БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесіне, мөлшерлемелер көлеміне және олардың қолданылу мерзіміне:
2. "Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға қолданылатын әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемі және олардың қолданылу мерзімі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 |
2710 20 110 0, | Ауыр дистилляттар: газойлдар: өзге де мақсаттар үшiн | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 200 еуро 15 ақпаннан – 15 қазанға дейін қоса алғанда |
"; |
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 |
2710 19 620 1, | Мазуттар | 1 тоннасына 30 доллар | 1 тоннасына 30 доллар | 1 тоннасына 15 еуро 1 мамырдан – 1 қыркүйекке дейін қоса алғанда |
"; |
реттік нөмірлері 14 және 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
14 | 2713 20 000 0 | Мұнай битумы | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 15 еуро 1 қазаннан бастап 31 мамырға дейін қоса алғанда |
15 | 2713 90 100 0, 2713 90 900 0 | Битуминозды жыныстылардан алынған мұнай немесе мұнай өнімдерін қайта өңдеуден қалған өзге де қалдықтар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 15 еуро 15 қазаннан – 15 сәуірге дейін қоса алғанда |
"; |
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасын есептеуді салықтық және кедендік саясатты іске асыру саласындағы уәкілетті орган былайша жүзеге асырады:
1) биржада бір күнде шикі мұнайдың әлемдік нарықтарында қалыптасқан KEBCO мен BRENT маркалы шикі мұнай бағаларының орташа арифметикалық мәні мына формула бойынша есептелінеді:
мұнда:
"KEBCO" биржадағы бір күнде Скmin ең төменгі нарықтық бағасы;
"KEBCO" биржадағы бір күнде Скmax ең жоғары нарықтық бағасы;
"BRENT" биржадағы бір күнде Сбmіn ең төменгі нарықтық бағасы;
"BRENT" биржадағы бір күнде Сбmax ең жоғары нарықтық бағасы;
2) шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасының мәні шикі мұнайдың бір баррелі үшін Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі - АҚШ) долларымен мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
ƩCрк,бn
– мұндай баға белгілеулер жарияланған алдыңғы кезең ішіндегі күндердегі KEBCO және BRENT маркалы шикі мұнайдың күнделікті орташа нарықтық бағасы мәндерінің орташа арифметикалық сомасы;
n – алдыңғы кезең ішіндегі мұндай баға белгілеулер жарияланған күндердің саны.";
6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде (күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда) өндірілген шикі мұнайды әкету:
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда мұнайдың орташа айлық бағасы бір баррель үшін 95 доллардан төмен болған кезде;
2032 жылғы 1 қаңтардан бастап 2036 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда мұнайдың орташа айлық бағасы бір баррель үшін 100 доллардан төмен болған кезде;
2037 жылғы 1 қаңтардан бастап 2041 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда мұнайдың орташа айлық бағасы бір баррель үшін 105 доллардан төмен болған кезде;
2042 жылғы 1 қаңтардан бастап мұнайдың орташа айлық бағасы баррель үшін 110 доллардан төмен болған кезде.
Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген әкетілетін шикі мұнайдың көлемі, сондай-ақ осындай кен орындарының атаулары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17072 болып тіркелген) мұнай беру кестесін қалыптастыру қағидаларына (бұдан әрі - Мұнай беру кестесін қалыптастыру қағидалары) сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ай сайын жіберетін мұнай жеткізу кестесінде айқындалады;";
6-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуі.
Осы тармақшаның ережесі жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген көмірсутектер экспортының басталуы тиісті кезеңнен бастап мыналар ішінде қолданылады:
күнтізбелік жиырма жыл – күрделі теңіз жобалары мен құрлықтағы газ жобалары бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша;
күнтізбелік он жыл – құрлықтағы күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша.
Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген әкетілетін шикі мұнайдың көлемі, сондай-ақ осындай орындарының атаулары Мұнай беру кестесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ай сайын жіберетін мұнай жеткізу кестесінде айқындалады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Ашық түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік баждарының мөлшерлемелері ағымдағы айға шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесін негізге ала отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:
ӘКБМ а= К*ӘКБмұнай,
мұнда:
ӘКБМа – ашық түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік бажының мөлшерлемесі;
К – түзету коэффициенті 1;
ӘКБмұнай – шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесі.".
Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
бұйрығына қосымша Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына 1-қосымша |
Шикі мұнайға және ашық түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемелері
№ | Алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы (ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 9 коды)* | Шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесі, 1 тоннасына АҚШ доллары | Ашық түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемесі, 1 тоннасына АҚШ доллары |
---|---|---|---|
1. | Барреліне 25 АҚШ долларына дейін | 0 | 0 |
2. | Барреліне 25-тен бастап 30 АҚШ долларына дейін | 10 | 10 |
3. | Барреліне 30-дан бастап 35 АҚШ долларына дейін | 20 | 20 |
4. | Барреліне 35-тен бастап 40 АҚШ долларына дейін | 35 | 35 |
5. | Барреліне 40-тан бастап 45 АҚШ долларына дейін | 40 | 40 |
6. | Барреліне 45-тен бастап 50 АҚШ долларына дейін | 45 | 45 |
7. | Барреліне 50-ден бастап 55 АҚШ долларына дейін | 50 | 50 |
8. | Барреліне 55-тен бастап 60 АҚШ долларына дейін | 55 | 55 |
9. | Барреліне 60-тан бастап 65 АҚШ долларына дейін | 60 | 60 |
10. | Барреліне 65-тен бастап 70 АҚШ долларына дейін | 65 | 65 |
11. | Барреліне 70-тен бастап 75 АҚШ долларына дейін | 70 | 70 |
12. | Барреліне 75-тен бастап 80 АҚШ долларына дейін | 75 | 75 |
13. | Барреліне 80-нен бастап 85 АҚШ долларына дейін | 80 | 80 |
14. | Барреліне 85-тен бастап 90 АҚШ долларына дейін | 85 | 85 |
15. | Барреліне 90-нан бастап 95 АҚШ долларына дейін | 90 | 90 |
16. | Барреліне 95-тен бастап 100 АҚШ долларына дейін | 95 | 95 |
17. | Барреліне 100-ден бастап 105 АҚШ долларына дейін | 100 | 100 |
18. | Барреліне 105-тен бастап 115 АҚШ долларына дейін | 115 | 115 |
19. | Барреліне 115-тен бастап 125 АҚШ долларына дейін | 130 | 130 |
20. | Барреліне 125-тен бастап 135 АҚШ долларына дейін | 145 | 145 |
21. | Барреліне 135-тен бастап 145 АҚШ долларына дейін | 160 | 160 |
22. | Барреліне 145-тен бастап 155 АҚШ долларына дейін | 176 | 176 |
23. | Барреліне 155-тен бастап 165 АҚШ долларына дейін | 191 | 191 |
24. | Барреліне 165-тен бастап 175 АҚШ долларына дейін | 206 | 206 |
25. | Барреліне 175-тен бастап 185 АҚШ долларына дейін | 221 | 221 |
26. | Барреліне 185 АҚШ долларынан бастап және одан жоғары | 236 | 236 |
Ескертпе:
*Каспий теңізінің қазақстандық секторында толығымен орналасқан теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген шикі мұнайды әкету осы Қағидалардың 6-тармағы 4) тармақшасының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.