Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 4 қазандағы № 150 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6632 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Орта мерзімді кезеңге (2010 - 2012 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2242 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 28-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген орта мерзімді кезеңге (2010 - 2012 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесінде:
      «Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілері» деген 1-бөлімде:
      реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-1-жолмен толықтырылсын:
«

5-1.

Зияткерлік-көліктік және төлем жүйесін енгізу (ЗКТЖ) және «Астана - Көкшетау қаласы арқылы Петропавл» автомобиль жолының «Астана - Щучье» учаскесін пайдалану

ККМ

                                                            ».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов