Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу мақсатында және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының
заңына
сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн (қоса берiлдi).
2. Жоғарыда аталған Қағидалардың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген сәттен бастап күшiне енгізiлетiндігi белгiленсiн.
3. Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар жоғарыда аталған Қағидалар күшiне енгiзiлген күннен бастап үш айдың iшiнде:
1) өздерiнiң ұйымдық құрылымын және өз қызметкерлерiнiң біліктілігін жоғарыда аталған Қағидалардың 2-бөлiмiнiң талаптарына сәйкестендiруге;
2) өздерiнiң Iшкi қағидаларын және Регламенттерiн (олар жоғарыда аталған Қағидалардың 1-тармағының 2) және 12) тармақшаларында айқындалған) жоғарыда аталған Қағидаларға сәйкестендiруге мiндеттi.
4. Жоғарыда аталған Қағидалар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген сәттен бастап Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 02 қыркүйектегі N 139 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1997 жылғы 16 қазанда 403 нөмiрмен тiркелген Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызмет туралы
ереженiң
күшi жойылған деп танылсын.
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
1) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Қағидаларды (олар күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны және жоғарыда аталған Қағидаларды олардың мүшелерінің назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi, бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметтi, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары қауымдастықтарының мүшелері болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін;
2) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Қағидаларды (олар күшіне енгізгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
3) осы Қаулының және жоғарыда аталған Қағидалардың орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Комиссияның мүшелері
Қазақстан Республикасы
Бағалы қағаздар жөнiндегі
ұлттық комиссиясының
1998 жылғы 31 желтоқсандағы
N 20 қаулысымен бекiтiлдi
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында
брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыру
Қағидалары
Ескерту: Мәтiн бойынша "Ұлттық комиссиямен", "Ұлттық комиссия", "Ұлттық комиссияның" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органмен", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 566
қаулысымен
.
Ескерту: Барлық мәтін бойынша "брокерлік-дилерлік" деген сөздер тиісінше "брокерлік және дилерлік" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76
қаулысымен
.
Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтіні бойынша "брокерлік және дилерлік" деген сөздер "брокерлік-дилерлік" деген сөздермен, "бағалы қағаздар", "бағалы қағаздарды" және "бағалы қағаздармен" деген сөздер тиісінше "қаржы құралдары", "қаржы құралдарын" және "қаржы құралдарымен" деген сөздермен,
"ішкі ереже және регламент", "ішкі ережемен және регламентпен", "ішкі ереже", "Ішкі ереже және регламент", "ішкі ережемен", "регламентімен", "регламенті" деген сөздер тиісінше "ішкі құжаттар", "ішкі құжаттармен", "ішкі құжаттар", "ішкі құжаттармен", "ішкі құжаттары" деген сөздермен
ауыстырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм), " Бағалы қағаздар рыногы туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар брокерлiк-дилерлік қызметтi (бұдан әрi "брокерлік-дилерлік қызмет" деп аталады) жүзеге асырудың шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi.
1. <*>
Ескерту: 1-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 566
қаулысымен
,
2003 жылғы 7 наурыздағы N 76
қаулысымен
.
Ескерту. 1-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
2. Брокерлік-дилерлік қызмет Қазақстан Республикасының
Конституциясымен
және өзге де заңдарымен (оның iшiнде осы Қағидалармен), сондай-ақ қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шарттармен (келiсiмдермен) реттеледi.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтiлген брокерлер-дилерлердің өзін-өзі реттейтін ұйымының (бұдан әрі - ӨРҰ) және Сауда-саттық ұйымдастырушының қағидаларымен осы брокерлер-дилерлердің өзін-өзі реттейтін ұйымының (бұдан әрі - ӨРҰ) және Сауда-саттық ұйымдастырушысы мүшелерінің брокерлік-дилерлік қызметтi жүзеге асыруын реттейтiн қосымша нормалар белгiленуi мүмкiн. <*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетiлген нормативтiк құқықтық және нормативтiк актiлермен реттелмеген бөлiкте брокерлік-дилерлік қызмет Брокерлер-дилерлердiң Iшкi қағидаларына және ішкі құжаттарына, Брокер-дилерлер мен олардың клиенттерінің арасында жасалған брокерлiк қызмет көрсету жөнiндегі шарттарға және егер олар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмесе дәстүрлерге (оның iшiнде iскерлiк айналыс дәстүрлерiне) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Брокерлік-дилерлік қызмет Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртiпте лицензиялауға жатады.
5. Брокер-дилер брокерлік-дилерлік қызметтi жүзеге асыруға лицензиялардың мынадай түрлерiнiң бiрiн иелене алады:
1) бiрiншi санатты лицензия - нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен (бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу құқығымен);
2) екiншi санатты лицензия - клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығынсыз (бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу құқығынсыз).
6. Бiрiншi санатты лицензияны иеленген Брокер-дилер осы Қағидаларда бiрiншi санатты брокер-дилер, екiншi санатты лицензияны иеленген - екiншi санатты Брокер-дилер деп аталады.
7. <*>
Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 566
қаулысымен
.
Ескерту. 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
8. Брокер-дилерлердiң филиалдары мен өкiлдiктерi қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) жекелеген нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген тәртіпте құрылады және жабылады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
9. Брокер-дилердiң қызметiн реттейтiн нормаларды Брокер-дилердің сақтауына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құқықтары мен мiндеттерiне сәйкес уәкілетті орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына және ӨРҰ мен Сауда-саттық ұйымдастырушының қағидаларына сәйкес осы Брокер-дилер мүшесi (қатысушысы) болып табылатын ӨРҰ мен Сауда-саттық ұйымдастырушылар жүзеге асырады.
Уәкілетті орган осы Брокер-дилердің және оның қызметінің бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясының шарттарына және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін тексерген кезде осы Брокер-дилер уәкілетті органның тексеру тобының құрамына енгізілген қызметкерлерінің сұратуы бойынша осы Брокер-дилердің брокерлік-дилерлік қызметіне қатысты құжаттардың түпнұсқаларын және көшірмелерін береді.
Ескерту: 9-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76
қаулысымен
.
10. Осы Қағидалардың күшi Қазақстан Республикасының банктiк қызметтi реттейтiн заңдарына қайшы келмейтiн бөлiгінде Брокерлер-дилерлер болып табылатын банктерге қолданылады.
2-тарау. Брокер-дилер қызметкерлерінің ұйымдық
құрылымы және біліктілігі
11. Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар брокер-дилердің ұйымдық құрылымында мынадай құрылымдық бөлімшелер болуы тиіс:
1) қаржы құралдарымен мәмілелердің жасалуын жүзеге асыратын сауда бөлімшесі (бұдан әрі - сауда бөлімшесі);
2) қаржы құралдарымен мәмілелердің орындалуын, қаржы құралдарын және осы брокер-дилердің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлімшесі (бұдан әрі - бэк-офис). <*>
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
12.<*>
Ескерту. 12-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.04.20. N 30
қаулысымен
,
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76
қаулысымен
.
Ескерту: 12-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 383
қаулысымен
(Қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртiбi мен шарттарын бекiту туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 293
қаулысының
күші жойылды деп танылған күннен бастап қолданысқа енеді
).
13. <*>
Ескерту: 13-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 383
қаулысымен
(Қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртiбi мен шарттарын бекiту туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 293
қаулысының
күші жойылды деп танылған күннен бастап қолданысқа енеді
).
14. Бiрiншi санатты Брокер-дилердiң бiрiншi басшысы немесе оның брокерлік-дилерлік қызметтi жүзеге асыруға жетекшілік жасайтын орынбасары лауазымын осы Қағидалардың 13-тармағының талаптарын сақтау шартымен Сауда бөлiмшесiнiң басшысы лауазымымен немесе осы Брокер-дилердiң бөлімшелері біреуінің басшысы лауазымымен қоса атқаруға рұқсат етiледi. Сауда бөлімшесі қызметкерлерінің (техникалық функцияларды ғана орындайтын адамдарды қоспағанда) Бэк-офис бөлімшесіндегі лауазымдарды қоса атқаруына жол берілмейді.<*>
Ескерту. 14-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76
қаулысымен
.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
15. Екiншi санатты Брокер-дилердiң ұйымдық құрылымын олар Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Брокер-дилердiң оның органдарының құзырлығын реттейтiн құрылтай құжаттарына сәйкес дербес түрде айқындайды.
16. <*>
Ескерту: 16-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 383
қаулысымен
(Қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртiбi мен шарттарын бекiту туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 293
қаулысының
күші жойылды деп танылған күннен бастап қолданысқа енеді
).
17. <*>
Ескерту: 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 383
қаулысымен
(Қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртiбi мен шарттарын бекiту туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 293
қаулысының
күші жойылды деп танылған күннен бастап қолданысқа енеді
).
18. Брокерлер-дилерлердiң филиалдары мен өкiлдiктерінің ұйымдық құрылымына және қызметкерлерiне қойылатын талаптар уәкілетті органның жекелеген нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
19. Брокерлер-дилерлердiң осы Қағидалардың 12 және 16 тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтiн қызметкерлерiне ішкі бақылауды жүзеге асыруға, бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауға және орындауға, сондай-ақ бiрiнші санатты Брокерлер-дилерлердiң және олардың клиенттерінің бағалы қағаздары мен ақшаларына есеп жүргiзуге қатысуға тыйым салынады.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгінде белгiленген тыйым салуға, өзге де ықтимал жағдайлардан басқа, Брокерлер-дилерлердiң осы Қағидалардың 12 және 16 тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтiн қызметкерлерiне ішкі бақылауды жүзеге асыруға, бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауға және орындауға, сондай-ақ Банктiк емес ұйымдар - бiрiншi санатты Брокерлер-дилерлердiң және олардың клиенттерінің бағалы қағаздары мен ақшаларына есеп жүргізуге қатысты кез-келген құжаттарға (Брокер-дилердiң Iшкi құжаттарын, шарттарды, төлем құжаттарын, бағалы қағаздарды аудару (есептен шығару/есепке алу) туралы бұйрықтарды, уәкiлеттi органға берiлетiн есептердi қоса отырып) қол (бұрыштама) қою құқығына тыйым салу кiредi.
Ескерту. 19-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76
қаулысымен
.
3-тарау. Брокер-дилердің шарт жасау
алдындағы міндеттері
20. Брокер-дилер өз клиенттерінің алдында олар үшiн осы Брокер-дилермен шарттық қатынастарға кiру жөнiндегі және/немесе осындай қатынастарды ұстап тұру жөнiндегi ниеттер бөлiгіндегі елеулi мәнi бар ақпаратты осы Қағидалардың 21-25 тармақтарымен белгiленген тәртiпте ашуға мiндеттi.
21. Брокер-дилердiң клиенттерге қызмет көрсетуге қатысатын, тек қана техникалық функцияларды орындайтын тұлғаларды қоспау мүмкiндiгімен, барлық қызметкерлерi (бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға және осы бiрiншi санатты Брокер-дилердiң және олардың клиенттерiнiң бағалы қағаздары мен ақшаларына есеп жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға қатысатын қызметкерлердi қоса):
1) олардың лауазымдары мен жеке өздерiн куәландыратын анық реквизиттерiнің болуына (үстелге қоятын табличкалары, бэйдждерi және оларға ұқсас басқа заттар);
2) клиенттердiң бiрiншi талап етуi бойынша өздерiнiң қызметтiк куәлiктерiн көрсетуге;
3) уәкілетті органның оларға берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң түпнұсқаларын клиенттер үшiн көруге қолайлы орындарға орналастыруға мiндеттi.
22. Брокер-дилердің бас офисінің және филиалдарының үй-жайларындағы оның клиенттері үшін қолайлы орындарда:
1) осы Брокер-дилерге брокерлік-дилерлік қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
2) осы Қағидалардың және уәкілетті органның брокерлік-дилерлік қызметтiң жүзеге асырылуын реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң көшiрмелерi;
3) осы Брокер-дилер мүшесi (қатысушысы) болып табылатын ӨРҰ және Сауда-саттық ұйымдастырушының брокерлік-дилерлік қызметтiң жүзеге асырылуын реттейтiн қағидаларының (оларды уәкілетті органның бекiткендiгi туралы мәлiметтердi көрсетiп) көшiрмелерi;
4) Брокер-дилердiң бiрiншi басшысы немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолымен және мөр таңбасымен куәландырылған оның барлық Iшкi құжаттарының олардың уәкілетті органмен келiсiлгендiгі жөнiнде белгі қойылған көшiрмелерi (Брокер-дилердiң Iшкi құжаттарының уәкілетті органмен келiсiлгендiгін растайтын құжаттың келiсiлген күнiн және нөмiрiн көрсетiп) орналастырылу керек.
Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
23. Брокер-дилер клиенттiң бiрiншi талап етуi бойынша оған танысу үшiн мыналарды беруге мiндеттi:
1) соңғы есепті кезең үшін өзінің қаржылық есебін; <*>
2) Қазақстан Республикасының заңдарымен тиiстi санаттағы Брокерлер-дилерлер үшiн белгiленген қаржы тұрақтылығының мөлшерлерiн (нормативтерiн) әрбiр соңғы күнтiзбелiк төрт тоқсанның бiрiншi жұмыс күнiнiң басталу жағдайына осы Брокер-дилердiң сақтау деңгейi туралы мәлiметтердi;
3) осы Брокер-дилердiң қызметiне соңғы он екi ай iшiнде уәкiлеттi орган мен ӨРҰ жүргiзген тексерiстер актілерiн;
4) уәкілетті органның, ӨРҰ-ның және Сауда-саттық ұйымдастырушылардың осы Брокер-дилерге, оның қызметкерлерiне және оның аффилиирленген тұлғаларына қатысты соңғы он екi ай iшiнде қабылданған шешiмдерiн;
5) брокерлік-дилерлік қызметтiң жүзеге асырылуын реттейтiн, осы Қағидалардың 23-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес клиенттер үшiн қолайлы орындарда орналастырылмаған нормативтiк құқықтық және нормативтiк актiлердi, сондай-ақ қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелердi тiркеудiң шарттары мен тәртiбiн.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
24. Брокер-дилер клиентке осы Қағидалардың 22 және 23-тармақтарында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн беруден бас тартуға құқылы емес. Бұл ретте Брокер-дилер көшiрмелердi бергенi үшiн оларды дайындауға кеткен шығынның мөлшерiнен аспайтын мөлшерде клиенттен ақы алуға құқылы.
25. Брокер-дилер қаржы құралдарымен осы клиенттiң есебiнен және мүддесiнде жасауға жоспарланған мәмiлеге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген шектеулер мен ерекше жағдайлар туралы клиенттi ескертуге мiндеттi.
26. Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларымен және ішкі құжаттармен, сондай-ақ осы Брокер-дилер мүшесi (қатысушысы) болып табылатын ӨРҰ-ның қағидаларымен өз клиенттерi алдында ақпараттар ашу жөнiнде осы Брокер-дилердiң шарт жасау алдындағы қосымша мiндеттерi (осы Қағидалардың 21-25-тармақтарында айқындалған мiндеттерден басқа) белгiленуi мүмкiн.
27. Брокер-дилер қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелердiң параметрлерi (бағалары, көлемдерi және басқа ықтимал параметрлерi) (бағаны қағаздармен мәмiлелер жасауға өтiнiмдердiң (ұсыныстардың) параметрлерi) туралы нақты емес немесе жаңылдыруға әкеп соғатын мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға немесе өзге де тәсiлмен таратуға құқылы емес.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген шарт осы Брокер-дилердiң мәмiлелерi мен өтiнiштерiне (ұсыныстарына) де басқа Брокерлер-дилерлер мен инвесторлардың мәмiлелерi мен өтiнiштерiне (ұсыныстарына) де, оның iшiнде Сауда-саттық ұйымдастырушылардың Сауда жүйесiнде тiркелген, қолданылады.
28. Қаржы құралдарын сатып алу немесе сату туралы бұқаралық ақпарат құралдарына ақпараттар немесе өзге де тәсiлдермен хабарландырулар жариялау кезiнде Брокер-дилер өзiнiң толық атауын (акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанын немесе үлгісiн толық көрсетудiң орнына тиiстi абревиатураларды қолдануға рұқсат етiле отырып, мысалы, "ЖШС", "ЖАҚ", "ААҚ","АҚ" аббревиатурасы), сондай-ақ брокерлік-дилерлік қызметтi жүзеге асыруға лицензияның берiлген күнiн және нөмiрiн көрсетуге мiндеттi. <*>
Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
4-тарау. Брокерлік қызмет көрсету жөніндегі шарт.
Клиенттік тапсырыс
29. Брокерлiк қызмет көрсету жөнiндегі шарт (бұдан әрi "Брокерлiк шарт" деп аталады) жазбаша нысанда жасалуға жатады.
Брокерлiк шартпен реттелетiн қатынастарға Қазақстан Республикасы заңдарының тапсырыс шартына немесе комиссия шартына қатысты (Брокер-дилер осы Брокерлiк шартқа сәйкес кiмнiң атынан әрекет жасайтындығына қатысты) белгiленген күшi қолданылады.
Егер бұл Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларында көзделсе және клиенттiң талабына қайшы болмаса, Брокерлiк шартты жасасу кезiнде қолды көшiру үшiн факсимильдiк құралдарды қолдануға рұқсат етiледi.
Егер бұл Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларында көзделсе, Брокерлiк шартты хаттармен, жеделхаттармен және өзге де құжаттармен алмасу арқылы Қазақстан Республикасы заңдарының шарттарды осындай тәсiлдермен жасасуға қатысты нормаларын сақтау шартымен жасасуға рұқсат етiледі.
30. Бiрiншi санатты Брокер-дилердiң жасасқан Брокерлiк шарты бiр мезгiлде қаржы құралдарын нақтылы ұстау туралы шарт ретiнде де бола алады.
31. Брокерлiк шарттың бiр жолғы да (қаржы құралдарымен бiр немесе бiрнеше өзара байланысты мәмiлелер жасау мақсатында), тұрақты да (Брокерлiк шартпен белгiленген кезең iшiнде клиентке брокерлiк қызмет көрсету мақсатында) сипаты болады.
Брокерлiк шарттың бiр жолғы сипаты жағдайында оның клиент тапсырысы ретiнде күшi болады және онда осы Қағидалардың 43-тармағында белгіленген нормалар болу керек.
Брокерлiк шарттың тұрақты сипаты жағдайында қаржы құралдарымен жекелеген мәмiлелер оған сәйкес жекелеген клиенттiк тапсырыстар негізiнде жасалады. Бұл ретте Брокерлiк шартта Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықтимал шарттардан басқа, Брокер-дилерге клиенттiк тапсырыстар ұсынудың рұқсат етiлген тәсiлдерi, Брокер-дилердiң клиенттiк тапсырыстарды қабылдағандығын растаудың тәртiбi және Брокер-дилердiң клиенттiк тапсырыстардың орындалысы туралы есептерді беру тәртібі көрсетілу керек.
32. Брокерлiк шартта бағалы қағаздармен осы Брокерлiк шартқа сәйкес жасалған және Қазақстан Республикасының заңдарымен оған қатысты шектеулер мен ерекше шарттар белгiленген мәмiле туралы Брокер-дилердiң уәкiлеттi органды хабардар ету құқығы көзделу керек.
33. Брокерлiк шартта оның жекелеген шарттарының осы Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларымен (осындай Iшкi қағидалардың уәкілетті органмен келiсiлген күнiн және оларды уәкілетті органмен келiсiлгендiгiн растайтын құжаттың нөмiрiн мiндеттi түрде көрсетумен) және/немесе ӨРҰ-ның және осы Брокер-дилер мүшесi (қатысушысы) болып табылатын Сауда-саттық ұйымдастырушының қағидаларымен (осындай қағидалардың уәкілетті органда бекiтiлгендiгi туралы мәлiметтердi мiндеттi түрде көрсетумен) айқындалатындығы көзделу керек.
34-35. Тармақтар алынып тасталынды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысымен .
36. Брокерлік шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде Брокер-дилер:
1) оның қаржылық жай-күйiнiң төмендегі кету фактiлерi мен себептерi туралы (осы Брокер-дилердiң қаржылық тұрақтылық көрсеткiштерiнiң тиiстi санаттағы Брокерлер-дилерлер үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мөлшерлерге (нормативтерге) сәйкес келмеуi);
2) осы Брокер-дилерге, оның қызметкерлерiне және оның аффилиирленген тұлғаларына қатысты уәкілетті орган, ӨРҰ және Сауда-саттық ұйымдастырушылар қолданған кез келген тәртiптiк әрекеттерi туралы;
3) қаржы құралдарымен Брокерлiк шартқа сәйкес жасалуға тиiстi (жасалған) мәмiлелерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген және оны жасасқаннан кейiн күшiне енгiзiлген шектеулер мен ерекше шарттар туралы өзiнiң клиентiн ескертуге мiндеттi.
37. Осы Қағидалардың 36-тармағында көзделген ескертпелер жазбаша түрде ресiмделу керек және клиентке Брокер-дилер поштамен, тiкелей, электрондық поштамен, факсимильдiк, телекстiк, телеграфтық хабарлаумен немесе өзге де ықтимал байланыс түрлерiмен осындай ескертпенi жiберуге негiз туындаған күннен (осы күндi қоса отырып) бастап үш жұмыс күнi iшiнде жiберу керек.
38. Брокерлiк шартта оны қолдануды тоқтатудың негіздерi және Брокерлiк шартты қолдану тоқтатылған кезде тараптардың әрекет етуiнiң тәртiбi көзделу керек.
Егер, Брокерлiк шартты қолдануды тоқтату сәтiне оның шоттарында және кассада клиентке тиесiлі ақшалар мен қаржы құралдары (бiрiншi санатты Брокер-дилердiң нақтылы ұстауындағы қаржы құралдарын қоспағанда) қалған жағдайда, олар клиенттiң Брокерлiк шартта көрсеткен немесе осы мақсаттар үшiн оның Брокер-дилерге арнайы берген реквизиттер бойынша Брокерлiк шартты қолдану тоқтатылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде, егер Брокерлiк шартта ақшалар мен қаржы құралдарын қайтарудың аса қысқа мерзiмi белгiленбесе, қайтарылу керек.
Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерінің брокерлік-дилерлік қызметтi жүзеге асыруға лицензия тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған жағдайдағы әрекет етулерiнiң ерекшелiктерi уәкілетті органның жекелеген нормативтiк актiлерiмен белгiленедi.
39. Брокерлiк шартты жасасу немесе орындау процесiнде Брокер-дилер клиентке мынадай қызметтер көрсетуге құқылы:
1) инвестициялық шешiмдер қабылдау үшiн клиентке қажеттi ақпараттар беру жөнiндегі;
2) клиентке қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау туралы ұсыныстамалар беру жөнiндегi (осы Қағидалардың 41-тармағының екiншi және үшiншi бөлiктерiнiң нормаларын ескере отырып);
3) өзге де ықтимал ақпараттық, талдау және консультациялық қызметтер.
40. Осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетiлген қызметтердi көрсету кезiнде Брокер-дилер клиентке қаржы құралдарымен Брокерлiк шартқа сәйкес жасалатын мәмiлелер бойынша пайда алу немесе шығындардың болмауы жөнiнде кепiлдiк беруге құқылы емес.
41. Брокерлiк шартты жасасу және орындау процесiнде Брокер-дилер мүдделер келiспеушіліктерiнiң туындау мүмкiндiктерi және фактiлерi туралы клиентке ескертуге мiндеттi.
Егер мәмiленi орындау мүдделердiң келiспеушiлiгін туғызуға әкеп соқса, Брокер-дилерге бағалы Қағаздармен осындай мәмiле жасау туралы клиентке ұсыныстамалар беруге тыйым салынады. Брокерлiк шартпен аталған тыйым салуды бұзғаны үшiн қаржы құралдарымен жасалған, орындалуы мүдделердiң келiспеушіліктерiнiң туындауына әкеп соққан мәмiле сомасының кемінде үш процентiн құрайтын айып белгiлену керек.
Осы баптың екiншi бөлiгімен белгiленген тыйым салу бұзылған жағдайда, Брокер-дилер клиентке Брокер-дилердiң тыйым салуды бұзуының нәтижесінде оған келтiрген шығындарды да, Брокерлiк шартпен белгiленген айыпты да төлеуге мiндеттi.
42. Брокерлiк шартты жасасу және орындау процесiнде Брокер-дилер өзiнiң клиентi туралы мәлiметтердiң құпиялығын, сондай-ақ клиенттен алынған мәлiметтiң құпиялығын, егер Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңдармен, ӨРҰ-ның және осы Брокер-дилер мүшесi (қатысушысы) болып табылатын Сауда-саттық ұйымдастырушының қағидаларымен өзгеше белгіленбесе және клиент өзi туралы мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ оның Брокер-дилерге берген ақпаратты жария етуге Брокер-дилерге құқық бермесе, сақтауға мiндеттi.
43. Клиенттiк тапсырыста мынадай реквизиттер болу керек:
1) осы клиенттiк тапсырысқа сәйкес бағалы қағаздармен жасасуға жататын мәмiленiң түрiн көрсету;
1-1) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес мәміле жасалуы тиісті қаржы құралдары эмитентінің атауы;
1-2) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес мәміле жасалуы тиісті қаржы құралдары туралы мәліметтер: сатып алынуға немесе сатылуға тиісті қаржы құралдарының түрі, ұлттық бірегейлендіру номері, саны, қаржы құралдарын сатып алу немесе сату бағасы және мәмілені тиісінше өткізу үшін қажетті басқа да мәліметтер;
2) клиенттiк тапсырыстың үлгiсiн көрсету (клиенттiк тапсырысты орындаудың рұқсат етiлген немесе талап етiлген тәсiлдерi);
3) клиенттiк тапсырыстың қолданылу мерзiмi туралы мәлiметтер;
4) клиенттiк тапсырысты қабылдаудың күнi және нақты уақыты;
5) Брокер-дилердiң осы клиенттiк тапсырысты қабылдаған қызметкерi туралы мәлiметтер;
6) Брокер-дилердiң қаржы құралдарымен осы клиенттiк тапсырысқа сәйкес жасасуға жататын мәмiленi жасау туралы ұсыныстамасының бар екендiгі туралы мәлiметтер;
7) клиенттiң тiлегі бойынша осы клиенттiк тапсырысқа сәйкес жасасуға жататын мәмiленiң мақсатын көрсету;
8) Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларымен және/немесе осы Брокер-дилер мүшесi (қатысушысы) болып табылатын ӨРҰ-ның қағидаларымен белгiленген өзге де ықтимал реквизиттер.
Ескерту. 43-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76
қаулысымен
.
44. Осы қағидалардың 43-тармағының 4)-7) тармақшаларында көрсетiлген клиенттiк тапсырыстың реквизиттерi Брокер-дилердiң уәкiлеттi қызметкерiнiң куәландыруына жатады.
45. Клиенттiң Брокер-дилерге тiкелей тапсыруына жататын клиенттiк тапсырыстың нысаны және клиенттiк тапсырыс даналарының саны Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларымен және/немесе осы Брокер-дилер мүшесi (қатысушысы) болып табылатын ӨРҰ-ның қағидаларымен белгіленедi.
46. Реквизиттер осы Қағидалардың 44-тармағына сәйкес куәландырылғаннан кейiн клиенттiк тапсырыстың екiншi данасы (клиенттiң Брокер-дилерге байланыс құралдары арқылы берген клиенттiк тапсырыстың көшiрмесi) клиентке қайтарылуға жатады.
47. Брокер-дилер:
1) клиенттiк тапсырыстың мазмұны бойынша клиентпен келiспеушілік болған кезде;
2) қаржы құралдарымен осы клиенттiк тапсырысқа сәйкес жасасуға жататын мәмiленiң Қазақстан Республикасының заңдарына анық қайшылығы болған кезде;
3) қаржы құралдарымен осы клиенттiк тапсырысқа сәйкес жасалуға жататын мәміленi тиiстi дәрежеде (Қазақстан Республикасының заңдарына және Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларына және/немесе осы Брокер-дилер мүшесi (қатысушысы) болып табылатын ӨРҰ-ның қағидаларына сәйкес) орындалуын қамтамасыз етуге клиенттiң қабілеттілігіне сенiмсiздiк болған кезде клиенттiк тапсырысты орындауға қабылдауға құқылы емес. Осындай клиенттiк тапсырысқа орындауға қабылданған жағдайда, Брокер-дилерге осы клиенттiк тапсырмаға сәйкес жасалған мәмiле бойынша мiндеттемелердi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен және Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларымен және/немесе осы Брокер-дилер мүшесi (қатысушысы) болып табылатын ӨРҰ-ның қағидаларымен белгіленген жауапкершілік жүктеледi.
5-тарау. Қаржы құралдарымен мәміле жасау
48. Брокер-дилер қаржы құралдарымен мәмiленi өз есебiнен және мүддесiнде де (дилер ретiнде), өзiнiң клиентiнiң есебiнен және мүддесiнде де (сенiмдi өкiл немесе комиссионер ретiндегi брокер ретiнде) жасауға құқылы.
49. Клиенттiк тапсырыстар, егер Брокерлік шартпен бiр клиенттiң клиенттiк тапсырыстарына қатысты өзгеше көзделмесе, оларды қабылдаудың тәртiбiмен орындалуға жатады.
50. Банк болып табылмайтын бірінші санатты брокер-дилер клиенттерге тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау мақсатында бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және/немесе бағалы қағаздары "А" санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген онымен аффилиирленбеген банктерінде немесе резидент емес - бас банкінің "А" санатынан ("Standard & Poor`s" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан ("Moody`s Investors Service" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және жеке рейтингісі бар резидент-еншілес банктерде банк шоттарын ашады. <*>
Ескерту. 50-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76
қаулысымен
.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
51. Брокер немесе дилер ретiнде қаржы құралдарымен Брокер-дилердiң жасаған кез келген мәмілелерi тек қаржы құралдардың ұйымдасқан рыногында (Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда жүйесiнде) ғана жасалуға (осы Қағидалардың 52 тармағымен белгiленген ерекшелiктердi қоспағанда) жатады.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген норма, бағалы қағаздармен тиiстi мәмiленi бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында (Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда жүйесiнде) ғана жасау шартымен және осы Қағидалардың 53 және 56-тармақтарының нормаларын сақтау шартымен осы бағалы қағаздарға қатысты Брокер-дилердiң брокер немесе дилер ретiнде бiр мезгілде сатушы (сатып алушы) болғандықтан оның бағалы қағаздарды сатып алуына (сатуына) (дилер немесе брокер ретiнде) тыйым салуды бiлдiрмейдi.
52. Осы Қағидалардың 51-тармағының бiрiншi бөлігінде белгіленген норма мына жағдайларға қолданылмайды (Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ерекшелiктердi қоспағанда):
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссиялық болып табылмайтын мемлекеттiк емес бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауға;
2) Брокер-дилердiң мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды жеке тұлға - меншiк иелерiнен (бағалы қағаздардың меншiк иелерiнiң олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммерциялық өкiлдерi болып табылмайтын өкiлдерiнен) бағалы қағаздардың ұйымдаспаған рыногында сатып алуына;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен, оның iшiнде басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес эмиссияланған, мәмiлелер жасауға;
4) шетелдiк эмитенттердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысқа жiберiлмейтiн бағалы қағаздарымен мәмiлелер жасауға;
5) шетелдiк эмитенттердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысқа жiберiлетiн бағалы қағаздарымен резидент еместермен мәмiлелер жасасуға;
6) бағалы қағаздармен (оның iшiнде Брокер-дилердiң өзiнiң эмиссиялаған) оларды бағалы қағаздардың бастапқы рыногында орналастыру кезiнде мәмiлелер жасауға;
6-1) ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында айналысқа жiберiлмейтiн мемлекеттiк емес бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасуға;
7) Брокер-дилердің өз бағалы қағаздарын сатып алуы; <*>
8) акцияларды қоспағанда Қазақстан Республикасының заңдарына және осы бағалы қағаздардың эмиссия проспектісіне (шығарылым шарттарына) сәйкес брокер-дилердің өз бағалы қағаздарын сатып алуы.
Ескерту: 52-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 1999 жылғы 30 қыркүйектегi N 44
қаулысымен
,
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 566
қаулысымен
,
2003 жылғы 7 наурыздағы N 76
қаулысымен
,
ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
53. Брокер ретiнде әрекет жасай отырып Брокер-дилер тиiстi Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда жүйесiнде тiркелген осы үлгiдегi бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауға қарсы өтiнiштiң (ұсыныстың) ең жақсы бағасынан нашар баға бойынша бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауға құқылы емес.
54. Қарсы өтiнiштiң (ұсыныстың) ең жақсы бағасынан нашар баға (осы Қағидалардың 53-тармағында көзделген) деп:
1) қаржы құралдарын осы Брокер-дилер сатқан кезде - осы үлгiдегi қаржы құралдарын сатып алудың ең жоғарғы (ең жақсы) бағасынан төмен баға;
2) қаржы құралдарын осы Брокер-дилер сатып алған кезде - осы үлгiдегi қаржы құралдарын сатудың ең төменгі (ең жақсы) бағасынан жоғары баға түсiнiледi.
55. <*>
Ескерту. 55-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
56. Брокер ретiнде қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау кезiнде Брокер-дилер клиенттiк тапсырманы аса жақсы орындау үшiн барлық ықтимал күштердi салуға мiндеттi.
Клиенттiк тапсырыста көрсетiлген мақсатына қайшы келетiн қаржы құралдарымен мәмiле жасауға Брокер-дилер құқылы емес.
Мүдделер келiспеушіліктерi туындаған жағдайда Брокер-дилер қаржы құралдарымен мәмiлелердi клиенттерінің мүдделерiн өзiнен жоғары ұстауға сүйене отырып жасауға мiндеттi.
57. Брокер ретiнде клиенттiң атынан әрекет жасай отырып Брокер-дилер қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасау үшiн басқа бiреуге сенім бiлдiруге құқылы, егер осындай сенiм бiлдiру Брокерлiк шартта көзделсе не егер Брокер-дилер есебiнен және мүддесiнде қаржы құралдарымен осы мәмiле жасалатын өз клиентiнiң мүддесiн қорғау мақсатында жағдаяттың әсерiнен осыған ықтиярсыз болса. Бұл ретте бағаны қағаздармен мәмiленi жасау үшiн тек басқа Брокер-дилерге сенiм білдiрiлуi мүмкiн.
қаржы құралдарымен мәмiле жасау үшiн Брокер-дилердiң басқа бiреуге сенiм бiлдiруi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6-тарау. Есеп жүргізуді ұйымдастыру
58. Бiрiншi санатты Брокер-дилерге тиесілі ақшалар мен қаржы құралдарға оның клиенттерiнiң қаржы құралдары мен ақшаларынан бөлек есеп жүргiзiлуге жатады. Бiрiншi санатты Брокер-дилер бұл мақсаттар үшiн орталық депозитарийде, кастодиандарда (тек шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары бойынша) және банктерде (банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда) оған және оның клиенттерiне тиесілі қаржы құралдары мен ақшаларға есеп жүргiзуге және сақтауға арналған жеке шоттар ашады.
Ескерту. 58-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
59. Клиенттен келiп түскен қаржы құралдары мен ақшаларды бiрiншi санатты Брокер-дилердiң орталық депозитарийде, кастодиандарда (тек шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары бойынша) және банктердегі (банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы) оның клиенттерiне тиесiн қаржы құралдары мен ақшаларға есеп жүргізуге және сақтауға арналған шоттарға салуына жатады.
Ескерту. 59-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
60. Егер ӨРҰ-ның және орталық депозитарийдiң қағидаларымен өзгеше көзделмесе, бiрiншi санатты бiр Брокер-дилердiң барлық клиенттерінің қаржы құралдары (ақшалары) орталық депозитарийдегі (банктегi (банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдағы)) осы Брокер-дилердiң атына ашылған бiр шотқа есепке алынады және сақталады. <*>
Ескерту. 60-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
61. Бірінші санатты Брокер-дилер әрбір жеке Клиентке осы Клиентке тиесілі бағалы қағаздар есепке алуға арналған жеке шот, сондай-ақ Брокер-дилердің өзіне тиесілі бағалы қағаздар мен ақшаны есепке алуға арналған жеке шот ашады. Брокер-дилер тек қана өзінің жеке шотын және өз Клиенттеріне жеке шоттар ашуға құқылы.
Ескерту: 61-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76
қаулысымен
.
Ескерту. 61-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
62. <*>
Ескерту: 62-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76
қаулысымен
.
Ескерту. 62-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
62-1. <*>
Ескерту: 62-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76
қаулысымен
.
Ескерту. 62-1-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
63. Брокер-дилер ол мүше болып табылатын Қазақстан Республикасының заңдарымен, ӨРҰ-ның қағидаларымен немесе осындай қағидалар болмаған кезде осы Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларымен белгiленген тәртiпте есеп журналдарын жүргізу арқылы:
1) клиенттiк тапсырыстарға және олардың орындалысына (орындалмауына);
2) қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелерге;
3) қаржы құралдарымен орындалған мәмiлелерге;
4) қаржы құралдарымен орындалмаған мәмiлелерге;
5) жеке шоттардағы қаржы құралдарға және олардың санының өзгерiстерiне;
6) жеке шоттардағы ақшаларға және олардың санының өзгерiстерiне;
7) қаржы құралдары бойынша түскен және орналастырылған кiрiстерге;
8) клиенттердiң наразылықтарына және оларды қанағаттандыру жөнiндегі шараларға;
9) клиенттiк тапсырыстардың орындалысы туралы клиенттер берген есептерге нақты және қажеттi (есеп жүргізу мәлiметтерiне өзгерiстер енгiзу үшін негіздер туындаған күні) есеп жүргізуге мiндеттi;
10) жасалған брокерлік шарттар және номиналды ұстау шарттары;
11) туынды бағалы қағаздарды; <*>
12) өзге қаржы құралдарын есепке алу. <*>
Ескерту: 63-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76
қаулысымен
.
Ескерту. 63-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
63-1. Бірінші санатты Брокер-дилер Клиенттерінің жеке шоттары бойынша операциялардың шарттары мен тәртіптері және осы операцияларды орындау мерзімдері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді. <*>
Ескерту: 63-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76
қаулысымен
.
Ескерту. 63-1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
64. Клиенттiң жеке шот ашу және жүргізу мақсатында ұсынған құжаттарын Брокер-дилер осы жеке шот жабылған күннен бастап бес жыл iшiнде сақтайды.
Негізiнде есеп жүргізу мәлiметтерiне өзгерiстер жасалған құжаттар осы жеке шот жабылған күннен бастап бес жыл iшiнде Брокер-дилердiң сақтауына жатады. <*>
Ескерту. 64-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
65. Брокерлер-дилерлердiң қаржы-шаруашылық қызметiне есеп жүргізудiң және олардың қаржылық есеп берулерiнiң тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
7-тарау. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және
ішкі бақылау жасау
66. Брокер-дилер өзiнiң клиенттерiнiң қаржы құралдары мен ақшаларының, сондай-ақ ондағы оның клиенттерi туралы ақпараттың (оның iшiнде осы Брокер-дилердiң оның клиенттерінің есебiнен және мүддесiнде қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер туралы) қауiпсiздiгін (осы тарауда бұдан әрi "Қауiпсiздiк" деп аталады) қамтамасыз етуге мiндеттi.
67. Брокер-дилердiң ішкі құжаттарымен, өзге де ықтимал нормалардан басқа:
1) құжаттарды тiркеу, сақтау және архивке өткiзу, құжаттарға және архивтегi құжаттарға рұқсат ету, архивтегi құжаттардың мәлiметтерiн қалпына келтiру;
2) электрондық мәлiметтер көлемiнiң сақталсын қамтамасыз ету;
3) қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау және орындау кезiнде, сондай-ақ осы Брокер-дилердiң және оның клиенттерiнiң қаржы құралдары мен ақшаларына есеп жүргiзу кезiнде пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдарға (оның iшiнде электрондық мәлiметтер көлемiне) рұқсат ету;
4) өрт қауiпсiздiгінің және апаттардан және өзге де қарсы тұруға болмайтын күштерден алдын-ала ескерту арқылы қорғау;
5) электр жүйесi өшiп қалған және төменде аталған жүйелердiң қалыпты режимде жұмыс iстеулерi үшiн пайдаланылатын өзге де ресурстар жоғалып кеткен (жетiспеген) жағдайларда Брокер-дилер жүйесiнiң қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау және орындау жөнiндегі, сондай-ақ осы Брокер-дилердiң және оның клиенттерінің қаржы құралдары мен ақшаларына есеп жүргізу жөнiндегi жұмыс қабілеттілігін ұстап тұру қағидалары кiретiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ету нормалары белгiленедi.
69. Осы Брокер-дилер мүшесi болып табылатын ӨРҰ-ның қағидаларымен немесе осындай қағидалар болмаған кезде, осы Брокер-дилердiң ішкі құжаттарымен қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң жекелеген нормалары қызметтiк құпия ретiнде айқындалуы мүмкiн. Бұл ретте Брокер-дилердiң ішкі құжаттары аталған нормалар бөлiгінде уәкілетті органмен келiсуге жатпайды.
70. Брокер-дилер ішкі құжаттарға сәйкес ішкі бақылауды жүзеге асырады.
Iшкi бақылау жасауды жүзеге асырудың нормалары осы Брокер-дилер мүшесi болып табылатын ӨРҰ-ның қағидаларымен немесе осындай қағидалар болмаған кезде, осы Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларымен белгiленедi. Бұл ретте Брокер-дилердiң iшкi бақылау жасау объектiсi болып табылатын әрекеттердi тiкелей орындайтын қызметкерiне iшкi бақылау жасауды жүзеге асыруға рұқсат етiлмейдi.
Ескерту: 70-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76
қаулысымен
.
71. Брокер-дилер айына кемiнде бiр рет жеке шоттардағы (банк) қаржы құралдары мен ақшалар санына өзiнiң есеп жүргізу мәлiметтерiн орталық депозитарийдiң және банктердiң (банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдағы) осы Брокер-дилерге ашылған шоттардағы қаржы құралдары мен ақшалардың саны туралы мәлiметтермен салыстырып тексерiс жүргізуге міндетті. <*>
Ескерту. 71-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142
қаулысымен
.
Ескерту. 8-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Уәкілетті органның
Төрағасы