Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерiстер мен т

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 566 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 5 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1746. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысымен.

       РҚАО-ның ескертуі: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы  N 86   қаулысына сәйкес 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаулының күші жойылады (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) .
________________________________________

      Экспорт-импорт валюта бақылауының автоматтандырылуын сапалы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  қаулы етеді
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 343  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін: 
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4. Ақпарат технологиясы департаменті (Молчанов С.Н.) "Банктік сервис бюросы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (Шәймергенова Б.Ш.) бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үшін валюталық бақылау бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді қамтамасыз етсін және оны 2002 жылғы 1 шілдеде өндірістік пайдалануға енгізсін.". 
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді. 
      3. Ақпарат технологиясы департаменті (Молчанов С.Н.): 
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы                                            

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік кіріс министрлігі

      2002 жылғы 3 қаңтар

     

     

     Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Жұманазарова А.Б.