Мақта саласын дамыту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң мақта саласын дамытудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасында мақтаны өндіру, өңдеу, сақтау және өткізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) кепiл куәлiгiн ұстаушы - кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттемеде мақтаны кепiлге ұстаушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
      2) қойма куәлiгiн ұстаушы - кепiлмен ауыртпалық жасалған мақта иесi; қойма куәлiгiмен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;
      3) линт - мақта талшығын мақта тұқымынан ажыратқаннан кейiн қалған тұқымның талшықты қабығы;
      4) мақта - шиттi мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы;
      5) мақта иесi - меншiк құқығында шиттi мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға;
      6) мақта қабылдау пунктi - шиттi мақтаны қабылдауға, сақтауға және беруге арналған арнаулы ғимарат;
      7) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры - мақта өңдеу ұйымдарының өздерi берген мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға;
      8) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет – шитті мақтаны сақтау; мақта талшығы мен мақта тұқымын сақтау, беру және шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі мақта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын қызмет;
      9) мақта қолхаты - шиттi мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға қабылдап алғанын растау үшiн мақта өңдеу ұйымы беретiн қосарлы қойма куәлiгi;
      10) мақта қолхатын ұстаушы - мақта өңдеу ұйымына шиттi мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға өткiзген мақта иесi; мақта қолхатында индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;
      11) мақта нарығына қатысушылар - шиттi мақтаны өндiруге, оны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеуге және мақтаны сатуға қатысатын жеке және заңды тұлғалар;
      12) мақта нарығының мониторингi - мақта нарығына қатысушылар жүзеге асыратын мақтаны өндiрудi, өңдеудi, сақтауды және өткiзудi қоса алғанда, мақта нарығы деректерiн жинауға, пысықтауға және талдауға бағытталған iс-шаралар жиынтығы;
      13) мақтаның сапасы - стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн айқындайтын мақтаның тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы;
      14) мақта өңдеу ұйымы - меншiк құқығында мақта тазалау зауыты бар, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі жөнiнде қызметтер көрсететiн заңды тұлға;
      15) мақта саласын дамыту жүйесiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, мақта саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      16) мақта тазалау зауыты - шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеуге арналған арнаулы ғимарат;
      17) мақта талшығы - шиттi мақтаны бастапқы өңдеу кезiнде алынатын негiзгi өнiм;
      18) мақта талшығы бумасы - стандарттау жөнiндегi техникалық регламенттер мен нормативтiк құжаттардың талаптарын сақтай отырып, шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеу нәтижесiнде алынған мақта талшығының ерекше әдiспен нығыздалған белгiлi бiр көлемi;
      19) мақта талшығының сапасына сараптама жасау - сынаманы iрiктеу мен сынақтан өткiзудi, мақта талшығының сапа паспортын ресiмдеудi қамтитын мақта талшығы сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi;
      20) мақта талшығы сапасының паспорты - мақта талшығы сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар және (немесе) келiсiмшарттар талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
      21) мақта тұқымы - шиттi мақтаны бастапқы өңдеу кезiнде алынған мақта ұрығы;
      22) мақта шаруашылығы - өсiмдiк шаруашылығының мақта өндiру жөнiндегi саласы;
      23) мамандандырылған ауыспалы мақта егiсi - бiр ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң жер пайдалану аумағындағы егiстiк жердiң құрылымында мақтаның үлесi жетпiс пайыздан аспайтын жағдайда, өсiмдiктер аурулары мен зиянкестердiң жиналуына кедергi болатын, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыруға, шиттi мақтаның өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға әсер ететiн, мақтаның басқа ауыл шаруашылығы дақылдарымен ғылыми негiзделген кезектестiрiлiп егiлуi;
      24) өңдеу шарты - шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеу жөніндегі жария шарты;
      25) сақтау шарты - шиттi мақтаны сақтаудың жария шарты;
      26) сарапшы ұйым - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес мақта талшығы сапасына сараптама жасауды және мақта талшығы сапасының паспортын берудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      27) шиттi мақта - тұқымынан ажыратылмаған талшық;
      28) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу – шитті мақтаны мақта талшығы, тұқым, линт, талшықты қалдықтар (құрамдарында үлік бар және мамық бар) етіп тазалау жөніндегі технологиялық операциялар кешені;
      29) шиттi мақтаның сапасына сараптама жасау - сынаманы iрiктеу мен сынақтан өткiзудi, шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктi ресiмдеудi қамтитын шиттi мақта сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi;
      30) шиттi мақтаны өңдеудiң жанама өнiмдерi - тұқым, линт, талшықты қалдықтар (құрамында үлiк және мамық бар);
      31) шиттi мақтаны сақтау - шиттi мақтаны қабылдау, сақтау және беру жөнiндегi технологиялық операциялар кешенi;
      32) шиттi мақта өндiрiсi - шиттi мақта өсiруге бағытталған агротехнологиялық iс-шаралар кешенi.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

       2-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын
             дамыту туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

2-тарау. МАҚТА САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

      3-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаты

      Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаты ғылыми негізделген технологияларды енгізу, мақта шаруашылығын техникалық реттеу және индустрияландыру, оны тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялау негізінде мақта саласын дамыту, мақтаның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

      4-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің нысандары

      Мақта саласын мемлекеттік реттеу: 

      1) мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау; 

      2) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесін дамыту; 

      3) кластерлік даму принциптерін ескере отырып, мақта саласының тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялануын ынталандыру; 

      4) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау;

      5) техникалық реттеу; 

      6) сарапшы ұйымды айқындау, сондай-ақ оның мақта талшығының сапасына сараптама жасау ережесін сақтауын бақылау; 

      7) мақта нарығының мониторингі

      8) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мақта егілетін аймақтарда мамандандырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауының мониторингі; 

      9) мақта саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді шығару арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау

      Мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 

      1) инвестициялық, салықтық, бюджеттік және кедендік ынталандыру саясатын қалыптастыру және іске асыру; 

      2) бюджет қаражаты есебінен мынадай іс-шараларды ұйымдастыру:
      тұқымдық мақсат үшін пайдаланылатын мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру;
      мақтаны өндіру, сақтау және өңдеу, селекция және тұқым шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, топырақты мелиорациялау, оның құнарлылығын сақтау мен арттыру саласындағы ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды жүргізу;
      шитті мақта өндірудің ғылыми негізделген технологияларын енгізу;
      шитті мақтаны өндіру кезінде егістік алқаптардың құрылымын оңтайландыру және мамандандырылған ауыспалы мақта егісін енгізу;
      мелиоративтік және ирригациялық жұмыстарды жүргізу;
      зиянкестердің, өсімдіктер ауруларының және арамшөптердің пайда болуын, көбеюін және таралуын жүйелі түрде бақылау және олардың есебін жүргізу, сондай-ақ мақта егілетін аймақтарда ерекше қауіпті зиянды организмдермен күрес жүргізу;
      мақта саласы және тоқыма өнеркәсібі үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес мамандар даярлау;
      ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу жөнінде қызметтер көрсету құнын субсидиялау;
      шитті мақтаның сапасын сараптаудың құнын субсидиялау;
      3) мақта өндірушілер мен мақта өңдеу ұйымдарына техника мен құрал-жабдықтарды лизингтік беруді жүзеге асыру үшін мамандандырылған ұйымдарға қаражат бөлу; 

      4) шитті мақта өндірушілерге мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарынан тұқымдық несие беру

      5) мақта нарығына қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз ету; 

      6) тұқым шаруашылығын дамыту, оның ішінде бірегей мақта тұқымын өндіруге жұмсалған шығынды өтеу, отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сатылған мақтаның элиталық тұқымдарының, бірінші және екінші көбейтілген тұқымдарының құнын арзандатуды қамтамасыз ету, мақта тұқымдарының сорттық және егістік сапасын айқындау; 

      7) мақта нарығына қатысушыларды кредиттеу жүйесін ұйымдастыру;

      8) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес мақта егістерін сақтандыру; 

      9) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, су үнемдейтін технологиялар енгізуге, су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативтері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құрылуына және қалыптасуына жәрдемдесу.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне: 

      1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлеу;

      2) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

      3) сақтау және өңдеу шарттарының үлгі нысандарын бекіту;

      3-1) мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;

      4) мыналарды:
      мақта талшығы сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережелерін;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылуы ережелерін;
      мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережелерін;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алуы ережелерін;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу ережелерін;
      мақта өңдеу ұйымына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауды субсидиялаудың ережелерін;
      мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын;
      мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын;
      шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларын;
      мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларын;
      мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын бекіту.

      5) сарапшы ұйымды айқындау;

      6) сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

      7) мақта саласын дамыту саласындағы техникалық регламенттерді бекіту; 

      8) мақта саласын дамыту мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
      9) мыналарды:
      шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын;
      шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысандарын (үлгісін);
      мақта талшығының сапасы паспортының нысандарын (үлгісін) бекіту;
      10) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті органның құзыретіне: 

      1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырып, іске асыруды қамтамасыз ету; 

      2) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды қамтамасыз ету және олардың мөлшерлік-сапалық жай-күйін бақылау; 

      3) мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      4) мақта қолхатының нысаны (үлгісі) мен сипаттамасын әзірлеп, бекіту;

      5) мыналарға:
      мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет;
      сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарының жобаларын әзірлеу; 

      6) мыналарды:
      шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті беру тәртібін;
      шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін);
      мақта талшығы сапа паспортының нысанын (үлгісін) әзірлеу;

      7) мақта нарығы мониторингін жүргізу; 

      8) мыналарды:
      мақтаның қауіпсіздігі мен сапасын;
      аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін;
      сарапшылық ұйымның қызметін бақылау; 

      9) мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыру; 

      10) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуға міндетті жазбаша нұсқамалар беру; 

      11) мақта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдау; 

      12) мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап қою;

      13) осы Заңның 33-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде мақтаны беруге уақытша тыйым салу; 

      14) техникалық регламенттерді әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзекті сипат беру және оларды біріздендіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дайындап, енгізу; 

      15) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік инспектор туралы ережені әзірлеп, бекіту; 

      16) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын сақтау мәселелері бойынша есеп жүргізу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, есеп беру мерзімдерін әзірлеу;

      17) сақтау және өңдеу шарттарының үлгілік нысандарын әзірлеу; 

      18) мыналардың:
      мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапасы туралы паспортты беру ережелерінің;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылуы ережелерінің;
      мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережелерінің;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алуы ережелерінің;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу ережелерінің;
      мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларының;
      мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларының;
      мақта өндеу ұйымдарына қабылдап алу кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауды субсидиялау қағидаларының;
      шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларының;
      мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларының;
      мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларының жобаларын әзірлеу;

      19) мақта өңдеу ұйымдарының:
      мақтаның мөлшерлік-сапалық есебін жүргізу;
      мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу;
      мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережелерін сақтауын бақылау; 

      20) сарапшы ұйымның мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру ережелерін сақтауын жыл сайынғы бақылау;

      21) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
       Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      8-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті

      Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне: 

      1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру; 

      2) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;

      3) уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес мақта нарығы мониторингін жүргізуге қатысу; 

      4) мақта егілетін аймақтарда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мамандандырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауына мониторинг жүргізу; 

      5) мақта өңдеу ұйымдарына:
      мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында бекітілген кестелер негізінде мақта өңдеу ұйымдарын білікті талаптарына сәйкестігі және шитті мақтаның жаңа өнімін қабылдауға әзірлігі нысанасына жыл сайынғы жоспарлы тексеруді;
      мақта өңдеу ұйымдарын тексеру актілерін ресімдеуді;

      6) уәкілетті органға:
      мақта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу туралы ұсыныстар;
      мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап-арыз беру туралы ұсыныстар;
      стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды, мақта саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; 

      7) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұру, сондай-ақ мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы сотқа талап-арыз беру;
      8) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
      9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. МАҚТАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН САПАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ

       Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      9-бап. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы
              мемлекеттік бақылау

      1. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган өз құзыреті шегінде жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының мақтаның қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
      2. Мақтаның қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтіруге байланысты тәуекелге жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.
      3. Мақтаның сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау:
      1) мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде, мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында мақтаны сақтау мен қайта өңдеуге қабылдау және беру кезінде мақтаның сапа көрсеткіштерін айқындауға бақылауды;
      2) мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде, мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында сақтаудағы және қайта өңдеудегі мақтаның сандық-сапалық жай-күйін бақылауды қамтиды.
      4. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысанда жүзеге асырылады.
      5. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-бап. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау

      1. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады. 

      2. Мақта нарығына қатысушы шитті мақтаның сапасына сараптама жасау үшін аккредиттелген сынақ зертханасына (орталығына) шарт негізінде өтініш жасауға құқылы. 

      3. Мақта нарығына қатысушылардың мүдделерін қорғау мақсатында аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) шитті мақтаның сапасына сараптама жасау және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртібін сақтауы жөніндегі қызметін бақылауды уәкілетті орган техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп жүзеге асырады.

      11-бап. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау

      1. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау міндетті болып табылады және ол мақта талшығының әрбір бумасы бойынша (бума бойынша) жүзеге асырылады. 

      2. Мақта талшығының сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған сарапшы ұйым осы Заңның 6-бабының 6) тармақшасында бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      Мақта талшығының иесі қажет болған жағдайда өз қаражаты есебінен өзге сараптама ұйымында мақта талшығының сапасына қайта сараптама жасауды жүзеге асыруға құқылы. 

      3. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру ережелерін сарапшы ұйымның сақтауын бақылауды жыл сайын уәкілетті орган жүзеге асырады. 

      4. Мақта талшығының сапа паспортынсыз мақта талшығын сатуға жол берілмейді.

4-тарау. Мақта өндірумен айналысатын ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің, мақта өңдеу ұйымдары мен сервистік-дайындау орталықтарының қызметі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12-бап. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы
              тауар өндірушілерінің құқықтары мен міндеттері

      1. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері: 

      1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес берілген жер учаскелерінде шитті мақта өсіруге; 

      2) өзіне тиесілі мақтаға өз қалауы бойынша иелік етуге, оны пайдалануға және оған билік етуге; 

      3) мақта саласын дамытуға мемлекеттік қолдау алуға; 

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы. 

      2. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері:
      1) мақта өндіруді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің құнарлылығын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ мұндай қызметтің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін болдырмайтын немесе шектейтін тәсілдермен жүзеге асыруға; 

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

      13-бап. Мақта өңдеу ұйымы

      1. Мақта өңдеу ұйымы лицензияның негізінде мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтерді көрсетеді.
      Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы жоқ заңды тұлғаның өз атауында, тауар таңбаларында, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамасында «мақта өңдеу ұйымы», «мақта тазалау зауыты», «мақта қабылдау пункті» деген сөздерді немесе одан туындайтын сөздерді пайдалануға құқығы жоқ.

      2. Мақта өңдеу ұйымы ортақ пайдаланудағы тауар қоймасы деп танылады.

      3. Мақта өңдеу ұйымында:

      1) мақта тазалау зауытында:
      кемінде бір мақта қабылдау пункті;
      шитті мақтаны талшықты мақта етіп бастапқы өңдеу жөніндегі технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдық;
      таразы жабдығы;
      желдеткіш жабдығы;
      тиеу-түсіру тетіктері;
      өрт сөндіру құралдары;
      мақтаның сапасын айқындауға арналған өндірістік-технологиялық зертхана;
      мақта сақтауға арнайы бөлінген орын;

      2) мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінде:
      шитті мақтаны текшелеуге және сақтауға арналған ашық (жабық) алаң;
      таразы жабдығы;
      желдеткіш жабдығы;
      шитті мақтаның сынамасын іріктеуге және сапасын анықтауға арналған зертхана жабдығы;
      тиеу-түсіру тетіктері;
      өрт сөндіру құралдары болуға тиіс.
      Мақта тазалау зауытының, сондай-ақ мақта тазалау зауыты орналасқан жерден тыс тұрған мақта қабылдау пунктінің аумағы қоршалуға тиіс.

      4. Мақта өңдеу ұйымы:
      1) мақтаны қабылдау және сақтау шарттарын орындауға және стандарттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде, техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті қамтамасыз етуге;

      2) сақтауға және (немесе) өңдеуге қабылданған мақтаның мөлшерлік және сапалық сақталуын берілген мақта қолхаттарына сәйкес қамтамасыз етуге;

      3) көрсетілген қызметтер үшін берешегі болмаған кезде сақтау және (немесе) өңдеу шартының талаптарына сәйкес мақта қолхатын ұстаушының талабы бойынша мақта қолхатының орнына сақтаудағы мақтаны беруге;

      4) мақта иесінің талабы бойынша мақтаның сапасын тексеру үшін мақта сынамасын іріктеуді қамтамасыз етуге;

      5) мақта иелері алдындағы сақтау шартында және (немесе) өңдеу  шартында көзделген міндеттемелерін орындауға міндетті.
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-бап. Мақта өңдеу ұйымының қызметтеріне ақы төлеу

      Мақта өңдеу ұйымының қызметтеріне ақы төлеу сақтау шартына және (немесе) өңдеу шартына сәйкес ақшалай не мақта иесінің мақта қолхатында индоссамент жасай отырып, тиісті мақта мөлшерін мақта өңдеу ұйымына беру арқылы жүргізіледі.

      15-бап. Мақта өңдеу ұйымының қызметін шектеу

      1. Мақта өңдеу ұйымдарының:

      1) мақта талшығын өңдеу өнімі мен шитті мақтаны өңдеудің қосалқы өнімдерін, тоқыма өнімін өндіруі мен сатуын;

      2) кеден қоймасы қызметтерін көрсетуін;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мақта өңдеу ұйымының мүлік кешенін тұтастай кепілге қоюын қоспағанда, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерге жатпайтын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ кепілдіктер беруіне және өз мүлкін үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілге қоюына тыйым салынады.
      Мақта өңдеу ұйымдары мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет және мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметіне байланысты емес қызмет операцияларының есебін жеке-жеке жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.

      2. Негізгі құрал-жабдықтарсыз мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру мүлде мүмкін болмайтын не қызмет айтарлықтай нашарлайтын жағдайда, мақта өңдеу ұйымының оларды иеліктен шығаруына тыйым салынады.

      3. Сақтауға және (немесе) өңдеуге тапсырылған мақтаға мақта өңдеу ұйымдарының билік етуіне тыйым салынады.
      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      16-бап. Мақта өңдеу ұйымының есебі және есептілігі

      1. Мақта өңдеу ұйымы өзінің мақтаға қатысты жасаған операцияларын көрсететін құжаттардың есебін қатаң жүргізуге және олардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
      2. Есеп құжаттарының тізбесі мен нысандарын, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету, мақта нарығының мониторингін жүргізу жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша есеп беру мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      2-1. Ведомстволық статистикалық байқауларды уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес жүргізеді.
      3. Сақталуға тиісті құжаттардың тізбесі, оларды сақтау мерзімдері мақтаның мөлшерлік-сапалық есебін жүргізу ережелерімен белгіленеді.
      4. Мақта өңдеу ұйымы уәкілетті органның және облыстың жергілікті атқарушы органының жазбаша сауал салуы бойынша өз қызметіне байланысты мақта нарығының мониторингін жүргізу үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті.
      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      17-бап. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің
             орындалуына кепілдік беру жүйесі

      1. Мақта өңдеу ұйымы мақта қолхаттарын ұстаушылардың алдындағы өз міндеттемелерін мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу жолымен орындауды қамтамасыз етуге міндетті.

      2. Мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорымен жасалатын қатысу шарты негізінде жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорлары өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.

      18-бап. Мақта өңдеу ұйымының аудиті

      1. Мақта өңдеу ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізуге міндетті.

      2. Егер мақта өңдеу ұйымы аудит жүргізуден жалтарса, аудит кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша сот шешімімен тағайындалуы мүмкін.

      3. Мақта өңдеу ұйымының ішкі аудит қызметінің аудитті жүзеге асыруы оны аудит жүргізу міндетінен босатпайды.

      19-бап. Мақта өңдеу ұйымының мүлкін иеліктен шығару
             (сатып алу) ерекшеліктері

      1. Мақта тазалау зауыты бөлінбейтін мүлік болып табылады және:

      1) мақта тазалау зауыты тұрған орыннан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктін иеліктен шығарған (сатып алған);

      2) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тоқтатқан және мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік инспектор растаған мақта қолхаттарын ұстаушылардың алдында орындалмаған міндеттемелері болмаған;

      3) мақта өңдеу ұйымын таратқан кезде мүлікті өткізу жағдайларын қоспағанда, бөлінбейтін мүлік ретінде иеліктен шығарылады (сатып алынады).

      2. Мақта өңдеу ұйымы мақта тазалау зауытын немесе мақта тазалау зауытынан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктін иеліктен шығарғанға дейін екі айдан кешіктірмейтін мерзімде өзіне белгілі мақта қолхаттарын ұстаушылардың мүлікті иеліктен шығару жөнінде жазбаша хабардар етуге, сондай-ақ республикалық мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде тиісті хабарландыру беруге міндетті.

      3. Мақта өңдеу ұйымы осы баптың 1 және 2-тармақтарын бұза отырып, жасаған мақта тазалау зауытын немесе мақта тазалау зауытынан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктін өткізу жөніндегі мәмілелерді сот мақта қолхаттарын ұстаушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың талап-арызы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.

      4. Мақта тазалау зауытының (мақта тазалау зауыты тұрған орыннан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінің) бұрынғы меншік иесі берген мақта қолхаттарынан туындайтын міндеттемелерді орындау мүлікті қабылдау-беру жөніндегі комиссия жасаған және мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік инспектор бекіткен қалдық мақтаны түгендеу актісімен белгіленген мөлшерде мақта тазалау зауытын (мақта тазалау зауыты тұрған орыннан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктін) сатып алушыға немесе мұндай мүлікті соттың немесе аралық соттың шешімін орындау тәртібімен алған тұлғаға жүктеледі.

      Егер қалдық мақтаны түгендеу актісі жасалмаған жағдайда, мүліктің бұрынғы меншік иесі мақта өңдеу ұйымы берген барлық мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау:

      1) мақта тазалау зауытын иеліктен шығару кезінде осы мақта тазалау зауытының жаңа иесіне жүктеледі;

      2) мақта тазалау зауыты тұрған орыннан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктін иеліктен шығарған кезде осы мақта қабылдау пунктінің бұрынғы меншік иесі жүзеге асырады.

      5. Мақта тазалау зауытының және (немесе) мақта тазалау зауытынан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінің жаңа меншік иесі қалдық мақтаны түгендеу актісі бойынша қабылданған мақтаны өңдеуді және сақтауды бұрынғы меншік иесі мен мақта иесінің арасында бұрын жасалған өңдеу шарты жағдайында, мұндай шарттың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырады.

      6. Нарықта үстем жағдайға ие нарық субъектісі болып табылатын мақта өңдеу ұйымының мүлкін иеліктен шығару, сондай-ақ нарықта үстем жағдайға ие тұлғаның мақта өңдеу ұйымының мүлкін сатып алуы Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-тарау. МАҚТА ҚОЛХАТЫ

      20-бап. Мақта қолхаты

      1. Мақта өңдеу ұйымы мақта қолхатын мақтаны қабылдап алғанын растау үшін сақтау шарты және (немесе) өңдеу шарты негізінде береді.

      2. Мақта қолхаты екі бөліктен: қажет болған кезде бір-бірінен бөлінуі мүмкін қойма куәлігінен және кепіл куәлігінен тұрады. Мақта қолхаты және оның бөліктерінің әрқайсысы комиссиялық емес ордерлік бағалы қағаздар болып табылады.

      3. Мақта қолхатының әрбір бөлігі мынадай міндетті деректемелерді:
      1) лицензиар беретін мақта өңдеу ұйымының кодын;

      2) мақта қолхаттарының тізілімі бойынша мақта қолхатының ағымдағы нөмірін;

      3) мақта қолхаты бланкісінің сериясы мен нөмірін;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.12.24 N 60-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      4) мақтаны қабылдап алған мақта өңдеу ұйымының атауын, орналасқан жерін және салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

      5) мақта иесі туралы деректерді: жеке тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауын; жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн немесе заңды тұлғаның орналасқан жерiн; жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрiн немесе заңды тұлғаның тіркеу нөмірін; мақта иесiнiң бизнес-сәйкестендіру нөмірін (ол болған кезде), салық төлеушiнің тiркеу нөмiрiн;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақты 5-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 2012.12.24 N 60-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      6) тұқымның сорттық және егістік сапасын куәландыратын құжаттың деректемелерін;

      7) мақтаның сапалық-мөлшерлік көрсеткіштерін;

      8) мақта сақтау орнын: мақта тазалау зауыты орналасқан жерді және (немесе) мақта тазалау зауыты орналасқан жерден тыс тұрған мақта қабылдау пунктінің орналасқан жерін;

      9) шитті мақтаны сақтау және (немесе) өңдеу мерзімін; мақта тұқымын және мақта талшығын сақтау мерзімін;

      10) сақтау шартының және (немесе) өңдеу шартының деректемелерін (нөмірі мен жасалған күнін);

      11) мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорына қатысуы туралы белгіні;

      12) мақта қолхаты берілген күнді;

      13) уәкілетті адамның қолын және мақта өңдеу ұйымының мөрін;

      14) мақта қолхатының тиісті бөлігінің атауын;

      15) сақтағаны үшін ақы төлегені туралы белгіні қамтуға тиіс.

      4. Осы баптың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжат мақта қолхаты болып табылмайды.

      5. Кепіл куәлігін қойма куәлігінен бөлген кезде қойма куәлігінде мынадай ақпарат бар белгі жасалады:

      1) жеке тұлғаға қатысты - индоссаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және тұрғылықты жері; заңды тұлғаға қатысты - индоссаттың атауы және орналасқан жері;

      2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің, ол бойынша сыйақы ставкасын қоса алғанда, мәні, мөлшері, міндеттемені орындау мерзімі;
      3) индоссаттың қолы;

      4) кепіл куәлігінің бөлінген күні.

      6. Кепіл куәлігін қойма куәлігінен бөлген кезде кепіл куәлігінде мынадай ақпарат бар белгі жасалады:

      1) жеке тұлғаға қатысты - индоссанттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және тұрғылықты жері; заңды тұлғаға қатысты - индоссанттың атауы және орналасқан жері;

      2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің, ол бойынша сыйақы ставкасын қоса алғанда, мәні, мөлшері, міндеттемені орындау мерзімі;

      3) индоссанттың қолы;

      4) кепіл куәлігінің бөлінген күні.

      7. Мақта өңдеу ұйымы уәкілетті органға мақта қолхаттарына қол қоюға уәкілеттік берілген жеке тұлғалардың тектері, аттары, әкелерінің аттары (олар бар болған жағдайда) жазылған карточканы, олардың қолтаңбаларының үлгілерін, сондай-ақ мақта қолхатына қойылатын мөр бедерінің үлгісін табыс етуге міндетті.

      8. Мақта қолхатындағы қойылған қолдардың, мөр бедерінің, уәкілетті органға берілген карточкада көрсетілген қойылған қолдардың үлгілері мен мөр бедеріне сәйкес келмеуі, аталған мақта қолхатын жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.
      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      21-бап. Мақта қолхатын беру тәртібі

      1. Мақта қолхаты сапасы бойынша біртектес әрбір мақта партиясына беріледі. Тапсырылған мақтаның барлық көлеміне берілетін мақта қолхаттарының санын өзінің өтінімі бойынша мақта иесі айқындайды.
      Мақта өңдеу ұйымы мақта қолхатын мақта партиясы түзіліп болғаннан кейін өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде береді.

      2. Мақта қолхаттары мақта иесіне мақта өңдеу ұйымы хронологиялық тәртіппен жүргізетін мақта қолхаттарының тізіліміне тіркеліп және оның қолы қойылып беріледі.

      3. Жаңа мақта қолхаттары мақта қолхаттарын ұстаушылардың талабы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) мақта қолхатында индоссамент жасау үшін бос орын болмаған;

      2) мақта қолхаты тозған;

      3) мақта қолхаты айырбасталған;

      4) мақта қолхаты жоғалған жағдайларда беріледі.
      4. Сервистік-дайындау орталығында жүзеге асырылатын қызмет лицензиялауға жатпайды. Сервистік-дайындау орталығындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар мақта қолхаттарын беруге құқылы емес.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      22-бап. Мақта қолхаты мен оның бөліктері бойынша
               құқықтарды беру

      1. Мақта қолхаты мен оның бөліктері бойынша құқықтар оларда беру жазбаларын - индоссамент жүргізу жолымен беріледі.

      2. Бөлінбеген мақта қолхаты бойынша құқықтар беру тек қана қойма куәлігінде индоссамент жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      3. Кепіл куәлігін қойма куәлігінен бөлу осы Заңның 20-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес мақта кепілге қойылған кезде жүзеге асырылады.

      23-бап. Мақта қолхаты мен оның бөліктерін ұстаушылардың
              құқықтары

      1. Мақта қолхатын ұстаушының мақта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау пунктінде) сақтаулы мақтаға толық көлемде билік етуге құқығы бар.

      2. Кепіл туралы мәліметі бар қойма куәлігін ұстаушы мақта қолхатында көрсетілген мақтаға билік етуге құқылы, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кепіл куәлігі бойынша қарызын өтегенге дейін мақтаны беруді талап етуге құқығы жоқ.

      3. Кепіл куәлігін ұстаушы:
      1) кепіл куәлігін қойма куәлігінен бөлген қойма куәлігін ұстаушыдан кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттеменің орындалуын талап етуге;

      2) кепіл куәлігін және ол бойынша құқықтарды үшінші тұлғаларға беруге;

      3) кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттеме орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілге қойылған затты өндіріп алуға құқылы.

      24-бап. Мақтаны беру

      1. Мақтаны беру мақта қолхатын ұстаушының талабы бойынша өтелуге жататын қойма және кепіл куәліктерінің түпнұсқасына айырбастау арқылы жүзеге асырылады.
      Осы Заңның 26-бабына сәйкес сатылған мақтаны беру оны сатып алушының талабы бойынша сауда-саттық нәтижелері туралы құжатқа айырбастау арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мақта қолхатын ұстаушы мақтаны бөліп-бөліп беруді талап етуге құқылы. Бұл ретте оған бастапқы мақта қолхатының орнына мақтаның қалған көлеміне жаңа мақта қолхаты беріледі.

      3. Мақтаны талап ету үшін мақта қолхатын ұстаушы өзі келуге немесе сенімхатқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген өкілеттігіне орай іс-әрекет жасайтын уәкілетті өкілін жіберуге міндетті.

      4. Кепіл туралы мәліметтері бар қойма куәлігін ұстаушының талабы бойынша мақтаны беру уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      25-бап. Кепіл куәлігі бойынша құқықтарды жүзеге
              асыру тәртібі

      1. Кепіл куәлігін ұстаушы кепіл куәлігінде көрсетілген мақтаны кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда ғана өндіріп алуға құқылы.

      2. Кепіл куәлігімен қамтамасыз етілген міндеттеме мерзімінен бұрын орындалған жағдайда кепіл куәлігін ұстаушы кепіл куәлігін кепілдің тоқтатылуы туралы белгімен белгілі қойма куәлігін ұстаушыға не мақта өңдеу ұйымына өтеу үшін қайтарып беруге міндетті.

      3. Егер өндіріп алу сәтіне қойма куәлігін ұстаушы мақтаны талап етсе, мақта өңдеу ұйымы кепіл куәлігін ұстаушыға кепіл куәлігінде көрсетілген міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжатты ұсынады.
      Кепіл куәлігінде көрсетілген міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжат бойынша талаптарды қанағаттандырғаннан кейін кепіл куәлігін ұстаушы кепілдің тоқтатылуы туралы белгі қойып, кепіл куәлігін өтеу үшін қайтарып береді.

      26-бап. Кепілге қойылған мақтаны сату

      1. Кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда кепілге қойылған мақтаны сатуды кепіл куәлігін ұстаушының сенім білдірген адамы жүзеге асырады.
      Кепіл куәлігін ұстаушының сенім білдірген адамы кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттемелердің орындалмағаны туралы кепіл берушіні жазбаша хабардар етеді, сонымен бір мезгілде бұқаралық ақпарат құралдарында сауда-саттықтың өткізілетін уақыты, өтетін орны, сауда-саттық нысанасы, оларды өткізу тәртібі, сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу туралы және кепілдікке салынған мақтаның бастапқы бағасы туралы мәліметтерді қоса алғанда, сауда-саттық өткізу туралы хабарландыру жариялайды.
      Сауда-саттық бұқаралық ақпарат құралдарында сауда-саттық өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап кемінде күнтізбелік он төрт күн өткеннен кейін өткізіледі.

      2. Мақтаны сатудан түскен сома мынадай реттілікпен бөлінеді: ең алдымен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығыстар жабылады, содан кейін мақта өңдеу ұйымына мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі жөніндегі қызметтері үшін сыйақы төленеді, бұдан соң кепіл куәлігін ұстаушының талаптары қанағаттандырылады, ал қалған бөлігі қойма куәлігін ұстаушыға қойма куәлігі түпнұсқасының орнына қайтарылып беріледі.

      3. Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толығымен қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады.
      Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      27-бап. Мақта қолхатын немесе оның бөліктерін жоғалту

      1. Мақта қолхатын немесе оның бөліктерін (қойма немесе кепіл куәлігін) жоғалтқан жағдайда мақта қолхатын немесе тиісті куәлікті жоғалтқан адам бұл туралы мақта өңдеу ұйымын жазбаша нысанда дереу хабардар етуге міндетті.
      Кепіл туралы мәліметі бар қойма куәлігін жоғалтқан жағдайда, қойма куәлігін жоғалтқан адам бұл туралы қойма куәлігінде көрсетілген қойма куәлігін ұстаушыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.

      2. Жоғалған мақта қолхаты немесе оның бөліктері (қойма немесе кепіл куәлігі) бойынша құқықтарды қайта қалпына келтіруді сот жүргізеді.

6-тарау. МАҚТА ӨҢДЕУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ

      28-бап. Мақта өңдеу ұйымдарының қызметін
              инспекциялау (тексеру)

      1. Мақта нарығын реттеу және мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті орган дербес және (немесе) тиісті мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, сондай-ақ мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік инспектор мақта өңдеу ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталу нысанасына инспекциялауды (тексеруді) жүргізеді.

      2. Мақта өңдеу ұйымы осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаларға инспекциялау (тексеру) жөніндегі тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша жәрдем көрсетуге, мақта тазалау зауытының және мақта қабылдау пункттерінің аумағындағы барлық өндірістік объектілерге, сондай-ақ инспекциялау (тексеру) жүргізуге қажетті ақпараты бар барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.

      3. Мақта өңдеу ұйымының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар мақта өңдеу ұйымының қызметін инспекциялау (тексеру) барысында алынған коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      29-бап. Мақта шаруашылығын дамыту саласындағы
              мемлекеттік инспектор

      1. Мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік инспектор өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде:

      1) осы Заңның 9-бабына сәйкес мақтаның қауіпсіздігін және сапасын тексеруді жүзеге асыруға;

      2) өндіріс, шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу, шитті мақтаны сақтау объектілеріне кедергісіз (қызметтік куәлігін және құқықтық статистика жөніндегі органда тіркеу туралы белгісі бар тексеріс тағайындау туралы актіні көрсеткен кезде) кіруге, сондай-ақ мемлекеттік бақылауды және мақта нарығы мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға;

      3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның күшін тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.

      2. Уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшілердің тиісті лауазымына "мақта саласын дамыту жүйесінің мемлекеттік инспекторы" деген қосымша арнайы атау беруге құқылы.
      Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      30-бап. Мақта өңдеу ұйымдарына ықпал ету шаралары

      Тексеру нәтижелері бойынша мақта өңдеу ұйымының қызметінде бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган мақта өңдеу ұйымына мынадай ықпал ету шараларын қолдануға құқылы:

      1) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуға міндетті жазбаша нұсқамалар беру;

      2) осы Заңның 32-бабында көзделген негіздер бойынша мақта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу;

      3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізу.
      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасы жіберілген мақта өңдеуші ұйым оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
      Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      31-бап. Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі
               бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті
               жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның
               қолданысын тоқтата тұру, одан айыру

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-тарау. МАҚТА ӨҢДЕУ ҰЙЫМЫН УАҚЫТША БАСҚАРУ

      32-бап. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару

      1. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілетін қалпына келтіруге бағытталған әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешенін мәжбүрлеп жүргізуді білдіреді.

      2. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдау үшін мына негіздердің ең болмағанда біреуі болса жеткілікті:

      1) осы Заңның 24-бабында көзделген тәртіппен мақта қолхатын ұстаушының алғашқы талабы бойынша мақтаны беруден бас тартуымен білдірілген шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі шарттық міндеттемелердің жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) тиісінше орындалмауы;

      2) мақта қолхаттарымен қамтамасыз етілген мақта мөлшерінің сақтаудағы мақтаның нақты мөлшерінен артық болуы фактілерінің анықталуы.

      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер бойынша уақытша басқаруды енгізудің шарты осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын мақта өңдеу ұйымының қызметін инспекциялау (тексеру) нәтижесінде жасалатын анықталған бұзушылықтар туралы акті болып табылады.
      Мақта өңдеу ұйымының қызметіне уәкілетті органның инспекция (тексеріс) жүргізуі үшін:

      1) облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынысы;

      2) тексерістер жүргізу кестесі;

      3) мақта қолхаттарын ұстаушылардың мақтаны беруден бас тартудың екі және одан да көп фактілері бойынша ресми өтініштері (шағымдары) негіздер болып табылады.

      4. Мақта өңдеу ұйымына қатысты сырттай бақылау рәсімі енгізілген жағдайларда уақытша басқару енгізілмейді.

      5. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мерзімі алты айдан аспауға тиіс.

      6. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды уақытша басқару жөніндегі комиссия мен уақытша әкімшілік жүзеге асырады.

      7. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақта өңдеу ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      8. Уақытша басқару кезеңінде заңсыз әрекеттерімен мақта өңдеу ұйымына келтірілген нұқсан үшін уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелері, уақытша әкімшілік мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      33-бап. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу

      1. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы шешімді уәкілетті орган облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша қабылдайды, онда:

      1) уақытша басқаруды енгізу үшін негіздің бар екендігі туралы қорытынды;

      2) уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар болуға тиіс.

      2. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді және онда:
      1) уақытша басқару енгізілетін мақта өңдеу ұйымының атауы және орналасқан жері;

      2) уақытша басқаруды енгізу үшін негіздеме;

      3) уақытша басқару іс-әрекетінің басталуы және мерзімі;

      4) мақтаны беруді тоқтата тұруды қоса алғанда, мақта өңдеу ұйымы қызметін шектеулердің тізбесі;

      5) уақытша басқару жөніндегі комиссияның дербес құрамы;

      6) уақытша басқару енгізілетін мақта өңдеу ұйымының басшы қызметкерлеріне жұмыс туралы есеп дайындау және оны уақытша әкімшілікке ұсыну туралы және осы мақта өңдеу ұйымы берген белгілі мақта қолхаттарын ұстаушыларды міндетті түрде уақытша басқаруды енгізу туралы хабардар ету жөніндегі нұсқамасы болуға тиіс.

      3. Мүдделі тұлғалар уақытша басқаруды енгізу туралы шешімге сот тәртібімен шағымдана алады. Аталған шешімге шағымдану оның қолданысын тоқтатпайды.

      4. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешімді уәкілетті орган ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мақта өңдеу ұйымының қаражаты есебінен республикалық мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды. Уәкілетті орган мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы шешімді жариялаумен бір мезгілде осы мақта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттарын ұстаушылардың уақытша әкімшілік құрамына өкілдер сайлау мақсатында мақта қолхаттарын ұстаушылар жиналысына қатысу құқығы туралы хабарламаны жариялайды.

      34-бап. Уақытша басқару жөніндегі комиссия

      1. Уақытша басқару жөніндегі комиссия уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің және облыстың жергілікті атқарушы органының өкілдерінен тұрады. Уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуға және үш адамнан кем болмауға тиіс.

      2. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның құзыретіне:

      1) уақытша әкімшіліктің құрамын бекіту;

      2) уақытша әкімшіліктің қызмет нәтижелері туралы есебін бекіту;

      3) уақытша әкімшіліктің қызметін бақылау;

      4) уақытша әкімшіліктің құрамы бекітілгенге дейін осы Заңның 35-бабына сәйкес оның функцияларын жүзеге асыру жатады.

      3. Уақытша комиссия уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мақта өңдеу ұйымына қызмет көрсететін банктің атына осы мақта өңдеу ұйымының шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      4. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады және уақытша әкімшіліктің орындауы үшін міндетті болып табылады.

      5. Уақытша басқару жөніндегі комиссия:
      1) уақытша әкімшілікке мақта өңдеу (ұйымын уақытша басқару кезеңіндегі өз қызметінің негізгі бағыттары туралы ұсыныстар беруге;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытша әкімшіліктен өз қызметі және мақта өңдеу ұйымының қызметі туралы ақпарат беруін талап етуге;

      3) уәкілетті органға мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды мерзімінен бұрын тоқтату не мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мерзімін ұзарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.

      35-бап. Уақытша әкімшілік

      1. Уақытша әкімшілік аталған мақта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттарын ұстаушылардың, уәкілетті органның, мақта өңдеу ұйымының, мақта өңдеу ұйымы қатысушысы болып табылатын мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорының өкілдерінен құралады.

      2. Уақытша басқару жөніндегі комиссия өкілетті органның мақта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу туралы шешімі республикалық мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде уақытша әкімшіліктің құрамына өкілдер сайлау үшін мақта қолхаттарын ұстаушылардың жиналысын өткізуді ұйымдастырады. Бұл ретте уақытша әкімшіліктің құрамына сайлануға осы мақта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау пунктінде) сақтаулы мақтаның ең көп мөлшері бар мақта қолхаттарын ұстаушылардың басым құқығы болады.

      3. Мақта қолхаттарын ұстаушылардан және (немесе) мақта өңдеу ұйымынан уақытша әкімшіліктің құрамына кандидатуралар ұсынылмаған жағдайда, уақытша басқару жөніндегі комиссия уақытша әкімшілік құрамын дербес бекітуге құқылы, бұл ретте мақта қолхаттарын ұстаушылардың арасынан сақтаулы мақтаның барынша көп мөлшері бар тұлғалардың бірі уақытша әкімшілік мүшесі болып белгіленеді.

      4. Шешімдер қабылдау кезінде уақытша әкімшілік мүшелерінің дауыстары:
      1) мақта қолхаттарын ұстаушылар - жиырма бес процент;

      2) мақта өңдеу ұйымы - жиырма бес процент;

      3) уәкілетті орган - жиырма бес процент;

      4) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры - жиырма бес процент болып бөлінеді.

      5. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару іс-әрекеті кезеңінде мақта өңдеу ұйымын басқаруды уақытша әкімшілік жүзеге асырады.
      Уақытша басқару енгізілгеннен кейін мақта өңдеу ұйымының атынан және есебінен жасалған барлық мәмілелер уақытша әкімшіліктің жазбаша келісімінсіз жарамсыз деп танылады.
      Уақытша басқару іс-әрекеті кезеңінде мақта өңдеу ұйымы құрылтайшыларының (акционерлерінің, қатысушыларының) және өзге де басқару органдарының мақта өңдеу ұйымының міндеттерін ұлғайтуға, мақта өңдеу ұйымының мүлкін пайдалануға немесе иеліктен шығаруға қатысты шешімдерін және мақта өңдеу ұйымының берілген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауына ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін өзге де шешімдерді орындау тоқтатылады.

      6. Уақытша әкімшілік:
      1) осы Заңда айқындалған құзыреті шегінде тиісті актілер қабылдауды қоса алғанда, мақта өңдеу ұйымы қызметінің барлық мәселелері бойынша өз бетінше шешімдер қабылдауға;

      2) уақытша басқару кезеңінде мақта қолхаттарынан туындайтын барлық талаптарды оларда көрсетілген мақта көлемінің елу процентке дейінгі мөлшерінде тоқтата тұруға;

      3) мақта өңдеу ұйымының қабылданған мақта көлемі бойынша міндеттемелерін қайта қалпына келтіруге бағытталған шарттар жасасып, құжаттарға қол қоюға;

      4) мақта өңдеу ұйымының атынан және оның мүддесіне орай, соның ішінде сотта да, өкілдікті жүзеге асыруға;

      5) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорына мақта қолхаттарын ұстаушылардың атынан осы мақта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттарынан туындайтын міндеттемелер бойынша берешекті өтеу туралы талаптар қоюға;

      6) мақта өңдеу ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.

      7. Уақытша әкімшілік бірінші кезектегі тәртіппен:
      1) мақта өңдеу ұйымының қаржылық жай-күйіне мына бағыттар: капиталының бара-барлығы, активтерінің талдамасы, кірістері мен шығыстарының талдамасы бойынша талдау жүргізуге;

      2) мақта өңдеу ұйымының мүлкіне және оның міндеттемелеріне түгендеу, сондай-ақ, осы мақта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау пунктінде) сақталатын мақтаға түгендеу жүргізуге;

      3) мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттарын ұстаушылар алдындағы берешегін қоса алғанда, кредиторлық берешегін анықтауға;

      4) сотқа талап-арыздар әзірлеу мен ұсынуды қоса алғанда, мерзімі өткен дебиторлық берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қолдануға;

      5) мақта өңдеу ұйымының басқару құрылымын және штат санын айқындауға;

      6) мақта қолхаттарына қол қоюға уәкілетті адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болған жағдайда) бар карточканы, олардың қолтаңбаларының үлгілерін уәкілетті органға табыс етуге;

      7) банкте банктік операциялар бойынша операциялар жасау үшін құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды адамдардың қойылған қолдарының үлгілері бар жаңа карточканы қызмет көрсететін банкке табыс етуге (бұл ретте уақытша әкімшілік тағайындалғанға дейін табыс етілген карточка жойылуға тиіс);

      8) уақытша басқару жөніндегі комиссияға мақта өңдеу ұйымының нақты жай-күйі туралы ақпарат беруге және осы мақта өңдеу ұйымының шаруашылық қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге міндетті.

      8. Уақытша әкімшіліктің мақта өңдеу ұйымының мүлкін мүлікті кепілге беруді, мүліктік жалдауды қоса алғанда, иеліктен шығару жөнінде шешімдер қабылдауына жол берілмейді.

      36-бап. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды тоқтату

      1. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару:

      1) уәкілетті органның шешімімен белгіленген уақытша басқару мерзімінің аяқталуы бойынша;

      2) уәкілетті орган уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдаған жағдайда;

      3) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша тоқтатылады.

      2. Уақытша басқару:
      1) мақта өңдеу ұйымы берілген мақта қолхаттары бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілеттілігін қалпына келтірген;

      2) басқа да мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптарын тиісінше орындауға ықпал ететін жағдайлар болмаған кезде уақытша басқару кезеңінде мақта қолхаттарын ұстаушылардың барлық мәлім етілген талаптарын толық көлемде қанағаттандырған жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
      Уақытша әкімшіліктің уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау үшін негіздердің болуы туралы актісінің негізінде қабылдайтын уақытша басқару жөніндегі комиссияның ұсынысы уәкілетті органның уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.

      3. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды оны енгізуге әкеп соққан себептердің жойылуына байланысты тоқтату (оның ішінде мерзімнен бұрын) осы мақта өңдеу ұйымына қатысты барлық шектеулерді жоюға әкеп соғады.

      4. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау қабілеттілігін қалпына келтірмеген жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы ұсыныс енгізуге және мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап-арыз беруге бастама жасауға құқылы.
      Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-тарау. МӘЖБҮРЛЕП ТАРАТЫЛАТЫН МАҚТА ӨҢДЕУ ҰЙЫМЫН
ТАРАТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ КРЕДИТОРЛАРЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН
ҚАНАҒАТТАНДЫРУ ТӘРТІБІ

      37-бап. Мақта өңдеу ұйымын тарату үшін негіздер

      1. Мақта өңдеу ұйымы:

      1) оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ, құрылтай құжаттарында кез келген негізде таратуға уәкілеттік берілген заңды тұлға органының шешімі бойынша таратылуы (ерікті түрде тарату) мүмкін, бұл ретте уәкілетті органға жазбаша хабарлама жіберіледі;

      2) сот шешімі бойынша таратылуы (мәжбүрлеп тарату) мүмкін.

      38-бап. Мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату үшін
              негіздер

      Мақта өңдеу ұйымын сот:

      1) банкроттық;

      2) мақта өңдеу ұйымын құрған кезде жойылмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтарға жол берілуіне байланысты оның тіркелуі жарамсыз деп танылған;

      3) мақта өңдеу ұйымының жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті үнемі жүзеге асырған;

      4) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясыз қызметті жүзеге асырған не осы Заңмен тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған, соның ішінде корпоративтік табыс салығы (жиынтық жылдық кіріс және жасалған шегерімдер туралы) туралы декларацияны немесе заңда белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң оңайлатылған декларацияны ұсынбаған, мақта өңдеу ұйымының тұрған жері бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша болмаған, сондай-ақ, өздерінсіз мақта өңдеу ұйымы бір жыл ішінде жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды тұлғалар болмаған;

      5) егер мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау қабілеттілігін қалпына келтірмеген жағдайларда, мәжбүрлеп таратуды жүргізеді.
      Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      39-бап. Конкурстық массаны қалыптастырудың ерекшеліктері

      Мақта өңдеу ұйымы банкрот болған, таратылған кезде, сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге қабылданған мақта, соның есебінен мақта өңдеу ұйымы кредиторларының талаптары қанағаттандырылатын мүліктің құрамына, сондай-ақ, мақта өңдеу ұйымының конкурстық массасына енгізілмейді.

      40-бап. Мәжбүрлеу тәртібімен таратылатын мақта өңдеу
             ұйымы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру
             кезектілігі

      1. Мәжбүрлеп таратылатын мақта өңдеу ұйымы кредиторларының талаптары, соның ішінде банкроттығына байланысты белгіленген тәртіппен танылған талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылады:

      1) бірінші кезекте өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін таратылатын мақта өңдеу ұйымы жауапты болатын азаматтардың талаптары тиісті мерзімдік төлемақыларды капиталдандыру жолымен қанағаттандырылады;

      2) екінші кезекте жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбекақы, жалақыдан ұсталған алименттерді және міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ, авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі берешектер төлемі бойынша есеп айырысу жүргізіледі;

      3) үшінші кезекте кепілдік туралы мәліметтері бар мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптары; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеуге байланысты мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорының жүргізілген төлемдер бойынша болашақтағы талаптары қанағаттандырылады;P080000063

      4) төртінші кезекте кепілдік туралы мәліметтері жоқ мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;

      5) бесінші кезекте таратылатын мақта өңдеу ұйымының мүлік кепілдігімен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша кредиторлардың талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде қанағаттандырылады;

      6) алтыншы кезекте салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек өтеледі;

      7) жетінші кезекте Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да кредиторлармен есеп айырысу жүргізіледі.

      2. Тарату ісін жүргізуге байланысты, соның ішінде мақта өңдеу ұйымы тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар, сондай-ақ, таратылатын мақта өңдеу ұйымының негізгі функцияларын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты жүргізіледі.
      Мақта өңдеу ұйымын тарату кезеңінде туындайтын салықтық міндеттемелер, олардың туындауына қарай Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіппен орындалады.

9-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      41-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту
              туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті