Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдер

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 278 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қазанда № 8007 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 209 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5844 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Брокерлік және дилерлік қызметті және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар 2010 жылғы 29 наурызға дейінгі мерзімде өздерінің ішкі құжаттарын және пайдаланылатын программалық-техникалық қамтамасыз етуді осы қаулымен бекітілген Қағидалардың талаптарына сәйкес келтірсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидалары»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) брокерлік және дилерлік қызметті (бұдан әрі - Брокер және (немесе) дилер), инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті (бұдан әрі – Басқарушы) жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру тәртібін белгілейді.
      Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі мыналарды қамтиды:
      1) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын негізгі талаптар;
      2) Брокердің және (немесе) дилердің және Басқарушының ішкі құжаттарына қойылатын талаптар;
      3) Инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің активтерін және Брокердің және (немесе) дилердің және Басқарушының меншікті активтерін басқару жөніндегі қызметті ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
      4) Басқарушының және Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық комитетінің қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
      5) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық қызметі барысында тәуекелдерге мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
      6) Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының қызметі барысында тәуекелдерге мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
      7) Ішкі бақылауды және ішкі аудитті ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
      8) Ақпараттық алмасу жүйелерін ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
      9) Тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдау үшін пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қағидалардың мақсаты жоғарыда аталған қызмет түрлерін зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыру жөніндегі қызметпен қоса атқаратын ұйымдарды, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымда (бұдан әрі – Брокер және (немесе) дилер), инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымда (бұдан әрі – Басқарушы) тәуекелдерді басқару жүйелерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды анықтау болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
      «1-2. Қағидалардың 8-тармағы 3) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарында, 11-тармағының 9) және 10) тармақшаларында, 23-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында, 23-1 және 23-2-тармақтарында, 58-тармағының 2), 8), 9) тармақшаларында, 62-1, 62-2, 62-3, 62-4, 62-5, 62-6, 62-7 және 62-8-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін Брокермен және (немесе) дилермен немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушымен жасалған брокерлік қызмет көрсетуге шарттың талаптарында осы Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының банк және (немесе) жеке шотында клиенттік тапсырыста көрсетілген ақша және (немесе) бағалы қағаздар көлемінен кем емес мөлшерде клиентте ақша және (немесе) бағалы қағаздар болған кезде ғана орындалуға клиенттік тапсырыс қабылданатыны көзделеді.»;
      2345 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органы (Брокер және (немесе) дилер үшін акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған қадағалау кеңесі (бұдан әрі – қадағалау кеңесі)) және атқарушы органы тәуекелдерді басқару жүйелерінің Қағидалардың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді және Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бөлімшелері мен қызметкерлеріне тәуекелдерді басқару саласында өздеріне жүктелген міндеттерін орындау үшін жағдай жасайды.
      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ашық валюталық позиция – жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер топтарының) валютасына қойылатын талаптардың (міндеттемелердің) сол шетел валютасына қойылатын міндеттемелерден (талаптардан) асып кетуі;
      2) баға тәуекелі – қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы нарықтарындағы жағдайлар өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
      3) бедел тәуекелі – жағымсыз қоғамдық пікір немесе Брокерге және (немесе) дилерге, Басқарушыға деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
      4) бэк-тестинг – тарихи деректерді пайдалану арқылы және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;
      5) валюталық тәуекел – шетел валюталары бағамдарының өзгеруіне байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі құндылық түріндегі валюталар бойынша позицияларды асыра бағалаудан туындайды;
      6) гэп – позиция – клиент активтерінің және осы міндеттемелердің орындалу мерзімдеріне қарай клиенттің инвестициялық басқаруға не брокерлік қызмет көрсетуге табысталған активтері бойынша міндеттемелердің арасындағы айырма немесе Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті өтімді активтерінің және міндеттемелердің орындалу мерзімдеріне қарай осы міндеттемелерінің арасындағы айырма;
      7) елдің (трансферт) тәуекелі – шет мемлекеттің немесе шет мемлекет резидентiнiң міндеттемелер бойынша төлем қабiлетсiздiгi немесе жауап беру ниетiнiң болмауы салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
      8) ішкі аудит қызметі – негізгі функциясы Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасау болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бөлімшесі;
      9) ішкі бақылау жүйесі – Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының рентабельдіктің ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруын қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың рәсімдері мен саясатының жиынтығын білдіретін тәуекелдерді басқару және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және инвестициялық қорлар туралы заңнамасын, Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының саясатын, ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауға, Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының шығындар немесе бедел тәуекелін төмендетуге мүмкіндік беретін қаржылық және басқарушылық есептіліктерінің сенімді жүйесін қолдау жүйелерінің бөлігі;
      10) ішкі құжаттар – Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының, олардың органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының, өкілдіктерінің), қызметкерлерінің қызметтерінің талаптары мен тәртібін реттейтін құжаттар;
      11) қарсы серіктес – клиенттердің активтері және (немесе) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтері есебінен қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді жасау барысында Брокерге және (немесе) дилерге, Басқарушыға қызмет көрсететін, аумағында осы заңды тұлға заңды тұлға ретінде тіркелген мемлекеттің заңнамасына сәйкес алынған, қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға құқық беретін лицензиясы не рұқсаты бар заңды тұлға;
      12) корпоративтік басқару – Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының жоғарғы органының, басқару органының (қадағалау кеңесінің), атқарушы органының және Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының өзге де органдарының арасындағы өзара қарым-қатынастар кешені болып табылатын, ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің (қатысушыларының) құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және акционерлерге (қатысушыларға) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жасауға мүмкіндік беретін, Брокерді және (немесе) дилерді, Басқарушыны стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі;
      13) кредиттік тәуекел – бағалы қағазды шығару талаптарымен белгіленген мерзімде инвесторға тиесілі негізгі борышты және сыйақыны эмитенттің төлемеуі немесе уақтылы төлемеуі салдарынан, сондай-ақ своптар, опциондар, форвардтар мен кредиттік тәуекелге ұшыраған өзге де қаржы құралдары бойынша және аталған бағалы қағаздар мен қаржы құралдары жөніндегі есеп айырысуларды реттеу кезеңіндегі міндеттемелерді серіктестің орындамауына байланысты не қарсы серіктестің немесе клиенттің шартта көзделген немесе мәміле жасау барысында туындайтын өздерінің міндеттемелерін орындамау немесе дер кезінде орындамау салдарынан туындайтын залал тәуекелін қосқандағы шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
      14) құқықтық тәуекел – Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және инвестициялық қорлар туралы заңнамасының, ал Қазақстан Республикасының резиденттері еместермен қатынастарда – басқа мемлекеттер заңнамасының талаптарын бұзуы не Брокер және (немесе) дилер, Басқарушы практикасының олардың ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
      15) меншікті активтерді инвестициялау саясаты – инвестициялау объектілерінің тізбесін, Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегиясын, талаптарын және шектеулерін, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;
      16) мүдделер қайшылығын басқару – Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының лауазымды тұлғасының немесе қызметкерінің мүдделері олардың шешімдер қабылдауының және міндеттерін атқаруының объективтілігі мен тәуелсіздігіне ықпал етуі, сондай-ақ олардың Брокер және (немесе) дилер, Басқарушы клиенттерінің және (немесе) Брокер және (немесе) дилер, Басқарушы акционерлерінің мүдделерінде әрекет жасау міндеттемесімен қайшы келуі мүмкін жағдайларды болдырмау механизмдерін жасау;
      17) нарықтық тәуекел – қаржы нарықтарының қолайсыз қозғалыстарымен байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Нарықтық тәуекелдің макроэкономикалық табиғаты бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері нарықтық тәуекелдердің дереккөздері болып табылады;
      18) операциялық тәуекел – ішкі процестерді жүзеге асыру, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың жұмыс жасауы барысында қызметкерлер тарабынан жол берілген кемшіліктердің немесе қателіктердің нәтижесінде, сондай-ақ:
      жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік пен басқару құрылымын қоса алғанда, Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының анық емес және тиімсіз ұйымдастыру құрылымына;
      ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегияларына, саясатына және (немесе) стандарттарына, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктеріне;
      шындыққа сай келмейтін ақпараттарына не оны тиісінше пайдаланбауға;
      қызметкерлерді тиімсіз түрде басқаруға және (немесе) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының білікті емес штатына;
      Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметін жүзеге асыру процесінің жеткілікті түрде тиімді құрылмауына не ішкі ережелердің сақталуына нашар бақылау жасалуына;
      Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметіне сыртқы ықпалдың болжанбаған немесе бақыланбайтын факторларына;
      Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметін реттейтін ішкі құжаттарда (ережелерде) кемшіліктердің немесе қателердің болуына;
      Брокер және (немесе) дилер, Басқарушы басшылығының және қызметкерлерінің клиенттік база ауқымының тарылуына, клиенттердің және (немесе) қарсы серіктестердің Брокерге және (немесе) дилерге, Басқарушыға деген сенімсіздігіне немесе оны жағымсыз қабылдауына алып келген кәсіби емес іс-әрекеттеріне байланысты тәуекелдер кіретін сыртқы оқиғалар салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
      19) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелі – міндеттемелерді орындамау мүмкіндігіне не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретінде өтiмдiлiгiн жоғалту тәуекелі олардың төмен шығындарымен және қолайлы бағалары бойынша тез сатылу мүмкіндігімен анықталады;
      20) пайыздық тәуекел – сыйақы ставкаларының қолайсыз өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі, оған:
      орналастырған активтер мен тартылған мiндеттемелердi (белгіленген сыйақы ставкалары кезінде) қайтару және өтеу мерзiмдерiнiң сәйкес келмеуінен шығыстардың (шығындардың) туындауына;
      өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаттамасы бар бірқатар құралдар бойынша алынатын және төленетін сыйақыны есептеу мен түзетудің түрлі әдiстерiн қолдануға байланысты (негізгі тәуекел) тәуекелдер кіреді;
      21) стресс-тестинг - заңды және жеке тұлғаның қаржылық жай-күйіне ерекше, бірақ заңды және жеке тұлғаның қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың нақты әсер етуін өлшеу әдістері;
      22) тәуекелдерді басқару жүйесі – төрт негiзгi элемент: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі кiретiн процесс;
      23) форс-мажор жағдайы – төтенше және еңсерілмейтін (осы жағдайлар кезінде) оқиға (дүлей күш);
      24) «stop-loss» лимиттері – қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі;
      25) «take profit» лимиттері – қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістердің шекті рұқсат етілген деңгейі;
      26) VAR (Value at Risk) моделі - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір ықтималдық дәрежесімен инвестициялық портфельдің белгілі позициялары бойынша барынша жоғары ықтимал шығындарын сипаттайтын модель;
      27) төлем қабілетсіздігінің тәуекелі – Брокермен және (немесе) дилермен немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушымен брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасаған клиенттің мәміле жасау нәтижесінде пайда болған ақша және (немесе) бағалы қағаздарды жеткізу бойынша міндеттемелерді орындамау тәуекелі.
      4. Брокерлер және (немесе) дилерлер, Басқарушылар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органға Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес:
      1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың толық тізбесі;
      2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келуді (сәйкес келмеуді) дербес бағалау;
      3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда түзетілуі тиіс кемшілікті көрсете отырып, оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары, кемшілікті түзетуге қажетті іс-шаралар, іс-шаралардың орындалуына жауапты адамдар мен оны орындаудың нақты мерзімдері көрсетілетін тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау жөніндегі есепті ұсынады.
      5. Басқарушының және Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтері мен инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің активтері бойынша баға тәуекелі, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел және өтімділік тәуекелі жөніндегі стресс-тестинг Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес екі айда бір рет есептеледі.
      Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес ресімделген стресс-тестинг нәтижелері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) әрбір жұп айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
      6. Басқарушы және Басқарушы болып табылатын Брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 3 және 4-қосымшалары жөніндегі ақпаратты Комитетке есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметінің мынадай бағыттарын қамтиды:
      1) бағалы қағаздар нарығының негізгі көрсеткіштеріне тұрақты түрде талдау жүргізу және макро- мен микроэкономикалық факторлардың әсер етуін ескере отырып, олардың өзгерістерін болжау;
      2) меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу және бекіту;
      3) клиенттермен жұмыс істеуді ұйымдастыру тәртібін белгілеу, оған:
      клиенттік тапсырыстардың уақтылы қабылдануы мен орындалуын қамтамасыз ететін рәсімдер;
      клиенттердің шағымдары мен өтініштерінің мәні бойынша белгіленген мерзімде қаралуын қамтамасыз ететін рәсімдер;
      клиенттер активтерінің және (немесе) меншікті активтердің есебінен мәмілелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін рәсімдер;
      клиенттер активтерін есепке алудың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және бухгалтерлік есеп туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ететін рәсімдер;
      сыйақыны анықтау және есептеу тәртібінің дұрыстығын тексеруді жүргізу тәртібі;
      клиенттердің қаражатын заңсыз пайдалану жағдайларын болдырмауға бағытталған рәсімдер;
      клиенттердің қаржылық жай-күйі мен төлем қабілеттілігінің мониторингі мен талдау рәсімдері;
      бір клиенттің тәуекелдерін есептеуді жүргізу тәртібі;
      төлем қабілетсіздігінің тәуекелдерін шектеуге бағытталған рәсімдері кіреді;
      4) Брокерді және (немесе) дилерді басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымын құру;
      5) ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеу және бекіту;
      6) Брокердің және (немесе) дилердің мүдделі органдарына және бөлімшелеріне шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты ұсыну;
      7) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында және меншікті активтерді инвестициялау саясатында белгіленген талаптардың сақталуына мониторинг жасау;
      8) Брокердегі және (немесе) дилердегі іс жүзіндегі және потенциалды мүдделер қайшылығын басқару.»;
      1011 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметінің Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында аталған бағыттарын қамтиды.
      11. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі құжаттарына:
      1) Брокерді және (немесе) дилерді, Басқарушыны басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ереже;
      2) ұзақ мерзімді кезеңге стратегиялық жоспарлау және қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерге жылдық бюджетті (қаржылық жоспарды) жасау тәртібі;
      3) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының корпоративтік стратегиясы;
      4) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының есеп саясаты;
      5) Басқарушы клиенттерінің активтерін инвестициялау саясаты;
      6) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтерін инвестициялау саясаты;
      7) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының тәуекелдерді басқару саясаты;
      8) қарсы серіктестер мен клиенттерге талдау және мониторинг жасауды жүзеге асыру рәсімдері;
      9) клиенттердің қаржылық жай-күйіне және ранжирлеуге баға беру тәртібі;
      10) төлем қабілетсіздігінің тәуекелдерін шектеудің тәртібі мен талаптары;
      11) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары;
      12) қаржылық қызметті көрсету үшін сыйақы есептеу және есепке алу қағидалары;
      13) ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыру рәсімдері;
      14) іс жүзіндегі және потенциалды мүдделер қайшылығын басқару саясаты;
      15) ішкі есепке алу жүйелерінің журналдарын жүргізу қағидалары;
      16) қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық;
      17) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органы (қадағалау кеңесі) белгілеген өзге де құжаттар кіреді.
      Осы тармақтың 8), 9), 10) тармақшалары Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушыға қолданылады.
      12. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының атқарушы органы бекітетін Қағидалардың 11-тармағының 1) және 13) тармақшаларында көзделген ішкі құжаттарын қоспағанда, Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі құжаттары жеке құжат ретінде жасалады не Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқа да ішкі құжаттарының құрамына кіргізіледі және Брокерде және (немесе) дилерде, Басқарушыда тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бөлімшесімен келісілгеннен кейін Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органымен (қадағалау кеңесімен) бекітіледі.»;
      1516 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының есепке алу саясаты Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және инвестициялық қорлар туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес жасалады.
      16. Басқарушы немесе Басқарушы болып табылатын Брокер және (немесе) дилер клиенттерінің активтерін инвестициялау саясаты клиенттердің активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырудың талаптары мен тәртібін, клиенттердің активтерін Басқарушының құқықтары мен міндеттерін, клиенттердің активтерін басқару жөніндегі қызмет барысында пайдаланылатын құжаттардың үлгі нысандарын белгілейді және онда:
      1) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарттың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және инвестициялық қорлар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін тексеру;
      2) Басқарушы клиенттерінің активтері бойынша инвестициялық декларацияны әзірлеу;
      3) клиенттер активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін ұсынымдар даярлау, онда мыналар көзделеді:
      ұсынымдарды беруге уәкілетті тұлғалар лауазымдарының тізбесі;
      клиенттер активтерінің есебінен инвестициялық портфельдің жай-күйіне талдау жасау тәртібі;
      инвестициялауды жүзеге асыру болжамдалып отырған қаржы құралдарының болуына, оларды шығару және айналысқа жіберу талаптарына және кірістілігіне талдау жасау тәртібі;
      инвестициялауды жүзеге асыру болжамдалып отырған қаржы құралдарына байланысты тәуекелдерге талдау жасау тәртібі;
      активтердің әртараптандыру нормаларының сақталуына талдау жасау тәртібі;
      ұсынымдарды беруде маңызды болып саналатын факторларға талдау жасау тәртібі;
      4) Басқарушының инвестициялық шешімдер қабылдауға уәкілетті инвестициялық комитеті жұмысының сипаттамасын, отырыстарды өткізу кезеңділігі мен нәтижелерін ресімдеуді қамтитын клиенттердің активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау;
      5) органдар мен бөлімшелердің инвестициялық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және орындау барысында өзара іс-әрекет етуі;
      6) клиенттер активтерінің қатысуымен мәмілелер жасау және клиенттер активтерінің қатысуымен жасалған мәмілелерге, оның ішінде клиенттер активтерінің заңсыз пайдаланылуын болдырмау мәніне бақылау жасауды жүзеге асыру, активтердің құрамы мен қозғалысын салыстыра тексеруді жүзеге асыру, жасалған мәмілелердің құжат айналымын және ішкі есебін жүргізу, сондай-ақ клиенттер активтерінің қатысуымен мәмілелердің жасалуына бақылауды жүзеге асыратын басшы қызметкерлер лауазымдарының тізбесі;
      7) есепке алудың дәйектілігін және клиенттердің шотына қаражаттың уақтылы келіп түсуін қамтамасыз ету;
      8) клиент активтерін есепке алудың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және инвестициялық қорлар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келу мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету;
      9) Комитеттің, тиісті органдардың, активтері басқаруға алынған клиенттердің алдында клиенттердің инвестициялық портфелін басқару қызметінің нәтижелері жөніндегі есептілігін даярлау;
      10) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарттар бойынша клиенттердің шағымдарын белгіленген мерзімде қарастыруды, операциялық қателіктер орын алған жағдайда жоғалған инвестицияларды уақтылы қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
      11) деректер тұтастығының және ақпарат құпиялылығының қамтамасыз етілуіне ішкі бақылау жасау;
      12) клиенттер активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын хеджирлеу;
      13) сыйақыны анықтау мен есептеу тәртібі, сондай-ақ көрсетілген ақпаратты клиенттерге беру талаптары жөніндегі рәсімдердің сипаттамасы қамтылады.
      17. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерін инвестициялау саясаты меншікті активтерді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібін, меншікті активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызмет барысында пайдаланылатын құжаттардың үлгі нысандарын белгілейді және онда:
      1) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлеу;
      2) меншікті қаражаты есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы шешімдер қабылдау үшін ұсынымдар дайындау, онда мыналар көзделеді:
      ұсынымдарды беруге уәкілетті тұлғалар лауазымдарының тізбесі;
      меншікті активтердің есебінен инвестициялық портфельдің жай-күйіне талдау жасау тәртібі;
      инвестициялауды жүзеге асыру болжамдалып отырған қаржы құралдарының болуына, олардың айналымы мен кірістілігінің талаптарына талдау жасау тәртібі;
      инвестициялауды жүзеге асыру болжамдалып отырған қаржы құралдарына байланысты тәуекелдерге талдау жасау тәртібі;
      активтердің әртараптандыру нормаларының сақталуына талдау жасау тәртібі;
      ұсынымдарды беруде маңызды болып саналатын факторларға талдау жасау тәртібі;
      3) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің меншікті қаражаты есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы, осындай шешімдер қабылдауға уәкілетті инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасы бар, отырыстарды өткізу кезеңділігі мен нәтижелерін ресімдеуді қамтитын шешімдерді қабылдау;
      4) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің органдары мен бөлімшелерінің меншікті қаражаты есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы шешімдерді әзірлеу, қабылдау және орындау барысында өзара іс-әрекет етуі;
      5) меншікті активтердің қатысуымен мәмілелер жасау және меншікті активтердің қатысуымен жасалған мәмілелердің орындалуына, жүргізілуіне бақылау жасау, активтердің құрамы мен қозғалысын салыстыра тексеруді жүзеге асыру, жасалған мәмілелердің құжат айналымын және ішкі есебін жүргізу, сондай-ақ меншікті активтердің қатысуымен мәмілелердің жасалуына бақылауды жүзеге асыратын басшы қызметкерлер лауазымдарының тізбесі;
      6) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің Комитеттің, тиісті органдардың алдында меншікті активтерді басқару қызметінің нәтижелері бойынша есептілікті даярлау жөніндегі рәсімдердің сипаттамасы қамтылады.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтерін инвестициялау саясаты Қағидалардың 4-тарауының талаптарына сәйкес әзірленеді және бекітіледі.»;
      2122 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Басқарушының және (немесе) Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерді басқару саясаты Қағидалардың 20-тармағында белгіленген мәліметтер тізбесіне қосымша ретінде мыналарды айқындайды:
      1) лицензияланатын қызмет түріне тән сәйкестендіру, бағалау, мониторинг және бақылау жасау рәсімдерін, оның ішінде:
      болжанатын тәуекел (VAR-модель) бойынша қаржы құралдарын бағалаудың халықаралық практикасын пайдалана отырып тәуекелдерді бағалау әдістемесін;
      туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларға тән тәуекелдерді қоса алғанда, тәуекелдерді өлшеу тәртібін, пайдаланылатын тәуекелді өлшеу модельдерінің сипаттамасын;
      қаржы құралының құнына әсер ететін тәуекелдерді ескере отырып, оның құнын белгілеу рәсімдерін;
      2) бақылау жасауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсете отырып, инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттер активтеріне және меншікті активтерге қатысты белгіленген инвестициялау лимиттерінің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін;
      3) бақылау жасауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсете отырып, «stop-loss», «take-profit» лимиттерін белгілеу және орындауға бақылау жасау ережелерін;
      4) бақылау жасауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсете отырып, инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттер активтері бойынша шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін белгілеу және оның орындалуын бақылау ережелерін қоса алғанда, орта және ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық рентабельдіктің тұрақты көрсеткіштерін қолдау мақсатында инвестициялық портфельді құрылымдау рәсімдерін;
      5) инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттер активтері мен меншікті активтерді инвестициялауға байланысты тәуекелдер үдеген жағдайда, инвестициялық декларацияға өзгерістер енгізуге бастамашы болу және инвестициялау лимиттерін, «stop-loss» және «take-profit» лимиттерін қайта қарау тәртібін;
      6) инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттер активтері және (немесе) меншікті активтер есебінен мәмілелерді жасау және инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттер активтерін және (немесе) меншікті активтерді есепке алу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелердің мәмілелерді жасау және жасалған мәмілелерді есепке алуда көрсету жөніндегі функционалдық міндеттерді бөлуге негізделген қызметіне бақылау жасау жүйесін белгілейді. Бақылау жасау жүйесі:
      тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің жасалуы жоспарланып отырған мәмілелер параметрлерінің инвестициялау лимиттеріне сәйкес келуін бақылау жөніндегі функциясын белгілеуді;
      құқықтық қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыратын бөлімшенің жасалатын мәмілелер бойынша шарттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізу жөніндегі функциясын белгілеуді;
      инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттер активтері және (немесе) меншікті активтер есебінен мәмілелер жасауды жүзеге асыратын бөлімшенің тек қана инвестициялық шешімде көрсетілген параметрлерге сәйкес мәмілелер жасау жөніндегі функциясын белгілеуді;
      инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттер активтері және (немесе) меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есепке алуды жүзеге асыратын бөлімшенің орындалған мәмілелер параметрлерінің меншікті қаражаты және клиенттердің активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы шешімдердің талаптарына сәйкес келуін бақылау жөніндегі функциясын белгілеуді;
      инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттер активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есепке алуды жүзеге асыратын бөлімшенің клиенттер активтерін заңсыз пайдалану жағдайларын болдырмауға бақылау жасау жөніндегі функциясын белгілеуді;
      бақылау жүйесіне қатысушылардың арасындағы сөз байласу мүмкіндігін шектейтін шаралардың болуын көздейді.
      22. Брокердің және (немесе) дилердің және Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының тәуекелдерді басқару саясаты Қағидалардың 20-тармағында белгіленген мәліметтер тізбесіне қосымша ретінде мыналарды көздейтін қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бөлімшелердің қызметіне бақылау жасау жүйесін айқындайды:
      құқықтық қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыратын бөлімшенің жасалатын мәмілелер бойынша шарттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізу жөніндегі функциясын белгілеу;
      клиенттер активтері және (немесе) меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасауды жүзеге асыратын бөлімшенің клиенттің бұйрығында және (немесе) меншікті қаражаты және клиенттердің активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы шешімде көрсетілген параметрлерге сәйкес мәмілелер жасау жөніндегі функциясын белгілеу;
      функционалдық міндеттерді бөлуге, атап айтқанда, қаржы құралдарымен мәмілелерді жасайтын бөлімше мен осы операцияларды есепке алумен айналысатын бөлімше арасында функционалдық міндеттерді бөлуге негізделген қаржы құралдарын сатып алу-сату жөніндегі операцияларды жасаудың дұрыстығына қосарланған бақылау жүргізу тәртібін анықтау.
      Қосарланған бақылау жүйесі:
      қаржы құралдарымен жасалынған операцияларды есепке алумен айналысатын бөлімшенің орындалған мәмілелер параметрлерінің клиенттің бұйрығында және (немесе) меншікті қаражаты және клиенттердің активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы шешімде көрсетілген талаптарға сәйкес келуіне бақылау жасау жөніндегі функциясын белгілеуді;
      қаржы құралдарымен жасалынған операцияларды есепке алумен айналысатын бөлімшенің клиенттердің активтерін заңсыз пайдалану жағдайларының орын алмауына бақылау жасау жөніндегі функциясын белгілеуді;
      қосарланған бақылау жүйесіне қатысушылардың арасындағы сөз байласу мүмкіндігін шектейтін шаралардың болуын;
      бір тұлғаның бір уақытта қаржы құралдарымен мәмілелерді жасайтын бөлімшедегі және осы операцияларды есепке алумен айналысатын бөлімшедегі міндеттерді атқаруына тыйым салуды көздейді.
      23. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қарсы серіктестері мен клиенттеріне талдау және мониторинг жасауды жүзеге асыру рәсімдері нақты қауіптерді сәйкестендіру мақсатында әрбір қарсы серіктес пен клиент туралы ақпарат алу үшін Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қарсы серіктестеріне және клиенттерге олармен іскер қарым-қатынастарды орнатқанға дейін (шарт жасасқанға дейін) және одан әрі өзара іс-әрекет жасау барысында кешенді түрде тексеру жүргізуге бағытталған шаралар кешенін белгілейді.
      Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының өз қарсы серіктестері мен клиенттерін кешенді түрде тексеруіне мынадай шараларды жүзеге асыру кіреді:
      1) болжанатын іскер қарым-қатынастардың мақсаттары мен сипатын белгілеу;
      2) әлеуетті немесе нақты қарсы серіктес немесе клиент болып табылатын тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет мәліметтерді тіркеу;
      3) Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының алдындағы өзінің міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетін анықтау мақсатында қарсы серіктестің төлем қабілеттілігіне мониторинг жүргізу;
      4) брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасаған клиенттердің қаржылық жай-күйіне талдау жасау және мониторинг жүргізу;
      5) клиенттердің сенімділік дәрежесін (төлем қабілеттілігін) анықтауды көздейтін санаттар бөлігінде брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасасқан клиенттерді ранжирлеу;
      6) мәмілелер көлемі бойынша бір қарсы агентке лимиттер белгілеу арқылы клиенттер тарапынан төлем қабілетсіздігінің тәуекелі болған жағдайда клиенттік активтер есебінен мәміле жасау мүмкіндіктерін шектеу, клиенттердің жеке және (немесе) банктік шоттарындағы бағалы қағаздары және (немесе) ақшасын толық немесе ішінара алдын-ала сақтап қою талаптарын белгілеу немесе брокерлік қызмет көрсету шартымен көзделген өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырудағы клиенттерге қатысты шектеулі маржа деңгейін көтеру.»;
      мынадай мазмұндағы 23-1 және 23-2 тармақтармен толықтырылсын:
      «23-1. Клиенттердің қаржылық жай-күйіне және ранжирлеуге баға беру тәртібін төлем қабілетсіздігінің тәуекелдерін уақтылы анықтау мақсатында Брокер және (немесе) дилер немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушы әзірлейді және ол мыналарды қамтиды:
      1) клиенттердің қаржылық жай-күйлеріне баға беру, оның ішінде Қағидалардың 61-тармағында көрсетілген ақпарат пен көрсеткіштер тізбесін;
      2) клиенттердің қаржылық жай-күйлеріне баға беру әдістемесі;
      3) сенімділік дәрежесі (төлем қабілеттілігі) жоғары клиенттер санаттарынан бастап және сенімділік дәрежесі (төлем қабілеттілігі) төмен клиенттер санаттарымен аяқтай отырып, санаттар бөлігінде клиенттерді ранжирлеу әдістемесі;
      4) клиенттердің қаржылық жай-күйіне және ранжирлеуге баға беру туралы Брокердің және(немесе) дилердің атқарушы органының немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының есептерін ұсыну (жылына бір реттен кем емес) тәртібі мен кезеңділігі.
      23-2. Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының төлем қабілетсіздігінің тәуекелдерін шектеу тәртібі мен талаптары мыналарды қамтиды:
      1) төлем қабілетсіздігінің тәуекелдерін шектеу мақсатында көзделіп енгізген, бірақ шектемеген лимиттердің, шектеулердің, тыйым салулардың және өзге де шаралардың тізбесі:
      мәміле көлемі бойынша бір клиентке келетін лимиттер;
      әрбір жеке клиентке қатысты маржаның шектеліп отыратын деңгейі;
      жеке және (немесе) банк шоттарында бағалы қағаздарды және (немесе) ақшаны толық немесе ішінара алдын-ала сақтап қою;
      2) клиенттерге қатысты шектеулерді қолданудың осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген тәртібі мен талаптары.»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелеріне бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету және оларды Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының, олардың қызметкерлерінің немесе үшінші тұлғалардың жеке мүдделерінде пайдалануына жол бермеу жөніндегі рәсімдер кіреді.
      Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары:
      1) коммерциялық және қызметтік құпияға жататын, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңмен, «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын ақпарат тізбесін;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат бар құжаттарды жасау, ресімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібін;
      3) осы ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалардың лауазымдарын көрсете отырып, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратқа рұқсат беру тәртібін;
      4) мыналарды көздейтін, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ақпараттың жылыстауын және ақпараттық деректердің бұрмалануын болдырмау механизмдерін:
      шектеулі рұқсаты бар ақпараттық деректер тізбесін;
      рұқсат алу тәртібін;
      ақпараттық деректерге рұқсатты, ақпараттық деректерге рұқсаты бар тұлғалар лауазымдарының тізбесін бақылау тәртібін;
      5) ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің автоматтандырылған деректер базасын басқару терминалдарын пайдаланушыларға мониторинг жасауды және оларды сәйкестендіруді жүзеге асыруы және пайдаланушының жеке басын бірегейлендіруге мүмкіндік беретін жүйемен қамтамасыз етуі арқылы автоматтандырылған деректер базасын басқару терминалдарын рұқсатсыз пайдалануды болдырмау жөніндегі іс-шараларды белгілейді.»;
      26-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26-1. Іс жүзіндегі және потенциалды мүдделер қайшылығын басқару саясатына:
      1) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының лауазымды тұлғасының немесе қызметкерінің мүдделері олардың шешімдер қабылдауының және міндеттерін атқаруының объективтілігі мен тәуелсіздігіне ықпал етуі, сондай-ақ олардың Брокер және (немесе) дилер, Басқарушы клиенттерінің және (немесе) Брокер және (немесе) дилер, Басқарушы акционерлерінің мүдделерінде әрекет жасау міндеттемесімен қайшы келуі мүмкін жағдайларды анықтау;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлар туындаған кездегі Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері қызметінің принциптері;
      3) Брокер және (немесе) дилер, Басқарушы органдарының, бөлімшелерінің, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің қызметі барысында осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды анықтау және сипаттау мақсатында мәліметтерді жинауды, сақтауды және оларға мониторинг жасауды жүзеге асыру тәртібі;
      4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлар туындаған кездегі Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің шешімдерді қабылдауға қатысу құқығын шектеуді қосқанда, қабылданатын шешімдердің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған, Брокер және (немесе) дилер, Басқарушы органдарының шешімдерді қабылдау рәсімдері кіреді.»;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтерін басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Қағидалардың 17 және (немесе) 18-тармақтарында көзделген ережелерден бөлек мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтерін инвестициялау саясаты әзірленеді:
      1) меншікті активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;
      2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесі;
      3) қаржы құралдарының түрлері және ашық валюталық позиция үлесі бойынша меншікті активтерді инвестициялау лимиттері;
      4) инвестициялық қызметке қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер;
      5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсете отырып меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;
      6) инвестициялық қызметке байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпарат.»;
      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Функциясына инвестициялық шешім қабылдауға қажетті ақпаратты жинау, өңдеу және талдау кіретін Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің жауапты бөлімшелері Қағидалардың 32-тармағында көрсетілген аналитикалық зерттеулер негізінде осындай ұсынымдарды беруге негіздеме болған факторлардың толық тізбесі бар ұсынымдарды әзірлейді.»;
      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «38. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінің Қағидалардың 37-тармағының 3) тармақшасына сәйкес дайындалған қорытындысында мыналар туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, мынадай мәліметтер болады:
      жасалатын мәміленің басқару органы мен инвестициялық комитет белгілеген лимиттердің сақталуына әсері;
      уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтер мәнінің ықтимал өзгерісі;
      осы қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдер.»;
      41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «41. Қағидалардың 40-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін инвестициялық комитеттің инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттер активтері және (немесе) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің меншікті қаражаты есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы шешімдер қабылдау жөніндегі функцияларды қоса атқаруына жол беріледі.
      42. Инвестициялық комитет отырысының өткізілу қорытындылары бойынша:
      отырыста қаралатын мәселелер тізбесін;
      инвестициялық шешімді қабылдау үшін инвестициялық комитетке ұсынылған құжаттар тізбесін;
      қаржы құралдарының атауын, сондай-ақ олармен мәмілелер жасау талаптарын көрсете отырып, осы отырыста қабылданған инвестициялық шешімдердің параметрлерін;
      отырыста қаралатын әрбір мәселе бойынша дауыс беру қорытындыларын;
      инвестициялық комитет мүшелерінің негіздемелері бар пікірлерін, оның ішінде олардың қабылданған шешіммен келіспеушілігі және қабылданған инвестициялық шешімнен ерекше (шешім қабылданған кезде білдірілген) пікір болған жағдайдағы пікірлерін;
      Қағидалардың 26-1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлардың туындағаны туралы мәліметтерді көрсете отырып, хаттама жасалады.»;
      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «46. Хеджирлеу құралдарымен мәміле жасау үшін инвестициялық шешім Қағидалардың 45-тармағының 1) – 3), 7) – 12) тармақшаларында көрсетілген мәліметтермен қатар мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) хеджирлеу құралының түрі, жасалу мерзімі, көлемі, құны (сыйлықақысы), хеджирлеу операциясының жасалуы жоспарланатын нарығы көрсетілген хеджирлеу құралының жан-жақты сипатталуы және осы құралдың басқа да сипаттамалары (талаптары);
      2) осы хеджирлеу құралын қолданудан күтілетін нәтижелер;
      3) хеджирлеу объектісінің (базистік активінің) тәуекелін оның түрін (пайыздық, баға, валюталық және тағы басқалар), сондай-ақ оны бағалау әдісін көрсете отырып бағалау;
      4) қажетті деректемелері (бірегейлендіру нөмірі, саны, құны, көлемі, валютасы) көрсетілген хеджирлеу объектісі;
      5) осы операцияны жасау арқылы хеджирлеу объектісі бойынша ықтимал шығындардың (алынбаған кіріс) мөлшерін төмендетуге алып келетінін растайтын есеп айырысу.»;
      5354 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «53. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше:
      1) тәуекел бағасы моделінің және ағымдағы бағаны нарықтық бағаға келтіру негізінде қаржы құралдарының құнын бағалауды жүргізеді, оның ішінде Қағидалардың 2-қосымшасының 1-нысанына сәйкес баға тәуекелі жөніндегі стресс-тестинг жүргізуді іске асырады;
      2) бэк-тестинг өткізеді, атап айтқанда Басқарушы немесе Басқарушы болып табылатын Брокер және (немесе) дилер жөніндегі тарихи деректерді пайдалану және стресс-тестингті жүргізу нәтижесінде есептелген қорытындыларды қаржы құралдарымен жасалынған операциялардың ағымдағы (нақты) нәтижелерінің қорытындыларымен салыстыру арқылы тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеруді жүзеге асырады;
      3) қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде жүргізілген стресс-тестингтер мен бэк-тестингтердің нәтижелерін басқару органына және тәуекелді бағалау нәтижелерін және тұрақты стресс-тестингтерді пайдаланатын инвестициялық комитетке береді.
      54. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық қызметіндегі құқықтық тәуекелдердің мониторингiн қамтамасыз ету мынадай iс-әрекеттердi жүргiзу арқылы жүзеге асырылады:
      1) тәуекелдердi басқаруды жүзеге асыратын бөлiмше тұрақты негiзде жауапты бөлiмшелердiң уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциалдық нормативтерді және әртараптандыру нормаларын орындауын бақылайды;
      2) құқықтық қамтамасыз ету қызметiн жүзеге асыратын бөлiмше:
      шарттардың жобаларына және шарттарға байланысты құжаттарға, Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің iшкi құжаттарының, оның iшiнде қаржы құралдарымен операциялар жүргiзуге қатыстыларының жобаларына құқықтық сараптама жүргізу арқылы Басқарушы немесе Басқарушы болып табылатын Брокер және (немесе) дилер қызметiнiң Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және инвестициялық қорлар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асырады;
      қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің қызметiн реттейтiн заңнамасындағы өзгерістермен тұрақты негiзде таныстыруды қамтамасыз етеді;
      3) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің жауапты құрылымдық бөлімшелері:
      Қазақстан Республикасының Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің қызметін реттейтін бағалы қағаздар нарығы және инвестициялық қорлар туралы заңнамасындағы өзгеріспен байланысты қосымша тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігін бағалауды жүргізеді;
      қызметкерлерді Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің iшкi құжаттарымен таныстыруды жүзеге асырады;
      Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің шарттық қатынастарды сақтауын қамтамасыз етеді және қарсы серіктестердің өз міндеттемелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
      55. Сауда бөлімшесі не бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым ұсынатын ақпараттарды қоса алғанда, Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің (инвестициялық қорлардың) активтерін басқаруды және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелері қарсы серіктестерінің қаржылық есептілігін, қарсы серіктестерді сәйкестендіруге қажетті мәліметтерді (құрылтай құжатының деректерін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін, бизнес-сәйкестендіру нөмірін (клиентке салық төлеушінің тіркеу нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ тұрғылықты жерінің мекен-жайын), қарсы серіктестердің қабылданған міндеттемелерді орындау қабілеттілігіне әсер ететін басқа да мәліметтерін зерделеу арқылы талдау және мониторинг өткізеді де, қарсы серіктестердің қызметі туралы жағымсыз мәлімет табылған жағдайда Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық комитетіне есеп дайындайды.»;
      5758596061 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «57. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің қаржылық жай-күйінің біршама нашарлауына және (немесе) оның өз міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігіне әсер ететін оқиғалар басталған жағдайда іс-шаралар жоспарын дайындауға бастамашылық етеді, сондай-ақ Басқарушы немесе Басқарушы болып табылатын Брокер және (немесе) дилер бөлімшелерінің тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысында ақпаратты жинауын және іс-әрекеттерін үйлестіруді жүзеге асырады.
      Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің қаржылық жай-күйінің біршама нашарлауына және (немесе) оның өз міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігіне әсер ететін оқиғалар тізбесі, сондай-ақ осындай оқиғалардың басталуын сипаттайтын көрсеткіштер Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық комитетімен бекітіледі, Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен айқындалады және жоғарыда көрсетілген тізбе мына ақпараттармен шектелмей:
      1) қаржы құралдары бағаларының біршама өзгеруін сипаттайтын қор нарығындағы ахуалдың қысқа уақыт аралығында өзгеруін;
      2) басқаруға қабылданған активтердің едәуір қысқаруын;
      3) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің қаржылық көрсеткіштерінің нашарлауын;
      4) меншікті капиталдың біршама төмендеуін;
      5) пруденциалдық нормативтер мәнінің айтарлықтай өзгеруін;
      6) Қағидалардың 26-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлардың туындауын;
      7) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің кәсіби түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды немесе лицензиядан айыруды;
      8) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің немесе оның ірі акционерінің дефолт немесе банкрот болуын;
      9) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында анықталған өзге де оқиғаларды қамтиды.
      Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің басқару органы Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі әзірлеген іс-шаралар жоспарын атқарушы органмен келісілгеннен кейін бекітеді.
      58. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының бөлімшесі Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының қызметіне тұрақты мониторинг жүргізуді іске асырады, тұрақты негізде тәуекелдерді бағалауды жүргізеді және тәуекелдердің деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, атап айтқанда:
      1) тәуекелдерді талдау мен бағалауға қажетті ақпараттарды жинау барысын;
      2) сондай-ақ қаржылық жай-күйді және клиенттердің төлем қабілеттілігі барысы мониторингін және талдауды ұйымдастырады;
      3) методологияны әзірлейді және жетілдіреді және тәуекелдерді талдау мен бағалау процесін ұйымдастырады;
      4) тәуекелдерді басқару әдістерін әзірлейді;
      5) тәуекелдердің деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларды жоспарлайды және оған бастамашылық етеді;
      6) тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды;
      7) әлеуетті және ықтимал тәуекелдерді ұсынатын ішкі және сыртқы факторларды сәйкестендіреді және талдайды, олардың Брокердің және (немесе) дилердің және (немесе) Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының қаржылық көрсеткіштеріне тигізген әсерінің деңгейін және олар көрсеткен қызметтердің сапасын бағалайды;
      8) осы тараудың талаптарына сәйкес тәуекелдердің орнын толтыру коэффициентінің және бір клиент тәуекелінің мәні бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады;
      9) төлем қабілетсіздігінің тәуекелдерін шектеу бойынша критерийлер мен ұсыныстар әзірлейді.
      59. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының бөлімшесі ақша ағынын және активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерін Қағидалардың 51-тармағында көзделген тәртіпте бақылауды жүзеге асырады.
      60. Шарт қатынастарын, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және инвестициялық қорлар туралы заңнамасының талаптарын және Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының ішкі саясаттарын сақтау мониторингін қамтамасыз ету Қағидалардың 54-тармағында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
      61. Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының меншікті активтерін басқаруды және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелері брокерлік қызмет көрсету жөніндегі шарттарды жасасқан қарсы серіктестері мен клиенттерінің қаржылық есептілігін, қарсы серіктестерді сәйкестендіруге қажетті мәліметтерді (заңды тұлғалар үшін құрылтай құжатының деректерін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін, бизнес-сәйкестендіру нөмірін (клиентке салық төлеушінің тіркеу нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ тұрғылықты жерінің мекен-жайын, жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін, жеке сәйкестендіру нөмірін (клиентке салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда)), қарсы серіктес пен клиенттің қабылданған міндеттемелерді орындау қабілеттілігіне әсер ететін басқа да ақпаратты зерделеу арқылы талдау және мониторинг өткізеді де, қарсы серіктестері мен клиенттерінің қызметі туралы жағымсыз ақпарат табылған жағдайда Брокердің және (немесе) дилердің басқару органына және (немесе) Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының инвестициялық комитетіне есеп дайындайды.
      62. Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының басқару органы (қадағалау кеңесі) Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының қаржылық жай-күйінің біршама нашарлауына әсер ететін оқиғалар басталған жағдайда, іс-шаралар жоспарын бекітеді.
      Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының қаржылық жай-күйінің біршама нашарлауына және (немесе) оның өз міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігіне әсер ететін оқиғалар тізбесі, сондай-ақ осындай оқиғалардың басталуын сипаттайтын көрсеткіштер Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының басқару органымен (қадағалау кеңесімен) бекітіледі және жоғарыда көрсетілген тізбе осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілген оқиғаларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.»;
      мынадай мазмұндағы 62-1, 62-2, 62-3, 62-4, 62-5, 62-6, 62-7 және 62-8 тармақтармен толықтырылсын:
      «62-1. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының бөлімшесі тәуекелдердің орнын толтыру коэффициентінің мәндерін және мынадай:
      1) бағалы қағаздарды сатып алуға (сатуға) клиенттік тапсырыстарды қабылдау;
      2) бағалы қағаздарды сатып алуға (сатуға) өтінімдерді сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесіне беру;
      3) ақшаны клиенттің банк шотына аударуға (шотынан есептен шығаруға) бұйрықты қабылдау;
      4) бағалы қағаздарды номиналды ұстауға енгізуге (ұстаудан шығаруға) бұйрықты қабылдау;
      5) тікелей және кері репо операцияларын ашу операцияларының жүзеге асырылу шамасына қарай сауда күнінің ішіндегі бір клиентке тәуекелдерді есептеуді жүзеге асырады.
      62-2. Бір клиентке тәуекелдерді есептеу, Брокер және (немесе) дилер немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушы сауда күнінің ішінде олардың атынан және (немесе) есебінен:
      1) халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарығында мәміле жасауға клиенттік тапсырыс қабылдамаған;
      2) бағалы қағаздарды сатып алуға (сатуға) өтінімдерді сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесіне бермеген клиенттерге қатысты жүргізілмейді.
      62-3. Тәуекелдердің орнын толтыру коэффициентінің мәні, Брокер және (немесе) дилер немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушы қаражатының мәміле жасау нәтижесінде туындаған шартты және мүмкін міндеттемелерінің орнын толтыру үшін жеткіліктілігін сипаттайды және кемінде бірден кем болмайды.
      Тәуекелдердің орнын толтыру коэффициентінің мәні (бұдан әрі – ТОК) мынадай формула бойынша есептеледі:
      ТОК = МК/(Кт+От),
      ондағы:
      1) МК – Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының, мыналарды:
      Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының негізгі қызметінің мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда материалдық емес активтерді және 38 Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес Комитет Басқармасы 1998 жылғы шілдеде халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша бекіткен «Материалдық емес активтерді;
      Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының, мына:
      MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index);
      DAX (Deutscher Aktienindex);
      CAC 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index);
      NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index);
      TOPIX (Tokyo Price Index);
      HSI (Hang Seng Index);
      ENXT 100 (Euronext 100);
      RTSI (Russian Trade System Index);
      DJIA (Dow Jones Industrial Average);
      S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index);
      FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index);
      KASE (Kazakhstan Stock Exchange);
      MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index) есептік көрсеткіштердің (индекстердің) құрамына кіретін эмитенттердің акциясын қоспағандағы заңды тұлғалардың акциясындағы (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) инвестицияларын шегергендегі меншікті капиталы;
      2) Кт – төлем қабілетсіздігінің тәуекелі, ол:
      Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының және оның клиенттерінің атынан сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесіне берілген бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға белсенді өтінімдер;
      Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының және оның клиенттерінің атынан берілген бағалы қағаздарды бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында сатып алуға және сатуға белсенді өтінімдер;
      Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының және оның клиенттерінің атынан жасалған бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында, есептелмеген бағалы қағаздармен мәмілелер;
      ашық репо операциялары көлемінің;
      мыналарды:
      Брокер және (немесе) дилер немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының банк шотындағы, олардың атынан осы тармақшаның екінші және үшінші абзацында көрсетілгендерді сатып алуға өтінімдер берілген клиенттерінің ақшаларын;
      олардың атынан осы тармақшаның екінші және үшінші абзацында көрсетілгендерді сатып алуға өтінімдер берілген Брокер және (немесе) дилер немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушы клиенттерінің жеке шоттарында (қосалқы шоттарында) тұрған және осы өтінімдердің мәні болып табылатын бағалы қағаздарды;
      Брокер және (немесе) дилер немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушы клиенттерінің жеке шоттарында (қосалқы шоттарында) тұрған және репо операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздарды шегергендегі сомасы ретінде есептеледі;
      3) От – Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының ұйымдастырылған және бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында бағалы қағаздармен сауда-саттығының жылдық көлемінің орташа шамасының, соңғы өткен үш жылда 0,0015-ке тең операциялық тәуекелдің және 0,035-ке тең есептік коэфициенттің қосындысы ретінде есептелетін операциялық тәуекел.
      Қайтадан құрылған Брокер және (немесе) дилер немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушы үшін, операциялық тәуекел қаржы жылының аяқталуы бойынша есептеледі және сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесіндегі сауда-саттықтардың жылдық көлемінің орташа шамасы өткен жылдардың санына қарай есептеледі.
      62-4. «Бір клиент» деген термин клиенттік тапсырысты орындау барысында Брокер және (немесе) дилер немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушыда, бағалы қағаздармен мәміле жасаудың нәтижесінде үшінші тараптың алдында ақша және (немесе) бағалы қағаздарды жеткізу бойынша міндеттеме туындауы мүмкін әрбір жеке немесе заңды тұлғаны білдіреді.
      62-5. Бір клиентке тәуекелдің көлемі Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының ақша және (немесе) бағалы қағаздарды жеткізу бойынша шартты және мүмкін міндеттемелердің, осы клиенттің Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының банктік шотында тұрған ақша сомасын шегергендегі, банк шотындағы жиынтығы ретінде есептеледі.
      62-6. Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының бір клиентке тәуекелі көлемінің, Брокер және (немесе) дилер немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының меншікті капиталына қатысы мыналардан:
      1) сенімділік (төлем қабілеттілігі) дәрежесі жоғары санатқа жатқызылған клиенттер үшін - 0,25-тен;
      2) сенімділік (төлем қабілеттілігі) дәрежесі төмен санатқа жатқызылған клиенттер үшін – 0,10-нан аспайды.
      Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының ішкі құжаттарымен айқындалған басқа санаттарға жатқызылған клиенттер үшін тәуекел көлемінің қатысын осы брокер және (немесе) дилер өз бетінше белгілейді, бірақ осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында белгіленген шамада.
      62-7. Бір клиентке тәуекел мәнінің есебі Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есеп түрінде ресімделеді.
      62-8. Брокер және (немесе) дилер немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушы Қағидалардың 62-7-тармақта баяндалған ақпаратты қағаз және (немесе) электрондық тасымалдағышта күн сайын резервтеуді және сақтауды қамтамасыз етеді.»;
      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «63. Брокерде және (немесе) дилерде, Басқарушыда ішкі бақылау жүйесі:
      1) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметін жүзеге асыру тиімділігі мен өтімділігін тексеру және ықтимал шығындарды анықтау арқылы Брокер және (немесе) дилер, Басқарушы қызметінің операциялық және қаржылық тиімділігін қамтамасыз ету;
      2) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қаржылық есептілігінің дұрыс және сапалы құрылуын тексеру арқылы қаржылық және басқару ақпараттарының сенімділігін, толықтығын және уақтылы жасалуын қамтамасыз ету;
      3) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы, инвестициялық қорлар және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы талаптарының, Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі саясаты мен рәсімдерін анықтайтын құжаттардың сақталуын тексеру арқылы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы, инвестициялық қорлар және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету үшін құрылады.»;
      72 және 73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «72. Ішкі аудит қызметі жүргізетін тексерулер барысында мынадай мәселелер қаралуы тиіс:
      1) ішкі бақылаудың процестері мен рәсімдерін тексеру, олардың тиімділігін бағалау;
      2) тәуекелдерді бағалау методологиясы мен тәуекелдерді басқару рәсімдерін (операцияларды жасаудың әдістерін, бағдарламаларын, ережелерін, тәртіптерін және рәсімдерін) қолдануының және тиімділігінің толықтығын тексеру;
      3) деректер базасының тұтастығына және оларға рұқсатсыз кіруден қорғауға, күтпеген жағдайларда іс-қимыл жоспарларының болуына бақылау жасаумен қатар, автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуінің тиімділігін тексеру;
      4) бухгалтерлік есеп пен есептіліктің шынайылығын, толықтығын, әділдігін және уақтылығын, сондай-ақ ақпарат пен есептілікті жинаудың сенімділігін және уақтылы берілуін тексеру;
      5) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының Брокер және (немесе) дилер, Басқарушы қызметінің лицензияланатын түрінің шеңберінде кез келген мәліметтер мен ақпараттарды шынайы, толық, әділ әрі уақтылы берілуін тексеру;
      6) Брокер және (немесе) дилер, Басқарушы мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданылатын тәсілдерді (әдістерді) тексеру;
      7) Брокер және (немесе) дилер, Басқарушы қызметінің лицензияланатын түрінің шеңберінде жасалатын операциялардың барлық түрлерінің экономикалық мақсатқа лайықтылығын және тиімділігін бағалау;
      8) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы, инвестициялық қорлар және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында құрылған жүйелерді тексеру;
      9) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметкерлерін басқару қызметінің жұмысын бағалау;
      10) күнделікті балансты өңдеудің дұрыстығы;
      11) есеп саясатының қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келуі;
      12) инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің (инвестициялық қорлардың) активтерімен және (немесе) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтерімен заңсыз айла-әрекет жасау фактілерінің болуы;
      13) инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің (инвестициялық қорлардың) активтері және (немесе) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтері есебінің дұрыстығы.
      73. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органы (қадағалау кеңесі) мен атқарушы органы ішкі аудит қызметінің есептерін талдайды және ішкі аудит қызметінің Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының кейінгі қызметінде анықталған бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдайды.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шаралар Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органы (қадағалау кеңесі) мен атқарушы органының шешімдері (қаулылары) түрінде ресімделеді.»;
      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «75. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі аудит қызметінің есептері Комитетке оның сұратуы бойынша беріледі.»;
      777879 және 80-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «77. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің басқару органы өз функцияларын жүзеге асыру үшін Қағидалардың 76-тармағында көрсетілген ақпараттарға қосымша ретінде:
      1) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерінен Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес стресс-тестинг және бэк-тестинг қорытындыларын әр екі ай сайын алады;
      2) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық басқаруға берілген клиенттерінің активтерін басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерінен:
      инвестициялық басқаруға берілген клиенттердің активтерін және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ақпаратқа талдау жасау нәтижелері туралы жиынтық есепті тоқсан сайынғы негізде;
      қабылданған инвестициялық шешімдер туралы есепті жарты жыл ішінде кемінде бір рет алады.
      78. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының атқарушы органы өз функцияларын жүзеге асыру үшін:
      1) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бухгалтерлік есепті жүзеге асыратын бөлімшелерінен өткен есепті кезеңнің осы кезеңмен және жоспарланған қызметтің көрсеткіштерімен салыстыра отырып, Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ағымдағы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепті тоқсан сайынғы негізде;
      2) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының кірістерін (шығыстарын) қадағалап отыратын Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бөлімшесінен аумақтық және қызметтік бөлімшелеріне қызмет түрлері бойынша динамиканы қоса алғанда, қаржылық қызметтің жоспарлы көрсеткіштерін қоса бере отырып, Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының кірістері (шығыстары) туралы ай сайынғы есептерін тоқсан сайынғы негізде;
      3) ішкі аудит қызметінен Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметін жақсарту бойынша орын алған кемшіліктер мен ұсынымдар туралы тұжырымы бар тексерулер нәтижелері бойынша есептерді сол есеп берулердің дайындалу шегі бойынша;
      4) инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің (инвестициялық қорлардың) активтерін және (немесе) меншікті активтерді басқаруды және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерден қарсы серіктестері мен клиенттерінің қызметі туралы жағымсыз ақпараттың табылуы туралы есепті қарсы серіктестер мен клиенттердің қызметі туралы жағымсыз ақпараттың табылу шегі бойынша алады;
      5) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінен тоқсанына бір рет мынадай ақпараттарды алады:
      аппараттық-бағдарламалық техникалық кешендердің жай-күйі;
      есепті кезең ішінде анықталған техникалық проблемалар;
      Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі рәсімдерінде анықталған сәйкессіздіктер;
      проблемалар мен сәйкессіздіктердің қайталап туындауын жою және болдырмау үшін қабылданған шаралар;
      6) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының барлық бөлімшелерінен:
      бөлімшелердің не қызметкерлердің белгіленген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы, инвестициялық қорлар және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын және Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі құжаттарын бұзуы туралы ақпаратты ақпараттың туындау шегі бойынша;
      жөнсіздіктерді өз бетімен анықтау және анықталған жөнсіздіктерді жою бойынша қабылданған шаралар туралы есептерді ақпараттың туындау шегі бойынша алады.
      79. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің атқарушы органы өз функцияларын жүзеге асыру үшін Қағидалардың 78-тармағында көрсетілген ақпараттарға қосымша ретінде:
      1) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық шешімдерді қабылдауға қажетті ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асыратын бөлімшелерінен Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерінің есебінен Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық қызметін жүзеге асыру кезінде пайдаланатын ақпаратты талдау қорытындысы туралы жиынтық есепті тоқсан сайынғы негізде алады;
      2) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерінен белгіленген инвестициялау лимиттерін сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес тоқсан сайынғы негізде;
      3) инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің (инвестициялық қорлардың) активтерін және (немесе) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерін басқаруды және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерден инвестициялаудың белгіленген лимиттерін бөлімшелердің не қызметкерлердің бұзуы туралы ақпаратты ақпараттың пайда болу шамасы бойынша;
      4) инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің (инвестициялық қорлардың) активтерін және (немесе) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшеден қабылданған инвестициялық шешімдер туралы есепті жарты жылда кем дегенде бір рет алады.
      80. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық комитеті өз функцияларын жүзеге асыру үшін:
      1) клиенттердің (инвестициялық қорлардың) инвестициялық басқаруға қабылданған активтерін және (немесе) меншікті активтерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшеден:
      қалыптасып отырған геосаяси жағдайларға, инвестициялау валютасына және экономика секторына қарай инвестициялау нарықтарының тартымдылық дәрежесі бойынша макроэкономикалық талдауды – жарты жылдықта кем дегенде бір рет;
      эмитенттердің қаржылық жай-күйін талдауды қоса алғанда, эмитенттерді және олар шығарған (берген) қаржы құралдарын, қабылданған міндеттемелер бойынша жауап беру қабілетін, осы эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялауға байланысты тәуекелдерді талдауды – тоқсанына кем дегенде бір рет;
      портфельдің құрылымы, кірістіліктің өзгеру динамикасы туралы мәліметтерді қамтитын инвестициялық портфельді талдау, шығынды позицияларды және портфельдің құрылымын оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды талдауды – тоқсанына кем дегенде бір рет;
      инвестициялық басқаруға қабылдану болжанып отырған активтер мөлшерінің, сондай-ақ оларды орындау мерзімдері бойынша басқаруға қабылданған инвестициялық портфель(-дер) міндеттемелері құрылымының болжамы (ақшаның және (немесе) инвестициялық басқаруға табыс етілген активтердің сомасы туралы ақпарат кіретін, клиенттердің, оның ішінде инвестициялық қор пайшыларының, акционерлерінің құрылымын талдау негізінде) бар талдауды – тоқсанына кем дегенде бір рет;
      міндеттемелерді белгіленген мерзімдер ішінде өтеу үшін қажетті өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгеруін ескере отырып, гэп-позициялар лимиттерінің сақталуын шолу, оның ішінде шетел валютасындағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыру қабілетінің мониторингі кіретін ақша ағынын (өтімділікті) басқару жөніндегі ақпаратты – күн сайынғы негізде;
      қарсы серіктестер мен клиенттердің қызметі туралы жағымсыз ақпарат табылғаны туралы есепті – табылғанына қарай;
      эмитенттің қаржылық жай-күйінің мониторингін, сондай-ақ эмитенттің қаржы құралдарының құнына немесе оның өз міндеттемелерін орындау қабілетіне әсерін тигізетін ақпараттың пайда болуы туралы есепті – тоқсанына кем дегенде бір рет алады;
      2) инвестициялық шешімдерді қабылдауға қажетті ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асыратын бөлімшелерден ұсынымдарды, ал тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерден қаржы құралдарымен жасалынған операциялар бойынша мынадай лимиттерді орнату (қайта қарау) бойынша қорытындыларды:
      бір эмитентті қаржы құралдарына инвестициялау көлемі бойынша, сондай-ақ осы эмитенттің қаржы құралдарының түрлері бойынша лимиттерді, осы эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялаумен байланысты тәуекелдерді көрсете отырып және бұл тәуекелдердің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәніне ықпалын инвестициялық комитет бекіткен қаржы құралдарымен операцияларды жасауға бөлінген лимиттер шегінде, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген лимиттерді тоқсанына кем дегенде бір рет;
      «stop – loss» және «take – profit» лимиттерін айына кем дегенде бір рет;
      тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше жүргізетін талдау негізінде гэп-позициялар лимиттерін – тоқсанына кем дегенде бір рет алады;
      3) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерінен:
      инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің (инвестициялық қорлардың) активтері және (немесе) меншікті активтер бойынша инвестициялық портфельдің өтімділігін жоғалту тәуекелі бойынша кредиттік, пайыздық, валюталық, қор тәуекелдері туралы қорытындыны ай сайынғы негізде;
      Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес стресс-тестинг және бэк-тестинг нәтижелерін әрбір екі ай сайын;
      қарсы серіктестер мен клиенттердің қызметі туралы жағымсыз ақпараттың табылуы туралы есепті қарсы серіктестер мен клиенттердің қызметі туралы жағымсыз ақпараттың табылу шамасы бойынша алады.
      4) қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауды жүзеге асыратын бөлімшелерден инвестициялық шешімдерді орындау туралы ақпаратты апта сайынғы негізде алады.»;
      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «82. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелері өз функцияларын жүзеге асыру үшін Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының барлық бөлімшелері мен қызметкерлерінен өз қызметтерін тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелердің сұратуларында көрсетілген мерзімде іске асыруға қажетті құжаттар мен ақпаратты алады, сондай-ақ тұрақты негізде:
      1) инвестиция портфелінің құрылымына талдау жасауға жауапты Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің бөлімшелерінен:
      белгіленген инвестициялау лимиттерін сақтау (қолдану) туралы ақпаратты Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес күн сайынғы негізде;
      белгіленген «stop – loss» және «take – profit» лимиттерiн ақтау (пайдалану) туралы ақпаратты – Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес апта сайынғы негізде;
      2) Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің (инвестициялық қорлардың) активтерін және (немесе) меншікті активтерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінен:
      Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық қызметті жүзеге асыруы кезінде пайдаланылатын ақпаратты талдау қорытындылары туралы жиынтық есепті тоқсанына кем дегенде бір рет;
      инвестициялық портфельдің инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің (инвестициялық қорлардың) активтері және (немесе) меншікті активтер бойынша кредиттік, пайыздық, валюталық және қор тәуекелдеріне ұшырауы туралы қорытындыны дайындауға қажетті мәліметтерді алады;
      3) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің активтері және (немесе) меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есептеуге жауапты бөлімшелерінен:
      тоқсан сайынғы қаржылық есептілігін;
      портфельдің құрылымы туралы ақпаратты – күн сайынғы негізде;
      инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің активтері және (немесе) меншікті активтер есебінен инвестициялық қызметтің нәтижесінде алынған кірістер мен шығындардың ай сайынғы есебін алады.»;
      123 және 4-қосымшалардың оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағалы қағаздар нарығында брокерлік
және дилерлік қызметті,
инвестициялық портфельді басқару
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын
ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйелерін
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша»;

«Бағалы қағаздар нарығында брокерлік
және дилерлік қызметті,
инвестициялық портфельді басқару
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын
ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйелерін
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша»;

«Бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және дилерлік қызметті,
инвестициялық портфельді басқару
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын
ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйелерін
қалыптастыру қағидаларына
3-қосымша»;

«Бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және дилерлік қызметті,
инвестициялық портфельді басқару
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын
ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйелерін
қалыптастыру қағидаларына
4-қосымша»;

      Осы қаулының қосымшасына сәйкес редакциядағы 5-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                          Г. Марченко

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 278 қаулысына
Қосымша

«Бағалы қағаздар нарығында брокерлік
және дилерлік қызметті, инвестициялық
портфельді басқару жөніндегі қызметті
жүзеге асыратын ұйымдар үшін
тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
жүйелерін қалыптастыру қағидаларына
5-қосымша

Нысан

Бір клиентке ең жоғарғы тәуекелдің талдамасы
(клиенттер бөлігінде)
__________________________________________________________
(Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе)
дилер болып табылатын Басқарушының атауы)
201___ жылғы ______________ жағдай бойынша

р/с

Клиенттің атауы

Орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде ашылған қосалқы шоттың нөмірі

Клиенттің сенімділігі (төлем қабілеттілігі) дәрежесі

Клиенттер берген
өтінімдердің және
есептелмеген мәмілелер
көлемінің сомасы, теңгемен

Есептелмеген мәмілелер көлемі

Клиенттің Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының банк шотында тұрған ақшасының көлемі, теңгемен

Сатып алуға

Сатуға






















Кестенің жалғасы

Клиенттің Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының банк шотында тұрған бағалы қағаздарының көлемі, данамен

Тәуекелдің көлемі, теңгемен

Меншікті капиталдың көлемі, теңгемен

Тәуекелдер көлемінің меншікті капитал көлеміне қатысты

9

10

11

12









Бірінші басшы (не оның орнындағы тұлға)
_________________________   ____________________
            қолы                     күні

Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің басшысы
_________________________   ____________________
      қолы                          күні

      Ескертпе:
      2-бағанда Брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының, онымен брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасаған клиенттің атауы көрсетіледі. Мыналар болып табылатын клиенттер үшін:
      1) заңды тұлға – заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі;
      2) жеке тұлға – тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) толық көрсетіледі.
      3-бағанда клиентің орталық депозитарийді номиналдық ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған қосалқы шотының 10 мәндік нөмірі көрсетіледі.
      4-бағанда клиенттің сенімділігі (төлем қабілеттілігі) дәрежесін сипаттайтын санат көрсетіледі.
      5 және 6-бағанда бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және халықаралық (шетелдік) нарықтарында бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға клиент берген белсенді өтінімдер көлемі көрсетіледі.
      7-бағанда бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және халықаралық (шетелдік) нарықтарында бағалы қағаздармен жасалған, бірақ есептелмеген мәмілелер көлемі көрсетіледі.
      9-бағанда 6-бағанда көрсетілген өтінімнің мәні болып табылатын бағалы қағаздардың не 7-бағанда көрсетілген бағалы қағаздарды сату бойынша мәмілелердің саны көрсетіледі.
      10-бағанда 5, 6 және 7-бағандарда көрсетілген мәндердің, 8 және 9-бағандарында көрсетілген мәндерді шегерілгендегі сомасы ретінде есептелетін тәуекелдің көлемі көрсетіледі (бағалы қағаздарды сатуға не бағалы қағаздарды сату бойынша мәміле жасау өтінімдер берген жағдайда ғана).».