Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20226 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 61 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2020 жылғы ____ __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2020 жылғы ____ ___________

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 40 қаулысымен
бекітілген

Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына және 50-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар (бұдан әрі – лицензия) беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру талаптары мен тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 61 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-1. Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.

      Ескерту. Қағидалар 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 61 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жаңартылады.

      Ескерту. Қағидалар 1-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 61 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Банктер туралы заңда, Сақтандыру қызметі туралы заңда, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда және Заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      3. Лицензия алу үшін өтініш беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:

      1) өтініш берушінің басқару органы бекіткен жақын арадағы 3 (үш) жылға арналған бизнес-жоспардың болуы. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер көрсетілуге тиіс:

      лицензияны алу мақсаттары;

      қызметтің негізгі бағыттарының сипаты және өтініш беруші бағдарланған нарық сегментіне шолу;

      қызмет шеңберінде болжанатын көрсетілетін қызметтер, оларды бағалау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ оларды сату талаптары мен көлемі туралы жоспарлар;

      қызметпен байланысты негізгі тәуекелдер, оларды бағалау және меншікті капитал есебінен өтеу тәсілдері, меншікті капиталдың жеткіліктілік мәні, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдері туралы ақпарат;

      алғашқы 3 (үш) қаржы (операциялық) жылындағы қаржы жоспары, оның ішінде кірістер мен шығыстар болжамы, көрсетілген кезеңдегі рұқсат етілген шығындылық коэффициенттері;

      компанияның инвестициялық саясаты, қызметін қаржыландыру көздері;

      инвестициялық комитет пен ішкі аудит қызметін қоса алғанда, өтініш берушінің ұйымдық құрылымы, корпоративтік басқару рәсімдерін іске асыру тәсілдерінің сипаты, сондай-ақ мамандардың білім деңгейіне қойылатын талаптар;

      2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қызметті бағалы қағаздар нарығында жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге құрал-жабдықтың болуы;

      3) Заңда және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін ұйымдық құрылымның болуы.

      3-1. Өтініш берушінің шет тілде берілетін құжаттары қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аударылады және "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариат куәландырған түрде уәкілетті органға беріледі.

      Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Лицензияларды беру, қайта ресімдеу және телнұсқаларын беру тәртібі мен талаптары

      4. Өтініш беруші уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде береді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын "Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі және мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.

      Өтінішті портал арқылы жіберген кезде өтініш берушінің "Жеке кабинетінде" нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 61 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Уәкілетті орган:

      Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын;

      Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлғасында алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқ екенін растайтын;

      Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      6. Уәкілетті орган Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия береді және өзі берген лицензиялардың есебін жүргізеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 61 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 61 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Лицензияларды беру туралы шешім уәкілетті органның лауазымды тұлғасының бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия беру туралы бұйрығымен (бұдан әрі – бұйрық) ресімделеді, ол қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      9. Лицензия Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қайта ресімделеді.

      10. Өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ Қағидаларға 3-қосымшаның 8-тармағы бірінші бөлігінің 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда лицензиат тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға өзгертілген құжаттарды ұсынады.

      11. Уәкілетті органның портал арқылы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) басталуына негіз болып табылады.

      12. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері лицензия беруге өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) қолданылу мерзімінің өткені анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше бұйрықтың және лицензияның не лицензия беруден бас тартудың жобаларын дайындайды, уәкілетті органның басшысында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойғызады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі − ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.03.2022 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері лицензияны қайта ресімдеуге өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) қолданылу мерзімінің өткені анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болған кезде өтінішті қарау мерзімі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 3-тармағына сәйкес мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарланады.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше бұйрықтың және лицензияның не лицензияны қайта ресімдеуден бас тартудың жобаларын дайындайды, уәкілетті органның басшысында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойғызады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.03.2022 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері лицензияны қайта ресімдеуге өтініш түскен күні бөліп шығару немесе бөлу нысанында өтініш беруші қайта ұйымдастырылған кезде оны қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімінің өткені фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше бұйрықтың және лицензияның не лицензия беруден бас тартудың жобаларын дайындайды, уәкілетті органның басшысында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойғызады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 61 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері лицензияның телнұсқасын (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса) беруге өтінішті келіп түскен күні қабылдайды, тіркейді және жауапты бөлімшеге орындауға жібереді. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, лицензияның телнұсқасының не лицензияның телнұсқасын беруден бас тартудың жобасын дайындайды, лицензияның телнұсқасын қоса отырып, лицензияның телнұсқасын беру туралы хабарламаны не лицензияның телнұсқасын беруден бас тартуды өтініш берушіге уәкілетті органның кеңсесі арқылы жібереді.

      Порталда лицензияның телнұсқасының электрондық көшірмесімен қоса лицензияның телнұсқасын беру туралы хабарлама не лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту өтініш берушіге уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш берушіге "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      16. Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым уәкілетті органға, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей осы шағымды шағым қарайтын органға жібереді.

      Уәкілетті органның атына келіп түскен Қордың шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Шағым қарайтын органның атына келіп түскен Қордың шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.03.2022 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Уәкілетті органның басшысына жіберілетін шағымда:

      1) тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол бар болса), пошталық мекенжайы (жеке тұлға үшін);

      2) атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні (заңды тұлға үшін) көрсетіледі.

      Уәкілетті органның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) уәкілетті орган басшысының шағымды қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда өтініш берушіге "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті орган шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

3-тарау. Лицензияларды тоқтата тұрудың және олардан айырудың тәртібі мен талаптары

      19. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтату, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген кезде акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі шешімінің (егер лицензиат Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы болып табылса) шешімінің негізінде барлық қызмет түрі (шағын түрлері) (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген жағдайда) немесе өзгеріс енгізілуге және (немесе) алып тасталуға тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беруге байланысты лицензияның қолданылуын тоқтатуға, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгертуге және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастауға уәкілетті органға өтініш береді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау туралы ақпаратты лицензиат Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей жариялайды.

      21. Лицензиаттың бірінші басшысы қол қойған, уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беруге байланысты лицензияның қолданылуын тоқтатуға өтініш Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттармен қоса ұсынылады:

      1) уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау туралы ерікті түрде өтініш жасау туралы лицензиаттың акционерлері жалпы жиналысының шешімі не Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің (егер лицензиат Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы болып табылса) шешімі;

      2) лицензиаттың барлық қызмет түрі (шағын түрлері) немесе өзгеріс енгізілуге және (немесе) алып тасталуға тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігі туралы кепілдеме-хаты;

      3) "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-тың орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде лицензиаттың жеке шотын және жеке шотындағы барлық қосалқы шоттарды жабу туралы хаты немесе "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-тан лицензиаттың атына ашылған жеке шотқа "жоғалған клиент" мәртебесін беру туралы ақпарат;

      4) "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-тың депозитарлық қызмет көрсету шартын, ағымдағы шот шартын және факсимильді хабарлар түріндегі операциялық құжаттарды қабылдау және беру шартын бұзу туралы хаты (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген кезде);

      5) барлық қызмет түрі (шағын түрлері) (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген кезде) немесе өзгеріс енгізілуге және (немесе) алып тасталуға тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың алдында берешектің жоқ екені туралы "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың хаты;

      6) өтініш жіберген күннің алдындағы күні жасалған бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба. Бухгалтерлік балансқа түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомаларын және олардың туындау негіздерін көрсете отырып, лицензиаттың кредиторлары туралы (олар болса) ақпарат ашып көрсетіледі.

      Осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшалары трансфер-агент қызметін жүзеге асыратын лицензиатқа қолданылмайды.

      Қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерткен кезде лицензиат Қағидаларға 3-қосымшаның 8-тармағы бірінші бөлігінің 8) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қосымша береді.

      Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түрі алып тасталған не ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түрінің атауы ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түріне өзгерген жағдайда ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға осы тармақта көзделген құжаттармен бірге ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелін басқарушының (ондай бар болса) бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен уәкілетті органға зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісін ұсынады.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға қызметтің шағын түрін алып тастауға немесе өзгертуге өтініш берген күнге дейін атауынан "ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры" деген сөздерді және (немесе) "ЕЖЗҚ" деген аббревиатураларды алып тастау бөлігінде мемлекеттік қайта тіркеуді, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды Әлеуметтік кодекстің 49 және 51-баптарында көзделген тәртіппен және талаптармен жүзеге асырады.

      Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш жасау Әлеуметтік кодекстің 51-бабында көзделген тәртіппен және талаптармен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 61 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Лицензиаттың бірінші басшысы қол қойған, уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беруіне байланысты бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару бойынша сақтандыру ұйымының лицензияның қолданылуын тоқтатуға өтініші уәкілетті органға Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынада құжаттармен қоса ұсынылады:

      1) лицензиаттың акционерлері жалпы жиналысының уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті өтініш жасау туралы шешімі;

      2) лицензиаттың инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы бар басқа ұйымның активтерін беру туралы растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігі туралы не шарттың бұзылғаны туралы кепілдеме-хаты;

      3) "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-тың депоненттердің жеке шоттарында ашылған сақтандыру ұйымының сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсатында сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларын және оларды инвестициялаудан алынған кірістерді (зиянды) есепке алуға арналған барлық қосалқы шоттарын орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жабу туралы хаты;

      4) инвестициялық қордың (басқа да клиенттердің) активтері бойынша өтініш жіберген күннің алдындағы күні жасалған бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба.

      23. Уәкілетті органға ерікті өтініш жасауға байланысты лицензияның қолданылуын тоқтатуға өтінішті уәкілетті орган Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген құжаттар келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде қарайды.

      24. Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беру, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау мынадай талаптар орындалған:

      1) Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакеті ұсынылған;

      2) қызмет түрінің (шағын түрінің) барлық түрлері (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берілген жағдайда) немесе өзгертуге және (немесе) алып тастауға тиіс қызметтің түрі (шағын түрі) бойынша міндеттемелер болмаған жағдайда жүзеге асырылады.

      25. Лицензиат уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беруіне байланысты уәкілетті органның лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның қолданылуын тоқтату туралы хатын алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде егер лицензия қағаздағы нысанда берілсе, уәкілетті органға бұрынғы лицензияның түпнұсқасын қайтарады.

      26. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      Лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша және лицензиядан айыруға байланысы жоқ негіздер бойынша лицензиясы бар заңды тұлғаны тарату туралы сот шешімі бойынша жүргізіледі.

      Уәкілетті орган қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұрады немесе лицензиатты лицензиядан айырады.

      27. Уәкілетті органның қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан лицензиядан айыру туралы шешімі лицензиатқа орындау үшін көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде жіберіледі.

      Уәкілетті органның инвестициялық портфельді басқарушы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе лицензиясынан айыру туралы шешімі орындау үшін бірмезгілде инвестициялық портфельді басқарушыға және осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің шоттары ашылған кастодиандарға көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде жіберіледі.

      28. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе лицензиядан айыру (оның ішінде қызметтің жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша) туралы ақпаратты уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешімін алғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

      29. Лицензиясының қолданылуы, оның ішінде қызметтің жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша тоқтата тұрылған лицензиат ай сайын әр айдың онынан кешіктірмей (лицензияның қолданылуы жаңартылған не лицензияны тоқтата тұру мерзімі аяқталған күнге дейін) уәкілетті органға өзінің анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде жүргізген іс-шаралары туралы хабарлайды.

      30. Егер лицензия қағаздағы нысанда берілсе, лицензиат уәкілетті органның қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша лицензиядан айыру туралы шешімін алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей лицензиат уәкілетті органға лицензияның түпнұсқасын қайтарады.

      Уәкілетті органның қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша лицензиядан айыру туралы шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күн ішінде оған қатысты осы шешім қабылданған тұлға қызметтің барлық түрлері немесе өзі лицензиядан айырылған қызметтің түрлері (шағын түрлері) бойынша шарттардың барлық міндеттемелерін орындайды және уәкілетті органға Қағидалардың 21-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызмет түрлерін жүзеге
асыруға лицензияларды беру,
оларды тоқтата тұру
және олардан айыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(уәкілетті органның
толық атауы)
____________________________
____________________________
(өтініш берушінің толық атауы)

Өтініш

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (бағалы қағаздар нарығындағы қызмет түрлерін (шағын түрін) көрсету)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұраймын.

      Өтініш беруші туралы мәлімет:

      1.Орналасқан жері_________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      2. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының

      бейрезиденті-заңды тұлға үшін), бизнес - сәйкестендіру нөмірі (бар болса):

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      3. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен

      парақтардың саны:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Өтініш беруші өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне, сондай-ақ уәкілетті органға өтінішті қарауына байланысты сұратылатын қосымша ақпарат пен құжаттарды уақтылы ұсынатынын растайды.

      Өтініш беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      _________________________

      (күні)

  Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызмет түрлерін жүзеге
асыруға лицензияларды беру,
оларды тоқтата тұру және
олардан айыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  (уәкілетті органның толық
атауы)
___________________________
(банктің, Қазақстан
Республикасының бейрезидент-
банкі филиалының, ислам
банкінің,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-ислам банкі
филиалының атауы )

Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _______________________________________________________________

      бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.

      Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкі филиалы туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері және нақты мекенжайы:

      ____________________________________________________

      ____________________________________________________

      ____________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің, офистің нөмірі,

      _________________________________________________

      телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      2. Бірінші рет алынған лицензия туралы деректер:

      Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге:

      _____________________________________________________

      ____________________________________________________

      _____________________________________________________

      _____________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға

      ________________________________________________________

      ________________________________________________________

      ________________________________________________________

      __________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Жіберілген құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен парақтарының саны:

      _______________________________________________________________

      Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, ислам банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпаратты және құжаттарды уәкілетті органға уақытылы берілуін растайды.

      Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, ислам банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Банктің, ислам банкінің атқарушы органы басшысының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы басшысының не өтінішті беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).

      ________________

      (күні)

  Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызмет түрлерін жүзеге
асыруға лицензияларды беру,
оларды тоқтата тұру және
олардан айыру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

"Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 61 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы www. egov. kz (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушы бөлу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автомататтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру (бұдан әрі-лицензия), қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1) мыналармен айналысу құқығына лицензия беру үшін лицензиялық алым:
брокерлік қызмет - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
дилерлік қызмет - 30 (отыз) АЕК;
инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет - 30 (отыз) АЕК;
кастодиандық қызмет - 30 (отыз) АЕК;
трансфер-агенттік қызмет - 10 (он) АЕК;
бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдармен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет - 10 (он) АЕК;
қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі - 40 (қырық) АЕК;
банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметі – 800 (сегіз жүз) АЕК;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 100 (бір жүз) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;
2) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін (лицензия алу үшін) қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенi туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталының ең аз мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында акционер (қатысушы) туралы мәліметтер (заңды тұлға үшін) және Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акционер (қатысушы) туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін);
5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті көрсетілетін қызметті алушының қатысушысы (акционері) шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын және бейрезидент заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркеу күні мен орны туралы ақпарат қамтылған, мемлекеттік тілде және орыс тілінде нотариат куәландырған аудармасы бар сауда тізілімінен заңды үзінді көшірме немесе басқа да заңды құжаттың электрондық көшірмесі;
6) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30383 тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 79 қаулысымен бекітілген Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, өтініш берушінің (лицензиаттың), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына және келісім алу үшін қажетті құжаттарға сәйкес басшы қызметкерлерді келісу үшін ұсынылатын құжаттардың электрондық көшірмелері;
7) электрондық құжат нысандағы қызметкерлердің тегі, аты және болған кезде әкесінің аты, олардың атқаратын лауазымдары көрсетілген штаттық кесте;
8) электрондық құжат нысандағы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру функциясы жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ереже;
9) көрсетілетін қызметті алушыда бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге де жабдықтардың болуын растайтын мынадай құжаттардың электрондық көшірмелері:
жабдықты жеткізу шартының;
жабдықты қабылдау-өткізу актісінің;
лицензиялардың санын көрсете отырып, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) жеткізу шартының;
бағдарламалық қамтамасыз етуді қабылдау-өткізу актісінің;
қорғау мен қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша құжаттардың (ақпаратты резервтеу тәртібінің сипаты, деректерге қолжетімділікті бөлу тетіктерінің сипаты, қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау тетіктері) көшірмелері қажетті.
Көрсетілетін қызметті алушы бағдарламалық өнімді дербес әзірлеген не басқа адам көрсетілетін қызметті алушыға бағдарламалық өнімді ақысыз берген жағдайда, осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды;
Ұсынылған құжаттарда мынадай ақпарат көрсетіледі: пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы (серверлік операциялық жүйелер, дерекқорды басқару жүйелері), нұсқалар, лицензияның бар екендігі туралы мәліметтер;
10) электрондық құжат нысандағы өтініш берудің алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы көрсетілетін қызметті алушының бухгалтерлік балансы;
11) ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының бірінші басшысы және оның бас бухгалтері қол қойған, аудиторлық есеппен расталған көрсетілетін қызметті алушының соңғы аяқталған жылғы қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі;
12) электрондық құжат нысандағы директорлар кеңесі бекіткен жақын арадағы үш жылға арналған бизнес-жоспары (акционерлік қоғамнан басқа өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған трансфер-агенттің бизнес-жоспарын заңды тұлғаның атқарушы органы бекітеді, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бизнес – жоспары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің шешімімен бекітіледі).
Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер:
лицензияны алу мақсаттары;
қызметінің негізгі бағыттарының сипаттамасы және көрсетілетін қызметті алушының қызметі бағытталған нарық сегментіне шолу;
қызмет шегінде болжамды қызмет көрсетулер, оларды бағалау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ оларды сату талаптары мен көлемі бойынша жоспарлар;
қызметіне байланысты негізгі тәуекелдер, оларды бағалау және меншікті капиталы есебінен өтеу тәсілдері, меншікті капиталының жеткіліктілігі мәні, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдері туралы ақпарат;
қаржы жоспары, оның ішінде алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстар болжамы, көрсетілген кезең ішіндегі шығындылықтың жол берілетін коэффициенттері;
инвестициялық саясат, компания қызметін қаржыландыру көздері;
өтініш берушінің ұйымдық құрылымы, корпоративтік басқару рәсімдерін іске асыру тәсілдерінің сипаттамасы, сондай-ақ мамандардың білім деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілуі тиіс;
13) электрондық құжат нысандағы сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен сауда-саттықты ұйымдастырушының өзара қарым-қатынасын айқындайтын бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырудың ішкі қағидалары (бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін үміткер көрсетілген қызметті алушылар үшін);
14) электрондық құжат нысандағы клирингтік ұйымның қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клирингтік ұйымның өзара қарым-қатынасын айқындайтын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырудың ішкі қағидалары (қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін үміткер көрсетілген қызметті алушылар үшін).
Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар бағалы қағаздар нарығында қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 8) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген сауда-саттықты ұйымдастырушы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету үшін банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, ислам банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтінішті осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 7), 8), 9), 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.
"Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ инвестициялық комитеттің құрамы туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы комитет туралы ережені және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17462 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмысын айқындайтын ішкі қағидаларды электрондық құжаттар нысанында ұсыну қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін (лицензия телнұсқасын алу үшін) қажетті құжаттар тізбесі (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымды төлегені туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
мемлекеттік қызмет көрсету үшін (лицензияны қайта ресімдеу үшін) қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымды төлегені туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмесі (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).
Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы:
Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын;
Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;
Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер:
1) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңының 48-бабының 1-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Мына жағдайлар:
лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төленбеуі;
осы Тізбенің 8-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың тиісінше ресімделмеуі лицензияны қайта ресімдеуден бас тартуға негіздер болып табылады.
Лицензияның телнұсқаларын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымға ақы төлемеу лицензияның телнұсқасын беруден бас тартуға негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты "жеке кабинет" порталы арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігіне ие.
Порталда іркілістер не техникалық қателер анықталған жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет.
Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.

  Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызмет түрлерін жүзеге
асыруға лицензияларды беру,
оларды тоқтата тұру
және олардан айыру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының елтаңбасы

      ____________________________________________________________________

Уәкілетті органның толық атауы Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия

      Лицензияның нөмірі _______             берілген күні ___ жылғы "__"______

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      ____________________________________________________________берілген

                              (лицензиаттың толық атауы)

      Осы лицензия бағалы қағаздар нарығында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға

      құқық береді:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Алғаш алынған бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялар

      туралы деректер:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Төраға (Төрағаның орынбасары)

      __________________________________

      Алматы қаласы

  Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызмет түрлерін жүзеге
асыруға лицензияларды беру,
оларды тоқтата тұру
және олардан айыру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Уәкілетті органға ерікті жүгінуге байланысты лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға, қызмет түрінің (кіші түрінің) атауын өзгертуге және (немесе) қызметтің түрін (кіші түрін) алып тастауға

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 61 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      __________________________________________________________________________

                                    (лицензиаттың атауы)

      акционерлерінің жалпы жиналысының

      __________________________________________________________________________

      (өткізу орны)

      20__ жылғы "__" _____________ № ____ шешіміне сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген 20__ жылғы "_"_____ №_____лицензияның қолданылуын тоқтата тұруын, бағалы қағаздар нарығында

      қызметті жүзеге асыруға берілген 20__жылғы "__" ________ № ______

      лицензиядан төмендегі қызметтің түрін (кіші түрін) өзгертуін:

      _________________________________________________________________________,

                        (қызмет түрінің (кіші түрінің) атауы)

      бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген

      20__жылғы "__"________№_____лицензиядан төмендегі қызметтің түрін (кіші түрін) алып тастауын:

      __________________________________________________________________________

                  (қызмет түрінің (кіші түрінің) атауы)

      жүзеге асыруды (керегін таңдап алу) сұрайды.

      Лицензиат өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуін растайды.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):

      __________________________________________________________________________

      Лицензиаттың атқарушы органының басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттарды қоса бере отырып)

      __________________________________________________________________________

                                    (күні)                   (қолы)

  Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызмет түрлерін жүзеге
асыруға лицензияларды беру,
оларды тоқтата тұру
және олардан айыру
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер (заңды тұлға үшін)

      __________________________________________________________________

                              (өтініш берушінің толық атауы)

      20 __ жылғы "___" __________

      1. Акционер (қатысушы):

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

                              (заңды тұлғаның толық атауы)

      2. Орналасқан жері және нақты мекенжайы

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (пошта индексі, қаласы, көшесі, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы

      (ол бар болса)

      3. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлімет (Қазақстан Республикасының

      бейрезиденті заңды тұлға үшін) _______________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

                        (құжаттың атауы, нөмірі мен берілген күні, кім берген)

      4. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      ___________________________________________________________________

      5. Қызмет түрі _______________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                        (қызметтің негізгі түрлерін көрсету)

      6. Қазақстан Республикасының резиденті не бейрезиденті (қажеттінің астын сызу

      керек):

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      7. Акционерге тиесілі дауыс беруші акциялар санының өтініш берушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына пайыздық арақатысы немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      8. Өтініш берушілердің акцияларына ақы төлеуге ақша енгізу алдында өтініш берушінің акционері (қатысушы) меншікті капитал мөлшері (өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі) және өтініш берушінің акциялары үшін ақы төлеуге енгізілген сома (өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі):

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      9. Акционер, қатысушы ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне өтініш берушінің акционері (қатысушысы) қатысуы жөніндегі мәліметтер:

Толық атауы

Орналасқан жері

Дауыс беруші акцияларының пайызы не жарғылық капиталына қатысу үлесі

Негізгі қызмет түрі

1

2

3

4

      10. Ұйымдардың толық атауы, орналасқан жері көрсетілген өтініш берушінің акционері (қатысушы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      11. Осы қосымшаның 9 және 10-тармақтарына сәйкес көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сондай болып табылатын акционер (қатысушы), өтініш берушінің басқа үлестес тұлғалары туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      12. Өтініш беруші акционерінің (қатысушының) басшысы туралы мәліметтер:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      20___ жылғы "_____" __________________

  Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызмет түрлерін жүзеге
асыруға лицензияларды беру,
оларды тоқтата тұру
және олардан айыру
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін)

      ________________________________________________________

                              (өтініш берушінің толық атауы)

      20 __ жылғы "___" ___________

      1. Акционер (қатысушы)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      2. Туған күні

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      3. Азаматтығы

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      4. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдіктер, азаматтығы жоқ

      адамдар үшін)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берген)

      5. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      6. Тұрғылықты жері және заңды мекенжайы ___________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (пошта индексі, облысы,

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      қаласы, ауданы, көшесі, үйінің, кеңсенің нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)

      7. Телефон нөмірі (қаланың коды, үй және жұмыс)_________________

      8. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

      Осы тармақта бүкіл еңбек қызметi (сондай-ақ басқару органында мүшелігі),

      оның iшiнде жоғарғы оқу орнын аяқтаған сәттен бастап, сондай-ақ еңбек қызметін

      жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, қаржы ұйымын тіркеу орнын көрсете отырып)

Лауазымы

Тәртіптік жазасының болуы

Лауазымынан босату себептері

1

2

3

4

5

6

      9. Акционерге тиесілі дауыс беруші акциялар санының өтініш берушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына пайыздық арақатысы немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі:

      __________________________________________________________________

      10. Өтініш берушілердің акцияларына ақы төлеуге ақша енгізу алдында өтініш берушінің акционері (қатысушы) меншікті капитал мөлшері (өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі) және өтініш берушінің акциялары үшін ақы төлеу сомасы (өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі):

      __________________________________________________________________

      11. Қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне өтініш беруші акционердің (қатысушының) қатысуы жөніндегі мәліметтер:

Толық атауы

Орналасқан жері

Дауыс беруші акцияларының пайызы не жарғылық капиталына қатысу үлесі

Негізгі қызмет түрі

1

2

3

4

      12. Осы қосымшаның 11-тармағында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сондай болып табылатын өтініш берушінің акционері (қатысушысы) басқа үлестес тұлғалары туралы мәліметтер:

      __________________________________________________________________

      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделдің болуын растаймын.

      Дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20___ жылғы "_____" _______________

  Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызмет түрлерін жүзеге
асыруға лицензияларды беру,
оларды тоқтата тұру
және олардан айыру
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(уәкілетті органның
толық атауы)
___________________________
(өтініш берушінің толық атауы)

Өтініш

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету керек)

      байланысты

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

                        (лицензияның атауын көрсету керек)

      лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын

      Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтардың

      саны

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Өтініш беруші өтінішпен қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуін растайды.

      Өтініш беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Өтініш берушінің атқарушы органының басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттарды қоса бере отырып)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

                              (Күні)

  Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызмет түрлерін жүзеге
асыруға лицензияларды беру,
оларды тоқтата тұру және
олардан айыру қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Уәкілетті органның толық атауы Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия

      Ескерту. Қағида 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Лицензия нөмірі__________             Берілген күні "___" ______ ____ жыл

      ____________________________________________________________________

      (банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының атауы)

      Осы лицензия операциялардың (ұлттық және (немесе) шетел валютасында) мына түрлерін):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      банк операцияларын жүргізуге;

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға құқық береді:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________;

      Банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге бірінші рет алынған лицензия туралы деректер:

      ______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (лицензия берген мемлекеттік органның нөмірі, күні, атауы )

      бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға _______________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                  (лицензия берген мемлекеттік органның нөмірі, күні, атауы )

      Төраға

      (Төрағаның орынбасары) _______________________ ________________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы) (инициалы, тегі)

      Мөр орны (қағаздағы нысан үшін)

      Алматы қаласы

  Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызмет түрлерін жүзеге
асыруға лицензияларды беру,
оларды тоқтата тұру және
олардан айыру қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Уәкілетті органның толық атауы Ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге, және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия

      Ескерту. Қағида 10-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Лицензия нөмірі _____

Берілген күні "___" ________ жыл

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ислам банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі

      филиалының атауы)

      Осы лицензия:

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 52-5-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес ислам банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының банк операцияларын (ұлттық және (немесе) шетел валютасында) жүргізуіне:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________;

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес ислам банктерінің және Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының банк операцияларын және өзге де операцияларды (ұлттық және (немесе) шетел валютасында) жүргізуге:

      банк операцияларын :

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________;

      өзге де операцияларды жүргізуге:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________;

      бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға құқық береді:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге бірінші рет алынған лицензия туралы деректер_____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға құқық береді:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Төраға

      (Төрағаның орынбасары) _______________________ ________________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы) (инициалы, тегі)

      Мөр орны (қағаздағы нысан үшін)

      Алматы қаласы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 40 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 25 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9324 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 109 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9712 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қазанда "Заң газеті" газетінде № 160 (2554) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 12-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 14-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағының 36) тармақшасы.

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 258 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14727 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 7-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 24 ақпандағы № 37 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15210 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағының екі жүз он төртінші абзацы.

      7. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 50 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15274 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15685 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағының 28) тармақшасы.

      9. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 230 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17820 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.

      10. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 26 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18340 болып тіркелген, 2019 жылғы 06 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағының бес жүз сексенінші, бес жүз сексен бірінші, бес жүз сексен екінші, бес жүз сексен үшінші, бес жүз сексен төртінші, бес жүз сексен бесінші, бес жүз сексен алтыншы, бес жүз сексен жетінші, бес жүз сексен сегізінші, бес жүз сексен тоғызыншы, бес жүз тоқсаныншы, бес жүз тоқсан бірінші, бес жүз тоқсан екінші, бес жүз тоқсан үшінші, бес жүз тоқсан төртінші, бес жүз тоқсан бесінші, бес жүз тоқсан алтыншы, бес жүз тоқсан жетінші, бес жүз тоқсан сегізінші, бес жүз тоқсан тоғызыншы, алты жүзінші, алты жүз бірінші, алты жүз екінші, алты жүз үшінші, алты жүз төртінші, алты жүз бесінші, алты жүз алтыншы, алты жүз жетінші, алты жүз сегізінші, алты жүз тоғызыншы, алты жүз оныншы, алты жүз он бірінші, алты жүз он екінші, алты жүз он үшінші, алты жүз он төртінші, алты жүз он бесінші, алты жүз он алтыншы, алты жүз он жетінші, алты жүз он сегізінші, алты жүз он тоғызыншы, алты жүз жиырмасыншы, алты жүз жиырма бірінші абзацтары.

      11. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 65 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18589 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағының екі жүз отыз екінші, екі жүз отыз үшінші, екі жүз отыз төртінші, екі жүз отыз бесінші, екі жүз отыз алтыншы, екі жүз отыз жетінші, екі жүз отыз сегізінші, екі жүз отыз тоғызыншы, екі жүз қырқыншы, екі жүз қырық бірінші абзацтары.