Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Төрағасының 1999 жылғы 20 көкектегі N 30 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 1 маусымда тіркелді. Тіркеу N 782. Ескерту. ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 9 көкектегі N 28. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 175 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.31. N 649 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Министрліктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берген өзге де мемлекеттік органдар заңдарда белгіленген тәртіппен: 
      1) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың өздеріне бекітілген мүліктерді жалға беруден түсетін кірістерді республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кірісіне есептеу туралы мәселені шешсін; 
      2) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар бойынша шығыстардың сметасын бекіткен кезде, олардың кіріс бөлігінде, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар өздеріне бекітілген мүліктерді жалға беруден алатын кірістер ескерілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі