Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13217 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.03.2018 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Сауда қызметiн реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімі бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары бекітілсін.

      3. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң кейбiр бұйрықтары күшi жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына оның көшірмелерінің баспа және электрондық түрде жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 17 ақпан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________ В. Школьник

      2016 жылғы 17 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 17 ақпандағы
№ 81 бұйрығына
1-қосымша

Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 01.03.2022 № 133-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 31.05.2022 № 244-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 07.11.2022 № 425-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.01.2023 № 35-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1-бөлім. Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлері, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі


р/с

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды

Тауардың атауы1

Тауарларға қатысты кедендік баж мөлшерлемесі

Кедендік бажын қолдану мерзімі

Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкетілетін2

Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы елдерге әкетілетін3

1

1

2

3

4

5

2

4101

Ірі қара малдың (қодастарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделмеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері

1 тоннасына 200 еуро

тұрақты

3

4102

Осы топқа 1(в) ескертпемен алып тасталғандардан басқа, қойлардың немесе қозылардың (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жүні бар немесе жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері

1 тоннасына 200 еуро

тұрақты

4

4103

Осы топтағы 1(б) немесе 1(в) ескертпемен алып тасталғандардан басқа, түкті немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе басқа әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге ұшырамаған), өзге де терілер

1 тоннасына 200 еуро

тұрақты

5

5101

Кард немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн

0

2023 жылғы 30 сәуірді
қоса алғанға
дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес

2023 жылғы 1 мамырдан бастап

6

5102

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлар қылы

0

2023 жылғы 30 сәуірді
қоса алғанға
дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес

2023 жылғы 1 мамырдан бастап

7

5103

Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ түтілген шикізатты қоспағанда, жануарлар жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары

0

2023 жылғы 30 сәуірді
қоса алғанға
дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес

2023 жылғы 1 мамырдан бастап

8

5104 00 000 0

Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан жасалған түтілген шикізат

0

2023 жылғы 30 сәуірді
қоса алғанға
дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес

2023 жылғы 1 мамырдан бастап

9

7204

Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шихталық құймалар)

5 %, бірақ 1 тоннасына 5 еуродан кем емес

тұрақты

10

7302 7302 10 220 0 қоспағада

Темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын, қара металдардан жасалған бұйымдар: рельстерді біріктіруге немесе бекітуге арналған рельстер, жанама рельстер және тісті рельстер, ауыстырылатын рельстер, қатаң қиылысу айқастырмалар, ауыстырылатын штангалар және өзге де көлденең қосылғыштар, шпалдар, түйіспе жапсырмалар және төсемдер, сыналар, тірек тақталар, ілмекті рельс бұрандамалары, төсемдер мен кергіштер, тұғырлар, жақтаулар және өзге де бөлшектер

15 %, бірақ 1 тоннасына 15 еуродан кем емес

тұрақты

11

7404 00

Мыс қалдықтары мен сынықтары

10 %, бірақ 1 тоннасына 84 еуродан кем емес

тұрақты

12

7601 20 200 1 7601 20 800 1

Авиациялық қозғалтқыштарды жасау үшін бастапқы алюминий қорытпалары

10 %, бірақ 1 тоннасына 76 еуродан кем емес

тұрақты

13

7601 20 200 94 7601 20 800 95

Бастапқы алюминий қорытпалары, өзгелері

10 %, бірақ 1 тоннасына 76 еуродан кем емес

тұрақты

14

7601 20 800 2

Құйма немесе сұйық түріндегі қосымша алюминий қорытпалары

0

тұрақты

15

7602 00

Алюминий қалдықтары мен сынықтары

10 %, бірақ 1 тоннасына 76 еуродан кем емес

тұрақты

16

7802 00 000 0

Қорғасын қалдықтары мен сынықтары

10%

тұрақты

17

7902 00 000 0

Мырыш қалдықтары мен сынықтары

10%

тұрақты

18

8101 97 000 0, 8102 97 000 0, 8103 20 000 0, 8103 30 000 0,
8103 99 000 0,
8104 11 000 0, 8104 20 000 0, 8106 10 000 0, 8106 90 000 0, 8108 20 000 1, 8108 20 000 3,
8108 20 000 6,
8108 30 000 0, 8110 10 000 0, 8110 20 000 0, 8111 00 110 0, 8112 12 000 0, 8112 13 000 0, 8112 21 900 0, 8112 22 000 0, 8112 41 000 9,
8112 69 000 1, 8112 92 410 0, 8112 92 810 0,
8112 99 400 0 қоспағанда

8101-811300

Өзге де бағалы емес металдар; металл керамика; олардан жасалған бұйымдар

10%

тұрақты

19

8112 51 000 0

Өңделмеген таллий; ұнтақтар

5%

тұрақты

20

8201-8215

Қымбат бағалы емес металдардан жасалған құрал-саймандар, керек-жарақтар, пышақ бұйымдары, қасықтар мен шанышқылар, олардың қымбат бағалы емес металдардан жасалған бөліктері

10%

тұрақты

21

8607 19 100 1

Жиналған немесе бөлшектелген түрдегі біліктер; дөңгелектер және бұрын пайдаланылған оның бөлшектері

5%

тұрақты

22

Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 31.05.2022 № 244-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

23

1206 00

Күнбағыс тұқымы, ұсақталған және ұсақталмаған

20%, бірақ тоннасына
100 евродан
кем емес

тұрақты

      Ескертпе:

      1 Әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген. <4> сілтемеде көзделген жағдай ерекшелік болып табылады.

      2 Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерді және Қазақстан Республикасының әкету кедендік бажын төлеуден босатуды көздейтін еркін сауда аймағы туралы екіжақты және көпжақты келісім жасаған елдерді қоспағанда.

      3 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған Еркін сауда аймағы туралы шарт пен 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттама күшіне енген елдер.

      4 Кедендік әкету бажын төлеуден босатылған қосымша алюминий қорытпаларын қоспағанда.

      5 Кедендік әкету баждарын төлеуден босатылған қосымша алюминий қорытпаларын, сонымен қатар алюминий-бериллий лигатурасын, сонымен қатар алюминий-скандий лигатурасын қоспағанда.

2-бөлім. Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға қолданылатын әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемі және олардың қолданылу мерзімі

      Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 13.02.2023 № 70-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


р/с

Еуразиялық
экономикал
ық одақтың
сыртқы
экономикал
ық қызметі
тауар
номенклату
расының
коды

Тауардың атауы1

Тауарларға қатысты кедендік баж мөлшерлемесі

Кедендік бажын қолдану мерзімі

Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкетілетін2

Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы елдерге әкетілетін3

1

1

2

3

4

5

2

2709 00 900 9

Шикі мұнай

Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес

тұрақты

3

2710 12 110 1, 2710 12 150 1, 2710 12 900 2 қоспағанда 2710 12

Жеңіл дистилляттар мен өнімдер

Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес

тұрақты

4

2710 19 110 0, 2710 19 150 0, 2710 19 210 0, 2710 19 250 0, 2710 19 290 0

Орташа дистилляттар

Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес

тұрақты

5

2710 19 42, 2710 19 460 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес

тұрақты

6

2710 20 110 0,
2710 20 150 0,
2710 20 900 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар: өзге де мақсаттар үшiн

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 200 еуро 15 ақпаннан – 15 қазанға дейін қоса алғанда

7

2710 19 310 0, 2710 19 350 0, 2710 19 480 0, 2710 20 190 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 60 доллар

тұрақты

8

2710 19 510 1, 2710 19 510 9 – 2710 19 550 9

Ауыр дистилляттар: сұйық отындар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 60 доллар

тұрақты

9

2710 19 620 1,
2710 19 640 1,
2710 19 660 1,
2710 19 680 1,
2710 20 310 1,
2710 20 350 1,
2710 20 370 1,
2710 20 390 1

Мазуттар

1 тоннасына 30 доллар

1 тоннасына 30 доллар

1 тоннасына 15 еуро 1 мамырдан – 1 қыркүйекке дейін қоса алғанда

10

2710 19 620 9, 2710 19 640 9, 2710 19 660 9, 2710 19 680 9, 2710 20 310 9, 2710 20 350 9, 2710 20 370 9, 2710 20 390 9

Ауыр дистилляттар: сұйық отындар: өзге де мақсаттар үшiн

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 60 доллар

тұрақты

11

2710 19 710 0, 2710 19 750 0, 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0

Жағар майлар: өзгелері

1 тоннасына 60 доллар

0

тұрақты

12

2710 91 000 0, 2710 99 000 0

Өңделген мұнай өнімдері

1 тоннасына 60 доллар

0

тұрақты

13

2712 90 990 0

Өзгелері

1 тоннасына 60 доллар

0

тұрақты

14

2713 20 000 0

Мұнай битумы

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 15 еуро 1 қазаннан бастап 31 мамырға дейін қоса алғанда

15

2713 90 100 0, 2713 90 900 0

Битуминозды жыныстылардан алынған мұнай немесе мұнай өнімдерін қайта өңдеуден қалған өзге де қалдықтар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 15 еуро 15 қазаннан – 15 сәуірге дейін қоса алғанда

16

2715 00 000 0

Битум қоспалары

15 %

0

тұрақты

      Ескертпе:

      1 Әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген.

      2 Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерді және Қазақстан Республикасының әкету кедендік бажын төлеуден босату көзделген еркін сауда аймағы туралы екіжақты және көпжақты келісім жасаған елдерді қоспағанда.

      3 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған Еркін сауда аймағы туралы шарт пен 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттама күшіне енген елдер.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 17 ақпандағы
№ 81 бұйрығына
2-қосымша

Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.06.2019 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға салынатын әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Шикі мұнайға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу тәртібі

      2. Шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесі мұнай шикізатының әлемдік нарықтарында алдыңғы кезеңде қалыптасқан шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасына (бұдан әрі – шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасы) негізделе отырып айқындалады.

      Алдыңғы кезең – әкету кедендік бажы қолданылған айдың алдындағы екі айдың 20 күнінен бастап, алдыңғы айдың 20 күніне дейін.

      3. Шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасын есептеуді салықтық және кедендік саясатты іске асыру саласындағы уәкілетті орган былайша жүзеге асырады:

      1) биржада бір күнде шикі мұнайдың әлемдік нарықтарында қалыптасқан KEBCO мен BRENT маркалы шикі мұнай бағаларының орташа арифметикалық мәні мына формула бойынша есептелінеді:



      мұнда:

      "KEBCO" биржадағы бір күнде Скmin ең төменгі нарықтық бағасы;

      "KEBCO" биржадағы бір күнде Скmax ең жоғары нарықтық бағасы;

      "BRENT" биржадағы бір күнде Сбmіn ең төменгі нарықтық бағасы;

      "BRENT" биржадағы бір күнде Сбmax ең жоғары нарықтық бағасы;

      2) шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасының мәні шикі мұнайдың бір баррелі үшін Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі - АҚШ) долларымен мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      ƩCрк,бn

      – мұндай баға белгілеулер жарияланған алдыңғы кезең ішіндегі күндердегі KEBCO және BRENT маркалы шикі мұнайдың күнделікті орташа нарықтық бағасы мәндерінің орташа арифметикалық сомасы;

      n – алдыңғы кезең ішіндегі мұндай баға белгілеулер жарияланған күндердің саны.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 13.02.2023 № 70-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасының алынған мәні үтірден кейін екінші таңбаға дейін математикалық түрде дөңгелектенеді және әкету кедендік бажы қолданылатын айдың 25 күнінен кешіктірілмей, салық және кеден саясатын іске асыру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      5. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасындағы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 2709 00 900 9 кодымен жіктелген әкетілетін шикі мұнайға қатысты күнтізбелік бір айдың ішінде шикі мұнайдың алдыңғы кезеңдегі орташа айлық нарықтық бағасының мәніне байланысты осы Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің бірі қолданылады.

      6. Қазақстан Республикасы аумағынан ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 9 кодымен жіктелген шикі мұнайды әкетуге мына жағдайда әкету кедендік бажымен:

      1) Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуде немесе Қазақстан Республикасы әкету кедендік бажын төлеуден босату көзделген екі - немесе көпжақты шарттар жасасқан елдер, егер өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе;

      2) олар 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен, шикі мұнайға әкету кедендік баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне;

      3) олар роялти төлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар әкететін шикі мұнайды қоспағанда, шикі мұнайға әкету кедендік баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) болып табылмайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне салық салынбайды;

      4) Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде (күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда) өндірілген шикі мұнайды әкету:

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда мұнайдың орташа айлық бағасы бір баррель үшін 95 доллардан төмен болған кезде;

      2032 жылғы 1 қаңтардан бастап 2036 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда мұнайдың орташа айлық бағасы бір баррель үшін 100 доллардан төмен болған кезде;

      2037 жылғы 1 қаңтардан бастап 2041 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда мұнайдың орташа айлық бағасы бір баррель үшін 105 доллардан төмен болған кезде;

      2042 жылғы 1 қаңтардан бастап мұнайдың орташа айлық бағасы баррель үшін 110 доллардан төмен болған кезде.

      Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген әкетілетін шикі мұнайдың көлемі, сондай-ақ осындай кен орындарының атаулары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17072 болып тіркелген) мұнай беру кестесін қалыптастыру қағидаларына (бұдан әрі - Мұнай беру кестесін қалыптастыру қағидалары) сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ай сайын жіберетін мұнай жеткізу кестесінде айқындалады;

      4-1) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуі.

      Осы тармақшаның ережесі жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген көмірсутектер экспортының басталуы тиісті кезеңнен бастап мыналар ішінде қолданылады:

      күнтізбелік жиырма жыл – күрделі теңіз жобалары мен құрлықтағы газ жобалары бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша;

      күнтізбелік он жыл – құрлықтағы күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша.

      Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген әкетілетін шикі мұнайдың көлемі, сондай-ақ осындай орындарының атаулары Мұнай беру кестесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ай сайын жіберетін мұнай жеткізу кестесінде айқындалады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 07.10.2021 № 550-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 13.02.2023 № 70-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

3-тарау. Мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу тәртібі

      7. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тауарлар Мұнайдан жасалған тауарлар (бұдан әрі – мұнай өнімдері) деп түсініледі.

      8. Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетуге мына жағдайда:

      1) Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуде не Қазақстан Республикасымен әкету кедендік бажын төлеуден босату көзделген екі жақты немесе көпжақты шарттар жасалған елдерге әкетуде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе;

      2) 1 тоннасы үшін (қоса алғанда) 187,5 АҚШ долларына дейін шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасы қалыптасқан кезде әкету кедендік бажы салынбайды.

1-параграф. Ашық түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу

      9. Ашық түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік баждарының мөлшерлемелері ағымдағы айға шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесін негізге ала отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:

      ӘКБМ а= К*ӘКБмұнай,

      мұнда:

      ӘКБМа – ашық түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік бажының мөлшерлемесі;

      К – түзету коэффициенті 1;

      ӘКБмұнай – шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 13.02.2023 № 70-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Әкетілетін ашық түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік баждары мөлшерлемесінің көлемі осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген.

      11. Ашық түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік баждарының мөлшерлемелері күнтізбелік ай ішінде қолданылады.

2-параграф. Қара түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу

      12. Қазақстан Республикасының аумағынан қара түсті мұнай өнімдерін әкетуге әкету кедендік бажы салынады, олардың мөлшерін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      13. Қара түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеуді сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын мынадай формула бойынша жүзеге асырады:

      ӘКБМқ = К*(Б – 187,5),

      мұнда:

      ӘКБМқ – қара түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік бажы мөлшерлемесі;

      К – қара түсті мұнай өнімдерінің шикі мұнайының тоннасынан шығу процентін және олардың бағаларын ескере отырып, әкету кедендік бажы мөлшерлемесін түзетуге мүмкіндік беретін түзету коэффициенті:

      К=0,9*(0,35+0,4)/2*0,8=0,27.

      Б – бір тонна үшін АҚШ долларымен (баррельдерді тоннаға ауыстырудың 7,5 коэффициентін ескере отырып) күнтізбелік үш айдағы шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасының орташа арифметикалық мәні;

      187,5 – шикі мұнайдың нарықтық бағасы, одан төмен болғанда қара түсті мұнай өнімдерін әкетуге әкету кедендік бажы салынбайды.

      14. Осы Қағиданың 13-тармағына сәйкес жүргізілген қара түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу нәтижелері үтірден кейін екінші таңбаға дейін математикалық түрде дөңгелектенеді.

      15. 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес, ЕАЭО СЭҚ ТН 2713 20 000 0, 2715 00 000 0 кодтарымен жіктелген мұнайдан өндірілген тауарларға қатысты әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган формуланы қолданбай бекітеді.

      16. Есепті айдың қорытындылары бойынша (есепті тоқсанның соңына келетін айды қоспағанда) шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы өткен аймен салыстырғанда бір баррель үшін 15 АҚШ долларынан астам өзгерген жағдайда, қара түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемелері сол белгіленген айда түзетіледі.

      17. 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес, ай сайынғы бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы тоннасына 375 АҚШ долларынан төмендеген жағдайда, мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган формуланы қолданбай бекітеді.

      18. Шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы төмендеген жағдайда, қара түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемелері Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде ғана түзетіледі.

  Шикі мұнай мен мұнайдан
өндірілген тауарларға әкету
кедендік бажы
мөлшерлемелерінің
көлемін есептеу қағидаларына
1-қосымша

Шикі мұнайға және ашық түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемелері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 13.02.2023 № 70-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы (ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 9 коды)*

Шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесі, 1 тоннасына АҚШ доллары

Ашық түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемесі, 1 тоннасына АҚШ доллары

1.

Барреліне 25 АҚШ долларына дейін

0

0

2.

Барреліне 25-тен бастап 30 АҚШ долларына дейін

10

10

3.

Барреліне 30-дан бастап 35 АҚШ долларына дейін

20

20

4.

Барреліне 35-тен бастап 40 АҚШ долларына дейін

35

35

5.

Барреліне 40-тан бастап 45 АҚШ долларына дейін

40

40

6.

Барреліне 45-тен бастап 50 АҚШ долларына дейін

45

45

7.

Барреліне 50-ден бастап 55 АҚШ долларына дейін

50

50

8.

Барреліне 55-тен бастап 60 АҚШ долларына дейін

55

55

9.

Барреліне 60-тан бастап 65 АҚШ долларына дейін

60

60

10.

Барреліне 65-тен бастап 70 АҚШ долларына дейін

65

65

11.

Барреліне 70-тен бастап 75 АҚШ долларына дейін

70

70

12.

Барреліне 75-тен бастап 80 АҚШ долларына дейін

75

75

13.

Барреліне 80-нен бастап 85 АҚШ долларына дейін

80

80

14.

Барреліне 85-тен бастап 90 АҚШ долларына дейін

85

85

15.

Барреліне 90-нан бастап 95 АҚШ долларына дейін

90

90

16.

Барреліне 95-тен бастап 100 АҚШ долларына дейін

95

95

17.

Барреліне 100-ден бастап 105 АҚШ долларына дейін

100

100

18.

Барреліне 105-тен бастап 115 АҚШ долларына дейін

115

115

19.

Барреліне 115-тен бастап 125 АҚШ долларына дейін

130

130

20.

Барреліне 125-тен бастап 135 АҚШ долларына дейін

145

145

21.

Барреліне 135-тен бастап 145 АҚШ долларына дейін

160

160

22.

Барреліне 145-тен бастап 155 АҚШ долларына дейін

176

176

23.

Барреліне 155-тен бастап 165 АҚШ долларына дейін

191

191

24.

Барреліне 165-тен бастап 175 АҚШ долларына дейін

206

206

25.

Барреліне 175-тен бастап 185 АҚШ долларына дейін

221

221

26.

Барреліне 185 АҚШ долларынан бастап және одан жоғары

236

236

      Ескертпе:

      *Каспий теңізінің қазақстандық секторында толығымен орналасқан теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген шикі мұнайды әкету осы Қағидалардың 6-тармағы 4) тармақшасының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

  Шикі мұнай мен мұнайдан
өндірілген тауарларға әкету
кедендiк бажы мөлшерлемелерінің
көлемін есептеу қағидаларына
2-қосымша

Мұнайдан өндірілген тауарлар тізбесі

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Ашық түсті мұнай өнімдері

2710 12, 2710 19 1100 – 2710 19 290 0, 2710 19 420 0, 2710 19 460 0.

Қара түсті мұнай өнімдері

2710 20 110 0, 2710 20 150 0, 2710 20 900 0, 2710 19 310 0, 2710 19 350 0, 2710 19 480 0, 2710 20 190 0, 2710 19 510 1, 2710 19 510 9 – 2710 19 550 9, 2710 19 620 1 – 2710 19 680 9, 2710 20 310 1, 2710 20 310 9, 2710 20 350 1, 2710 20 350 9, 2710 20 370 1, 2710 20 370 9, 2710 20 390 1, 2710 20 390 9, 2710 19 710 0, 2710 19 750 0, 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 2710 91 000 0, 2710 99 000 0, 2712 90 990 0, 2713 20 000 0, 2713 90 100 0, 2713 90 900 0, 2715 00 000 0.

  Шикі мұнай мен мұнайдан
өндірілген тауарларға әкету
кедендiк бажы мөлшерлемелерінің
көлемін есептеу қағидаларына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының
тiзбесi

      1. "Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11473 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 шілдеде жарияланған);

      2. "Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы

      27 мамырдағы № 405 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 755 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12388 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда жарияланған);

      3. "Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12895 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қаңтарда жарияланған).