"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 9-бабының 22) тармақшасына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-1-бабының 9) тармақшасына, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академияның ректорына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығына 1-қосымша |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) магистратурасы мен докторантурасына оқуға түсуге үміткерлерді қабылдау тәртібін анықтайды.
2. Магистратурада және докторантурада кадрларды даярлау күндізгі оқыту нысаны бойынша, сондай-ақ қашықтан оқытуды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
3. Академия магистранттары мен докторанттарының контингентін қалыптастыру:
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
2) қашықтан оқыту бойынша, сондай-ақ бюджеттен тыс немесе білім алушының өз қаражаты есебінен оқуға ақы төлеу арқылы қабылдау жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысының және қабылдау жоспарының көлемі оқыту қажеттіліктеріне сәйкес айқындалады.
Оқыту қажеттілігі:
1) тікелей басшымен, ол Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерін және әскери қызметшісін қызметтік міндеттерді орындауға қажетті оның құзыреттері мен дағдыларын дамыту үшін оқуға жіберу туралы шешім қабылдайды;
2) Академия Қазақстан Республикасының құқық қорғау және мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне сауалнама жүргізу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарының және шетел азаматтарының өтінімдері негізінде айқындалады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-1. Академия магистратура мен докторантураға қабылдауды:
1) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерін республикалық бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетел азаматтарын бюджеттен тыс немесе өз қаражаты есебінен оқуға ақы төлеу арқылы жүзеге асыра алады.
Ескерту. Қағидалар 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Академияның магистратурасына және докторантурасына үміткерлерді қабылдау оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
5. Магистратураға және докторантураға түсетіндердің құжаттарын қабылдау мынадай мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылдың 1 сәуірі - 25 шілдесі аралығында;
2) күнтізбелік жылдың 25 қазаны - 20 қарашасы аралығында (ваканттық қабылдау орындар болған кезде) жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Түсу емтихандары мынадай мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылдың 10-20 тамызы аралығында, оқуға қабылдау – күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен;
2) күнтізбелік жылдың 25 қарашасы - 10 желтоқсаны аралығында (ваканттық қабылдау орындар болған кезде), оқуға қабылдау – күнтізбелік жылдың 10 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады.
Қабылдау туралы Академия ректорының бұйрығы күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін және күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейін (ваканттық қабылдау орындар болған кезде) қабылданады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Құжаттарды және түсу емтихандарын қабылдау мерзімдері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен ұзартылуы немесе ауыстырылуы мүмкін.
2-тарау. Магистратураға және докторантураға қабылдау тәртібі
8. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға, оның ішінде қашықтан оқытуға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде бір жыл практикалық жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.
Бейіндік бағыт бойынша магистратураға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде екі жыл практикалық жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері, қашықтан оқыту бойынша – жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және басқарушылық лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.
Ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша магистратураға, оның ішінде қашықтан оқытуға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары қабылданады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураға, оның ішінде қашықтан оқытуға құқық қорғау қызметінде кемінде бес жыл өтілі бар, "магистр" дәрежесі бар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.
Бейіндік бағыттағы магистратураны бітірген адамдар ғылыми-педагогикалық магистратураның педагогикалық бейіндегі жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын олар қосымша игерген кезде қабылданады.
Бейіндік докторантураға, оның ішінде қашықтан оқытуға құқық қорғау қызметінде кемінде бес жыл өтілі бар және "магистр" дәрежесі бар, немесе бейіндік магистратураға теңестірілген арнайы жоғары білімді меңгерген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.
Ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы докторантураға, оның ішінде қашықтан оқытуға "магистр" дәрежесі немесе бейіндік магистратураға теңестірілген арнайы жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары қабылданады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-1. Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабына сәйкес демалыста болған қызметкер, Академияның магистратурасына және докторантурасына демалыстан шыққан және құқық қорғау органдарында штаттық лауазымға тағайындалған кезде оқуға қабылданады.
Ескерту. Қағидалар 9-1-тармақпен толықтырылды- ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Академияның магистратурасы мен докторантурасына құжаттарды қабылдауды және оқуға түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін қабылдау комиссиясы құрылады, оның құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.
11. Қабылдау комиссиясының құрамы төрағадан, хатшыдан және комиссияның кемінде үш мүшесінен құрылады.
Академия ректоры қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады, ол қабылдау комиссиясының қызметін басқарады.
Қабылдау комиссиясының хатшысы болып Академия қызметкері тағайындалады.
12. Қабылдау комиссиясы:
1) осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және үміткерлердің осы Қағидалардың 8, 9 тармақтарының талаптарына сәйкестігін айқындайды.
2) бюджеттен тыс немесе өз қаражаты есебінен оқуға ақы төлеу арқылы түсетін үміткерлерді қоспағанда, құқық қорғау органдарынан үміткерлерге қатысты беделін түсіретін мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы мәліметті (әкімшілік құқық бұзушылықтар немесе тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін өтелмеген жазалар; құқық қорғау қызметіне нұқсан келтіретін теріс қылықтар жасау, жүргізіліп жатқан қызметтік тергеп-тексерулер туралы мәліметтер), сондай-ақ қызмет өткерумен байланысты басқа мәліметтерді сұратады.
Беделін түсіретін мәліметтер болған кезде қабылдау комиссиясы үміткерге құжаттарды одан әрі қараусыз қайтарады;
3) оқуға түсуге үміткерлердің тізімін қалыптастырады;
4) емтихандық комиссия жұмысының нәтижелерін ескере отырып, Академияның магистранттары мен докторанттарының қатарына қабылдау туралы мәселені қарастырады;
5) оқуға үміткерлерді қабылдау қорытындыларын талдайды және жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастырады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Қабылдау комиссиясының қызметі жұмыс жоспарына сәйкес іске асырылады. Қабылдау комиссиясының отырыстары қажеттілікке байланысты өткізіледі.
14. Қабылдау комиссиясының шешімдері еркін нысандағы хаттамамен ресімделеді және бекітілген құрамның кемінде үштен екісі болған жағдайда дауыстың қарапайым көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының пікірі шешуші болып табылады.
15. Академияның магистратурасына оқуға түсу үшін үміткерлер қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Академия ректорының атына баянат;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) жоғары білімі туралы құжаттың және оның қосымшасының көшірмесі;
4) осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың нотариалды куәландырған көшірмесі (ол бар болған жағдайда);
5) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (олар бар болған жағдайда);
6) ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар немесе дипломдар (олар бар болған жағдайда);
7) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР-ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075-У нысанындағы электрондық форматтағы медициналық анықтама;
8) 3х4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
9) шетел азаматтарын қоспағанда, шет тілі бойынша тестілеуге қатысу үшін төлем туралы түбіртектің түпнұсқасы.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Академияның докторантурасына оқуға түсу үшін үміткерлер қабылдау комиссиясына:
1) осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды;
2) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттың және оның қосымшасының көшірмесін;
3) негізгі дипломға педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларды игергені туралы куәліктің көшірмесін (бейінді бағыттағы магистратураны бітірген үміткерлер үшін) ұсынады.
16-1. Осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген үміткерлердің құжаттарын Академияның құжаттарды қамтамасыз ету қызметі "Кадағалау" бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінде тіркейді.
Ескерту. Қағидалар 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Үміткерлер құжаттардың түпнұсқасын салыстырып тексеру үшін түсу емтихандарын өткізу кезеңінде ұсынады.
18. Қабылдау комиссиясының хатшысы үміткерге құжаттарды қабылдағаны туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда қолхат береді.
19. Қағидалардың 15, 16-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы үміткерлерден құжаттарды қабылдамайды. Оқуға үміткер осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзімде құжаттарды қайта жолдай алады.
20. Қабылдау комиссиясының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес қаралады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі
21. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде Академияда емтихан комиссиясы құрылады.
22. Емтихан комиссиясы магистратура, докторантура кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша емтихан өткізу үшін құрылады және төраға, хатшы және комиссияның кемінде үш мүшесінен тұрады.
Емтихан комиссиясының мүшелері ғылыми дәрежелері немесе философия докторы PhD немесе бейіні бойынша докторы дәрежелері (академиялық) немесе ғылыми атақтары бар Академияның, құқық қорғау органдарының, өзге жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық өтілі бар білікті мамандар бола алады.
Емтихан комиссиясының құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Академияның магистратурасына, докторантурасына түсетін үміткерлер:
1) шет тілі бойынша (таңдауы бойынша ағылшын, неміс, француз);
2) мамандық бойынша түсу емтихандарын тапсырады.
Мамандығы бойынша емтиханға шет тілі бойынша кемінде 30 балл жинаған үміткерлер жіберіледі.
Бюджеттен тыс немесе өз қаражаты есебінен оқуға ақы төлеу арқылы магистратураға және докторантураға түсетін шетел азаматтары Академияның қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша қабылданады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзіреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың біреуіне ие үміткерлер шет тілі бойынша түсу емтиханынан мынадай тілдер бойынша босатылады:
1) магистратураға:
ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc), шекті балл кемінде – 6,0;
TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test), шекті балл кемінде – 60;
TOEFL PBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Paper-based test), шекті балл кемінде – 498;
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Nіveau С1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Nіveau С1/С1 деңгейі);
француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse) – B2 деңгейі, DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse) – С1 деңгейі, TCF (Test de connaіssance du franзaіs), шекті балл кемінде – 50.
2) докторантураға:
ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc), шекті балл кемінде – 5,5;
TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test), шекті балл кемінде – 46;
TOEFL PBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Paper-based test), шекті балл кемінде – 453;
TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm), шекті балл – кемінде 460;
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, NіveauВ2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (Nіveau В2/В2 деңгейі);
француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse) – B2 деңгейі, DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse) – В2 деңгейі, TCF (Test de connaіssance du franзaіs), шекті балл кемінде – 50.
25. Шет тiлдерi бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлiгiнің Ұлттық тестiлеу орталығы әзірлеген технология бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредиттеуі бар шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 5 жыл ішінде білім алған адамдар:
1) қазақ немесе орыс тілінде білім беретін магистратураға шет тілі (ағылшын тілі) бойынша түсу емтихандарынан босатылады;
2) докторантураға түсу үшін осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынбайды.
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және жарамдылық мерзімін қабылдау комиссиясы тексереді.
26. Магистратураға, докторантураға түсушілер үшін түсу емтиханы білім берудің алдыңғы деңгейлеріндегі білім беру бағдарламалары көлемінде өткізіледі.
Түсу емтиханын өткізу регламенті Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Академияның магистратурасы мен докторантурасына түсу емтиханының кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты, өткізу орны) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және түсу емтиханы басталғанға дейін Академияның Интернет-ресурсында орналастырылады.
Магистратураға, докторантураға түсу емтихандарының бағдарламасын Академия өздігінше қалыптастырады және ол Академияның Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.
27. Түсу емтихандарының нәтижесі өткізілген күні жарияланады.
28. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
29. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын жүргізу кезінде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу мақсатында төрағадан және кем дегенде комиссияның екі мүшесінен тұратын апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссияның құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Апелляциялық комиссия магистратураға, докторантураға оқуға түсетін үміткерлердің, емтихан материалдарының мазмұнымен, сонымен қатар техникалық себептерге байланысты түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспейтін арыздарды қабылдайды және қарайды.
30. Магистратураға немесе докторантураға оқуға түсетін үміткер апелляциялық комиссия төрағасының атына түсу емтиханының нәтижелерi жарияланғаннан кейiнгі келесi күнгi сағат 13:00-ге дейiн апелляцияға өтiнiш береді және апелляциялық комиссия өтiнiшті берген күннен бастап бiр күн iшiнде қарастырады.
31. Апелляциялық комиссия әр үміткермен жеке тәртіппен жұмыс істейді. Үміткер апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
32. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған еркін нысандағы хаттамамен ресімделеді.
33. Емтихан және апелляция комиссияларының хаттамалары отырыс өткізілген кезден бір жұмыс күні ішінде Академияның қабылдау комиссиясына беріледі.
4-тарау. Магистратураға және докторантураға қабылдау тәртібі
34. Магистратураға, докторантураға оқуға білім беру бағдарламалары бойынша түсу емтихандарының нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 100 балдық бағалау жүйесі шкаласына сәйкес шекті балл жинаған үміткерлер конкурстық негіз бойынша қабылданады.
Қабылдау комиссиясы шешімімен түсу емтихандарының нәтижесі бойынша шекті балл жинаған үміткерлер олардың келісімі бойынша және ваканттық орындар болған жағдайда конкурсқа қатысу үшін магистратураның немесе докторантураның бір білім беру бағдарламасынан өзгесіне қайта бөлінуі мүмкін.
Шекті балл жыл сайын Академияның Ғылыми кеңесінің шешімімен белгіленеді.
35. Конкурстық балл көрсеткіштері тең болған жағдайда құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі көбірек үміткерлер басымдыққа ие болады.
Одан кейін ғылыми-педагогикалық жетістіктері ескеріледі:
1) ғылыми, оның ішінде рейтингісі жоғары ғылыми басылымдардағы жарияланымдары;
2) ғылыми әзірлемелері туралы куәліктер;
3) ғылыми стипендиялар, гранттар берілгендігі туралы сертификаттар;
4) ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар немесе дипломдар;
5) Академияның ғылыми-білім беру қызметіне қатысқанын растайтын анықтамалар.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. Қабылдау комиссиясының хаттамасы негізінде Академия ректоры үміткерлерді магистратура және докторантура білім алушыларының санына қабылдау туралы бұйрық шығарады.
Магистатураға және докторантураға қабылданған үміткерлер күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегіне:
1) кадрларды тіркеу бойынша жеке парақты;
2) соңғы қызмет кезеңі бойынша аттестаттау парағының көшірмесін;
3) кадр қызметі берген құқық қорғау қызметіндегі өтілі туралы анықтаманы;
4) соңғы арнаулы атақ немесе сыныптық шен беру туралы бұйрықтардан үзіндісін ұсынады.
37. Қабылдау комиссиясы жұмысын аяқтаған соң Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қабылдау нәтижелері бойынша қорытынды есепті, сонымен қатар Академияның магистратурасына және докторантурасына қабылдау туралы бұйрықтардың көшiрмелерiн жолдайды.
38. Осы Қағидаларда реттелмеген мәселелерді қабылдау комиссиясы "Құқық қорғау қызметі туралы" және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте шешеді.
Нысан
Баянат
Сізден Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары
академиясының
_________________________________________________ білім беру бағдарламасы бойынша
______________________________________________ кадрларды даярлау бағыты бойынша
_______________________________________________________________________________
(білім беру бағдарламасының, кадрларды даярлау бағытының коды және атауы)
___________________________________________________________________оқыту мерзімі
_______________________________________________________________________________
(күндізгі оқыту нысаны бойынша/қашықтан оқыту)
______________________________________________________________нысаны бойынша
магистратурасына/ докторантурасына (керегінің астын сызу керек) оқуға түсу үшін маған түсу
емтихандарын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Шет тілі бойынша емтихан тапсыру тілі ____________________________________________
(емтихан тапсыру тілін көрсету керек)
Құқық қорғау органдарында қызмет өтілім _________________________________________
(құқық қорғау органдарындағы қызмет өтілін көрсету)
_______________________________________________ (оқуға үміткердің қолы, күні)
Келісілді
______________________________________________________________________________
(оқуға үміткердің тікелей басшысының Т.А.Ә, (бар болған жағдайда), қолы)
Нысан
Құжаттарды қабылдау туралы қолхат
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қоғау органдарының
академиясына оқуға қабылдау қағидаларының 15, 16-тармақтарына сәйкес _______________
______________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
жеке басты куәландыратын құжат №_______________________________________________
келесі құжаттар қабылданды:
1. _______________________________________ - ___ парақ саны.
2. _______________________________________ - ___ парақ саны.
3. _______________________________________ - ___ парақ саны.
4. _______________________________________ - ___ парақ саны.
5. _______________________________________ - ___ парақ саны.
Құжаттарды қабылдады:
Қабылдау комиссиясының хатшысы __________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), қолы)
20__ жылғы ___ ___________
Қолхатты алдым___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты ( ол бар болған жағдайда), құжат тапсырушының қолы)
Ескертпе: қолхат 2 данада жасалады, 1- данасы құжат тапсырған адамға қол қою
негізінде тапсырылады, 2- данасы оқуға түсуге үміткердің оқу ісіне тіркеледі.
100-балдық бағалау жүйесiнің шкаласы
100-балдық бағалау жүйесі бойынша балдар | 4-балдық бағалау жүйесі бойынша балдар |
95-100 | Өте жақсы |
90-94 | |
85-89 | Жақсы |
80-84 | |
75-79 | |
70-74 | |
65-69 | Қанағаттанарлық |
60-64 | |
55-59 | |
50-54 | |
25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
0-24 |
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12000 болып тіркелген).
2. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 117 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12139 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 172 бұйрығының 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14554 болып тіркелген).
4. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 70 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15435 болып тіркелген).
5. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының білім беру қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 134 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17866 болып тіркелген)
6. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушысының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 83 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20933 болып тіркелген).
7. "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының білім беру қызметінің мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 3 шілдедегі № 95 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23425 болып тіркелген).