Қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызын не дербес немесе өзiнiң үлестес тұлғаларымен бірлесіп сатып алу нәтижесінде қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызы тұлғаға тиесілі болатын дауыс беретін акциял

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 29 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 наурызда № 7477 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 187 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 187 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызын дербес немесе өзiнiң үлестес тұлғаларымен бірлесіп сатып алу нәтижесінде қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызы тұлғаға (бұдан әрі – өтініш беруші) тиесілі болатын дауыс беретін акцияларының өзге санын дербес немесе өзiнiң үлестес тұлғаларымен бірлесіп сатып алғысы келетін тұлғаның қоғамға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) акцияларды сатып алудың болжанған кезеңі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешiктiрмей осы қаулыға қосымшаның нысаны бойынша хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жiберетiнi белгiленсiн.

      Осы талап мына жағдайларға қолданылмайды:

      тұлғалардың бағалы қағаздардың қайталама нарығында (қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп иеленуші және қоғамға және Ұлттық Банкке бұрын хабарлама жіберген) осы қоғамның дауыс беретін акцияларын осы тұлғаның (қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызын осы тұлғаларымен бірлесіп иеленуші және бұрын жіберілген хабарламада көрсетілген) үлестес тұлғалардан сатып алуы;

      үлестес тұлғаларының бағалы қағаздардың қайталама нарығында (хабарламада көрсетілген және қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызын бұрын хабарлама жіберген тұлғалармен бірлесіп иеленуші) осы қоғамның дауыс беретін акцияларын (хабарламада көрсетілген және қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызын бұрын хабарлама жіберген тұлғалармен бірлесіп иеленуші) басқа үлестес тұлғадан сатып алуы.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп процентін бағалы қағаздардың қайталама рыногында сатып алу тәртібі туралы" 2003 жылғы 23 қазандағы № 361 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2560 тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені" 2003 жылғы № 43-48, 891-құжат жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 13 ақпандағы
№ 29 қаулысының
қосымшасы

      Нысан

Қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп
пайызын не дербес немесе өзiнiң үлестес тұлғаларымен бірлесіп
сатып алу нәтижесінде қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз
немесе одан да көп пайызы тұлғаға тиесілі болатын дауыс беретін
акцияларының өзге санын бағалы қағаздардың қайталама нарығында
сатып алу ниеті туралы хабарлама

      1. Осы хабарламамен дауыс беретін акцияларды сатып алу туралы ниетiмiздi бiлдiремiз:

      акционерлік қоғам___________(атауы) (бұдан әрі – қоғам);

      сатып алынатын қоғам акцияларының саны _________________;

      акциялардың түрі ___________________;

      бір акцияны сатып алудың болжамды бағасы ___________ теңге;

      оны өтініш беруші және (немесе) үлестес тұлғалар сатып алуға ниеті бар акциялар санының қоғамның дауыс беретін акциялардың жалпы санына пайыздық арақатынасы _________________.

      2. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      1) өтініш берушінің (электрондық почта адресі, телефон, халықаралық және қалааралық байланыс кодтарын көрсете отырып факс нөмірі);

      2) жеке тұлға үшін:

      тегі, аты, бар болғанда әкесінің аты;

      жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері;

      заңды мекен-жайы және (немесе) тұрғылықты жері;

      3) заңды тұлға үшін:

      атауы;

      заңды тұлғаның ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні;

      почта адресі және (немесе) орналасқан жері;

      оған негiзгi кiрiс әкелетiн қызмет түрлерiнiң тiзбесi.

      Егер бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алу нәтижесінде өтініш беруші оның үлестес тұлғалармен бірлесіп қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызы тиесілі болған жағдайда осы Хабарламаның 1-тармағында көрсетілген мәліметтер өтініш беруші туралы және оның әрбір үлестес тұлғалары туралы ұсынылады.

      Егер бағалы қағаздардың қайталама нарығында акцияларды өзара үлестес тұлғалар тобы сатып алу нәтижесінде көрсетілген тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызы тиесілі болған жағдайда акциялардың ең көп санын сатып алуға ниеті бар тұлға өтініш беруші болып табылады.

      3. Өтініш берушінің және (немесе) оның үлестес тұлғаларының иелігінде, пайдалануында немесе қарауында қоғамның акциялары бар болғаны туралы мәлімет:

      қоғам акцияларының саны _________________;

      акциялардың түрі ___________________;

      өтініш берушінің және (немесе) үлестес тұлғаларының иелігіндегі, пайдалануындағы және (немесе) қарауындағы бар акциялар санының қоғамның дауыс беретін акциялардың жалпы санына пайыздық арақатынасы _________________.

      4. Қоғамның акцияларын сатып алу барысында қызмет көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының атауы.

      Күні, қолы (жеке тұлға үшін)_________

      Күні, қолы __________

      Бірінші басшысы

      (ол болмаған кезеңінде – оның орнындағы адам)

      (заңды тұлғалар үшін)

      Заңды тұлға

      мөрінің орны