Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 маусымда № 11268 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 № ҚР ДСМ-62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына азаматтарды бекіту қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 № ҚР ДСМ-62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оны күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықты орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау және
  әлеуметтік даму министрінің
  2015 жылғы 28 сәуірдегі
  № 281 бұйрығына
  1-қосымша

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.02.2019 № ҚР ДСМ-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 45-бабының 4-1) тармағына сәйкес әзірленді және халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – МСАК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін қамтитын, тәулік бойы медициналық байқау болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек;

      2) бейінді маман – жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;

      3) білікті медициналық көмек – диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек;

      4) дәрігерге дейінгі медициналық көмек – аурулардың профилактикасы мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек;

      5) динамикалық байқау – халық денсаулығының жай-күйін жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

      6) клиникалық хаттама – белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат;

      7) мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек;

      8) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.

      3. Медициналық қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6774 болып тіркелген) бекітілген Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеге сәйкес МСАК ұйымы қажетті үй-жайлар жиынтығымен, сондай-ақ медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.

      4. МСАК ұйымы медициналық көмек көрсетуді "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 16-бабына сәйкес уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес қамтамасыз етеді.

      5. МСАК ұйымы "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) сәйкес медициналық құжаттарды, оның ішінде электрондық денсаулық сақтау жүйелерінде жүргізеді.

2-тарау. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету тәртібі

      6. МСАК-ты учаскелік терапевттер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер мен медициналық мейіргерлер:

      1) МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымында немесе оның бөлімшелерінде;

      2) орны бойынша шығу бойынша, оның ішінде үйдегі стационар жағдайында;

      3) медициналық ұйымнан едәуір алыста орналасқан және (немесе) климаттық-географиялық жағдайларды ескере отырып, көлік қолжетімділігі нашар елді мекендердегі жергілікті жерге шыға отырып, жылжымалы медициналық кешендерде, консультативтік-диагностикалық пойыздарда;

      4) білім беру ұйымдарында;

      5) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып дистанционды көрсетеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. МСАК ұйымының қызметі халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында олардың тұрғылықты жері және (немесе) бекітілген жері бойынша МСАК ұйымын еркін таңдау құқығын ескере отырып, медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аумақтық қағидат бойынша құрылады.

      Аумақтық қағидаттың негізінде учаскеге мамандарды бекіте отырып, МСАК учаскесі құрылады.

      8. Бекітілген тұрғындар саны бір жалпы практика дәрігеріне 1700 адам аралас тұрғындар, учаскелік терапевт 2200 адам, учаскелік педиатр 6 жасқа дейін 500 бала, 14 жасқа дейін 900 баладан аспайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. МСАК:

      1) шұғыл тәртіпте – шұғыл медициналық көмек көрсеткен жағдайда бекіту фактісіне қарамастан;

      2) жоспарлы тәртіпте – алдын ала жазылуы немесе жүгінуі бойынша бекіту орны бойынша көрсетіледі.

      10. МСАК көмектің мынадай түрлерін:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес МСАК-тың медицина қызметкерлері (фельдшер, акушер, орта және (немесе) жоғары медициналық білімі бар мейіргер) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі бойынша дәрігердің қатысуын талап етпейтін аурулар немесе жағдайлар кезінде арнайы диагностикалық әдістерді қолдану, емдеу және медициналық оңалту бойынша медицина қызметкерлері (учаскелік мейіргер (жалпы практика мейіргері), фельдшер, акушер) көрсететін дәрігерге дейінгі медициналық көмекті;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес МСАК дәрігерлері (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт дәрігер, учаскелік педиатр) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі бойынша жалпы практика дәрігері көрсететін білікті медициналық көмекті;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес МСАК ұйымдарының әлеуметтік қызметкері және шақырылған психолог қызметінің тізбесі бойынша денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкері және шақырылған психолог көрсететін медициналық-әлеуметтік көмекті қамтиды.

      11. МСАК ұйымы:

      халықтың нысаналы (балалар, жасөспірімдер, ересектер) топтарын профилактикалық қарап-тексеруді;

      жүкті әйелдерді антенаталдық байқауды;

      экстрагениталдық патологиясы бар фертилдік жастағы әйелдерді динамикалық байқауды қоспағанда басқа денсаулық сақтау ұйымдарын аутсорсингке бермей, дәрігерге дейінгі, білікті медициналық көмекті қамтитын тіркелген халыққа МСАК қызметін көрсетуді жүзеге асырады.

      12. МСАК ұйымы көрсетілімдер бойынша қашықтықтан іс-қимыл жасау үшін телемедицина құралын пайдалана отырып және аутсорсингке жақын жатқан медициналық ұйымға немесе денсаулық сақтау субъектісіне беру арқылы мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

      13. Осы Қағидаларға 10-тармаққа сәйкес МСАК мынадай қызметтерді көрсетеді: профилактика және сауықтыру, диагностика және емдеу, динамикалық байқау, медициналық оңалту және паллиативтік көмек қызметтері, еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама.

      14. МСАК деңгейінде еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама бойынша қызметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген) бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізуді қамтиды.

      15. МСАК ұйымына бастапқы жүгіну кезінде тіркеу бөлімінде бастапқы есепке алу медициналық құжаттары болып табылатын амбулаториялық науқастың медициналық картасы немесе баланың даму тарихы немесе электрондық денсаулық паспорты ресімделеді және № 907 бұйрыққа сәйкес, оның ішінде электрондық денсаулық сақтау жүйелерінде жүргізіледі.

      МСАК ұйымы бастапқы есепке алу медициналық құжаттың, оның ішінде электрондық түрде сақталуын қамтамасыз етеді.

      16. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес адамдар МСАК ұйымына өтініштердің себептері бойынша жүгінеді.

      Пациент жіті ауруына (жай-күйі) немесе созылмалы ауруының асқынуына байланысты жүгінген жағдайда МСАК ұйымдарының мамандары клиникалық хаттамаларға сәйкес зерттеп-қарау мен тексеру әдістерін айқындайды.

      Амбулаториялық емді анықтаған және емдік шараларды тағайындаған жағдайда пациентке "Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11465 болып тіркелген) дәрілік заттарға рецепт жазады және МСАК ұйымының емшара кабинетіне жолдама береді. Амбулаториялық емнің тиімділігін және оған түзету енгізуді емдеуге жолдама берген МСАК дәрігері жүргізеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. МСАК ұйымдарының мамандары пациентті шұғыл көрсетілімдер бойынша стационарға жібереді (жедел жәрдем бригадасын шақыртулар), үйдегі стационар ұйымдастырады, пациентті күндізгі стационарға немесе жоспарлы түрде Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы қажетті зерттеп-қараулар жүргізгеннен кейін тәуліктік стационарға жіберуді жоспарлайды.

      18. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 450 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында шұғыл медициналық көмек көрсету ережелеріне сәйкес МСАК ұйымдарында да төртінші жеделділік санатындағы жедел медициналық көмек шақыртуларына қызмет көрсету ұйымдастырылады.

      19. Төртінші жеделділік санатындағы жедел медициналық көмекті бекітілген халыққа және МСАК-тың қызмет көрсету аумағындағы адамдарға шақыртулар немесе осы қызметті жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріндегі аутсорсингке беру немесе тіркелген халықтың саны кемінде 10 000 (он мың) адам болған кезде кезек күттірмейтін көмек бөлімшесін ұйымдастыру арқылы тәулік бойы медициналық қызмет көрсетіледі.

      20. МСАК ұйымында үйге бару арқылы мынадай қызметтер жүргізіледі:

      патронаж;

      пациентке белсенді бару;

      үйге шақырту;

      үй жағдайындағы стационар;

      3 деңгейдегі медициналық реабилитация;

      отбасын жоспарлау, жүктілікті қауіпсіз үзу, ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері бойынша қызметтер;

      салауатты өмір салты бойынша іс-шаралар;

      медициналық-әлеуметтік қолдау

      психологиялық қолдау;

      рецепт жазу;

      паллиативтік мобильді бригаданың шығуы.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Патронаж:

      1) 5 жасқа дейінгі балаларға, оның ішінде жаңа туған нәрестелерге;

      2) жүкті және босанған әйелдерге;

      3) өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы қаупі анықталған 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті немесе босанған әйелдері бар отбасыларды байқау кезінде;

      4) қозғалысы шектелген кезде асқынудан тыс созылмалы аурулары бар пациентке;

      5) паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттерге жүргізіледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. 5 жасқа дейінге балалардың, оның ішінде жаңа туған нәрестелердің патронажы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 1027 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16279 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес әмбебап-прогрессивті модель негізінде жүргізіледі.

      23. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі №173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16854 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына (бұдан әрі – 173 бұйрық) сәйкес жүкті және босанған әйелдердің патронажы әмбебап-прогрессивті модель негізінде жүргізіледі.

      24. Патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі кезінде міндетті жоспарлы келулермен (әмбебап тәсіл) қатар, баланың өмірі, денсаулығы немесе дамуы үшін медициналық немесе әлеуметтік тәуекелдердің болуына байланысты жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге және ерекше қолдауды қажет ететін балаларға арналған жеке жоспар бойынша (прогрессивті тәсіл) қосымша белсенді бару енгізіледі.

      Әмбебап (міндетті) патронаждық бақылау барлық жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға ұсынылады және жүкті әйелге босанғанға дейінгі 2 патронаждан (12 апта және 32 апта жүктілік мерзімінде) және жүкті әйелдерді, жаңа туған нәрестелерді және 5 жасқа дейінгі балаларды қадағалаудың жалпы схемасы бойынша дәрігер/фельдшер және орта медицина қызметкері үйде және МСАК ұйымдарында қабылдауда 9 келуден тұрады.

      Прогрессивті тәсіл жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балалар патронажының (орта медицина қызметкерінің үйде патронаждық баруы) әмбебап-прогрессивті моделі схемасы бойынша олардың өміріне, денсаулығына, дамуы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы тәуекелдер анықталған жүкті әйелдер мен балаларды патронаждық бақылауды көздейді.

      25. Прогрессивті тәсілді немесе прогрессивті қызметтер пакетін алушы туралы мәліметтер (пациенттің немесе заңды өкілдің тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекенжайы, телефондары) "Бірыңғай төлем жүйесі" электрондық денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

      26. Патронаждың нәтижелері № 116/е нысан бойынша учаскелік мейіргердің үйдегі жұмысын есепке алу журналына, № 112/е нысан бойынша баланың даму тарихына 907 бұйрықпен бекітілген 111/е нысан бойынша жүкті әйелдердің жеке картасына енгізіледі және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес отбасымен, оның ішінде электрондық денсаулық сақтау жүйесі арқылы жеке жұмыс жоспарын қалыптастырады.

      27. Патронажды жүзеге асыру кезінде МСАК маманы: сантиметр лентасын, дене температурасын және бөлме температурасын өлшеуге арналған термометрлерді, фонендоскоп пен тонометрді, қолды өңдеуге арналған дезинфектант, медициналық алғашқы көмек көрсетуге арналған ең аз жиынтық, ақпараттық материалдарды пайдаланады. Ақпараттық жүйелерді, оның ішінде мобилдік қосымшаларды енгізген жағдайда МСАК маманы ұялы қосымшасы бар планшетті немесе смартфонды пайдалана алады.

      28. Патронаж ұйымдастыру мониторингін МСАК ұйымының аға мейірбикесі немесе ол болмаған кезде учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері) жүргізеді.

      29. МСАК ұйымдары маманының пациенттің үйіне, оның ішінде аула (пәтер) аралау арқылы белсенді баруы:

      1) стационардан шығару немесе жедел медициналық көмек станциясынан активтерді берген ауыр жағдайдағы пациенттердің қозғалуы шектелген кезде;

      2) жүкті әйелдер белгіленген күннен кейін 3 күннің ішінде қабылдауға келмеген кезде;

      3) босанған әйел көрсетілген мерзімде қабылдауға келмегенде;

      4) босанған әйел бекіту мәртебесіне қарамастан акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарынан келіп түскен мәліметтер бойынша қызмет көрсету аумағына келген жағдайда жүзеге асырылады.

      Пациенттің үйіне белсенді баруды учаскелік медициналық мейіргер немесе фельдшер басымдықпен жүзеге асырады.

      30. МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлері үйге шақыртуға қызмет көрсетуді учаскелік (жалпы медициналық) қызметтің бөлім меңгерушісі, ол болмаған кезде учаскелік дәрігер (жалпы практика, терапевт (педиатр) дәрігер) үйлестіреді.

      31. Үйге шақыртуды қабылдау МСАК-тың тіркеу бөлімі және (немесе) учаскелік медициналық мейіргер немесе фельдшер телефон байланысы арқылы немесе электрондық түрде "www.egov.kz" электрондық үкімет веб-порталы арқылы, сондай-ақ, медициналық ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырады.

      Жұмыстың аяқталуына дейін 2 сағат бұрын шақыртуды қабылдаған жағдайда үйге шақыртуға қызмет көрсетуді учаскенің мамандары жұмыс уақытында жүзеге асырады.

      32. Адамдар үйге шақыруларға қызмет көрсетуге жүгінген учаскелік мейіргер өтініш түскен сәттен бастап 2 сағаттан кешіктірмей телефон арқылы адамдарға алдын ала консультация береді және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жедел медициналық жәрдем бригадасын дереу шақырады.

      33. Жеделділіктің төртінші санатындағы жедел медициналық көмекті шақыртуларды қоспағанда, қабылдауға денсаулығының жай-күйі мен аурудың сипаттамасы бойынша МСАК ұйымына келе алмайтын адамдардың МСАК ұйымдарына жүгінуі үйге шақыртуларға қызмет көрсету үшін көрсетілімдер болып табылады.

      Учаскелік мейіргердің немесе фельдшердің үйде шақыртуларға қызмет көрсетуі үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:

      1) шақырту кезінде дене қызуының 38°С болуы;

      2) жай-күйінің бұзылуынсыз артериялық қысымның артуы;

      3) медициналық көмекті және үйде консультацияны қажет ететін жай-күйі, ауруы, жарақаттары (есінен айырылмау, қан кету белгілерінсіз, жай-күйінің кенеттен нашарламауы).

      Учаскелік дәрігердің үйде шақыртуларға қызмет көрсетуі үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:

      1) айналасына қауіп төндірген жай-күй (инфекциялық науқастармен байланыста болуы, себепсіз денесінде бөртпенің пайда болуы, инкубациялық кезең аяқталғанға дейінгі инфекциялық аурулар);

      2) вакциналаудан кейінгі жағдайдың нашарлауы;

      3) шақыртуға қызмет көрсеткен учаскелік мейіргердің немесе фельдшердің шақыртуды қабылдауы кезінде МСАК-тың тіркеу бөлімі бағалаған дәрігердің үйде тексеріп-қарауын қажет ететін жай-күйі.

      5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге және босанған әйелдерге денсаулық жай-күйінің кез-келген нашарлауы кезінде, жедел медициналық көмек шақыртуларын қоспағанда, үйде қызмет көрсетіледі. 65 жастан асқан, қозғалысы шектелген адамдарға үйде қызмет көрсетіледі.

      34. Белсенді бару нәтижелері № 025/е нысан бойынша амбулаториялық науқастың жеке медициналық картасына, № 112/е нысан бойынша баланың даму тарихына және 907 бұйрықпен бекітілген № 111/е нысан бойынша жүкті әйелдердің жеке картасына енгізіледі. МСАК ұйымында медициналық ақпараттық жүйе болған жағдайда белсенді бару нәтижелері осы ақпараттық жүйелерге енгізіледі.

      35. Қажет болған жағдайда ем-шаралар мен манипуляция және МСАК ұйымдарына қаралу мүмкіндігі болмаған жағдайда адамдарға үйде стационарлық қызметтер жүргізіледі.

      36. Пациенттерді үйдегі стационарда қадағалап-қарау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 669 бұйрық) бекітілген Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларына сәйкес медициналық қызметкермен жүзеге асырылады.

      37. МСАК ұйымы № 669 бұйрыққа сәйкес күндізгі стационар жағдайында медициналық көмек көрсетеді.

      38. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. МСАК көрсеткен кезде учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері) дәрілік заттарға рецептілер жазады. Дәрілік заттар тек рецептілік бланкілерде, оның ішінде электрондық денсаулық сақтау жүйесі арқылы жазылады.

      40. Осы қызмет түріне аттестатталған медициналық білімі бар мамандарды (дәріхана объектілері жоқ елді мекендердегі дәрігерлік амбулаторияларды, медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттерді) қоспағанда, МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлерінің дәрілік заттар беруіне жол берілмейді.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. МСАК ұйымдарында бекітілген халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15724 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      42. МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 630 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5917 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында профилактикалық қызметтерді ұйымдастыру тәртібі

      43. МСАК ұйымында аурулардың аурулардың профилактикасы:

      1) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, жасөспірімдерді, ересектерді) профилактикалық тексеруді;

      2) бекітілген халық ауруларының мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтау және мониторингілеу және анықталған қауіп факторларын төмендету дағдыларына үйрету;

      3) иммундау;

      4) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;

      5) ұрпақты болу денсаулығын сақтау іс-шаралары;

      6) жүкті және босанған әйелдерді антенаталдық бақылау және босанған әйелдерді кеш босанудан кейінгі кезеңде байқау;

      7) инфекциялық аурулардың эпидемиясы туындау қаупі жағдайында халықтың аулаларын аралау, инфекциялық аурулармен ауыратын науқастар анықталған кезде, олармен байланыста болған адамдарға және инфекциялық ауруларға күдікті адамдарға белсенді баруды қамтиды.

      44. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген) бекітілген Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексеруді өткізудің қағидалары мен кезеңділігіне сәйкес нысаналы топтарды (балаларды, жасөспірімдерді, ересектерді) профилактикалық қарап-тексеру және мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау диагностикалық қызметтердің кезеңділігімен, жиілігімен және көлемімен жүргізіледі.

      45. Мінез-құлық тәуекел факторларымен алдын алу бойынша кеңес беру және жеке тұлғалар тобының мінез-құлқын қалай өзгерту керектігіне қатысты толық ұсыныс беру бойынша МСАК ұйымы анықталған қауіп факторларын төмендету дағдыларына оқытуды ("денсаулық мектебі") қамтамасыз етеді. Аталған оқу МСАК ұйымының мамандарымен профилактикалық кабинеттерде немесе арнайы бөлінген аймақта жүргізіледі.

      Жүргізілетін жұмыс туралы есеп 907 бұйрықпен бекітілген № 038-1/е нысан бойынша МСАК ұйымының ақпараттық-білім беру жұмысын тіркеу журналында, оның ішінде АХЖ 10 кодын көрсете отырып, электрондық денсаулық сақтау жүйесінде жүргізіледі.

      46. Халықтың ақпараттануы мен сауаттылығын арттыру, сондай-ақ МСАК мамандарына салауатты өмір салтын қалыптастыру, тамақтану мәселелері және денсаулықты сақтаудың басқа да өзекті мәселелері бойынша консультация беру жөніндегі іс-шараларды салауатты өмір салтын қалыптастыру құру, тиімді тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы жүргізеді.

      47. МСАК ұйымы ұрпақты болу денсаулығын сақтау бойынша қызметтер көрсетеді:

      1) жүкті әйелдерді босануға, оның ішінде серіктес босануға дайындау бойынша босанғанға дейінгі оқытуды жүргізу, жүкті әйелдерді мазасыздық белгілері туралы, тиімді перинаталдық технологиялар, ана болу қауіпсіздігі, емшекпен қоректендіру және перинаталдық күтім қағидаттары туралы хабардар ету;

      2) отбасын жоспарлау мәселелері бойынша консультация беру және қызметтер көрсету;

      3) бейінді мамандарға жіберу үшін жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы және анықтау;

      4) қаламаған жүктілік пен қауіпсіз аборттың профилактикасы;

      5) репродуктивті ағзалар ісігінің профилактикасы (жатыр мойны мен сүт безі ісігі).

      48. Жастар денсаулық орталықтарына жастар өз бастамасы бойынша (өзін-өзі басқару) немесе учаскелік дәрігерлер мен мейіргерлердің жолдамасы бойынша жүгінеді.

      49. Жастар денсаулық орталықтарында жұмыс жеке консультация беру, жұпқа консультация беру немесе топта жұмыс істеу түрінде дәрістер мен тренингтер түрінде келесі тақырыптар бойынша жүргізіледі:

      жасөспірімдер кезеңіндегі жыныстық және психикалық-әлеуметтік даму;

      жүктілік диагностикасы;

      қаламаған жүктілікке байланысты консультация беру;

      қаламаған жүктілікті үзуге дейін және кейін консультация беру;

      контрацепция құралдарын таңдау мәселелері;

      жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы, диагностикасы және емдеу, оның ішінде адамның иммун тапшылығы вирусы;

      қауіпті мінез-құлық факторларының профилактикасы және салауатты өмір салтын жүргізу дағдыларын қалыптастыру;

      психоәлеуметтік, әлеуметтік мәселелер және жұптағы, отбасындағы қарым-қатынастармен байланысты мәселелерді шешу, тұлғааралық қатынастар.

      50. МСАК ұйымы №173 бұйрыққа сәйкес жүкті әйелдерді антенаталдық бақылауды, босанған әйелдерді кеш босанғаннан кейінгі байқауды, экстрагениталдық патологиясы бар фертилдік жастағы әйелдерді динамикалық бақылауды қамтамасыз етеді.

      51. МСАК ұйымы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысына профилактикалық тексеру жүргізуді және балаларды тіс және ауыз қуысының сілемейлі қабығын күту бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларға оқытуды стоматологиялық қызметпен айналысатын ұйымдарға аутсорсингке беру жолымен қамтамасыз етеді.

      52. МСАК учаскесі деңгейінде инфекциялық аурулардың профилактикасына:

      дер кезінде сырқаттанғандарды анықтау;

      профилактикалық егулер жүргізу;

      инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жатады.

      Бекітілген халықтың арасында инфекциялық ауруларды белсенді анықтау МСАК ұйымдарының медицина қызметкері пациентке үйде белсенді бару жолымен, оның ішінде осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес аулаларды (пәтер бойынша) аралау жолымен инфекциялық аурудың өршуі туралы ресми хабарлама алған кезде жүзеге асырылады.

      53. МСАК ұйымы инфекциялық аурулардың профилактикасы мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен бекітілген Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін және оларды жүргізу ережесі бойынша профилактикалық егулерді жүргізуді қамтамасыз етеді.

      54. МСАК ұйымы халыққа профилактикалық егуді Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 маусымдағы № 361 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17206 болып тіркелген) бекітілген "Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізеді.

      55. Профилактикалық егулерді есепке алу егу жүргізілетін орын бойынша денсаулық сақтау объектілерінде, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, білім беру объектілерінде, 907 бұйрықпен бекітілген 064/е нысаны бойынша профилактикалық егулерді есепке алу журналы, № 112/е нысаны бойынша баланың даму тарихы, № 063/е нысаны бойынша профилактикалық егулер картасы, № 026/е нысаны бойынша баланың медициналық картасы, № 025/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасы сақталатын есепке алу нысаны бойынша, оның ішінде электрондық денсаулық сақтау жүйесіндегі тиісті жазбалармен жүзеге асырылады.

      56. МСАК ұйымының мамандары бекітілген халықтың арасында иммундық-профилактика мәселелері бойынша, соның ішінде вакцинациядан бас тартқан адамдармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

      57. МСАК ұйымы инфекциялық аурулардың ошақтарындағы жұмысты ұйымдастырады және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16793 болып тіркелген) бекітілген "Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (бұдан әрі – санитариялық қағидалар) сәйкес санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырады.

      58. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11317 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ТМККК алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесіне сәйкес қауіп төндіретін аурулар анықталған жағдайда МСАК мамандары санитариялық қағидаларға сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады.

      59. МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 994 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16381 болып тіркелген) (бұдан әрі – 994 бұйрық) бекітілген Туберкулез бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, оның ішінде электрондық денсаулық сақтау жүйесі арқылы туберкулездің алдын алу, белсенді ерте анықтау және диагностикалау бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастырады және жүргізеді.

      60. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 508 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11803 болып тіркелген) бекітілген Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларына- сәйкес МСАК ұйымы АИТВ-инфекциясының бар-жоғына эпидемиологиялық айғақтар бойынша тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді.

      61. МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8687 болып тіркелген) (бұдан әрі – 452 бұйрық) бекітілген онкологиялық көмек ұйымының стандартына сәйкес обыр алды және онкологиялық аурулардың профилактикасы және белсенді ерте анықтау жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады және жүргізеді.

      62. МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 95 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13404 болып тіркелген) бекітілген психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес психикалық және мінез-құлықтық бұзылулармен ауыратын науқастардың профилактикасы және белсенді ерте анықтау бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастырады және жүргізеді.

4-тарау. Медициналық санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында динамикалық бақылауды, оңалтуды және паллиативтік көмекті ұйымдастыру тәртібі

      63. МСАК ұйымының мамандары пациентті диспансерлік есепке уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың стандарттарына және клиникалық хаттамаларына сәйкес ресімдейді.

      Пациент үш құжаттың біреуінің негізінде бекітілген жері бойынша МСАК ұйымына динамикалық байқау үшін есепке қойылады:

      1) МСАК дәрігерінің қорытындысы, немесе

      2) бейінді маманның консультациялық қорытындысы, немесе

      3) стационарлық науқастың медициналық картасынан алынған үзінді.

      64. Алғаш рет диспансерлік есепке алынған пациентті рәсімдеу кезінде учаскелік мейіргер № 907 бұйрықпен бекітілген диспансерлік байқаудың бақылау картасын (№ 030/е нысаны), оның ішінде электрондық денсаулық сақтау жүйелерінде толтырады.

      65. Созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық байқауды МСАК ұйымдарының мамандары (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт дәрігер/учаскелік педиатр), орта медицина қызметкерлері (учаскелік медициналық мейіргер немесе фельдшер) жүзеге асырады.

      Қажеттілік кезінде денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, психологтар және салауатты өмір салты кабинеттерінің мамандары тартылады.

      66. Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес МСАК ұйымы учаскелік мейіргерлердің, МСАК дәрігерлерінің, бейінді мамандардың қарап-тексеру тізбесі, көлемдері, зертханалық және аспаптық зерттеулер, бақылау мерзімдері, есептен шығару өлшемшарттары МСАК ұйымдарында динамикалық байқауға жататын аурулардың тізбесі бойынша айқындалады.

      67. Динамикалық байқау кезінде мамандар ауруларды басқару бағдарламасына (бұдан әрі – АББ) қатысу үшін пациенттерді таңдауды жүргізеді.

      68. АББ өзіндік менеджментке пациенттерді тарту кезінде созылмалы аурулармен ауыратын пациенттерді динамикалық байқау бағдарламасын білдіреді.

      69. АББ үш созылмалы ауру бойынша жүргізіледі: артериялық гипертензия, 2 типті қант диабеті, жүрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі.

      70. Динамикалық байқау кезінде МСАК учаскесінің мамандары пациенттерді АББ-ға қатысу үшін іріктейді және мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) құрамында МСАК мамандары мен бейінді мамандары бар мультитәртіптік топтың болуы;

      2) АББ-ға қатысатын пациенттің жеке күнделігінде пациенттің денсаулығының жай-күйін, оның ішінде электрондық денсаулық сақтау жүйелерінде үздіксіз бағалауды қамтамасыз ету;

      3) пациенттің жеке күнделігінде тіркей отырып, өзіндік менеджментке/өз-өзіне көмек көрсетуге үйрету;

      4) пациентпен әңгімелесуді және науқасты қадағалау жоспарын түзетуді қамтитын пациенттен кері байланыс практикасын енгізу.

      71. Пациенттің АББ-ға қатысуға келісімі болған кезде учаскелік мейіргер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес келісім жасайды.

      Учаскелік мейіргер АББ-ға қатысу туралы шарттың электрондық нысанын "Бірыңғай төлеу жүйесі" электрондық денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      72. Бағдарламаның тиімділігін мониторингілеу нысаналы нысандарға қол жеткізудің негізінде бағаланады.

      73. АББ бойынша пациентті байқауды біліктілікті арттыру туралы куәлікке сәйкес келетін МСАК-тың мамандары жүзеге асырады. Учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт (педиатр) дәрігері) МСАК ұйымы учаскесінің шегіндегі АББ үйлестірушісі болып табылады.

      74. Туберкулезді бастап өткерген науқастарды динамикалық байқау 994 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.

      Онкологиялық науқастарды динамикалық байқау 452 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.

      75. Созылмалы аурулары бар адамдарға көрсетілімдер болған жағдайда МСАК ұйымы қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту, паллиативтік көмек және арнайы әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетумен мейіргерлік күтім қызметтерін көрсетеді.

      76. МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9108 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес медициналық оңалту және қалпына келтіру емі қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етеді.

      77. МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 657 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8956 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының халқына паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 20 мамырдағы № 269 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9532 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының халқына мейіргерлік күтім көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етеді.

  Медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсету
қағидаларына
1-қосымша

Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің медицина қызметкерлері (фельдшер, акушер, орта және/немесе жоғары медициналық білімі бар мейіргер) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Қызметтердің коды

Қызметтердің атауы

1.

A01.008.000

Амбулаториялық картасына жаза отырып өз бетінше қабылдау және қарап-тексеру: Фельдшер

2.

A01.008.002

Аурулардың профилактикасы сұрақтары бойынша халықты оқыту: Фельдшер

3.

A01.008.003

Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Фельдшер

4.

A01.008.005

Патронаж: Фельдшер

5.

A01.008.007

Активтер: Фельдшер

6.

A01.008.008

Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Фельдшер

7.

A01.008.009

Ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру: Фельдшер

8.

A01.008.010

Тістерге және ауыз қуысының шырышты қабығына күтім жасау бойынша балаларды санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйрету: Фельдшер

9.

A01.008.012

Медициналық реабилитацияның кешенді қызметтері: Фельдшер

10.

A01.008.013

Шұғыл медициналық көмек көрсету: Фельдшер

11.

A01.009.000

Амбулаториялық картасына жаза отырып өз бетінше қабылдау және қарап-тексеру: Жоғары білімі бар мейіргер

12.

A01.009.002

Аурулардың профилактикасы сұрақтары бойынша халықты оқыту: Жоғары білімі бар мейіргер

13.

A01.009.003

Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Жоғары білімі бар мейіргер

14.

A01.009.005

Патронаж: Жоғары білімі бар мейіргер

15.

A01.009.007

Активтер: Жоғары білімі бар мейіргер

16.

A01.009.008

Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Жоғары білімі бар мейіргер

17.

A01.009.009

Ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру: Жоғары білімі бар мейіргер

18.

A01.009.010

Тістерге және ауыз қуысының шырышты қабығына күтім жасау бойынша балаларды санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйрету: Жоғары білімі бар мейіргер

19.

A01.009.012

Медициналық реабилитацияның кешенді қызметтері: Жоғары білімі бар мейіргер

20.

A01.010.000

Амбулаториялық картасына жаза отырып өз бетінше қабылдау және қарап-тексеру: Орта білімі бар мейіргер

21.

A01.010.002

Аурулардың профилактикасы сұрақтары бойынша халықты оқыту: Орта білімі бар мейіргер

22.

A01.010.003

Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Орта білімі бар мейіргер

23.

A01.010.005

Патронаж: Орта білімі бар мейіргер

24.

A01.010.007

Активтер: Орта білімі бар мейіргер

25.

A01.010.008

Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Орта білімі бар мейіргер

26.

A01.010.009

Ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру: Орта білімі бар мейіргер

27.

A01.010.010

Тістерге және ауыз қуысының шырышты қабығына күтім жасау бойынша балаларды санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйрету: Орта білімі бар мейіргер

28.

A01.010.012

Медициналық реабилитацияның кешенді қызметтері: Орта білімі бар мейіргер

29.

A01.011.000

Амбулаториялық картасына жаза отырып өз бетінше қабылдау және қарап-тексеру: Акушер

30.

A01.011.003

Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Акушер

31.

A01.011.005

Патронаж: Акушер

32.

A01.011.007

Актив: Акушер

33.

A01.011.008

Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Акушер

34.

A01.011.013

Жүкті әйелдерді және отбасы мүшелерін босануға дайындау мектебі: Акушер

Зертханалық диагностика (дәрігерге дейінгі көмек)

35.

B03.866.003

Экспресс әдісімен несептің көрсеткіштерін (pH, лейкоциттер, эритроциттер, уробилиноген, нитриттер, ақуыз) анықтау

36.

B03.401.003

Экспресс әдісімен қан сарысуындағы жалпы холестеринді анықтау

37.

B03.335.003

Экспресс әдісімен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау

38.

B03.486.003

Экспресс әдісімен бойынша қан сарысуындағы триглицеридтерді анықтау

39.

B03.517.003

Экспресс әдісімен несептегі адамның хориондық гонадотропинін (ХГА) анықтау (жүктілікке арналған тест)

40.

B03.103.003

Экспресс әдісімен бойынша нәжістегі жасырын қанды (гемокульт-тест) анықтау

41.

B03.860.003

Экспресс әдісімен АИТВ-1,2-ға және антиген р24-ке сомалық антиденелерді анықтау

42.

B03.861.003

Экспресс әдісімен қан сарысуындағы Treponema Pallidum антиденелерді анықтау (мерезге эксперсс тест)

43.

B03.862.003

Экспресс әдісімен қан сарысуындағы C вирустық гепатитінің вирусына жиынтық антиденелерді анықтау

44.

B03.863.003

Экспресс әдісімен қан сарысуындағы HBsAg анықтау

45.

B03.870.003

Экспресс әдісімен ұрықжанындағы судың болуына сүртіндіні зерттеу

Ем-шаралар мен манипуляциялар

46.

D99.291.004

Аппликациялық анестезия

47.

D99.293.012

Венадан қан алу

48.

D99.296.013

Саусақтан қан алу

49.

D91.496.106

Қынаптың тазалық дәрежесіне сүртінді алу

50.

D91.496.105

Онкоцитологияға сүртінді алу

51.

D91.911.013

Микробиологиялық зерттеуге материал алу

52.

D99.590.020

Манту сынамасын жүргізу

53.

D99.590.021

Диаскинтест жүргізу

54.

D96.330.014

Асқазанды шаю

55.

D96.390.015

Клизма

56.

D93.891.018

Үлкен жастағы пациентке мейіргер күтімін жасау рәсімдері

57.

D93.891.019

Пациентті отбасы мүшелерін күтім жасау элементтері мен гигиенаға үйрету

58.

D93.891.020

Үйде төсекжараның профилактикасы және тазарту

59.

D93.891.021

Үйде таңу

60.

D93.891.022

Ауыр пациентті қырындыру, тырнағына және шашына күтім жасау

61.

D93.891.023

Ауыр пациенттің ауыз қуысына күтім жасау

62.

D93.891.024

Ауыз-жұтқыншақтан сілемейді сору

63.

D93.891.025

Оростомалар, эзофагостомаларкезіндегі құрал

64.

D93.891.026

Трахеостома кезіндегі құрал

65.

D93.891.027

Назогастралдық сүңгіге, мұрын канюнялары мен катетерге күтім жасау

66.

D93.891.028

Жоғарғы тыныс алу жолдарынан сілемейді сору

67.

D93.891.029

Мұрыннан сілемейді сору

68.

D93.891.030

Фарингостома кезіндегі құрал

69.

D93.891.031

Интраназалдық дәрілік препараттарды енгізу

70.

D93.891.032

Гастростома кезіндегі құрал

71.

D93.891.033

Назогастралдық сүңгіге күтім жасау

72.

D93.891.034

Ауыр пациентті гастростом арқылы тамақтандыру

73.

D93.891.035

Илеостома кезіндегі құрал

74.

D93.891.036

Интестиналдық сүңгіге күтім жасау

75.

D93.891.037

Ауыр пациентті интестиналдық сүңгі арқылы тамақтандыру

76.

D93.891.038

Илеостомаға күтім жасауды үйрету

77.

D93.891.039

Жуан ішектің стомалары кезінде құрал

78.

D93.891.040

Колостомаға күтім жасауды үйрету

79.

D93.891.041

Ауыр пациенттің дефекациясы кезіндегі құрал

80.

D93.891.043

Газ шығару түтігін қою

81.

D93.891.044

Копролитті алу

82.

D93.891.045

Нәжісті ұстамау кезіндегі құрал

83.

D93.891.046

Сифондық клизманы қою

84.

D93.891.047

Қынаптың (пессария)қолдау сақинасын қою, алып тастау

85.

D93.891.048

Сыртқы есту өтісіне күтім жасау

86.

D93.891.049

Ауыр пациенттің көздеріне күтім жасау

87.

D93.891.050

Конъюнктивті қуысқа дәрілік заттарды инстилляциялау

88.

D93.891.051

Ауыр пациент несеп шығарған кездегі құрал

89.

D93.891.052

Несеп катетеріне күтім жасау

90.

D93.891.053

Цистостомаға және уростомаға күтім жасау

91.

D93.891.054

Несепті ұстамаған кездегі құрал

92.

D93.891.055

Ауыр пациенттің төсегін ауыстыру және/немесе жатқызу

93.

D93.891.056

Ауыр пациентті мекеменің ішінде тасымалдау

94.

D93.891.057

Ауыр пациентті ауыз арқылы және/немесе назогастралдық сүңгімен тамақтандыру

95.

D93.891.058

Ауыр пациенттің төсек-орнын дайындау және ауыстыру

96.

D93.891.059

Ауыр пациенттің ішкиімін және киімін ауыстыру бойынша құрал

97.

D93.891.060

Ауыр пациенттің бұтаралық және сыртқы жыныс мүшелеріне күтім жасау

98.

D93.891.061

Дренажға күтім жасау

99.

D93.891.062

Дәрілік препараттарды парентералдық енгізу кезіндегі құрал

100.

D93.891.063

Төсекжараның дамуына қауіп дәрежесін бағалау

101.

D93.891.064

Төсекжараның ауырлық дәрежесін бағалау

102.

D93.891.065

Ауырсу қарқындылығын бағалау

103.

D93.891.066

Пациенттің отбасы мүшелерін төсекке жатқызу және/немесе ауыстыру техникасына үйрету

104.

D93.891.067

Пациенттің төсекте және/немесе креслода ауысуы кезінде өз-өзіне көмектесуіне үйрену

105.

D93.891.068

Пациентті балдақпен жүруге үйрету

106.

D93.891.069

Пациент қосымша тіректердің көмегімен жүруі кезінде өз-өзіне көмектесуіне үйрету

107.

D99.590.019

Препараттың бағасынсыз вакцинациялау

108.

D97.311.050

Тігістерді алу, лигатурларды алып тастау

109.

D02.001.008

Тыныс алу гимнастикасы

110.

D02.002.008

Топтық ЛФК

111.

D02.003.008

Жеке ЛФК

112.

D04.001.000

Профилактикалық кабинеттерде, сауықтыру мектептерінде оқыту

113.

D04.002.000

Науқастар мен олардың отбасыларын созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларына сәйкес өзін-өзі бақылау, өзін-өзі және өзара көмек көрсетуге үйрету

114.

D04.003.000

"Қызу желі" телефоны бойынша консультация

Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің медицина қызметкерлері көрсететін ем-шара кабинеті қызметтердің тізбесі

115.

D99.590.022

Бұлшықетішілік инъекциясы (дәрілік заттардың бағасын есептемегенде)

116.

D99.590.023

Венаішілік инъекциясы (дәрілік заттардың бағасын есептемегенде)

117.

D99.590.024

Теріасты инъекциясы (дәрілік заттардың бағасын есептемегенде)


  Медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсету
қағидаларына
2-қосымша

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігерлері (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт / учаскелік педиатр дәрігер) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Қызметтердің коды

Қызметтердің атауы

1.

A01.001.000

Қабылдау: Учаскелік терапевт

2.

A01.001.002

Пациентті сауықтыру жоспарын құру: Учаскелік терапевт

3.

A01.001.003

Патронаж: Учаскелік терапевт

4.

A01.001.004

Актив: Учаскелік терапевт

5.

A01.001.005

Отбасын жоспарлау және жүктілікті қауіпсіз үзу мәселелері бойынша консультация: Учаскелік терапевт

6.

A01.001.006

Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Учаскелік терапевт

7.

A01.001.007

Пациенттің отбасының әлеуметтік статусын бағалауы: Учаскелік терапевт

8.

A01.002.000

Қабылдау: Учаскелік педиатр

9.

A01.002.002

Пациентті сауықтыру жоспарын құру: Учаскелік педиатр

10.

A01.002.003

Патронаж: Учаскелік педиатр

11.

A01.002.004

Актив: Учаскелік педиатр

12.

A01.002.007

Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде пациенттің отбасының әлеуметтік статусын бағалауы: Учаскелік педиатр

13.

A01.003.000

Қабылдау: Жалпы практика дәрігері

14.

A01.003.002

Пациентті сауықтыру жоспарын құру: Жалпы практика дәрігері

15.

A01.003.003

Патронаж: Жалпы практика дәрігері

16.

A01.003.004

Актив: Жалпы практика дәрігері

17.

A01.003.005

Отбасын жоспарлау және жүктілікті қауіпсіз үзу мәселелері бойынша консультация: Жалпы практика дәрігері

18.

A01.003.006

Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Жалпы практика дәрігері

19.

A01.003.007

Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде пациенттің отбасының әлеуметтік статусын бағалауы: Жалпы практика дәрігері

Зертханалық диагностика (білікті көмек)

20.

B02.061.002

Қол әдісімен қандағы эротроциттердің шөгу жылдамдығын (ЭШЖ) Вестерген әдісімен өлшеу

21.

B03.864.003

Экспресс әдісімен қандағы гемоглобинді анықтау

22.

B03.865.003

Экспресс әдісімен қандағы лейкоциттерді анықтау

23.

B03.867.003

Экспресс әдісімен тропонинді анықтау

24.

B03.868.003

Экспресс әдісімен гликириленген гемоглобинді анықтау

25.

B03.869.003

Экспресс әдісімен протромбиндік уақытта портативтік талдауышта МНО-ны анықтау

26.

B06.672.012

АВО жүйесінде стандартты сарысулармен қан тобын анықтау

27.

B06.673.012

АВО жүйесі бойынша моноклоналдық реагенттермен стандартты сарысумен (цоликлондармен) қан тобын анықтау

28.

B06.677.012

Қандағы резус-факторды анықтау

Функциялық және аспаптық диагностика

29.

C02.001.000

Электрокардиографикалық зерттеу (12 жалғамдық)

30.

C02.033.000

Автоматтандырылған аппараттарда жазу кезіндегі спирография

31.

C02.048.000

Динамометрия

32.

C02.054.000

Пульсоксиметрия


  Медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсету
қағидаларына
3-қосымша

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының әлеуметтік қызметкері және тартылған психолог қызметтерінің тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Қызметтердің коды

Қызметтердің атауы



Психологтың қызметтері

1.

A01.005.000

Қабылдау: Психолог

2.

A01.005.001

Бала суицидінің профилактикасы бойынша сабақтар өткізу: Психолог

3.

A01.005.002

Мінез-құлық және психикалық белсенді бұзылуларға күдіктенген кезде қабылдау: Психолог

4.

A01.005.003

Әлеуметтік мәселелер бойынша, оның ішінде жастық бейімделу мәселелері бойынша консультация беру: Психолог

5.

A01.005.004

Ұйымдастырылған ұжымдардағы балаларды қабылдау: Психолог

6.

A01.005.005

Жастар денсаулық орталығында қабылдау: Психолог

7.

A01.005.009

Созылмалы аурулармен ауыратын пациентті өзіндік менеджментке үйрету: Психолог

8.

A01.005.010

Актив: Психолог

9.

A01.006.000

Қабылдау: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер

10.

A01.006.001

Медицаналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастыру және өткізу: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер

11.

A01.006.002

Пациенттің отбасы мүшелерін үй жағдайында өткізілетін медициналық күтім жасау негіздеріне үйрету: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер

12.

A01.006.003

Әлеуметтік мәселелер бойынша, оның ішінде жастық бейімделеу бойынша консультация беру: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер

13.

A01.006.004

Үйге шақырту: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер

14.

A01.006.005

Актив: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер

15.

A01.007.000

Қабылдау: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер

16.

A01.007.001

Медициналық-әлеуметтік зерттеп-ұйымдастыру және жүргізу: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер

17.

A01.007.002

Пациенттің отбасы мүшелерін үй жағдайында өткізілетін медициналық күтім жасау негіздеріне үйрету: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер

18.

A01.007.003

Әлеуметтік мәселелер бойынша, оның ішінде жастық бейімделеу бойынша консультация беру: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер

19.

A01.007.004

Үйге шақырту: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер

20.

A01.006.005

Актив: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер


  Медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсету
қағидаларына
4-қосымша

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына жүгіну себептері

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/р

Жүгіну себептерінің тобы

Жүгіну себептерінің атауы

1

Ауруы

Жіті аурулар (жай-күйі)/ Созылмалы аурулардың асқынуы


Әлеуметтік мәні бар ауруға күдіктенгенде


Ауруы бойынша қашықтықтан консультация беру


Актив


Медициналық реабилитация (3 деңгей)


Стоматологиялық көмек

2

Жарақат

Жіті жарақат (Травмпункт, АЕҰ)


Жарақаттың салдары (АЕҰ)

3

Профилактика

Профилактикалау мақсатындағы жүгіну (скринингтен басқа)


Иммунопрофилактика


Скрининг (профилактикалық қарау)


Патронаж


Отбасын жоспарлау, жүктілікті қауіпсіз үзу, ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері бойынша қызметтер


Антенатальді байқау кезінде қабылдау


Постнатальді байқау кезінде қабылдау


Білім алушылардың денсаулығын сақтау бойынша қызметтер (мектеп медицинасы)


Салауатты өмір салты бойынша іс-шаралар


Ақылы медициналық қарау



Стоматологиялық қызметтер

4

Динамикалық (диспансерлік) байқау

Созылмалы аурулармен ауыратындарды динамикалық байқау (оның ішінде АББ)

5

Медициналық әлеуметтік қызметтер

Медициналық әлеуметтік қолдау


Психологиялық қолдау

6

Әкімшілік

Әкімшілік


Медициналық әлеуметтік сараптамаға құжаттар ресімдеу



Рецепт жазу


  Алғашқы медициналық-санитариялық
  көмек көрсету қағидаларына
  5-қосымша

Алғашқы медициналық-санитариялық ұйымдарда отбасы мен жеке жұмыс жоспары

Ұйым:

№ Учаске
______________________
бала және отбасы туралы ақпаратты жіберген мейіргердің ТАӘ ______________________

Отбасымен бірге жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлердің ТАӘ
_______________________




Жоспарды іске асыру бойынша басталу күні:

Жоспарды іске асыру бойынша аяқталу күні:

Отбасының тұрғылықты мекенжайы:




БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІ (балалар):

Баланың есімі

Баланың тегі

Туған күні (немесе күтілетін туған күні)

Жынысы (√)




Ә□

Е □




Ә□

Е □




Ә□

Е □

Балаларды қоса алғанда, отбасын дамытуды жоспарлау процесіне тартылған (ата-аналар/қамқоршылар, туыстар, басқа да отбасы мүшелері және т.б.) отбасы мүшелері:

ТАӘ

Балаға кім болып келеді

Байланыс деректері:

1



2



3



Отбасын дамытуды жоспарлау процесіне тартылған мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, жергілікті әлеуметтік қызметтердің және т.б. өкілдері:

ТАӘ

Ұйым

Байланыс деректері:

1



2



3



  Медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсету
қағидаларына
6-қосымша

Тегін медициналық көмектік кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында динамикалық байқауға жататын аурулардың тізбесі

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

АХЖ кодының нозологиясы

Тексеріп-қарау кезеңділігі

Зертханалық диагностикалық зерттеулердің минимумы

есептен шығару үшін ұзақтығы және өлшемшарттары

ОМҚ тексеріп-қарауы

МСАК дәрігерінің тексеріп-қарауы

Бейінді мамандардың тексеріп-қарауы

зерттеу

жиілігі


1

2

3

4

5

6

7

8

1. Инфекциялық және паразиттік аурулар

1.

В (B18, B18,0, B18,1, B18,2, B18,8 қоса алғанда) және С және Д созылмалы вирустық гепатит, бауырдың циррозынсыз.

3 айда 1 рет

6 айда 1 рет

жылына 1 рет гастроэнтеролог және/немесе инфекционист

тромбоциттермен жалпы қан талдауы

6 айда 1 рет

созылмалы В, С (F2 фиброзды сатысында) және D вирустық гепатиті кезінде өмір бойы; С созылмалы вирустық гепатиті (F1 кем фиброз сатысында) кезінде вирусты жойғаннан кейін есептен алынады

Қанның биохимиялық талдауы:
аланинаминотрансфераза (АЛаТ) аспартатаминотрансфераза (АСаТ), фракциялар бойынша жалпы билирубин, креатинин, альфа фетопротеині (АФП)

6 айда 1 рет

Коагулограмма: халықаралық қалыпты қатынас (ХҚҚ)

6 айда 1 рет

В вирустық гепатитіне (HBV-ДНК) сандық талдауы оң болған жағдайда сапалы В вирустық гепатитінің (HBV-ДНК) полимеразалық тізбектік реакциясы

6 айда 1 рет

бауырдың УДЗ

жылына 1 рет

бауырдың түзу емес пульстік эластометриясы (фиброскан)

жылына 2 рет

2. Қанайналым жүйесінің аурулары

2

Артериялық гипертензия:
2.1. Эссенциалды (алғашқы) гипертензия, I10;
2.2. Жүректің гипертензиялық ауруы (жүректі басымырақ зақымдайтын гипертониялық ауру), I11;
2.3. Бүйректерді басымырақ зақымдайтын гипертензиялық (гипертониялық) ауру, I12;
2.4. Жүрек пен бүйректі басымырақ зақымдайтын гипертензиялық (гипертониялық) ауру;
2.5. Салдарлық гипертензия, I15;

орташа және төмен қаупі бар пациенттер үшін 3 айда 1 рет,
жоғары және өте жоғары қаупі бар және емдеуге бейімділігі төмен адамдар үшін айына 1 рет

орташа және төмен қаупі бар пациенттер үшін 6 айда 1 рет,
жоғары және өте жоғары қаупі бар пациенттер мен емдеуге бейімділігі төмен адамдар үшін - 3 айда 1 рет

жылына 1 рет кардиолог

жалпы несеп талдауы

жылына 1 рет

өмір бойы

қанның биохимиялық талдауы: төмен тығыздықтағы липопротеидтерді анықтау

жылына 1 рет

электрокардиограмма

жылына 1 рет

артериялық қысымды тәуліктік бақылау (24 сағат)

жылына 2 рет

эхокардиография

жылына 2 рет

3

Жүректің ишемиялық ауруы:
3.1. Жүрек қыспасы, I20.0 **;
3.2. Жүрек қыспасының басқа түрлері, I.20.8;
3.3. Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, I25

3 айда 1 рет

6 айда 1 рет

жылына 1 рет кардиолог

төменгі тығыздықтағы липопротеидтерді анықтау

6 айда 1 рет;

өмір бойы

эхокардиография

6 айда 1 рет;

электрокардиограмманың холтерлік мониторингі (24 сағат)

жылына 1 рет

тредмил тест

жылына 1 рет

Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, I 50;

3 айда 1 рет

6 айда 1 рет

жылына 1 рет кардиолог

креатинин

жылы 1 рет

өмір бойы

электрокардиограмма

жылы 1 рет

эхокардиография

жылы 1 рет

Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, I 50 механикалық қондырғы имплантациядан кейінгі жай-күйі, Z 95.8

3 айда 1 рет

6 айда 1 рет

жылына 1 рет кардиолог

Халықаралық қалыпты қатынас (ХҚҚ)

Нысаналы нәтижеге қол жеткізгізгенге дейін аптасына 1 рет, кейін айына 1 рет

өмір бойы

Қанның биохимиялық талдауы:
креатинин, аланинаминотрансфераза (АЛаТ)
аспартатаминотрансфераза (АСаТ),
лактатдегирогеназа (ЛДГ), бос гемоглобин, жалпы билирубин, қандағы глюкоза, калий,натрий

алғашқы 3 айда – ай сайын, ары қарай 3 айда 1 рет

тромбоциттермен жалпы қан талдауы, қан ағу, қан ұю, ұзақтығы

6 айда 1 рет

Натриуретикалық гормон, Виллебранд факторы

6 айда 1 рет

эхокардиография

алғашқы 3 айда – ай сайын, ары қарай 3 айда 1 рет

электрокардиография

3 айда 1 рет

кеуде клеткасы органдарының рентгенографиясы

жылына 1 рет

эзофагогастродуоденоскопия

жылына 1 рет

брахиоцефалды тамырлардың ультрадыбыстық допплерографиясы

жылына 1 рет

4

Брахиоцефалдық артерияның экстракраниялдық ауруы:
4.1. Цереброваскулярлық аурулар, I65-I69 ***;
4.2. Ми инфаргін тудырмайтын прецеребралдық артерияның бітелуі мен тарылуы, I65
4.3. Ми инфаргіне әкелмейтін ми артерияларының бітелуі мен тарылуы, I66
4.4. Ми-тамырлық басқа аурулар, I67
4.5. Басқа айдарларда жіктелген аурулар барысында ми тамырлырының зақымданулары, I68
4.6. Ми-тамырлық аурулардың салдарлары, I69
4.7. Қол артерияларының эмболиясы және тромбозы, I74.2;
4.8. Басқа айдарларда жіктелген аурулар барысындағы қолқаның қабынуы, I79.1




брахиоцефалдық бағанның ультрадыбыстық доплерографиясы

6 айда 1 рет

өмір бойы

4.9. Мидың торлы қабығы астына қан құйылу, I60
Мидың ішіне қан құйылу, I61
Бас сүйек ішіне жарақаттық емес басқа қан құйылу, I62
Ми инфаргі, I63
Қан құйылу немесе инфаркт ретінде анықталмаған миға қан құйылу, I64




тромбоциттер есебімен жалпы қан талдауы

6 айда 1 рет

өмір бойы

халықаралық қалыпты қатынас (ХҚҚ)

6 айда 1 рет

қанның биохимиялық талдауы: липидті спектр, қан глюкозасы

6 айда 1 рет

Инсульт алған науқастарға брахиоцефалдық артерияның ультрадыбыстық допплерографиясы

6 айда 1 рет

электрокардиограмма

көрсетілімдер бойынша түзету мен гипотензиялық терапия үшін

кардиоэмболиялық инсульт алған науқастарға эхокардиографиясы

көрсетілімдер бойынша түзету мен гипотензиялық терапия үшін

Миішілік қан құюлары бар науқастардың артериялық қысымды тәуліктік бақылауы (АҚТБ)

көрсетілімдер бойынша түзету мен гипотензиялық терапия үшін

5

Жүрек қақпақшасының зақымдануы:
5.1. Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, I05-I09;
Қос жармалы қақпақшаның ревматикалық аурулары, I05
Қолқа қақпақшасының ревматикалық аурулары, I06
Үш жармалы қақпақшаның ревматикалық аурулары, I07
Бірнеше қақпақшалардың зақымдалуы, I08
Жүректің ревматикалық басқа аурулары, I09
5.2. Жүрек қақпақшаларының ревматизмдік емес зақымдануы I34-I39
Қос жармалы қақпақшаның ревматикалық емес Зақымданулары, I34
Қолқа қақпақшасының ревматикалық емес зақымданулары, I35
Үш жармалы қақпақшаның ревматикалық емес зақымданулары, I36
Өкпе артериясы қақпақшасының зақымданулары, I37
Эндокардит, қақпақша анықталмаған, I38
Басқа айдарларда жіктелген аурулар барысындағы эндокардит пен қақпақшалардың зақымданулары, I39

3 айда 1 рет

6 айда 1 рет

жылына 1 рет кардиолог

электрокардиография

6 айда 1 рет

өмір бойы

эхокардиография

жылына 1 рет

Холтер бойынша электрокардиография

жылына 1 рет

6

Көкірек ортасының фибрилляциясы және трепетаниясы, I48

3 айда 1 рет

6 айда 1 рет. Көрсетілімдер бойынша жиілігі ұлғаюы мүмкін

жылына 1 рет кардиолог

электрокардиография

6 айда 1 рет

өмір бойы

Холтер бойынша электрокардиография

жылына 1 рет

эхокардиография

жылына 1 рет

3. Қан және қан шығару ағзаларының аурулары

7.

VIII фактордың тұқым қуалайтын тапшылығы, (D66);
IX фактордың тұқым қуалайтын тапшылығы, (D67);
Виллебранд ауруы (D68.0);
Қан ұйытатын басқа факторларының тұқым қуалайтын тапшылығы (D68.2)

6 айда 1 рет

6 айда 1 рет

Жылына 2 рет гематолог

Тромбоциттерді есептеумен қанның жалпы толық талдауы, қан кетудің ұзақтығы, қанның ұюы

Жылына 2 рет

Өмір бойы

4. Тыныс алу жүйесінің ауруы

8

Төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы:
7.1. Өкпенің созылмалы обструктивті өкпе ауруы, J44;

6 айда 1 рет (A, B, жеңіл, орташа)
3 айда 1 рет (C, D, ауыр және өте ауыр)

жылына бір рет (A, B түрі, жеңіл, орташа дәрежедегі);
6 айда 1 рет (C, D түрі, ауыр және өте ауыр)

Жылына бір рет, пульмонолог

спирография

жылына 1 рет

өмір бойы

пульсоксиметрия

жылына 1 рет

эхокардиография

жылына 1 рет

7.2. Бронхиалды астма, J45

жылына 1 рет (жеңіл дәреже)
6 айда 1 рет (орташа)
3 айда 1 рет (ауыр)

жылына 1 рет (жеңіл дәреже)
6 айда 1 рет (орташа және ауыр)

жылына бір рет, пульмонолог

спирография

6 айда 1 рет

өмір бойы

эхокардиография

жылына 1 рет

5. Ас қорыту жүйесінің ауруы

9

Жоғарғы асқазан-ішек жолдарының ауруы:
8.1. Эзофагитпен гастроэзофагеалды рефлюкс, K21.0;
8.2. Асқазанның және ұлтабардың ұлпасы, K25-K27;
Асқазанның ойық жарасы, K25
Он екі елі ішектің ойық жарасы, K26
Орналасуы анықталмаған пептикалық ойық жара, K27
8.3. Созылмалы атрофиялық және көпфокальды гастрит, K29.4;
8.4. Асқазанның полипозы (полипозы), K31.7;

3 айда 1 рет

6 айда 1 рет

жылына бір рет, гастроэнтеролог

эзофагабаструдодиоскопия

жылына 1 рет

клиникалық және аспаптық құралдардың болмауы 3 жыл ішінде ауру белгілері

гистологиялық зерттеу - 3 комплекстік категориядағы жедел-биопсиялық материалдарды дайындау

жылына 1 рет

10

Инфекциялық емес энтерит және колит:
9.1. Крон ауруы, К50
9.2. Жаралы колит, K51
9.3. Инфекциялық емес гастроэнтерит және колит, K52

6 айда 1 рет

1 жылда 1 рет

жылына 1 рет,
гастроэнтеролог

күрделіліктің 3 санатындағы операциялық-биопсиялық материалдың 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеумен эзофагабастродуоденоскопия дайындау,

жылына 1 рет

өмір бойы

күрделіліктің 3 санатындағы операциялық-биопсиялық материалдың 1 блок препаратын гистологиялық зерттеумен фибреэктосигмойдоскопия

жылына 1 рет

11

Бауыр циррозы, K70-K76
Бауырдың уыттық зақымдануы, K71
Бауыр қызметінің басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігі, K72
Басқа айдарларда жіктелмеген созылмалы гепатит, K73
Бауыр фиброзы мен циррозы, K74
Бауырдың басқа қабынба аурулары, K75
Бауырдың басқа аурулары, K76

3 айда 1 рет

6 айда 1 рет

жылына 1 рет, гастроэнтеролог

тромбоцитпен жалпы қан талдауы

3 айда 1 рет

өмір бойы

қанның биохимиялық талдауы: аланинаминотрансферазаны (АЛаТ) анықтау, аспартатаминотрансферазаны (АСаТ) анықтау, қан сарысуындағы билирубинді, креатининді, альбуминді анықтау

3 айда 1 рет

халықаралық қалыпты қатынас (ХҚҚ)

6 айда 1 рет

бауыр мен көкбауырдың УДЗ

6 айда 1 рет

2 см дейін өспесі бар жағдайда ГЦК диагнозын қою қиын кезінде:


бауырдың УДЗ

3-4 айда 1 рет

альфафетопротеинді анықтау (АФА)

3-4 айда 1 рет

бауырдың түзу емес пульстік эластометриясы

жылына 1 рет

эзофагогастродуоденоскопия (көрсетілімдер болмаған жағдайда)

6 айда 1 рет

6. Сүйек-бұлшық ет жүйесі мен дәнекер тіннің ауруы

12

Артропатиялар, дорсопатиялар:
11.1. Ревматоидты артрит, М 06 – М05;
11.2. Анкилоздаушы спондилит (Бехтерев ауруы), M45;
11.3. Жасөспірімдердің (ювенилдік) идиопатиялық артриті, M08

6 айда 1 рет

жылына 1 рет

жылына 1 рет ревматолог, офтальмолог

жалпы қан талдауы

жылына 2 рет

өмір бойы

қанның биохимиялық талдауы: "С" реактивті ақуызының (CРА),
қан креатининін, қан глюкозасын (глюкортикостероид қабылдайтын пациенттер үшін) анықтау, аланинаминотрансферазаны (АЛаТ), аспартатаминотрансферазаны (АСаТ), қан сарысуындағы билирубинді (цитостатиктерді қабылдайтын пациенттер үшін) анықтау


В, С гепатиттерге, АИТВ иммуноферментті (цитостатиктер қабылдайтын және гендік-инженерлік биологиялық терапиядағы пациенттер) талдау

6 айда 1 рет

зақымданған сегменттің рентгенографиясы

жылына 1 рет

жамбас сүйектің рентгенографиясы (жамбас сүйек басының асептикалық некрозы анықталғанда)

жылына 1 рет

эзофагогастродуоденоскопия (глюкортикостериодтар мен қабынуға қарсы стериодты емес препаратты қабылдайтын пациенттер үшін)

жылына 1 рет

13

Дәнекер тінінің жүйелі түрде зақымдануы:
12.1. Түйінді полиартерит пен сол тектес жағдайлар, M30
12.2. Басқа өлі еттендіруші васкулопатиялар, M31
12.3. Жүйелі қызыл жегі, M32-32.9
12.4. Дерматоплимиозит, M33-M33.9
12.5. Жүйелік беріштену (жүйелі склеродермия), M.34-M34.9
12.6. Дәнекер тіннің басқа жүйелі зақымдануы, M.35

3 айда 1 рет

6 айда 1 рет

жылына бір рет ревматолог

қан креатинині

6 айда 1 рет

өмір бойы

жалпы қан талдауы

6 айда 1 рет

жалпы несеп талдауы

6 айда 1 рет

қан сарысуында "С" реактивті ақуызды жартылай санды/сапалы анықтау

6 айда 1 рет

қан глюкозасы (глюкортикостероидтар қабылдайтын пациенттер үшін)

6 айда 1 рет

В, С гепатиттерге, АИТВ иммуноферментті (цитостатиктер қабылдайтын және гендік-инженерлік биологиялық терапиядағы пациенттер) талдау

6 айда 1 рет

жылына 2 рет кеуде қуысы органдарын кешенді рентгенографиясы (цитостатиктер қабылдайтын пациенттер үшін)

6 айда 1 рет

Эзофагогастродуоденоскопия (глюкортикостериодтар мен қабынуға қарсы стериодты емес препаратты қабылдайтын пациенттер үшін)

6 айда 1 рет

7. Эндокриндік жүйенің ауруы, тамақтану бұзылыстары және зат алмасы бұзылулары

14

Балалардағы 1 типті қант диабеті, E 10

Диабет қойылғаннан кейін бастапқы 3-6 айда - айына 1 рет, бұдан әрі 3 айда 1 рет

Диабет қойылғаннан кейін бастапқы 3-6 айда - айына 1 рет, бұдан әрі 3 айда 1 рет

Диабет қойылғаннан кейін бастапқы 3-6 айда - айына 1 рет, бұдан әрі 3 айда 1 рет эндокринолог

қандағы гликозирленген гемоглобинді анықтау

3 айда 1 рет

өмір бойы

Будақ сүзгі жылдамдығының (БСЖ) есебімен қан креатинині

жылына1 рет

кеңейтілген қарашықпен офтальмоскопия

жылына1 рет

электромиография

жылына1 рет

Ересектердегі 1 типті қант диабеті, E 10

3 айда 1 рет

6 айда 1 рет

жылына бір рет эндокринолог

қандағы гликозирленген гемоглобинді анықтау
Будақ сүзгі жылдамдығының (БСЖ) есебімен қан креатинині, липидті спектр

3 айда 1 рет

өмір бойы

кеңейтілген қарашықпен офтальмоскопия

жылына1 рет

электромиография

жылына1 рет

Қант диабеті E11 - E11.9,

3 айда 1 рет

6 айда 1 рет

жылына бір рет эндокринолог

қандағы гликозирленген гемоглобинді анықтау
Будақ сүзгі жылдамдығының (БСЖ) есебімен қан креатинині

3 айда 1 рет

өмір бойы

кеңейтілген қарашықпен офтальмоскопия липидті спектр

жылына1 рет

15

Қалқанша безі ауруы:
14.1. Диффузды токсикалық зоб. Тиреотоксикоз, Е05 – Е05.9
14.2. Гипотиреоз, Е02;

6 айда 1 рет

жылына 1 рет

жылына бір рет эндокринолог

иммуногемилюминесценция әдісімен қан сарысуындағы бос тироксинді (Т4), тиреотроптық гормонды (TТГ), жалпы трииодотиронинді (Т3) анықтау

жылына 1 рет

өмір бойы

8. Жүйке жүйесінің ауруы

16

Эпилепсия, G 40

6 айда 1 рет

Жылына 1 рет. Көрсетілім бойынша жиілік ұлғаюы мүмкін

жылына 1 рет невролог

электроэнцефалография

жылына1 рет

өмір бойы

17

Балалардың сал ауруы, G 80

3 айда 1 рет

6 айда 1 рет

жылына 1 рет невролог

GMFCS шкаласы – балалардың сал ауруы бар балалардың қозғалыс мүмкіндігін анықтау

6 айда 1 рет

өмір бойы

Бартел күнделікті өмірдегі белсенділік индексі

6 айда 1 рет

9. Жыныс жолдарының ауруы

 
18

Гломерулалық аурулар:
17.1. Бүйректің созылмалы қабыну синдромы, N03;
17.2. Нефроздық синдром, N04;

3 айда 1 рет

6 айда 1 рет

жылына 1 рет нефролог

несептегі ақуызды анықтау

6 айда 1 рет

өмір бойы

қанның биохимиялық талдауы: креатининді, мочевинаны, жалпы холестеринді, жалпы ақуызды, қан сарысуындағы глюкозаны анықтау

6 айда 1 рет

Созылмалы бүйрекжеткіліксіздігі (N18), бүйрек зақымдануының терминалдық сатысы(N18.0),
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің басқа да белгілері (N18.8)

6 айда 1 рет

Жылына 1 рет

Нефролог жылына 2 рет, қажет болған жағдайда, басқа мамандар айғақтар бойынша

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы (несептегі ақуызды анықтау)

3 айда 1 рет

Өмір бойы

Қанның биохимиялық талдауы: креатинин, несепнәр, жалпы ақуыз, калий,натрий, холестерин, глюкоза

6 айда 1 рет

Бүйрек УДЗ

айғақтар бойынша

19

Бүйректің созылмалы түтік-интерстициалдық қабынуы, N11

6 айда 1 рет

Жылына 1 рет

жылына 1 рет нефролог

жалпы клиникалық зәр талдауы (жалпы зәр талдауы)

жылына1 рет

3 жыл ішінде рецидивтің болмауы

20

Қуық асты безінің гиперплазиясы, N40

6 айда 1 рет

Жылына 1 рет

жылына 1 рет уролог

иммуногемилюминесценция әдісімен қан сарысуындағы жалпы қуықасты безі ерекше антигенді (PSA) анықтау

жылына1 рет

3 жыл ішінде рецидивтің болмауы

21

Сүт безінің қатерсіз дисплазиясы, N60

6 айда 1 рет

Жылына 1 рет

жылына 1 рет гинеколог, маммолог

маммография (4 сурет), сүт безінің ультрадыбыстық зерттеуі

жылына1 рет

өмір бойы

22

Әйелдер жыныс ағзаларының қабынба емес ауруы:
21.1. Эндометрия, N80;
21.2. Әйелдер жыныс ағзаларының түймешігі, N84;
21.3. Жатыр денесінің сілемейлі қабығының без тінді гиперплазиясы, N85.0;
21.4. Жатыр денесінің сілемейлі қабығының без тінді гиперплазиясы, N 85.1;
21.5. Жатыр мойнының жалақ жарасы мен эктропионы, N86;
21.6. Жатыр мойны сілемейлі қабықтарындағы ақшыл дақтар, N88.0;

6 айда 1 рет

Жылына 1 рет

жылына 1 рет гинеколог

онкоцитологияға жағынды жинау

жылына1 рет

Процестің шешімінен кейін 6 айдан соң

Анабездің қатерсіз өспесі, D27

6 айда 1 рет

Жылына 1 рет

жылына 1 рет гинеколог

кіші жамбастың ультрадыбыстық зерттеуі

жылына1 рет

3 жыл ішінде рецидивтің болмауы

10. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жеке жағдайлар

23

Бронх-өкпенің перинаталдық кезеңде пайда болған дисплазиясы, P.2.1

1 жасқа дейін Айына 1 рет,
Бұдан әрі 6 айда 1 рет

Жеңіл дәрежеде 1 жасқа дейін 6 айда 1 рет
Бұдан әрі қажеттілкке қарай;
Орташа және ауыр дәрежеде 1 жасқа дейін 3 айда 1 рет
Бұдан әрі 3 жасқа дейін 6 айда 1 рет,
одан соң жылына 1 рет

Бірінші жылы байқауда 3 айда 1 рет, балалар пульмонологы

Кеуде қуысы мен көкірек қуысы ағзалардың компьютерлік томографиясы

жылына1 рет

өмір бойы

эхокардиография

жылына1 рет

11. Туа біткен ауытқулар (даму кемістіктері), деформациялар мен хромосомалық бұзылулар (балалар)

24

Операциядан кейінгі туа біткен жүрек ақаулары:
24.1. Жүрек камералары мен қосылыстарының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері), Q20;
24.2. Жүрек қалқасының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері), Q21;
24.3. Өкпе және үш жармалы қақпақшалардың туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері), Q22;
24.4. Қолқа және қос жармалы қақпақшалардың туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері), Q23;
24.5. Жүректің туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері), Q24;
24.6. Ірі артериялардың туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері), Q25;

3 айда 1 рет

6 айда 1 рет

Байқаудың бірінші жылы 3 айда 1 рет құрамында балалар кардиологымен, бұдан әрі көрсетілімдер бойынша

эхокардиография, электрокардиография зерттеулері (12 қашықтық)

Байқаудың бірінші жылы 3 айда 1 рет, содан кейін 6 айда 1 рет

2 жыл, бірақ өкпенің гипертониясын, қалдық шунды және клапанның жетіспеушілігін сақтауға – өмір бойы

электрокардиография зерттеулері (12 қашықтық)

Байқаудың бірінші жылы 3 айда 1 рет, содан кейін 6 айда 1 рет

25

Туа біткен ақаулары:
25.1. Өңештің туа біткен ауытқулары, Q39
25.2. Сүйек-бұлшық ет жүйесінің басқа айдарларда жіктелмеген туа біткен ауытқулары, Q79

1-ші 6 ай ішінде
айына 1 рет.
Содан кейін 1 жылға дейін 3 айға 1 рет.
2 жастан бастап 6 айда 1 рет

1 жыл ішінде 3 айда айына 1 рет.
2 жастан бастап 6 айда 1 рет

Жылына 1 рет құрамында балалар хирургымен

Q39-мен эзофагагастродуоденоскопия

жылына 1 рет

3 жасқа дейін байқау

Q79-де кеуде қуысы ағзалардың рентгенографиясы

25.3. Тоқ ішектің туа біткен жоқтығы, атрезиясы мен тарылуы, Q42

Q42-де диагностикалық калибрленген неоанус бужированиесы неоанус (көрсеткіштер бойынша)


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 281 бұйрығымен
бекітілген

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 № ҚР ДСМ-62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұлға) медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына (бұдан әрі - МСАК) бекіту тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) әкімшілік-аумақтық бірлік - ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс;

      2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - қор) - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      3) бала (балалар) - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;

      4) баланың заңды өкiлдерi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар;

      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау бойынша уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде медициналық сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін асыратын заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. МСАК ұйымдарына бекіту МСАК көрсету үшін негіз болып табылады және:

      1) МСАК аумақтық қолжетімділігі;

      2) МСАК ұйымын еркін таңдау;

      3) МСАК маманын (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) еркін таңдау;

      4) отбасылық қызмет көрсету;

      5) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан МСАК ұйымдарының тең құқығы және адал бәсекелестігі қағидаттарымен жүзеге асырылады.

      4. Тұлғаларды:

      1) МСАК-тың бір ұйымына;

      2) жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша;

      3) жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектісі (бюджет қаражаты есебінен немесе "Мемлекеттік-жеке әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде және "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығының 5.7.1-тармағын іске асыруда бекітілген денсаулық сақтау жүйесінің біртұтас инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарына сәйкес салынған және алған пайдалануға берілген объект) мен бекіту науқаны кезеңінде бекітуді қоспағанда, медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қормен шартын жасасқан (бұдан әрі - медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) МСАК ұйымына бекіту жүзеге асырылады.

      МСАК ұйымына бекіту кезінде алдыңғы МСАК ұйымынан бекітуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.

      5. Балалар үйлерінде, интернаттарда, балаларға арналған мамандандырылған ұйымдарда тұрып жатқан балалар, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын, соттың шешімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген тұлғалар оларға облыстар, республикалық маңыздағы қалалар мен астананың бекітілген аумақтық қызмет көрсету аймақтарымен қорға жыл сайын 15 қарашадан кешіктірмей ұсынылған МСАК ұйымдарының тізімінен тұратын (бұдан әрі - бөлу туралы бұйрық), облыстар, республикалық маңыздағы қалалар мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының (бұдан әрі - денсаулық сақтау басқармалары) шешімінің негізінде көрсетілген ұйымдар орналасқан аумақтық қызмет көрсету аймағында МСАК ұйымдарына бекітіледі.

      6. Бекіту науқаны кезеңінде МСАК ұйымына еркін таңдау құқығын пайдаланбаған тұлға алдыңғы жылы қызмет көрсетілген МСАК ұйымына бекітіледі.

      Бұрынғы МСАК ұйымында келесі жылға медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жасасқан шарты болмаған жағдайда денсаулық сақтау басқармаларының қорға жыл сайын 20 қарашадан кешіктірмей ұсынылатын бөлу туралы бұйрықтың негізінде қабылданған өңірлік комиссияның шешімі бойынша медициналық көмектің аумақтық қолжетімділігін ескере отырып, МСАК ұйымына бекітіледі.

      Денсаулық сақтау субъектілерін таңдау және олардың арасында медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру жөніндегі өңірлік комиссия (бұдан әрі - өңірлік комиссия) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген) көзделген тәртіппен құрылады.

      7. Осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген тұлғаларды бекітуді қордан өңірлік комиссияның шешімін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындалатын, денсаулық сақтау жүйесінің (электрондық денсаулық сақтаудың) ақпараттық инфрақұрылымы мен медициналық статистиканы жетілдіруге байланысты қызметті жүзеге асыратын және құқық қатынастарына түсетін ұйым (бұдан әрі - ақпараттандыру ұйымы) қамтамасыз етеді.

2-тарау. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту тәртібі

      8. МСАК ұйымына бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірліктегі басқа аумақта орналасқан жақын жердегі МСАК ұйымына бекітілетін шекаралас аумақтарда тұратын тұлғаларды қоспағанда, МСАК ұйымын еркін таңдау құқығын ескере отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) жүзеге асырылады.

      МСАК маманын еркін таңдауы учаскедегі бекітілген халықтың санын есепке ала отырып, бекітілген жері бойынша МСАК ұйымының шегінде жүзеге асырылады (МСАК маманына бекітілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек субъектісімен халыққа қызмет көрсету бөлігінде).

      9. Бекіту "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Бекіту негіздемелері:

      1) тұрақты немесе уақытша тұратын жерін бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге бір айдан асатын мерзімге шыға отырып немесе бір әкімшілік-аумақтық бірліктің ішінде өзгерту;

      2) МСАК ұйымдарын бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) еркін таңдауын жүзеге асыру;

      3) қордың бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында бекіту науқанын (бұдан әрі - бекіту науқанын) жүргізу;

      4) сақтандырушы мен сақтандыру ұйымының арасында жасалған ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша (бұдан әрі - ЕМС шарты), оның шеңберінде МСАК ұйымы сақтандырылған тұлғаға медициналық қызмет көрсетеді;

      5) өңірлік комиссия айқындаған бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) МСАК ұйымына келіспеу;

      6) МСАК ұйымының азаматтарға МСАК көрсетуден бас тарту, сондай-ақ қордың көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғатын оны қайта ұйымдастыру, тарату;

      7) медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер МСАК ұйымдарына медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастырмау;

      8) жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау ұйымдарының пайда болуы;

      9) жекешелендіру арқылы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын МСАК ұйымын иеліктен шығару.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Осы Қағидалардың 10-тармағының 1) - 5) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша МСАК ұйымдарына бекіту тұлғалардың бекітуге өтінішті беруі арқылы жүзеге асырылады.

      12. Бекіту науқаны кезінде МСАК ұйымына бекітілген тұлғалар қормен қызметтерді сатып алу шартын жасасқан жағдайда келесі жылғы 1 қаңтардан бастап МСАК алады.

      13. Осы Қағидалардың 10-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген тұлға ЕМС шарты шеңберінде медициналық көмек көрсететін МСАК ұйымынан МСАК алады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. МСАК ұйымдары тұратын жері бойынша бекітілген тұлғаларды МСАК көрсету тоқтатылғандығы туралы:

      1) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзған немесе өзгерткен күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын;

      2) МСАК ұйымын қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік екі күннің ішінде;

      3) қордың медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастырмайтындығы туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік екі күннің ішінде жазбаша хабардар етеді.

      "Бекітілген халықты тіркеу" ақпараттық жүйесінде телефон нөмірі (электрондық поштаның мекенжайы) болған кезде, МСАК ұйымы халықты МСАК көрсету тоқтатылғандығы туралы хабарлама жолдау арқылы хабардар етеді.

      15. Осы Қағидалардың 10-тармағының 6)-9) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша МСАК ұйымдарына тұлғаларды бекітуді бөлу туралы бұйрықтың негізінде қабылдаған өңірлік комиссияның хаттамасын қордан алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ақпараттандыру ұйымы жүзеге асырады.

      Бөлу туралы бұйрықты денсаулық сақтау басқармалары қорға жыл сайын 20 қарашаға дейін жібереді және қор мен денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Адамдарды өңірлік комиссия хаттамасының негізінде МСАК ұйымдарына бекіткеннен кейін МСАК ұйымдары бекітілген тұлғаларды олардың тұрғылықты жері бойынша жазбаша хабардар етеді. "Бекітілген халықты тіркеу" ақпараттық жүйесінде телефон нөмірі (электрондық поштаның мекенжайы) болған кезде, МСАК ұйымы тұлғаларды хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

      Өңірлік комиссия айқындаған МСАК ұйымына келіспеген жағдайда, тұлға осы Қағидалардың 10-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша бекітуді өзгертуге өтініш береді.

      16. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде МСАК көрсететін жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға бекіту осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.