"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Академияның Ректоры Ұ.С. Байжанов:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған кұнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
А. Дауылбаев |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 55 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асырудың қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 5-1-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі - Академия) оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін реттейді.
3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) академиялық күнтізбе – демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсетімен оқу жылы ішіндегі оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіптік практиканы өткізудің күнтізбесі;
2) білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген белгілі бір тізбе бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің бүкіл көлемі білім алушыдан күнделікті өзіндік жұмыс атқаруды талап ететін тапсырмалармен расталады;
3) ғылыми-әдістемелік жұмыс – педагогтардың кәсіптік құзыретін арттыру және білім беру процесінің инновациялық проблемаларын шешу арқылы білім сапасын қамтамасыз етуге ықпал ететін білім беру ұйымдары басшыларының, педагогтардың және құрылымдық бөлімшелердің бірлескен қызметінің көп деңгейлі, көп функциялы жүйесі;
4) алып тасталды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;5) алып тасталды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
6) оқу-әдістемелік жұмыс - білім беру процесін оқытушылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарға жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымының қызметі;
7) Оқу-әдістемелік кеңесі (бұдан әрі – ОӘК) – оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында құрылған басқарманың алқалы органы;
8) оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОБӨЖ) – кафедра меңгерушісі бекітетін кесте бойынша оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының жұмысы. ӨБӨЖ білім алушының санатына сәйкес оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОМӨЖ) немесе оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін докторанттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОДӨЖ) болып бөлінеді;
9) транскрипт (Transcript) (транскрипт) - кредиттер мен бағаларды көрсете отырып, тиісті оқу кезеңінде игерілген пәндер тізбесі және (немесе) модульдер, оқу жұмысының басқа түрлерінен қамтылған құжат.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2. Оқу процесін ұйымдастырудың тәртібі
4. Академия жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырады.
5. Академияда оқу процесін ұйымдастыру үшін мынадай оқу-әдістемелік құжаттамалар жүргізіледі:
1) оқу тобының білім алушыларының сабақтарын, үлгерімін және сабаққа қатысуын есепке алу журналы;
2) профессор-оқытушылар құрамының (бұдан әрі - ПОҚ) жеке жұмыс жоспары;
3) оқытушының оқу жүктемесін есепке алу журналы;
4) оқу тобына арналған емтихандық-рейтингтік ведомосі;
5) магистранттың немесе докторанттың жеке жұмыс жоспары (бұдан әрі - МЖЖЖ немесе ДЖЖЖ);
6) транскрипт;
7) кәсіптік практика мен тағылымдама нәтижелері бойынша қорғау хаттамалары;
8) Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - МАК) төрағасының есебі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Академиядағы оқу жылы тиісті жылдың 1 қыркүйегінен басталады және академиялық күнтізбеге сәйкес аяқталады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Білім алушыларды оқу сабақтарынан босату академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты (бұдан әрі – ЖОКБИ) директорының жазбаша рұқсатымен жүргізіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Бір оқу жылының шеңберіндегі оқу процесін ұйымдастыру Ғылыми кеңестің шешімі бойынша Академия Ректорымен бекітілетін академиялық күнтізбе негізінде іске асырылады.
9. Оқу сабақтары кестеге сәйкес өткізіледі. Кестенің нысаны мен әзірлеу тәртібін Академия дербес анықтайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - МЖБС) Академия жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді, олардың негізінде пәндер бойынша жұмыс оқу жоспарлары (бұдан әрі – ЖОЖ) мен оқу жұмыс бағдарламалары (бұдан әрі – ЖОБ) әзірленеді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары модульдік оқыту қағидаты бойынша әзірленеді.
Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларының бір модулінің көлемін Академия дербес анықтайды және екі немесе одан да көп оқу пәндерін қосады немесе бір немесе бірнеше пәндерді оқу жұмысының басқа түрлерімен үйлестіреді.
Кәсіптік практикалар, қорытынды аттестаттау білім беру бағдарламасының тиісті модульдеріне қосылады. Бұл ретте кәсіптік практиканың әрбір түрі түрлі модульдерге жатқызылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Оқу пәндерінің мазмұны ОЖБ анықталады.
ОЖБ білім беру бағдарламасының барлық пәндері бойынша әзірленеді, ОӘК отырысында қарастырылады және оқу-әдістемелік жұмыс мәселелеріне жетекшілік ететін проректормен бекітіледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. ОЖБ оқу жылы басталғанға дейін электронды және қағаз тасымалдағыштарда әзірленеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. ЖОБ нысанын, құрылымын мен әзірлеу тәртібін Академия дербес айқындайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Дәрістік кешен (дәріс тезистері), білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары, өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар тізімі), оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу (пәннің мазмұнына байланысты), мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізбесі ЖОКБИ кафедраларында оқытушыда қағаз және электрондық тасымалдағышта сақталады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Оқу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйеге құжаттардың электрондық нұсқалары:
1) осы Қағидалардың 12, 15-тармақтарында көрсетілген тиісті пәндер оқытушыларымен оқу жылы басталғанға дейін;
2) 22-тармақта көрсетілген ЖОКБИ директоры бекіткеннен кейін, оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесінің қызметкерлерімен он жұмыс күні ішінде енгізіледі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. ЖОБ-ға өзгерістер мен толықтырулар кафедра меңгерушісінің ұсынысымен қажет болған жағдайда ОӘК отырысында талқыланғаннан кейін енгізіледі.
3. Оқу процесін жүзеге асыру тәртібі
18. Академияда оқу процесі оқытудың кредиттік технологиясы бойынша жүзеге асырылады.
Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің көлемі академиялық кредиттердің тұтас санын құрайды. Оқу пәнін академиялық кредиттермен бағалау тәртібін Академия дербес анықтайды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Оқытудың кредиттік технологиясы білім беру бағдарламасына және ЖОЖ-ға сәйкес академиялық кредиттерді жинақтай отырып, пәндерді және (немесе) модульдерді зерделеуді дербес жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеу кредитпен өлшенетін оқытылатын материалдың көлемі бойынша іске асырылады.
21. Білім беру бағдарламаларының мазмұны МЖБС анықталады және жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы іске асырылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Академия магистранттар мен докторанттарды даярлауды:
1) білім беру бағдарламасына;
2) ЖОЖ;
3) МЖЖЖ немесе ДЖЖЖ сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Оқу жоспарларының барлық нысандарында оқу жоспарының әрбір оқу пәніне әріптік және сандық белгілердегі тиісті кодты беруді қарастыратын пәндерін кодтаудың бірыңғай жүйесі пайдаланылады.
24. ЖОЖ білім беру бағдарламасына сәйкес оқудың барлық кезеңіне әзірленеді және Академия ректоры бекітеді.
ЖОЖ-да:
1) пәндер тізбесі және олардың кредитпен еңбек сыйымдылығы;
2) пәндерді зерделеу тәртібі, оқу сабақтарының түрлері және бақылау нысандары;
3) МЖБС талаптарына сәйкес оқу қызметінің өзге де түрлері айқындалады.
ЖОЖ сабақ кестесін құруға және оқытушының оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеу үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Алып тасталды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
26. ОЖЖ нысаны, құрылымы және әзірлеу тәртібі Академия дербес анықтайды.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Магистрант және докторант МЖЖЖ/ДЖЖЖ негізінде оқиды, ол ғылыми жетекшінің (консультанттың) басшылығымен құрылады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. МЖБС талаптарына сәйкес МЖЖЖ немесе ДЖЖЖ оқытудың барлық кезеңіне құрастырылады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. МЖЖЖ/ДЖЖЖ ЖОКБИ директорымен үш данада бекітіледі: біреуі - білім алушының оқу ісінде сақталады, екіншісі – кафедраларға (орталықтарға) беріледі және МЖЖЖ/ДЖЖЖ уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болады; үшіншісі – магистрантқа және докторантқа тапсырылады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Магистрлік және докторлық диссертация (жоба) тақырыптарын белгілеу тәртібі, ғылыми жетекші (кеңесші) тағайындау МЖМБС талаптарына сәйкес анықталады.
Магистрлік диссертацияның (жобаның) мазмұнына және ресімделуіне, оларды дайындау және қорғауға талаптар Академиямен дербес анықталады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30-1. Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін магистрант және докторант жеке жұмыс жоспарын орындау тұрғысынан академиялық аттестаттаудан өтеді. Магистрантты және докторантты академиялық аттестаттаудан өткізу тәртібі Академия дербес анықтайды.
Магистрант және докторант жеке жұмыс жоспарымен қарастырылған іс-шараларды белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, Академияның Ішкі тәртіп қағидаларымен орнатылған тәртіпте оған шаралар қолданылуы мүмкін.
Ескерту. 3-тарау 30-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан, кәсіптік практика мен тағылымдамадан тұрады. Бітіруші курста оқу жылына қорытынды аттестаттау кезеңі кіреді.
Академияда академиялық кезең семестрде 15 апта ұзақтыққа ие болады.
Аралық аттестаттау кезеңі кемінде 1 апта ұзақтыққа ие болады.
Каникулдық демалыстар білім алушыларға әрбір академиялық кезеңнен кейін беріледі, онда бітіруші курстан басқа оқу жылындағы каникулдық демалыс кемінде 6 аптаны құрайды.
32. Ұзақтығы кемінде 2 аптаны құрайтын академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою үшін (бітіруші курсты есепке алмағанда) жазғы семестр енгізуге жол беріледі.
Жазғы семестр каникулдық демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарланады.
33. Академияның ПОҚ педагогикалық жүктемесін жоспарлау академиялық сағат немесе кредит көлемінде жүзеге асырылады. Бұл ретте аудиториялық сабақтардағы педагогикалық жүктеме оқытушының білім алушымен байланысы уақыты бойынша есептеледі.
Әрбір білім алушымен жеке жұмыс түрлеріне жұмсалатын уақыт шығыны (МӨЖ/ДӨЖ тапсырмаларын қабылдау, емтихан қабылдау, оның ішінде МАК құрамында, магистрлік/докторлық диссертацияларға жетекшілік ету) Академияның дербес бекіткен уақыт нормасы негізінде есептеледі.
Академиялық сағаты 100 минутқа тең зертханалық сабақтарды қоспағанда, академиялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең.
Білім алушылардың кәсіптік практикасының барлық түрлерінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының, қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең.
34. Кәсіптік практика (тағылымдама), ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмыс және білім алушылардың қорытынды аттестаттауы білім алушылардың 54 сағатқа (6 күндік жұмыс аптасында күніне 9 сағат) тең апта ішіндегі нормативтік жұмыс уақытына байланысты апталармен айқындалады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Оқу сабақтары басым түрде белсенді шығармашылық нысандарда жүргізіледі (кейс-стади, іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар).
36. Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде білім алушылардың өзіндік жұмысы ОБӨЖ және БӨЖ-ге бөлінеді.
БӨЖ-нің бүкіл көлемі білім алушыдан күнделікті өзіндік жұмыс атқаруды талап ететін тапсырмалармен расталады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Білім алушының оқытушымен байланыс жұмысының арасындағы уақыт арақатынасын және оқу қызметінің барлық түрлері бойынша БӨЖ-ді Академия дербес анықтайды.
Бұл ретте аудиториялық жұмыс көлемі әр пән көлемінің кемінде отыз пайызын құрайды.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37-1. Теориялық оқыту мен аралық аттестаттауды жоспарлау бірыңғай кредиттер көлемімен жүзеге асырылады. Әр пән бойынша кредиттердің жалпы саны оны зерделеуді, сондай-ақ осы пән бойынша аралық аттестаттауға дайындықты және өту нысандарын құрайды.
Ескерту. Қағидалар 37-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37-2. Әр оқу пәнін зерделеу қорытынды бақылаумен аяқталады.
Академияда әр пәнді зерделеу аяқталған соң, білім алушылар емтихан нысанында қорытынды бақылау тапсырады. Егер пәннің ұзақтығы екі және одан көп академиялық кезеңнен тұрса, әр академиялық кезең аяқталған соң емтихан нысанында аралық бақылау өткізіледі. Кәсіптік практикалардың, тағылымдамалардың барлық түрлері қорғау арқылы бағаланады.
Ескерту. Қағидалар 37-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Білім алушылардың барлық оқу тапсырмалары бойынша оқу жетістіктері осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі бойынша бағаланады.
39. Кредиттер мен бағаларды көрсете отырып, тиісті оқу кезеңінде игерілген пәндер және (немесе) модульдер, оқу жұмысының басқа түрлері транскрипте көрсетіледі.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру
40. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметі ғылым мен білімді интеграциялау, оқу және тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу мен енгізу және профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру мақсатында МЖМБС-ке сәйкес жүзеге асырылады.
41. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметтің міндеттері болып табылады:
1) білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
2) білім беру үдерісіне жаңа технологияларды, әдістерді, құралдар мен нысандарды дайындау, енгізу және қолданыстағыларды жетілдіру;
3) педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру болып табылады.
42. Академияның оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметі мынадай бағыттарды қамтиды:
1) алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мен білім беруді ақпараттандыруды жинақтау және тарату жөніндегі іс-шараларды өткізу;
2) білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;
3) білім беру процесін оқу әдебиеттерімен және ғылыми-әдістемелік әзірлемелермен қамсыздандыру мониторингін жүзеге асыру;
4) оқытудың жаңа технологиялары бойынша, оның ішінде кредиттік технология және қашықтан оқыту бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді және МЖМБС жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) оқу процесіне заманауи оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, дидактикалық материалдарды және оқытудың автоматтандырылған жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін, ақпараттық-кітапханалық жүйелерін енгізу;
7) ЖОБ әзірлеу, ҮОБ жобаларын дайындауға қатысу;
8) МЖМБС талаптарын ескере отырып, ҮОЖ мен ЖОЖ-ты сараптау;
9) оқулықтар, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік оқулықтар, дидактикалық материалдарды, оның ішінде электрондық тасымалдағышта әзірлеу;
10) оқытудың сапасын, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін талдау;
11) білім алушылардың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының мазмұны мен нысандарын ұйымдастыру, үйлестіру, талдау;
12) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша ғылыми, ғылыми-әдістемелік семинарларды, конференцияларды, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
13) ғылыми жобаларды, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу және конкурстарға қатысу, олардың нәтижелерін оқу процесіне енгізу;
14) тиісті білім беру бағдарламалары бойынша магистранттарды, (PhD) философия және бейіні бойынша докторларды даярлауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.43. Академияның оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметі оқу процесін, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын, үйлестіретін Академияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
44. Құрылымдық бөлімшелер келесі оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асырады:
1) қарамағындағы бөлімшелердің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметіна басшылық жасау;
2) оқу-тәрбие процесінің, әдістемелік жұмыстың жай-күйін талдау және оларды жетілдіру жөнінде ұсынымдаманы пысықтау;
3) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік өнімдердің жариялануына және таралуына талдау және ұсынымдама жасау.
45. Ұжымдық әдістемелік жұмыстың нысаны пәндік комиссиялар, педагогикалық шеберлік мектебі, әдістемелік мәжілістер, семинарлар және конференциялар болып табылады.
46. Оқу-әдістемелік құжаттама Академияның тиісті құрылымдық бөлімшелерімен әзірленеді, кафедра, ОӘК отырыстарында талқылаудан өтеді және олардың оң қорытындысына ие болған соң ЖОКБИ директорымен бекітіледі.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша |
Білім алушылардың оқу жетістіктерін дәстүрлі баға шкаласына ауыстыра отырып, бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әріптік жүйе бойынша баға | Сандық эквивалент | Баллдар (%-дық мазмұны) | Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
А | 4,0 | 95-100 | Өте жақсы |
А- | 3,67 | 90-94 | |
В+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
В | 3,0 | 80-84 | |
В- | 2,67 | 75-79 | |
С+ | 2,33 | 70-74 | |
С | 2,0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
С- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 1,0 | 50-54 | |
FX | 0,5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.