Ескерту. Бұйрықтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.03.2018 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Сауда қызметiн реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары бекітілсін.
3. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң кейбiр бұйрықтары күшi жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына оның көшірмелерінің баспа және электрондық түрде жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 17 ақпан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
___________ В. Школьник
2016 жылғы 17 ақпан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына 1-қосымша |
Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.04.2017 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.03.2018 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2019 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2019 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1. Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлері, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тауардың атауы1 | Тауарларға қатысты кедендік бажы мөлшерлемелері | Кедендік бажын қолдану мерзімі | |
Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкетілетін2 | ЕСАШ-ға қатысушы елдерге әкетілетін3 | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
4101 | Ірі қара малдың (қодастарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделмеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері | 1 тоннасына 500 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 450 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 400 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 300 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 200 евро | 2020 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
4102 | Осы топқа 1в ескертпемен алып тасталғандардан басқа, қойлардың немесе қозылардың (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жүні бар немесе жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері | 1 тоннасына 500 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 450 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 400 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 300 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 200 евро | 2020 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
4103 | Осы топтағы 1б немесе 1в ескертпемен алып тасталғандардан басқа, түкті немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе басқа әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге ұшырамаған), өзге де терілер | 1 тоннасына 500 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 450 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 400 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 300 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 200 евро | 2020 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
5101 | Кард немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн | 10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес | тұрақты | |
5102 | Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлар қылы | 10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес | тұрақты | |
5103 | Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ түтілген шикізатты қоспағанда, жануарлар жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары | 10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес | тұрақты | |
5104 00 000 0 | Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан жасалған түтілген шикізат | 10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес | тұрақты | |
7204 | Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шихталық құймалар) | 15 %, бірақ 1 тоннасына 15 евродан кем емес | 2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |
10 %, бірақ 1 тоннасына 10 евродан кем емес | 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
5 %, бірақ 1 тоннасына 5 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
7302 | Темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын, қара металдардан жасалған бұйымдар: рельстерді біріктіруге немесе бекітуге арналған рельстер, жанама рельстер және тісті рельстер, ауыстырылатын рельстер, қатаң қиылысу айқастырмалар, ауыстырылатын штангалар және өзге де көлденең қосылғыштар, шпалдар, түйіспе жапсырмалар және төсемдер, сыналар, тірек тақталар, ілмекті рельс бұрандамалары, төсемдер мен кергіштер, тұғырлар, жақтаулар және өзге де бөлшектер | 18,33 %, бірақ 1 тоннасына 18,33 евродан кем емес | 2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |
16,66 %, бірақ 1 тоннасына 16,66 евродан кем емес | 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
15 %, бірақ 1 тоннасына 15 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
7404 00 | Мыс қалдықтары мен сынықтары | 30 %, бірақ 1 тоннасына 330 евродан кем емес | 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |
30 %, бірақ 1 тоннасына 252 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
20 %, бірақ 1 тоннасына 168 евродан кем емес | 2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
10 %, бірақ 1 тоннасына 84 евродан кем емес | 2020 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
7601 20 200 1 | Авиациялық қозғалтқыштарды жасау үшін бастапқы алюминий қорытпалары | 14 %, бірақ 1 тоннасына 95 евродан кем емес | 2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |
13 %, бірақ 1 тоннасына 90 евродан кем емес | 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
12 %, бірақ 1 тоннасына 85 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
11 %, бірақ 1 тоннасына 80 евродан кем емес | 2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
10 %, бірақ 1 тоннасына 76 евродан кем емес | 2020 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
7601 20 200 94 | Бастапқы алюминий қорытпалары, өзгелері | 14 %, бірақ 1 тоннасына 95 евродан кем емес | 2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |
13 %, бірақ 1 тоннасына 90 евродан кем емес | 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
12 %, бірақ 1 тоннасына 85 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
11 %, бірақ 1 тоннасына 80 евродан кем емес | 2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
10 %, бірақ 1 тоннасына 76 евродан кем емес | 2020 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
7601 20 800 2 | Құйма немесе сұйық түріндегі қосымша алюминий қорытпалары | 3 %, бірақ 1 тоннасына 22 евродан кем емес | тұрақты | |
7602 00 | Алюминий қалдықтары мен сынықтары | 15 %, бірақ 1 тоннасына 100 евродан кем емес | 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |
10 %, бірақ 1 тоннасына 76 евродан кем емес | 2020 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
8607 19 100 1 | Жиналған немесе бөлшектелген түрдегі біліктер; дөңгелектер және бұрын пайдаланылған оның бөлшектері | 5 % | тұрақты |
Ескертпе:
1 Әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген. <4> сілтемеде көзделген жағдай ерекшелік болып табылады.
2 Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерді және Қазақстан Республикасының әкету кедендік бажын төлеуден босатуды көздейтін еркін сауда аймағы туралы екіжақты және көпжақты келісім жасаған елдерді қоспағанда.
3 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған Еркін сауда аймағы туралы шарт пен 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттама күшіне енген елдер.
4 Кедендік әкету бажын төлеуден босатылған қосымша алюминий қорытпаларын қоспағанда.
5 Кедендік әкету баждарын төлеуден босатылған қосымша алюминий қорытпаларын, сонымен қатар алюминий-бериллий лигатурасын қоспағанда.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-қосымшаның 2-тармағының қолданысы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709 00 900 9 жіктелетін шикі мұнайды қоспағанда, 01.01.2021 дейін тоқтатыла тұрады – ҚР Сауда және интеграция министрінің 03.04.2020 № 65-НҚ бұйрығымен.
2. Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға қолданылатын әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемі және олардың қолданылу мерзімі
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тауардың атауы1 | Тауарларға қатысты кедендік бажы мөлшерлемелері | Кедендік бажын қолдану мерзімі | ||
Қазақстан Республика сының шегінен тыс әкетілетін2 | ЕСАШ-ға қатысушы елдерге әкетілетін3 | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
2709 00 900 9 | Шикі мұнай | Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес | тұрақты | ||
| Жеңіл дистилляттар мен өнімдер | 1 тоннасына 168,88 доллар | 1 тоннасына 168,88 доллар | 2019 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға дейін | |
Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес | 2019 жылғы 1 мамырдан бастап тұрақты | ||||
2710 19 110 0, 2710 19 150 0, 2710 19 210 0, 2710 19 250 0, 2710 19 290 0 | Орташа дистилляттар | 1 тоннасына 168,88 доллар | 1 тоннасына 168,88 доллар | 2019 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға дейін | |
Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес | 2019 жылғы 1 мамырдан бастап тұрақты | ||||
2710 19 42, 2710 19 460 0 | Ауыр дистилляттар: газойлдар | 1 тоннасына 168,88 доллар | 1 тоннасына 168,88 доллар | 2019 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға дейін | |
Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес | 2019 жылғы 1 мамырдан бастап тұрақты | ||||
2710 20 110 0, | Ауыр дистилляттар: газойлдар: өзге де мақсаттар үшiн | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 200 евро 15 ақпаннан – 15 қазанға дейін | |
2710 19 310 0, | Ауыр дистилляттар: газойлдар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | тұрақты | |
2710 19 510 1,2710 19 510 9 – 2710 19 550 9 | Ауыр дистилляттар: сұйық отындар |
1 тоннасына |
1 тоннасына | тұрақты | |
2710 19 620 1, | Мазуттар | 1 тоннасына 30 доллар | 1 тоннасына 30 доллар | 1 тоннасына 15 евро 1 мамырдан – 1 қыркүйекке дейін | |
2710 19 620 9, | Ауыр дистилляттар: сұйық отындар: өзге де мақсаттар үшiн | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | тұрақты | |
2710 19 710 0, | Жағар майлар: өзгелері | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты | |
2710 91 000 0, | Өңделген мұнай өнімдері | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты | |
2712 90 990 0 | Өзгелері | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты | |
2713 20 000 0 | Мұнай битумы | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 қазаннан бастап 31 мамырды қоса алғанда 1 тоннасына 15 евро | |
2713 90 100 0, | Битуминозды жыныстылардан алынған мұнай немесе мұнай өнімдерін қайта өңдеуден қалған өзге де қалдықтар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 15 евро 15 қазаннан – 15 сәуірге дейін | |
2715 00 000 0 | Битум қоспалары | 15 % | 0 | тұрақты |
Ескертпе:
1 Әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген.
2 Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерді және Қазақстан Республикасының әкету кедендік бажын төлеуден босату көзделген еркін сауда аймағы туралы екіжақты және көпжақты келісім жасаған елдерді қоспағанда.
3 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған Еркін сауда аймағы туралы шарт пен 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттама күшіне енген елдер.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына 2-қосымша |
Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.06.2019 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға салынатын әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу тәртібін айқындайды.
2-тарау. Шикі мұнайға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу тәртібі
2. Шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесі мұнай шикізатының әлемдік нарықтарында алдыңғы кезеңде қалыптасқан шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасына (бұдан әрі – шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасы) негізделе отырып айқындалады.
Алдыңғы кезең – әкету кедендік бажы қолданылған айдың алдындағы екі айдың 20 күнінен бастап, алдыңғы айдың 20 күніне дейін.
3. Шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасын есептеуді салықтық және кедендік саясатты іске асыру саласындағы уәкілетті орган былайша жүзеге асырады:
1) Биржада бір күнде шикі мұнайдың әлемдік нарықтарында қалыптасқан URALS (MED), BRENT (DTD) маркалы шикі мұнай бағаларының орташа арифметикалық мәні мына формула бойынша есептелінеді:
мұнда:
"URALS (MED)" биржадағы бір күнде Сюmіn ең төменгі нарықтық бағасы;
"URALS (MED)" биржадағы бір күнде Сюmax ең жоғары нарықтық бағасы;
BRENT(DTD) биржадағы бір күнде Сбmіn ең төменгі нарықтық бағасы;
BRENT (DTD) биржадағы бір күнде Сбmax ең жоғары нарықтық бағасы;
2) Шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасының мәні шикі мұнайдың бір баррелі үшін АҚШ долларымен мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
- мұндай баға белгілеулер жарияланған алдыңғы кезең ішіндегі күндердегі (URALS (MED) және BRENT (DTD) маркалы шикі мұнайдың күнделікті орташа нарықтық бағасы мәндерінің орташа арифметикалық сомасы; n – алдыңғы кезең ішіндегі мұндай баға белгілеулер жарияланған күндердің саны.
4. Алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасының алынған мәні үтірден кейін екінші таңбаға дейін математикалық түрде дөңгелектенеді және әкету кедендік бажы қолданылатын айдың 25 күнінен кешіктірілмей, салық және кеден саясатын іске асыру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
5. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасындағы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 2709 00 900 9 кодымен жіктелген әкетілетін шикі мұнайға қатысты күнтізбелік бір айдың ішінде шикі мұнайдың алдыңғы кезеңдегі орташа айлық нарықтық бағасының мәніне байланысты осы Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің бірі қолданылады.
6. Қазақстан Республикасы аумағынан ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 9 кодымен жіктелген шикі мұнайды әкетуге мына жағдайда әкету кедендік бажымен:
1) Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуде немесе Қазақстан Республикасы әкету кедендік бажын төлеуден босату көзделген екі - немесе көпжақты шарттар жасасқан елдер, егер өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе;
2) олар 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен, шикі мұнайға әкету кедендік баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне;
3) олар роялти төлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар әкететін шикі мұнайды қоспағанда, шикі мұнайға әкету кедендік баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) болып табылмайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне салық салынбайды.
3-тарау. Мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу тәртібі
7. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тауарлар Мұнайдан жасалған тауарлар (бұдан әрі – мұнай өнімдері) деп түсініледі.
8. Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетуге мына жағдайда:
1) Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуде не Қазақстан Республикасымен әкету кедендік бажын төлеуден босату көзделген екі жақты немесе көпжақты шарттар жасалған елдерге әкетуде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе;
2) 1 тоннасы үшін (қоса алғанда) 187,5 АҚШ долларына дейін шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасы қалыптасқан кезде әкету кедендік бажы салынбайды.
1-параграф. Ашық түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу
9. Ашық түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік баждарының мөлшерлемелері ағымдағы айға шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесін негізге ала отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:
ӘКБМа= К*ӘКБмұнай,
мұнда:
ӘКБМа – ашық түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік бажының мөлшерлемесі;
К – түзету коэффициенті 0,9;
ӘКБмұнай – шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесі.
10. Әкетілетін ашық түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік баждары мөлшерлемесінің көлемі осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген.
11. Ашық түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік баждарының мөлшерлемелері күнтізбелік ай ішінде қолданылады.
2-параграф. Қара түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу
12. Қазақстан Республикасының аумағынан қара түсті мұнай өнімдерін әкетуге әкету кедендік бажы салынады, олардың мөлшерін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
13. Қара түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеуді сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын мынадай формула бойынша жүзеге асырады:
ӘКБМқ = К*(Б – 187,5),
мұнда:
ӘКБМқ – қара түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік бажы мөлшерлемесі;
К – қара түсті мұнай өнімдерінің шикі мұнайының тоннасынан шығу процентін және олардың бағаларын ескере отырып, әкету кедендік бажы мөлшерлемесін түзетуге мүмкіндік беретін түзету коэффициенті:
К=0,9*(0,35+0,4)/2*0,8=0,27.
Б – бір тонна үшін АҚШ долларымен (баррельдерді тоннаға ауыстырудың 7,5 коэффициентін ескере отырып) күнтізбелік үш айдағы шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасының орташа арифметикалық мәні;
187,5 – шикі мұнайдың нарықтық бағасы, одан төмен болғанда қара түсті мұнай өнімдерін әкетуге әкету кедендік бажы салынбайды.
14. Осы Қағиданың 13-тармағына сәйкес жүргізілген қара түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу нәтижелері үтірден кейін екінші таңбаға дейін математикалық түрде дөңгелектенеді.
15. 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес, ЕАЭО СЭҚ ТН 2713 20 000 0, 2715 00 000 0 кодтарымен жіктелген мұнайдан өндірілген тауарларға қатысты әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган формуланы қолданбай бекітеді.
16. Есепті айдың қорытындылары бойынша (есепті тоқсанның соңына келетін айды қоспағанда) шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы өткен аймен салыстырғанда бір баррель үшін 15 АҚШ долларынан астам өзгерген жағдайда, қара түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемелері сол белгіленген айда түзетіледі.
17. 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес, ай сайынғы бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы тоннасына 375 АҚШ долларынан төмендеген жағдайда, мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган формуланы қолданбай бекітеді.
18. Шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы төмендеген жағдайда, қара түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемелері Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде ғана түзетіледі.
Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына 1-қосымша |
Шикі мұнайға және ашық түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемелері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.06.2019 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы (ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 9 коды) | Шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесі, 1 тоннасына АҚШ доллары | Ашық түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемесі, 1 тоннасына АҚШ доллары |
1. | Барреліне 25 АҚШ долларына дейін | 0 | 0 |
2. | Барреліне 25-тен бастап 30 АҚШ долларына дейін | 10 | 9 |
3. | Барреліне 30-дан бастап 35 АҚШ долларына дейін | 20 | 18 |
4. | Барреліне 35-тен бастап 40 АҚШ долларына дейін | 35 | 31,5 |
5. | Барреліне 40-тан бастап 45 АҚШ долларына дейін | 40 | 36 |
6. | Барреліне 45-тен бастап 50 АҚШ долларына дейін | 45 | 40,5 |
7. | Барреліне 50-ден бастап 55 АҚШ долларына дейін | 50 | 45 |
8. | Барреліне 55-тен бастап 60 АҚШ долларына дейін | 55 | 49,5 |
9. | Барреліне 60-тан бастап 65 АҚШ долларына дейін | 60 | 54 |
10. | Барреліне 65-тен бастап 70 АҚШ долларына дейін | 65 | 58,5 |
11. | Барреліне 70-тен бастап 75 АҚШ долларына дейін | 70 | 63 |
12. | Барреліне 75-тен бастап 80 АҚШ долларына дейін | 75 | 67,5 |
13. | Барреліне 80-нен бастап 85 АҚШ долларына дейін | 80 | 72 |
14. | Барреліне 85-тен бастап 90 АҚШ долларына дейін | 85 | 76,5 |
15. | Барреліне 90-нан бастап 95 АҚШ долларына дейін | 90 | 81 |
16. | Барреліне 95-тен бастап 100 АҚШ долларына дейін | 95 | 85,5 |
17. | Барреліне 100-ден бастап 105 АҚШ долларына дейін | 100 | 90 |
18. | Барреліне 105-тен бастап 115 АҚШ долларына дейін | 115 | 103,5 |
19. | Барреліне 115-тен бастап 125 АҚШ долларына дейін | 130 | 117 |
20. | Барреліне 125-тен бастап 135 АҚШ долларына дейін | 145 | 130,5 |
21. | Барреліне 135-тен бастап 145 АҚШ долларына дейін | 160 | 144 |
22. | Барреліне 145-тен бастап 155 АҚШ долларына дейін | 176 | 158,4 |
23. | Барреліне 155-тен бастап 165 АҚШ долларына дейін | 191 | 171,9 |
24. | Барреліне 165-тен бастап 175 АҚШ долларына дейін | 206 | 185,4 |
25. | Барреліне 175-тен бастап 185 АҚШ долларына дейін | 221 | 198,9 |
26. | Барреліне 185 АҚШ долларынан бастап және одан жоғары | 236 | 212,4 |
Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына 2-қосымша |
Мұнайдан өндірілген тауарлар тізбесі
ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
Ашық түсті мұнай өнімдері |
2710 12, 2710 19 1100 – 2710 19 290 0, 2710 19 420 0, 2710 19 460 0. |
Қара түсті мұнай өнімдері |
2710 20 110 0, 2710 20 150 0, 2710 20 900 0, 2710 19 310 0, 2710 19 350 0, 2710 19 480 0, 2710 20 190 0, 2710 19 510 1, 2710 19 510 9 – 2710 19 550 9, 2710 19 620 1 – 2710 19 680 9, 2710 20 310 1, 2710 20 310 9, 2710 20 350 1, 2710 20 350 9, 2710 20 370 1, 2710 20 370 9, 2710 20 390 1, 2710 20 390 9, 2710 19 710 0, 2710 19 750 0, 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 2710 91 000 0, 2710 99 000 0, 2712 90 990 0, 2713 20 000 0, 2713 90 100 0, 2713 90 900 0, 2715 00 000 0. |
Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының
тiзбесi
1. "Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11473 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 шілдеде жарияланған);
2. "Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
27 мамырдағы № 405 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 755 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12388 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда жарияланған);
3. "Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12895 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қаңтарда жарияланған).