Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банктің, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 9 ақпанда № 14784 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банктің, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық бөліктерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О. А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 305 қаулысымен
бекітілген

Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банктің, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банктің, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Банктер туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң), "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы (бұдан әрі - Кепілдік беру қоры туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      Қағидалар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміттенген немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарий мен бірыңғай операторың (бұдан әрі - қаржы ұйымы), банк, сақтандыру холдингтерінің (бұдан әрі - холдинг) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңның (бұдан әрі - Акционерлік қоғамдар туралы заң) 1-бабының 20)-тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңның (бұдан әрі - Бухгалтерлік есеп туралы заң) 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерінің лауазымына кандидатты (бұдан әрі - кандидат) тағайындауға (сайлауға) келісім береді.

      Уәкілетті органмен келісілуге тиіс қаржы ұйымдарының, холдингтердің, Қордың басшы қызметкерлерінің тізбесі Банктер туралы заңның 20-бабының 1 және 14-тармақтарында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 1 және 14-тармақтарында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 45-бабының 11-тармағында, 54-бабының 1-тармағында, және 79-бабының 1-1-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 1-тармағында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабының 1-тармағында көзделген.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қаржы ұйымдары, холдингтер, Қор басшы қызметкерлер тағайындалған (сайланған), басқа лауазымға ауысқан немесе жұмыстан босатылған (өкілеттіліктері тоқтатылған) күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде олардың құрамында болған барлық өзгерістер туралы уәкілетті органды хабардар етеді. Басшы қызметкерлер құрамының өзгеруі туралы мәлімет растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      Егер осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қоса берілген растайтын құжаттардың көшірмелерінде басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіліктерін тоқтату) күні болмаса, онда қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың уәкілетті органы шешім (бұйрық) қабылдаған күн не шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиғаның басталған күні басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіліктерін тоқтату) күні болып саналады.

      Шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған жағдайда, қаржы ұйымы, холдинг, Қор растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірмеде мынадай мәліметтер қамтылады:

      қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың толық атауы және қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атқарушы органының орналасқан жері;

      акционерлердің жалпы жиналысын (басқару органының отырысын) өткізу күні, уақыты мен орны;

      отырысқа қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер (басқару органының отырысы үшін);

      акционерлердің жалпы жиналысының (басқару органы отырысының) кворумы;

      басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіліктерін тоқтату) туралы мәселе бөлігінде акционерлердің жалпы жиналысы отырысының (басқару органы отырысының) күн тәртібі;

      дауыс беруге қойылған мәселелер, басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіліктерін тоқтату) бөлігінде олар бойынша дауыс беру қорытындылары;

      басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіліктерін тоқтату) бөлігінде қабылданған шешімдер.

      Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме осындай құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қолымен расталады және үзінді-көшірменің дұрыс екеніне нұсқауды қамтиды.

      Қаржы ұйымы, холдинг, Қор Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Басшы қызметкерлер құрамындағы өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынғанға дейін кандидаттарды келісу үшін уәкілетті органға құжаттарды ұсынған жағдайда кандидаттың тағайындалғанын (сайланғанын), басқа лауазымға ауысқанын растайтын құжаттар кандидатты келісу үшін құжаттар топтамасымен бірге ұсынылады.

      Осы кандидат уәкілетті органмен осы қаржы ұйымының, осы холдингтің немесе Қордың тиісті лауазымына бұрын келісілген не келісілген лауазымнан осы қаржы ұйымының, холдингтің немесе Қордың бір органы шеңберінде төменгі лауазымға ауысқан жағдайда және осы кандидат Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың уәкілетті органының шешімімен жаңа мерзімге тағайындалған (сайланған) қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкері келісілуге жатпайды.

      Бұл жағдайда қаржы ұйымы, холдинг, Қор басшы қызметкердің жаңа мерзімге тағайындалған (сайланған) не оның басқа лауазымға ауысқан күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы кандидаттың осы тармақтың алтыншы бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі көрсетілетін ілеспе хатпен, басшы қызметкерді тиісті лауазымға тағайындау (сайлау) туралы осы қаржы ұйымының, осы холдингтің немесе Қордың уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірменің көшірмесін ұсынады. Өзге құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      Қаржы ұйымының, Қордың басқару органының құрамына кіретін уәкілетті органның өкілі уәкілетті органмен келісуге жатпайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Банктер туралы заңның 20-бабына, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабына, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабына, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабына, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабына сәйкес кандидатты тағайындау (сайлау) үшін кандидаттың халықаралық қаржы ұйымдарындағы жұмыс стажына мынадай халықаралық қаржы ұйымдарындағы жұмысы кіреді:

      Азия Даму Банкі;

      Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі;

      Америкааралық Даму Банкі;

      Африка Даму Банкі;

      Дүниежүзілік Банк;

      Дүниежүзілік сауда ұйымы;

      Еуразия даму банкі;

      Еуропа Инвестициялық Банкі;

      Еуропа Қайта құру және Даму Банкі;

      Еуропалық бағалы қағаздар және нарықтар ұйымы;

      Еуропалық банк ұйымы;

      Еуропалық банк федерациясы;

      Еуропалық Кеңестің Даму Банкі;

      Еуропалық сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру ұйымы;

      Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі;

      Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталық;

      Ислам Даму Банкі;

      Исламдық қаржылық қызметтер кеңесі;

      Сақтандыруды қадағалаудың халықаралық қауымдастығы;

      Солтүстік инвестициялық банк;

      Халықаралық бағалы қағаздар комиссиясы;

      Халықаралық Валюта Қоры;

      Халықаралық Даму Қауымдастығы;

      Халықаралық депозиттерді сақтандыру жүйелері қауымдастығы;

      Халықаралық есеп айырысу банкі;

      Халықаралық зейнетақы қадағалау органдары ұйымы;

      Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі;

      Халықаралық Қаржы Корпорациясы;

      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Құжаттарды қарау тәртібі

      5. Қаржы ұйымы, холдинг, Қор кандидаттарды келісуге "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) кандидаттың қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуі жөнінде, сондай-ақ кандидат туралы мәліметтерді қаржы ұйымы, холдинг, Қор құжаттамалық жағынан тексергені жөнінде көрсетіле отырып, және мыналардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтінішхат:

      атқарушы органның басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлғаны), атқарушы органның басшысының болып табылатын басқару органының мүшесі тағайындалған (сайланған) кезде - қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басқару органының басшысының, ал ол болмаған жағдайда басқару органының шешімі бойынша басқару органы мүшелерінің бірінің (басқару органының осы шешімінің көшірмесін бере отырып), басқару органының басшысы және мүшелері болмаған жағдайда қаржы ұйымы, холдинг, Қор акционерлерінің бірі, осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қаржы ұйымы, холдинг қатысушыларының бірі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы, холдинг үшін);

      басқа жағдайларда - қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атқарушы органының басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға) не оның міндетін атқарушы тұлға (міндеттерді атқару жүктелгені туралы шешімнің көшірмесін бере отырып);

      2) егер қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидат өзге ұйымда жұмыс істеген жағдайда - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған осы қаржы ұйымының, осы холдингтің немесе Қордың басқару органының кандидатқа өзге ұйымда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінен үзінді-көшірменің электрондық көшірмесі;

      3) егер кандидат акционерлік қоғамның атқарушы органының мүшесі болып табылатын жағдайда - осы акционерлік қоғамның басқару органының кандидатқа қаржы ұйымында, холдингте, Қорда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінен үзінді-көшірменің электрондық көшірмесі;

      4) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық және қағаз тасымалдағыштарда (2-қосымшадағы фотосурет көлемі 3х4, ашық аяда орындалады) басшы қызметкері лауазымына кандидат туралы мәліметтердін электрондық көшірмесі;

      5) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін);

      6) кандидатта азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын, олардың азаматтығы бар елдің (олар тұрғылықты тұратын елдің – азаматтығы жоқ адамдар үшін) не кандидат соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрғылықты тұрған елдің мемлекеттік органы берген құжаттың электрондық көшірмесі. Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан (ұсынылатын құжатта оның өзге қолданылу мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда) аспайды. Бұл құжатты азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) тиісті органы беруі мүмкін;

      7) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін - Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген кәсіби бухгалтер сертификатының электрондық көшірмесі;

      8) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін - мүшелік билеттің (кітапшаның) электрондық көшірмесі немесе бухгалтерлердің аккредиттеген кәсіптік ұйымындағы мүшелігін растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 263 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5-1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, холдингтің, Қордың басшы қызметкерін келіскен кезде "электрондық үкіметтің" төлемдік шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, холдингтің, Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қосымша ұсынылады.

      Ескерту. 2-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 263 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Қаржы ұйымы, холдинг, Қор шет тілінде ұсынатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті - кандидатты келісуге құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға не апостильделуге тиіс (кандидаттың жеке басын куәландыратын құжатты қоспағанда). Көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариатпен куәландырылып ұсынылады.

      9. Қаржы ұйымы, холдинг, Қор кандидаттарды келісу үшін уәкілетті органға олар тағайындалған (сайланған) күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмейтін мерзімде құжаттардың толық топтамасын (кандидаттарды, жауапты тұлғаларды, байланыс телефондарын және электрондық пошта мекенжайларын көрсете отырып) ұсынады.

      Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы:

      Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын;

      Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;

      Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Қаржы ұйымы, холдинг, Қор Қағидалардың 5 және 5-1-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес кандидатты келісуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Кандидатты келісу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган Қағидалардың 5 және 5-1 тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Ұсынылған құжаттарды қарау мерзімі ішінде олардың Қағидалардың осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган қаржы ұйымына, холдингке, Қорға оларды жою және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну үшін ескертулермен хат жібереді. Бұл ретте уәкілетті органның кандидатты келісуге арналған құжаттарды қарау мерзімі үзілмейді.

      Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды кері қайтарып алуға уәкілетті орган кандидаттарды келісу туралы шешім қабылдағанға дейін, ал тестілеуге шақыру арқылы келісу кезінде кандидаттың тестілеуден өту күніне дейін, оларды кері қайтарып алу себебін көрсете отырып, қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың еркін нысандағы жазбаша өтініш беру жолымен жол беріледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Кандидаттың Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын қаржы ұйымдарында жұмыс өтілі болған жағдайда, уәкілетті орган кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болуын растау мақсатында шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органынан кандидаттың мінсіз іскерлік беделін сипаттайтын мәліметтердің болуы (болмауы) туралы ақпаратты сұратады не шет мемлекеттің қадағалау органының ресми интернет-ресурсынан осы мәліметтерді (бар болса) алады.

3-тарау. Тестілеуден өту үшін шақырумен немесе шақырусыз келісу тәртібі

      11. Кандидатты келісу үшін уәкілетті органда дербес құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген қаржы ұйымдарының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

      12. Уәкілетті орган Комиссияның шешімі бойынша кандидаттарды тестілеуден өту үшін шақырып не Қағидалардың 15-тармағында көзделген жағдайларда шақырмай-ақ, келісуді жүргізеді.

      13. Уәкілетті орган тестілеуден өту күні мен уақыты туралы қаржы ұйымына, холдингке, Қорға жазбаша түрде хабарлайды.

      14. Қаржы ұйымы, холдинг, Қор уәкілетті орган белгілеген күні мен уақытта тестілеуден өту үшін кандидаттың уәкілетті органға келуін қамтамасыз етеді.

      15. Комиссияның шешімі бойынша мынадай кандидаттар ұсынылған құжаттар негізінде шақырусыз келісілуге жатады:

      1) уәкілетті органмен қаржы нарығының осы секторында, Қорда тиісті лауазымға бұрын келісілген кандидат;

      2) бұрын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және (немесе) қадағалауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған) мемлекеттік органның басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшысының орынбасары, дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың) басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын (жүзеге асырған) мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшысының орынбасары) болған кандидат;

      3) бұрын мемлекеттік органның басқарма мүшесі, бірінші басшысы немесе бірінші басшысының орынбасары, жауапты хатшысы болған кандидат;

      4) мыналар ретінде кемінде 3 (үш) жыл еңбек өтілі болса - атқарушы органның бірінші басшысы лауазымына кандидат (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға):

      қаржы ұйымдарының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығының осы секторында, Қорда және (немесе) Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жетекшілік жасаған атқарушы органның басшысы, мүшесі;

      бас бухгалтер;

      қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты болған дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы, қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жетекшілік жасаған қаржылық және (немесе) басқарушы, атқарушы директор;

      5) мыналар ретінде кемінде 2 (екі) жыл еңбек өтілі болса - басқару органының басшысы лауазымына кандидат:

      қаржы ұйымдарының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығында, Қорда және (немесе) Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      атқарушы органның басшысы, мүшесі (қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жетекшілік жасаған);

      бас бухгалтер;

      6) мыналар ретінде кемінде 3 (үш) жыл еңбек өтілі болса - бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы мен мүшесі лауазымына кандидат:

      қаржы ұйымдарының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығында және (немесе) Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      атқарушы органның басшысы, мүшесі (қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жетекшілік жасаған);

      бас бухгалтер;

      7) сақтандыру брокері басшысының орынбасары, қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың қауіпсіздік мәселелеріне және әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша ғана жетекшілік жасаған атқарушы органының мүшесі лауазымдарына кандидат;

      8) мыналар ретінде кемінде 2 (екі) жыл еңбек өтілі болса сақтандыру брокері басшысының орынбасары, қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидат:

      қаржы ұйымдарының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығының осы секторында, Қорда және (немесе) Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған атқарушы органның басшысы, мүшесі;

      бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;

      қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты болған дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшысының орынбасары), қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жетекшілік жасаған қаржылық және (немесе) басқарушы, атқарушы директор;

      9) бас бухгалтер лауазымына кандидат;

      10) қаржы нарығының осы секторындағы қаржы ұйымының, Қордың басшы қызметкері лауазымына келісу кезінде уәкілетті органда өткен тестілеудің оң нәтижесін алған кандидат.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін тестілеудің оң нәтижелері есептелетін мерзім кандидаттың уәкілетті органда тестілеуден өту күнінен бастап 6 (алты) айдан аспайды;

      11) мыналар ретінде кемінде 1 (бір) жыл еңбек өтілі болса - өзге басшы қызметкер лауазымына кандидат:

      қаржы ұйымдарының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жетекшілік жасаған атқарушы органның басшысы, мүшесі;

      бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;

      қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты болған дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы, қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жетекшілік жасаған қаржылық және (немесе) басқарушы, атқарушы директор;

      12) басқару органының мүшесі лауазымына кандидат.

      16. Тестілеуден өту үшін шақырылған кандидаттарды келісу 30 сұрақ бойынша 45 минуттың ішінде компьютерлік тестілеу әдісімен қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде өткізіледі.

      17. Тестілейтін тұлғамен бірге бір үй-жайда кандидаттарды тестілеу уақытында тек уәкілетті органның қызметкерлері болуына рұқсат беріледі.

      Кандидат тестілеуден өту кезінде қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдалануға жол берілмейді. Осы тармақта баяндалған талаптарды бұзу тестілеудің теріс нәтижесіне тең келеді.

      18. Кандидаттарды тестілеу уәкілетті органның интернет-ресурсында онлайн режімге трансляциялаумен жүргізіледі.

      19. Тестілеудің оң нәтижесін алған кезде (кемінде жетпіс пайыз дұрыс жауап) кандидат тағайындалған (сайланған) лауазымына келісілген болып есептеледі.

      Кандидат тестілеуден өткеннен кейін тез арада қол қою арқылы тест нәтижелерімен танысуға тиіс.

4-тарау. Қаржы ұйымдарының, холдингтердің, Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібі

      20. Қаржы ұйымы, холдинг, Қор ұсынған құжаттар Комиссияның қарауына жіберіледі. Комиссия мүшелері құжаттарды қарайды және қаралып отырған мәселе бойынша Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген Комиссияның қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидатты қарау жөніндегі хаттамасында (бұдан әрі - Хаттама) өз пікірін білдіреді.

      21. Комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Комиссия төрағасының немесе оның орнындағы тұлғаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі сауалнамалық жолмен де қабылданады.

      22. Қаржы ұйымына, холдингке, Қорға уәкілетті орган кандидаттарды келісудің нәтижелері туралы жазбаша хабарламаны жіберу арқылы Комиссия Төрағасының (немесе оның орынбасарының) хаттамаға қол қойған күннен, егер тестілеуден өткен жағдайда - тестілеу өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      23. Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабының 8-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 8-тармағында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабының 4-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабының 7-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 6-тармағында белгіленген негіздер бойынша қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23-1. Банктер туралы заңның 20-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының мақсаты үшін мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттары:

      1) алынбаған және өтелмеген соттылығының болуы, оның ішінде заңды күшіне енген қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімінің болуы;

      2) кандидат өзіне қабылдаған міндеттемелерді не уәкілетті органның қаржы ұйымын, банк конгломератын, сақтандыру тобын қосымша капиталдандыру бойынша талабын орындамаған қаржы ұйымының ірі қатысушысы (тікелей немесе ішінара) болғандығы (болатындығы) туралы мәліметтердің болуы;

      3) кандидат Қазақстан Республикасының бейрезиденті қаржы ұйымының төлемге қабілетсіздігіне дейін жетуіне дейін 1 (бір) жылдан бұрын кезеңде Қазақстан Республикасының бейрезиденті қаржы ұйымында акционер (қатысушы), лауазымды тұлға, басқарушылық функцияларды орындайтын тұлға болғандығы туралы мәліметтердің болуы;

      4) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 62-6-бабына сәйкес қалыптастырылған уәжді пайымдау негізінде анықталған мінсіз іскерлік беделінің болмауы.

      Ескерту. 4-тарау 23-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Мінсіз іскерлік беделінің
болмауы өлшемшартын қоса
алғанда, қаржы ұйымдарының,
банктің, сақтандыру
холдингтерінің "Сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру қоры"
акционерлік қоғамының басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
қағидаларына және келісім алу
үшін қажетті құжаттар тізбесіне
1-қосымша
Нысан

Басшы қызметкерлердің құрамындағы өзгерістер туралы мәліметтер
_____________________________________________________
(қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атауы)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Басшы қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Лауазымы

Тағайындалған (сайланған)/ ауысқан/жұмыстан босатылған) күні

Тағайындау (сайлау, ауысу, жұмыстан босату) туралы шешімнің (бұйрықтың) күні, нөмірі

1

2

3

4

5






      Қосымша (парақтар санын көрсете отырып):

      ________________________________________________________________________________

      Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ______________________

      (қолы)

      20 __ жылғы "____"___________________

  Мінсіз іскерлік беделінің
болмауы өлшемшартын қоса
алғанда, қаржы ұйымдарының,
банктің, сақтандыру
холдингтерінің "Сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру қоры"
акционерлік қоғамының басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
қағидаларына және келісім алу
үшін қажетті құжаттар тізбесіне
2-қосымша
  Нысан



Басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 263 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      __________________________________________________________________

                  (қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атауы)

      __________________________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні мен жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)


      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса күні мен нөмірі)

1

2

3

4

5






      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5






      4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта кандидаттың бүкіл еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органында мүшелігі), оның ішінде уәкілетті органға келісу туралы өтінішхатты берген қаржы ұйымындағы, холдингтегі, Қордағы лауазымын көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметі туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең де көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, қаржы ұйымының тіркелген елі көрсетіледі)

Лауазымы

Тәртіптік жазалардың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

Қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшысының орынбасары), қаржылық басқарушы және (немесе) атқарушы директор лауазымында болған жағдайда – жетекшілік ететін бөлімшелер, осы ұйымда қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты мәселелер көрсетіледі. Аудиторлық қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда еңбек өтілі болған жағдайда - қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі қызметтерді реттеуге қатысты негізгі функционалдық міндеттері көрсетіледі.

1

2

3

4

5

6

7








      6. Кандидаттың салықтар бойынша аудитті қоса алғанда, қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуге қатысуы туралы мәліметтер:

      __________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының атауын, аудит жүргізу мерзімін, сондай-ақ кандидат

      __________________________________________________________________

      аудитор-орындаушы ретінде аудиторлық есепке (бар болса) қол қойған күнін көрсету)

      7. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның
атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығу, лауазымынан босату себептері

1

2

3

4

5






      8. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі

      уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы,

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын

      мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында

      қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға әкелген оны лицензиядан айыру туралы шешімді

      қабылдағанға не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының

      заңнамасында белгіленген тәртіпте оны банкрот деп тану туралы сот шешімінің заңды

      күшіне енуіне дейін кем дегенде 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде кандидаттың бұрын

      қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының

      басшысы, мүшесі (атқару органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға

      және оның орынбасары), бас бухгалтері, ірі қатысушы-жеке тұлға, қаржы ұйымының

      ірі қатысушысы-заңды тұлғасының (банк, сақтандыру холдингінің) басшысы

      болғандығы туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

                  (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      __________________________________________________________________

                  лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету)

      9. Кандидат бұрын төрт және одан астам кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы

      қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеуден дефолт жіберген не дефолт жіберген

      шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу

      бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселік және (немесе) және одан

      астам мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі

      борышты төлеу жөніндегі дефолт мөлшері төлеу күні республикалық бюджет туралы

      заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын

      қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының

      басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) -жеке тұлға, ірі

      қатысушы (ірі акционер) -заңды тұлға-эмитенттің басқару органының басшысы,

      мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, болғандығы туралы

      мәліметтер (Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидат толтырмайды)

      __________________________________________________________________

                        (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      __________________________________________________________________

                        лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету)

      10. Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшысы ретінде қаржы ұйымы, холдинг, Қор қызметінің мәселелері бойынша сот талқылауларына жауап беруші ретінде тартылды ма

      _________________________________________________________________

      (иә (жоқ), күнін, қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атауын,

      __________________________________________________________________

      сот талқылауына жауап берушіні, қаралып отырған мәселені және

      __________________________________________________________________

      заңды күшіне енген (ол шығарылған жағдайда) сот шешімін көрсету)

      11. Жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер және кандидаттың құжаттарға қол қою өкілеттігі туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, мәліметтер (өзге басшы қызметкер лауазымына кандидат толтырады)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      12. Растау құжаттарын қоса бере отырып жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер туралы мәліметтер (қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың тек қауіпсіздік мәселелері және (немесе) әкімшілік-шаруашылық мәселелерге жетекшілік ететін атқарушы органның мүшесі лауазымына кандидат толтырады)

      __________________________________________________________________

      13. Кандидат тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма (Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидат толтырмайды)

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықты, қылмысты қысқаша сипаттау

      __________________________________________________________________

      жауапкершілікке тарту негіздерін көрсетумен

      __________________________________________________________________

      тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері

      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін, мінсіз іскери беделімнің болуын растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________________________________________________________

                  (кандидат өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы _______________________

Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады:
Мен,
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
____________________________________________________________________
тәуелсіз директор лауазымына тағайындау (сайлау) үшін "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.
Қолы _____________________

      Күні ______________________

  Мінсіз іскерлік беделінің
болмауы өлшемшартын қоса
алғанда, қаржы ұйымдарының,
банктің, сақтандыру
холдингтерінің "Сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру қоры"
акционерлік қоғамының басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
қағидаларына және келісім алу
үшін қажетті құжаттар тізбесіне
3-қосымша
  Нысан

Комиссияның қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидатты қарау жөніндегі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 263 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _______________________________________________________________

      (қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      № ______________ хаттама

      ____ жылғы ____ __________

Комиссия Төрағасының және мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Тестілеуге шақырусыз келісуге

Тестілеуге жіберу және тестілеудің оң нәтижесінде келісу

Келісуден бас тарту

1

2

3

4

5






      Комиссия Төрағасы

      ___________________________ _________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

      Комиссия шешімі:

      Тестілеуге шақырусыз келісілсін

      Тестілеуге жіберілсін және тестілеудің оң нәтижесінде келісілсін

      Келісуден бас тартылсын

      ___________________________________________

      (қажеттінің астын сызу қажет)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 305 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық бөліктерінің тізбесі

      1. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 26 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 27 тамызда № 6167 тіркелген, 2010 жылғы 26 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 439-442 (26285) жарияланған) 1-тармағының 4) тармақшасы.

      2. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 94 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7546 тіркелген, 2012 жылғы 4 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 464-470 (27543) жарияланған).

      3. "Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7561 тіркелген, 2012 жылғы 4 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 464-470 (27543) жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 212 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8805 тіркелген, 2013 жылғы 27 қарашада "Заң газеті" газетінде № 179 (2380) жарияланған) бекітілген, Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 3-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 4-тармағының бестен бастап жиырма бірінші абзацтары, 9-тармақ.

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының, холдингтердің және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін келісу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 102 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11747 тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда "Заң газеті" газетінде № 118 (2704) жарияланған).

      7. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының, холдингтердің және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін келісу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 73 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13605 тіркелген, 2016 жылғы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).