Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13217 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.03.2018 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Сауда қызметiн реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімі бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары бекітілсін.

      3. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң кейбiр бұйрықтары күшi жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына оның көшірмелерінің баспа және электрондық түрде жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 17 ақпан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________ В. Школьник

      2016 жылғы 17 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 17 ақпандағы
№ 81 бұйрығына
1-қосымша

Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.04.2017 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.03.2018 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2019 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1. Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлері, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы1

Тауарларға қатысты кедендік бажы мөлшерлемелері

Кедендік бажын қолдану мерзімі

Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкетілетін2

ЕСАШ-ға қатысушы елдерге әкетілетін3

1

2

3

4

5

4101

Ірі қара малдың (қодастарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделмеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері

1 тоннасына 500 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 450 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 400 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 300 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 200 евро

2020 жылғы 30 қарашадан бастап

4102

Осы топқа 1в ескертпемен алып тасталғандардан басқа, қойлардың немесе қозылардың (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жүні бар немесе жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері

1 тоннасына 500 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 450 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 400 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 300 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 200 евро

2020 жылғы 30 қарашадан бастап

4103

Осы топтағы 1б немесе 1в ескертпемен алып тасталғандардан басқа, түкті немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе басқа әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге ұшырамаған), өзге де терілер

1 тоннасына 500 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 450 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 400 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 300 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 200 евро

2020 жылғы 30 қарашадан бастап

5101

Кард немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

тұрақты

5102

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлар қылы

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

тұрақты

5103

Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ түтілген шикізатты қоспағанда, жануарлар жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

тұрақты

5104 00 000 0

Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан жасалған түтілген шикізат

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

тұрақты

7204

Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шихталық құймалар)

15 %, бірақ 1 тоннасына 15 евродан кем емес

2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 10 евродан кем емес

2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

5 %, бірақ 1 тоннасына 5 евродан кем емес

2018 жылғы 30 қарашадан бастап

7302
7302 10 220 0 қоспағанда

Темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын, қара металдардан жасалған бұйымдар: рельстерді біріктіруге немесе бекітуге арналған рельстер, жанама рельстер және тісті рельстер, ауыстырылатын рельстер, қатаң қиылысу айқастырмалар, ауыстырылатын штангалар және өзге де көлденең қосылғыштар, шпалдар, түйіспе жапсырмалар және төсемдер, сыналар, тірек тақталар, ілмекті рельс бұрандамалары, төсемдер мен кергіштер, тұғырлар, жақтаулар және өзге де бөлшектер

18,33 %, бірақ 1 тоннасына 18,33 евродан кем емес

2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

16,66 %, бірақ 1 тоннасына 16,66 евродан кем емес

2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

15 %, бірақ 1 тоннасына 15 евродан кем емес

2018 жылғы 30 қарашадан бастап

7404 00

Мыс қалдықтары мен сынықтары

30 %, бірақ 1 тоннасына 330 евродан кем емес

2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

30 %, бірақ 1 тоннасына 252 евродан кем емес

2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

20 %, бірақ 1 тоннасына 168 евродан кем емес

2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 84 евродан кем емес

2020 жылғы 30 қарашадан бастап

7601 20 200 1
7601 20 800 1

Авиациялық қозғалтқыштарды жасау үшін бастапқы алюминий қорытпалары

14 %, бірақ 1 тоннасына 95 евродан кем емес

2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

13 %, бірақ 1 тоннасына 90 евродан кем емес

2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

12 %, бірақ 1 тоннасына 85 евродан кем емес

2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

11 %, бірақ 1 тоннасына 80 евродан кем емес

2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 76 евродан кем емес

2020 жылғы 30 қарашадан бастап

7601 20 200 94
7601 20 800 95

Бастапқы алюминий қорытпалары, өзгелері

14 %, бірақ 1 тоннасына 95 евродан кем емес

2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

13 %, бірақ 1 тоннасына 90 евродан кем емес

2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

12 %, бірақ 1 тоннасына 85 евродан кем емес

2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

11 %, бірақ 1 тоннасына 80 евродан кем емес

2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 76 евродан кем емес

2020 жылғы 30 қарашадан бастап

7601 20 800 2

Құйма немесе сұйық түріндегі қосымша алюминий қорытпалары

3 %, бірақ 1 тоннасына 22 евродан кем емес

тұрақты

7602 00

Алюминий қалдықтары мен сынықтары

15 %, бірақ 1 тоннасына 100 евродан кем емес

2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 76 евродан кем емес

2020 жылғы 30 қарашадан бастап

8607 19 100 1

Жиналған немесе бөлшектелген түрдегі біліктер; дөңгелектер және бұрын пайдаланылған оның бөлшектері

5 %

тұрақты

      Ескертпе:

      1 Әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген. <4> сілтемеде көзделген жағдай ерекшелік болып табылады.

      2 Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерді және Қазақстан Республикасының әкету кедендік бажын төлеуден босатуды көздейтін еркін сауда аймағы туралы екіжақты және көпжақты келісім жасаған елдерді қоспағанда.

      3 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған Еркін сауда аймағы туралы шарт пен 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттама күшіне енген елдер.

      4 Кедендік әкету бажын төлеуден босатылған қосымша алюминий қорытпаларын қоспағанда.

      5 Кедендік әкету баждарын төлеуден босатылған қосымша алюминий қорытпаларын, сонымен қатар алюминий-бериллий лигатурасын қоспағанда.


2. Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға қолданылатын әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемі және олардың қолданылу мерзімі

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы1

Тауарларға қатысты кедендік бажы мөлшерлемелері

Кедендік бажын қолдану мерзімі

Қазақстан Республика сының шегінен тыс әкетілетін2

ЕСАШ-ға қатысушы елдерге әкетілетін3

1

2

3

4

5

2709 00 900 9

Шикі мұнай

1 тоннасына 40 доллар

1 тоннасына 40 доллар

2016 жылғы 1 наурызға дейін

Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес

2016 жылғы 1 наурыздан бастап тұрақты

2710 12
2710 12 110 1,
2710 12 150 1,
2710 12 900 2 қоспағанда

Жеңіл дистилляттар мен өнімдер

1 тоннасына 168,88 доллар

1 тоннасына 168,88 доллар

тұрақты

2710 19 110 0,
2710 19 150 0,
2710 19 210 0,
2710 19 250 0,
2710 20 290 0

Орташа дистилляттар

1 тоннасына 168,88 доллар

1 тоннасына 168,88 доллар

тұрақты

2710 19 42,
2710 19 460 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

1 тоннасына 168,88 доллар

1 тоннасына 168,88 доллар

1 тоннасына 200 евро 15 ақпаннан – 15 қазанға дейін

2710 20 110 0,
2710 20 150 0,
2710 20 900 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар: өзге де мақсаттар үшiн

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 200 евро 15 ақпаннан – 15 қазанға дейін

2710 19 310 0,
2710 19 350 0,
2710 19 480 0,
2710 20 190 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 60 доллар

тұрақты

2710 19 510 1,2710 19 510 9 – 2710 19 550 9 

Ауыр дистилляттар: сұйық отындар

1 тоннасына
60 доллар

1 тоннасына
60 доллар

тұрақты

2710 19 620 1,
2710 19 640 1,
2710 19 660 1,
2710 19 680 1,
2710 20 310 1,
2710 20 350 1,
2710 20 370 1,
2710 20 390 1

Мазуттар

1 тоннасына 30 доллар

1 тоннасына 30 доллар

1 тоннасына 15 евро 1 мамырдан – 1 қыркүйекке дейін

2710 19 620 9,
2710 19 640 9,
2710 19 660 9,
2710 19 680 9,
2710 20 310 9,
2710 20 350 9,
2710 20 370 9,
2710 20 390 9

Ауыр дистилляттар: сұйық отындар: өзге де мақсаттар үшiн

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 60 доллар

тұрақты

2710 19 710 0,
2710 19 750 0,
2710 19 820 0,
2710 19 840 0,
2710 19 860 0,
2710 19 880 0,
2710 19 920 0,
2710 19 940 0,
2710 19 980 0

Жағар майлар: өзгелері

1 тоннасына 60 доллар

0

тұрақты

2710 91 000 0,
2710 99 000 0

Өңделген мұнай өнімдері

1 тоннасына 60 доллар

0

тұрақты

2712 90 990 0

Өзгелері

1 тоннасына 60 доллар

0

тұрақты

2713 20 000 0

Мұнай битумы

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 60 доллар

1 қазаннан бастап 31 мамырды қоса алғанда 1 тоннасына 15 евро

2713 90 100 0,
2713 90 900 0

Битуминозды жыныстылардан алынған мұнай немесе мұнай өнімдерін қайта өңдеуден қалған өзге де қалдықтар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 15 евро 15 қазаннан – 15 сәуірге дейін

2715 00 000 0

Битум қоспалары

15 %

0

тұрақты

      Ескертпе:

      1 Әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген.

      2 Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерді және Қазақстан Республикасының әкету кедендік бажын төлеуден босату көзделген еркін сауда аймағы туралы екіжақты және көпжақты келісім жасаған елдерді қоспағанда.

      3 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған Еркін сауда аймағы туралы шарт пен 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттама күшіне енген елдер.


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 17 ақпандағы
№ 81 бұйрығына
2-қосымша

Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға салынатын әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу тәртібiн айқындайды.

2. Шикі мұнайға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу тәртібі

      2. Шикі мұнайға әкету кедендiк бажының мөлшерлемесі мұнай шикiзатының әлемдiк нарықтарында алдыңғы кезеңде қалыптасқан шикi мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасына (бұдан әрі – шикi мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасы) негізделе отырып айқындалады.

      Алдыңғы кезең – әкету кедендік бажы қолданылған айдың алдындағы екі айдың 20 күнінен бастап, алдыңғы айдың 20 күніне дейін.

      3. Шикi мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасын есептеуді салықтық және кедендік саясатты іске асыру саласындағы уәкілетті орган былайша жүзеге асырады:

      1) Биржада бiр күнде шикi мұнайдың әлемдік нарықтарында қалыптасқан URALS (MED), BRENT (DTD) маркалы шикі мұнай бағаларының орташа арифметикалық мәнi мына формула бойынша есептелінеді:


Күніне Ортю,б = (

Сюmin+Сюmax
______________
2

+

Сбmin+Сбmax
_____________
2

)/2,


      мұнда:

      "URALS (MED)" биржадағы бiр күнде Сюmin ең төменгi нарықтық бағасы;

      "URALS (MED)" биржадағы бiр күнде Сюmax ең жоғары нарықтық бағасы;

      BRENT(DTD) биржадағы бiр күнде Сбmin ең төменгi нарықтық бағасы;

      BRENT (DTD) биржадағы бiр күнде Сбmax ең жоғары нарықтық бағасы;

      2) Шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасының мәні шикi мұнайдың бір баррелі үшін АҚШ долларымен мынадай формула бойынша есептеледі:

Орт =


Срю,бn
_________,
n

      мұнда:


Орт ю,б n – мұндай баға белгілеулер жарияланған алдыңғы кезең ішіндегі күндердегi (URALS (MED) және BRENT (DTD) маркалы шикі мұнайдың күнделiктi орташа нарықтық бағасы мәндерiнiң орташа арифметикалық сомасы;

      n – алдыңғы кезең iшiндегi мұндай баға белгілеулер жарияланған күндердiң саны;

      4. Алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасының алынған мәні үтірден кейін екінші таңбаға дейін математикалық түрде дөңгелектенеді және әкету кедендік бажы қолданылатын айдың 25 күнінен кешіктірілмей, салық және кеден саясатын іске асыру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.10.2016 № 441 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасындағы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 2709 00 900 9 кодымен жіктелген әкетілетін шикі мұнайға қатысты бір айдың ішінде шикі мұнайдың алдыңғы кезеңдегі орташа айлық нарықтық бағасының мәніне байланысты осы Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің бірі қолданылады.

      6. Қазақстан Республикасы аумағынан ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 9 кодымен жіктелген шикі мұнайды әкетуге мына жағдайда әкету кедендік бажымен:

      1) Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуде немесе Қазақстан Республикасы кедендік әкету бажын төлеуден босату көзделген екі- немесе көпжақты шарттар жасасқан елдер, егер өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе;

      2) олар 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне;

      3) олар роялти төлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар әкететін шикі мұнайды қоспағанда, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) болып табылмайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне салық салынбайды.

3. Мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы
мөлшерлемелерінің көлемін есептеу тәртібі

      7. Осы Қағидалардың мақсаты үшін мұнайдан өндірілген тауарлар деп (бұдан әрі – мұнай өнімдері) осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген тауарлар түсініледі.

      8. Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетуге сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен бекітілетін көлеміне әкету кедендік бажы салынады.

      9. Мұнай өнімдеріне қатысты, әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен тоқсан сайын мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      КӘБМ = К*(Б – 187,5),

      мұнда:

      КӘБМ – мұнай өнімдеріне қатысты кедендiк әкету баж мөлшерлемелері;

      К – шикі мұнай ашық және қара түсті мұнай өнімдерінің тоннасынан және олардың бағасынан шыққан пайызды есептегенде әкету кедендік бажы мөлшерлемесін түзетуге мүмкіндік беретін коэффициент:

      ашық түсті мұнай өнімдері үшін – К=0,9*(0,35 + 0,4)/2*1,2 = 0,405;

      қара түсті үшін – К=0,9*(0,35 + 0,4)/2*0,8 = 0,27.

      Б – бір тонна үшін АҚШ долларымен (7,5 баррельден тоннаға ауыстыру коэфицентін есепке ала отырып) үш күнтізбелік айға шикi мұнайдың орташа айлық нарықтық бағаларының орташа арифметикалық мәні.

      187,5 – шикі мұнайдың нарықтық бағасы, одан төмен болғанда шикі мұнайды әкету кедендiк бажы салынбайды.

      10. Осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес жүргізілген мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу нәтижесі үтірден кейін екінші таңбаға дейін математикалық түрде дөңгелектенеді.

      10-1. "Сауда қызметiн реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес, ЕАЭО СЭҚ ТН 2713 20 000 0, 2715 00 000 0 кодтарымен сыныпталған, мұнайдан өндірілген тауарларға қатысты әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемі формула қолданылмай сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Ескерту. 3-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.10.2016 № 441 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Есепті айдың қорытындылары бойынша (есепті тоқсанның соңына келетін айды қоспағанда) шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасы бір баррелі үшін өткен аймен салыстырғанда 15 АҚШ доллардан артық өзгерген жағдайда, мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемелері бұл белгілі болған айда түзетіледі.

      12. "Сауда қызметiн реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес, ай сайынғы бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы тоннасына 375 АҚШ долларынан аз болып төмендеген жағдайда мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемі сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен формуланы қолданбай белгіленеді.

      13. Шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасы төмен деген жағдайда мұнай өнімдерінің әкету кедендік бажының мөлшерлемесі, тек қана Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде түзетіледі.

      14. Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетуге мына жағдайда әкету кедендік бажы салынбайды:

      1) Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуде немесе Қазақстан Республикасымен әкету кедендік бажын төлеуден босату көзделген екі- немесе көпжақты шарттар жасалған елдер, егер өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе;

      2) шикі мұнайдың 1 баррелі үшін 187,5 АҚШ долларына дейін (қоса алғанда) қалыптасқан орташа айлық нарықтық бағасы кезінде.

  Шикі мұнай мен мұнайдан
өндірілген тауарларға әкету
кедендiк бажы мөлшерлемелерінің
көлемін есептеу қағидаларына
1-қосымша

Шикі мұнайға әкету кедендік бажы мөлшерлемелері

Алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасы (ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 9 коды)

Әкету кедендік бажының мөлшерлемелері, 1 тоннасына АҚШ долларымен

1.

Барреліне 25 АҚШ долларына дейін

0

2.

Барреліне 25 бастап 30 АҚШ долларына дейін

10

3.

Барреліне 30 бастап 35 АҚШ долларына дейін

20

4.

Барреліне 35 бастап 40 АҚШ долларына дейін

35

5.

Барреліне 40 бастап 45 АҚШ долларына дейін

40

6.

Барреліне 45 бастап 50 АҚШ долларына дейін

45

7.

Барреліне 50 бастап 55 АҚШ долларына дейін

50

8.

Барреліне 55 бастап 60 АҚШ долларына дейін

55

9.

Барреліне 60 бастап 65 АҚШ долларына дейін

60

10.

Барреліне 65 бастап 70 АҚШ долларына дейін

65

11.

Барреліне 70 бастап 75 АҚШ долларына дейін

70

12.

Барреліне 75 бастап 80 АҚШ долларына дейін

75

13.

Барреліне 80 бастап 85 АҚШ долларына дейін

80

14.

Барреліне 85 бастап 90 АҚШ долларына дейін

85

15.

Барреліне 90 бастап 95 АҚШ долларына дейін

90

16.

Барреліне 95 бастап 100 АҚШ долларына дейін

95

17.

Барреліне 100 бастап 105 АҚШ долларына дейін

100

18.

Барреліне 105 бастап 115 АҚШ долларына дейін

115

19.

Барреліне 115 бастап 125 АҚШ долларына дейін

130

20.

Барреліне 125 бастап 135 АҚШ долларына дейін

145

21.

Барреліне 135 бастап 145 АҚШ долларына дейін

160

22.

Барреліне 145 бастап 155 АҚШ долларына дейін

176

23.

Барреліне 155 бастап 165 АҚШ долларына дейін

191

24.

Барреліне 165 бастап 175 АҚШ долларына дейін

206

25.

Барреліне 175 бастап 185 АҚШ долларына дейін

221

26.

Барреліне 185 бастап және жоғары

236

  Шикі мұнай мен мұнайдан
өндірілген тауарларға әкету
кедендiк бажы мөлшерлемелерінің
көлемін есептеу қағидаларына
2-қосымша

Мұнайдан өндірілген тауарлар тізбесі

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Ашық түсті мұнай өнімдері

2710 12, 2710 19 1100 – 2710 19 290 0, 2710 19 420 0, 2710 19 460 0.

Қара түсті мұнай өнімдері

2710 20 110 0, 2710 20 150 0, 2710 20 900 0, 2710 19 310 0, 2710 19 350 0, 2710 19 480 0, 2710 20 190 0, 2710 19 510 1, 2710 19 510 9 – 2710 19 550 9, 2710 19 620 1 – 2710 19 680 9, 2710 20 310 1, 2710 20 310 9, 2710 20 350 1, 2710 20 350 9, 2710 20 370 1, 2710 20 370 9, 2710 20 390 1, 2710 20 390 9, 2710 19 710 0, 2710 19 750 0, 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 2710 91 000 0, 2710 99 000 0, 2712 90 990 0, 2713 20 000 0, 2713 90 100 0, 2713 90 900 0, 2715 00 000 0.

  Шикі мұнай мен мұнайдан
өндірілген тауарларға әкету
кедендiк бажы мөлшерлемелерінің
көлемін есептеу қағидаларына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының
тiзбесi

      1. "Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11473 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 шілдеде жарияланған);

      2. "Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы

      27 мамырдағы № 405 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 755 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12388 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда жарияланған);

      3. "Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12895 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қаңтарда жарияланған).