Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығындағы қызметті және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу тура

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 14 наурыздағы № 24 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 наурызда № 27213 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2022 жылғы 14 наурыздағы
№ 24 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 48 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидалары бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20226 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына және 50-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар (бұдан әрі – лицензия) беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру талаптары мен тәртібін айқындайды.";

      12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері лицензия беруге өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) қолданылу мерзімінің өткені анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше бұйрықтың және лицензияның не лицензия беруден бас тартудың жобаларын дайындайды, уәкілетті органның басшысында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойғызады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі − ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.".

      13. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері лицензияны қайта ресімдеуге өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) қолданылу мерзімінің өткені анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болған кезде өтінішті қарау мерзімі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 3-тармағына сәйкес мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарланады.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше бұйрықтың және лицензияның не лицензияны қайта ресімдеуден бас тартудың жобаларын дайындайды, уәкілетті органның басшысында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойғызады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.

      14. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері лицензияны қайта ресімдеуге өтініш түскен күні бөліп шығару немесе бөлу нысанында өтініш беруші қайта ұйымдастырылған кезде оны қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімінің өткені фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше бұйрықтың және лицензияның не лицензия беруден бас тартудың жобаларын дайындайды, уәкілетті органның басшысында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойғызады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым уәкілетті органға, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей осы шағымды шағым қарайтын органға жібереді.

      Уәкілетті органның атына келіп түскен Қордың шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Шағым қарайтын органның атына келіп түскен Қордың шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      3-қосымшада:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1) мыналармен айналысу құқығына лицензия беру үшін лицензиялық алым:
брокерлік қызмет - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
дилерлік қызмет - 30 (отыз) АЕК;
инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет - 30 (отыз) АЕК;
кастодиандық қызмет - 30 (отыз) АЕК;
трансфер-агенттік қызмет - 10 (он) АЕК;
бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдармен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет - 10 (он) АЕК;
қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі - 40 (қырық) АЕК;
банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметі – 800 (сегіз жүз) АЕК;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 100 (бір жүз) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      ".