"Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызмет туралы" ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының қаулысы 1997 жылғы 2 қыркүйек N 139 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 16 қазанда тіркелді. Тіркеу N 403. Күші жойылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1998.12.31. N 20 ~V980683 қаулысымен.


     Осы Ережемен "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру 
туралы"  

Z970136_

  Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына 
сәйкес зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар (бұдан әрi - 
Компаниялар) сақтауға мiндеттi пруденциялық нормативтер белгiленедi.
     1. Жарғылық капиталдың ең аз мөлшерi 
<*>

    Ескерту: 1-тарау алынып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі
             ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 11 тамыз N 40
             Қаулысымен.  

V990898_

 
     
     2. Өз қаражатының жеткiлiктiлiгі 
<*>

     Ескерту: 2-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар         
              жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 11 тамыз N 40
              Қаулысымен.  

V990898_

 
     
     2.1. Компанияның өз қаражатының жеткiлiктiлiгі Компанияның өз 
қаражаты мөлшерiнiң оның өз активтерiнiң және оның инвестициялық басқаруға 
қабылдаған зейнетақы активтерiнiң мөлшерiне қатынасы ретiнде есептелетiн 
К1 коэффициентiмен мынадай формулада сипатталады:
     
                            СС
                      К1=_________ , бұл жерде
                         СА + ПА
     
     К1 - өз қаражатының жеткiлiктiлiк коэффициентi;
     СС - Компанияның өз қаражатының осы Ереженiң 2.2-тармағына
          сәйкес есептелген мөлшерi;
     СА - Компанияның өз активтерiнiң мөлшерi;
     ПА - Компанияның инвестициялық басқаруға қабылдаған зейнетақы
          активтерiнiң мөлшерi.
     
     2.2. Компанияның өз қаражатына:
     1) жарияланған жарғылық капитал;
     2) қосымша төленген капитал;
     3) қосымша төленбеген капитал;
     4) резервтiк капитал;
     5) есептi жылдың бөлiнбеген кiрiсi;
     6) өткен жылдардың бөлiнбеген кiрiсi;
     шегерiле отырып:
     7) төленбеген капитал;
     8) алып қойылған капитал;
     9) материалсыздандырылған активтер;
     10) есептi жылдың жабылмаған зияндары;
     11) өткен жылдардың жабылмаған зияндары;
     12) кепiлдiктегi немесе өзге де жүк артуға ұшыраған активтер;


      13) "Аффилиирленген тұлға" ұғымын қолдану практикасы туралы" Ұлттық комиссия Директоратының 1998 жылғы 26 қазандағы N 181 V980680_ қаулысына сәйкес Компанияға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылатын ұйымдардың дебиторлық борышы;
      14) компанияға өтеу мерзiмi екi айдан асатын материалсыздандырылған активтердi, негiзгi қаражатты және материалдарды жеткiзу жөнiндегi ұйымдардың дебиторлық борышы;
      15) Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен V980642_ бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларының 2-тармағымен айқындалған қаржы құралдарына инвестициялауды қоспағанда қаржылық инвестициялар (сатып алу құнымен);
      16) берiлген аванстар кiредi.
      2.3. К1 коэффициентiнiң мәнi мыналардан төмен болмау керек:
      1) 0,02 - Компанияның инвестициялық басқаруға қабылдаған зейнетақы активтерiнiң кемiнде 5 миллиард теңгенi құрайтын мөлшерi кезiнде;
      2) 0,015 - Компанияның инвестициялық басқаруға қабылдаған зейнетақы активтерiнiң 5-тен 10 миллиардқа дейiнгi теңгенi құрайтын мөлшерi кезiнде;
      3) 0,01 - Компанияның инвестициялық басқаруға қабылдаған зейнетақы активтерiнiң 10 және одан көп миллиард теңгенi құрайтын мөлшерi кезiнде.

      3. Резервтiк капитал

      3.1. Компания негiзгi және қосымша резервтiк капиталдарын қалыптастыруға мiндеттi. Негiзгi резервтiк капитал Компанияның басқаруға алған зейнетақы активтерi бойынша мiндеттемелерiнiң уақытында орындалуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Қосымша резервтiк капитал Компанияның зейнетақы активтерiн басқару кезiнде жiберген инвестициялық тәуекелдер нәтижесiнде туындаған шығындарды жабуды қамтамасыз етуге арналады.
      3.2. Негiзгi резервтiк капитал Компанияның өз қаражаттарынан қалыптастырылады және басқаруға қабылданған зейнетақы активтерiнiң сомасынан:
      - Компанияның басқаруындағы 5 миллиард теңгеден аз зейнетақы активтерiнiң мөлшерiнде - 0,25%-ке;
      - 5-тен 35 миллиард теңге аралығындағы зейнетақы активтерiнiң мөлшерiнде - 0,2%-ке;
      - 35-тен 50 миллиард теңге аралығындағы зейнетақы активтерiнiң мөлшерiнде - 0,15%-ке;
      - 50 миллиард теңгеден асатын зейнетақы активтерiнiң мөлшерiнде - 0,1%-ке тең мөлшерде құрылады.
      Қосымша резервтiк капитал бiр Қордың зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi қызметiн жүзеге асырғаннан кейiн 12 күнтiзбелiк ай iшiнде Компанияның өз қаражаттарын қаржы болу есебiнен Компанияның зейнетақы активтерi бойынша нақты табысының коэффициентi мына екi көрсеткiштен ең жоғары асатын сомада қалыптастырылуға жатады:
      1) Республиканың барлық Компанияларының орташа нақты кiрiсi коэффициентiнiң 50%-i;
      2) Республикадағы барлық Компаниялардың орташа нақты кiрiсiнiң коэффициентi минус 2%.
      Компанияның зейнетақы активтерi жөнiндегi нақты кiрiсiнiң коэффициентi осы Ереженiң 4.6-тармағына сәйкес есептелiнедi.
      Республиканың барлық Компанияларының орташа нақты кiрiсiнiң коэффициентi осы Ереженiң 4.8-тармағына сәйкес есептелiнедi. <*>
      Компания аталған кезеңде бiрнеше Қордың зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асырған жағдайда, есеп айырысуға Компанияның нақты кiрiсiнiң орташа есептелген өлшемi қабылданады.
      Компанияның оның негiзгi және қосымша резервтiк капиталдарының жиынтық өлшемiне сәйкес келетiн өз активтерiн Компания тек қана Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларының 2-тармағында айқындалған қаржы құралдарына орналастыруы керек.
      Компанияның өз активтерi есебiнен аталған қаржы құралдарына жүзеге асырылатын инвестициялардың жиынтық баланстық құны күнделiктi кемiнде оның осы тармақтың шарттарына сәйкес есептелген негiзгi және қосымша резервтiк капиталдарының жиынтық өлшемiн құрау керек. <*>
      Ескерту: 3-2 тармақтың он бірінші бөлігі өзгертілді, он үшінші
               бөлігі жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар
               жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 11 тамыз N 40
               Қаулысымен. V990898_
      3.3. Басқарудағы зейнетақы активтерiнiң мөлшерiне пара-пар түрде негiзгi резервтiк капитал өсiрiлуге жатады. Негiзгi резервтiк капиталдың мөлшерi күн сайын осы Ереженiң 3.2-тармағының талаптарына сәйкес болу керек.

      4. Инвестициялық кiрiстiң ең аз мөлшерi

      4.1. Инвестициялық кiрiстiң ең аз мөлшерiнiң коэффициентi Компания басқаруға алған зейнетақы активтерi бойынша кiрiстiлiктiң ең аз деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында белгiленген. Коэффициент бiр Қордың зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi қызмет жүзеге асырылғаннан кейiн 12 күнтiзбелiк ай iшiнде Компаниялармен есеп айырысуға жатады.
      Компания аталған кезеңде бiрнеше Қордың зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асырған жағдайда, коэффициенттiң есебi әрбiр қордың зейнетақы активтерi бойынша жеке-жеке жүргiзiледi, сондай-ақ оның орташа өлшемi айқындалады.
      4.2. Компанияның басқаруына зейнетақы активтерi келiп түскен бiрiншi күннен бастап, ол күн сайын зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгi құнының есебiн жүргiзедi.
      Зейнетақы активтерiнiң шартты бiрлiгi - бұл зейнетақы активтерiнiң, Компанияның инвестициялық қызметi нәтижесiндегi олардың құнындағы өзгерiстер мөлшерiн сипаттайтын жалпы құнының үлес бiрлiгi.
      4.3. Зейнетақы активтерiнiң шартты бiрлiгiнiң құнын күн сайын есептеу

инвестициялау күнiнiң соңына мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
     а) Компанияның басқаруына зейнетақы активтерiнiң келiп түскен күн, 
келiп түскен зейнетақы активтерiнiң тиiстi сомасы сәйкес келетiн шартты 
бiрлiктердiң жалпы санын есептеу жүргiзiледi:
             ЗА
     H = -------------, бұл жерде:
              Қ
     ЗА - басқаруға алғашқы келiп түскен зейнетақы активтерiнiң жалпы
сомасы;
     Қ - инвестициялық басқарудың бiрiншi күнiнде 100 теңгеге тең
сомада қабылданған зейнетақы активтерiнiң бiр шарты бiрлiгiнiң құны;
     б) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқарудың кейiнгi күндерi
бiр шартты бiрлiктiң құнын қайта есептеу мынадай түрде жүргiзiледi:
              ЗАt
     Ct = -----------, бұл жерде:
              Ht
     ЗАt - зейнетақы активтерiнiң күн аяғына ағымдағы құны;


      Нt - ағымдағы және өткен күндерде басқаруға келiп түскен зейнетақы активтерiнiң құнына сәйкес келетiн шартты бiрлiктiң жалпы саны;

      Ht = Ht - l + (Bt - ПВt)/Сt - l, бұл жерде:

      Ht-l - өткен күндегi шарты бiрлiктiң жалпы саны;
      Вt - ағымдағы күнi Қорға келiп түскен зейнетақы жарналары мен трансферттiк аударымдардың сомасы;
      ПВt - ағымдағы күнi Қордың төленген зейнетақы төлемдерi мен трансферттiк аударымдардың сомасы;
      Ct-l - өткен күнi қалыптасқан бiр шартты бiрлiктiң құны.
      4.4. Бiрiншi 12 айды қоспағанда, зейнетақы активтерiн басқару

жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын Компания есептi айдан кейiнгi айдың 
5-шi күнiнен кешiктiрмей Ұлттық комиссияға осы Ереженiң 4.2. және 
4.3-тармақтарына сәйкес есептелген зейнетақы жиналымдарын орналастырудан 
түскен Компанияның бастапқы кiрiсiнiң (К2) және нақты кiрiсiнiң (К3) 
коэффициенттерiнiң есебiн беру керек. 
<*>

     Ескерту: 4.4-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық  
              комиссиясының 1999 жылғы 11 тамыз N 40 Қаулысымен.  

V990898_

 
     
     4.5. Бастапқы кiрiстiң коэффициентi:
                Ct
     K2 = (----------- - l) x 100%, бұл жерде:
                Co
     Сt - есептi айдағы зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң 
орташа құны;
     Со - өткен жылдың осы айындағы зейнетақы активтерiнiң бiр шартты 
бiрлiгiнiң орташа құны.
     Зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң орташа құны 30 
күнтiзбелiк күнге қаралып отырған айдың әрбiр күнiндегi құнының сомасын 
бөлу арқылы есептеледi. Бұл ретте әрбiр демалыс күнiндегi бiр шартты 
бiрлiктiң құны оның өткен жұмыс күнiндегi қалыптасқан құнымен бiрдей 
қабылданады.
     4.6. Нақты кiрiстiң коэффициентi:
              К2 - И
     K3 = (-----------) x 100%, бұл жерде:
              l + И
     К2 - осы Ереженiң 4.5-тармағына сәйкес есептелiнiп, 100%-ке бөлiнген 
нақты кiрiстiң коэффициентi;


      И - қаралып отырған жылдық кезең уақытына инфляцияның Қазақстан Республикасының орталық статистика органы айқындаған деңгейi.
      4.7. Компанияның нақты кiрiсiнiң коэффициентi мына екi көрсеткiштiң төменгiсiнен аз болмауы керек:
      1) Республикадағы барлық Компанияның орташа нақты кiрiсiнiң коэффициентiнiң 50%;
      2) Республикадағы барлық Компанияның орташа нақты кiрiсiнiң коэффициентi минус 2%.
      4.8. Барлық Компанияның аяқталған айдағы орташа нақты кiрiсiнiң коэффициентiн Ұлттық комиссия айқындайды және келесi айдың 15 күнiнен кешiктiрiлмей жарияланады. <*>
      Барлық Компанияның орташа нақты кiрiсiнiң коэффициентiн есептеу тәртiбi, К2 Республикадағы барлық Компанияның орташа бастапқы кiрiсiнiң коэффициентi ретiнде болған кезде осы Ереженiң 4.6-тармағында келтiрiлгенге ұқсас болады.
      Республикадағы барлық Компанияның орташа бастапқы кiрiсiнiң коэффициентi барлық Компанияның бастапқы кiрiсiнiң орташа өлшемiмен айқындалады.
      Ескерту: 4.8-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық
               комиссиясының 1999 жылғы 11 тамыз N 40 V990898_ қаулысымен.
      4.9. Егер Компанияның нақты кiрiсiнiң коэффициентi белгiленген ең аз мәннен төмен болған жағдайда, Компания айырманы зейнетақы активтерiнiң пайдасына қосымша резервтiк капиталдың есебiнен өтейдi. Нақты кiрiстiң коэффициентiнiң ең аз мәнiне жету үшiн қосымша резервтiк капиталдың есебiнен жабылады.
      Қосымша және негiзгi резервтiк капиталдардың сомасы жетпеген жағдайда, Компания қалыптасқан айырманы негiзгi қаржы есебiнен жабуға мiндеттi.

      5. Бiр эмитенттiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарына,
           бiр екiншi деңгейдегi банктегi депозитке және бiр екiншi
           деңгейдегi банктiң депозиттiк сертификатына жасалатын
                инвестициялардың ең төменгi мөлшерi

      5.1. Осы Ережемен және Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн бiр эмитенттiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарына, бiр екiншi деңгейдегі банктегi депозитке және бiр екiншi деңгейдегi банктiң депозиттiк сертификатына Компания жасайтын инвестициялардың жиынтық мөлшерi мынадай мәндерден аспауы керек:
      1) бiр екiншi деңгейдегi банкке эмиссияланған бағалы қағаздарға, сондай-ақ осы банктегi депозиттерге және оның депозиттiк сертификаттарына:
      зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде - әрбiр жекелеген жинақтаушы зейнетақы қорының Компанияның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерi көлемiнiң 10%-нен, өз активтерiн инвестициялау кезiнде - Компанияның өз активтерi көлемiнiң 10%-нен,
      бiрақ жиынтығында осы банктiң өз капиталы мөлшерiнiң 25%-нен аспайтындай;
      2) екiншi деңгейдегi банк болып табылмайтын эмитенттiң облигацияларына:
      зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде - әрбiр жекелеген жинақтаушы зейнетақы қорының Компанияның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерi көлемiнiң 5%-нен, өз активтерiн инвестициялау кезiнде - Компанияның өз активтерi көлемiнiң 5%-нен,
      бiрақ жиынтығында осы эмитенттiң өз капиталы мөлшерiнiң 25%-нен немесе осы эмитенттiң бiр эмиссиясының облигацияларының жалпы санының 25%-нен аспайтындай (аталған өлшемдердiң қайсы аса төмен болып табылатындығына байланысты);
      3) екiншi деңгейдегi банк болып табылмайтын эмитенттiң акцияларына:
      зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде - әрбiр жекелеген жинақтаушы зейнетақы қорының Компанияның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерi көлемiнiң 5%-нен, өз активтерiн инвестициялау кезiнде - Компанияның өз активтерi көлемiнiң 5%-нен,
      бiрақ жиынтығында осы эмитенттiң акцияларының жалпы санының 25%-нен аспайтындай.
      5.2. Компанияның бiр эмитенттiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарына, бiр екiншi деңгейдегi банктегi депозитке және бiр екiншi деңгейдегi банктiң депозиттiк сертификатына жасалатын инвестицияларының жиынтық мөлшерiн есептеу кезiнде:
      1) Қазақстан Республикасының ұйымы - банктiң (эмитенттiң) өз капиталы банктiк қызметтi реттейтiн заңға немесе акционерлiк қоғамдар туралы заңдарға сәйкес баспасөз басылымында жарияланған не листингтiк рәсiмдерге сәйкес "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ы ұсынған оның соңғы тоқсандық балансының негiзiнде айқындалады;
      2) шетелдiк эмитенттiң өз капиталы оның Компания үшiн жеткiлiктi

соңғы тоқсандық немесе жылдық балансының негiзiнде айқындалады;
     3) бiр-бiрiне аффилиирленген екiншi деңгейдегi банктер бiр банк 
ретiнде танылады.
     5.3. Осы Ереженiң 5.1 және 5.2-тармақтарында белгiленген нормалар 
халықаралық қаржы ұйымдарының Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 
11 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi 
компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларына сәйкес 
Компания сатып алуы мүмкiн бағалы қағаздарына қолданылмайды. 
<*>

     Ескерту: 5-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар         
              жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 11 тамыз N 40      
               

V990898_

  қаулысымен. 
    
     6. Негiзгi қаржылардағы және айналыстан тыс активтердегi
        салымдардың ең аз мөлшерi
     6.1. Компанияның өз қаржыларын негiзгi қаржыларға және айналыстар тыс 
басқа активтерге салудың мөлшерi өз капиталына қатысты, 0,25-тен аспау 
керек.
            Иос
     К4 = ======== 
< 0,25, бұл жерде:
             К
     И - мынадай активтердiң сомасы ретiнде айқындалатын негiзгi 
қаржылардағы және басқа да айналыстан тыс активтердегi салымдар:
     а) үй-жайлар және ғимараттар;
     б) шаруашылық мүлiктер;
     в) материалдық емес активтер;
     г) көлiк құралдары;
     д) машиналар және құрал-жабдықтар;
     е) аяқталмаған құрылыс;
     ж) шаруашылық материалдары;
     з) басқа негiзгi қаржылар минус негiзгi қаржылардың тозуы.
     К - компанияның бухгалтерлiк есеп жүргiзу туралы заңға сәйкес
есептелiнген өз капиталы.
     7. Қорытынды ережелер р 
<*>

     Ескерту: 7-тараудағы "БҚҰҚ" сөздері "Ұлттық комиссия" сөздерімен      
              өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық             
              комиссиясының 1999 жылғы 11 тамыз N 40  

V990898_

  қаулысымен.


      7.1. Пруденциялық нормативтердi есептеу үшiн Компания күн сайын Ұлттық комиссияға баланстарды және К1, К2, К3 коэффициенттерiнiң және бiр заңды тұлғаның бағалы қағаздарына (депозиттерiне) инвестициялаудың ең жоғары мөлшерiнiң есебiнен бiрге анықтамалар бередi. <*>
      Осы Ереженiң 4.1-тармағымен белгiленген мерзiмнiң аяқталуы бойынша Компания есептi айдан кейiнгi айдың 5-шi күнiнен кешiктiрмей, қарастырылған айдың әрбiр күнiндегi зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгi құнының есебiмен бiрге анықтама, оның әр айдағы орташа айлық құнын және осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес К4 коэффициентiн бередi.
      7.2. Компания белгiленген пруденциялық нормативтердi орындамаған жағдайда, Ұлттық комиссия Компанияның лицензиясын "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау туралы" Ережеге сәйкес тоқтата тұруға құқылы. <*>
      7.3. Ұлттық комиссия қандай да болмасын пруденциялық нормативтердi сақтамаған Компанияға шаралар қолданбастан, Компания осы Ережеге сәйкессiздiктi жоюға тиiстi белгiлi бiр мерзiм белгiлеп, сондай-ақ Компанияның кез келген лауазымды тұлғасын немесе қызметкерiн қызметтен мүлдем немесе уақытша босататын талаптар болуы мүмкiн ұйғарым шығаруға құқылы. <*>
      Компания жазбаша ұйғарымның, онда көрсетiлген мерзiмде орындалғандығы туралы Ұлттық комиссиясын жазбаша ескертуге мiндеттi. <*>
      7.4. Ұсынылған есептердiң анықтылығы үшiн Компания толық жауапкершiлiкте болады.
      7.5. Ұлттық комиссияның әрекеттерi туралы сот тәртiбiмен шағымдануға Компания құқылы. Ұлттық комиссияның жазбаша ұйғарымы жөнiндегi шағым оның орындалысын тоқтатпайды.
                                         1-қосымша



            Басқаруға қабылданған зейнетақы активтерi бойынша

                   нақты кiрiстiң коэффициентiн есептеу
     _______________________________________________________________
     (зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның толық атауы)
     _______________________________________________________________
             (есеп жүргiзiлетiн айды және жылды көрсету керек)
     Зейнетақы активтерiнiң шартты бiрлiгiнiң орташа құнын есептеу
     _______________________________________________________________
                (мемлекеттiк емес зейнетақы қорының атауы)
____________________________________________________________________
 Күнi |Активтердiң|Түскен жар.|Жүргiзiлген |Зейнетақы |Зейнетақы    |
(күн  |ағымдағы   |налар мен  |төлемдердiң,|активтерi.|активтерiнiң |
сайын)|құны       |трансферт. |трансферттiк|нiң шартты|бiр шартты   |
      |           |тердiң     |аударымдар. |бiрлiгiнiң|бiрлiгiнiң   |
      |           |сомасы     |дың сомасы  |жалпы саны|құны         |
______|___________|___________|____________|__________|_____________|
               (екi ай бойынша бөлек толтырылуға жатады)
     Зейнетақы активтерiнiң
     бiр бiрлiгiнiң орташа құны   _________ (айы) __________ (жылы)
     Зейнетақы активтерiнiң
     бiр бiрлiгiнiң орташа құны   _________ (айы) __________ (жылы)
     Бастапқы кiрiстiң коэффициентi (К2)
     Нақты кiрiстiң коэффициентi (К3)
     Бiрнеше қордың басқаруға алынған
     зейнетақы активтерi бойынша нақты
     коэффициенттiң орташа өлшемi*
     _____________ (бiрiншi басшының қолы)
     _____________ (бас бухгалтердiң қолы)
             М.О.
     _____________ (есеп жасалған күн)
     Ескерту: 
<*>
 Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания
                  бiрнеше мемлекеттiк емес зейнетақы қорларының
                  активтерiн басқару жөнiндегi қызметтi нақты
                  кiрiстiң коэффициентiн есептеу үшiн белгiленген
                  мерзiмде жүзеге асырған жағдайда айқындалады.
                  Бұл ретте есептеу таблицасы әрбiр мемлекеттiк
                  емес зейнетақы қорының зейнетақы активтерi бойынша
                  жеке толтырылуға жатады.