"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 62 бұйрығына өзг

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 2 ақпандағы № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 ақпанда № 26792 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 47 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13659 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарлары:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураның үлгілік оқу жоспары;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Бейіндік бағыт бойынша магистратураның үлгілік оқу жоспары;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның үлгілік оқу жоспары;

      4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Бейіндік докторантураның үлгілік оқу жоспары бекітілсін.";

      бұйрықтың 1, 2, 3, 4-қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;

      бұйрықтың 5, 6, 7, 8-қосымшалары алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі - Академия):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академия ректорына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Г. Нурдаулетов

 

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 188 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы "31" наурыздағы
№ 62 бұйрығының
1-қосымшасы

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураның үлгілік оқу жоспары

      Кадрларды даярлау бағыттары: 7М042 "Құқық" 7M123 "Қоғамдық қауіпсіздік"

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Кредиттер саны

Бақылау нысаны

1. Теориялық оқыту

кемінде 74


1.1. Базалық пәндер циклі

кемінде 19


1) ЖОО компоненті



2) педагогикалық практика


Есеп

1.2. Бейіндеуші пәндер циклі

кемінде 55


1) ЖОО компоненті



2. Ғылыми-зерттеу жұмысы

34-тен аспайтын


1) зерттеу практикасы


Есеп

2) тағылымдамадан өтуді және магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы


Есеп

3. Оқытудың қосымша түрлері



4. Қорытынды аттестаттау

12-ден аспайтын


1) кешенді мемлекеттік емтихан


Емтихан

2) магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау


Қорғау

Барлығы:

кемінде 120


  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 188 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы "31" наурыздағы
№ 62 бұйрығының
2-қосымшасы

Бейіндік бағыт бойынша магистратураның үлгілік оқу жоспары

      Кадрларды даярлау бағыттары : 7М042 "Құқық" 7M123 "Қоғамдық қауіпсіздік"

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Кредиттер саны

Бақылау нысаны

Оқыту мерзімі 1 жыл

Оқыту мерзімі 1,5 жыл

1. Теориялық оқыту

кемінде 35

кемінде 60


1.1. Базалық пәндер циклі

кемінде 7

кемінде 14


1) ЖОО компоненті




1.2. Бейіндеуші пәндер циклі

кемінде 28

кемінде 46


1) ЖОО компоненті




2. Эксперименттік-зерттеу жұмысы

13-тен аспайтын

18-ден аспайтын


1) магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы



Есеп

2) өндірістік практика



Есеп

3. Оқытудың қосымша түрлері




4. Қорытынды аттестаттау

12-ден аспайтын

12-ден аспайтын


1) кешенді мемлекеттік емтихан



Емтихан

2) магистрлік жобаны ресімдеу және қорғау



Қорғау

Барлығы:

кемінде 60

кемінде 90*


      *оқыту мерзімі 1,5 жыл бейіндік бағыт бойынша магистратурада жалпы еңбек сыйымдылығы 110 кредиттен аспайтын көлемді құрайды.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 188 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы "31" наурыздағы
№ 62 бұйрығының
3-қосымшасы

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның үлгілік оқу жоспары

      Кадрларды даярлау бағыттары : 8D042 "Құқық" 8D123 "Қоғамдық қауіпсіздік"

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Кредиттер саны

Бақылау нысаны

1. Теориялық оқыту

кемінде 45


1.1. Базалық пәндер циклі



1) ЖОО компоненті



2) педагогикалық практика


Есеп

1.2. Бейіндеуші пәндер циклі



1) ЖОО компоненті



2) практикасы


Есеп

2. Ғылыми-зерттеу жұмысы

123-тен аспайтын


Тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қоса алғанда, докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы


Есеп

3. Оқытудың қосымша түрлері



4. Қорытынды аттестаттау

12-ден аспайтын


Докторлық диссертацияны жазу және қорғау


Қорғау

Барлығы:

кемінде 180


  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2022 жылғы 2 ақпандағы
  № 188 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы "31" наурыздағы
№ 62 бұйрығының
4-қосымшасы

Бейіндік докторантураның үлгілік оқу жоспары

      Кадрларды даярлау бағыттары : 8D042 "Құқық" 8D123 "Қоғамдық қауіпсіздік"

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Кредиттер саны

Бақылау нысаны

1. Теориялық оқыту

кемінде 45


1.1. Базалық пәндер циклі



1) ЖОО компоненті



1.2. Бейіндеуші пәндер циклі



1) ЖОО компоненті



2) өндірістік практика


Есеп

2. Эксперименттік-зерттеу жұмысы

123-тен аспайтын


Тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қоса алғанда, докторанттың эксперименттік-зерттеу жұмысы


Есеп

3. Оқытудың қосымша түрлері



4. Қорытынды аттестаттау

12-ден аспайтын


Докторлық диссертацияны жазу және қорғау


Қорғау

Барлығы:

кемінде 180