"Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Респуб

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 54 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 маусымда № 18831 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13217 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 ақпанда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесіне, мөлшерлемелер көлеміне және олардың қолданылу мерзіміне:

      2. "Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға қолданылатын әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемі және олардың қолданылу мерзімі" деген бөлімде.

      мына жолдар:

      "

2709 00 900 9

Шикі мұнай

1 тоннасына 40 доллар

1 тоннасына 40 доллар

2016 жылғы 1 наурызға дейін

Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес

2016 жылғы 1 наурыздан бастап тұрақты

2710 12 2710 12 110 1, 2710 12 150 1, 2710 12 900 2 қоспағанда

Жеңіл дистилляттар мен өнімдер

1 тоннасына 168,88 доллар

1 тоннасына 168,88 доллар

тұрақты

2710 19 110 0, 2710 19 150 0, 2710 19 210 0, 2710 19 250 0, 2710 19 290 0

Орташа дистилляттар

1 тоннасына 168,88 доллар

1 тоннасына 168,88 доллар

тұрақты

2710 19 42, 2710 19 460 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

1 тоннасына 168,88 доллар

1 тоннасына 168,88 доллар

1 тоннасына 200 евро 15 ақпаннан 15 қазанға дейін

  "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2709 00 900 9

Шикі мұнай

Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес

тұрақты

 
2710 12 110 1, 2710 12 150 1, 2710 12 900 2 қоспағанда 2710 12

Жеңіл дистилляттар мен өнімдер

1 тоннасына 168,88 доллар

1 тоннасына 168,88 доллар

2019 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға дейін

Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес

2019 жылғы 1 мамырдан бастап тұрақты

2710 19 110 0, 2710 19 150 0, 2710 19 210 0, 2710 19 250 0, 2710 19 290 0

Орташа дистилляттар

1 тоннасына 168,88 доллар

1 тоннасына 168,88 доллар

2019 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға дейін

Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес

2019 жылғы 1 мамырдан бастап тұрақты

2710 19 42, 2710 19 460 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

1 тоннасына 168,88 доллар

1 тоннасына 168,88 доллар

2019 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға дейін

Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес

2019 жылғы 1 мамырдан бастап тұрақты

  ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      "Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 11 маусымдағы
№ 54 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 17 ақпандағы
№ 81 бұйрығына
2-қосымша

Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға салынатын әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Шикі мұнайға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу тәртібі

      2. Шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесі мұнай шикізатының әлемдік нарықтарында алдыңғы кезеңде қалыптасқан шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасына (бұдан әрі – шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасы) негізделе отырып айқындалады.

      Алдыңғы кезең – әкету кедендік бажы қолданылған айдың алдындағы екі айдың 20 күнінен бастап, алдыңғы айдың 20 күніне дейін.

      3. Шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасын есептеуді салықтық және кедендік саясатты іске асыру саласындағы уәкілетті орган былайша жүзеге асырады:

      1) Биржада бір күнде шикі мұнайдың әлемдік нарықтарында қалыптасқан URALS (MED), BRENT (DTD) маркалы шикі мұнай бағаларының орташа арифметикалық мәні мына формула бойынша есептелінеді:



      мұнда:

      "URALS (MED)" биржадағы бір күнде Сюmіn ең төменгі нарықтық бағасы;

      "URALS (MED)" биржадағы бір күнде Сюmax ең жоғары нарықтық бағасы;

      BRENT(DTD) биржадағы бір күнде Сбmіn ең төменгі нарықтық бағасы;

      BRENT (DTD) биржадағы бір күнде Сбmax ең жоғары нарықтық бағасы;

      2) Шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасының мәні шикі мұнайдың бір баррелі үшін АҚШ долларымен мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


- мұндай баға белгілеулер жарияланған алдыңғы кезең ішіндегі күндердегі (URALS (MED) және BRENT (DTD) маркалы шикі мұнайдың күнделікті орташа нарықтық бағасы мәндерінің орташа арифметикалық сомасы; n – алдыңғы кезең ішіндегі мұндай баға белгілеулер жарияланған күндердің саны.

      4. Алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасының алынған мәні үтірден кейін екінші таңбаға дейін математикалық түрде дөңгелектенеді және әкету кедендік бажы қолданылатын айдың 25 күнінен кешіктірілмей, салық және кеден саясатын іске асыру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      5. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасындағы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 2709 00 900 9 кодымен жіктелген әкетілетін шикі мұнайға қатысты күнтізбелік бір айдың ішінде шикі мұнайдың алдыңғы кезеңдегі орташа айлық нарықтық бағасының мәніне байланысты осы Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің бірі қолданылады.

      6. Қазақстан Республикасы аумағынан ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 9 кодымен жіктелген шикі мұнайды әкетуге мына жағдайда әкету кедендік бажымен:

      1) Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуде немесе Қазақстан Республикасы әкету кедендік бажын төлеуден босату көзделген екі - немесе көпжақты шарттар жасасқан елдер, егер өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе;

      2) олар 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен, шикі мұнайға әкету кедендік баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне;

      3) олар роялти төлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар әкететін шикі мұнайды қоспағанда, шикі мұнайға әкету кедендік баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) болып табылмайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне салық салынбайды.

3-тарау. Мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу тәртібі

      7. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тауарлар Мұнайдан жасалған тауарлар (бұдан әрі – мұнай өнімдері) деп түсініледі.

      8. Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетуге мына жағдайда:

      1) Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуде не Қазақстан Республикасымен әкету кедендік бажын төлеуден босату көзделген екі жақты немесе көпжақты шарттар жасалған елдерге әкетуде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе;

      2) 1 тоннасы үшін (қоса алғанда) 187,5 АҚШ долларына дейін шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасы қалыптасқан кезде әкету кедендік бажы салынбайды.

1-параграф. Ашық түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу

      9. Ашық түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік баждарының мөлшерлемелері ағымдағы айға шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесін негізге ала отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:

      ӘКБМа= К*ӘКБмұнай,

      мұнда:

      ӘКБМа – ашық түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік бажының мөлшерлемесі;

      К – түзету коэффициенті 0,9;

      ӘКБмұнай – шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесі.

      10. Әкетілетін ашық түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік баждары мөлшерлемесінің көлемі осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген.

      11. Ашық түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік баждарының мөлшерлемелері күнтізбелік ай ішінде қолданылады.

2-параграф. Қара түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу

      12. Қазақстан Республикасының аумағынан қара түсті мұнай өнімдерін әкетуге әкету кедендік бажы салынады, олардың мөлшерін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      13. Қара түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеуді сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын мынадай формула бойынша жүзеге асырады:

      ӘКБМқ = К*(Б – 187,5),

      мұнда:

      ӘКБМқ – қара түсті мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік бажы мөлшерлемесі;

      К – қара түсті мұнай өнімдерінің шикі мұнайының тоннасынан шығу процентін және олардың бағаларын ескере отырып, әкету кедендік бажы мөлшерлемесін түзетуге мүмкіндік беретін түзету коэффициенті:

      К=0,9*(0,35+0,4)/2*0,8=0,27.

      Б – бір тонна үшін АҚШ долларымен (баррельдерді тоннаға ауыстырудың 7,5 коэффициентін ескере отырып) күнтізбелік үш айдағы шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасының орташа арифметикалық мәні;

      187,5 – шикі мұнайдың нарықтық бағасы, одан төмен болғанда қара түсті мұнай өнімдерін әкетуге әкету кедендік бажы салынбайды.

      14. Осы Қағиданың 13-тармағына сәйкес жүргізілген қара түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу нәтижелері үтірден кейін екінші таңбаға дейін математикалық түрде дөңгелектенеді.

      15. 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес, ЕАЭО СЭҚ ТН 2713 20 000 0, 2715 00 000 0 кодтарымен жіктелген мұнайдан өндірілген тауарларға қатысты әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган формуланы қолданбай бекітеді.

      16. Есепті айдың қорытындылары бойынша (есепті тоқсанның соңына келетін айды қоспағанда) шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы өткен аймен салыстырғанда бір баррель үшін 15 АҚШ долларынан астам өзгерген жағдайда, қара түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемелері сол белгіленген айда түзетіледі.

      17. 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес, ай сайынғы бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы тоннасына 375 АҚШ долларынан төмендеген жағдайда, мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган формуланы қолданбай бекітеді.

      18. Шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы төмендеген жағдайда, қара түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемелері Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде ғана түзетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 11 маусымдағы
№ 54 бұйрығына
2-қосымша
  Шикі мұнай мен мұнайдан
өндірілген тауарларға әкету
кедендік бажы
мөлшерлемелерінің
көлемін есептеу қағидаларына
1-қосымша

Шикі мұнайға және ашық түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемелері

Алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы (ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 9 коды)

Шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесі, 1 тоннасына АҚШ доллары

Ашық түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемесі, 1 тоннасына АҚШ доллары

1.

Барреліне 25 АҚШ долларына дейін

0

0

2.

Барреліне 25-тен бастап 30 АҚШ долларына дейін

10

9

3.

Барреліне 30-дан бастап 35 АҚШ долларына дейін

20

18

4.

Барреліне 35-тен бастап 40 АҚШ долларына дейін

35

31,5

5.

Барреліне 40-тан бастап 45 АҚШ долларына дейін

40

36

6.

Барреліне 45-тен бастап 50 АҚШ долларына дейін

45

40,5

7.

Барреліне 50-ден бастап 55 АҚШ долларына дейін

50

45

8.

Барреліне 55-тен бастап 60 АҚШ долларына дейін

55

49,5

9.

Барреліне 60-тан бастап 65 АҚШ долларына дейін

60

54

10.

Барреліне 65-тен бастап 70 АҚШ долларына дейін

65

58,5

11.

Барреліне 70-тен бастап 75 АҚШ долларына дейін

70

63

12.

Барреліне 75-тен бастап 80 АҚШ долларына дейін

75

67,5

13.

Барреліне 80-нен бастап 85 АҚШ долларына дейін

80

72

14.

Барреліне 85-тен бастап 90 АҚШ долларына дейін

85

76,5

15.

Барреліне 90-нан бастап 95 АҚШ долларына дейін

90

81

16.

Барреліне 95-тен бастап 100 АҚШ долларына дейін

95

85,5

17.

Барреліне 100-ден бастап 105 АҚШ долларына дейін

100

90

18.

Барреліне 105-тен бастап 115 АҚШ долларына дейін

115

103,5

19.

Барреліне 115-тен бастап 125 АҚШ долларына дейін

130

117

20.

Барреліне 125-тен бастап 135 АҚШ долларына дейін

145

130,5

21.

Барреліне 135-тен бастап 145 АҚШ долларына дейін

160

144

22.

Барреліне 145-тен бастап 155 АҚШ долларына дейін

176

158,4

23.

Барреліне 155-тен бастап 165 АҚШ долларына дейін

191

171,9

24.

Барреліне 165-тен бастап 175 АҚШ долларына дейін

206

185,4

25.

Барреліне 175-тен бастап 185 АҚШ долларына дейін

221

198,9

26.

Барреліне 185 АҚШ долларынан бастап және одан жоғары

236

212,4