Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 513 Заңы.

Жаңартылған

     

      МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша "Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн", "туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн", "Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн", "Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн", "туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн" деген сөздер тиісінше "Туристі", "туристі" деген сөздермен ауыстырылу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. Мәтін бойынша "туроператордың және турагенттiң", "Туроператордың және турагенттiң", "Туроператор мен турагенттiң", "туроператор мен турагенттiң", "туроператор мен турагент" деген сөздер тиісінше "туроператордың немесе турагенттiң", "Туроператордың немесе турагенттiң", "Туроператордың немесе турагенттiң", "туроператордың немесе турагенттiң", "туроператор немесе турагент" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заң туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;

      2) турагент - туроператор қалыптастырған туристік өнімді ұсыну мен сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      3) туроператор - туристiк өнiмді қалыптастыру, оны турагенттер мен туристерге ұсыну және өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес қалыптастырған туристiк өнiмді ұсыну мен өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензия алған, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға;

      4) туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - туроператордың немесе турагенттiң туристік қызметтер көрсету кезінде туристерге келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген міндеті;

      5) сақтандыру жағдайы - басталуына орай туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;

      6) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;

      7) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушыға (пайда алушыға) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде сақтандыру төлемін жасауға міндеттемелер қабылдағаны үшін сақтандырушыға сақтанушының төлеуі міндетті ақша сомасы;

      8) сақтандыру төлемі - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;

      9) сақтандырушы - сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жасауға міндетті сақтандыру ұйымы;

      10) сақтанушы - сақтандырушымен туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан туроператор немесе турагент;

      11) франшиза - сақтандырушыны белгілі мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05 N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттiсақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары

      1. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттiсақтандырудың мақсаты және негiзгi мiндеттерi

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Туроператордың немесе турагенттiң туристiк қызмет көрсетудi жүзеге асыруы кезiнде туристердiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi мiндеттерi:

      1) туристiң мүлiктiк немесе өзге де мүдделерiн қорғауды осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қамтамасыз ету;

      2) туроператордың турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты болған кезде туроператордың немесе турагенттiң өз қызметiн жүзеге асыруы;

      3) туроператордың немесе турагенттiң туристiк қызмет көрсету қауiпсiздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделiлiгi болып табылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-бап. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттiсақтандырудың объектiсi

      1. Туроператордың туристiк өнiмдi қалыптастыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезінде туристiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi (бұдан әрi – туроператордың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) болып табылады.

      2. Турагенттiң туроператор қалыптастырған туристiк өнiмдi ілгерілету және өткізу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезінде туристiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi (бұдан әрi – турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) болып табылады.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-тарау. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету

5-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Осы Заңда белгіленген туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттерді туроператордың немесе турагенттiң орындауын мемлекеттiк бақылауды туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      2. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттерді туроператордың немесе турагенттiң орындауын мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

      Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      6-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар

      1. Туристiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады.

      2. Туроператордың немесе турагенттiң кәсiби қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасуы оларды туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттен босатпайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      7-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-бап. Туроператордың немесе турагенттiң қызметтiтуроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруына жол бермеу

      Туроператордың немесе турагенттiң туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай туристiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.

7-1-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртiппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасуға міндетті.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақ алып тастау көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің қаржылық есептілігін Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде, уәкілетті органның жылдық қаржылық есептілікті жариялау тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісінде көзделген көлемде және мерзімдерде жыл сайын жариялап отыруға міндетті.

      3. Сақтандырушылар туроператордың немесе турагенттiң жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекелдері, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері жөніндегі ақпараттық деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды құруға қатысуға құқылы.

      4. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен міндетті жарналарды төлеуге және шартты міндеттемелерді қалыптастыруға міндетті.

      Ескерту. 7-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тарау 7-2-баппен толықтыру көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты

8-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi

      Ескерту. 8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарттың негізiнде жүзеге асырылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақ алып тастау көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi.

      3. Сақтандырушы сақтанушыға туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңның талаптарын ескере отырып жасалған сақтандыру шартының негiзiнде, туристiң моральдық зиянды және ала алмаған пайданың өтемiне байланысты талаптарын қоспағанда, пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттенедi.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беру арқылы жазбаша нысанда жасалады.

      Сақтандыру полисі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес беріледі.

      Уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сақтанушының өтiнiшi туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады. Өтініштің мазмұнына қойылатын талаптар және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар көшірмелерінің тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.

      Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық болмағаны үшiн сақтандырушы жауапты болады. Сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, бұл дау сақтанушының пайдасына шешiледi.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-1. Туроператордың немесе турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.

      6. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      7-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7. Егер туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбiрленушiнiң жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) және жәбiрленушiнiң алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттi болады.

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тарау 8-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      9-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы

      1. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген, ал оны бөлiп-бөлiп төлеген кезде, егер туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарымен өзгеше көзделмесе, - бiрiншi сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.

      2. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты ол күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады. Сақтандырушылық қорғаудың қолданылу кезеңi туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiмен сәйкес келедi.

      3. Туристік қызметтер көрсету аумағы туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу аумағы болып табылады.

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілдеді) Заңымен.

10-бап. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлігiн мiндеттiсақтандыру шартының қолданылуын тоқтату

      Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы мына жағдайларда:

      1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанда;

      2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылғанда;

      3) сақтандырушы сақтандыру төлемiн (сақтандыру төлемдерiн) туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы мөлшерiнде жүзеге асырғанда тоқтатылады.

11-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату

      1. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Егер туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату оның талаптарын сақтандырушының орындамау кiнәсiнен туындаса, соңғысы сақтанушыға ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын толық қайтарады. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мән-жайлар бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайларда сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру қолданыста болған уақытқа бара-бар бiр бөлiгiн алуға құқығы бар.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

12-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Сақтанушының:

      1) сақтандырушыдан туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптары мен тәртiбiн, туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;

      2) сақтандыру полисiн жоғалтқан жағдайда, оның телқұжатын алуға;

      3) сақтандырушы немесе тәуелсiз сарапшы жүргiзген сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау нәтижелерiмен танысуға;

      4) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан немесе оның мөлшерiн азайтудан бас тарту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дау айтуға;

      5) туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға құқығы бар.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Сақтанушы:

      1) тиiстi лицензиясы бар сақтандырушымен туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға;

      2) туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

      3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап он жұмыс күнi мерзiмiнен кешiктiрмей сақтандырушыға бұл туралы хабарлауға (ауызша, жазбаша) мiндеттi. Ауызша нысандағы хабарлама кейiннен жазбаша расталуға тиiс. Егер сақтанушының дәлелдi себептермен аталған iс-әрекеттердi орындауға мүмкiндiгi болмаса, ол мұны құжатпен растауға тиiс;

      4) сақтандыру жағдайы басталғанда сақтанушының келтiрiлген зиянды өтеу мiндетi туындайтын сақтандыру жағдайы келтiрген зиянның сипаты мен мөлшерi туралы мән-жайды анықтау үшiн қажеттi қолда бар құжаттарды сақтандырушыға беруге;

      5) сақтандыру жағдайының залалдарын азайту үшiн шаралар қолдануға;

      6) туристiң зиянды өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелердi peттeугe қатысу үшiн сақтандырушыға мүмкiндiк беруге, бұл орайда сақтандыру жағдайы келтiрген залалдарды дәлелдеу сақтанушының мойнында болады;

      7) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге;

      8) туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушыға туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартына енгiзу үшiн қажеттi мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-1, 2-2-тармақтармен толықтыру көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн өзге де құқықтары мен мiндеттерi көзделуі мүмкiн.

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілдеді); 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Сақтандырушы:

      1) туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты және туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтердi талап етуге;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретіне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiне және сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн анықтауға байланысты құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға;

      3) сақтанушының туристiк қызметтер көрсетуге байланысты мiндеттердi өзi орындауы нәтижесiнде келтiрген зиянды өтеу туралы туристердiң талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуға;

      4) осы Заңның 19-бабында көзделген жағдайларда, зиян келтiргенi үшiн жауапты тұлғаға керi талап құқығын қоюға;

      5) осы Заңның 20-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Сақтандырушы:

      1) сақтанушыны мiндеттi сақтандырудың талаптарымен және тәртiбiмен таныстыруға, оның туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге;

      2) туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру полисiн беруге;

      3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алынған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауды жүргiзуге, сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисабын көрсете отырып, сақтандыру актiсiн жасауға және оны танысу үшiн пайда алушыға табыс етуге;

      4) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда көзделген тәртiппен және шарттармен сақтандыру төлемiн жүргiзуге;

      5) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

      6) сақтанушыға (сақтандырылушыға) оның сақтандыру жағдайы кезiнде залалдарды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын өтеуге мiндеттi.

      3. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiнiң мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

4-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      14-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi

      Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерi оның талаптарымен айқындалады және ол:

      1) туроператор үшiн - шарт жасасу кезiндегi айлық есептiк көрсеткiштiң төрт мыңнан кем емес және он мыңнан аспайтын мөлшерiнде;

      2) турагент үшiн - шарт жасасу кезiндегi айлық есептiк көрсеткiштiң екi мыңнан кем емес және бес мыңнан аспайтын мөлшерiнде болады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      15-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi

      Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi және ол:

      1) туроператор үшiн - шартта белгiленген сақтандыру сомасының 1 процентiнен кем емес және 2 процентiнен аспайтын мөлшерiнде;

      2) турагент үшiн - шартта белгiленген сақтандыру сомасының 1,5 процентiнен кем емес және 2 процентiнен аспайтын мөлшерiнде болады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      16-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi

      1. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.

      2. Егер туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда кезектi сақтандыру жарнасының уақтылы төленбегенi үшiн сақтанушы сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.

5-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі

      РҚАО-ның ескертпесі!
      17-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

17-бап. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау

      1. Туроператордың немесе турагенттің туристке туриске операторлық немесе туристiк агенттік қызметті жүзеге асыру кезiнде оның мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактici туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.

      2. Сақтандыру жағдайы туристің зиянды өтеу туралы талаптарын сақтанушы негізді деп мойындаған және сақтандырушы сақтанушының талаптарды мойындауымен келіскен кезден бастап басталған деп есептеледі.

      Сақтанушы туристің зиянды өтеу туралы талабын негізді деп мойындамаған жағдайда, сақтандыру жағдайы сақтандырушы келтірген зиянды өтеу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген кезден бастап басталған деп есептеледі.

      3. Сақтандырушы сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн осы Заңның 8-бабы 4-тармағының ережелерiн ескере отырып, туристiң талабының сомасына немесе келтiрiлген зиянды өтеу туралы соттың заңды күшiне енген шешiмiне сүйенiп айқындайды.

      4. Сақтанушының залалдарды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, егер мұндай шығыстар қажеттi болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалған болса, тiптi егер тиiстi шаралар сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады.

      Мұндай шығыстар нақты мөлшерiнде өтеледi, алайда сақтандыру төлемiнiң және шығыстар өтемақысының жалпы сомасы туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспауы үшiн, егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындау нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз, толық мөлшерiнде өтеледi.

      5. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша франшиза бiр сақтандыру жағдайы бойынша және әрбiр пайда алушы бойынша айлық есептiк көрсеткiштiң бес еселенген мөлшерiн құрайды. Келтiрiлген зиянның мөлшерi франшизаның белгiленген мөлшерiнен асып кеткен жағдайда, сақтандыру төлемi толық мөлшерде жүзеге асырылады.

      Пайда алушының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi франшиза қолданылмай жүзеге асырылады.

      6. Бір сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының мөлшерінен аспауға тиіс.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      18-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың шарттары мен тәртiбi

      1. Сақтанушы не турист сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты жазбаша нысанда сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды қоса бере отырып қояды.

      2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар:

      1) сақтандыру полисi;

      2) туристiң зиянды өтеу туралы сақтанушы мойындаған талабы немесе туристiк қызметтер көрсету кезiнде сақтанушының келтiрген зиянды өтеу туралы соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң көшiрмесi;

      3) пайда алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе пайда алушының өкiлi - заңды тұлғаға берiлген сенiмхат;

      4) сақтанушы мен туристiң арасында жасалған туристiк қызметтер көрсету шартының нотариат куәландырған көшiрмесi;

      5) залалдарды болғызбау және азайту жөнiнде шаралар қолдануға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар;

      6) сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және пайда алушыға келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттар қоса берiледi.

      3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтiнiш берушiге, табыс етiлген құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көpceтe отырып, анықтама беруге мiндеттi.

      4. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырған кезде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттарды қабылдауын талап етуге құқығы жоқ.

      5. Сақтанушы туристiк қызметтер көрсетуге байланысты зиян келтiрген турист, ал турист қаза тапқан жағдайда - оның мұрагерлерi пайда алушы болып табылады.

      Сондай-ақ сақтанушы немесе туристке (оның құқықтық мирасқорына) келтiрiлген зиянды осы Заңда белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң көлемi шегiнде өтеген және сақтандырушыдан өз шығындарын өтетуге құқық алған өзге тұлға да пайда алушы бола алады.

      6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасайды.

      7. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiне туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тараптары немесе пайда алушы дауласқан жағдайларда, сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 6-тармағында белгiленген мерзiм iшiнде, аталған тұлғалардың бiрде-бiрi дауласпаған бөлiгiнде жүзеге асыруға мiндеттi.

      Сақтандыру төлемiнiң даулы бөлiгiн сақтандырушы соттың бiтiмгершiлiк туралы келiсiмi немесе, егер сот шешiмдi шұғыл түрде орындауды ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде төлеуге тиiс.

      8. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты қолданылатын кезеңде келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi туралы талап сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған кезден бастап үш жыл iшiнде қойылуы мүмкiн.

      9. Сақтандыру төлемi уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      19-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы

      1. Сақтандыру төлемiн жүзуге асырған сақтандырушының жүзеге асырылған сақтандыру төлемiнiң шегiнде сақтанушыға мынадай жағдайларда:

      1) сақтанушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерi;

      2) сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттердi жасаған;

      3) сақтанушы сақтандыру жағдайынан болатын залалдарды азайту жөнiндегi шараларды қасақана қолданбаған;

      4) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлаған;

      5) сақтанушы сақтандыру жағдайының басталуы үшiн жауапты тұлғаға өзiнiң талап қою құқығынан бас тартқан, сондай-ақ талап қою құқығының өтуi үшiн қажеттi құжаттарды сақтандырушыға беруден бас тартқан жағдайда керi талап қоюға құқығы бар.

      2. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға төленген сома шегiнде, сақтандырушы сақтандыру нәтижесiнде өтеген залалдар үшiн жауапты тұлғаға сақтанушы қоятын кері талап қою құқығы өтедi.

      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

20-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босату негiздерi

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

      1) туристiң сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерiнiң;

      2) туристiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептi байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерiнiң салдарынан болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн:

      1) сақтанушының залал келтiруге кiнәлi тұлғадан залалдың тиiстi өтемiн алуы;

      2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілдеді) Заңымен;

      3) еңсерiлмейтiн күш жағдайлары;

      4) сақтанушы осы Заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттарды толық көлемде бepмeуi;

      5) сақтандырушының сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы;

      6) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 839-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер негіз бола алады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілдеді) Заңымен.

      4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негiздер бар кезде, осы Заңның 18-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру төлемi туралы өтiнiш берген тұлғаға бас тарту себептерiнiң уәждi негiздемесi келтiрiлген сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жiберуге мiндеттi.

      5. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.

      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілдеді); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тарау 20-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-тарау. Қорытынды ережелер

21-бап. Дауларды қарау тәртiбi

      Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.

22-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Заңды қосымшамен толықтыру көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
Президентi