Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 95 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қазанда № 24622 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, 19-бабының 2-тармағына, 20-бабының 3-тармағына, 28-бабының 2-тармағына, 35-бабына, 36-бабының 1-тармағына, 45-бабының 4-тармағына, 49-1-бабына, 63-бабының 1-тармағына, 78-бабының 1-тармағына, 80-бабының 5 және 10-тармақтарына, "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы Тізбенің 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6-тармағының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші абзацтарын, 8-тармағының он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, алпыс үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2021 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 95 қаулысына
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидаларын, талаптарын және әдістемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 259 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидаларында, талаптарында және әдістемесінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Инвестициялық қордың активтерін құрайтын және қор биржасының тізіміне кіретін қаржы құралы ол тізіміне кіретін қор биржасының бағалы қағаздарын бағалау әдістемесіне сәйкес нарықтық немесе индикативтік бағасы бойынша не Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтер) ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша бағаланады.

      Шетелдік мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдары Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтер) ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша бағалау жүргізілетін сауда күнін жабу бағасы бойынша жұмыс күнінің соңына бағаланады.

      Қор биржасының бағалы қағаздарды бағалау әдістемесінде және Қағидаларда бағасы көзделмеген борыштық бағалы қағаздардың әділ құны ағымдағы аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында апта сайын амортизацияланған құны бойынша есепке алу арқылы айқындалады.";

      7-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-6. Өтімді емес акциялардың құны баланстық құны бойынша анықталады. Бұл ретте акция, егер инвестициялық қордың активтеріне қайта бағалау жүргізу күні осы бағалы қағаз Қор биржасының бағалы қағаздарының өтімділік көрсеткіштерін айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалған өтімділіктің бірінші сыныпты бағалы қағаздарының тізіміне кірмесе, өтімді емес болып танылады.

      Қағидалардың мақсаттары үшін жай акциялардың баланстық құны және артықшылық берілген акциялардың баланстық құны ретінде "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 102-бабының және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17579 болып тіркелген "Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысының талаптарына сәйкес жарияланатын эмитенттің қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын тиісінше жай акциялардың құны мен артықшылық берілген акциялардың құны түсініледі.

      Эмитенттің қаржылық жай-күйінің нашарлауына байланысты емес себептермен қор биржасының тізімінен алып тасталған пайлар таза активтер құны бойынша бағаланады.".

      2. "Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын, сондай-ақ эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 88 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7568 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларында, сондай-ақ эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарда және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдерінде:

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Өкіл уәкілетті органды және облигациялар ұстаушыларды Заңның 20-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3), 3-1) және 4) тармақшаларына сәйкес өз әрекеттері туралы және осындай әрекеттердің нәтижелері туралы:

      1) бағалы қағаздары шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналмайтын эмитенттерге қатысты – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың соңғы күнтізбелік күнінен кешіктірмей;

      2) бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген және шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналыстағы эмитенттерге қатысты – эмитент осы Қағидалардың 10-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацында көзделген ақпаратты алған айдан кейінгі айдың соңғы күнтізбелік күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

      Уәкілетті органға және облигациялар ұстаушыларға бағалы қағаздары қор биржасында айналмайтын эмитентке қатысты өкілдің өз функциялары мен міндеттерін орындауы туралы ұсынылатын ақпаратта эмитенттің есепті тоқсандағы қаржылық есептілігі қамтылады.

      Еншілес ұйымы бар эмитент шоғырландырылған қаржылық есептілік болмаған жағдайда өкілге шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті ұсынады.

      Екінші деңгейдегі банк болып табылатын эмитент өкілге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20474 тіркелген "Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті ұсынады.

      Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген және шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналыстағы эмитент эмитенттің бағалы қағаздары тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде өкілге есепті тоқсандағы қаржылық есептілікті (осы эмитенттің еншілес ұйымы болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікті) ұсынады.".

      3. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

      5-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      4. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібінде:

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Брокер және (немесе) дилер клиенттік тапсырысты орындауға:

      1) клиенттік тапсырыс мазмұныны Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына және брокерлік шартқа қарама-қайшы болған кезде;

      2) егер, клиенттік тапсырыс берілген бағалы қағаздарға ауыртпалық салынса;

      3) егер клиенттік тапсырысқа брокердің және (немесе) дилердің жауапты қызметкерінің қатысуымен клиент қол қоймаған жағдайда, клиенттік тапсырыстағы (қағаз тасымалдағышта) қолтаңба үлгісі қол қою үлгілері бар (оның ішінде клиенттік тапсырысқа қол қою құқығына ие заңды тұлғалар өкілдерінің) нотариат куәландырған құжатта немесе жеке тұлғаның (оның ішінде оның өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген қолтаңбаларға көзбен шолып өткенде сәйкес келмеген кезде;

      4) телефон байланысының құралдары арқылы клиенттік тапсырыс берген кезде осы Қағидаларға, брокерлік шартта және брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында айқындалған талаптарға және тәртіпке сәйкес клиентті сәйкестендіруге мүмкін болмаған жағдайда;

      5) брокерлік шартта және брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда қабылдамайды.

      Осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген брокердің және (немесе) дилердің клиенттік тапсырысты қабылдаудан бас тартуы үшін негіз электрондық құжат нысанында немесе өзге де электрондық-цифрлық нысанда, оның ішінде SWIFT (Свифт), Bloomberg (Блумберг), Reuters (Рейтер) жүйелерін пайдалана отырып берілген клиенттік тапсырыстарға қолданылмайды.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Брокер және (немесе) дилер халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәмілелер жасай отырып, жасалған мәміленің орындалуы туралы құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Егер мәміле жасасу туралы құжаттар брокердің ішкі есепке алу жүйесінде электрондық түрде сақталған жағдайда, құжаттарды қағаз тасымалдағышта сақтау талап етілмейді.

      Егер тарихи нарықтық баға белгілеулер бойынша ақпарат Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтер) ақпараттық-талдау жүйелерінде қолжетімді болса, мәміле жасау күні және уақытында сатып алынатын және (немесе) өткізілетін бағалы қағаздар бойынша нарықтық баға белгілеулердің өлшемдерін сақтау талап етілмейді.".

      5. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 58 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. "Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Номиналды ұстаушы клиентпен номиналды ұстау туралы шарт жасасқаннан кейін клиентке номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот және орталық депозитарийге осы клиентке бірегей код беру үшін жүгінеді, сондай-ақ егер бұл номиналды ұстаушы мен оның клиенті арасында жасалған шартта көзделсе, орталық депозитарийдің және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымының есепке алу жүйесінде клиенттің қосалқы шотын ашады.

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – № 307 Қағидалар) 18-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жасырын жеке шоттар мен қосалқы шоттарды, сондай-ақ ойдан шығарылған атауларға жеке шоттар мен қосалқы шоттарды ашуға жол берілмейді.

      Осы Қағидалардың мақсатында шетелдік есеп айырысу ұйымы болып мыналар ұғынылады:

      Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) және Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі;

      Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) және Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген міндеттерді жүзеге асыратын номиналды ұстаушының функцияларына ұқсас функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйым;

      Бағалы қағаздарға қызмет көрсету мәселелері жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (International Securities Services Association) (Интернэшнл Секьюритис Сервисес Ассоциэйшн) мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымы;

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібінің 8-тармағында көрсетілген шетелдік есеп айырысу ұйымдары.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Номиналды ұстаушы жеке шотқа жеке нөмір береді. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі клиенттің жеке шоты мыналар туралы мәліметтерді қамтиды:

      1) тіркелген тұлға (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе бағалы қағаздарды ұстаушының атауы, клиенттің резиденттік белгілері, жеке тұлғаның азаматтығы туралы мәліметтер, экономика секторы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес) заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжат туралы мәліметтер немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса) (бұдан әрі – БСН), почта және заңды мекенжайлары, банк деректемелері (оның ішінде бағалы қағаздар бойынша өтелетін сыйақы мен сомаларды аударуға арналған банк деректемелері және бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған банк деректемелері), салық жеңілдіктері туралы мәліметтер және орталық депозитарийге және (немесе) номиналды ұстаушыға қағидалар жинағына немесе номиналды ұстаушының ішкі құжатына сәйкес қосалқы шотты және (немесе) тиісінше жеке шотты ашу үшін қажет болатын ақпарат);

      2) осы жеке шотта (қосалқы шотта) тіркелген бағалы қағаздардың саны, түрі және сәйкестендіру нөмірі;

      3) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының саны және сәйкестендіргіші;

      4) ауыртпалық салынған бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығының) саны;

      5) пайдасына бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған тұлғалар туралы (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы);

      6) оқшауланған бағалы қағаздардың саны (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы);

      7) "репо" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздардың саны;

      8) осы жеке шот бойынша тіркелген мәмілелер және номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде көрсетілген операциялар:

      мәміле (операция) түрі;

      оны тіркеу күні және уақыты;

      мәмілені (операцияны) жүргізу негіздемесі;

      операцияға қатысқан жеке шоттардың нөмірлері;

      оларға қатысты мәміле тіркелген бағалы қағаздардың саны, түрі, сәйкестендіру нөмірі (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының саны және сәйкестендіргіші);

      9) операциялардың (мәмілелердің) белгілі түрлері үшін қажетті мәліметтер.

      Депонент клиентінің орталық депозитарийдегі қосалқы шоты осы тармақтың 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерден басқа № 307 Қағидалардың 37-1 және 37-2-тармақтарына сәйкес депонент клиентінің орталық депозитарий тағайындаған айрықша коды туралы мәліметтерді қамтиды, сондай-ақ олар орталық депозитарийге берілген жағдайда қосымша мәліметтерді қамтиды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Номиналды ұстаушы орталық депозитарийдің жиынтық қағидаларында белгіленген тәртіппен күн сайын, есепті күннен кейінгі жұмыс күні, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 16:00-ден кешіктірмей орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған және оның клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын біріктірілген есепке алуға арналған депоненттің қосалқы шоты бойынша мынадай:

      есепті күннің басындағы және соңындағы жағдай бойынша осы қосалқы шотта есепке алынған қаржы құралдарының қалдықтары;

      номиналды ұстаушының клиенттерінің жеке шоттары бойынша тіркелген, есепті күн ішінде осы қосалқы шот бойынша жасалған қаржы құралдарымен операциялар туралы электрондық деректерді ұсынуды жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде мәліметтерді ұсыну күнгі жағдай бойынша оның клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын біріктірілген есепке алуға арналған депоненттің қосалқы шоты жоқ депоненттерге қолданылмайды.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Бір номиналды ұстаушының клиенттері арасында операциялар жүргізу кезінде бағалы қағаздар бойынша құқықтарының өтуін тіркеуді номиналды ұстаушы жүзеге асырады және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсетіледі. Номиналды ұстаушы номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоттар бойынша операция жүргізу күні клиенттің орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі қосалқы шоты бойынша тиісті бұйрықты жібереді. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бір номиналды ұстаушының клиенттері арасындағы операциялар номиналды ұстау жүйесінде операцияны жүргізу күнімен көрсетіледі. Номиналды ұстаушы клиентке оның бұйрығының орындалғандығы туралы есепті орталық депозитарийден операцияның жүргізілгені туралы растаманы алғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған және оның клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарының біріктірілген есебіне алуға арналған депоненттің қосалқы шоты бойынша операциялар жүргізілген жағдайларда қолданылмайды.

      Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған және оның клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарының біріктірілген есебіне алуға арналған депоненттің қосалқы шоты бойынша операциялар жүргізілген жағдайларда бағалы қағаздар бойынша құқықтардың өтуін тіркеуді депонент жүзеге асырады, ол клиентке бұйрықтың орындалуы туралы есепті операциялар жүргізілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      Бұйрықтың орындалуы туралы есеп клиентке пошта арқылы не клиенттің немесе оның заңды өкілінің қолына тапсырылады, не номиналды ұстаушының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында жасалып беріледі.

      Депоненттің клиентіне бұйрықтың орындалғаны туралы есепті орталық депозитарий ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжат нысанында орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен және талаптармен орталық депозитарий жүргізілген операцияны растаған күні жібереді.

      Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның клиентіне бұйрықтың орындалғаны туралы есепті кастодиан сақталуын және есепке алынуын осы кастодиан жүзеге асыратын шетелдік бағалы қағаздар бойынша кастодианның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен және талаптармен кастодиан жүргізілген операцияны тіркеген күні ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжат нысанында жібереді.

      Түрлі номиналды ұстаушылардың клиенттері арасында операциялар жүргізу кезінде бағалы қағаздар бойынша құқықтардың өтуін тіркеу олардың орталық депозитарийдегі олардың жеке шоттары бойынша кейіннен номиналды ұстаушыларды есепке алу жүйесінде көрсете отырып жүзеге асырылады. Номиналды ұстаушылар өз клиенттерінің қосалқы шоттары бойынша мәмілелерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу туралы бұйрықтарды клиенттің тиісті бұйрығы номиналды ұстау жүйесінде тіркелген күні жібереді.

      Орталық депозитарийден жеке шоттар бойынша операциялар жүргізілгені туралы растау алған күні номиналды ұстаушы мұндай операцияны номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде көрсетеді.

      Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздардың нарығында орталық депозитарийдің клиенті мен номиналды ұстаушының клиенті арасында операция жүргізу кезінде бағалы қағаздар бойынша құқықтың берілуін тіркеуді орталық депозитарий орталық депозитарийдің клиенті мен номиналды ұстаушының жеке шоттары бойынша мәмілеге қатысушылардың қарсы бұйрықтары негізінде жүзеге асырады.

      Сот шешімі бойынша бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды өзгертуді немесе тоқтатуды тіркеуді номиналды ұстаушы заң күшіне енгізілген, 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – Азаматтық процестік кодекс) 226-бабына сәйкес ресімделген, номиналды ұстаушы алған сот шешімі негізінде жүзеге асырады және ол орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсетіледі. Номиналды ұстаушы тіркеген, сот шешімі бойынша бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды өзгерту немесе тоқтату номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот бойынша операция жүргізілген күні орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсетіледі.

      Сот шешімі бойынша бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды өзгертуді немесе тоқтатуды орталық депозитарий заң күшіне енгізілген, Азаматтық процестік кодекстің 226-бабына сәйкес ресімделген, орталық депозитарий алған сот шешімі негізінде жүзеге асырады және ол номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде көрсетіледі. Орталық депозитарий тіркеген, сот шешімі бойынша бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды өзгерту немесе тоқтату орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке шот бойынша операция жүргізілген күні номиналды ұстаудың есепке алу жүйесінде көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Кастодианның есепке алу жүйесінде зейнетақы активтерін есепке алу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9274 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      26-1-тармақ алып тасталсын;

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Номиналды ұстаушы жеке шоттағы ұстаушы туралы мәліметтердің өзгеруі жөніндегі операцияны аталған тұлғаның ол жөніндегі мәліметтердің өзгеруі туралы бұйрықтың және тізбесі номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен белгіленетін осы өзгерістерді растаушы құжаттар негізінде жүргізеді.

      Номиналды ұстаушы клиенттерінің бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған ақшасын номиналды ұстаушының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шотынан оның орталық депозитарийде ашылған корреспонденттік шотына аударған жағдайда, бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған бағалы қағаздар ұстаушыларының банктік деректемелерін өзгерту бөлігінде ұстаушы туралы мәліметтерді өзгерту бойынша операция осы номиналды ұстаушының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      Номиналды ұстаушы жеке шоттағы инвестициялық пай қоры туралы мәліметтердің өзгеруі бойынша операцияны осы қордың басқарушы компаниясының қор туралы мәліметтердің өзгеруі туралы бұйрықтың және тізбесі номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен белгіленетін осы өзгерістерді растаушы құжаттар негізінде жүргізеді.

      Осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінің талаптары орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі клиент туралы деректерді СДАО немесе мемлекеттің қатысуымен кредиттік бюро ұсынатын немесе мемлекеттік дерекқордан алынған ақпараттағы мұндай клиенттер туралы деректермен салыстырып тексеру аясында жүргізілетін орталық депозитарийдің клиенттер туралы деректерді жаңартуы жағдайларына қолданылмайды.";

      33-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-1. Номиналды ұстаушы (номиналды ұстаушылар) бөлу немесе қосылу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда мұндай қайта ұйымдастыру нәтижесінде пайда болған және қайта ұйымдастырылған номиналды ұстаушының (қайта ұйымдастырылған номиналды ұстаушылардың) лицензиясын "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 1 және 5-тармақтарында белгіленген тәртіппен қайта ресімдеген заңды тұлға уәкілетті органнан қайта ресімделген лицензияны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде № 307 қағидаларының 37-тармағында көрсетілген операцияларды жасауға арналған бұйрықты орталық депозитарийге беруді жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 44-7-тармақпен толықтырылсын:

      "44-7. Егер "репо" операциясының қатысушысы ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында автоматты тәсілмен жүзеге асырылатын "репо" операциясының шеңберінде сатып алса, оларға қатысты өзі эмитент болып табылатын бағалы қағаздарды осы бағалы қағаздарды оның бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотында (қосалқы шотында) есепке алуға жол беріледі.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Орталық депозитарий уәкілетті органнан немесе эмитенттен сұратуды алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын тұлғаларға немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымға жеке шоттар ашылған депоненттерге сұрау жолдайды.

      Егер қаржы құралдары тізімді жасау сәтінде клиринг ұйымының (орталық контрагенттің) бөлімінде тіркелген болса және осы ұстаушы бір мезгілде осы қаржы құралдарының эмитенті болып табылса, Орталық депозитарий клиринг ұйымына орталық контрагенттің қатысуымен автоматты "репо" мәмілесі бойынша контрагент туралы ақпаратты ашуға сұрау жолдайды.

      Номиналды ұстаудағы және меншік иелеріне тиесілі бағалы қағаздардың саны (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары туралы) туралы ақпарат сұратқан адамға орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі мәліметтер, сондай-ақ орталық депозитарий номиналды ұстаушылардан алған мәліметтер негізінде беріледі.".

      7. "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17803 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидалардың мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған, осы бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шот;

      2) аутентификация - қауіпсіздік рәсімін пайдалану арқылы клиенттің жеке басын, электрондық құжаттың түпнұсқалығын және дұрыс жасалуын растау;

      3) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі - бағалы қағаздарды ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрін және санын (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілі бір күндегі осы ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы;

      4) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты - бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) меншік иесі болып табылатын тізілімдер жүйесінде тіркелген тұлғаға ашылған және (немесе) ол бойынша мәмілелерді тіркеу мен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;

      5) биометриялық сәйкестендіру – "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескере отырып, оның физиологиялық және биологиялық ерекшеліктері негізінде электрондық қызметтерді алуға құқықтарын бір мәнді растау мақсатында клиенттің жеке басын анықтау рәсімі;

      6) бір реттік пароль – электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алатын субъектілерді сәйкестендірудің бір сеансы үшін ғана жарамды пароль;

      7) клиентті динамикалық сәйкестендіру – бір реттік (біржолғы) немесе көп реттік кодты пайдалану арқылы көрсетілетін қызметтерді алуға оның құқықтарын бір мәнді растау мақсатында клиенттің шынайылығын белгілеу рәсімі;

      8) депонент - орталық депозитарийдің Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында айқындалған функцияларды жүзеге асыратын клиенті;

      9) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған, ол бойынша орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;

      10) жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының тізілімі - белгілі бір күнге жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар туралы мәліметтердің жиынтығы;

      11) инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының тізілімі - пай ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі пайлардың түрін және санын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілі бір күндегі осы ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы;

      12) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалға беру сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;

      13) ортақ өкілдің жеке шоты - бірнеше адамға меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) есепке алу жүзеге асырылатын тізілімдер жүйесіндегі ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкіліне ашылған жеке шот;

      14) пароль – клиенттің сұратуы бойынша бағдарламалық-аппараттық құралдармен жасалатын және клиентке орталық депозитарийдің электрондық қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну кезінде белгілі бір уақыт кезеңі ішінде көп мәрте пайдалануға арналған электрондық цифрлық символдардың бірегей бірізділігі;

      15) тізілімдер жүйесіндегі операция - нәтижесі тізілімдер жүйесіне деректерді енгізу немесе оларды өзгерту және (немесе) тізілімдер жүйесінен ақпаратты дайындау және беру болып табылатын іс-әрекеттерінің жиынтығы;

      16) уәкiлеттi орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

      17) ұстаушылары талап етпеген орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - ұстаушы (ұстаушылар) ақы төлеген, бірақ ұстаушы (ұстаушылар) тиісті бұйрықты (бұйрықтарды) ұсынбауына байланысты оның (олардың) жеке шотына (шоттарына) есепке алынбаған, орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін тізілімдер жүйесінде эмитентке ашылған жеке шот;

      18) электрондық көрсетілетін қызметтер - клиентке мобильді қосымша немесе жеке кабинет арқылы жеке шот бойынша операцияларды және (немесе) ақпараттық операцияларды жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ Орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес орталық депозитарий ұсынатын қызметтер;

      19) эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоты - эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған, сондай-ақ Қағидалардың 53 және 54-тармақтарына сәйкес осы шотқа аударылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;

      20) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оның міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу үшін тізілімдер жүйесінде эмитентке ашылған жеке шот;

      21) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары - айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары.";

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.1. Орталық депозитарий СДАО немесе мемлекеттің қатысуымен кредиттік бюро немесе мемлекеттік дерекқорды қалыптастыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар айқындаған тәртіппен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қамтылған өз клиенттері туралы деректерді орталық депозитарий осындай клиенттер туралы жоғарыда көрсетілген дереккөздерден алып отыратын ақпаратпен салыстырып тексеруді орталық депозитарийдің ішкі қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

      Осы салыстырып тексерудің қорытындысы бойынша клиент туралы деректерде сәйкессіздіктер анықталған кезде орталық депозитарий оның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиент туралы жаңартылуға тиіс деректердің болуын айқындайды және өзінің есептік жүйесіне тиісті өзгерістер енгізеді, содан кейін мұндай клиентке СДАО-ның немесе мемлекеттің қатысуымен кредиттік бюроның қызметтерін пайдаланумен немесе орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен, мерзімде және тәсілмен тікелей мемлекеттік дерекқордан алынған ақпарат негізінде оның деректері жаңартылған жағдайда хабарлама жолдайды.";

      12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тізілімдер жүйесінде жеке тұлғаға дербес шот ашу мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

      1) жеке шот ашу туралы бұйрық;

      2) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (құжаттар пошта байланысы арқылы ұсынылған жағдайда немесе инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға арналған өтінімнің көшірмесі қоса берілген жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (басқарушы компания пайларды сатып алуға өтінім берген жеке тұлғаның атынан құжаттарды берген жағдайда).

      Жеке тұлғаға жеке шот ашуға бұйрық беру Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, қағаз түрінде немесе электрондық құжат нысанында не клиенттің динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруі пайдаланыла отырып, өзге электрондық-цифрлық нысанда жүзеге асырылады.

      13. Заңды тұлғаға дербес шот ашу мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

      1) жеке шот ашу туралы бұйрық;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) мынадай мәліметтерді қамтитын, жеке шоттар бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қою құқығына ие заңды тұлға өкілдерінің қолтаңбаларының нотариат куәландырған үлгілері бар құжат:

      заңды тұлғаның атауы;

      заңды тұлға өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;

      осы құжатта қамтылған қол қою үлгілері заңды тұлғаның жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатынын көрсету.

      Заңды тұлғаның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында заңды тұлғаның жеке шотын ашуға арналған бұйрықты немесе клиентті динамикалық сәйкестендіруді және (немесе) заңды тұлғаның бірінші басшысын биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып, өзге де электрондық-цифрлық нысанда ұсынған кезде, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжат ұсынылмайды.

      14. Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген жеке шот ашуға арналған құжаттарды жеке тұлға немесе оның өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде ұсынады не пошта байланысы арқылы не Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдаланумен электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен өзге де электрондық-цифрлық нысанда ұсынылады.

      Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жеке шот ашуға арналған құжаттарды заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) оның өкілі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде ұсынады не пошта байланысы арқылы жолдайды.

      Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жеке шот ашуға арналған құжаттар заңды тұлғаның бірінші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық құжат нысанында немесе заңды тұлғаның бірінші басшысын динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен өзге де электрондық-цифрлық нысанда ұсынылады.

      Басқарушы компанияға пайларды иеленуге өтінім берген тұлғаға жеке шот ашылған жағдайда, егер инвестициялық пай қорының қағидаларында көзделген болса, Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттарды орталық депозитарийге беруді басқарушы компания жүзеге асырады.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Егер бағалы қағаздарға меншік құқығы бірнеше тұлғаға тиесілі болса, тізілімдер жүйесіндегі жеке шот ортақ меншіктің барлық қатысушыларының оны таңдауы туралы келісімді қоса берумен, олардың жалпы өкілінің жеке шотын ашуға бұйрықтың негізінде немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдаланумен электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен өзге де электрондық-цифрлық нысанда ашылады.

      17. Жеке шотты ашуға (жабуға) бұйрыққа жеке тұлға немесе оның өкілі не заңды тұлғаның өкілі қол қояды және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген мәліметтерді қамтиды.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Орталық депозитарийге келіп түскен құжаттар кіріс құжаттарды тіркеу, эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу, сенімхаттарды есепке алу журналдарында тіркеледі. Орталық депозитарий құжатты қабылдағаннан кейін (ақпараттық жүйелерді пайдаланумен электрондық құжаттарды қабылдау жағдайларын қоспағанда) өтініш білдірген адамның сұрау салуы бойынша оған қабылдау күнін (уақытын) және құжатты қабылдаған орталық депозитарий қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсете отырып, құжатты қабылдау фактісін растайтын құжат береді.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) бұйрығында орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген мәліметтер қамтылады.

      Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) бұйрығына мәмілеге қатысушы тұлға немесе оның өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда орталық депозитарий қол қояды. Бұйрық Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдаланумен электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен өзге де электрондық-цифрлық нысанда ұсынылады.

      Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығына оның өкілі қол қояды, сондай-ақ инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды не кастодиан инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығын өзінің жазбаша түрде немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдаланумен электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен өзге де электрондық-цифрлық нысанда растауын орталық депозитарийге жіберу жолымен растайды.

      Орталық депозитарийге ұсынылатын бұйрықтардың, сондай-ақ басқарушы компанияның бұйрығын кастодиан растауының нысаны мен мазмұны орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес айқындалады.

      Қауіпсіздік рәсімдерін ескере отырып, бұйрықтарды электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен өзге де электрондық-цифрлық нысанда беру тәртібі мен талаптары, сондай-ақ олардың форматтары, наразылықтарды ұсыну тәртібі және бұйрықтарды қабылдау кезінде туындайтын даулы жағдайларды шешу тәсілдері орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалады.";

      40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Ортақ меншікке қатысушылардың ортақ өкілінің жеке шоты бойынша операциялар жүргізілген жағдайда орталық депозитарийге Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, қағаз түрінде немесе электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып өзге де электрондық-цифрлық нысанда операция жүргізуге ортақ меншікке барлық қатысушылардың келісімі беріледі.

      41. Жеке шоттар бойынша операция жүргізу кезінде орталық депозитарий бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінің деректеріне қарай мәмілеге қатысушылардың бұйрықтары мазмұнының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкестігін тексереді және бұйрықтарға қойылған қолдардың жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар заңды тұлға өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері, заңды тұлғаның құжатта немесе мәміле тарабы не сенімхат бойынша өкілдері болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта (түпнұсқасында немесе нотариат куәландырған көшірмесінде) көрсетілген қолдарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      Орталық депозитарий электрондық құжат нысанында берілген бұйрықтар, өкімдер негізінде жеке шоттар бойынша операциялар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаларды тексереді.

      Өзге де электрондық-цифрлық нысанда берілген бұйрықтар, өкімдер негізінде жеке шоттар бойынша операциялар жүргізу кезінде орталық депозитарий клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді жүзеге асырады.

      Заңды тұлғаның жеке шоттары бойынша операциялар жүргізу кезінде электрондық құжат нысанында немесе өзге де электрондық-цифрлық нысанда берілетін бұйрықтарға, өкімдерге қол қоюды заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе орталық депозитарийге ұсынылған мәліметтер негізінде осындай құжаттарға қол қоюға құқығы бар тұлғалар жүзеге асырады.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Қазақстан Республикасының заңнамасында және кепіл шартында көзделген жағдайларда көрсетілген бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын беру нәтижесінде кепілге берілген бағалы қағаздарға құқықтардың (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) өзге тұлғаға өтуін тіркеу бойынша операция орталық депозитариймен мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

      1) кепіл ұстаушының бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) беруді тіркеу бұйрығы;

      2) жаңа кепіл ұстаушының бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) беруді тіркеу бұйрығы;

      3) кепілге берілген бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарының (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) жаңа кепіл ұстаушыға берілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      4) егер мұндай келісімнің болуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе кепіл шартына көзделген болса, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, қағаз түрінде немесе электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып өзге де электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған кепілге салынған бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарының (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) өтуіне кепіл берушінің келісімі.";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Ақпараттық операцияны жүргізуді орталық депозитарий эмитенттің жазбаша бұйрығы немесе тапсырысы, тіркелген тұлғаның, инвестициялық пай қоры кастодианының бұйрығы немесе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік органдардың сұратулары негізінде жүзеге асырады.

      Орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген жағдайларда эмитенттің өкімі, тіркелген тұлғаның бұйрығы Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып өзге де электрондық-цифрлық нысанда жасалады және беріледі.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу, акционерлердің жалпы жиналысын өткізу, акциялардың он және одан көп пайызына ие ұстаушылар туралы анықтаманы дайындау үшін бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін немесе акционерлердің тізімін жасауды орталық депозитарий эмитенттің өкімінде көрсетілген күннің басында (00 сағат 00 минут) жүзеге асырады. Өзге жағдайларда бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін, акционерлердің тізімін жасауды және (немесе) тізілімдер жүйесінен кез келген басқа ақпаратты дайындауды орталық депозитарий Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес осындай ақпаратты алу құқығы бар тұлғалардың жазбаша сұратуы (электрондық-цифрлық нысандағы құжат) негізінде, сұратуда көрсетілген күні және уақытта жүзеге асырады.

      Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін, акционерлердің тізімін жасау немесе жеке шоттан үзінді-көшірме жасау кезінде, сондай-ақ тізілімдер жүйесінен өзге ақпаратты берген кезде орталық депозитарийдің бас офисі орналасқан сағаттық белдеудің уақыты қолданылады.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін немесе акционерлер тізімін беруді орталық депозитарий, егер бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін немесе акционерлер тізімін беруге бұйрық бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі немесе акционерлер тізімі жасалған күннен ерте емес берілу талабымен эмитенттен бұйрықты алған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кеш емес мерзімде жүзеге асырады.

      Егер орталық депозитарий номиналды ұстаушыларға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 22 қазандағы № 210 қаулысымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларының 52-тармағына сәйкес олардың клиенттері туралы мәліметтерін жария ету туралы сұрау салса, бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін немесе акционерлердің жалпы жиналысын өткізу немесе бағалы қағаздары номиналды ұстауда тұрған акционерлер туралы өзге де ақпарат беру үшін акционерлердің тізімін беруді орталық депозитарий эмитенттің бұйрығын немесе уәкілетті органның сұратуын алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жүзеге асырады.

      Егер эмитенттің сұратуында тізімді немесе тізілімді немесе акционерлер туралы өзге де ақпаратты қалыптастырудың болашақ күні көрсетілген жағдайда, мерзім бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі немесе акционерлердің тізімі жасалатын күннен бастап есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 99, 100, 101 және 102-тармақтармен толықтырылсын:

      "99. Орталық депозитарийдің электрондық қызметтерді ұсынуы орталық депозитарийдің қағидалар жинағында және орталық депозитарийдің нормативтік құқықтық актілерін қамтамасыз ететін шартта белгіленген қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес жүргізіледі:

      1) клиентті дұрыс сәйкестендіру және оның тиісті электрондық қызметтерді алу құқығы;

      2) клиентке электрондық қызметтер көрсетуге негіз болатын электрондық құжаттардың мазмұнында бұрмаланулардың және (немесе) өзгерістердің болуын анықтау;

      3) бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден және осы ақпараттың бүтіндігін қорғау;

      4) электрондық қызметтерді көрсету кезінде электрондық құжаттарды, оның ішінде клиентке электрондық қызметтерді ұсынуға негіз болған хабарламаларды жіберу және (немесе) алу туралы растауды сақтау.

      100. Клиентті бірдейлендіру клиенттің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып және (немесе) клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіру арқылы жүргізіледі.

      Жеке кабинетке және (немесе) мобильді қосымшаға кіру үшін клиент рұқсат етілген бірдейлендіру құралдарын пайдаланады.

      Клиентке электрондық қызметтер көрсету кезінде жеке шот бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асыру клиенттің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып және (немесе) клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіру арқылы клиенттің тапсырмасы негізінде жүргізіледі.

      101. Клиент орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген қауіпсіздік рәсімдерін орындамаған жағдайда, орталық депозитарий электрондық қызметтерді ұсынбайды.

      102. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа және Клиенттің дербес деректеріне санкцияланбаған қол жеткізу, олардың санкцияланбаған өзгеруі, санкцияланбаған сауда операцияларын, жеке шот бойынша операцияларды және электрондық қызметтерді ұсыну кезінде туындайтын ақпараттық операцияларды жүзеге асыру анықталған кезде Орталық депозитарий олардың себептерін жою үшін барлық қажетті шараларды дереу қабылдайды және бұл туралы клиентті олар анықталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.".

      8. "Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Орталық депозитарий номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде мынадай заңды тұлғаларға жеке шоттар ашады:

      1) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияға ие;

      2) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияға ие;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      4) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияға ие;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиясыз дилерлік қызметті жүзеге асыратын;

      6) шетелдік депозитарийлер мен кастодиандар;

      7) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларға ұқсас функцияларды жүзеге асыру құқығына ие шетелдік есеп айырысу ұйымдары;

      8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор;

      9) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйым;

      9-1) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларға ұқсас функцияларды жүзеге асыру құқығына (лицензиясына) ие ұйымдар;

      10) клирингтік ұйымдар.

      Орталық депозитарий номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жоғарыда көрсетілген заңды тұлғаларға номиналды ұстаушының бір ғана жеке шотын ашады.

      Номиналды ұстаушының жеке шотын ашу орталық депозитарий "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) көзделген клиентті тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдағаннан кейін жүргізіледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Депоненттердің және олардың клиенттерінің қаржы құралдарын бөлек есепке алуды қамтамасыз ету үшін депоненттің жеке шотында орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен мынадай қосалқы шот ашылады:

      1) депонентке тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған депоненттің қосалқы шоты;

      2) депонент бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, депоненттің сатып алған меншікті бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты;

      3) осы депоненттің орналастырылмаған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, депоненттің жария етілген бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты;

      4) депоненттің клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын біріктірілген есепке алуға арналған қосалқы шоты;

      5) Қағидалардың 37-1 және 37-2-тармақтарына сәйкес орталық депозитарий берген депонент клиентінің бірегей коды бойынша ашылатын және депоненттің осы клиентіне тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған депонент клиентінің қосалқы шоты;

      6) номиналды ұстаушы болып табылатын клиенттің номиналды ұстауға берілген қаржы құралдарын есепке алуға арналған қосалқы шоты.

      Номиналды ұстаушы болып табылатын клиенттің қосалқы шоты:

      Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларға ұқсас функцияларды жүзеге асыру құқығына ие шетелдік депозитарийге, шетелдік кастодианға немесе шетелдік ұйымға олардың клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын есепке алу үшін олардың жеке шотында;

      Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларға ұқсас функцияларды жүзеге асыру құқығына ие, депоненттің клиенті болып табылатын шетелдік ұйымға;

      номиналды ұстаушыға – шетелдік мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдарын есепке алу үшін кастодианның клиенті болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентіне;

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының листінгіндегі қаржы құралдарын есепке алу үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымға;

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларға ұқсас функцияларды жүзеге асыру құқығына (лиценцияға) ие ұйымға ашылады.

      7) эмитент бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, эмитенттің сатып алған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты;

      8) осы эмитенттің орналастырылмаған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, эмитенттің жария етілген бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты.";

      18-1 және 18-2-тармақтар алынып тасталсын;

      19, 20 және 20-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Орталық депозитарийдің депоненті номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен кастодиандық, брокерлік және дилерлік қызметті қоса атқарған кезде О:

      1) Қағидалардың 18-тармағының 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген қосалқы шоттар номиналды ұстау қызметтерін көрсетумен брокерлік қызметті көрсету туралы шартқа сәйкес депонент ұсынған қосалқы шотты ашу жөніндегі бұйрық негізінде ашылады;

      2) Қағидалардың 18-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген қосалқы шоттар депонент кастодиандық қызмет көрсету шартына сәйкес ұсынған, қосалқы шот ашу жөніндегі бұйрық негізінде ашылады:

      кастодиандық қызмет көрсетуге берілген, оларға тиесілі қаржы құралдарын есепке алу үшін Қазақстан Республикасының резиденттеріне;

      шетелдік мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдарын есепке алу үшін Қазақстан Республикасының резидент - номиналды ұстаушыларына;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент - номиналды ұстаушыларына ашылады.

      20. Орталық депозитарий клиенттерінің (депоненттер клиенттерінің) жеке шоттарын (қосалқы шоттарын) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашу және жүргізу тәртібі Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 36, 57, 58, 59, 60, 61, 78, 80, 81 және 82-баптарында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен бекітілген Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеу, номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының өзiнiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларында (бұдан әрі - № 210 қағида), Қағидаларда және орталық депозитарий қағидаларының жинағында белгіленеді.

      20-1. Орталық депозитарий СДАО, мемлекет қатысатын кредиттік бюро немесе мемлекеттік дерекқордан операторлар айқындаған тәртіппен, орталық депозитарийдің ішкі қағидаларында айқындалған мерзімдерде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі өз клиенттері туралы деректерді орталық депозитарий жоғарыда көрсетілген көздерден алатын осындай клиенттер туралы ақпаратпен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Осы салыстырып тексерудің қорытындысы бойынша клиент туралы деректерде сәйкессіздіктер анықталған кезде орталық депозитарий оның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиент туралы жаңартылуға тиіс деректердің болуын айқындайды және өзінің есептік жүйесіне тиісті өзгерістер енгізеді, содан кейін мұндай клиентке СДАО-ның немесе мемлекеттің қатысуымен кредиттік бюроның қызметтерін пайдаланумен немесе орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен, мерзімде және тәсілмен тікелей мемлекеттік дерекқордан алынған ақпарат негізінде оның деректері жаңартылған жағдайда хабарлама жолдайды.";

      20-2-тармақ алынып тасталсын;

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Орталық депозитарий клиенттерінің, депоненттер клиенттерінің ақшасын есепке алу, сондай-ақ талап етілмеген ақшаны есепке алу баланстан тыс шоттарда орталық депозитарийде жүзеге асырылады.

      Депоненттің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алуды орталық депозитарий екі банктік шот ашу арқылы жеке жүзеге асырады.";

      28-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын :

      "28-1. Орталық депозитарий орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен депоненттің клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын біріктірілген есепке алуға арналған депоненттің қосалқы шоты бойынша номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінен мыналар:

      есепті күннің басында және соңында осы қосалқы шотта есепте тұрған қаржы құралдарының қалдықтары туралы;

      номиналды ұстаушы клиенттерінің жеке шоттары бойынша тіркелген және есепті күн ішінде осы қосалқы шот бойынша жасалған, қаржы құралдарымен операциялар туралы электрондық деректерді күн сайын қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады.

      Орталық депозитарий уәкілетті органды осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді номиналды ұстаушының ұсынбауы немесе № 210 қағидалардың 16-тармағында белгіленген ұсыну мерзімдерін бұзу фактілері туралы бұзған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тарауымен толықтырылсын:

      "2.1-тарау. Орталық депозитарий клиенттеріне және депоненттердің клиенттеріне бірегей кодтарды тағайындау

      37-1. Депоненттердің клиенттеріне, соның ішінде оның клиенттеріне тиесілі қаржылық құралдарды біріктіріп есепке алу үшін депоненттің қосалқы шотының шеңберінде қызмет көрсетілетін депоненттердің клиенттеріне, сондай-ақ орталық депозитарий клиенттеріне бірегей кодтарды тағайындау тәртібі орталық депозитарий қағидаларының жиынтығымен белгіленеді.

      37-2. Орталық депозитарий орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен депоненттің мыналар:

      Қазақстан Республикасының резиденті – жеке тұлға депоненті клиентінің жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғаның немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғаның депоненті клиентінің бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті – жеке тұлғаның депоненті клиентінің жеке басын куәландыратын құжаты;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті – заңды тұлғаның депоненті клиентінің тіркелуін растайтын құжат туралы ұсынған мәліметтер негізінде депонент клиентіне бірегей код беруді жүзеге асырады.

      37-3. Орталық депозитарий орталық депозитарий қағидаларының жиынтығында белгіленген тәртіпте және мерзімде депонентке және сауда-саттықты ұйымдастырушыға депоненттің клиентіне тағайындалған бірегей код туралы ақпаратты жібереді.

      37-4. Орталық депозитарийдің номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде оның бірегей коды бойынша қосалқы шот ашылған және (немесе) қаржы құралдарын біріктірілген есепке алу үшін депоненттің қосалқы шоты шеңберінде қызмет көрсетілетін депоненттің клиенті бойынша эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімінде (акционерлер тізімінде) депоненттің осы клиентіне осындай депоненттің бірегей кодын беруге негіз болған мәліметтерді көрсете отырып, белгілі бір номиналды ұстаушының клиенті ретінде көрсетіледі.";

      39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Орталық депозитарий Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңның 78-бабының 3-тармағында көрсетілген клиенттермен депозитарлық қызмет көрсету шарттарын және (немесе) банк шоты шарттарын жасайды. Шарттар жазбаша түрде жасалады.

      Орталық депозитарий бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметтерін көрсеткен кезде депозитарлық қызмет көрсету шартында Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 60-бабына сәйкес номиналды ұстау туралы шартының нормалары қамтылады.

      Банк шоты шартын жасаудың талаптары мен тәртібі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында және орталық депозитарий қағидаларының жинағында белгіленеді.

      40. Орталық депозитарий банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізуді, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау бойынша аударым операцияларын "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14335 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 210 қаулысымен бекітілген Банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларында және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.";

      40-8 және 40-9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-8. Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде олардың өзекті деректемелері туралы мәліметтердің болмауына байланысты дивиденд төленбеген тұлғаның деректемелері туралы мәліметтерді орталық депозитарий тұлғаның өзінің өтініші негізінде өтінішті алған күннен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей өзекті етеді.

      Қоғамның немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде олардың өзекті деректемелері туралы мәліметтердің болмауына байланысты дивиденд төленбеген тұлғаның деректемелері өзекті етілгеннен кейін орталық депозитарий осы тұлғаға тиесілі дивидендтерді деректемелер өзекті етілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның банктік шотына аударады.

      Орталық депозитарий осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген операция жүзеге асырылған соң орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шот бойынша тиісті жазбалар енгізеді, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға немесе осы тұлға клиенті болып табылатын номиналды ұстаушыға және (немесе) осы тұлға акционері болып табылатын қоғамға жүргізілген операция туралы есепті орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жібереді.

      40-9. Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабына сәйкес өзінен ірі акционер қоғамның акцияларын сатып алған тұлға немесе осы тұлғаның номиналды ұстаушысы көрсетілген тұлғаға орталық депозитарийдің ішкі құжатында көзделген тәртіппен оған тиесілі ақшаны төлеу үшін орталық депозитарийге кез келген уақытта өтініш береді.".

      9. Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
қосымша
  Бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және дилерлік
қызметті, инвестициялық
портфельді басқару жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын
ұйымдар үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  Бір клиентке ең жоғарғы
тәуекелдің талдамасы
(клиенттер бөлігінде)
____________________________
________________________
(брокердің және (немесе)
дилердің немесе брокер және
(немесе) дилер
болып табылатын
Басқарушының атауы)

Р/с №

Клиенттің атауы

Орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде ашылған қосалқы шоттың нөмірі

Клиент сенімділігінің (төлемге қабілеттілігінің) дәрежесі

Клиенттер берген өтінімдер көлемінің сомасы, теңгемен

Есептелмеген мәмілелер көлемі

Брокердің және (немесе) дилердің (кастодианның) немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының банктік шотындағы ақша көлемі, жасалған маржалық мәмілелер бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақшаны есептемегенде, теңгемен

Сатып алуға

Сатуға

1

2

3

4

5

6

7

8









      Кестенің жалғасы

Клиенттің номиналды ұстау есебінің жүйесіндегі жеке шоттардағы (қосалқы шоттардағы) бағалы қағаздарының көлемі, жасалған маржалық мәмілелер бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздарын есептемегенде, данамен

Тәуекел мөлшері, теңгемен

Меншікті капитал мөлшері, теңгемен

Тәуекелдер мөлшерінің меншікті капитал мөлшеріне қатысы

9

10

11

12









      Ескертпе:

      2-бағанда клиенттің, онымен брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасаған брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының толық атауы көрсетіледі. Клиент үшін:

      1) заңды тұлға болып табылатын клиент үшін заңды тұлғаның атауы;

      2) жеке тұлға болып табылатын клиент үшін тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі.

      3-бағанда клиенттің орталық депозитарийдің номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған қосалқы шотының 10 мәнді нөмірі көрсетіледі.

      4-бағанда клиент сенімділігінің (төлемге қабілеттілігінің) дәрежесін сипаттайтын санат көрсетіледі.

      5 және 6-бағанда бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және халықаралық (шетелдік) нарықтарында бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға клиент берген қолданыстағы өтінімдер көлемі көрсетіледі.

      7-бағанда бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында бағалы қағаздармен жасалған, бірақ есептелмеген мәмілелер көлемі көрсетіледі.

      8-бағанда олардың атынан 5-бағанда көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға өтінімдер берілген не 7-бағанда көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алу жөнідегі мәмілелер жасалған брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының және (немесе) кастодианның клиенттерінің ақша көлемі, жасалған маржалық мәмілелерді қамтамасыз ету болып табылатын ақша есепке алынбай көрсетіледі.

      9-бағанда 6-бағанда көрсетілген өтінімнің мәні болып табылатын бағалы қағаздардың не 7-бағанда көрсетілген, брокердің және (немесе) дилердің және (немесе) кастодианның номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды сату бойынша мәмілелердің саны жасалған маржалық мәмілелер бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздары есепке алынбай көрсетіледі.

      10-бағанда 8-бағандарда көрсетілген мәндер шегеріле (шегеру 5, 6 және

      7-бағандарда көрсетілген мәндер сомасынан аспайтын мөлшерде бағалы қағаздарды сатып алуға не бағалы қағаздарды сатып алу бойынша мәмілелер жасауға өтінімдер берген жағдайда ғана жүргізіледі) (шегеру 6 және

      7-бағандарда көрсетілген мәндер сомасынан аспайтын мөлшерде бағалы қағаздарды сатып алуға не бағалы қағаздарды сатып алу бойынша мәмілелер жасауға өтінімдер берген жағдайда ғана жүргізіледі) отырып, 5, 6 және

      7-бағандарда көрсетілген мәндер сомасы ретінде есептелетін тәуекелдің мөлшері көрсетіледі.

      10-бағанды есептеу үшін 9-баған (9-бағандағы мән 6 және 7-бағандарда көрсетілген мәндердің сомасынан кем болған жағдайларда) ақшалай баламада қаралады, атап айтқанда клиенттің бағалы қағаздарының көлемі 6-бағанда көрсетілген өтінімдердің және 7-бағанда көрсетілген бағалы қағаздарды сату жөніндегі мәмілелердің орташа алынған бағасы бойынша есепке алынады.