Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 59-IV Заңы

      Қолданушылар назарына! Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар;  N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат):

      1) мынадай мазмұндағы 158-3-баппен толықтырылсын:

      "158-3-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет
                  туралы заңнамасын бұзу

      1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге саяхаттың ерекшеліктері, туристік қызметтер ұсыну ережелерінде көрсетілген саяхат жасау кезінде оларға тап болуы мүмкін қауіптер туралы мәлімет ұсынбауы, уақтылы немесе толық ұсынбауы не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы -
      дара кәсіпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристік қызмет көрсетуге жазбаша шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі -
      лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
      лицензиясынан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы ақпарат ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы -
      лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
      лицензиясынан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) 541-баптың бірінші бөлігі "158," деген цифрлардан кейін "158-3," деген цифрлармен толықтырылсын;

      3) 576-4-баптың бірінші және екінші бөліктері "Облыстың", "облыс" деген сөздерден кейін тиісінше "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)", "(республикалық маңызы бар қала, астана)" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) мынадай мазмұндағы 576-6-баппен толықтырылсын:

      "576-6-бап. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган

      1. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 357-2-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.";

      5) 636-бапта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның (158-3, 356, 357-3-баптар);";

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "543 - 576-3" деген цифрлар "543 - 576-6" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 13-14, 175-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; 2003 ж., N 23, 168-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 17, 139-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша "туристік ұйымдарының", "туристік ұйымдарды", "туристік ұйымдардың", "Туристік ұйымдардың", "туристік ұйымға", "Туристік ұйым", "туристік ұйым", "Туристік ұйымдар", "туристік ұйымдар", "туристік ұйымдары" деген сөздер тиісінше "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларының", "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды", "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың", "Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың", "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға", "Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға", "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға", "Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар", "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар", "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) әлеуметтік туризм - жұмыс берушінің және (немесе) өзге де үшінші тұлғалардың қаражаты есебінен толық немесе ішінара жүзеге асырылатын туризм;
      2) гид (гид-аудармашы) - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсететін, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға;
      3) өз бетінше туризм - туристер өз бетінше ұйымдастыратын, жүріп-тұрудың белсенді тәсілдері пайдаланылатын саяхаттар;
      4) тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;
      5) туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бірақ түнейтін, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты;
      6) туризм нұсқаушысы - осы қызмет түріне лицензиясы, тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға;
      7) турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;
      8) туристерді орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;
      9) туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрі - турагент) туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
      10) туристік ваучер - турдың құрамына кіретін қызметтерге туристің құқығын және олардың ақысы төленгенінің фактісін растайтын құжат;
      11) туристік жолдама - туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты растайтын құжат;
      12) туристік қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
      13) туристік қызмет көрсету - туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұсынылатын қажетті қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер);
      14) туристік қызмет көрсетуге арналған шарт - өтемді туристік қызмет көрсету бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға мен туристің арасындағы келісім;
      15) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар - турагенттер, туроператорлар, туризм нұсқаушылары, сондай-ақ өз бетінше туристік қызмет көрсететін гидтер (гид-аудармашылар), экскурсоводтар;
      16) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімі - туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды есепке алу құжаты;
      17) туристік маршрут - туристің (саяхат кезінде) танымдық, спорттық, эстетикалық не өзге де мақсаттармен өту, қарау үшін белгіленген барлық географиялық мекендердің, болу объектілерінің тізбесін көрсететін жүру жолы;
      18) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімі - туристік маршруттар мен соқпақтарды есепке алу құжаты;
      19) туристік операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрі - туроператор) өздерінің туристік өнімдерін қалыптастыру, ұсыну және туристік агенттер мен туристерге өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
      20) туристік өнім - саяхат барысында туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы;
      21) туристік өнімді ұсыну - туристік қызмет көрсетуге бағытталған шаралар (жарнама, мамандандырылған көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристік өнімді өткізу жөніндегі туристік ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату) кешені;
      22) туристік ресурстар - туристік көрсету объектілерін қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, сондай-ақ туристердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін қалпына келтіріп, дамытуға жәрдемдесетін өзге де объектілер;
      23) туристік нарық - туристік қызмет саласындағы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) мен ақша айналысы;
      24) туристік сала - негізгі қызмет саласы туристік қызмет көрсету, туристік өнім жасау, оларды ішкі және халықаралық нарықтарда ұсыну мен өткізу болып табылатын экономика саласы;
      25) туристің төтенше жағдайға ұшырауы - туристің саяхаттан оралмауы, сондай-ақ туристің қаза болуына немесе оның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін авария, зілзала немесе апат нәтижесінде туындаған, саяхат кезінде белгілі бір аумақта болған оқиға;
      26) уәкілетті орган - туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      27) экскурсант - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көретін жеке тұлға;
      28) экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып, көруі;
      29) экскурсиялық қызмет - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарға танымдық мақсатта келуді ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру (түнету) жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды;
      30) экскурсовод - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсетуге сай біліктілігі бар, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға.";

      3) 9-бапта:
      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) ішкі, келу, әлеуметтік және өз бетінше туризмді қолдау және дамыту;";

      3-тармақтың 3) тармақшасы "лицензиялау туралы" деген сөздерден кейін "және техникалық реттеу туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 10, 11 және 12-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты айқындайды және іске асырады;
      2) өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді шығарады;
      3) туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін құрады;
      4) туристік қызметті лицензиялау ережелерін және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
      5) туристік қызмет көрсетудің үлгі шартын бекітеді;
      6) уәкілетті органның ұсынуы бойынша туризм жөніндегі кеңестің дербес құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
      7) шет мемлекеттермен туризм саласындағы ынтымақтастықты және өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;
      8) туристік қызмет көрсету ережелерін бекітеді;
      9) туристік ақпарат орталықтарын құрады;
      10) туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды.

      11-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:
      1) Қазақстан Республикасында туристік саланы дамыту бағдарламасын әзірлейді;
      2) туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
      3) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты, туризм мен туристік индустрияны дамытудың стратегиясын, мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламаларын іске асырады;
      4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтайды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      5) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес турагенттік және туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
      6) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, оның ішінде облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің туризмді дамыту бағдарламалары мен жоспарларын үйлестіруді, туристік қызмет саласындағы меншік нысандарына қарамастан, отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдар мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;
      7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар береді;
      8) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      9) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің туристік қызметті лицензиялау ережелерін туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтерді лицензиялау бөлігінде сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      10) өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;
      11) туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелерін бекітеді;
      12) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерін бекітеді;
      13) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін және туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережелерін бекітеді;
      14) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып, туристік қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметті реттейді;
      15) Қазақстан мен оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу жолымен таратады;
      16) туризм мен туристік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын кешендік талдауды, болжауды жүзеге асырады және туристік саланы дамытудың жай-күйіне мониторинг жүргізеді;
      17) туристік нарықты зерттеуге, туристік қызмет саласындағы баспа, жарнамалық және картографиялық өнімге мемлекеттік тапсырысты орналастырады;
      18) туристік саланы дамытуға үлес қосқан тұлғаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға және құрметті атақтарын беруге ұсынады;
      19) жеке құрамды және туризм жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлейді және бекітуге ұсынады.

      12-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
              астананың) жергілікті атқарушы органдарының
              (әкімдіктерінің) құзыреті

      1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі:
      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
      2) туризмді және туристік индустрияны дамыту стратегиясы, мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламалары аясында туризмді дамытудың өңірлік бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді;
      3) өңірлік туризмді дамыту бағдарламаларын орындауға бағытталған іс-шаралардың атқарылуын жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтерді лицензиялауды жүзеге асырады;
      5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында:
      туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне;
      туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қажетті ақпаратты қалыптастырады және уәкілетті органға тоқсан сайын береді;
      6) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;
      7) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
      8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
      9) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;
      10) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      11) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
      12) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;
      13) туристік ақпарат орталығын құрады.";

      5) 13-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Туризм жөніндегі кеңестің құрамына уәкілетті органның және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ туристік қызмет саласындағы қауымдастықтар мен өзге де бірлестіктердің өкілдері кіреді.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      6) 14 және 15-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Туристік ақпарат орталығы

      Туристік ақпарат орталығы Үкімет және (немесе) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі құратын, Қазақстан мен оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату, туристік өнімді халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде ұсыну үшін, сондай-ақ туристік қызмет саласында жаңа кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жағдай жасау және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында құрылатын ұйым болып табылады.

      15-бап. Туристік қызметті лицензиялау

      1. Қазақстан Республикасындағы лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес туроператорлық, турагенттік қызмет, туризм нұсқаушысының қызметі лицензияланады.
      Туроператорлар мен турагенттер туристік қызметке берілетін лицензияны алу үшін туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуы қажет. Сақтандыру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
      2. Туристік қызметке берілетін лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, туристік қызмет көрсетуге тыйым салуға әкеп соғады.
      3. Туристік қызметке берілетін лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, туристік қызметке берілетін лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Туристік қызметке берілетін лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ақпарат және (немесе) оған қосымшалар мүдделі мемлекеттік органдардың назарына жеткізіледі және уәкілетті орган белгілеген республикалық мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланады.";

      7) мынадай мазмұндағы 15-1 және 15-2-баптармен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Туристерді орналастыру орындарының сыныптамасы

      1. Туристерді орналастыру орындары туристер легін және барлық туризм түрлерінен түсетін кірістерді арттыруға жәрдемдесу мақсатында сыныпталуға тиіс.
      2. Сыныптама жүргізу кезінде туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелерінің негізінде санаттардың біріне аттестаттауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін туристерді орналастыру орындарының сипаттамалары қаралады.
      3. Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелері негізгі мақсаттарды, ұйымдық құрылымды, ең төменгі талаптарды айқындайды және туристерді орналастыру орындарына санаттар беру тәртібін реттейді.

      15-2-бап. Туристік өнімді қалыптастыру

      1. Туристік өнімді қалыптастыру - туроператордың туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтер көрсететін үшінші тұлғалармен шарттарды жасасу және орындау жөніндегі қызметі.
      2. Туроператор туристік өнімді өз қалауы бойынша туристік нарықтың конъюнктурасын негізге ала отырып немесе нақты тапсырыс бойынша қалыптастырады.
      3. Туроператор кіретін қызметтер көрсетуге құқықты жекелеген туристік қызметтер көрсетуді ұсынатын тұлғалармен жасалатын шарттар негізінде алады.";

      8) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Туристік қызмет саласындағы стандарттау

      Туристік қызметті стандарттау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      9) 17-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Туристік қызметтер көрсету шарт негізінде жүзеге асырылады. Туристік қызмет көрсету шарты, гидпен (гид-аудармашымен) және экскурсоводпен жасалатын шарттарды қоспағанда, жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуға тиіс.
      Туристік қызметтер көрсету шартының елеулі талаптары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартта белгіленеді.";

      2 және 7-тармақтар алып тасталсын;

      5, 6, 11 және 12-тармақтардағы "Туроператор немесе турагент", "туроператорға немесе турагентке", "туроператор немесе турагент" деген сөздер тиісінше "Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға", "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға", "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 18-бапта:
      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристің төтенше жағдайға тап болғаны туралы туристің отбасын өз есебінен жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.";

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      6-тармақтағы "Туроператор мен турагент," деген сөздер "Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 19-баптың 1 және 2-тармақтары алып тасталсын;

      12) 20-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың
               бірлестіктері";

      мәтініндегі "Заңды тұлғалар болып табылатын туроператорлар мен турагенттер, туристік индустрияның өзге де ұйымдары" деген сөздер "Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар және туристік индустрияның өзге де тұлғалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 22-бапта:
      1-тармақтағы "саласындағы уәкілетті органның" деген сөздер "саласында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      14) 24-бапта:
      2) тармақша "ережелері туралы," деген сөздерден кейін "уақытша болатын ел (жер) заңнамасының ерекшеліктері туралы," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақшадағы "туроператор немесе турагент" деген сөздер "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 26-бапта:
      3-тармақтағы "туроператорларды, турагенттерді" деген сөздер "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туристерге саяхат басталудан үш күн бұрын жазбаша түрде уақытша болатын елге (жерге) бару, уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтер беруге және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыруға міндетті.
      5. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті орган мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ туристің отбасына саяхат кезінде туристің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы білген немесе білуге тиіс кезден бастап дереу хабарлауға міндетті.
      Егер шетелдік туристер - Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының турист азаматтары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төтенше жағдайға ұшыраған болса, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар дипломатиялық қызмет органдарына да хабарлауға міндетті.";

      9-тармақтағы "Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган" деген сөздер "Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы
               заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.";

      17) 28-1-баптың 1-тармағындағы "қызмет саласындағы" деген сөздер "қызмет туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 24, 179-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 8, 52-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
      2) турагент - лицензияның негізінде туристік өнімді ұсыну мен сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      3) туроператор - өзінің туристік өнімін қалыптастыру, ұсыну және турагенттер мен туристерге сату жөніндегі қызметпен айналысу құқығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензия алған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға;
      4) туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - туроператордың және турагенттің туристік қызметтер көрсету кезінде туристерге келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген міндеті;
      5) сақтандыру жағдайы - басталуына орай туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;
      6) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
      7) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушыға (пайда алушыға) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде сақтандыру төлемін жасауға міндеттемелер қабылдағаны үшін сақтандырушыға сақтанушының төлеуі міндетті ақша сомасы;
      8) сақтандыру төлемі - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
      9) сақтандырушы - сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жасауға міндетті сақтандыру ұйымы;
      10) сақтанушы - сақтандырушымен туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан туроператор немесе турагент;
      11) франшиза - сақтандырушыны белгілі мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.";

      2) 5-бапта:
      1-тармақтағы "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органына" деген сөздер "туристік қызметке лицензия берген органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган" деген сөздер "туристік қызметке лицензия берген орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 17, 136-құжат):

      көрсетілген Заңға қосымша мынадай мазмұндағы 29-тармақпен толықтырылсын:
      "29. Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік орган:
      Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын бақылау.".

      2-бап . Осы Заң, осы Заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1-тармағын, 2-тармағы 4) тармақшасының жиырмасыншы, қырқыншы абзацтарын, 6) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев