Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерістер ен

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 383 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3414. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25 N 173 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы" 2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1865 тіркелген, 2002 жылғы мамыр айында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Хабаршысы" N 11 басылымында жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2578 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 375 қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2817 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 77 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер енгізілсін:
     барлық мәтін бойынша "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
     1-тармақтың 2) тармақшасында "және қағаз тасымалдаушыда" деген сөздер "тасымалдаушыда" деген сөзбен ауыстырылсын;
     6-қосымшаның кестесіндегі 5-жолда және 9-қосымшаның 11-тармағының 1) тармақшасында "шарт бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
     3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Токобаев Н.Т.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстанның тізілімұстаушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, бағалы қағаздардың орталық депозитарийіне жіберсін.
     4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

     Төраға