Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 250 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 ақпанда № 13001 болып тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Д. Ақышев

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 250 қаулысына     
қосымша          

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 409 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2632 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Эмитент эмиссиялық бағалы қағаздар және облигациялардың нақтылы құны бойынша оларды өтеу кезінде кіріс төлеуді дербес немесе төлем агентінің қызмет көрсетуі туралы жасалған шартқа (бұдан әрі – шарт) сәйкес төлем агенті көрсететін қызметті пайдалана отырып жүзеге асырады.».
      2. «Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару немесе өтеу қорытындылары туралы есептердi беру, сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентi сақтауға жататын талаптар туралы ережені бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 430 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2646 тіркелген, 2004 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 25 (23663) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді беру, сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті сақтауға жататын талаптар туралы ережеде:
      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оффшорлық аймақтардың тізбесіне енгізілген аумақта тіркелген заңды тұлғаның не осындай заңды тұлғаның үлестес тұлғасының базалық активтің эмитенті ретінде болуына рұқсат етілмейді.
      12. Базалық актив эмитентінің немесе қазақстандық депозитарлық қолхаттар шығарылатын базалық активтің «ВВ-» («Standard & Poor's» немесе «Fitch Rating Ltd» халықаралық рейтингілік агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе «Ва3» («Moody's Investors Service» халықаралық рейтингілік агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингілік бағасы болады.»;
      13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) базалық активтің эмитенті қызметінің мониторингі және қазақстандық депозитарлық қолхаттарды ұстаушыларға, сауда-саттықты ұйымдастырушыға және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) қазақстандық депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың құқықтарын және мүдделерін қозғайтын немесе оларға әсер ете алатын ақпаратты оларды шығару проспектісінде көзделген тәртіппен ұсыну;»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында эмитент ұсынатын құжаттардың көшірмелері эмитенттің лауазымды тұлғаларының қолдарымен және оның мөрінің таңбасымен расталады.».
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 59 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. «Сауда-саттық ұйымдастырушылардың есеп беру ережесі» Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7560 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда-саттық ұйымдастырушылардың есеп беру ережесінде:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Сауда-саттық ұйымдастырушылардың есеп беру ережесі сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) есептерді ұсыну тәртiбiн және олардың нысандарын белгiлейдi.».
      4. «Инвестициялық пай қорының пайларына ұлттық бірегейлендіру нөмірін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 254 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3115 тіркелген, 2004 жылғы 2 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 96-97 (721) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық пай қорының пайларына ұлттық бірегейлендіру нөмірін беру ережесінде:
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Басқарушы компания инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.».
      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. «Акционерлiк қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдары және оларға қойылатын талаптар туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 311 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3860 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Акционерлiк қоғамдар өз қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн мерзiмдi баспасөз басылымдарын және (немесе) интернет-ресурстарды пайдаланады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Акционерлiк қоғам Интернет желiсiнде ақпаратты жариялау үшiн қоғамның өзiнiң интернет-ресурсын немесе өзге интернет-ресурсты пайдаланады. Интернет-ресурстың серверi өткiзгiштiк қабiлетi кем дегенде 512 Kbit/sec болатын байланыс арнасы бойынша Интернет желiсiне қосылады. Интернет желiсiне қосылу үшiн деректердi беру жылдамдығы 32 Kbit/sec болатын байланыс арнасын пайдаланатын Интернет желiсiн пайдаланушының интернет-ресурсының кез келген парағын iске қосу уақыты парақты графикамен және басқа да элементтермен толтыруына қарай 10 секундтан аспайды.
      Интернет-ресурста жарияланымдарды орналастыру уақыты бiр айдан кем болмайды. Интернет-ресурста жарияланымдарды орналастыру күнi мен уақыты көрсетiледi.».
      8. «Акционерлік қоғамды жария компания деп тану және одан жария компанияның мәртебесін қайтарып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы № 70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4672 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акционерлік қоғамды жария компания деп тану және одан жария компанияның мәртебесін қайтарып алу ережесінде:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Акционерлік қоғамды жария компания деп тану және одан жария компанияның мәртебесін қайтарып алу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) акционерлік қоғамды (бұдан әрі – қоғам) жария компания деп тану және одан жария компания мәртебесін қайтарып алу тәртібін белгілейді.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Уәкілетті орган Ереженің 2-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген қоғамды жария компания деп тану туралы өтінішті олар уәкілетті органға ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп танудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган Заңның 4-1-бабының 5-тармағында көзделген бас тарту негіздерін көрсете отырып, қоғамға ол туралы жазбаша түрде хабарлайды.».
      9. «Эмитент пен ислам бағалы қағаздар ұстаушыларының өкілі арасында жасалатын ислам бағалы қағаздар ұстаушыларының мүдделерін білдіру жөніндегі шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы және ислам бағалы қағаздар ұстаушылары өкілінің функцияларын және міндеттерін орындау тәртібін, сондай-ақ оның өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайларын белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 56 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5649 тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырда «Заң газеті» газетнде № 80 (1503) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам бағалы қағаздар ұстаушылары өкілінің функцияларын және міндеттерін орындау тәртібін, сондай-ақ оның өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайларын белгілеу ережесінде:
      4-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «бағалы қағаздар нарығын реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органды (бұдан әрі – уәкілетті орган) жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабардар ету;».
      10. «Қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызын не дербес немесе өзiнiң үлестес тұлғаларымен бірлесіп сатып алу нәтижесінде қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызы тұлғаға тиесілі болатын дауыс беретін акцияларының өзге санын бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алу ниеті туралы хабарламаны жіберу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 29 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7477 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызын дербес немесе өзiнiң үлестес тұлғаларымен бірлесіп сатып алу нәтижесінде қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызы тұлғаға (бұдан әрі – өтініш беруші) тиесілі болатын дауыс беретін акцияларының өзге санын дербес немесе өзiнiң үлестес тұлғаларымен бірлесіп сатып алғысы келетін тұлғаның қоғамға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) акцияларды сатып алудың болжанған кезеңі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешiктiрмей осы қаулыға қосымшаның нысаны бойынша хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жiберетiнi белгiленсiн.
      Осы талап мына жағдайларға қолданылмайды:
      тұлғалардың бағалы қағаздардың қайталама нарығында (қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп иеленуші және қоғамға және Ұлттық Банкке бұрын хабарлама жіберген) осы қоғамның дауыс беретін акцияларын осы тұлғаның (қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызын осы тұлғаларымен бірлесіп иеленуші және бұрын жіберілген хабарламада көрсетілген) үлестес тұлғалардан сатып алуы;
      үлестес тұлғаларының бағалы қағаздардың қайталама нарығында (хабарламада көрсетілген және қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызын бұрын хабарлама жіберген тұлғалармен бірлесіп иеленуші) осы қоғамның дауыс беретін акцияларын (хабарламада көрсетілген және қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызын бұрын хабарлама жіберген тұлғалармен бірлесіп иеленуші) басқа үлестес тұлғадан сатып алуы.».
      11. «Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 31 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7460 тіркелген), 2012 жылғы 16 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 324-329 (27403) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру және одан бас тарту қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру және одан бас тарту қағидалары бекітілсін.».
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру қағидаларында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру және одан бас тарту қағидалары»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қағидалар «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және «Сақтандыру төлемдеріне кепiлдiк беру қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, акционерлік қоғам (бұдан әрі – қоғам) акционерлерiнiң қоғамның жарияланған акцияларын немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа бағалы қағаздарды, сондай-ақ қоғам бұрын сатып алған, қоғам сататын көрсетілген бағалы қағаздарды (бұдан әрi – орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздар) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру және одан бас тарту тәртiбiн айқындайды.».
      12. «Қор биржасы мүшелерінің қор биржасына қаржылық есептілікті және өзге ақпаратты ұсыну тізбесі мен мерзімдері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы
№ 33 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7466 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Екінші деңгейдегі банктер болып табылатын қор биржасының мүшелері қор биржасына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнтізбелік күнінен кешіктірмей баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есепті Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11160 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 74 қаулысына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ұсынады.».
      13. «Ертерек ден қою шараларын және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 34 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7497 тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 339-345 (27419) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ертерек ден қою шараларын және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететiн факторларды айқындау әдiстемесiн қолдану қағидаларында:
      2-тармақтың 1) жне 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қатарынан үш ай ішінде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9410 тіркелген «Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 7 қаулысында (бұдан әрі – № 7 қаулы) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9736 тіркелген «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 146 қаулысында (бұдан әрі –  № 146 қаулы) белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің ең төменгі мәнінен 0,3-ке асатын деңгейге дейін немесе одан төменге екі және одан да көп рет төмендеуі;
      2) бастапқы мәні № 7 қаулыда және № 146 қаулыда белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің ең төменгі мәнінен 0,3-ке асатын деңгейден төмен болған кезде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің төмендеуі;»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) Ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау үшін реттеуіш есептіліктің деректері және уәкілетті органның жазбаша сұрау салуы негізінде Ұйым ұсынған ақпарат негізінде ай сайын (айдың соңындағы жағдай бойынша) оның қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.».
      14. «Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7554 тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 339-345 (27419) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарда:
      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.».
      15. «Инвестициялық қоры активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын және өзге мүлікті инвестициялау қағидаларын және акционерлік және пайлық инвестициялық қорлардың құрамына кіретін қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7540 тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде № 369-374 (27448) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қоры активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын және өзге мүлікті инвестициялау қағидаларында және Акционерлік және инвестициялық пай қорларының құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдары тізбесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерін инвестициялық басқаруды Заңның, осы Қағидалардың, «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы
3 ақпандағы № 10 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 тіркелген), «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген) талаптарына және инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына сәйкес жүзеге асырады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Басқарушы компания қаржы құралдарымен мәмілелер жасаған кезде «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында, «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 тіркелген) белгіленген талаптарды басшылыққа алады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Жылжымайтын мүлік қорларының, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының активтері есебінен туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға осы туынды қаржы құралдары Заңның 37-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіре алатын қаржы құралдарының тізбесінде көзделген жағдайда хеджирлеу мақсаты үшін рұқсат етіледі.»;
      13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Инвестициялық қор активтері құрылымының осы Қағидаларда және (немесе) инвестициялық декларацияда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне әкеп соқтырған, басқарушы компанияның іс-әрекетіне байланыстыс емес жағдайлар туындаған кезде басқарушы компания осындай сәйкессіздікке байланысты инвестициялық қызметті тоқтатады және бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) іс-шаралардың атауын, басқарушы компанияның оларды орындауға жауапты басшы қызметкерлерін және орындау мерзімін көрсете отырып, сәйкессіздікті жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса берумен осындай сәйкессіздік фактісі мен себептері туралы хабарлайды.».
      16. «Бағалы қағаздар нарығында Инсайдерлік ақпаратты ашу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 69 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7572 тіркелген,  2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында инсайдерлік ақпаратты ашу қағидаларында:
      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.».
      17. «Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7560 тіркелген,  2012 жылғы 25 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде № 415-421 (27495) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидаларында:
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйым үлестік эмиссиялық бағалы қағаздарды, сондай-ақ базалық активі осы Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның үлестік бағалы қағаздары болып табылатын үлестік эмиссиялық туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруды мынадай талаппен:
      1) Қағидалардың 1-тармағының талаптарын сақтағанда;
      2) Қазақстан Республикасының резиденті-ұйым бұрын шығарған бағалы қағаздар проспектілерінде орналастырылған үлестік эмиссиялық бағалы қағаздар санынан он және одан да көп пайыз үлестік эмиссиялық бағалы қағаздардың меншік иелері болып табылатын тұлғалардың тізімі өзгерген кезде Қазақстан Республикасының резиденті-ұйым шығарған борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушыларда осы борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын өтеуді және (немесе) сатып алуды талап ету құқығы туындауы үшін негіздеме болып табылатын талаптар (ковенант) болмағанда;
      3) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тiзiмiнiң «акциялар» секторының бiрiншi (ең жоғары) немесе екінші (ең жоғары) санатына осы акцияларды енгізу шартымен Қазақстан Республикасының резиденті-ұйым акцияларды, сондай-ақ базалық активі осы Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды жүзеге асырады.
      Егер акцияларды қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тiзiмiнiң «акциялар» секторының бірінші санатына енгізу мүмкін болмаса, Қазақстан Республикасының резиденті-ұйым акцияларды не депозитарлық қолхаттарды, сондай-ақ базалық активі осы Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды осы акцияларды қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының екінші санатына енгізу шартымен жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйым Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілгендерді қоспағандағы өзге эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруды және орналастыруды мынадай талаппен:
      1) Қағидалардың 1-тармағының талаптарын сақтағанда;
      2) осы бағалы қағаздарды қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің тиісті санаттарына енгізуге қор биржасының келісімі болғанда жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының резиденті-ұйым осы бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алу үшін осы бағалы қағаздарды қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің тиісті санаттарына енгізуге келісімі туралы қор биржасының анықтамасын және Қағидалардың 6-тармағының 1)2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
      7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйым Қағидалардың 6-тармағының 2)3)4) және 5) тармақшаларында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қағаз түрінде не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынады.
      Құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынған кезде құжаттар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына сәйкес өтініштің электрондық нысанына қоса тіркеледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген).»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Уәкілетті орган Заңның 22-1-бабының 7-тармағында көзделген негіздемелердің кез келгені бойынша Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымға шығаруға рұқсатты және (немесе) орналастыруға рұқсатты беруден бас тартады.»;
      234 және 5-қосымшалар Тізбеге 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
      18. «Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 88 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7568 тіркелген, 2012 жылғы 1 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 442-449 (27523) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрыш тоқтату қағидаларында, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарда:
      123 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Өкіл эмитенттің облигациялар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауын бақылауды эмитент пен өкілдің арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шартта (бұдан әрі – шарт) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде эмитенттен кезеңдік есептер алу, сондай-ақ эмитентке тиісті сұрау салулар жіберу және одан эмитенттің облигациялар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауы туралы мәліметтер алу жолымен жүзеге асырады.
      Өкіл тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдан кешіктірмей облигациялар ұстаушыларды және уәкілетті органды Заңның 20-бабының  1-тармағының 1), 1-1), 2), 3), 3-1) және 4) тармақшаларына сәйкес өзінің әрекеттері туралы және осындай әрекеттердің нәтижелері туралы хабардар етеді.
      2. Облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін бұзуға әкеп соқтыруы мүмкін жағдайлар болған кезде, оның ішінде егер эмитенттің облигациялар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің (бұдан әрі – кепіл мүлкі) жағдайы немесе қамтамасыз етілген облигациялар бойынша кепілгердің қаржылық жағдайы эмитент міндеттемелерінің толық көлемде орындалуын қамтамасыз етпейтін болса, өкіл бұл жөнінде өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде облигациялар ұстаушыларды тізбесі шартта көзделген бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама жариялау жолымен хабардар етеді.
      3. Эмитент сыйақыны және (немесе) облигациялардың номиналды құнын төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сондай-ақ Заңның 15-бабының 2-тармағында және облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген талаптарды орындамауға байланысты салдарға әкеп соқтыратын жағдайлар басталған жағдайда, өкіл осы мәліметтерді алған күннен бастап бір жұмыс күннен кешіктірмей өкілдің эмитентпен жасалған шарт бойынша өзінің функцияларын жүзеге асыру және өзінің құқықтарын іске асыру шеңберінде қабылдап жатқан шараларын сипаттай отырып, бұл туралы уәкілетті органды, облигация ұстаушыларды және сауда-саттықты ұйымдастырушыны (егер облигациялар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген жағдайда) хабардар етеді.
      Эмитент Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көзделген ақпаратты ұсынбаған не уақтылы ұсынбаған жағдайда, өкіл Қағидалардың 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде облигациялар ұстаушыларды және уәкілетті органды бұл туралы хабардар етеді.
      4. Өкіл эмитенттің облигацияларды орналастыру нәтижесінде алған ақшаны пайдалану тәртібіне және нысаналы пайдалануына бақылау жасау бойынша шаралар қабылдайды және бақылау нәтижесінде алған ақпаратты Қағидалардың 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде облигациялар ұстаушыларға жібереді.»;
      6-тармақтын бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеттерін орындау мақсатында өкіл тұрақты негізде:»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Шартта Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген талаптардан басқа мынадай:
      1) эмитенттің өкілге:
      егер осы жиналыстың күн тәртібінде облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделері қозғалатын мәселелер қамтылатын болса – алдағы уақытта болатын акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысы туралы;
      алдағы уақытта болатын облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысы туралы;
      эмитент қабылдаған облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделері қозғалатын шешімдер туралы;
      облигациялар бойынша сыйақыларды және олар бойынша негізгі борышты төлеу туралы;
      Заңның 15-бабының 2-тармағында және облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген талаптарды орындамауға байланысты салдарға әкеп соқтыратын жағдайлардың басталғаны туралы;
      облигациялар ұстаушылардың тізімі туралы;
      акционерлік қоғам болып табылатын эмитенттің ірі мәміле жасағаны туралы;
      эмитенттің облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген облигациялар ұстаушылар алдындағы өзге міндеттемелерін орындауы туралы ақпаратты ұсыну;
      2) эмитенттің өкілге облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны нысаналы пайдалануға, қамтамасыз етудің болуына, эмитенттің эмитент активтерінің құнынан бес пайызға асатын сомаға қарыз алуына байланысты кез келген құжаттарды ұсыну;
      3) эмитенттің өкілге акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысының, облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды ұсыну;
      4) өкілдің функциялары мен міндеттерін орындау;
      5) өкілдің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
      6) эмитенттің кепілге салынған мүлік толығымен немесе ішінара жоғалған немесе бүлінген, оның бағалау құны төмендеген жағдайда оны ауыстыру және (немесе) қалпына келтіру;
      7) эмитенттің өкілге өзінің қаржылық есептілігін және аудиторлық есепті (бар болса) ұсыну;
      8) осы бұқаралық ақпарат құралдарының тізбесін қоса алғанда, Қағидалардың 2-тармағында көзделген ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі мен мерзімдері туралы мәліметтер қамтылады.».
      19. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 182 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8696 тіркелген, 2013 жылғы 2 қазанда «Заң газеті» газетінде № 148 (2349) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шаралары ретінде мынадай шектеулі шараларды қолданады:
      1) орындалуға міндетті жазбаша нұсқама береді;
      2) жазбаша ескерту шығарады;
      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен жазбаша келісім жасайды.»;
      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жазбаша ескерту шығару түріндегі шектеулі ықпал ету шарасын қолдану тәртібі
      8. Уәкілетті орган осы ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде жазбаша ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қайталап бұзуды анықтаған жағдайда уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына не олардың басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) қатысты Заңның 58-бабының 7-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы жазбаша ескерту шығарады.
      9. Жазбаша ескерту бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысына немесе оның орнындағы адамға жіберіледі.
      10. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам жазбаша келісімді алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атқару органы мен басқару органының барлық мүшелерін жазбаша ескерту шығарылғаны туралы хабардар етеді.»;
      4-тарау алынып тасталсын;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры анықталған бұзушылықтарды жойғанға дейін өзіне қабылдайтын шектеулер тізбесін көрсете отырып оларды жою және осы бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралардың тізбесін бекіту қажеттілігі туралы жазбаша келісім жасайды.»;
      15-тармақ алынып тасталсын;
      16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Шаралар тізбесін бекіту кезінде сондай-ақ жазбаша келісімге мыналарға:»;
      20-тармақ бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Егер уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шарасында жоспарланған іс-шаралар тізбесін ұсыну көзделген болса, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шарасын қолдану туралы хабарламасында көрсетілген және күнтізбелік он бес күннен кем болмайтын мерзімде уәкілетті органға жоспарланған іс-шаралардың орындалу мерзімдерін және түзету шараларын қабылдауға жауапты лауазымды тұлғаларды көрсете отырып, анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою, сондай-ақ оларды  жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша жоспарланған іс-шаралар тізбесін ұсынады.».
      20. «Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілеріне ие тұлғаға, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 183 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8699 тіркелген, 2013 жылғы 2 қазанда «Заң газеті» газетінде № 148 (2349) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілеріне ие тұлғаға, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уәкілетті орган пруденциалдық нормативтерді және (немесе) бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің орындауы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін, сондай-ақ уәкілетті органның Заңда көзделген өзге талаптарын орындамауды анықтаған жағдайларда, уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне шектеулі ықпал ету шарасын қолданады.»;
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шаралары ретінде мынадай шектеулі шараларды қолданады:
      1) орындалуға міндетті жазбаша нұсқама береді;
      2) жазбаша ескерту шығарады;
      3) бағалы қағаздар нарығының субъектісімен міндетті түрде қол қойылуға тиіс жазбаша келісім жасайды;
      4) инвестициялық комитет құрамындағы инвестициялық комитет мүшелерін міндеттерін орындаудан шеттетеді.
      4. Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына қатысты, егер көрсетілген тұлғалардың, инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлғалар болып табылатын ірі қатысушыларының лауазымды тұлғаларының және (немесе) қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз іс-әрекеті (әрекетсіздігі) инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, Қағидалардың 3-тармағының 1) және 4) тармақшаларында келтірілген шараларды қолданады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ оларды жасауға ықпал еткен талаптарды белгіленген мерзімде жоюға және (немесе) бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және (немесе) заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының түзету шараларын қабылдауға жауапты лауазымды тұлғасын көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ оларды жасауға ықпал еткен талаптарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне бағытталған орындалуға міндетті түзету шараларын қабылдау туралы жазбаша нұсқама шығарады.»;
      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жазбаша ескерту түріндегі шектеулі ықпал ету шарасын қолдану тәртібі
      10. Уәкілетті орган осы ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде жазбаша ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қайталап бұзуды анықтаған жағдайда уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне не оның басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) қатысты Заңның 3-1-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы жазбаша ескерту шығарады.
      11. Жазбаша ескерту бағалы қағаздар нарығы субъектісінің бірінші басшысына немесе оның орнындағы тұлғаға және (немесе) ірі қатысушысының белгілеріне ие тұлғаға, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына жіберіледі.
      12. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға жазбаша ескерту алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектісінің атқарушы органының және басқару органының барлық мүшелеріне жазбаша ескерту шығарылғаны туралы хабарлайды.»;
      5-тарау алынып тасталсын;
      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісімен және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысымен анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздар нарығының субъектісі өзіне қабылдайтын анықталған бұзушылықтарды жойғанға дейін шектеулер тізбесін көрсете отырып оларды жою қажеттілігі және осы бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралардың тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім жасайды.
      21. Жазбаша келісімде бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және (немесе) заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының басқару органы және (немесе) атқарушы органы және (немесе) жеке тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы бірінші кезектегі шаралар ретінде қабылдайтын бұзушылықтарды жою бойынша іс-әрекеттер және олардың орындалу мерзімдері көрсетіледі.»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Егер уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шарасында жоспарланған іс-шаралардың тізбесін ұсыну көзделген болса, бағалы қағаздар нарығының субъектісі және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шарасын қолдану туралы хабарламасында көрсетілген және күнтізбелік он бес күннен кем болмайтын мерзімде уәкілетті органға жоспарланған іс-шаралардың орындалу мерзімдерін және түзету шараларын қабылдауға жауапты лауазымды тұлғаларды көрсете отырып, пруденциалдық нормативтердің және (немесе) бағалы қағаздар нарығы субъектісінің орындауы міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің анықталған бұзушылықтарын, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің анықталған заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін, сондай-ақ уәкілетті органның Заңда көзделген орындалмаған өзге де талаптарды жою бойынша жоспарланған іс-шаралардың тізбесін ұсынады.
      Бағалы қағаздар нарығының субъектісі және (немесе) заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы ұсынатын жоспарланған іс-шаралардың тізбесін бағалы қағаздар нарығы субъектісінің басқару органы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (бар болса) бекітуге тиіс.».
      21. «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 233 (28172) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
      20-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) клиенттерге олардың шоттарының жай-күйі туралы есептілікті тұрақты негізде және олардың алғашқы талап етуі бойынша, ал бағалы қағаздарды және кастодиандық қызмет көрсетуге берілген өзге де қаржы құралдарын ұстаушыларға – олардың алғашқы талап етуі бойынша ұсынады;»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Бұйрықтың (тапсырманың) Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, кастодиан уәкілетті органды, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса қор биржасын жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы дереу хабардар етеді.
      Бұйрықтың (тапсырманың) Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, кастодиан уәкілетті органды, басқарушы компанияны, егер мәміле акционерлік инвестициялық қордың активтерін қатыстырумен жасалған болса, акционерлік инвестициялық қордың атқарушы органын, егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса қор биржасын жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы дереу хабардар етеді.
      Бұйрықтың (тапсырманың) Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, кастодиан уәкілетті органды, арнайы қаржы компаниясын, инвестициялық портфельді басқарушыны, сондай-ақ, егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса қор биржасын жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы дереу хабардар етеді.»;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Кастодиан эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдармен мәмілелерді тіркеуді, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді-көшірме беруді және ақпаратты ашуды, сондай-ақ номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыру шеңберінде кастодианның есепке алу жүйесінде өзге операцияларды жүргізуді Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты жария ету қағидаларында (бұдан әрі – № 210 қағидалар) және Қағидаларда белгіленген тәртіппен және талаптарда жүзеге асырады.
      Кастодиан кастодианның есепке алу жүйесінде ескерілетін бағалы қағаздарды ұстаушы болып табылатын тұлғаның алғашқы талап етуі бойынша күнтізбелік үш күн ішінде оған оның жеке шотынан үзінді көшірмені береді.»;
      42-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кастодиан кастодианның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен № 210 қағидалардың 21-тармағында көзделген есепке алу журналдарын, сондай-ақ мыналарды:»;
      57-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) № 210 қағидалардың 21-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәліметтер;».
      22. «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген, 2014 жылғы 18 сәуірде «Заң газеті» газетінде № 56 (2450) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9322 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 29 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес тәуекелдердi басқару жүйесін қалыптастырады.»;
      2-қосымша Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      23. «Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 7 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9410 тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларында:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Инвестициялық портфельді басқарушы бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті қоса атқарған жағдайда «меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффиценті» пруденциялық нормативін есептеу және басқа нормативтер «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 146 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9736 тіркелген) белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.».
      24. «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
      17-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы брокердің және (немесе) дилердің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9736 тіркелген «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 146 қаулысына сәйкес пруденциалдық нормативтерді сақтауы (сақтамауы) туралы мәліметтерді;»;
      19-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер клиенттің есебінен және оның мүддесіне орай жасау болжанатын мәміленің талаптары «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 5-тармағында, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9488 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 70 қаулысымен бекітілген Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында жасалған мәмiлелердi айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану, қор биржасының сараптамалық комитетін құру және оның жұмыс істеу қағидалары, сондай-ақ оның сандық құрамында белгіленген талаптарға сәйкес келетін болса, брокер және (немесе) дилер бір мезгілде клиентке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны жібере отырып, уәкілетті органға осы хабарламаның көшірмесін жібереді.»;
      26-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты жария ету қағидаларының 9-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәліметтер қамтылатын, қол қою (оның ішінде заңды тұлғаның клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығы бар өкілдерінің) және заңды тұлғаның мөр бедерінің үлгілері бар нотариалды куәландырылған құжат;»;
      38-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «38. Егер бұл брокерлік шартта көзделген болса, Қағидалардың 36 және 37-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін клиенттік тапсырыстың түпнұсқасын күнтізбелік отыз күн ішінде кейіннен бере отырып клиенттік тапсырысты телефон байланысы құралдарымен беруге жол берiледi. Клиенттік тапсырысты телефон байланысы құралдарымен қабылдаған кезде аудиотехника немесе өзге арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып клиентпен не клиенттің атынан клиенттік тапсырысты телефон байланысы құралдарымен беруге уәкiлеттi оның өкiлiмен сөйлесу жазылады (бұдан әрі – телефон жазбасы).».

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасының      
бағалы қағаздар нарығы        
мәселелері бойынша нормативтік    
құқықтық актілерінің тізбесіне    
1-қосымша              

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасының      
бағалы қағаздар нарығы        
мәселелері бойынша нормативтік    
құқықтық актілерінің тізбесіне    
2-қосымша             

Қазақстан Республикасының   
резиденті-ұйымның эмиссиялық 
бағалы қағаздарын шет мемлекеттің
аумағында шығаруға және (немесе)
орналастыруға рұқсат беру,   
депозитарлық қолхаттардың немесе
Қазақстан Республикасының   
резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық
бағалы қағаздары базалық активі 
болып табылатын өзге бағалы  
қағаздардың шығарылымы туралы 
хабарламаны, сондай-ақ оларды 
орналастыру туралы есепті ұсыну
қағидаларына         
2-қосымша          

Нысан

Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан
Республикасының резиденті-ұйымның
____________________________________________________________________
____________________________________ эмиссиялық бағалы қағаздарын
(Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның толық атауы және
орналасқан жері)
__________________________________________________________ аумағында
(шет мемлекеттің, сауда-саттықты ұйымдастырушының атауы)
мынадай түрлерін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(бағалы қағаздардың түрлері, жалпы шығарылым көлемі, бағалы
қағаздардың сәйкестендіру коды (бар болса))
орналастыруға рұқсат береді.

      Уәкілетті органның
      басшысы
      (басшының орынбасары)                           (қолы)

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасының      
бағалы қағаздар нарығы        
мәселелері бойынша нормативтік    
құқықтық актілерінің тізбесіне    
3-қосымша             

Қазақстан Республикасының   
резиденті-ұйымның эмиссиялық 
бағалы қағаздарын шет мемлекеттің
аумағында шығаруға және (немесе)
орналастыруға рұқсат беру,   
депозитарлық қолхаттардың немесе
Қазақстан Республикасының   
резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық
бағалы қағаздары базалық активі 
болып табылатын өзге бағалы  
қағаздардың шығарылымы туралы 
хабарламаны, сондай-ақ оларды 
орналастыру туралы есепті ұсыну
қағидаларына         
3-қосымша          

Нысан

Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығаруға рұқсат

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан
Республикасының резиденті-ұйымның
____________________________________________________________________
______________________________________ эмиссиялық бағалы қағаздарын
(Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның толық атауы және
орналасқан жері)
____________________________________________________________________
заңнамасына сәйкес
      (шет мемлекеттің атауы)
      мынадай түрлерін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(бағалы қағаздардың түрлері, жалпы шығарылым көлемі, бағалы
қағаздардың сәйкестендіру коды (бар болса))
шығаруға рұқсат береді.

      Уәкілетті органның
      басшысы
      (басшының орынбасары)                     (қолы)

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасының      
бағалы қағаздар нарығы        
мәселелері бойынша нормативтік    
құқықтық актілерінің тізбесіне    
4-қосымша             

Қазақстан Республикасының   
резиденті-ұйымның эмиссиялық 
бағалы қағаздарын шет мемлекеттің
аумағында шығаруға және (немесе)
орналастыруға рұқсат беру,   
депозитарлық қолхаттардың немесе
Қазақстан Республикасының   
резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық
бағалы қағаздары базалық активі 
болып табылатын өзге бағалы  
қағаздардың шығарылымы туралы 
хабарламаны, сондай-ақ оларды 
орналастыру туралы есепті ұсыну
қағидаларына         
4-қосымша          

Нысан

Акционерлік қоғамның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен шығарылатын және базалық активі Қазақстан Республикасының резиденті-ұйым орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан
Республикасының резиденті-ұйымның
____________________________________________________________________
______________________________________ эмиссиялық бағалы қағаздарын
(Қазақстан Республикасының-резиденті ұйымның толық атауы және
орналасқан жері)
________________________________________________________ аумағында
(шет мемлекеттің, сауда-саттықты ұйымдастырушының атауы)
      мынадай түрлерін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(туынды бағалы қағаздардың түрі мен атауы, жалпы шығарылым көлемі, бағалы қағаздардың сәйкестендіру коды (бар болса)):
      туынды бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын бағалы
қағаздардың түрі:
      1) бағалы қағаздардың түрі
___________________________________________________________________;
      2) бағалы қағаздар шығарылымы тіркелді (тіркеледі)
_________________________________________________________________;
       (тіркеуші органның атауы, тіркелген күні, айы, жылы)
      3) ұлттық сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
_____________________________________________________ орналастыруға рұқсат береді.

      Уәкілетті органның
      басшысы
      (басшының орынбасары)                       (қолы)

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасының      
бағалы қағаздар нарығы        
мәселелері бойынша нормативтік    
құқықтық актілерінің тізбесіне    
5-қосымша             

Қазақстан Республикасының   
резиденті-ұйымның эмиссиялық 
бағалы қағаздарын шет мемлекеттің
аумағында шығаруға және (немесе)
орналастыруға рұқсат беру,   
депозитарлық қолхаттардың немесе
Қазақстан Республикасының   
резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық
бағалы қағаздары базалық активі 
болып табылатын өзге бағалы  
қағаздардың шығарылымы туралы 
хабарламаны, сондай-ақ оларды 
орналастыру туралы есепті ұсыну
қағидаларына         
5-қосымша          

Нысан

Акционерлік қоғамның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен шығарылатын және базалық активі Қазақстан Республикасының резиденті-ұйым орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығаруға рұқсат

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан
Республикасының резиденті-ұйымның
____________________________________________________________________
______________________________________ эмиссиялық бағалы қағаздарын
(Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның толық атауы және
орналасқан жері)
_______________________________________________ заңнамасына сәйкес
              (шет мемлекеттің атауы)
      мынадай түрлерін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(туынды бағалы қағаздардың түрі мен атауы, жалпы шығарылым көлемі,
бағалы қағаздардың сәйкестендіру коды (бар болса)):
      туынды бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын бағалы
қағаздардың түрі:
      1)бағалы қағаздардың түрі
___________________________________________________________________;
      2) бағалы қағаздар шығарылымы тіркеледі
_________________________________________________________________;
      (тіркеуші органның атауы, тіркелген күні, айы, жылы)
      3) ұлттық сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
____________________________________________ шығаруға рұқсат береді.

      Уәкілетті органның басшысы
      (басшының орынбасары)                 (қолы)

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасының      
бағалы қағаздар нарығы        
мәселелері бойынша нормативтік    
құқықтық актілерінің тізбесіне    
6-қосымша             

Бағалы қағаздар нарығында    
брокерлік және дилерлік қызметті,
инвестициялық портфельді басқару 
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын
ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару 
және ішкі бақылау жүйесін    
қалыптастыру қағидаларына     
2-қосымша             

1-нысан

Баға тәуекелі бойынша стресс-тестинг

Актив санаты

Қаржы құралының ағымдағы құны (теңгемен)

Қаржы құралының ағымдағы құнының төмендеу сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

0%-5%

5%-10%

10%-20%

20%-30%

30%-дан астам

1

2

3

4

5

6

7

8

























































Шығындардың жиынтығы:


      1-бағанда нарықтық не бағаланған бағасы бар активтер көрсетіледі. Бұл ретте Басқарушы немесе Басқарушы болып табылатын брокер және (немесе) дилер активтерді түрлері бойынша және экономика секторы бойынша дербес топтастырады.
      3, 4, 5, 6, 7-бағандарда активтің әрбір санаты бойынша тек бір жорамалданған сценарий таңдалады.
      Борыштық қаржы құралдары бойынша өтелуге тиіс кірістілік пайдаланылады.
      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:
      Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)
      ________________                     ______________
          қолы                                   күні

2-нысан

Пайыздық тәуекел бойынша стресс-тестинг

Борыштық бағалы қағазды өтеуге дейінгі мерзім

Қаржы құралының ағымдағы құны

Купондық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің төмендеу сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

0%-2%

2%-4%

4%-6%

6%-дан астам

1

2

3

4

5

6

7

6 айдан аз







6-12 ай







12-18 ай







18-24 ай







24 айдан астам







Шығындардың жиынтығы:


      3, 4, 5, 6-бағандардағы бір санатты қаржы құралдары бірнеше сценарийлерге ұшырауы мүмкін.
      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)
________________                              ______________
     қолы                                          күні

3-нысан

Валюталық тәуекел бойынша стресс-тестинг

Шетел валютасы

Осы шетел валютасына номинирленген қаржы құралдарының ағымдағы құны (теңгемен)

Шетел валютасына қатысты теңгені нығайту сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

1%-3%

3%-5%

5%-7%

7%-13%

13%-20%

20%-дан астам





































Шығындардың жиынтығы:


      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)
________________                                  ______________
     қолы                                               күні

4-нысан

Өтімділік тәуекелі бойынша стресс-тестинг

Өтімді активтің атауы

Басқарушының инвестициялық қордың пайларын/акцияларын осы инвестициялық қордың активтерінен пайыздық басқару арқылы сатып алуды жүзеге асыруға қажетті сомасы

0%-3%

3%-6%

6%-9%

9%-12%

12%-15%

15%-20%

20%-25%

25%-30%

30%-дан астам

Өтімді активтердің жеткіліктілігі










      Өтімділік тәуекелі бойынша стресс-тестинг Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтері бойынша жүзеге асырылады.
      Басқарушының меншікті активтері бойынша өтімділік тәуекелі жөніндегі стресс-тестингті жүзеге асыру кезінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9410 тіркелген «Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 7 қаулысымен көзделген өтімді активтер тізбесі қолданылады.

      Таңдалған сценарий негіздемесінің қысқаша талдауы:

      Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)
________________                            ______________
   қолы                                         күні