"Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Респуб

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 7 қазандағы № 550-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 қазанда № 24711 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы аумағынан ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 9 кодымен жіктелген шикі мұнайды әкетуге мына жағдайда әкету кедендік бажымен:

      1) Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуде немесе Қазақстан Республикасы әкету кедендік бажын төлеуден босату көзделген екі - немесе көпжақты шарттар жасасқан елдер, егер өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе;

      2) олар 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен, шикі мұнайға әкету кедендік баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне;

      3) олар роялти төлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар әкететін шикі мұнайды қоспағанда, шикі мұнайға әкету кедендік баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) болып табылмайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне салық салынбайды;

      4) Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген шикі мұнайды әкету:

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін мұнайдың орташа айлық бағасы бір баррель үшін 95 доллардан төмен болған кезде;

      2032 жылғы 1 қаңтардан бастап 2036 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін мұнайдың орташа айлық бағасы бір баррель үшін 100 доллардан төмен болған кезде;

      2037 жылғы 1 қаңтардан бастап 2041 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін мұнайдың орташа айлық бағасы бір баррель үшін 105 доллардан төмен болған кезде;

      2042 жылғы 1 қаңтардан бастап мұнайдың орташа айлық бағасы баррель үшін 110 доллардан төмен болған кезде.";

      Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген әкетілетін шикі мұнайдың көлемі, сондай-ақ осындай кен орындарының атаулары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17072 болып тіркелген) мұнай беру кестесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ай сайын жіберетін мұнай жеткізу кестесінде айқындалады.";

      Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына 1-қосымшада:

      мына:

      "

Алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы (ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 9 коды)

Шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесі, 1 тоннасына АҚШ доллары

Ашық түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемесі, 1 тоннасына АҚШ доллары

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы (ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 9 коды)*

Шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесі, 1 тоннасына АҚШ доллары

Ашық түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемесі, 1 тоннасына АҚШ доллары

      ";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе: *Каспий теңізінің қазақстандық секторында толығымен орналасқан теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген шикі мұнайды әкету осы Қағидалардың 6-тармағы 4) тармақшасының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі