Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.12.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г.Марченко |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысымен бекітілген |
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық
портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді
басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және брокерлік және дилерлік қызметті (бұдан әрі – брокер және (немесе) дилер), инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті (бұдан әрі – Басқарушы) жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейді.
Қағидаларда көзделген, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдау үшін пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге, сондай-ақ Басқарушы қызметін автоматтандыруға қойылатын талаптар Басқарушы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған тиісті келісім негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық ресурстарын пайдалану кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.12.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Қағидалардың мақсаты брокерде және (немесе) дилерде, Басқарушыда тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыруға қойылатын талаптарды айқындау болып табылады.
Қағидалардың 42-тармағы 3) тармақшасының, 43-тармағы 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының, 46, 48, 54, 55, 56 және 57-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымын сенімгерлікпен басқаруға берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқаруға қатысты қолданылмайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 7 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Брокер және (немесе) дилер, Басқарушы үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі мыналарды қамтиды:
1) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын негізгі талаптар;
2) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі құжаттарына қойылатын талаптар;
3) инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің активтерін және брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтерін басқару қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
4) Басқарушының және Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық комитетінің қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5) Басқарушының және Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық қызметі барысында тәуекелдерге мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
6) брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының қызметі барысында тәуекелдерге мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
7) ішкі бақылауды және ішкі аудитті ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
8) ақпарат алмасу жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
9) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдау үшін пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
3. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19632 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастырады.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары тәуекелдерді басқару жүйесін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17462 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысына сәйкес қалыптастырады.
Қағидалардың талаптары "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарына сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен қалыптастырылған активтерге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі, сондай-ақ осындай активтерге қатысты ұсынымдар мен инвестициялық шешімді жасау және олардың мазмұнының тәртібі бөлігінде қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 90 (01.10.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.4. Брокер және (немесе) дилер немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушы, осы тапсырысты орындау үшін клиенттің брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының банк және (немесе) жеке шотында ақшаның және (немесе) бағалы қағаздың жеткілікті саны болмаған кезде клиенттік тапсырыстарды орындаған жағдайда Қағидалардың 11-тармағы 3) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарында, 15-тармағының 9) және 10) тармақшаларында, 28-тармақтың екінші бөлігінің бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарында, 29 және 30-тармақтарында, 68-тармақтың 2), 8), 9) тармақшаларында, 73, 74, 76, 77, 78, 79 және 80-тармақтарында белгіленген талаптарды орындайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органы (брокер және (немесе) дилер үшін акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған қадағалау кеңесі (бұдан әрі – қадағалау кеңесі) және атқарушы органы тәуекелдерді басқару жүйесінің Қағидалардың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді және брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бөлімшелері мен қызметкерлеріне тәуекелдерді басқару саласында өздеріне жүктелген міндеттерін орындау үшін жағдай жасайды.
6. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ашық валюталық позиция - жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы талаптардың (міндеттемелердің) сол шетел валютасындағы міндеттемелерден (талаптардан) асып кетуі;
2) баға тәуекелі - қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін қаржы нарықтарындағы жағдайлар өзгерген жағдайда туындайтын шығыстардың (зиянның) туындау тәуекелі;
3) клиенттердің Басқарушы инвестициялық басқаруға қабылдаған активтері:
қабылдаған жеке және заңды тұлғалардың Басқарушы инвестициялық (сенімгерлік) басқаруға қабылдаған ақшасы, бағалы қағаздары, қаржы құралдары және өзге мүлкі;
инвестициялық қордың Басқарушы басқаруға қабылдаған активтері;
ерікті жинақтаушы зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар Басқарушының басқаруындағы зейнетақы активтері;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 35-1-бабына сәйкес Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері (бұдан әрі - сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері);
4) бедел тәуекелі - жағымсыз қоғамдық пікір немесе брокерге және (немесе) дилерге, Басқарушыға деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (зиянның) туындау тәуекелі;
5) бэк-тестинг - тарихи деректерді пайдалану арқылы және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;
6) валюталық тәуекел - шетел валюталары бағамдарының өзгеруіне байланысты шығыстардың (зиянның) туындау тәуекелі. Шығыстардың (зиянның) қауіптілігі құндық мәніндегі валюталар бойынша позицияларды қайта бағалаудан туындайды;
7) гэп-позиция - клиент активтерінің және осы міндеттемелердің орындалу мерзімдеріне қарай клиенттің инвестициялық басқаруға не брокерлік қызмет көрсетуге берілген активтері бойынша міндеттемелердің арасындағы айырма немесе брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті өтімді активтерінің және міндеттемелердің орындалу мерзімдеріне қарай осы міндеттемелерінің арасындағы айырма;
8) елдің (трансферт) тәуекелі - шет мемлекеттің немесе шет мемлекет резидентiнiң міндеттемелер бойынша төлемге қабiлетсiздiгi немесе жауап беру ниетiнiң болмауы салдарынан шығыстардың (зиянның) туындау тәуекелі;
9) ішкі аудит қызметі - негізгі функциясы брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасау болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бөлімшесі;
10) ішкі бақылау жүйесі - брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының рентабельдіктің ұзақ мерзімді мақсаттарын және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және инвестициялық қорлар туралы заңнамасын, брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының саясатын, ішкі қағидалар мен рәсімдерді сақтауға, брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының зиян тәуекелін немесе бедел тәуекелін төмендетуге мүмкіндік беретін қаржылық және басқарушылық есептіліктің сенімді жүйесін қолдауды іске асыруын қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың рәсімдері мен саясатының жиынтығы;
11) ішкі құжаттар - брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының, олардың органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының, өкілдіктерінің), қызметкерлерінің қызметі талаптарын және тәртібін реттейтін құжаттар;
12) корпоративтік басқару - ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің (қатысушыларының) құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының жоғарғы органының, басқару органының (қадағалау кеңесінің), атқарушы органының және өзге де органдарының арасындағы өзара қарым-қатынастар кешенін білдіретін және акционерлерге (қатысушыларға) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жасауға мүмкіндік беретін брокерді және (немесе) дилерді, Басқарушыны стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі;
13) кредиттік тәуекел - бағалы қағазды шығару талаптарымен белгіленген мерзімде инвесторға тиесілі негізгі борышты және сыйақыны эмитенттің төлемеуі немесе уақтылы төлемеуі салдарынан, сондай-ақ своптар, опциондар, форвардтар мен кредиттік тәуекелге ұшыраған өзге де қаржы құралдары бойынша және осы бағалы қағаздар мен қаржы құралдары бойынша есеп айырысуларды реттеу кезеңінде контрәріптестің міндеттемелерді орындамауына байланысты не контрәріптестің немесе клиенттің шартта көзделген немесе мәміле жасау барысында туындайтын өздерінің міндеттемелерін орындамауы немесе уақтылы орындамауы салдарынан туындайтын залал тәуекелін қамтитын шығыстардың (зиян) туындау тәуекелі;
14) контрәріптес - клиенттердің активтері және (немесе) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтері есебінен қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді жасау барысында брокерге және (немесе) дилерге, Басқарушыға қызмет көрсететін, осы заңды тұлға аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген мемлекеттің заңнамасына сәйкес алынған қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға құқық беретін лицензиясы не рұқсаты бар заңды тұлға;
15) құқықтық тәуекел - брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және инвестициялық қорлар туралы заңнамасының, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен қатынастарда – басқа мемлекеттер заңнамасының талаптарын бұзуы не брокер және (немесе) дилер, Басқарушы практикасының олардың ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі салдарынан шығыстардың (зиянның) туындау тәуекелі;
16) меншікті активтерді инвестициялау саясаты - инвестициялау объектілерінің тізбесін, брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегиясын, талаптарын және шектеулерін, меншікті активтерді хеджирлеу мен әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат;
17) мүдделер қайшылығын басқару - брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының лауазымды тұлғасының немесе қызметкерінің мүдделері олардың шешімдер қабылдауының және міндеттерін орындауының объективтілігі мен тәуелсіздігіне ықпал етуі, сондай-ақ олардың брокер және (немесе) дилер, Басқарушы клиенттерінің және (немесе) брокер және (немесе) дилер, Басқарушы акционерлерінің мүдделерінде әрекет жасау міндеттемесімен қайшы келуі мүмкін жағдайларды болдырмау тетіктерін жасау;
18) нарықтық тәуекел - қаржы нарықтарындағы қолайсыз жағдайға байланысты шығыстардың (зиянның) туындау тәуекелі. Нарықтық тәуекелдің макроэкономикалық сипаты бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері нарықтық тәуекелдердің дереккөздері болып табылады;
19) операциялық тәуекел - ішкі процестерді жүзеге асыру, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың жұмыс жасауы барысында қызметкерлер тарапынан жол берілген кемшіліктердің немесе қателіктердің нәтижесінде, сондай-ақ:
жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік пен басқару құрылымын қоса алғанда, брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының анық емес және тиімсіз ұйымдастыру құрылымына;
ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегияларына, саясатына және (немесе) стандарттарына, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктеріне;
шындыққа сай келмейтін ақпаратқа не оны тиісінше пайдаланбауға;
қызметкерлерді тиімсіз түрде басқаруға және (немесе) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының білікті емес штатына;
брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметін жүзеге асыру процесінің жеткілікті түрде тиімді құрылмауына не ішкі қағидалардың сақталуына нашар бақылау жасалуына;
брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметіне сыртқы ықпалдың болжанбаған немесе бақыланбайтын факторларына;
брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметін реттейтін ішкі құжаттарда (қағидаларда) кемшіліктердің немесе қателердің болуына;
брокер және (немесе) дилер, Басқарушы басшылығының және қызметкерлерінің клиенттік база ауқымының тарылуына, клиенттердің және (немесе) контрәріптестердің брокерге және (немесе) дилерге, Басқарушыға деген сенімсіздігіне немесе оны жағымсыз қабылдауына алып келген кәсіби емес іс-әрекеттеріне байланысты тәуекелдер кіретін сыртқы оқиғалар салдарынан шығыстардың (зияндардың) туындау тәуекелі;
20) өтімділікті жоғалту тәуекелі - міндеттемелердің орындалмау не уақтылы орындамау ықтималдығына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретінде өтімділігін жоғалту тәуекелі олардың төмен шығындарымен және қолайлы бағалары бойынша тез сатылу мүмкіндігімен айқындалады;
21) пайыздық тәуекел - сыйақы мөлшерлемелерінің қолайсыз өзгеруі салдарынан шығыстардың (зияндардың) туындау тәуекелі, оған:
орналастырған активтер мен тартылған міндеттемелерді (белгіленген сыйақы мөлшерлемелері кезінде) қайтару және өтеу мерзімдерінің сәйкес келмеуінен шығыстардың (зияндардың) туындауына;
өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаттамасы болатын бірқатар құралдар бойынша алынатын және төленетін сыйақыны есептеу мен түзетудің түрлі әдiстерiн қолдануға байланысты (негізгі тәуекел) тәуекелдер кіреді;
22) стресс-тестинг - заңды немесе жеке тұлғаның қаржылық жағдайына ерекше, бірақ заңды немесе жеке тұлғаның қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың ықтимал әсер етуін өлшеу әдістері;
23) тәуекелдерді басқару жүйесі – төрт негізгі элемент: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекелді мониторингтеу кіретін процесс;
24) төлем қабілетсіздігі тәуекелі - брокермен және (немесе) дилермен немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушымен брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасасқан клиенттің мәміле жасау нәтижесінде туындаған ақша және (немесе) бағалы қағаздарды жеткізу бойынша міндеттемелерді орындамау тәуекелі;
25) форс-мажор жағдайы - төтенше және еңсерілмейтін (осы жағдайлар кезінде) оқиға (дүлей күш);
26) "stop-loss" лимиттері - қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша шығынның жол берілетін шекті деңгейі;
27) "take profit" лимиттері - қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістердің жол берілетін шекті деңгейі;
28) VAR (Value at Risk) моделі - берілген уақыт кезеңі ішінде берілген ықтималдық дәрежесімен инвестициялық портфельдің белгілі бір позициялары бойынша ең жоғары ықтимал шығындарын сипаттайтын модель.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Брокерлер және (немесе) дилерлер, Басқарушылар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау жөніндегі есепті ұсынады, ол:
1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың толық тізбесін;
2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкессіздігін) дербес бағалауды;
3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда түзетілуге тиіс кемшілікті, кемшілікті жою үшін қажетті іс-шараларды, жауапты адамдарды және іс-шараларды орындаудың нақты мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қамтиды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7-1. Уәкілетті орган брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау шеңберінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) тәуекелдерді басқару жүйесін бағалауда формальды түрде регламенттелген рәсімдер мен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау емес, тәуекелдерді өлшеу және бағалау, мониторингі, бақылау және барынша азайту тетігі болып табылатын негіздің нысаннан басым болуы;
2) қабылданған бизнес модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне негізге ала отырып және өзіне қабылданатын тәуекелдерге байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қарай шараларды қолдану кезіндегі барабарлық.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының қызметі ұшыраған тәуекелдер бойынша стресс-тестинг Басқарушының және Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтері және инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің активтері бойынша кемінде жарты жылда бір рет есептеледі.
Брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының қызметі ұшыраған тәуекелдер бойынша стресс-тестинг нәтижелері Басқарушының және Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына сәйкес ресімделеді және мынадай ақпаратты қамтиды:
стресс-тест сценарийінің сипаттамасы;
таңдалған стресс-тест сценарийін негіздеу;
стресс-тестинг нәтижелері бойынша ұсыныстар.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
9-1. Басқарушы, Басқарушы болып табылатын брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 8-тармағында жазылған ақпаратты қағаз тасымалдағышта және (немесе) деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін электрондық құжат нысанында резервтеуді және сақтауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.2-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына базалық талаптар
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Брокерде және (немесе) дилерде, Басқарушыда тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы брокер және (немесе) дилер, Басқарушы қызметінің корпоративтік басқару, лицензияланатын қызмет түрі шеңберінде операциялар жүргізу практикасының, активтер мен міндеттемелерді басқару практикасының болуы, ақпараттық жүйелердің және басқару ақпараты жүйелерінің жұмыс істеуі жөніндегі талаптарға сәйкес келуін көздейді.
11. Брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметінің мынадай бағыттарын қамтиды:
1) бағалы қағаздар нарығының негізгі көрсеткіштеріне тұрақты талдау жүргізу және макро - және микроэкономикалық факторлардың әсер етуін ескере отырып, олардың өзгерістерін болжау;
2) меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу және бекіту;
3) клиенттермен жұмыс істеуді ұйымдастыру тәртібін айқындау, оған:
клиенттік тапсырыстардың уақтылы қабылдануы мен орындалуын қамтамасыз ететін рәсімдер;
клиенттердің шағымдары мен өтініштерінің мәні бойынша белгіленген мерзімде қаралуын қамтамасыз ететін рәсімдер;
клиенттер активтерінің және (немесе) меншікті активтердің есебінен мәмілелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін рәсімдер;
клиенттер активтерін есепке алудың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және бухгалтерлік есеп туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ететін рәсімдер;
сыйақыны анықтау және есептеу тәртібінің дұрыстығын тексеруді жүргізу тәртібі;
клиенттердің қаражатын заңсыз пайдалану жағдайларын болдырмауға бағытталған рәсімдер;
клиенттердің қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттілігінің мониторингі мен талдау рәсімдері;
бір клиентке тәуекелдерді есептеу тәртібі;
төлем қабілетсіздігінің тәуекелдерін шектеуге бағытталған рәсімдер кіреді;
4) брокерді және (немесе) дилерді басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымын құру;
5) ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеу және бекіту;
6) брокердің және (немесе) дилердің мүдделі органдарына және бөлімшелеріне шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты ұсыну;
7) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында және меншікті активтерді инвестициялау саясатында белгіленген талаптардың сақталуына мониторинг жасау;
8) брокердегі және (немесе) дилердегі іс жүзіндегі және әлеуетті мүдделер қайшылығын басқару.
12. Басқарушының тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметінің мынадай бағыттарын қамтиды:
1) бағалы қағаздар нарығын қосқандағы қаржы нарығы көрсеткіштерінің болжамдық мәндерін ескере отырып, инвестициялық мүмкіндіктерге тұрақты түрде талдау жүргізу және осы талдау негізінде инвестициялық шешімдер қабылдауға ұсынымдар дайындау;
2) клиенттердің және инвестициялық қорлардың басқаруға қабылданған активтері жөніндегі инвестициялық декларацияны, жеке және заңды тұлғалар клиенттерінің активтерін басқару саясатын, меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу және бекіту;
3) инвестициялау лимиттерін, "stop-loss", "take-profit" лимиттерін, шығындардың жол берілетін ең жоғары мөлшерін және гэп-позицияны белгілеу;
4) клиенттердің басқаруға қабылданған активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау;
5) меншікті активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау;
6) инвестициялау барысында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және инвестициялық қорлар туралы заңнамасында, клиенттердің және инвестициялық қорлардың басқаруға қабылданған активтері жөніндегі инвестициялық декларацияда, жеке және заңды тұлғалар клиенттерінің активтерін басқару саясатында және меншікті активтерді инвестициялау саясатында белгіленген талаптардың сақталуына мониторинг жасау;
7) мыналар қамтылатын клиенттермен жұмыс істеуді ұйымдастыру тәртібін айқындау:
клиенттердің шағымдары мен өтініштерінің мәні бойынша белгіленген мерзімде қаралуын қамтамасыз ететін рәсімдер;
клиенттер активтерін есепке алудың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және бухгалтерлік есеп туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ететін рәсімдер;
сыйақыны анықтау және есептеу тәртібінің дұрыстығына тексеру жүргізу тәртібі;
клиенттердің активтерін заңсыз пайдалану жағдайларын болдырмауға бағытталған рәсімдер кіреді;
8) клиенттердің басқаруға қабылданған активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің ықтимал шығындарға ұшырағыштығына стресс-тестинг жүргізуді жүзеге асыру;
9) меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің ықтимал шығындарға ұшырағыштығына стресс-тестинг жүргізуді жүзеге асыру;
10) Басқарушыны басқарудың ұйымдастыру-функционалдық құрылымын жасау;
11) ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеу және бекіту;
12) Басқарушының мүдделі органдарына және бөлімшелеріне шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты беру;
13) Басқарушыдағы іс жүзіндегі және потенциалды мүдделер қайшылығын басқару.
13. Ерікті жинақтаушы зейнетақы жарналарын тарту құқығымен Басқарушының тәуекелдерді басқару жүйесі Қағидалардың 12-тармағында санамаланған бағыттардан өзге оның қызметінің мынадай бағыттарын қамтиды:
1) зейнетақы активтері жөніндегі инвестициялық декларацияны әзірлеу және бекіту;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында және зейнетақы активтері жөніндегі инвестициялық декларацияда белгіленген талаптардың сақталуына мониторинг жасау.
14. Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерді басқару жүйесі қызметінің Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында аталған бағыттарын қамтиды.
3-тарау. Брокердің және (немесе) дилердің және Басқарушының ішкі құжаттарына талаптар
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
15. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі құжаттарына:
1) брокерді және (немесе) дилерді, Басқарушыны басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ереже;
2) ұзақ мерзімді кезеңге стратегиялық жоспарлау және қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерге жылдық бюджетті (қаржылық жоспарды) жасау тәртібі;
3) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының корпоративтік стратегиясы;
4) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының есеп саясаты;
5) Басқарушы клиенттерінің активтерін инвестициялау саясаты;
6) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтерін инвестициялау саясаты;
7) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының тәуекелдерді басқару саясаты;
8) қарсы серіктестер мен клиенттерге талдау және мониторинг жасауды жүзеге асыру рәсімдері;
9) клиенттердің қаржылық жағдайын және ранжирлеуді бағалау тәртібі;
10) төлем қабілетсіздігінің тәуекелдерін шектеудің тәртібі мен талаптары;
11) маржалық мәмілелерді жасау тәртібі (егер брокер және (немесе) дилер, Басқарушы маржалық мәмілелер жасау бойынша қызмет көрсету туралы шешім қабылдаған жағдайда);
12) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары;
13) қаржылық қызметтерді көрсету үшін сыйақы есептеу және есепке алу қағидалары;
14) ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыру рәсімдері;
15) іс жүзіндегі және әлеуетті мүдделер қайшылығын басқару саясаты;
16) есепке алу журналдарын жүргізу қағидалары;
17) қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық;
18) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органы (қадағалау кеңесі) белгілеген өзге де құжаттар кіреді.
Осы тармақтың 8), 9), 10), 11) тармақшалары брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушыға қолданылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының атқарушы органы бекітетін Қағидалардың 15-тармағының 1) және 16) тармақшаларында көзделген ішкі құжаттарын қоспағанда, Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі құжаттары жеке құжат ретінде жасалады не брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқа да ішкі құжаттарының құрамына кіргізіледі, олар брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының тәуекелдерін басқаруды жүзеге асыратын брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бөлімшесімен келісілгеннен кейін брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органымен (қадағалау кеңесімен) бекітіледі.
17. Брокерді және (немесе) дилерді, Басқарушыны басқарудың ұйымдастыру-функционалдық құрылымы туралы ережеде мыналар айқындалады:
1) брокер және (немесе) дилер, Басқарушы бөлімшелерінің немесе тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын, брокер және (немесе) дилер, Басқарушы жүргізген операциялармен байланысты негізгі тәуекелдерді тәуелсіз бағалауға және талдауға жауап беретін тұлғаның өкілеттіктері мен міндеттері;
2) органдардың функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін құрылымын;
3) органдардың, бөлімшелердің, филиалдар мен өкілдіктердің, қызметкерлердің арасындағы өзара іс-әрекет жасау тәртібінің сипаттамасы;
4) органдардың, бөлімшелердің, филиалдар мен өкілдіктердің функцияларының, міндеттері мен өкілеттіктерінің сипаттамасы кіретін ережелер, сондай-ақ брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының жоғарғы органына және басқару органына (қадағалау кеңесіне) есептілікті және ақпаратты ұсыну нысандары мен мерзімдері. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының жоғарғы органына және басқару органына (қадағалау кеңесіне) ұсынылатын ақпарат тізбесі брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының органдарына олардың функционалдық міндеттерін тиісінше орындауы үшін жеткілікті ақпарат көлемін ұсыну қажеттілігі ескеріліп жасалады;
5) қызметкерлердің қызметтік нұсқаулықтары;
6) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ұйымдастыру құрылымында қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға екі және одан да көп лицензияға ие, әрбір қызмет түрі бойынша жекелеген бөлімшелердің болуын және бөлімшелердің бірінің қызметкерлеріне басқа бөлімше қызметкерлерінің функциялары мен міндеттерін орындауды жүктеуге жол бермеу;
7) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің және ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқа бөлімшелерінің функцияларын жүктеуге жол бермеу;
8) бөлімшелердің және қызметкерлердің есепті кезең ішіндегі қызметінің тиімділігін бағалау тәртібі, оның ішінде оларға жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалмағаны (сапалы немесе уақтылы орындалмағаны) үшін шаралар қолдану.
18. Ұзақ мерзімді кезеңге стратегиялық жоспарлау және қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерге жылдық бюджетті (қаржылық жоспарды) жасау тәртібі, сондай-ақ брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының корпоративтік стратегиясы брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметіне әсер ететін объективті макро- және микроэкономикалық факторларды ескеру мақсатында жасалады және қайта қаралады.
Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ұзақ мерзімді стратегиясы брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметіне осының алдында жағымсыз әсер еткен факторларды болдырмау мақсатында жасалады және әрдайым жетілдіріліп отырады.
Корпоративтік стратегия брокер және (немесе) дилер, Басқарушы қызметінің қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) мақсаттарын, маркетинг жоспарларын айқындайды.
19. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес жасалады.
20. Басқарушы немесе Басқарушы болып табылатын брокер және (немесе) дилер клиенттерінің активтерін инвестициялау саясаты клиенттердің активтерін басқару қызметін жүзеге асырудың талаптары мен тәртібін, клиенттердің активтерін Басқарушының құқықтары мен міндеттерін, клиенттердің активтерін басқару қызметі барысында пайдаланылатын құжаттардың үлгі нысандарын белгілейді және онда мыналар қамтылады:
1) инвестициялық портфельді басқару шартының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және инвестициялық қорлар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін тексеру;
2) Басқарушы клиенттерінің активтері бойынша инвестициялық декларацияны әзірлеу;
3) клиенттер активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін ұсынымдар даярлау, онда мыналар көзделеді:
ұсынымдарды беруге уәкілетті тұлғалар лауазымдарының тізбесі;
клиенттер активтерінің есебінен инвестициялық портфельдің жай-күйіне талдау жасау тәртібі;
инвестициялау болжанып отырған қаржы құралдарының болуына, оларды шығару және айналысқа жіберу талаптары мен олардың кірістілігіне талдау жасау тәртібі;
инвестициялау болжанып отырған қаржы құралдарына байланысты тәуекелдерге талдау жасау тәртібі;
активтерді әртараптандыру нормаларының сақталуына талдау жасау тәртібі;
ұсынымдарды беру үшін маңызды факторларға талдау жасау тәртібі;
4) Басқарушының инвестициялық шешімдер қабылдауға уәкілетті инвестициялық комитеті жұмысының сипаттамасын, отырыстарды өткізу кезеңділігі мен олардың нәтижелерін ресімдеуді қамтитын клиенттердің активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау;
5) органдар мен бөлімшелердің инвестициялық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және орындау барысында өзара іс-әрекет етуі;
6) клиенттер активтерінің қатысуымен мәмілелер жасау және клиенттер активтерінің қатысуымен жасалған мәмілелерге, оның ішінде клиенттер активтерінің заңсыз пайдаланылуын болдырмау мәніне бақылау жасауды жүзеге асыру, активтердің құрамы мен қозғалысын салыстыра тексеруді жүзеге асыру, жасалған мәмілелердің ішкі есебін және құжат айналымын жүргізу, сондай-ақ клиенттер активтерінің қатысуымен мәмілелердің жасалуына бақылауды жүзеге асыратын басшы қызметкерлер лауазымдарының тізбесі;
7) есепке алудың дәйектілігін және клиенттердің шоттарына қаражаттың уақтылы келіп түсуін қамтамасыз ету;
8) клиент активтерін есепке алудың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және инвестициялық қорлар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келу мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету;
9) уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, тиісті органдардың, активтері басқаруға қабылданған клиенттердің алдында клиенттердің инвестициялық портфелін басқару жөніндегі қызметтің нәтижелері туралы есептілікті дайындау;
10) инвестициялық портфельді басқару шарттары бойынша клиенттердің шағымдарын белгіленген мерзімде қарауды, операциялық қателіктер орын алған жағдайда жоғалған инвестицияларды уақтылы қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
11) деректер тұтастығының және ақпарат құпиялылығының қамтамасыз етілуіне ішкі бақылау жасау;
12) клиенттер активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын хеджирлеу;
13) сыйақыны анықтау мен есептеу тәртібі, сондай-ақ осы ақпаратты клиенттерге беру талаптары жөніндегі рәсімдердің сипаттамасы.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.21. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерін инвестициялау саясаты меншікті активтерді басқару қызметін жүзеге асырудың талаптары мен тәртібін, меншікті активтерді инвестициялық басқару қызметі барысында пайдаланылатын құжаттардың үлгі нысандарын белгілейді және онда мыналар қамтылады:
1) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлеу;
2) меншікті қаражат есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы шешімдер қабылдау үшін ұсынымдар дайындау, онда мыналар көзделеді:
ұсынымдарды беруге уәкілетті тұлғалар лауазымдарының тізбесі;
меншікті активтердің есебінен инвестициялық портфельдің жай-күйіне талдау жасау тәртібі;
инвестициялау болжанып отырған қаржы құралдарының болуына, олардың айналымы талаптары мен кірістілігіне талдау жасау тәртібі;
инвестициялау болжанып отырған қаржы құралдарына байланысты тәуекелдерге талдау жасау тәртібі;
активтерді әртараптандыру нормаларының сақталуына талдау жасау тәртібі;
ұсынымдарды беру үшін маңызды факторларға талдау жасау тәртібі;
3) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті қаражаты есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы шешімдер қабылдауға уәкілетті инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасын, отырыстарды өткізу кезеңділігі мен олардың нәтижелерін ресімдеуді қамтитын осындай шешімдерді қабылдау;
4) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің органдары мен бөлімшелерінің меншікті қаражаты есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы шешімдерді әзірлеу, қабылдау және орындау барысында өзара іс-әрекет жасауы;
5) меншікті активтердің қатысуымен мәмілелер жасау және меншікті активтердің қатысуымен жасалған мәмілелердің орындалуына, жүргізілуіне бақылау жасау, активтердің құрамы мен қозғалысын салыстыра тексеруді жүзеге асыру, жасалған мәмілелердің ішкі есебін және құжат айналымын жүргізу, сондай-ақ меншікті активтердің қатысуымен мәмілелердің жасалуына бақылауды жүзеге асыратын басшы қызметкерлер лауазымдарының тізбесі;
6) уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің тиісті органдарының алдында меншікті активтерді басқару жөніндегі қызметтің нәтижелері туралы есептілікті дайындау жөніндегі рәсімдердің сипаттамасы.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.22. Брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерін инвестициялау саясаты меншікті активтерді басқару қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібін, меншікті активтерді инвестициялық басқару қызметі барысында пайдаланылатын құжаттардың үлгі нысандарын белгілейді және онда мыналар қамтылады:
1) брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлеу;
2) брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтеріне қатысты меншікті қаражаты есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы шешімдер қабылдауға қажетті талдау жасау, онда мыналар көзделеді:
меншікті активтер есебінен инвестициялық портфельдің жай-күйіне талдау жасау тәртібі;
инвестициялау болжанып отырған қаржы құралдарының болуына, олардың айналымы мен кірістілігінің талаптарына талдау жасау тәртібі;
инвестициялау болжанып отырған қаржы құралдарына байланысты тәуекелдерге талдау жасау тәртібі;
3) брокердің және (немесе) дилердің меншікті қаражаты есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы шешімдерді алқалық негізде қабылдау;
4) брокердің және (немесе) дилердің органдары мен бөлімшелерінің меншікті қаражаты есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы шешімдерді әзірлеу, қабылдау және орындау барысында өзара іс-әрекет етуі;
5) меншікті активтердің қатысуымен мәмілелер жасау және меншікті активтердің қатысуымен жасалған мәмілелердің орындалуына, жүргізілуіне бақылау жасау, активтердің құрамы мен қозғалысын салыстыра тексеруді жүзеге асыру, жасалған мәмілелердің құжат айналымын және ішкі есебін жүргізу, сондай-ақ меншікті активтердің қатысуымен мәмілелердің жасалуына бақылауды жүзеге асыратын басшы қызметкерлер лауазымдарының тізбесі;
6) брокердің және (немесе) дилердің басқару органы (қадағалау кеңесі) алдында меншікті активтердің инвестициялық портфелін басқару қызметінің нәтижелері туралы есептілікті дайындау жөніндегі рәсімдердің сипаттамасы.
23. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтерін инвестициялау саясаты Қағидалардың 4-тарауының талаптарына сәйкес әзірленеді және бекітіледі.
24. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының тәуекелдерді басқару саясатында мыналар айқындалады:
1) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органы (қадағалау кеңесі) мүшелерінің, атқарушы органы мүшелерінің және жауапты қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері;
2) білімінің және жұмыс стажының болуы жөніндегі талаптарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелместен, тәуекелдерді басқаруды және қаржы нарығындағы лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыратын бөлімшелер қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары;
3) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ағымдағы қаржылық жағдайы мен қызметі және кредиттік, пайыздық, валюталық, ел (трансферт), бедел тәуекелдерін, өтімділікті жоғалту тәуекелін және өзге де белгіленген тәуекелдерді сәйкестендіретін және өлшейтін, тәуекелдерге ұшырау дәрежесін айқындайтын басқару есептілігінің белгілі бір нысандары түрінде қабылданған тәуекелдер туралы ақпарат форматы;
4) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ұйымдастыру құрылымының құрамында брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының өзге де қызметінің түрлерін жүзеге асыруға қатыспайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі жеке бөлімшенің болуы;
5) тізбесі брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі құжаттарында айқындалатын лицензияланатын қызмет түрлері шеңберінде жүзеге асырылатын операцияларды бақылаудың екі деңгейі: операцияны орындайтын қызметкер - бірінші деңгей, операцияны орындайтын қызметкерге бақылау жасайтын тікелей басшы - екінші деңгей;
6) меншікті қаражат және инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы шешімдерді орындауға байланысты транзакциялық шығыстарға талдау жасауды қоса алғанда, осындай қабылданған шешімдерге тұрақты мониторинг жасау және олардың тиімділігін айқындау рәсімдері;
7) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қаржылық жағдайының айтарлықтай нашарлауына және (немесе) өздерінің міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетіне әсер ететін оқиғалар басталған жағдайдағы іс-әрекеттерінің тәртібі;
8) мыналарды айқындалатын брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының операциялық (ағымдағы) қызметін және бухгалтерлік есебін жүзеге асыру тәртібі:
брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бөлімшелер, олардың функциялары, міндеттері мен өкілеттіктері;
операцияларды жүргізудің техникалық тәртібі;
брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бухгалтерлік есебінің жүйесі;
брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының құжат айналымы мен іс қағаздарын жүргізу жүйесі;
брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыру тәртібін бұзу тәуекелдерін болдырмау жөніндегі мынадай рәсімдер:
қаржы құралдарымен жасалған операциялардың есепке алынуын дұрыс жүргізбеу және шынайы көрсетпеу ықтималдығын шектейтін;
операциялар жүргізудің қауіпсіздігін, атап айтқанда кірістермен операциялар жүргізу және меншікті капитал мен кірістердің мөлшеріне тең емес тәуекелді қабылдау кезінде асыра пайдалану жағдайларын анықтауды және болдырмауды қамтамасыз ететін;
электрондық өңдеу жүйесінің үзіліссіз жұмыс істеуін және деректерді электрондық өңдеу жүйесін бақылауды жүзеге асыратын және деректерді өңдеу мәселелеріне жауапты тұлғаларда жұмыс профиліне сәйкес келетін біліктілігі мен тәжірибесінің болуын қамтамасыз ететін;
компьютерлік және телекоммуникация жүйелеріне рұқсатсыз кіруді болдырмауға бағытталған және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінде автоматтандырылған жүйеге кіру және шығу кезінде рұқсат беру деңгейін тексеру жүйесінің болуын болжайтын және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің маңызды кілттерді, оның ішінде деректердің ақпараттық базаларына электрондық кілттерді бақылау жөніндегі жауапкершілігін белгілейтін;
жоспарлы іс-шаралардың, оның ішінде мыналар көзделетін форс-мажор жағдайлары кезіндегі деректер базаларының ақпараттық жүйелерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына бағытталған:
өрт қауіпсіздігі және сейсмикалық тұрақтылық талаптарына жауап беретін ақпараттық деректер базаларының техникалық кешендері үшін оқшауланған үй-жайлардың, автономды электр қоректенудің, резервтік компьютерлердің және желілік коммуникациялардың, жүйелік маңызды бағдарламалық файлдардың және деректер файлдарының резервтік көшірмелерін тұрақты қалыптастырудың болуы;
форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайда өкілеттіктер беру және жауапкершілік;
форс-мажор жағдайлары басталған кезде жүйе жұмысында төтенше іркіліс болған жағдайда компьютерлік орталыққа арналған қағидалар мен нұсқау көзделетін іс-әрекеттерді айқындау;
жабдықтарды тұрақты түрде инспекциялау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің жұмыс туралы есептерді тексеруінің көмегімен іркілістерді болдырмау;
деректерді электрондық өңдеу жүйелерін жоспарлау, әзірлеу және оның жұмыс істеу тәртібін белгілеу.
25. Басқарушының тәуекелдерді басқару саясаты Қағидалардың 24-тармағында белгіленген мәліметтер тізбесіне қосымша мыналарды:
1) лицензияланатын қызмет түріне тән тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, оларға мониторинг және бақылау жасау рәсімдерін, оның ішінде:
болжанатын тәуекел (VAR-модель) бойынша қаржы құралдарын бағалаудың халықаралық практикасын пайдалана отырып тәуекелдерді бағалау әдістемесін;
туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларға тән тәуекелдерді қоса алғанда, тәуекелдерді өлшеу тәртібін, пайдаланылатын тәуекелді өлшеу модельдерінің сипаттамасын;
қаржы құралының құнына әсер ететін тәуекелдерді ескере отырып, оның құнын айқындау рәсімдерін;
2) бақылау жасауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсете отырып, инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттер активтеріне және меншікті активтерге қатысты белгіленген инвестициялау лимиттерінің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін;
3) бақылау жасауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсете отырып, "stop-loss", "take-profit" лимиттерін белгілеу және орындауға бақылау жасау ережелерін;
4) бақылау жасауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсете отырып, инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттер активтері бойынша шығындардың жол берілетін ең жоғары мөлшерін белгілеу және оның орындалуын бақылау ережелерін қоса алғанда, орта және ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық рентабельдіктің тұрақты көрсеткіштерін қолдау мақсатында инвестициялық портфельді құрылымдау рәсімдерін;
5) инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттер активтері мен меншікті активтерді инвестициялауға байланысты тәуекелдер үдеген жағдайда, инвестициялық декларацияға өзгерістер енгізуге бастамашы болу және инвестициялау лимиттерін, "stop-loss" және "take-profit" лимиттерін қайта қарау тәртібін;
6) инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттер активтері және (немесе) меншікті активтер есебінен мәмілелерді жасау және инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттер активтерін және (немесе) меншікті активтерді есепке алу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелердің мәмілелерді жасау және жасалған мәмілелерді есепке алуда көрсету жөніндегі функционалдық міндеттерді бөлуге негізделген қызметіне бақылау жасау жүйесін айқындайды. Бақылау жасау жүйесі:
тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің жасалуы жоспарланып отырған мәмілелер параметрлерінің инвестициялау лимиттеріне сәйкес келуін бақылау жөніндегі функциясын белгілеуді;
құқықтық қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыратын бөлімшенің жасалатын мәмілелер бойынша шарттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізу жөніндегі функциясын белгілеуді;
инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттер активтері және (немесе) меншікті активтер есебінен мәмілелер жасауды жүзеге асыратын бөлімшенің тек қана инвестициялық шешімде көрсетілген параметрлерге сәйкес мәмілелер жасау жөніндегі функциясын белгілеуді;
инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттер активтері және (немесе) меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есепке алуды жүзеге асыратын бөлімшенің орындалған мәмілелер параметрлерінің меншікті қаражаты және клиенттердің активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы шешімдердің талаптарына сәйкес келуін бақылау жөніндегі функциясын белгілеуді;
инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттер активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есепке алуды жүзеге асыратын бөлімшенің клиенттер активтерін заңсыз пайдалану жағдайларын болдырмауға бақылау жасау жөніндегі функциясын белгілеуді;
бақылау жүйесіне қатысушылардың арасындағы сөз байласу мүмкіндігін шектейтін шаралардың болуын көздейді.
26. Брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерді басқару саясаты Қағидалардың 24-тармағында белгіленген мәліметтер тізбесіне қосымша мыналар көзделетін қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелердің қызметіне бақылау жасау жүйесін айқындайды:
құқықтық қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыратын бөлімшенің жасалатын мәмілелер бойынша шарттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізу жөніндегі функциясын белгілеу;
клиенттер активтері және (немесе) меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасауды жүзеге асыратын бөлімшенің клиенттің бұйрығында және (немесе) меншікті қаражаты және клиенттердің активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы шешімде көрсетілген параметрлерге сәйкес мәмілелер жасау жөніндегі функциясын белгілеу;
функционалдық міндеттерді бөлуге, атап айтқанда, қаржы құралдарымен мәмілелерді жасайтын бөлімше мен осы операцияларды есепке алумен айналысатын бөлімше арасында функционалдық міндеттерді бөлуге негізделген қаржы құралдарын сатып алу-сату жөніндегі операцияларды жасаудың дұрыстығына қосарланған бақылау жүргізу тәртібін айқындау.
Қосарланған бақылау жүйесі:
қаржы құралдарымен жасалынған операцияларды есепке алумен айналысатын бөлімшенің орындалған мәмілелер параметрлерінің клиенттің бұйрығында және (немесе) меншікті қаражаты және клиенттердің активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы шешімде көрсетілген талаптарға сәйкес келуіне бақылау жасау жөніндегі функциясын белгілеуді;
қаржы құралдарымен жасалынған операцияларды есепке алумен айналысатын бөлімшенің клиенттердің активтерін заңсыз пайдалану жағдайларының орын алмауына бақылау жасау жөніндегі функциясын белгілеуді;
қосарланған бақылау жүйесіне қатысушылардың арасындағы сөз байласу мүмкіндігін шектеу шараларын;
бір тұлғаның бір мезгілде қаржы құралдарымен мәмілелерді жасайтын бөлімшедегі және көрсетілген операцияларды есепке алуда көрсетумен айналысатын бөлімшедегі міндеттерді атқаруына тыйым салуды көздейді.
27. Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен қоса атқаратын ұйымның тәуекелдерді басқару саясаты Қағидалардың 24-тармағында белгіленген мәліметтер тізбесіне қосымша Қағидалардың 25 және 26-тармақтарында белгіленген рәсімдерді де айқындайды.
28. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қарсы серіктестері мен клиенттеріне талдау және мониторинг жасауды жүзеге асыру рәсімдері әлеуетті қауіптерді сәйкестендіру мақсатында әрбір қарсы серіктес пен клиент туралы ақпарат алу үшін брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қарсы серіктестеріне және клиенттерге олармен іскер қарым-қатынастар орнатқанға дейін (шарт жасасқанға дейін) және одан әрі өзара іс-әрекет жасау барысында кешенді түрде тексеру жүргізуіне бағытталған шаралар кешенін белгілейді. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының өз қарсы серіктестері мен клиенттерін кешенді түрде тексеруіне мынадай шараларды жүзеге асыру кіреді:
іскер қарым-қатынастардың болжанатын мақсаттары мен сипатын белгілеу;
әлеуетті немесе нақты қарсы серіктес немесе клиент болып табылатын тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет мәліметтерді тіркеу;
брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының алдындағы өзінің міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетін айқындау мақсатында қарсы серіктестің төлем қабілеттілігіне мониторинг жүргізу;
брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасаған клиенттердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу және талдау жасау;
клиенттер сенімділігінің (төлем қабілеттілігінің) дәрежесін айқындау көзделетін санаттар бөлігінде брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасасқан клиенттерді ранжирлеу;
мәмілелер көлемі бойынша бір қарсы агентке лимиттер белгілеу арқылы клиенттер тарапынан төлем қабілетсіздігінің тәуекелі болған жағдайда клиенттік активтер есебінен мәміле жасау мүмкіндіктерін шектеу, клиенттердің жеке және (немесе) банктік шоттарындағы бағалы қағаздары және (немесе) ақшасын толық немесе ішінара алдын-ала сақтап қою талаптарын белгілеу немесе брокерлік қызмет көрсету шартымен көзделген өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырудағы клиенттерге қатысты шектеулі маржа деңгейін көтеру.
29. Төлем қабілетсіздігінің тәуекелдерін уақтылы анықтау мақсатында брокер және (немесе) дилер немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушы клиенттердің қаржылық жағдайын бағалау мен ранжирлеу тәртібін әзірлейді және онда мыналар қамтылады:
1) клиенттердің қаржылық жағдайын бағалау үшін пайдаланылатын, оның ішінде Қағидалардың 71-тармағында көрсетілген ақпарат пен көрсеткіштер тізбесі;
2) клиенттердің қаржылық жағдайын бағалау әдістемесі;
3) сенімділілігінің (төлем қабілеттілігінің) дәрежесі жоғары клиенттер санатынан бастап және сенімділілігінің (төлем қабілеттілігінің) дәрежесі төмен клиенттер санатымен аяқтай отырып, клиенттер сенімділігінің (төлем қабілеттілігінің) дәрежесін айқындау көзделетін санаттар бөлігінде клиенттерді ранжирлеу әдістемесі;
4) брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының атқарушы органына клиенттердің қаржылық жағдайын бағалау мен ранжирлеу нәтижелері туралы есептерді ұсыну тәртібі мен кезеңділігі (бірақ жылына бір реттен кем емес).
30. Брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының төлем қабілетсіздігі тәуекелдерін шектеу тәртібі мен талаптары мыналарды қамтиды:
1) төлемге қабілетсіздік тәуекелдерін шектеу мақсатында көзделген, мыналар қамтылатын, бірақ олармен шектелмейтін лимиттердің, шектеулер мен тыйым салулардың тізбесі:
мәмілелер көлемі бойынша бір клиентке шаққандағы лимиттер;
жеке және (немесе) банк шоттарында бағалы қағаздарды және (немесе) клиенттердің ақшасын толық немесе ішінара алдын-ала депонирлеу;
2) клиенттерге қатысты осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген шектеулерді қолданудың тәртібі мен талаптары.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.30-1. Маржалық мәмілелерді жасау тәртібін брокер және (немесе) дилер немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушы әзірлейді және мыналарды айқындайды:
1) клиенттің маржалық мәмілелер жасауға арналған тапсырмаларын орындау тәртібін және талаптарын;
2) клиенттердің әрбір санатына, маржалық мәмілелердің нысанасы болып табылатын қаржы құралдарының түрлеріне және маржалық мәміле жасалатын нарықтарға қатысты маржаның шектеу деңгейін есептеу тәртібін және мәнін;
3) маржалық мәмілелерді жасау кезінде туындайтын тәуекелдерді басқару тәртібін;
4) маржалық мәміле бойынша қамтамасыз ету құны шектеулі және (немесе) ең төменгі рұқсат етілген деңгейден төмендеген жағдайда брокердің іс-қимылы.
Ескерту. 30-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.31. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету және оларды брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының, олардың қызметкерлерінің немесе үшінші тұлғалардың жеке мүдделерінде пайдалануына жол бермеу жөніндегі рәсімдер кіреді.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында мыналар айқындалады:
коммерциялық құпияға жататын, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңмен, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын ақпарат тізбесі;
осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ақпарат қамтылатын құжаттарды жасау, ресімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібі;
осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалардың лауазымдары көрсетіле отырып, осы ақпаратқа рұқсат беру тәртібі;
мыналар көзделетін, осы тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацында көрсетілген ақпараттың жылыстауын және ақпараттық деректердің бұрмалануын болдырмау механизмдері:
шектеулі рұқсаты бар ақпараттық деректер тізбесі;
рұқсат алу тәртібі;
ақпараттық деректерге рұқсатты, ақпараттық деректерге рұқсаты бар тұлғалар лауазымдарының тізбесін бақылау тәртібі;
ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің автоматтандырылған деректер базасын басқару терминалдарын пайдаланушыларға мониторинг жасауды және оларды сәйкестендіруді жүзеге асыруы және пайдаланушының жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жүйемен қамтамасыз етуі арқылы автоматтандырылған деректер базасын басқару терминалдарын рұқсатсыз пайдалануды болдырмау жөніндегі іс-шаралар.
32. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қаржылық қызметтерді көрсеткені үшін сыйақыны есептеу және есепке жазу қағидаларында мыналар айқындалады:
1) брокер және (немесе) дилер, Басқарушы сыйақысының шекті шамалары;
2) сыйақының шамасын өзгерту тәртібі мен жиілігі;
3) сыйақыны есепке жазу тәртібі;
4) брокер және (немесе) дилер, Басқарушы алатын сыйақылар мөлшеріне клиентпен жасасқан шартқа сәйкес шектеулер енгізу талаптары.
33. Ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыру рәсімдерінде мыналар айқындалады:
1) ішкі аудит қызметінің құрамы, оның функциялары, міндеттері мен өкілеттіктері;
2) ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптар;
3) ішкі аудит пен ішкі бақылаудың мәні және объектісі;
4) ішкі аудит қызметінің тексеру жүргізу ауқымы және жиілігі;
5) ішкі аудитті жүргізу кезінде міндетті түрде пайдаланылатын бағалау жүйесі;
6) ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптар;
7) ішкі аудит қызметінің тексеру нәтижелері туралы есептерді брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органына (қадағалау кеңесіне) және атқарушы органына ұсыну мерзімдері және нысаны.
34. Іс жүзіндегі және әлеуетті мүдделер қайшылығын басқару саясатында мыналар қамтылады:
1) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының лауазымды тұлғасының немесе қызметкерінің мүдделері олардың шешімдер қабылдауының және міндеттерін атқаруының объективтілігі мен тәуелсіздігіне ықпал етуі, сондай-ақ олардың брокер және (немесе) дилер, Басқарушы клиенттерінің және (немесе) брокер және (немесе) дилер, Басқарушы акционерлерінің мүдделерінде әрекет жасау міндеттемесімен қайшы келуі мүмкін жағдайларды айқындау;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлар туындаған кездегі брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері қызметінің қағидаттары;
3) брокер және (немесе) дилер, Басқарушы органдарының, бөлімшелерінің, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің қызметі барысында осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды анықтау және сипаттау мақсатында мәліметтерді жинауды, сақтауды және оларға мониторинг жасауды жүзеге асыру тәртібі;
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлар туындаған кездегі брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің шешімдерді қабылдауға қатысу құқығын шектеуді қосқанда, қабылданатын шешімдердің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған, брокер және (немесе) дилер, Басқарушы органдарының шешімдерді қабылдау рәсімдері.
35. Есепке алу журналдарын жүргізу қағидаларында:
1) журналдар саны және атауы;
2) журналдарды толтыру тәртібі мен кезеңділігі;
3) журналдардың уақтылы және дәл толтырылуына бақылау жасауды жүзеге асыратын басшы қызметкерлер лауазымдарының тізбесі болады.
36. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулыққа:
1) өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптар;
2) форс-мажор жағдайлары басталған жағдайда брокер және (немесе) дилер, Басқарушы қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің сипаттамасы;
3) брокер және (немесе) дилер, Басқарушы қызметкерлерінің бағдарламалық-техникалық кешендерді және өзге де жабдықтарды пайдалану тәртібі;
4) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының үй-жайларын жабу алдында қарау жүйелілігі кіреді.
4-тарау. Инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің активтерін және брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтерін басқару қызметін ұйымдастыруға талаптар
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
37. Инвестициялық қорларды қоспағанда, клиенттердің активтерін инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық портфельді басқару шартында немесе инвестициялық декларацияда мыналар қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:
1) клиенттердің активтерін инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;
2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесі;
3) қаржы құралдарының түрлері және ашық валюталық позиция үлесі бойынша клиенттердің активтерін инвестициялау лимиттері;
4) клиенттің инвестициялық басқаруға қабылданған активтері бойынша жол берілетін ең жоғарғы залал мөлшерін қосқанда, инвестициялық қызметке қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер;
5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсете отырып, клиенттердің активтерін хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;
6) инвестициялық қызметке байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпарат;
7) сыйақы есептеу саясаты.
Инвестициялық қорлардың инвестициялық декларациясына қойылатын талаптар "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.
Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.38. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтерін басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Қағидалардың 21 және (немесе) 22-тармақтарында көзделген ережелерден басқа мыналар кіретін брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтерін инвестициялау саясаты әзірленеді:
1) меншікті активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;
2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесі;
3) қаржы құралдарының түрлері және ашық валюталық позиция үлесі бойынша меншікті активтерді инвестициялау лимиттері;
4) инвестициялық қызметке қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер;
5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсете отырып, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;
6) инвестициялық қызметке байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпарат.
39. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органы (қадағалау кеңесі) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтерін инвестициялау саясатын және оған енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтыруларды брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының атқарушы органымен және Басқарушының инвестициялық комитетімен келісілгеннен кейін бекітеді.
40. Клиенттердің басқаруға қабылданған активтерін, оның ішінде зейнетақы активтерін, инвестициялық қорлардың активтерін және (немесе) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің жауапты бөлімшесі:
1) жарты жылдықта кем дегенде бір рет:
қалыптасып отырған геосаяси жағдайларға, инвестициялау валютасына және экономика саласына қарай инвестициялау нарықтарының тартымдылық дәрежесі бойынша макроэкономикалық талдау жасауды;
2) тоқсанына кем дегенде бір рет:
эмитенттің қаржылық жағдайын талдауды қоса алғанда, эмитенттерді және олар шығарған (берген) қаржы құралдарына, қабылданған міндеттемелер бойынша жауап беру қабілетіне, осы эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялауға және осы тәуекелдердің уәкілетті орган Басқарушы үшін белгілеген пруденциялық нормативтерінің және өзге де нормалар мен лимиттердің мәніне әсер етуіне байланысты тәуекелдерге талдау жасауды;
портфельдің құрылымы, кірістіліктің өзгеру динамикасы туралы мәліметтерді қамтитын инвестициялық портфельге талдау, зиян тартқызатын позицияларға және портфельдің құрылымын оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарға талдау жасауды;
инвестициялық басқаруға қабылдану болжанып отырған активтер мөлшерінің, сондай-ақ олардың орындалу мерзімдері бойынша басқаруға қабылданған инвестициялық портфель (портфельдер) міндеттемелері құрылымының болжамы (ақшаның және (немесе) инвестициялық басқаруға берілген активтердің сомасы туралы ақпарат кіретін, құрылымын, клиенттерді, оның ішінде ерікті жинақтаушы зейнетақы жарналарының салымшыларын (зейнетақы төлемдерінің алушыларын), инвестициялық қор пайшыларын, акционерлерін талдау негізінде) қамтылатын талдауды;
сенімгерлік басқаруға қабылдауға болжанған зейнетақы активтерінің мөлшерін, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға қабылданған (инвестициялық портфель (портфельде) міндеттемелерінің құрылымын олардың орындалу мерзімдері бойынша бодау қамтылатын талдауды;
3) күн сайынғы негізде:
міндеттемелерді белгіленген мерзімдер ішінде өтеу үшін қажетті өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгеруін ескере отырып, меншікті активтер және клиенттердің активтері бойынша гэп-позициялар лимиттерінің сақталуын шолу, оның ішінде шетел валютасындағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыру қабілетінің мониторингі кіретін ақша ағынын (өтімділікті) басқаруды жүргізеді.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
41. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің жауапты бөлімшесі Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген талдамалық зерттеулер негізінде аталған ұсынымдарды беруге негіз болған факторлардың толық тізбесі қамтылатын ұсынымдарды әзірлейді.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.42. Ұсынымдар:
1) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің корпоративтік стратегиясын, инвестициялық декларациясын және меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлеу, сондай-ақ көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
2) инвестициялау лимиттерін айқындау және қайта қарау;
3) клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған активтері және (немесе) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтері есебінен мәмілелер жасау туралы шешімдер қабылдау;
4) берілген алгоритм (алгоритмдік трейдинг) бойынша қаржы құралдары бойынша мәмілелер жасасуға өтінімдерді орналастырудың және басқарудың автоматтандырылған жүйесін пайдалана отырып, клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған активтерін және (немесе) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының, Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерін инвестициялау туралы шешімдер қабылдау кезінде беріледі.
Егер бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі, олар бойынша есеп айырысу брокердің және дилердің, Басқарушының шетел валютасымен жүзеге асырылатын мәмілелерді жасауы және (немесе) шетел валютасындағы әкімшілік шығыстарды төлеуі және (немесе) міндеттемелерін өтеуі үшін шетел валютасы сатып алынған жағдайда, осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген ұсыным қаржы құралдарымен бір және сол сияқты бірнеше мәміле жасауға қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау үшін әзірленеді және шетел валютасын сатып алу жөніндегі мәмілелерге қатысты талап етілмейді.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.43. Ұсынымда мынадай мәліметтер қамтылады:
1) берілген күні және нөмірі;
2) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау;
3) ұсыным берген тұлғалардың атқаратын лауазымдары көрсетіле отырып, қойған қолдары;
4) мыналар туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, ұсынымдарды беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижелері:
жасалатын мәміленің Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің басқаруға қабылданған активтері және (немесе) меншікті активтері бойынша кірістердің болжамды өзгеруіне әсері;
осы қаржы құралын (қаржы құралдарын) сатып алуға байланысты тәуекелдер;
жасалатын мәміленің уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтер мәндерінің өзгеруіне әсері;
5) меншікті қаражаты және клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы шешімнің ұсынылатын нұсқалары;
6) аталған қаржы құралының (қаржы құралдарының) түрін, көлемін, бағалар диапазоны, кірістілік деңгейін және басқа да сипаттамаларын (талаптарын) көрсете отырып, қаржы құралының (қаржы құралдарының) сипаттамасы;
7) мәміле жасауға ұсынылатын қорытындының мақсаты.
Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.43-1. Алгоритмдік трейдингті пайдалана отырып, клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған активтерін және (немесе) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының, Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерін инвестициялау жөніндегі ұсынымда мынадай мәліметтер қамтылады:
1) берілген күні және оның нөмірі;
2) активтеріне қатысты алгоритмдік трейдингті қолдану болжанатын клиент туралы мәліметтер не ұсынымның меншікті активтеріне қатысты жасалғанын көрсету;
3) қолдануға ұсынылатын алгоритмдік стратегияның атауы;
4) инвестициялау үшін ұсынылатын сома;
5) қаржы құралдарының тізбесі (қажет болған жағдайда);
6) алгоритмдік стратегияның ұсынылатын қолданылу мерзімі;
7) осы алгоритмдік стратегияны қолданудан күтілетін кірістілік мөлшері;
8) инвестициялау үшін ұсынылатын сомадан ең жоғары жол берілетін шығын мөлшері;
9) ұсыным жасаған адамдардың атқаратын лауазымдары, қойылған қолдары.
Алгоритмдік стратегияны (алгоритмдік стратегияларды) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының, Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық комитеті бекітеді.
Алгоритмдік стратегия талаптары бар құжат мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) алгоритмдік стратегияның толық сипаттамасы;
2) осы алгоритмдік стратегия шеңберінде пайдаланылатын қаржы құралдарының тізбесі;
3) тарихи қаржылық деректерді пайдалана отырып, осы алгоритмдік стратегияның тиімділігін тексеру (тестілеу) нәтижелері;
4) алгоритмдік трейдингті қолдана отырып инвестициялауға байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпарат;
5) осы алгоритмдік стратегияны қолдану кезінде туындайтын қосымша шығыстар мен комиссиялар туралы мәліметтер.
Ескерту. 43-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.44. Ұсынымдар оларды дайындауға негіз болған барлық құжаттармен бірге сақталады.
45. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі:
1) қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша, оның ішінде қаржы құралдары нарығында ("stop-loss" лимиттері) бағалардың күрт ауытқуымен байланысты шамадан тыс шығындарды болдырмау жөніндегі шұғыл рәсімдерді, сондай-ақ тиісті кірістілігі бар қаржы құралдары бойынша бағалардың өлшемдік деңгейлерін айқындайды, ол деңгейлерге жеткеннен кейін қаржы құралының нарықтық құнының ("take-profit" лимиттері) төмендеу ықтималдығы жоғарылайды. "stop-loss" және "take-profit" лимиттері белсенді нарығы бар қаржы құралдары үшін, сондай-ақ тізбесін Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық комитеті айқындайтын өзге де құралдар үшін белгіленеді;
2) клиенттер активтерін және (немесе) меншікті активтерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшемен бірлесіп, қаржы құралдары нарығының ауқымы мен динамикасына және қаржы құралының өтімділігіне сәйкес лимиттерді қайта қарауға бастамашы болады;
3) активтері басқаруға қабылданған әрбір клиенттің және (немесе) меншікті активтер бойынша инвестициялық портфельдің кредиттік, пайыздық, валюталық және қаржыландыру тәуекелдеріне ұшырағыштығы туралы қорытынды дайындайды және осы қорытындыны инвестициялық комитетке ұсынады.
46. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінің Қағидалардың 45-тармағының 3) тармақшасына сәйкес дайындалған қорытындысында мыналар туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, мынадай мәліметтер болады:
жасалатын мәміленің басқару органы мен инвестициялық комитет белгілеген лимиттердің сақталуына әсері;
уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтер мәндерінің ықтимал өзгерісі;
осы қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдер.
47. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық комитеті функциясына инвестициялық шешім қабылдауға қажет ақпаратты жинау, өңдеу және талдау кіретін бөлімшенің ұсынымдары және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қорытындысы негізінде:
1) клиенттердің басқаруға қабылданған активтерін және (немесе) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерін инвестициялаудың басым бағыттарын айқындайды;
2) клиенттердің басқаруға қабылданған активтері және (немесе) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтері есебінен инвестициялаудың мынадай лимиттерін белгілейді және жылына кем дегенде бір рет қайта қарайды:
қаржы құралдарының түрлері және (немесе) өзге активтер бойынша инвестициялау лимиттері;
белгілі бір мемлекеттің резиденті болып табылатын ("елге берілетін лимит") эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері;
қаржы құралдары номинирленген валюталар бойынша инвестициялау лимиттері;
ашық валюталық позициялар бойынша лимиттер;
қызметінің негізгі түрі экономиканың белгілі бір секторымен байланысты эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері;
бір эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялау мөлшері, сондай-ақ осы эмитенттің қаржы құралдарының түрлері бойынша лимиттері;
"stop-loss" және "take-profit" лимиттері белгіленетін қаржы құралдарының тізбесі;
қаржы құралдарына арналған "stop-loss" лимиттері;
қаржы құралдарына арналған "take-profit" лимиттері;
тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше тоқсан сайын жүргізетін гэп-позицияларды талдау негізінде гэп-позициялар лимиттері;
трейдерге белгіленген сома шегінде сауда операцияларын жүзеге асыру мүмкіндігі берілген жағдайда, трейдерге берілетін ашық позицияның лимиті;
3) клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған активтері бойынша шығындардың жол берілетін ең жоғары мөлшерін айқындайды.
5-тарау. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық комитетінің қызметін ұйымдастыруға талаптар
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
48. Клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған активтері және Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті қаражаты есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы шешімдерді Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық комитеті қабылдайды, оның құрамына мыналар кіреді:
1) басшы қызметкерлер;
2) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің басшысы;
3) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің өзге де қызметкерлері.
49. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығы бар Басқарушының инвестициялық комитетінің құрамына мыналар кіреді:
1) басшы қызметкерлер;
2) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің басшысы;
3) Басқарушыға қатысты үлестес заңды тұлғалардың бір мезгілде басшы қызметкерлері не ірі акционерлері болып табылмайтын Басқарушының қызметкерлері.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.50. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалған шартқа сәйкес зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын Басқарушының инвестициялық комитетінің құрамына мыналар кіреді:
1) басшы қызметкерлер;
2) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің басшысы;
3) Басқарушыға қатысты үлестес заңды тұлғалардың бір мезгілде басшы қызметкерлері не ірі акционерлері болып табылмайтын Басқарушының қызметкерлері.
51. Клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған активтерінің (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалған шартқа сәйкес басқаруға қабылданған зейнетақы активтерін және сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерін қоспағанда) және (немесе) Басқарушының немесе Қағидалардың 48 және 49-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келетін Басқарушы, инвестициялық комитет болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті қаражаты есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдау жөніндегі функцияларды қоса атқаруға жол беріледі.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.52. Инвестициялық комитет отырысының өткізілу қорытындылары бойынша:
отырыста қаралатын мәселелер тізбесі;
инвестициялық шешімді қабылдау үшін инвестициялық комитетке ұсынылған құжаттар тізбесі;
қаржы құралдарының атауы, сондай-ақ олармен мәмілелер жасау талаптары көрсетіле отырып, осы отырыста қабылданған инвестициялық шешімдердің параметрлері;
отырыста қаралатын әрбір мәселе бойынша дауыс беру қорытындылары;
инвестициялық комитет мүшелерінің негіздемелері бар пікірлері, оның ішінде олар қабылданған шешіммен келіспеген және қабылданған инвестициялық шешімнен ерекше (шешім қабылданған кезде білдірілген) пікір болған жағдайдағы пікірлері;
Қағидалардың 34-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлардың туындағаны туралы мәліметтер көрсетіле отырып, хаттама жасалады.
53. Хаттамаға инвестициялық комитеттің отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қояды және қағаз тасымалдағышта және (немесе) мәліметтердің конфиденциалдылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ету кезінде инвестициялық комитеттің отырысқа қатысқан мүшелерінің электрондық цифрлық қолдарымен расталған электрондық құжат нысанында инвестициялық комитет қабылдаған инвестициялық шешімдермен бірге бес жыл бойы сақталады.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.54. Қаржы құралдарымен жасалатын бір және бірнеше мәмілелерге қатысты инвестициялық шешім қабылданады.
Егер бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі, олар бойынша есеп айырысу брокердің және дилердің, Басқарушының шетел валютасымен жүзеге асырылатын мәмілелерді жасауы және (немесе) әкімшілік шығыстарды төлеуі және (немесе) міндеттемелерін өтеуі үшін шетел валютасы сатып алынған жағдайда, шетел валютасын сатып алу жөніндегі мәмілелерге қатысты инвестициялық шешім қабылдау талап етілмейді.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.55. Қаржы құралдарымен мәміле жасау үшін инвестициялық шешімде:
1) инвестициялық шешімнің қабылданған күні және нөмірі;
2) инвестициялық шешім қабылдауға негіз болған ұсынымның берілген күні және нөмірі;
3) жасалуға тиіс мәміленің түрі;
4) ол бойынша мәміле жасалуы тиіс қаржы құралын (қаржы құралдарының) сәйкестендіргіш;
5) жасалуға тиіс мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемінің, бағасының және сомасының диапазоны);
6) мәміле жасау мерзімдері;
7) мәміле жасау болжанатын нарықтың (алғашқы немесе қайталама, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған, халықаралық нарықтар) типіне сілтеме;
8) трейдерге белгіленген сома шегінде сауда операцияларын жүзеге асыру мүмкіндігін берген жағдайда, трейдерге берілетін ашық позиция лимитін көрсету;
9) көмегі арқылы мәміле жасау болжанатын делдалдың (бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның) атауы (мұндай бар болған кезде);
10) активтері есебінен мәміле жасау болжанатын клиент туралы мәлімет не инвестициялық шешімнің меншікті активтерге қатысты қабылданатынына сілтеме;
11) инвестициялық комитет мүшелерінің біреуінде инвестициялық шешімнің қабылдануына (қабылданбауына) қатысты ерекше пікірінің болуына сілтеме;
12) инвестициялық шешімді қабылдаған тұлғалардың атқаратын лауазымдары көрсетіле отырып, қойған қолдары болады.
Ескерту. 55-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.56. Хеджирлеу құралдарымен мәміле жасау үшін инвестициялық шешімде Қағидалардың 55-тармағының 1) - 3), 7) - 12) тармақшаларында көрсетілген мәліметтермен өзге мыналар қамтылады:
1) хеджирлеу құралының түрі, жасалу мерзімі, көлемі, құны (сыйлықақысы), хеджирлеу операциясының жасалуы жоспарланатын нарығы көрсетілген хеджирлеу құралының жан-жақты сипатталуы және осы құралдың басқа да сипаттамалары (талаптары);
2) осы хеджирлеу құралын қолданудан күтілетін нәтижелер;
3) хеджирлеу объектісі тәуекелінің (базистік активінің) түрі (пайыздық, баға, валюталық және басқа түрлерін), сондай-ақ оны бағалау әдісі көрсетіле отырып, оны бағалау;
4) қажетті деректемелері (сәйкестендіру нөмірі, саны, құны, көлемі, валютасы) көрсетіле отырып, хеджирлеу объектісі;
5) осы операцияны жасау хеджирлеу объектісі бойынша ықтимал шығындардың (толық алынбаған кірістің) мөлшерін төмендетуге әкеп соқтыратынын растайтын есеп айырысу.
56-1. Алгоритмдік трейдингті пайдалана отырып, клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған активтерін және (немесе) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының, Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерін инвестициялау бойынша инвестициялық шешім 1), 2), 10), 11) 12) Қағидалардың 55-тармағына сәйкес:
1) қолданылатын алгоритмдік стратегияның атауы;
2) алгоритмдік стратегияны қолдана отырып инвестициялауға жататын сома;
3) қаржы құралдарының түрлері (қажет болған жағдайда);
4) алгоритмдік стратегияның қолданылу мерзімі;
5) осы алгоритмдік стратегияны қолданудан күтілетін табыстылық;
6) инвестициялау үшін айқындалған сомадан ең жоғары жол берілетін шығын мөлшері.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген инвестициялық шешім шеңберінде мәмілелер жасау үшін жекелеген инвестициялық шешімдер қабылдау талап етілмейді.
Ескерту. 56-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.57. Қабылданған инвестициялық шешімді орындау қаржы құралдарымен мәмілелер жасауды жүзеге асыратын Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің бөлімшесіне не қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау бойынша қызмет көрсететін ұйымға беріледі.
6-тарау. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық қызметі процесіндегі тәуекелдер мониторингін ұйымдастыруға талаптар
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
58. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің бөлімшесі Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің қызметіне тұрақты мониторинг жасауды жүзеге асырады, тұрақты негізде тәуекелдерді бағалауды жүргізеді және тәуекелдердің деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, атап айтқанда:
1) тәуекелдерді талдау мен бағалауға қажет ақпаратты жинау барысын ұйымдастырады;
2) әдіснаманы әзірлейді және жетілдіреді және тәуекелдерді талдау мен бағалау процесін ұйымдастырады;
3) тәуекелдердің деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларды жоспарлайды және оған бастамашылық етеді, оның ішінде клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған (инвестициялық қорлардың) активтері және (немесе) меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарын хеджирлеу қағидаттарын әзірлейді;
4) мыналарға талдау жүргізеді:
Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің бухгалтерлік балансына, сондай-ақ клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған (инвестициялық қорлардың) активтері және (немесе) меншікті активтер бойынша кірістер мен шығындарға;
өтімділіктің төмендеуіне, қаржы құралдарына бағаның өзгеруіне;
клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған (инвестициялық қорлардың) активтері және (немесе) меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельге байланысты тәуекелдер дәрежесінің өзгеруіне;
клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған (инвестициялық қорлардың) активтеріне және (немесе) меншікті активтерге, олардың тиімділігі мен өтімділігіне мынадай факторлардың ықпал етуін болжайды:
ел тәуекелі;
валюталық тәуекел;
қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу тәуекелі;
эмитент рейтингінің өзгеру тәуекелі;
5) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің жауапты бөлімшелерінің тәуекелдерді жүргізілетін операциялардың түрлері бойынша бөлу саясатын, қаржы құралдарымен операциялар бойынша белгіленген лимиттерді, шығындардың жол берілетін ең жоғары мөлшерін, "stop-loss", "take-profit" лимиттерін, гэп-позицияға лимиттерді және инвестициялық портфельді әртараптандыру бойынша нормаларды орындауын бақылайды;
6) тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды;
7) әлеуетті және ықтимал тәуекелдер келтіретін ішкі және сыртқы факторларды сәйкестендіреді және талдайды, олардың Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің қаржылық көрсеткіштеріне тигізген әсерінің дәрежесін және көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалайды.
59. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің жауапты бөлімшелері инвестициялық қызметтің, инвестициялық портфель бойынша кірістердің (шығыстардың) нәтижелеріне мониторинг жүргізу мақсатында мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
1) клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған (инвестициялық қорлардың) активтері және (немесе) меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есептеуге жауапты Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің бөлімшелері:
күн сайын клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған (инвестициялық қорлардың) активтері және (немесе) меншікті активтер есебінен инвестициялық қызметтің нәтижесінде алынған кірістер мен шығындарды есептейді және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшеге тиісті ақпарат ұсынады;
тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше қаржы құралының нарықтық құны болмаған жағдайда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қаржы құралының әділ құнына және оны түзету қажеттілігіне жүргізілген бағалау нәтижелерін қолданады;
2) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше қаржы құралдары бойынша әділ бағаны айқындаудың дұрыстығына мониторинг жүргізеді.
60. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше мыналар арқылы инвестициялық портфельдің өтімділігіне мониторинг жүргізеді:
1) сатып алуға ұсынылатын хеджирлеу құралдарын өтеу мерзімі бойынша қорытынды жасау үшін күн сайынғы активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің күн сайынғы кестесін пайдалану;
2) сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне сезімтал активтер мен міндеттемелер бойынша дюрация көрсеткіштерінің тұрақты мониторингін жүргізу;
3) қаржы құралдарымен операциялар бойынша өтімділікті жоғалту тәуекелін, валюта тәуекелін қадағалау;
4) валюта бағамының өзгерістеріне сезімталдықты айқындау үшін валюта құралдарының құнын бағалау жүргізілетін ашық валюта позицияларына немесе модельдеріне талдау жүргізу;
5) валюта бағамдарының өзгеруін талдау үшін қосалқы жүйелерді пайдалану.
Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше инвестициялық комитетті динамикадағы валюта тәуекеліне өтімділікті жоғалту тәуекелі жөніндегі позиция бойынша және сатып алу (сату) операцияларының түрлері бойынша хабардар етеді және активтер мен міндеттемелерді басқару саясатына сәйкес туынды қаржы құралдарының көмегімен валюта тәуекелін хеджирлеу құралдарын пайдалануға не белгіленген лимиттердің мөлшерін өзгертуге бастамашы болады.
61. Портфельдің құрылымын талдауға жауапты бөлімше ақша ағынын және активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерін мыналар арқылы бақылайды:
ақша ағыны графигінің және активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдері графигінің көмегімен қажетті ақшаны бақылау;
VAR моделіне енгізілетін рұқсат етулерді ескере отырып, өтеу мерзімдері бойынша кірістілік деңгейін айқындау;
гэп-позициялар лимитінің сақталуына мониторинг жүргізу.
62. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше пайыздық тәуекелдерді бағалауға арналған деректерді жинау мен талдау жүйесіне ие және пайыздық тәуекелдің және оның негізгі көздерінің (өтеу мерзімдеріндегі ерекшеліктер, қарыз капиталы нарығының мөлшерлемелері, кіріктірме опциондар) мониторингін жүргізеді.
63. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше:
1) тәуекел бағасы моделінің және ағымдағы бағаны нарықтық бағаға келтіру негізінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржы құралдарының әділ құнын бағалайды, оның ішінде баға тәуекелі бойынша стресс-тестинг жүргізеді;
2) бэк-тестинг өткізеді, атап айтқанда Басқарушы немесе Басқарушы болып табылатын брокер және (немесе) дилер жөніндегі тарихи деректерді пайдалану және стресс-тестингті жүргізу нәтижесінде есептелген қорытындыларды қаржы құралдарымен жасалынған операциялардың ағымдағы (нақты) нәтижелерінің қорытындыларымен салыстыру арқылы тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексереді;
3) қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде жүргізілген стресс-тестингтер мен бэк-тестингтердің нәтижелерін басқару органына және тәуекелді бағалау нәтижелерін және тұрақты стресс-тестингтерді пайдаланатын инвестициялық комитетке береді.
Ескерту. 63-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.64. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық қызметіндегі құқықтық тәуекелдердің мониторингін қамтамасыз ету мынадай іс-әрекеттер жасау арқылы жүзеге асырылады:
1) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше тұрақты негізде жауапты бөлімшелердің уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді және әртараптандыру нормаларын орындауын бақылайды;
2) құқықтық қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын бөлімше:
шарттардың жобаларына және шарттарға байланысты құжаттарға, Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарының, оның ішінде қаржы құралдарымен операциялар жүргізуге қатыстыларының жобаларына құқықтық сараптама жүргізу арқылы Басқарушы немесе Басқарушы болып табылатын брокер және (немесе) дилер қызметінің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және инвестициялық қорлар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылайды;
қызметкерлерді Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістермен тұрақты негізде таныстыруды қамтамасыз етеді;
3) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің жауапты құрылымдық бөлімшелері:
Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және инвестициялық қорлар туралы заңнамасындағы өзгеріспен байланысты қосымша тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігін бағалайды;
қызметкерлерді Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен таныстырады;
Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің шарттық қатынастарды сақтауын қамтамасыз етеді және қарсы серіктестердің өз міндеттемелерін сақтауын бақылайды.
65. Сауда бөлімшесі не бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым ұсынатын ақпаратты ескере отырып, клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған (инвестициялық қорлардың) активтерін және (немесе) меншікті активтерді басқаруды және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің бөлімшелері қарсы серіктестерінің қаржылық есептілігін, қарсы серіктестерді сәйкестендіруге қажетті мәліметтерді (құрылтай құжаттарының деректерін, бизнес-сәйкестендіру нөмірін (қарсы серіктеске бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ мекен-жайын, орналасқан жерін), қарсы серіктестердің қабылданған міндеттемелерді орындау қабілеттіне әсер ететін басқа да ақпаратты зерттеу арқылы талдау және мониторинг өткізеді және қарсы серіктестердің қызметі туралы жағымсыз ақпарат табылған жағдайда Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық комитетіне есеп дайындайды.
66. Клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған (инвестициялық қорлардың) активтерін басқаруды және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің бөлімшесі эмитенттің қаржылық жағдайына, эмитенттің қаржы құралдарының құнына немесе олардың өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне ықпал ететін ақпараттың пайда болуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Ақпарат инвестициялық комитетке тоқсанына кем дегенде бір рет беріледі.
67. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің қаржылық жағдайының біршама нашарлауына және (немесе) оның өз міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігіне әсер ететін оқиғалар басталған жағдайда іс-шаралар жоспарын дайындауға бастамашылық етеді, сондай-ақ тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысында ақпарат жинайды және Басқарушы немесе Басқарушы болып табылатын брокер және (немесе) дилер бөлімшелерінің іс-әрекеттерін үйлестіреді.
Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің қаржылық жағдайының біршама нашарлауына және (немесе) оның өз міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігіне әсер ететін оқиғалар тізбесі, сондай-ақ осындай оқиғалардың басталуын сипаттайтын көрсеткіштер Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық комитетімен бекітіледі, Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен айқындалады және жоғарыда көрсетілген тізбеде мыналар қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:
қысқа уақыт аралығында қаржы құралдары бағаларының біршама өзгеруімен сипатталатын қор нарығындағы ахуалдың өзгеруі;
басқаруға қабылданған активтердің едәуір қысқаруы;
Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің қаржылық көрсеткіштерінің нашарлауы;
меншікті капиталдың біршама төмендеуі;
пруденциалдық нормативтер мәндерінің біршама өзгеруі;
Қағидалардың 34-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлардың туындауы;
бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің кәсіби түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензия қолданысының тоқтатыла тұруы немесе лицензиядан айырылуы;
Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің немесе оның ірі акционерінің дефолт немесе банкрот болуы;
Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында айқындалған өзге де оқиғалар.
Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің басқару органы Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі әзірлеген іс-шаралар жоспарын атқарушы органмен келісілгеннен кейін бекітеді.
7-тарау. Брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының қызметі процесінде тәуекелдер мониторингін ұйымдастыруға талаптар
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
68. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының бөлімшесі брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының қызметіне тұрақты мониторинг жүргізеді, тұрақты негізде тәуекелдерді бағалайды және тәуекелдердің деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, атап айтқанда:
1) тәуекелдерді талдау мен бағалауға қажет ақпаратты жинау барысын ұйымдастырады;
2) клиенттердің төлем қабілеттілігі мен қаржылық жағдайына мониторинг және талдау жасау процесін ұйымдастырады;
3) әдіснаманы әзірлейді және жетілдіреді және тәуекелдерді талдау мен бағалау процесін ұйымдастырады;
4) тәуекелдерді басқару әдістерін әзірлейді;
5) тәуекелдердің деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларды жоспарлайды және оған бастамашылық етеді;
6) тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды;
7) әлеуетті және ықтимал тәуекелдер келтіретін ішкі және сыртқы факторларды сәйкестендіреді және талдайды, олардың брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының қаржылық көрсеткіштеріне тигізген әсерінің дәрежесін және көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалайды;
8) осы тараудың талаптарына сәйкес бір клиентке шаққандағы тәуекелдердің мәндерін есептеуді жүзеге асырады;
9) төлем қабілетсіздігінің тәуекелдерін шектеу бойынша критерийлер мен ұсыныстар әзірлейді.
Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.69. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының бөлімшесі ақша ағынын және активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерін Қағидалардың 61-тармағында көзделген тәртіппен бақылайды.
70. Шарттық қатынастарды, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және инвестициялық қорлар туралы заңнамасының талаптарын және брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының ішкі саясатын сақтау мониторингін қамтамасыз ету Қағидалардың 64-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
71. Брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының меншікті активтерін басқаруды және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелері брокерлік қызметтер көрсету туралы шарттарды жасасқан қарсы серіктестері мен клиенттерінің қаржылық есептілігін, қарсы серіктестерді сәйкестендіруге қажетті мәліметтерді (заңды тұлғалар үшін құрылтай құжаттарының деректерін, бизнес-сәйкестендіру нөмірін (қарсы серіктеске немесе клиентке бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ орналасқан жерінің мекен-жайын, жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, жеке сәйкестендіру нөмірін (клиентке жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда)), қарсы серіктес пен клиенттің қабылданған міндеттемелерді орындау қабілеттілігіне әсер ететін басқа да ақпаратты зерделеу арқылы талдау және мониторинг жүргізеді және қарсы серіктестері мен клиенттерінің қызметі туралы жағымсыз ақпарат табылған жағдайда брокердің және (немесе) дилердің басқару органына және (немесе) брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының инвестициялық комитетіне есеп дайындайды.
72. Брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының басқару органы (қадағалау кеңесі) брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының қаржылық жағдайының біршама нашарлауына әсер ететін оқиғалар басталған жағдайда, іс-шаралар жоспарын бекітеді.
Брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының қаржылық жағдайының біршама нашарлауына және (немесе) оның өз міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігіне әсер ететін оқиғалар тізбесі, сондай-ақ осындай оқиғалардың басталуын сипаттайтын көрсеткіштер брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының басқару органымен (қадағалау кеңесімен) бекітіледі және жоғарыда көрсетілген тізбеде осы Қағидалардың 67-тармағында көрсетілген оқиғалар қамтылады, бірақ олармен шектелмейді.
73. Брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі келесі операцияларды жүзеге асыруға қарай сауда күнінің ішінде бір клиентке шаққандағы тәуекелдердің мәндерін есептеуді жүзеге асырады:
1) бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында бағалы қағаздарды сатып алуға (сатуға) клиенттік тапсырысты орындау;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесіне клиенттің атынан бағалы қағаздарды сатып алуға (сатуға) өтінім беру;
3) клиенттің банктік шотынан ақшаны есептен шығаруға бұйрық қабылдау;
4) клиенттің банктік шотына ақша аудару;
5) бағалы қағаздарды номиналды ұстауға (ұстаудан) енгізуге (шығаруға) бұйрық қабылдау;
6) тікелей және кері репо операцияларын ашу;
7) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шет мемлекеттің аумағында, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде шығарған облигацияларды сатуға клиенттік тапсырысты орындау операцияларын жүзеге асыру шамасына қарай бір клиентке тәуекелдерді және тәуекелдерді жабу коэффициентінің мәндерін есептеуді жүзеге асырады.
Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.74. Брокер және (немесе) дилер немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушы бір сауда күні ішінде олардың атынан және (немесе) есебінен:
1) бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарығында мәмілелер жасауға клиенттік тапсырыстар қабылдамаған;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесіне бағалы қағаздарды сатып алуға (сатуға) өтінімдер бермеген клиенттерге қатысты бір клиентке тәуекелдер есептелмейді.
75. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.76. "Бір клиент" деген термин ретінде клиенттік тапсырысты орындау барысында брокер және (немесе) дилер немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушыда, бағалы қағаздармен мәміле жасаудың нәтижесінде үшінші тараптың алдында ақша және (немесе) бағалы қағаздарды жеткізу бойынша міндеттеме туындауы мүмкін әрбір жеке немесе заңды тұлғаны түсінген жөн.
77. Бір клиентке шаққандағы тәуекелдің мөлшері осы клиенттің брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының банктік шотындағы ақша сомасын шегере отырып, жасалған маржалық мәмілелер бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, үшінші тараптың алдындағы брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының ақша және (немесе) бағалы қағаздарды жеткізу бойынша шартты және ықтимал міндеттемелер сомасы ретінде есептеледі.
Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.78. Брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының бір клиентке тәуекел көлемінің, брокер және (немесе) дилер немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының меншікті капиталына қатысы мыналардан:
1) сенімділік (төлем қабілеттілігі) дәрежесі жоғары санатқа жатқызылған клиенттер үшін - 0,25-тен;
2) сенімділік (төлем қабілеттілігі) дәрежесі төмен санатқа жатқызылған клиенттер үшін - 0,10-нан аспайды.
Брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының ішкі құжаттарымен айқындалған басқа санаттарға жатқызылған клиенттер үшін тәуекел көлемінің қатысын осы брокер және (немесе) дилер дербес, бірақ осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында белгіленген шекте белгілейді.
79. Бір клиентке тәуекелдер мәндерін есептеу Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есеп түрінде ресімделеді.
80. Брокер және (немесе) дилер немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушы Қағидалардың 79-тармағында баяндалған ақпаратты электрондық тасымалдағышта күн сайын резервтеуді және сақтауды қамтамасыз етеді.
8-тарау. Ішкі бақылауды және ішкі аудитті ұйымдастыруға талаптар
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
81. Брокерде және (немесе) дилерде, Басқарушыда ішкі бақылау жүйесі:
1) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметін жүзеге асыру тиімділігі мен өтімділігін тексеру және ықтимал шығындарды айқындау арқылы брокер және (немесе) дилер, Басқарушы қызметінің операциялық және қаржылық тиімділігін қамтамасыз ету;
2) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қаржылық есептілігінің дәйекті және сапалы жасалуын тексеру арқылы қаржылық және басқару ақпаратының сенімді, толық және уақтылы болуын қамтамасыз ету;
3) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бағалы қағаздар нарығы, инвестициялық қорлар және акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының, брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі саясаты мен рәсімдерін айқындайтын құжаттардың сақталуын тексеру арқылы бағалы қағаздар нарығы, инвестициялық қорлар және акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету үшін құрылады.
82. Ішкі бақылау жүйесі өзара байланысты бес элементтен тұрады:
1) басқарушылық бақылау;
2) тәуекелді анықтау және бағалау;
3) бақылауды жүзеге асыру және өкілеттіктерді бөлу;
4) ақпарат және өзара іс-әрекет жасау;
5) мониторинг жүргізу және кемшіліктерді түзету.
83. Ішкі бақылау жүйесі мынадай үш кезеңнің үздіксіз кезекпен өту принципі бойынша жұмыс істеуге тиіс:
1) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі құжаттарына рәсімдерді қосу жолымен ішкі бақылау жүйесін (тиімділікті бағалау нәтижелерін ескере отырып) құру;
2) жұмыста брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі құжаттарында айқындалған ішкі бақылау жүйесінің рәсімдерін пайдалану;
3) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне бағалау жүргізу.
84. Ішкі бақылау жүйесіне:
1) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органына (қадағалау кеңесіне) және атқарушы органына қаржылық қызметтің жоспарлы көрсеткіштерін қоса бере отырып, брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қаржылық қызметінің ағымдағы нәтижелері туралы есептерді ұсыну арқылы қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуін тексеру;
2) бөлімше басшысының жоспарлық көрсеткіштерден ауытқулардың болуына жүргізген мониторинг және осындай ауытқулардың себептерін анықтау қамтылатын бөлімше қызметінің нәтижелерін тұрақты түрде бақылауы;
3) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басшы қызметкерлерінің брокер және (немесе) дилер, Басқарушы бөлімшелері басшыларының жоспарлық көрсеткіштерден ауытқуларды және жоспарлық көрсеткіштердің орындалмау себептерін көрсету қамтылатын бөлімшелер қызметінің нәтижелері туралы стандартты есептерін тексеруі;
4) брокер және (немесе) дилер, Басқарушы лицензияланатын қызмет түрлері шеңберінде жүзеге асыратын операцияларды екі деңгейлі бақылау;
5) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының мүлкіне қол жетімділікті шектеу;
6) белгіленген лимиттердің сақталуын және анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын тексеру;
7) міндетті рұқсат етуді талап ететін операциялар тізбесіне қойылатын талаптарды белгілеу;
8) операцияларды жасау талаптарын және брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметіне байланысты тәуекелдерді басқару модельдерін қолдану нәтижелерін тексеру;
9) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының есебінде және есептілігінде жүргізілген операциялардың уақтылы, дұрыс, толық және дәл көрсетілуін тексеру;
10) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметтерін қылмыстық мақсатында, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру мақсаттарында пайдалануды болдырмау кіреді.
Ескерту. 84-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.85. Басқару органы (қадағалау кеңесі) ішкі бақылау жүйесінің жағдайына объективті баға және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдар беру жолымен ішкі бақылаудың бірдей жүйесінің болуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыру кезінде туындайтын міндеттерді шешу мақсатында ішкі аудит қызметі құрылады.
Ішкі бақылау жүйесі мен брокер және (немесе) дилер, Басқарушы қызметінің барлық аспектілері бойынша тәуекелдерді басқару бірдейлігі мен тиімділігін бағалау, брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі қағидалар мен рәсімдерді сақтауын, ішкі және сыртқы аудиторлардың ұсынымдарын, ықпал ету шаралары және уәкілетті органның қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға қатысты белгіленген талаптарының орындалуын бақылау, брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бөлімшелері мен жұмысшыларының өздеріне жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды орындау барысы туралы уақтылы және дұрыс ақпарат беруін, сондай-ақ жұмысты жақсарту жөніндегі пәрменді және тиімді ұсынымдар беруін қамтамасыз ету ішкі аудиттің мақсаты болып табылады.
86. Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлерін брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органы (қадағалау кеңесі) тағайындайды және тексерілетін брокер және (немесе) дилер, Басқарушы бөлімшесінің, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметіне байланысты барлық қажетті, оның ішінде бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын құжаттарға қол жеткізе алады.
87. Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлері мынадай талаптарға сәйкес келеді:
жоғары экономикалық, заңгерлік, математикалық немесе техникалық білімі бар;
брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын біледі;
қаржылық қызметтерді көрсету немесе реттеу саласында бір жылдан кем емес еңбек өтілі (тәжірибесі) бар;
ішкі аудит немесе тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша мамандандырылған курстардан өткенін дәлелдейтін сертификаты немесе басқа құжаты бар;
экономикалық қызмет саласындағы қылмысы үшін немесе орташа ауыр қылмысы, ауыр және аса ауыр қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылдығы жоқ.
88. Брокер және (немесе) дилер немесе Басқарушы бөлімшелерінің, филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін тексеруді ішкі аудит қызметі брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органы (қадағалау кеңесі) бекітетін тексерулер жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық комитетінің қызметін тексеруді ішкі аудит қызметі жылына кемінде бір рет кезеңділікпен жүзеге асырады.
Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.89. Ішкі аудит қызметінің негізгі функциялары:
1) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бөлімшелерін, филиалдары мен өкілдіктерін, сондай-ақ Басқарушының, Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық комитетін тексеру;
2) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органына (қадағалау кеңесіне), атқарушы органына орын алған кемшіліктер туралы тұжырымдар және брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметін жақсарту жөніндегі ұсынымдар қамтылатын тексеру нәтижелері бойынша есептерді дайындау;
3) анықталған тәуекелдер деңгейін төмендетуді немесе бөлімше басшыларының және (немесе) басқару органдарының (қадағалау кеңесінің) брокер және (немесе) дилер, Басқарушы үшін анықталған тәуекелдердің жарамдылығы туралы шешімді қабылдауын құжаттауды қамтамасыз ететін брокер және (немесе) дилер, Басқарушы бөлімшелерінің тексеру нәтижелері бойынша брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бөлімшелері мен органдары қабылдаған шаралардың тиімділігіне бақылау жасауды жүзеге асыру;
4) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі және сыртқы аудит жасалу қажет операцияларындағы тәуекел саласын айқындау;
5) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі бақылау рәсімдерін брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басшылығына және сыртқы пайдаланушыларға берілетін қаржылық ақпараттың дәйектілігін және дәлдігін қамтамасыз ету мәніне бағалау;
6) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі құжаттарымен көзделген басқа да функциялар болып табылады.
90. Ішкі аудит қызметі жүргізетін тексеру барысында мынадай мәселелер қаралуы тиіс:
1) ішкі бақылаудың процестері мен рәсімдерін тексеру, олардың тиімділігін бағалау;
2) тәуекелдерді бағалау методологиясының және тәуекелдерді басқару рәсімдерінің (операцияларды жасау әдістерінің, бағдарламаларының, қағидаларының, тәртіптерінің және рәсімдерінің) қолданылуы мен тиімділігінің толықтығын тексеру;
3) деректер базасының тұтастығына және оларға рұқсатсыз кіруден қорғауға бақылау жасауды, кездейсоқ жағдайлардағы іс-қимыл жоспарларының болуын қоса алғанда, автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу тиімділігін тексеру;
4) бухгалтерлік есеп пен есептіліктің дәйекті, толық, объективті және уақтылы болуын, сондай-ақ ақпарат пен есептілікті жинаудың және ұсынудың сенімді және уақтылы болуын тексеру;
5) брокер және (немесе) дилер, Басқарушы қызметінің лицензияланатын түрі шеңберінде брокер және (немесе) дилер, Басқарушы ұсынатын кез келген мәліметтер мен ақпараттың дәйекті, толық, объективті және уақтылы болуын тексеру;
6) брокер және (немесе) дилер, Басқарушы мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданылатын тәсілдерді (әдістерді) тексеру;
7) брокер және (немесе) дилер, Басқарушы қызметінің лицензияланатын түрі шеңберінде жасалатын операциялардың барлық түрлерінің экономикалық мақсатқа лайықтылығын және тиімділігін бағалау;
8) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы, инвестициялық қорлар және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында құрылған жүйелерді тексеру;
9) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметкерлерін басқару қызметінің жұмысын бағалау;
10) күн сайынғы баланстарды өңдеудің дұрыстығы;
11) есеп саясатының қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келуі;
12) клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған (инвестициялық қорлардың) активтерімен және (немесе) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтерімен заңсыз айла-шарғы жасау фактілерінің болуы;
13) клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған (инвестициялық қорлардың) активтері және (немесе) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтерін есепке алудың дұрыстығы.
91. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органы (қадағалау кеңесі) мен атқарушы органы ішкі аудит қызметінің есептерін талдайды және ішкі аудит қызметінің брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының кейінгі қызметінде анықталған бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шаралар брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органы (қадағалау кеңесі) мен атқарушы органының шешімдері (қаулылары) түрінде ресімделеді.
92. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының атқарушы органы ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын орындауға жедел бақылау жасауды жүзеге асырады және брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органының (қадағалау кеңесінің) алдында осындай бақылау нәтижелері туралы есеп береді.
93. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі аудит қызметінің есептері уәкілетті органға оның сұратуы бойынша ұсынылады.
Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9-тарау. Ақпарат алмасу жүйесін ұйымдастыруға талаптар
Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
94. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органы (қадағалау кеңесі) өз функцияларын жүзеге асыру үшін жауапты бөлімшелерден мынадай құжаттаманы:
өткен есепті кезеңнің сол кезеңімен және қызметтің жоспарланған көрсеткіштерімен салыстырғандағы брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қаржылық-шаруашылық қызметінің ағымдағы нәтижелері туралы есептерді - тоқсан сайынғы негізде;
орын алған кемшіліктер туралы тұжырымдар және брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметін жақсарту жөнінде ұсынымдар қамтылатын тексерулер нәтижелері бойынша есептерді - есептердің дайындалуына қарай;
ішкі аудит қызметінің брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметін жақсарту жөнінде ұсынымдарының орындалуына бақылау жасау нәтижелері туралы есепті - тоқсан сайынғы негізде;
мүдделер қақтығысының болуын (болмауын) көрсете отырып және қабылданған шаралар туралы брокердің және (немесе) дилердің инсайдерлерінің жасаған мәмілелері туралы есепті – ақпараттың пайда болуына қарай алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттама брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органының (қадағалау кеңесінің) отырысында қаралады немесе оның мүшелеріне брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бірінші басшысының немесе оның орнындағы адамның қолымен расталған ілеспе хатпен жіберіледі.
Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.12.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.95. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің басқару органы өз функцияларын жүзеге асыру үшін Қағидалардың 94-тармағында көрсетілген құжаттамаға қосымша жауапты бөлімшелерден мынадай құжаттаманы алады:
1) стресс-тестингтер мен бэк-тестингтердің нәтижелері – кемінде жарты жылда бір рет;
2) клиенттердің инвестициялық басқаруға берілген активтерін және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқару нәтижелері туралы есеп - тоқсан сайынғы негізде;
3) қабылданған инвестициялық шешімдер туралы есеп - кемінде жарты жылда бір рет.
Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.96. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының атқарушы органы өз функцияларын жүзеге асыру үшін:
1) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бюджетті талдау мен жоспарлауды жүзеге асыратын бөлімшесінен – өткен есепті кезеңнің сол кезеңімен және қызметтің жоспарланған көрсеткіштерімен салыстырғандағы брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қаржылық-шаруашылық қызметінің ағымдағы нәтижелері туралы есептерді – тоқсан сайынғы негізде;
2) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының кірістерін (шығыстарын) қадағалап отыратын брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бөлімшесінен – қызмет түрлері, аумақтық және қызметтік бөлімшелері бойынша динамиканы қоса алғанда, қаржылық қызметтің жоспарлы көрсеткіштерін қоса бере отырып, брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының кірістері (шығыстары) туралы ай сайынғы есептерді – тоқсан сайынғы негізде;
3) ішкі аудит қызметінен – орын алған кемшіліктер туралы тұжырымдар және брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметін жақсарту бойынша ұсынымдар қамтылатын тексерулер нәтижелері бойынша есептерді – есептердің дайындалу шамасына қарай;
4) клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған (инвестициялық қорлардың) активтерін және (немесе) меншікті активтерді басқаруды және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерден – қарсы серіктестер мен клиенттердің қызметі туралы жағымсыз ақпараттың табылуы туралы есепті – қарсы серіктестер мен клиенттердің қызметі туралы жағымсыз ақпараттың табылуына қарай;
5) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінен тоқсанына бір рет мыналар туралы ақпаратты:
аппараттық-бағдарламалық техникалық кешендердің жағдайы;
есепті кезең ішінде анықталған техникалық проблемалар;
брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі рәсімдеріне анықталған сәйкессіздіктер;
проблемалар мен сәйкессіздіктердің қайталап туындауын жою және болдырмау үшін қабылданған шаралар туралы ақпаратты алады;
Осы тармақшада көрсетілген ақпарат Басқарушы мен Ұлттық Банк арасында жасалған тиісті келісім негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық ресурстарын пайдалану кезінде ұсынылмайды;
6) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының барлық бөлімшелерінен:
бөлімшелердің не қызметкерлердің белгіленген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы, инвестициялық қорлар және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі құжаттарының талаптарын бұзуы туралы ақпаратты – ақпараттың туындауына қарай;
дербес анықталған бұзушылықтар және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы есептерді – ақпараттың туындауына қарай;
7) брокердің және (немесе) дилердің бөлімшесінен, тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын Басқарушыдан - мүдделер қақтығысының болуы (болмауы) және қабылданған шаралар туралы ақпаратты – ақпараттың туындауына қарай көрсете отырып, брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының инсайдерлерінің жасалған мәмілелері туралы ақпаратты алады.
Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.12.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.97. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің атқарушы органы өз функцияларын жүзеге асыру үшін Қағидалардың 96-тармағында көрсетілген ақпаратқа қосымша:
1) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық шешімді қабылдау үшін қажетті ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асыратын бөлімшесінен - клиенттердің инвестициялық басқаруға берілген активтерін және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқару нәтижелері туралы есепті - тоқсан сайынғы негізде;
2) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінен - белгіленген инвестициялау лимиттерін сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты -тоқсан сайынғы негізде;
3) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің клиенттердің (инвестициялық қорлардың) инвестициялық басқаруға қабылданған активтерін және (немесе) меншікті активтерді басқаруды және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерінен - бөлімшелердің не қызметкерлердің белгіленген инвестициялау лимиттерін бұзуы туралы ақпаратты - ақпараттың туындауына қарай;
4) клиенттердің (инвестициялық қорлардың) инвестициялық басқаруға қабылданған активтерін және (немесе) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшеден - қабылданған инвестициялық шешімдер туралы есепті - жарты жылда кем дегенде бір рет алады.
Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.98. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық комитеті өз функцияларын жүзеге асыру үшін жауапты бөлімшелерден:
қалыптасып отырған геосаяси жағдайларға, инвестициялау валютасына және экономика секторына қарай инвестициялау нарықтарының тартымдылық дәрежесі бойынша макроэкономикалық талдауды - жарты жылдықта кем дегенде бір рет;
эмитенттердің қаржылық жай-күйін талдауды қоса алғанда, эмитенттерді және олар шығарған (ұсынған) қаржы құралдарын талдау, эмитенттің қаржы құралдарының құнына немесе олардың өз міндеттемелерін орындау қабілетіне әсер ететін ақпараттың пайда болуы туралы есептер, сондай-ақ осы эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялауға байланысты тәуекелдер- кемінде бір тоқсанда бір рет;
портфельдің құрылымы, кірістіліктің өзгеру динамикасы туралы мәліметтерді қамтитын инвестициялық портфельді талдау, шығынды позицияларды және портфельдің құрылымын оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды талдауды – кемінде бір тоқсанда бір рет;
инвестициялық басқаруға қабылдану болжанып отырған активтер мөлшерінің, сондай-ақ оларды орындау мерзімдері бойынша басқаруға қабылданған инвестициялық портфель (портфельдер) міндеттемелері құрылымының болжамы (ақшаның және (немесе) инвестициялық басқаруға берілген активтердің сомасы туралы ақпарат қамтылатын клиенттердің, оның ішінде инвестициялық қор пайшыларының, акционерлерінің құрылымын талдау негізінде) қамтылатын талдауды - кемінде бір тоқсанда бір рет;
міндеттемелерді белгіленген мерзімдер ішінде өтеу үшін қажетті өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгеруін ескере отырып, гэп-позициялар лимиттерінің сақталуын шолу, оның ішінде шетел валютасындағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыру қабілетінің мониторингі кіретін ақша ағынын (өтімділікті) басқару жөніндегі ақпаратты - күн сайынғы негізде;
қаржы құралдарымен операциялар бойынша мынадай лимиттерді белгілеу (қайта қарау) бойынша ұсынымдар мен қорытындыларды:
бір эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялау көлемі бойынша, сондай-ақ осы эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялаумен байланысты тәуекелдерді және осы тәуекелдердің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәніне инвестициялық комитет бекіткен қаржы құралдарымен операцияларды жасауға арналған лимиттер, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген лимиттер шегінде ықпалын көрсете отырып, осы эмитенттің қаржы құралдарының түрлері бойынша лимиттерді - тоқсанына кем дегенде бір рет;
"stop – loss" және "take – profit" лимиттерін – кемінде бір тоқсанда бір рет;
тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше жүргізетін талдау негізінде гэп-позиция лимиттерін - тоқсанына кем дегенде бір рет;
клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған (инвестициялық қорлардың) активтері және (немесе) меншікті активтер бойынша инвестициялық портфельдің өтімділігін жоғалту тәуекелі бойынша кредиттік, пайыздық, валюталық, қор тәуекелдеріне ұшырағыштығы туралы қорытындыны - ай сайынғы негізде;
брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының қызметі ұшыраған тәуекелдер бойынша, Басқарушының және Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтері бойынша, инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің активтері бойынша стресс-тестинг нәтижелері - кемінде жарты жылда бір рет;
бэк-тестинг нәтижелері – кемінде жарты жылда бір рет;
қарсы серіктестер мен клиенттердің қызметі туралы жағымсыз ақпараттың табылуы туралы есепті - қарсы серіктестер мен клиенттердің қызметі туралы жағымсыз ақпараттың табылуна қарай;
инвестициялық шешімдердің орындалуы туралы ақпаратты - апта сайынғы негізде алады.
Ескерту. 98-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.99. Ішкі аудит қызметі брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының барлық бөлімшелерінен, филиалдарынан, өкілдіктерінен, инвестициялық комитетінен (Басқарушылар үшін) және қызметкерлерінен өз функцияларын жүзеге асыруға қажет кез келген құжаттар мен ақпаратты ішкі аудит қызметінің сұратуларында көрсетілген мерзімде алады.
100. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі өз функцияларын жүзеге асыру үшін брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының барлық бөлімшелері мен қызметкерлерінен тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің сұратуларында көрсетілген мерзімде өз функцияларын жүзеге асыруға қажет құжаттар мен ақпаратты алады, сондай-ақ тұрақты негізде:
1) белгіленген инвестициялау лимиттерін сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты - күн сайынғы негізде;
2) белгіленген "stop – loss" және "take – profit" лимиттерін сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты - апта сайынғы негізде;
3) клиенттердің инвестициялық басқаруға берілген активтерін және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқару нәтижелері туралы есепті - кемінде бір тоқсанда бір рет;
4) клиенттердің (инвестициялық қорлардың) инвестициялық басқаруға қабылданған активтері және (немесе) меншікті активтер бойынша инвестициялық портфельдің кредиттік, пайыздық, валюталық және қор тәуекелдеріне ұшырағыштығы туралы қорытындыны дайындауға қажетті мәліметтерді;
5) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі құжаттарында айқындалған көлемде тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті;
6) портфельдің құрылымы туралы ақпаратты - күн сайынғы негізде;
7) инвестициялық басқаруға берілген клиенттердің активтері және (немесе) меншікті активтері есебінен инвестициялық қызмет нәтижесінде алынған кірістер мен шығындардың ай сайынғы есебін;
8) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының инсайдерлерінің жасалған мәмілелері туралы ақпаратты ай сайынғы негізде алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат инвестициялаудың белгіленген лимиттері туралы мәліметтерден басқа, есепті кезеңде жасалған инвестициялардың нақты мөлшері туралы мәліметтерді қамтиды және әрбір клиенттің инвестициялық басқаруға қабылданған активтері және меншікті активтері бойынша жеке ұсынылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген ақпарат белгіленген "stop – loss" және "take – profit" лимиттері туралы мәліметтерден басқа, келтірілген шығындар (алынған кірістерді ескере отырып) және есепті кезеңде лимиттен асқан жағдайда қабылданған шаралар туралы мәліметтерді қамтиды және инвестициялық басқаруға қабылданған әрбір клиенттің активтері және меншікті активтер бойынша жеке ұсынылады.
Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.12.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.101. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бөлімшелері арасындағы ақпарат алмасу брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
102. Басқарушы мен бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым арасындағы ақпарат алмасу брокерлік қызметтерді көрсету туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
10-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдау үшін пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге талаптар
Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
103. Брокер және (немесе) дилер, Басқарушы қызметінің мынадай түрлері автоматтандырылуға тиіс:
1) инвестициялық портфельді басқару (қаржы құралдарымен операциялар жүргізу, жүргізілген операциялар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру, инвестициялау лимиттерін бақылау, есепке алу журналдарын жүргізу);
2) тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуіне қажет ақпаратты жинау;
3) нақты уақыт режимінде тәуекелдерді бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, инвестициялық портфель ұшыраған тәуекелдерді басқару.
104. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі нақты жүйелік проблемаларды есепке алуды ескере отырып, проблемалардың қайталап туындауының алдын алу мақсатында мынадай іс-шараларды жүргізу арқылы қауіпсіздік шараларын әзірлеу бойынша шұғыл шаралар қолданады:
1) техникалық проблемаларды есепке алу парағын толтыру және ол бойынша есептілікті жүргізу;
2) проблемалардың туындау себептерін қадағалау, ол туралы ақпараттық жүйені дайындаушыны хабардар ету және олардың қайтадан туындауын болдырмау үшін түзету шараларын қабылдау;
3) автоматтандырылған деректер базасының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық кешендерге тоқсанында кем дегенде бір рет тексеру жүргізу;
4) автоматтандырылған деректер базасын басқару терминалдарын пайдаланушыларға мониторинг жасауды және оларды сәйкестендіруді, оның ішінде пайдаланушының қызметтік міндеттеріне олардың сәйкес келу мәніне жүргізілген операциялардың түрлерін және көлемін бақылауды жүзеге асыру.
"Тәуекелдерді басқару жүйелеріне талаптардың орындалуын бағалау туралы есеп"
________________________________________________________
(брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының атауы) Есепті кезең: "______" жыл үшін
Ескерту. 1-қосымга жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Қағидалардың тиісті абзацына, бөлігіне, тармақшасына, тармағына нұсқау | Қағидалардың талаптарына сәйкестікті бағалау | Анықталған кемшіліктер | Кемшіліктерді жою бойынша қабылданған (жоспарланған) іс-шаралар (іс-шараның мазмұны, орындалу мерзімі) | Жауапты орындаушылар (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы, байланыс ақпарат) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Тәуекелдерді басқару жүйелеріне талаптардың сәйкестігін бағалау:
_______________________________________________________________
Атауы |
Мекенжайы |
Телефоны ________________________________________________________
Электрондық почтаның мекенжайы __________________________________
Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы
______________________________________________ ________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Бірінші басшы (не оның орнындағы адам)
______________________________________________ ________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
"Тәуекелдерді басқару жүйелеріне талаптардың орындалуын бағалау туралы есеп" нысанына қосымша |
"Тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау мынадай өлшемшарттарға қарай, үш балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады:
1) "сәйкес келеді" бағасы брокер және (немесе) дилер, Басқарушы тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың өлшемшарттарын қандай да бір айтарлықтай кемшіліктерсіз орындаған кезде шығарылады;
2) "ішінара сәйкес келеді" бағасы брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың нақты өлшемшарттарын сақтауға қол жеткізудегі қабілетіне қатысты айтарлықтай күмән пайда болу үшін жеткілікті деп саналмайтын кемшіліктер анықталған кезде шығарылады;
3) "сәйкес емес" деген баға брокер және (немесе) дилер, басқарушы тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың өлшемшарттарын орындамаған кезде шығарылады.
Егер тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын жекелеген талаптар брокерге және (немесе) дилерге, Басқарушыға қатысты қолданылуы мүмкін болмаған жағдайда, талаптың аталған өлшемшарттарына сәйкестігін бағалау жүзеге асырылмайды және "қолданылмайды" деген тиісті жазбамен белгіленеді.
Баға тәуекелі бойынша стресс-тестинг
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Белгіленген инвестициялау лимиттерін сақтау (пайдалану) туралы есеп
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына 4-қосымша |
Белгіленген "stop - loss" және "take - profit" лимиттерiн сақтау (пайдалану) туралы есеп
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Клиенттің атауы | Орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде ашылған қосалқы шоттың нөмірі | Клиент сенімділігінің (төлемге қабілеттілігінің) дәрежесі | Клиенттер берген өтінімдер көлемінің сомасы, теңгемен | Есептелмеген мәмілелер көлемі | Брокердің және (немесе) дилердің (кастодианның) немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының банктік шотындағы ақша көлемі, жасалған маржалық мәмілелер бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақшаны есептемегенде, теңгемен | |
Сатып алуға | Сатуға | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Кестенің жалғасы
Клиенттің номиналды ұстау есебінің жүйесіндегі жеке шоттардағы (қосалқы шоттардағы) бағалы қағаздарының көлемі, жасалған маржалық мәмілелер бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздарын есептемегенде, данамен | Тәуекел мөлшері, теңгемен | Меншікті капитал мөлшері, теңгемен | Тәуекелдер мөлшерінің меншікті капитал мөлшеріне қатысы |
9 | 10 | 11 | 12 |
Ескертпе:
2-бағанда клиенттің, онымен брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасаған брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының толық атауы көрсетіледі. Клиент үшін:
1) заңды тұлға болып табылатын клиент үшін заңды тұлғаның атауы;
2) жеке тұлға болып табылатын клиент үшін тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі.
3-бағанда клиенттің орталық депозитарийдің номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған қосалқы шотының 10 мәнді нөмірі көрсетіледі.
4-бағанда клиент сенімділігінің (төлемге қабілеттілігінің) дәрежесін сипаттайтын санат көрсетіледі.
5 және 6-бағанда бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және халықаралық (шетелдік) нарықтарында бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға клиент берген қолданыстағы өтінімдер көлемі көрсетіледі.
7-бағанда бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында бағалы қағаздармен жасалған, бірақ есептелмеген мәмілелер көлемі көрсетіледі.
8-бағанда олардың атынан 5-бағанда көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға өтінімдер берілген не 7-бағанда көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алу жөнідегі мәмілелер жасалған брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының және (немесе) кастодианның клиенттерінің ақша көлемі, жасалған маржалық мәмілелерді қамтамасыз ету болып табылатын ақша есепке алынбай көрсетіледі.
9-бағанда 6-бағанда көрсетілген өтінімнің мәні болып табылатын бағалы қағаздардың не 7-бағанда көрсетілген, брокердің және (немесе) дилердің және (немесе) кастодианның номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды сату бойынша мәмілелердің саны жасалған маржалық мәмілелер бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздары есепке алынбай көрсетіледі.
10-бағанда 8-бағандарда көрсетілген мәндер шегеріле (шегеру 5, 6 және
7-бағандарда көрсетілген мәндер сомасынан аспайтын мөлшерде бағалы қағаздарды сатып алуға не бағалы қағаздарды сатып алу бойынша мәмілелер жасауға өтінімдер берген жағдайда ғана жүргізіледі) (шегеру 6 және
7-бағандарда көрсетілген мәндер сомасынан аспайтын мөлшерде бағалы қағаздарды сатып алуға не бағалы қағаздарды сатып алу бойынша мәмілелер жасауға өтінімдер берген жағдайда ғана жүргізіледі) отырып, 5, 6 және
7-бағандарда көрсетілген мәндер сомасы ретінде есептелетін тәуекелдің мөлшері көрсетіледі.
10-бағанды есептеу үшін 9-баған (9-бағандағы мән 6 және 7-бағандарда көрсетілген мәндердің сомасынан кем болған жағдайларда) ақшалай баламада қаралады, атап айтқанда клиенттің бағалы қағаздарының көлемі 6-бағанда көрсетілген өтінімдердің және 7-бағанда көрсетілген бағалы қағаздарды сату жөніндегі мәмілелердің орташа алынған бағасы бойынша есепке алынады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысына қосымша |
Күші жойылған нормативтік құқықтық актілер тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 209 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5844 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 4 қазандағы № 150 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6632 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 209 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 тамыздағы № 278 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8007 тіркелген, 2012 жылғы 20 желтоқсанда, 2012 жылғы 27 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 834-839, 852-856 (27910, 27927) жарияланған).