыйақының (мүддесінің), тұрақсыздық айыбының сомасы және өзге де айыппұл санкциялары, залалдар туралы жеке-жеке) мәліметтер;

      2) осы Заңның 25-бабының 1-тармағында көзделген, кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама тәсілдерінің бірін көрсету қамтылуға тиіс.

      Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары бір мезгілде ұсыныла отырып, талаптың негізділігі мен сомасын растайтын құжаттардың (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышын мойындауы) көшірмелері талапқа қоса беріледі.

      Кредиторлар талаптың негізділігі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды да ұсынуға құқылы.

      Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары соттың оңалту рәсімін енгізу туралы шешімі қабылданған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен ескеріледі.";

      6) 75-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) кредитордың кредиторлар жиналысына қатыспауының себебін дәлелді себеп ретінде тану туралы шешім қабылдау;";

      7) 89-баптың 2-тармағында:

      10) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) осы Заңның 11-бабының 5-тармағында белгіленген адамдарды анықтауға және оларды субсидиарлық жауапкершілікке тарту туралы талап арызбен сотқа жүгінуге;";

      "17) банкроттықты басқарушы шеттетілген (босатылған) жағдайда жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға шеттету (босату) туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, банкротқа тиесілі мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды, сондай-ақ банкроттың банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты беруге;";

      мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17-1) банкроттық рәсімі тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде кредиторлар комитетімен оны жүргізу туралы шарт жасасуға;

      17-2) тағайындалған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде банкроттық рәсімінің әкімшілік шығыстарының сметасын жасауға;";

      8) 90-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей олар банкротқа қоятын талаптарын мәлімдеуге тиіс.

      Кредиторлардың талаптарында:

      1) талаптың сомасы туралы (негізгі борыштың, сыйақының (мүддесінің), тұрақсыздық айыбының сомасы және өзге де айыппұл санкциялары, залалдары туралы жеке-жеке) мәліметтер;

      2) осы Заңның 25-бабының 1-тармағында көзделген, кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама тәсілдерінің бірін көрсету қамтылуға тиіс.

      Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары бір мезгілде ұсыныла отырып, талаптың негізділігі мен сомасын растайтын құжаттардың (күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышын мойындауы) көшірмелері талапқа қоса беріледі.";

      9) 93-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кредиторлардың алғашқы жиналысын уақытша басқарушы борышкер банкрот деп танылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кеш болмайтын мерзімде өткізеді.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) уақытша басқарушыға уәкілетті орган белгілеген шекте төленуге тиіс негізгі сыйақы мөлшері айқындалады;";

      3-тармақта:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) банкроттықты басқарушыға уәкілетті орган белгілеген шекте төленуге тиіс негізгі сыйақы мөлшерін айқындау;"

      мынадай мазмұндағы 14-6) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-6) кредитордың кредиторлар жиналысына қатыспауының себебін дәлелді себеп ретінде тану туралы шешім қабылдау;".

      42. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 жылғы 14 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      2-қосымшадағы 158-жол алып тасталсын.

      43. "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-I, 120-құжат):

      1-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының" деген сөздер "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Орталық сайлау комиссиясының," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің," деген сөздермен толықтырылсын.

      44. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; № 24, 126-құжат):

      1-баптың 7) тармақшасындағы "көрсетілетін қызметтер қосылмайды." деген сөздер "көрсетілетін қызметтер;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген операцияларды жүргізу кезінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер қосылмайды.".

      45. "Төрелік туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-II, 54-құжат):

      9-баптың 5-тармағы алып тасталсын.

      46. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 23, 118-құжат):

      1) 1-баптың 19-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заң, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 19-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

2-бап. Осы Заң:

      1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларын;

      2) 2017 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 17), 18) және 19) тармақшаларын;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 22-тармағын және 34-тармағының 3) тармақшасын;

      4) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 9-тармағының 1) тармақшасын, 32-тармағын және 36-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацы, 5) тармақшасының жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтары, 7) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары, 12) және 15) тармақшалары 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 3) тармақшасы, 4) тармақшасының екінші абзацы, 5) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары, 6), 11), 13) және 14) тармақшалары 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.НАЗАРБАЕВ