БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының білім беру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының және бұйрығының құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академияның ректорына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 47 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының білім беру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13671 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген белгілі бір тізбе бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің бүкіл көлемі білім алушыдан күнделікті өзіндік жұмыс атқаруды талап ететін тапсырмалармен расталады;";
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) транскрипт (Transcript) (транскрипт) - кредиттер мен бағаларды көрсете отырып, тиісті оқу кезеңінде игерілген пәндер тізбесі және (немесе) модульдер, оқу жұмысының басқа түрлерінен қамтылған құжат.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Академияда оқу процесін ұйымдастыру үшін мынадай оқу-әдістемелік құжаттамалар жүргізіледі:
1) оқу тобының білім алушыларының сабақтарын, үлгерімін және сабаққа қатысуын есепке алу журналы;
2) профессор-оқытушылар құрамының (бұдан әрі - ПОҚ) жеке жұмыс жоспары;
3) оқытушының оқу жүктемесін есепке алу журналы;
4) оқу тобына арналған емтихандық-рейтингтік ведомосі;
5) магистранттың немесе докторанттың жеке жұмыс жоспары (бұдан әрі - МЖЖЖ немесе ДЖЖЖ);
6) транскрипт;
7) кәсіптік практика мен тағылымдама нәтижелері бойынша қорғау хаттамалары;
8) Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - МАК) төрағасының есебі.";
9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Оқу сабақтары кестеге сәйкес өткізіледі. Кестенің нысаны мен әзірлеу тәртібін Академия дербес анықтайды.
10. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - МЖБС) Академия жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді, олардың негізінде пәндер бойынша жұмыс оқу жоспарлары (бұдан әрі – ЖОЖ) мен оқу жұмыс бағдарламалары (бұдан әрі – ЖОБ) әзірленеді.";
11. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары модульдік оқыту қағидаты бойынша әзірленеді.
Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларының бір модулінің көлемін Академия дербес анықтайды және екі немесе одан да көп оқу пәндерін қосады немесе бір немесе бірнеше пәндерді оқу жұмысының басқа түрлерімен үйлестіреді.
Кәсіптік практикалар, қорытынды аттестаттау білім беру бағдарламасының тиісті модульдеріне қосылады. Бұл ретте кәсіптік практиканың әрбір түрі түрлі модульдерге жатқызылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14 ЖОБ нысанын, құрылымын мен әзірлеу тәртібін Академия дербес айқындайды.";
18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Академияда оқу процесі оқытудың кредиттік технологиясы бойынша жүзеге асырылады.
Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің көлемі академиялық кредиттердің тұтас санын құрайды. Оқу пәнін академиялық кредиттермен бағалау тәртібін Академия дербес анықтайды.
19. Оқытудың кредиттік технологиясы білім беру бағдарламасына және ЖОЖ-ға сәйкес академиялық кредиттерді жинақтай отырып, пәндерді және (немесе) модульдерді зерделеуді дербес жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.";
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Білім беру бағдарламаларының мазмұны МЖБС анықталады және жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы іске асырылады.
22. Академия магистранттар мен докторанттарды даярлауды:
1) білім беру бағдарламасына;
2) ЖОЖ;
3) МЖЖЖ немесе ДЖЖЖ сәйкес жүзеге асырады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. ЖОЖ білім беру бағдарламасына сәйкес оқудың барлық кезеңіне әзірленеді және Академия ректоры бекітеді.
ЖОЖ-да:
1) пәндер тізбесі және олардың кредитпен еңбек сыйымдылығы;
2) пәндерді зерделеу тәртібі, оқу сабақтарының түрлері және бақылау нысандары;
3) МЖБС талаптарына сәйкес оқу қызметінің өзге де түрлері айқындалады.
ЖОЖ сабақ кестесін құруға және оқытушының оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеу үшін негіз болып табылады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. МЖБС талаптарына сәйкес МЖЖЖ немесе ДЖЖЖ оқытудың барлық кезеңіне құрастырылады.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Кәсіптік практика (тағылымдама), ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмыс және білім алушылардың қорытынды аттестаттауы білім алушылардың 54 сағатқа (6 күндік жұмыс аптасында күніне 9 сағат) тең апта ішіндегі нормативтік жұмыс уақытына байланысты апталармен айқындалады.";
36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде білім алушылардың өзіндік жұмысы ОБӨЖ және БӨЖ-ге бөлінеді.
БӨЖ-нің бүкіл көлемі білім алушыдан күнделікті өзіндік жұмыс атқаруды талап ететін тапсырмалармен расталады.
37. Білім алушының оқытушымен байланыс жұмысының арасындағы уақыт арақатынасын және оқу қызметінің барлық түрлері бойынша БӨЖ-ді Академия дербес анықтайды.
Бұл ретте аудиториялық жұмыс көлемі әр пән көлемінің кемінде отыз пайызын құрайды.";
мынадай мазмұндағы 37-1 және 37-2-тармақтармен толықтырылсын:
"37-1. Теориялық оқыту мен аралық аттестаттауды жоспарлау бірыңғай кредиттер көлемімен жүзеге асырылады. Әр пән бойынша кредиттердің жалпы саны оны зерделеуді, сондай-ақ осы пән бойынша аралық аттестаттауға дайындықты және өту нысандарын құрайды.
37-2. Әр оқу пәнін зерделеу қорытынды бақылаумен аяқталады.
Академияда әр пәнді зерделеу аяқталған соң, білім алушылар емтихан нысанында қорытынды бақылау тапсырады. Егер пәннің ұзақтығы екі және одан көп академиялық кезеңнен тұрса, әр академиялық кезең аяқталған соң емтихан нысанында аралық бақылау өткізіледі. Кәсіптік практикалардың, тағылымдамалардың барлық түрлері қорғау арқылы бағаланады.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Кредиттер мен бағаларды көрсете отырып, тиісті оқу кезеңінде игерілген пәндер және (немесе) модульдер, оқу жұмысының басқа түрлері транскрипте көрсетіледі.";
2-қосымша алып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13657 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кәсіптік практика "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - МЖБС) өткізіледі.
Практикадан өту мерзімі академиялық күнтізбеге сәйкес айқындалады.
Кәсіптік практика мынадай түрлерге бөлінеді: педагогикалық, зерттеу, өндірістік.
Кәсіптік практика теориялық оқытумен қатар немесе жеке кезеңде жүргізіледі. Кәсіптік практиканың нәтижелері аралық аттестаттау қорытындыларын жасау кезінде ескеріледі.
Барлық практика түрлерінің (тағылымдамалардың) ұзақтығын Академия дербес анықтайды.";
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Кәсіптік практиканы өткізу үшін базалар ретінде (бұдан әрі - практикалар базасы) кадрларды даярлау бейініне және білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін құқық қорғау органдары, өзге мемлекеттік органдар, ұйымдар және мекемелер анықталады.
Академия ректорының бұйрығымен ЖООКБИ-дың тиісті кафедрасына кәсіптік практиканы ұйымдастыру бекітіледі (бұдан әрі – жауапты кафедра).
11. Кәсіптік практика:
1) құқық қорғау органдарының және (немесе) өзге мемлекеттік органдардың базасында олардың жазбаша растауы негізінде;
2) ұйымдар және мекемелер базасында Академия және практика базалары арасында жасалған шарттар (меморандумдар, келісімдер) негізінде өткізіледі.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратурада және докторантурада білім алушылардың педагогикалық практикасы МЖБС, білім беру бағдарламалары мен жұмыс оқу жоспарларына сәйкес ұйымдастырылады.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратурада және докторантурада білім алушылардың зерттеу практикасы МЖБС, білім беру бағдарламалары мен жұмыс оқу жоспарларына сәйкес өткізіледі.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Бейіндік бағыт бойынша магистратурада және докторантурада білім алушылардың өндірістік практикасы МЖБС, білім беру бағдарламалары мен жұмыс оқу жоспарларына сәйкес ұйымдастырылады.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Өндірістік практиканың базалары бейіндік бағыттағы магистратура және докторантура білім алушыларының зерттеу тақырыптарын ескере отырып, құқық қорғау органдары және (немесе) басқа да мемлекеттік органдар, ұйымдар және мекемелер болып табылады.";
46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Тағылымдама МЖБС, білім беру бағдарламаларына және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес өткізіледі.
47. Тағылымдама диссертациялық зерттеу тақырыптарын есепке ала отырып:
1) мемлекеттік және (немесе) құқық қорғау органдарында олардың жазбаша растауы негізінде;
2) Қазақстан Республикасының білім беру және (немесе) ғылыми ұйымдарында және (немесе) шет мемлекеттерде Академия мен көрсетілген білім беру және (немесе) ғылыми ұйымдар арасында жасалған шарттарға (меморандумдарға, келісімдерге) сәйкес немесе білім алушылардың жеке шақырулары негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, ел ішіндегі білім беру және (немесе) ғылыми ұйымдардағы тағылымдама базаларының тізбесін жауапты кафедра жасайды.
Шет мемлекеттердегі тағылымдамалар базаларының тізбесін Академияның халықаралық ынтымақтастық бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) жасайды.";
мынадай мазмұндағы 48-1 тармақпен толықтырылсын:
"48-1. Тағылымдама бағдарламасын кадрларды даярлау бағыттарын ескере отырып жауапты кафедра әзірлейді және ОӘК отырысында қаралады.".
3. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13660 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Оқу үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) 2-қосымшаға (бұдан әрі - МЖБС) сәйкес білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі.";
4-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) транскрипт (Transcript) (транскрипт) - кредиттер мен бағаларды көрсете отырып, тиісті оқу кезеңінде игерілген пәндер және (немесе) (модульдер), оқу жұмысының басқа түрлері қамтылған құжат;":
6-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;
14-тармақ алып тасталсын;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Емтихандық сессия (аралық аттестаттау) кезеңіне Академия ректорының бұйрығымен біліктілігі аппеляцияланатын пән бейініне сәйкес келетін оқытушылар қатарынан аппеляциялық комиссия құрылады.
Аппелляциялық комиссия жұмысының тәртібін Академия дербес анықтайды.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Білім беру бағдарламасының және (немесе) жұмыс оқу жоспарының және (немесе) жұмыс оқу бағдарламаларының және (немесе) магистранттың немесе докторанттың жеке жұмыс жоспарының талаптарын орындамаған білім алушы академиялық үлгермегені үшін Академиядан шығарылады.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Апелляция өткізу үшін Академия ректорының бұйрығымен біліктілігі кадрларды даярлау бағытының бейініне сәйкес келетін оқытушылар қатарынан апелляциялық комиссия құрылады.".
4. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13653 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызмет қағидаларында:
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Академияға оқуға қабылдау "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 31809 тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".
5. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 12 шілдедегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23513 болып тіркелген) мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық-білім беру порталы – ақпараттық-телекоммуникациялық желінің көмегімен білім беру процесіне қатысушылардың білім беру сипатындағы ақпараттық ресурстар мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуіне арналған ақпараттық жүйе;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – аппараттық-бағдарламалық кешенді және телекоммуникациялар желісін қолдана отырып жүзеге асырылатын электрондық ақпараттық ресурстармен және ақпараттық өзара іс-қимыл әдістермен жұмыстың әдістер жиынтығы;
3) асинхронды оқыту форматы – белгілі бір орын мен уақытқа байланысты емес білім беру процесіне қатысушылардың, оның ішінде ақпараттық жүйелердің және басқа байланыс құралдарының көмегімен өзара іс-қимылын болжайтын қашықтан оқыту;
4) білім алушының цифрлық ізі – бұл ақпараттық жүйеде тіркелген білім беру қызметінің нәтижелері туралы верификацияланған деректер жиынтығы;
5) қашықтан оқыту – оқытушы мен білім алушылардың қашықтағы өзара әрекеттесуі кезінде, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;
6) синхронды оқыту форматы – білім алушылар ақпарат алатын, онымен өз бетінше немесе топтарда жұмыс істей алатын, оны басқа қатысушылармен және оқытушылармен кез келген жерден барлығына бірдей уақыт кезеңінде талқылай алатын ақпараттық жүйелердің және басқа да байланыс құралдарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім беру процесіне қатысушылардың нақты уақытта тікелей байланысын (стриминг) көздейтін қашықтан оқыту.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қашықтан оқыту асинхронды және (немесе) синхронды оқыту форматы арқылы ұйымдастырылады.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Қашықтан оқыту үшін пәндердің және (немесе) модульдердің тізбесін Академия дербес айқындайды. Бұл ретте күндізгі нысанда білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кредиттердің жиырма пайызынан аспайтын бөлігі зерделенеді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қашықтан оқыту үшін Академияда мынадай электрондық оқу-әдістемелік құжаттар жасалады:
1) білім беру бағдарламасы;
2) жұмыс оқу жоспары;
3) академиялық күнтізбе;
4) жұмыс оқу бағдарламалары;
5) дәрістің конспектілері (бейнедәрістер);
6) практикалық және семинарлық сабақтардың материалдары;
7) білім алушының өзіндік жұмысы және оқытушының жетекшілік етуімен білім алушының өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар;
8) аралық бақылауды ұйымдастыру бойынша материалдар (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар);
9) қорытынды бақылауды ұйымдастыру бойынша материалдар (тесттік емтихан тапсырмалары, емтиханға сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары);
10) қашықтан консультациялар өткізу кестесі;
11) аралық бақылау және емтихандар кестесі;
12) өзге де оқу-әдістемелік құжаттар.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Академия білім алушыларға консультациялық қолдау көрсетуді және білім беру бағдарламасын меңгеру процесінде білім алушының пәнді сақтауына, сабаққа қатысуына, логирленуіне қатаң мониторингті, материалдарды зерделеу барысына және тапсырмалардың уақтылы орындалуына, оның цифрлық ізі арқылы оқу жетістіктерін бағалауға бақылау жасауды қамтамасыз етеді.".
6. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31809 болып тіркелген) мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Академия магистранттары мен докторанттарының контингентін қалыптастыру:
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
2) қашықтан оқыту бойынша, сондай-ақ бюджеттен тыс немесе білім алушының өз қаражаты есебінен оқуға ақы төлеу арқылы қабылдау жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысының және қабылдау жоспарының көлемі оқыту қажеттіліктеріне сәйкес айқындалады.
Оқыту қажеттілігі:
1) тікелей басшымен, ол Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерін және әскери қызметшісін қызметтік міндеттерді орындауға қажетті оның құзыреттері мен дағдыларын дамыту үшін оқуға жіберу туралы шешім қабылдайды;
2) Академия Қазақстан Республикасының құқық қорғау және мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне сауалнама жүргізу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарының және шетел азаматтарының өтінімдері негізінде айқындалады.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Академия магистратура мен докторантураға қабылдауды:
1) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерін республикалық бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетел азаматтарын бюджеттен тыс немесе өз қаражаты есебінен оқуға ақы төлеу арқылы жүзеге асыра алады.";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Магистратураға және докторантураға түсетіндердің құжаттарын қабылдау мынадай мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылдың 1 сәуірі - 25 шілдесі аралығында;
2) күнтізбелік жылдың 25 қазаны - 20 қарашасы аралығында (ваканттық қабылдау орындар болған кезде) жүзеге асырылады.
6. Түсу емтихандары мынадай мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылдың 10-20 тамызы аралығында, оқуға қабылдау – күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен;
2) күнтізбелік жылдың 25 қарашасы - 10 желтоқсаны аралығында (ваканттық қабылдау орындар болған кезде), оқуға қабылдау – күнтізбелік жылдың 10 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады.
Қабылдау туралы Академия ректорының бұйрығы күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін және күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейін (ваканттық қабылдау орындар болған кезде) қабылданады.";
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға, оның ішінде қашықтан оқытуға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде бір жыл практикалық жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.
Бейіндік бағыт бойынша магистратураға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде екі жыл практикалық жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері, қашықтан оқыту бойынша – жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және басқарушылық лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.
Ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша магистратураға, оның ішінде қашықтан оқытуға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары қабылданады.
9. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураға, оның ішінде қашықтан оқытуға құқық қорғау қызметінде кемінде бес жыл өтілі бар, "магистр" дәрежесі бар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.
Бейіндік бағыттағы магистратураны бітірген адамдар ғылыми-педагогикалық магистратураның педагогикалық бейіндегі жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын олар қосымша игерген кезде қабылданады.
Бейіндік докторантураға, оның ішінде қашықтан оқытуға құқық қорғау қызметінде кемінде бес жыл өтілі бар және "магистр" дәрежесі бар, немесе бейіндік магистратураға теңестірілген арнайы жоғары білімді меңгерген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.
Ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы докторантураға, оның ішінде қашықтан оқытуға "магистр" дәрежесі немесе бейіндік магистратураға теңестірілген арнайы жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары қабылданады.";
мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабына сәйкес демалыста болған қызметкер, Академияның магистратурасына және докторантурасына демалыстан шыққан және құқық қорғау органдарында штаттық лауазымға тағайындалған кезде оқуға қабылданады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қабылдау комиссиясы:
1) осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және үміткерлердің осы Қағидалардың 8, 9 тармақтарының талаптарына сәйкестігін айқындайды.
2) бюджеттен тыс немесе өз қаражаты есебінен оқуға ақы төлеу арқылы түсетін үміткерлерді қоспағанда, құқық қорғау органдарынан үміткерлерге қатысты беделін түсіретін мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы мәліметті (әкімшілік құқық бұзушылықтар немесе тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін өтелмеген жазалар; құқық қорғау қызметіне нұқсан келтіретін теріс қылықтар жасау, жүргізіліп жатқан қызметтік тергеп-тексерулер туралы мәліметтер), сондай-ақ қызмет өткерумен байланысты басқа мәліметтерді сұратады.
Беделін түсіретін мәліметтер болған кезде қабылдау комиссиясы үміткерге құжаттарды одан әрі қараусыз қайтарады;
3) оқуға түсуге үміткерлердің тізімін қалыптастырады;
4) емтихандық комиссия жұмысының нәтижелерін ескере отырып, Академияның магистранттары мен докторанттарының қатарына қабылдау туралы мәселені қарастырады;
5) оқуға үміткерлерді қабылдау қорытындыларын талдайды және жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастырады.";
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);";
15-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) шетел азаматтарын қоспағанда, шет тілі бойынша тестілеуге қатысу үшін төлем туралы түбіртектің түпнұсқасы.".
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген үміткерлердің құжаттарын Академияның құжаттарды қамтамасыз ету қызметі "Кадағалау" бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінде тіркейді.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Қабылдау комиссиясының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес қаралады.";
22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Емтихан комиссиясы магистратура, докторантура кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша емтихан өткізу үшін құрылады және төраға, хатшы және комиссияның кемінде үш мүшесінен тұрады.
Емтихан комиссиясының мүшелері ғылыми дәрежелері немесе философия докторы PhD немесе бейіні бойынша докторы дәрежелері (академиялық) немесе ғылыми атақтары бар Академияның, құқық қорғау органдарының, өзге жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық өтілі бар білікті мамандар бола алады.
Емтихан комиссиясының құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.
23. Академияның магистратурасына, докторантурасына түсетін үміткерлер:
1) шет тілі бойынша (таңдауы бойынша ағылшын, неміс, француз);
2) мамандық бойынша түсу емтихандарын тапсырады.
Мамандығы бойынша емтиханға шет тілі бойынша кемінде 30 балл жинаған үміткерлер жіберіледі.
Бюджеттен тыс немесе өз қаражаты есебінен оқуға ақы төлеу арқылы магистратураға және докторантураға түсетін шетел азаматтары Академияның қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша қабылданады.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Конкурстық балл көрсеткіштері тең болған жағдайда құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі көбірек үміткерлер басымдыққа ие болады.
Одан кейін ғылыми-педагогикалық жетістіктері ескеріледі:
1) ғылыми, оның ішінде рейтингісі жоғары ғылыми басылымдардағы жарияланымдары;
2) ғылыми әзірлемелері туралы куәліктер;
3) ғылыми стипендиялар, гранттар берілгендігі туралы сертификаттар;
4) ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар немесе дипломдар;
5) Академияның ғылыми-білім беру қызметіне қатысқанын растайтын анықтамалар.".
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 47 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылған кейбір бұйрықтарының және бұйрығының құрылымдық элементінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 62 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13659 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 10 шілдедегі № 65 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19004 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 62 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 2 ақпандағы № 188 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26792 болып тіркелген).