Мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, өтініш берушінің (лицензиаттың), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, ба

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 79 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 қарашада № 30383 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 63-бабына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, өтініш берушінің (лицензиаттың), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2022 жылғы 28 қазандағы
№ 79 Қаулыға
қосымша

Мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, өтініш берушінің (лицензиаттың), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, өтініш берушінің (лицензиаттың), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің 63-бабына (бұдан әрі – Әлеуметтік Кодекс), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      Қағидалар мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) өтініш берушінің (лицензиаттың), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін және келісім алу үшін қажетті құжаттарды айқындайды.

      Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 45-бабының 11-тармағына және 79-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қағидалар бірыңғай оператордың және орталық депозитарийдің басшы қызметкерлеріне қолданылады.

      Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат тиісті нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Әлеуметтік Кодексте, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Мемлекеттік реттеу туралы заңда және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      Қағидаларда мынадай қысқартулар қолданылады:

      1) жауапты бөлімше – уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшесі;

      2) кандидат – Ұйымның басшы қызметкері лауазымын атқаруға ниеті бар жеке тұлға немесе басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған, тәуелсіз директор болып табылатын тұлға;

      3) келісім – уәкілетті органның Ұйымның басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімі;

      4) көрсетілетін қызметті алушы – Ұйымда басшы қызметкер лауазымын атқару ниеті бар Ұйым не жеке тұлға;

      5) қолданыстағы келісімдер тізілімі – Ұйымның басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) арналған қолданыстағы келісімдер тізілімі;

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – "Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі, "бағалы қағаздар нарығы секторында басшы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі;

      7) өтінішхат – уәкілетті органның Ұйымның басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру туралы өтінішхаты;

      8) портал – www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы;

      9) Ұйым – өтініш беруші (лицензиат), орталық депозитарий, бірыңғай оператор, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;

      10) ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Уәкілетті органмен келісуге жататын Ұйымның басшы қызметкерлерінің тізбесі Әлеуметтік Кодекстің 63-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 45-бабының 11-тармағында, 54-бабының 1 және 12-тармақтарында және 79-бабының 1-1-тармағында айқындалған.

      Уәкілетті органмен:

      1) орталық депозитарийдің басқару органының, сауда-саттықты ұйымдастырушының және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрамына кіретін уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің өкілдерін;

      2) Ұлттық пошта операторының мына лауазымдарына кандидаттарды:

      басқару органының басшысы мен мүшелерін;

      атқарушы орган басшысын;

      атқарушы орган мүшелерінің және (немесе) лауазымдық міндеттеріне бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметпен байланысты мәселелерге жетекшілік ету кірмейтін Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген өзге де басшылардың лауазымдарына кандидаттарды;

      3) Ұйымның бір органы шеңберінде уәкілетті органмен келісілген лауазымнан төмен тұрған лауазымға ауыстырылған Ұйымның басшы қызметкерлерін;

      4) уәкілетті органмен келісілген атқарушы орган басшысының немесе мүшесінің не басқару органы басшысының немесе мүшесінің лауазымынан Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабы 1-тармағы 4) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін Ұйымның өзге де басшысы немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшелерінің, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген уәкілетті органға ұсынылатын құжаттарға қол қою құқығы бар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының өзге де басшысының лауазымына ауыстырылған Ұйымның басшы қызметкерлері келісуге жатпайды;

      Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген басшы қызметкерлер Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда келісуге жатпайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Уәкілетті орган кандидат Әлеуметтік кодекстің 63-бабында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабында, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң) 9-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде келісім береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Келісім (тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына тағайындалған (сайланған) басшы қызметкерлерді қоспағанда) басшы қызметкер тиісті лауазымға тағайындалғанға (сайланғанға) дейін беріледі

      Ұйымның тәуелсіз директоры болып табылатын басқару органының басшысын немесе мүшесін қызметке сайлауға келісім ол лауазымға сайланғанға дейін не ол лауазымға сайланғаннан кейін беріледі.

      6. Қолданыстағы келісімі бар адам Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда бағалы қағаздар немесе зейнетақы қызметтері нарығында келісілген Ұйымдағы басшы қызметкердің лауазымына (бірнеше лауазымға) қайта келісусіз тағайындалады (сайланады).

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Әлеуметтік Кодекстің 63-бабының 3-тармағының 3) тармақшасының, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының мақсаттары үшін кәсіпқойлық пен адалдықты қоса алғанда, мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттары мыналар болып табылады:

      1) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы, қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылуы;

      2) кандидаттың қаржы ұйымының, банк конгломератының, сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қабылдаған міндеттемелерін не талаптарын орындамаған қаржы ұйымының ірі қатысушысы (тікелей немесе жанама) екендігі туралы мәліметтердің болуы;

      3) кандидат қаржы ұйымының басшы қызметкері бола отырып, уәкілетті орган қаржы ұйымына қатысты қолданған қадағалап ден қою шараларының талаптарын бірнеше рет (қатарынан соңғы он екі айда екі немесе одан да көп рет) орындамағандығы жөнінде мәліметтердің болуы;

      4) кандидаттың төлемге қабілетсіз деп танылған қаржы ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымында акционер (қатысушы), лауазымды тұлға, басқарушылық функцияларды орындайтын тұлға болып табылғандығы туралы мәліметтердің болуы;

      5) тұлғаның "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 12-1-баптарына сәйкес жасалатын террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде, терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болуы;

      6) кандидат Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы банкті (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын) төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген оларды лицензиядан айыру, не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енуі, не Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылған оның әрекеттері (әрекетсіздігі) заңнама талаптарын бұзуға алып келген қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің басшы қызметкері болып табылғаны жөніндегі мәліметтердің болуы;

      7) кандидат уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шаралары негізінде кандидаттың қаржы ұйымының басшы қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілгені туралы мәліметтердің болуы;

      8) кандидат олардың әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан қаржы ұйымы уәкілетті орган анықтаған мынадай бұзушылықтарға жол берген қаржы ұйымының бөлімшелерін бақылауды (жетекшілік етуді) жүзеге асырғаны туралы мәліметтердің болуы:

      қаржы ұйымының уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) бұзуы;

      қаржы ұйымының уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді сақтау туралы мәліметтердің бұрмалануына әкеп соққан есептілік жасауы;

      9) сот шешімімен көрінеу жалған деп танылған кандидаттың аудиторлық қорытындыға қол қою фактісінің болуы;

      10) шет мемлекеттің қадағалау органынан не қаржылық көрсетілетін қызметті реттеуді жүзеге асыратын және "Астана" халықаралық қаржы орталығында олармен байланысты қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғадан кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болмауы туралы ақпараттың болуы;

      11) кандидаттың біліктілік талаптарына және (немесе) іскерлік беделге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы уәкілетті органның шешіміне әсер ететін көрінеу дәйексіз мәліметтер беру фактісінің болуы;

      12) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 52-бабы 1-тармағының 9), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21) және 25) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасы бойынша кандидатпен еңбек шартын бұзу фактісінің болуы;

      13) кандидаттың "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілетін Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде болуы (берешегі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 (бір мың) айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда);

      14) кандидатта Мемлекеттік реттеу туралы заңның 13-5-бабына сәйкес қалыптастырылған уәжді пайымдау негізінде анықталған мінсіз іскерлік беделінің болмауы.

      Осы тармақта көрсетілген мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттары қолданылатын мерзімдерді қаржы ұйымдарының, банктік, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) белгілейді және кемінде бір жылды құрайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Уәкілетті орган Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы келісімдердің тізілімін жүргізеді.

      Қолданыстағы келісімдердің тізілімі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады және ондағы мәліметтер өзгерген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жаңартылады.

      9. Әлеуметтік кодекстің 56-бабына, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабына сәйкес кандидатты тағайындау (сайлау) үшін қажетті халықаралық қаржы ұйымдарындағы еңбек өтіліне кандидаттың мынадай халықаралық қаржы ұйымдарындағы жұмысы кіреді:

      Азия Даму Банкі;

      Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі;

      Америкааралық Даму Банкі;

      Африка Даму Банкі;

      Дүниежүзілік Банк;

      Дүниежүзілік сауда ұйымы;

      Еуразия даму банкі;

      Еуропа Инвестициялық Банкі;

      Еуропа Қайта құру және Даму Банкі;

      Еуропалық бағалы қағаздар және нарықтар ұйымы;

      Еуропалық банк ұйымы;

      Еуропалық банк федерациясы;

      Еуропалық Кеңестің Даму Банкі;

      Еуропалық сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру ұйымы;

      Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі;

      Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталық;

      Ислам Даму Банкі;

      Исламдық қаржылық қызметтер кеңесі;

      Сақтандыруды қадағалаудың халықаралық қауымдастығы;

      Солтүстік инвестициялық банк;

      Халықаралық бағалы қағаздар комиссиясы;

      Халықаралық Валюта Қоры;

      Халықаралық Даму Қауымдастығы;

      Халықаралық депозиттерді сақтандыру жүйелері қауымдастығы;

      Халықаралық есеп айырысу банкі;

      Халықаралық зейнетақы қадағалау органдары ұйымы;

      Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі;

      Халықаралық Қаржы Корпорациясы;

      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Ұйым кандидатты тағайындау (сайлау) кезінде оның Әлеуметтік кодекстің 63 бабының, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабының және Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Ұйым уәкілетті органды басшы қызметкерлер құрамында болған, оларды тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру, еңбек шартын бұзу және (немесе) өкілеттіктерін тоқтатуды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшы қызметкерді әкімшілік жауаптылыққа тартуды қоса алғанда, барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса берумен басшы қызметкердің тегі, аты, әкесінің атындағы өзгерістер (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) туралы хабардар етеді.

      12. Басшы қызметкерлер құрамында болған, оларды тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру, еңбек шартын бұзу және (немесе) өкілеттіктерін тоқтатуды қоса алғанда, өзгерістер туралы ақпарат растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса берумен Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      Тағайындалған (сайланған) басшы қызметкерлер туралы ақпаратқа кандидаттың Әлеуметтік кодекстің 63 бабының, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабының және Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері қоса беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ұсынылатын басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) күні болмаса, онда басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) күні Ұйымның уәкілетті органының шешім (бұйрық) қабылдау немесе шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған күн болып саналады.

      Ұйымның уәкілетті органының шешімінен үзінді көшірме мынадай мәліметтерді қамтиды:

      Ұйымның толық атауы және Ұйымның атқарушы органының орналасқан жері;

      акционерлердің жалпы жиналысын (басқару органының отырысын) өткізу күні, уақыты және орны;

      отырысқа қатысқан адамдар туралы мәліметтер (басқару органының отырысы үшін);

      акционерлердің жалпы жиналысының кворумы (басқару органының отырысы);

      басқарушы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан шығару (өкілеттіктерін тоқтату) туралы мәселе бойынша акционерлердің жалпы жиналысы отырысының (басқару органы отырысының) күн тәртібі;

      дауыс беруге қойылған мәселелер, басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан шығару (өкілеттіктерін тоқтату) бөлігінде олар бойынша дауыс беру қорытындылары;

      басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) бойынша қабылданған шешімдер.

      Ұйымның уәкілетті органының шешімінен үзінді көшірме осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қолымен расталады және үзінді көшірменің дұрыстығы көрсетіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Келісім беруге арналған құжаттарды қарау тәртібі

      13. Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, портал арқылы электрондық түрде өтініш ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      14. Өтінішхат көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылады, еркін нысанда жасалып, онда мыналар көрсетіледі:

      1) жеке және заңды тұлғалар үшін ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беру;

      2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру (көрсетілетін қызметті алушылар - жеке тұлғалар үшін);

      3) кандидаттың Ұйымның басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін растау;

      4) кандидат, Ұйымның тәуелсіз директоры болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы құжатпен тексергені туралы растау (заңды тұлғалар үшін);

      5) кандидат келісілетін басшы қызметкердің лауазымы (лауазымдары).

      Ұйымның өтінішхаты басшының ЭЦҚ-мен куәландырылады:

      басқару органының, ал ол болмаған жағдайда басқару органының шешімі бойынша басқару органы мүшелерінің бірі (басқару органының осы шешімінің көшірмесін ұсына отырып), басқару органының басшысы мен мүшелері болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің бірі, осы құжатқа қол қоюға уәкілетті көрсетілетін қызметті алушының қатысушыларының бірі (ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған көрсетілетін қызметті алушы үшін) болмаған жағдайда, құжаттар атқарушы органы басшысының, (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның), атқарушы органның басшысы болып табылатын басқару органы мүшесінің келісуіне жіберілген кезде;

      қалған жағдайларда - атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) не оның міндетін атқаратын адамның (міндеттерді орындауды жүктеу туралы шешімнің көшірмесін ұсына отырып).

      15. Басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      16. Шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе лауазымды адамдары берген құжаттар (Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастыруға не апостильдеуге жатады.

      Шет тілінде ұсынылған құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариаттық куәландырылуға жатады және электрондық көшірмелер нысанында ұсынылады.

      17. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын (байланыс телефондарын және байланысатын адамдардың электрондық поштасының мекенжайларын көрсете отырып) ұсынады.

      Тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысын немесе мүшесін келісу үшін ол лауазымға сайланғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы оны сайлаған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірілмейтін мерзімде құжаттардың толық топтамасын ұсынады.

      18. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындауға жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішхат тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың қолданылу мерзімін тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімінің аяқталу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      19. Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімінің аяқталу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және шет мемлекеттердің уәкілетті қадағалау органдарына тиісті сұрау салулар жібереді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы есепке алудың ақпараттық жүйесіне және "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына сұрау салулар жолдайды.

      Ұсынылған құжаттарда Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіндегі талаптарға сәйкес келмеу жағдайы анықталған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде уәкілетті орган портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға оларды жою және көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсынуы үшін ескертулері бар хатты уәкілетті органның хатын алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Бұл ретте уәкілетті органның кандидатты келісу үшін құжаттарды қарау мерзімі үзілмейді.

      Кандидаттың Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын қаржы ұйымдарында жұмыс стажы болған кезде уәкілетті орган кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болуын растау мақсатында шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органынан кандидаттың мінсіз іскерлік беделін сипаттайтын мәліметтердің болуы (болмауы) туралы ақпаратты сұратады не осы мәліметтерді шет мемлекеттің қадағалау органының ресми интернет-ресурсынан (бар болса) алады

      20. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға уәкілетті органның қабылдаған шешімі туралы хат жібереді.

      21. Көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттар уәкілетті орган кандидатты келісу туралы шешім қабылдағанға дейін, ал тестілеуге шақырумен келіскен кезде – көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы еркін нысанда жазбаша өтініш беру арқылы тестілеуден өткен күнге дейін оларды кері қайтарып алу себебін көрсете отырып кері қайтарып алынады.

3-тарау. Тестілеуден өту үшін шақырумен немесе шақырусыз келісу және келісім беру тәртібі

      22. Кандидатты келісу үшін уәкілетті органда Комиссия құралады, жеке құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының бұйрығымен бекітіледі.

      23. Келісуді уәкілетті орган Комиссияның шешімі бойынша кандидаттарды тестілеуден өту үшін шақыра отырып не Қағидалардың 26 және 27-тармақтарында көзделген талаптар ескеріле отырып, оларды шақырмай-ақ жүргізеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Комиссия шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының немесе оның орнындағы адамның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі сонымен қатар сауалнама жолымен қабылданады.

      25. Комиссия мүшелері құжаттарды қарайды және қаралатын мәселе бойынша өз пікірін Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген хаттамада білдіреді.

      26. Кандидатты тестілеуден өту үшін шақырусыз келісу туралы мәселені қарау кезінде ұсынылған құжаттардың негізінде мыналар ескеріледі:

      1) кандидатта тізбесі Қағидалардың 9-тармағында айқындалатын халықаралық қаржы ұйымдарында не қаржы ұйымдарының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитордың 5 (бес) жылдан астам жұмыс өтілінің болуы;

      2) кандидатта өтініш берген күннің алдындағы 10 (он) жыл ішінде қызметі қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты болған қаржы ұйымының басшы қызметкерінің, сақтандыру холдингінің басшы қызметкерінің, дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың және өзге де дербес құрылымдық бөлімшенің) басшысының, қаржы және (немесе) басқарушы директордың, қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен атқарушы директордың 5 (бес) жылдан астам үздіксіз жұмыс өтілінің болуы.

      Осы тармақшаның мақсатында лауазымдарға орналасу арасындағы 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен асатын кезең өтілдің үзілуі болып есептеледі;

      3) бұрын уәкілетті органмен келісілген, бағалы қағаздар нарығындағы және (немесе) зейнетақы қызметтеріндегі жұмыс өтілі 15 (он бес) жылдан асатын кандидаттарды келісу;

      4) кандидатта тәуекелді басқару саласындағы халықаралық сертификаттың болуы (FRM (Financial Risk Manager) (ФРМ Файненшил тәуекел-менеджері) - Қаржылық тәуекел-менеджері, PRM (Professional Risk Manager) (ПРМ Профешинал тәуекел-менеджері) – Кәсіби тәуекел-менеджері, CFA (Chartered Financial Analyst) (СФА Чартеред файненшил аналист) – Сертификаты бар қаржы талдаушысы) және (немесе) ISO 31000 сериясының стандарты бойынша сертификат;

      5) кандидат бұрын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және (немесе) қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың, филиалдың және өзге де дербес құрылымдық бөлімшенің) басқарма мүшесі, бірінші басшысы немесе бірінші басшының орынбасары, басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу бойынша қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын (жүзеге асырған) мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының орынбасары) болған ба;

      6) тек қана қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне, ақпараттық технологиялар мәселелеріне жетекшілік етуді көздейтін Ұйымының атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидатты келісу;

      7) кандидат бұрын мемлекеттік орган аппаратының басқарма мүшесі, бірінші басшысы немесе бірінші басшының орынбасары, жауапты хатшысы, басшысы болған ба;

      8) кандидат өтініш берген күнге басқару органының басшысы немесе мүшесі, ұлттық басқарушы холдингтің атқарушы органының басшысы немесе мүшесі болған ба немесе болып табылады ма;

      9) кандидатты бас бухгалтер лауазымына келісу;

      10) кандидатты басқару органының басшысы немесе тәуелсіз директор болып табылатын мүшесі лауазымына келісу.

      Осы тармақтың талаптары Қағидалардың 27-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдарға қолданылмайды.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Тестілеуден өту үшін міндетті түрде шақырылуға жатады:

      1) құжаттары уәкілетті орган қаржы ұйымының, сақтандыру және (немесе) банк холдингінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін алғаш рет келісімді алу үшін уәкілетті органға ұсынылатын адамдар;

      2) Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, құжаттары уәкілетті органға алғаш рет келісім алу үшін ұсынылатын адамдар.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Комиссия кандидатты тестілеуге шақыра отырып келісу туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыны көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" тестілеу өткізілетін күні, уақыты мен орны көрсетілген хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы (кандидат) уәкілетті орган белгілеген күні және уақытта тестілеуден өту үшін уәкілетті органға міндетті түрде келуін қамтамасыз етеді.

      Егер кандидат уәкілетті органның орналасқан жерінен тыс жерде болса және оған байланысты емес мән-жайлар бойынша уәкілетті орган тағайындаған күні мен уақытында тестілеуден өту үшін уәкілетті органға келуін қамтамасыз ете алмаса, көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға осы мән-жайлардың болуын және оларды жоюдың мүмкін еместігін растайтын құжаттарды (мәліметтерді) ұсынады.

      Уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды (мәліметтерді) зерделейді және кандидаттың келмеуінің объективті себептері болған кезде кандидатты тестілеу қашықтан жүргізіледі.

      Тестілеуден қашықтан өту кезінде аудио, бейнебайланыс және құжаттармен бірлесіп жұмыс жүргізу құралдарымен конференциялар мен онлайн кеңестер өткізу үшін сервис пайдаланылады, уәкілетті орган трансляцияны жазуды жүзеге асырады. Көрсетілген талапты растау мақсатында тестіленуші адам тестілеу процесін аудио және бейне тіркеуді жүргізетін және тестілеу өткізілетін бүкіл үй-жайға шолуды қамтамасыз ететін кемінде үш құрылғыны пайдаланады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Тестілеуден өту үшін шақырылған кандидаттарды келісу компьютерлік тестілеу әдісімен, мемлекеттік немесе орыс, не ағылшын тілдерінде, 30 сұрақ бойынша 45 минуттың ішінде өткізіледі.

      30. Тестілеу кезінде тестіленуші адаммен бір үй-жайда тек уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына рұқсат етіледі.

      Кандидаттар тестілеуден өтетін уәкілетті органның үй-жайында тестілеу процесінің аудио және бейнетіркеуі жүргізіледі.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. Тестілеуден өткен кезде тестіленуші қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдаланбайды, ол туралы тестіленуші тестілеуден өткенге дейін қолын қойғызып танысуға тиіс. Тестіленушінің осы тармақта жазылған талаптарды бұзуы тестілеудің теріс нәтижесіне тең келеді.

      32. Тестіленуші тестілеу нәтижелерімен қолын қою арқылы немесе оны өткеннен кейін дереу танысуға тиіс.

      33. Тестілеудің оң нәтижесін алған кезде (кемінде жетпіс пайыз дұрыс жауап) кандидат мәлімделген немесе сайланған лауазымына келісілген болып есептеледі.

      34. Тестілеу уәкілетті органның интернет-ресурсында онлайн режимде трансляциялау арқылы өткізіледі.

      35. Жауапты бөлімшенің қызметкері кандидат тестілеуден өткеннен кейін (тестілеу нәтижесі оң болған кезде) немесе Комиссия кандидатты тестілеуден өту үшін шақырмай оны келісу мәселесі бойынша шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы мәлімет қамтылған хат жобасын дайындайды.

      36. Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының атына келісу нәтижесі туралы мәліметтерді қамтитын хатқа не Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қойылған күні мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.

      37. Кандидатты келісу және (немесе) келісуден бас тарту мәселесі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы ақпаратты жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      38. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

4-тарау. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      39. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган қарайды.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын адамға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен, көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен, көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда және Әлеуметтік кодексте өзгесі көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге болады.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40. Шағымда мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушының басшысының немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке куәлігінде көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы немесе Ұйымның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      3) жеке тұлғаның нақты тұратын мекенжайы және Ұйымның орналасқан жері;

      4) әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған (көрсетілетін қызметті берушінің атауы және (немесе) лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) шағым беруші тұлға өз талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;

      6) шағымның шығыс нөмірі және берілген күні;

      7) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі.

      41. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

      Уәкілетті органның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) уәкілетті орган басшысының шағымды қабылдағанының растауы болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген Бірыңғай байланыс орталығы телефондары бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, уәкілетті орган шағымды өңдеу барысында ол жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

  Мінсіз іскерлік беделдің болмау
өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса
алғанда, өтініш берушінің
(лицензиаттың), бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы
қорының, ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорының басшы
қызметкерін тағайындауға
(сайлауға) қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарын реттеу,
бақылау және қадағалау
жөніндегі уәкілетті органның
келісім беру қағидаларына
1-қосымша

Басшы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) арналған қолданыстағы келісімдер тізілімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

р/н №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Кандидатқа орналасуы үшін келісім берілген лауазым (дар

Келісімнің берілген күні, хаттама №

Келісім қолданысының тоқтатылуы

Күні

Негіздемелер *

1

2

3

4

5

6

Қаржы нарығы секторының атауы**



















      * Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабы 4-2-тармағының, Әлеуметтік кодекстің 63 бабы 6-тармағының тиісті тармақшасына сілтеме көрсетіледі.

      ** Қаржы нарығының секторы көрсетіледі (бағалы қағаздар нарығы немесе зейнетақы қызметтері нарығы).

  Мінсіз іскерлік беделінің болмау
өлшемшарттарын қоса алғанда,
өтініш берушінің
(лицензиаттың), бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы
қорының, ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорының басшы
қызметкерін тағайындауға
(сайлауға) қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарын реттеу,
бақылау және қадағалау
жөніндегі уәкілетті
органның келісім беру
қағидаларына және келісім
алу үшін қажетті құжаттарға
2-қосымша

Басшы қызметкерлердің құрамында болған өзгерістер туралы мәліметтер _____________________________________________________ (Ұйымның атауы)

р/н №

Басшы қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Лауазымы

Күні және болған өзгеріс*

Тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру, жұмыстан босату (өкілеттіктерді тоқтату) туралы шешімнің (бұйрықтың) нөмірі, күні

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыстан босату (өкілеттіктерді тоқтату) негіздері

1

2

3

4

5

6







      * Басшы қызметкерлердің құрамында өзгерістердің болған күні және қандай өзгерістердің болғандығы көрсетіледі (лауазымға тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру, жұмыстан босату (өкілеттіктерді тоқтату).

      Қосымша (парақтар санын көрсету арқылы):

      _____________________________________________________________

      Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________________

      (қолы)

      20 __ жылғы "____"___________________

  Мінсіз іскерлік беделдің болмау
өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса
алғанда, өтініш берушінің
(лицензиаттың), бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы
қорының, ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорының басшы
қызметкерін тағайындауға
(сайлауға) қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарын реттеу,
бақылау және қадағалау
жөніндегі уәкілетті органның
келісім беру қағидаларына
3-қосымша

"Бағалы қағаздар нарығы секторында басшы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) келісім беру" кіші түрі бойынша "Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

Бағалы қағаздар нарығы секторында басшы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) келісім беру

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.​egov.​kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын порталға ұсынған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде.
Осы мерзім Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабы 5-2-тармағында және Әлеуметтік Кодекстің 63-бабы 9-тармағында көзделген жағдайда, уәжді пайымдау жобасы басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісуге құжаттарды ұсынған адамға жіберілген күннен бастап уәжді пайымдауды пайдалана отырып, уәкілетті органның шешімі қабылданған күнге дейін тоқтатыла тұрады.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Уәкілетті органның көрсетілетін қызметті алушының атына беретін, басшы қызметкердің нақты лауазымына (нақты лауазымдарына) басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) берілген келісім туралы мәліметтерден тұратын хаты немесе осы Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпараттандыру объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) уәкілетті орган - Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Қағидалардың 14-тармағына сәйкес ресімделген электрондық құжат нысанындағы өтінішхат;
2) Қағидаларға 4-қосымша сәйкес нысан бойынша басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
3) олардың азаматтық алған елінің (тұрғылықты тұратын елінің – азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не кандидат соңғы 15 (он бес) жыл ішінде тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген, азаматтық алған елінде (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елінде (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екені туралы құжаттың электрондық көшірмесі. Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхат берген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылған құжатта оны қолданудың өзге мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Мемлекеттік органы алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екені туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында оларға қатысты аталған мәліметтер сұратылып жатқан тұлғаларға растауға құжаттарды беру көзделмеген болса, онда тиісті растама азаматтық алған елінің (шетелдіктер үшін) не тұрғылықты тұратын елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) уәкілетті органының хаттамасы арқылы уәкілетті органның атына жіберіледі;
4) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген кәсіби бухгалтер сертификатының электрондық көшірмесі (бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін);
5) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымына мүшелігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін);
6) осы Қағидалардың 26-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес халықаралық сертификаттардың электрондық көшірмелері (бар болса);
7) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін).
Уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы:
Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын құжаттарда;
Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасының алынбаған не өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын құжаттарда көрсетілген мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме

1) басшы қызметкерлердің лауазымына кандидаттардың "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 54-бабында, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 63-бабы 5-тармағында, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 1-бабы 20) тармақшасында, 54-бабы 4-тармағында, 59-бабы 2-тармағында, "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің 63-бабында және "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) тестілеудің теріс нәтижесі;
3) уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімі өткеннен кейін ұсынуы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәуелсіз директор болып табылатын басқару органы басшысының немесе мүшесінің лауазымына кандидатты сайлау (тағайындау) тәртібін бұзуы;
5) тәуелсіз директор болып табылатын басқару органы басшысының немесе мүшесінің лауазымына кандидат уәкілетті органның келісімінсіз өз лауазымын атқарып отырған "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 54-бабы 5-1-тармағының екінші бөлігінде және "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі" Қазақстан Республикасы кодексінің 63-бабы 8-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттарды ұсынуы;
6) уәкілетті органда басшы қызметкердің лауазымына кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген іс-қимылдар жасауы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган басшы қызметкердің лауазымына кандидаттың іс-қимылдарын бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
7) басшы қызметкердің лауазымына кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған іс-қимылдарды жасағаны үшін қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган басшы қызметкерлердің лауазымына кандидаттың іс-қимылдарын бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган басшы қызметкердің лауазымына кандидаттың іс-қимылдарының нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдер түсініледі.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 54-бабы 7-тармағының бірінші бөлігі 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге, оның ішінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған мәліметтер де жатады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Порталда іркіліс не техникалық ақаулар болған жағдайда, Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет. Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда, уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) хабардар етеді. Мұндай жағдайда, оператор көрсетілген мерзім ішінде техникалық мәселе туралы хаттаманы жасайды және оны уәкілетті органмен қол қояды.
"Банк секторында басшы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) келісім беру", "Сақтандыру секторында басшы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) келісім беру" кіші түрлері бойынша "Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсету уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

  Мінсіз іскерлік беделдің болмау
өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса
алғанда, өтініш берушінің
(лицензиаттың), бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы
қорының, ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорының басшы
қызметкерін тағайындауға
(сайлауға) қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарын реттеу,
бақылау және қадағалау
жөніндегі уәкілетті органның
келісім беру қағидаларына
4-қосымша




Басшы қызметкердің лауазымына (лауазымдарына) кандидат туралы мәліметтер

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 32 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ұйымның атауы
(көрсетілетін қызметті алушы – Ұйым толтырады)
___________________________________________________
(лауазым (лауазымдар)
(басшы қызметкері лауазымына кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні және туған жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)


      2. Білімі:

Р/с №

Оқу орнының атауы

Түскен жылы – аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (күні және нөмірі бар болса)

1

2

3

4

5






      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5






      4. Оларға қатысты кандидат ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер:

р/с №

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері
(заңды тұлғаның
бар болса
БСН-і)

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Жарғылық капиталға қатысу үшін немесе кандидатқа тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына қатынасы (пайызбен) *

1

2

3

4





      Ескертпе: * 4-бағанда акцияларды кандидаттың сенімгерлік басқарудағы акцияларын (үлесін), сондай-ақ иелену нәтижесінде кандидат өзге тұлғалармен бірге ірі қатысушы болып табылатын акциялардың (үлестердің) санын ескере отырып көрсету.

      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

р/с №

Жұмыс істеген кезеңі *

Жұмыс орны**

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

Өзге мәліметтер***

1

2

3

4

5

6

7








      Ескертпе: осы тармақта кандидаттың еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органынына мүше болуы), оның ішінде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап, лауазымын көрсете отырып еңбек қызметі туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

      * қаржы ұйымдарында (оның ішінде шығарылған елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру бойынша өкілеттігі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымдарында), банк немесе сақтандыру холдингтерінде, Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде, аудиторлық ұйымдарда, сондай-ақ қаржы ұйымдарын (оның ішінде туған елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру уәкілеттігі бар, Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдарының) басқару органдарында, банк немесе сақтандыру холдингтерінде мүшелігі туралы мәліметтер, күні, айы, жылы көрсетіледі. Қалған жағдайларда жылы көрсетіледі;

      ** егер ұйым Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса оның тіркелген елі көрсетіледі.

      *** дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшының орынбасары), қаржы, басқарушы және (немесе) атқарушы директор лауазымына орналасқан жағдайда, жетекшілік ететін бөлімшелер, осы ұйымда қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты мәселелер көрсетіледі.

      6. Кандидаттың салықтар бойынша аудитті қоса алғанда, қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге қатысу туралы мәліметтер:

      ________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының атауы, аудит жүргізу мерзімі, сондай-ақ кандидаттың

      ________________________________________________________________

      аудит жүргізілген қаржылық есепке орындаушы аудитор ретінде (бар болса) қол қойған күні көрсетіледі.

      7. Қаржы ұйымындағы (қаржы ұйымдарындағы) және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер:

р/н №

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

1

2

3




      8. Қаржы ұйымының, банк, сақтандыру холдингінің басшысы ретінде қаржы ұйымының, банк, сақтандыру холдингі қызметінің мәселелері бойынша сот талқылауларында жауапкер ретінде тартылған-тартылмағандығы

      _______________________________________________________________________

      (иә (жоқ), күні, ұйымның атауы,

      _______________________________________________________________________

      сот талқылауындағы жауапкердің атауы, қаралатын мәселе мен заңды күшіне енген

      _______________________________________________________________________

      сот шешімі көрсетілсін (ол шығарылған жағдайда)

      9. Кандидат тағайындау (сайлау), келісу үшін құжаттарды тапсыру күніне дейін үш жыл ішінде экономикалық қызмет, сыбайлас жемқорлық саласындағы қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылыққа тартылды ма)

      ________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы

      ________________________________________________________________________

      жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып, тәртіптік жаза қолдану

      ________________________________________________________________________

      туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      10. Кандидатқа қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) немесе көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуына негіз болған сот шешімінің болуы

      ________________________________________________________________________

      Осы ақпаратты тексергенімді, оның дәйекті және толық екендігін растаймын, сондай-ақ басшы қызметкерлерге қойылатын талаптарға өзімнің сәйкес келетінімді және мінсіз іскерлік беделімнің болуын растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге және заңмен қорғалатын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (кандидат баспа қаріптерімен өз қолымен толтырады)

      Қолы ___________________________

      Күні____________________________

      Ұйымының тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады:

      Мен, _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) тәуелсіз директоры лауазымына тағайындау (сайлау) үшін "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.

      __________________________________________________________________

      Ұйымның атауы

      Қолы                        Күні 

  Мінсіз іскерлік беделінің болмау
өлшемшарттарын қоса алғанда,
өтініш берушінің
(лицензиаттың), бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы
қорының, ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорының басшы
қызметкерін тағайындауға
(сайлауға) қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарын реттеу,
бақылау және қадағалау
жөніндегі уәкілетті органның
келісім беру қағидаларына
және келісім алу үшін
қажетті құжаттарға
5-қосымша

      Нысан

Комиссияның басшы қызметкер лауазымына кандидатты _______________________________________________________________ (Ұйымның басшы қызметкері лауазымына кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы (лауазымдары) _______________________________________________________________ (лауазымы, бағалы қағаздар нарығы секторы) қарау бойынша ____ жылғы "_ "_________№ ___ Хаттама

Комиссия Төрағасының тегі, аты әкесінің аты (ол бар болса)

Тестілеуге шақырмай келісу

Тестілеуге жіберу және тестілеу оң нәтижесі болған кезде келісу

Келісуден бас тарту







Комиссия мүшелерінің тегі, аты әкесінің аты (ол бар болса)