"Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қаңтарда № 12895 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 11.05.2016 № 95 қаулысымен (14.05.2016 бастап күшіне енеді).
      “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 22 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4903 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 наурызда “Әділет” құқықтық-ақпарат жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
      “1. Жалпы ережелер” бөліміндегі 9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      “9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі № 3.”.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев