Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.09.2020 № ҚР ДСМ-108/2020 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 89) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі |
Т. Дүйсенова |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев _______________
2015 жылғы 29 мамыр
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21сәуірдегі № 367 бұйрығымен бекітілген |
Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2020 № ҚР ДСМ-7/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Аурулар | АХЖ 10 кодтары |
1 | Туберкулез | A15-A19; |
2 | Адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру | B20-B24; |
3 | Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы | В18.0, В18.1, В18.2, В18.8, В19, К74; |
4 | Қатерлі ісіктер | С00-97; D00-09; D37-48; |
5 | Қант диабеті | E10-E14; |
6 | Психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы | F00-F99; |
7 | Балалардың церебралдық параличі | G80; |
8 | Миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай) | I21, I22, I23; |
9 | Ревматизм | I00-I02; I05-I09; M12.3; M35.3; |
10 | Дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары | M30-M36; |
11 | Нерв жүйесінің дегенерациялық аурулары | G30-G32; |
12 | Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары | G35-G37; |
13 | "Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 370 бұйрығымен айқындалған орфандық аурулар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11511 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған) | В55, D56, D56.0-D56.2, D56.4, D57, D57.0-D57.2, D59.5, D61.9, D69.3, D76.0, D80-D84, Е53.1, E74.0, E75.2, E76.0- E76.2, E80.2, E83.0, Е84.8, E85.0, Е88.0, G12.2, G35, G40.4, G93.4, J84, J84.0, J84.1, J84.8, J84.9, I27.0, K50, K51, L10, L13.0, M08.2, М30.3, М31.3, M31.4, М31.8, М32.1, М33, М33.2, M35.2, Q78.0, Q80, Q81 |
Айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі
№ | Аурулар | АХЖ-10 кодтары |
1 | Адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауру (АИВ) | B20-B24; |
2 | Геморрагиялық қызба | А90-А99; |
3 | Дифтерия | А36; |
4 | Менингококтік жұқпа | А39; |
5 | Полиомиелит | А80; |
6 | Мерез | А50-А53.9 |
7 | Алапес | А30; |
8 | Безге к | В50-54; |
9 | Күйдіргі | А22; |
10 | Туляремия | А21; |
11 | Туберкулез | А15.0- А19; |
12 | Тырысқақ | А00; |
13 | Оба | А20; |
14 | Іш сүзегі | A01.0. |
15 | Жіті вирустық гепатит | В 15; 16; 17; |
16 | Психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы | F06.0-F06.3, F06.8-F07.9, F10.2-F10.8, F11.2-F11.8, F12.2-F12.8, F13.2-F13.8, F14.2-F14.8, F15.2-F15.8, F16.2-F16.8, F18.2-F18.8, F19.2-F19.8, F20.0-F20.2, F22, F30.2, F31.2, F31.4-F31.5, F32.2-F32.3, F33.2-F33.3, F60.0-F60.3, F70-F79, F91.1-F91.3; |
17 | Анықталмаған локализациядағы коронавирустық инфекция | В 34.2 |