Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 19 тамызда № 8625 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 254) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті (А.В. Мартыненко) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

М. Оспанов

      "КЕЛІСІЛДІ:"

      Қазақстан Республикасы

      Статистика агенттігі

      төрағасының міндетін атқарушы

      __________ Ж. Жарқынбаев

      2013 жылғы 28 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ:"

      Қазақстан Республикасы

      Экономика және бюджеттік

      жоспарлау министрі

      _____________ Е. Досаев

      2013 жылғы 29 шілде



  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2013 жылғы 17 шілдедегі
№ 213-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) шекті
деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және табиғи монополиялар саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалар табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъект) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту тәртібін айқындайды.

      3. Субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің және тарифтік сметалардың жобасын табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының (жобаларының) жобаларында көзделетін параметрлерін (көрсеткіштерін) ескере отырып қалыптастырады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) базалық тарифтік смета – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тіркелген) Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетiлетiн қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiнің (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) талаптарына сәйкес қалыптастырылған Субъект тарифтерінiң (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейі енгізілген бірінші жылға арналған тарифтік смета;

      2) болжанатын тарифтік смета – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып қалыптастырылған ұзақ мерзімді кезеңнің кейінгі жылдарына арналған тарифтік смета;

      3) тарифтік кіріс – уәкiлеттi орган Заңның 18-бабының 7-тармағына сәйкес бекіткен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейі бойынша Субъектінің реттеліп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден алатын кірісі;

      4) тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің шекті деңгейін түзету – тарифтің бекітілген шекті деңгейін ұлғайтпай, тарифтік сметаның көрсеткіштерін және (немесе) тарифтің шекті деңгейін түзету;

      5) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      6) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті;

      7) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі – табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі.

      8) электр энергиясын беру – технологиялық тұрғыдан байланысты, электр энергиясын электр желілері арқылы беруге және (немесе) таратуға бағытталған іс-әрекеттер;

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін қалыптастыру Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) әрбір түрі бойынша және жалпы өзге қызметі бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебінің негізінде жүзеге асырылады.

      6. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) болжанып отырған тарифтік сметаны қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындар Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасына, Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасына сәйкес келуге тиіс.

      7. Тарифтік сметаның болжанатын көрсеткіштері Субъектінің ұзақ мерзімді кезеңге арналған тарифтік кірісін айқындауға негізделеді.

      Тарифтік кіріс ұзақ мерзімді кезеңге кіретін әрбір жылға жеке есептеледі. Бүкіл кезеңге арналған тарифтік кірістің негізінде орташа өлшенген тариф (баға, алым мөлшерлемесі) есептеледі.

      Тарифтік кіріс реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуге арналған шығындардың болжанатын көлемдерінің, кезең шығыстарының, сондай-ақ пайданың жол берілетін деңгейінің негізінде айқындалады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейлерін төтенше шара түрінде бекіту туралы шешім қабылдаған кезде осы Қағидалардың 22, 23, 26, 29-тармақтарының талаптары қолданылмайды.

      9. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің қолданысы кезеңінде Субьекті Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның ведомствосына жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат ұсынады және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады немесе осы Қағидалардың 35-тармағының екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастыру үшін жолдайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.05.2016 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Тарифтердің шекті деңгейінің қолданысы кезеңінде уәкілетті органның ведомствосы, егер Субъекті тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің шығын бөлігін төмендетсе, тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін төмендетпейді. Шығындарды қысқартудан алынған (шығындарды оңтайландыру немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың неғұрлым тиімді технологияларын және әдістерін қолдану нәтижесінде пайда болған) қаражатты Субъекті аса тиiмдi әдiстер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету іс-шараларын өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқаруына байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын жаңа өндiрiстiк активтердi жасауға, кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға жұмсайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Тарифтердің шекті деңгейлерін әр жылға бекітуге жол беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекітуге өтінімді ұсыну мен қабылдау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Субъект уәкiлеттi органға тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн бекiтуге өтiнiмді олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн күнтізбелік бiр жүз сексен күн бұрын ұсынады.

      Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) төтенше реттеуші шаралар ретінде қайта қаралған жағдайда, оның ішінде стратегиялық тауарлардың құнын арттыру кезінде табиғи монополия субъектісі өтініммен бірге өзі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметаны және тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің жобаларын береді, бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мұндай жағдайда қолданылмайды.

      14. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекітуге арналған өтінімге:

      1) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекіту қажеттігі туралы түсіндірме жазба;

      2) бес жылдық және одан көп мерзімге арналған инвестициялық бағдарламаның (жобаның) жобасы не қабылданған шешімнің нөмірі мен күнін көрсете отырып, бекітілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) болуын растайтын құжат;

      3) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің жобасы;

      4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтік сметасы;

      5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бухгалтерлік баланс (бұдан әрі – бухгалтерлік баланс);

      6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдалар мен шығындар туралы есеп (бұдан әрі – пайдалар мен шығындар туралы есеп);

      7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп (тікелей және жанама әдіс);

      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14590 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес статистикалық нысан бойынша еңбек жөніндегі есеп (коды 1211101, индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық);

      9) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша капиталдағы өзгерістер туралы есеп (бұдан әрі – капиталдағы өзгерістер туралы есеп);

      10) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16038 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп (коды 271112130, индексі 1-ПФ, кезеңділігі жылдық);

      11) Қағидалардың осы тармағының 5) – 7), 9) тармақшаларында көзделген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба;

      12) өзге және басқа да шығыстардың таратылып жазылуы;

      13) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгі нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған персонал саны, шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттіліктерінің есептері және техникалық шығындардың есептері;

      14) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер мен басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасы;

      15) есепке алу саясаты (ол болған жағдайда);

      16) қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесінің есебі;

      17) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырғанға дейін пайдаланылатын және ұзақ мерзімді кезеңге инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезінде пайдалануға берілетін негізгі құралдарға амортизациялық аударымдардың жылдарға бөлінген есебі;

      18) қарыз ресурстарын қаржыландыру және өтеу шарттары (кредиттер үшін пайыздар, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлемдер, өтеу мерзімдері және басқалар);

      19) табиғи монополия субъектісінің жобалық қуаты туралы және оны нақты пайдалану туралы деректер;

      20) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарланған көлемін растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, шарттар, табиғи монополия субъектісінің жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндетіне және мүмкіндіктеріне, тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) деңгейін ұстап тұру немесе өсіру мақсатында көлемін төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып, тауарларды өндіру көлемінің есептері, тұтыну сұраныстарын маркетингтік зерттеу материалдары) қоса беріледі.

      Ескертпе: тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекітуге арналған өтінімге 5) – 12) тармақшаларда көрсетілген құжаттар өткен күнтізбелік екі жыл үшін ұсынылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Табиғи монополия субъектісі есепке алу аспаптарынсыз тұтынушылар санының азаюына байланысты көрсетілген қызметтер көлемі өзгерген кезде жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты, оның ішінде осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей сараланған тарифтерді бекітуге мына негіздейтін материалдарды:

      1) жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты, оның ішінде осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей сараланған тарифтерді бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазбаны;

      2) есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтердің есебін;

      3) негіздейтін материалдарды қоса бере отырып, халықтың тобына жататын тұтынушылардың, оның ішінде үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және аспаптары жоқ (үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак үлгідегі үйлерде тұрып жатқан халық тобына жататын жеке тұлға тұтынушыларды қоспағанда) тұтынушыларды бөліп көрсете отырып, жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі туралы ақпаратты;

      4) басқа да тұтынушылардың, оның ішінде үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және аспаптары жоқ (үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық үй-жайларда, барак үлгідегі үйлерде орналасқан халық тобына жататын жеке тұлға тұтынушыларды қоспағанда) тұтынушыларды көрсете отырып, жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі туралы ақпаратты;

      5) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак үлгідегі үйлерде тұрып жатқан немесе орналасқан тұтынушылардың (оның ішінде жеке тұлғаларға және басқа тұтынушыларға бөліп көрсете отырып) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі туралы ақпаратты;

      6) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық үй-жайлардың, барак үлгідегі үйлердің тізбесін қоса бере отырып өтінім ұсынады.

      16. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтерді бекітуге өтінімді күнтізбелік жиырма күннен асырмай қарайды. Қарау мерзімі өтінім берілген сәттен бастап есептеледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.05.2016 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес өтiнiмге қоса берiлетiн есептер мен негiздеушi материалдар мынадай рәсімдер сақталып ұсынылады:

      1) өтiнiм материалдары тігіледі, нөмірленеді және Субъекті мөрімен және басшысының не оны алмастыратын адамның немесе құзыретіне бухгалтерлік есеп және қаржы мәселелері кіретін басшы орынбасарының қолымен расталады. Бұл ретте, қаржы құжаттарына Субъектінің басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және Субъектінің мөрімен расталады.

      2) негiздеушi материалдар ретiнде өтiнiм берудің адындағы төрт тоқсан ішіндегі және өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi шығындар туралы нақты деректер ұсынылады;

      3) көлемдердің маусымдық ауытқу әсерін тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) болдырмау мақсатында жылға есептелген деректер негізге алынады;

      4) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын есептеу кезінде базаға өткен күнтізбелік жыл ішіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдері бірінші жылға және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарланған көлемдері – Қазақстан Республикасының даму басымдықтарын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, кейінгі жоспарланатын жылдарға алынады;

      5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерi төмендеген кезде төмендеудi негiздейтін және растайтын материалдар ұсынылады;

      6) табиғи монополия субъектiсi жүзеге асыратын қызметтердiң әрбiр түрiне жеке дайындалады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаны төтенше реттеуші шара ретінде бекітуге арналған өтінімге:

      1) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаны бекіту себептері көрсетілген түсіндірме жазба;

      2) Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нысан бойынша тарифтік сметаның жобасы қоса беріледі. Бұл ретте, стратегиялық тауарлардың құнын арттыру жағдайында тарифтік сметаның стратегиялық тауарларды пайдалануды қамтитын шығын баптары ғана түзетіледі;

      3) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Стратегиялық тауарлардың құнын арттырған жағдайда, төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар ретінде өтінімге конкурстық құжаттама, тауарларды сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері, шарттар, шот-фактуралар, шығын деңгейінің есептері, сондай-ақ тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгі нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған техникалық ысыраптардың есептері, құнының өзгеруі төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің шекті деңгейін бекітуге себеп болып табылатын стратегиялық тауар шығысының нормалары қоса беріледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді бекіту жағдайларын қоспағанда, уәкілетті органның ведомствосы өтінімді алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылған негіздеуші материалдардың толықтығын осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес келуіне тексереді және Субъектіні өтінімді қарауға қабылдағаны туралы немесе өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартқаны туралы бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.

      Уәкілетті органның ведомствосы өтінімді алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және табиғи монополия субъектісін төтенше реттеуші шара ретінде шешім қабылдау үшін өтінімді қарауға қабылдағаны туралы немесе өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартқандығы туралы бас тарту себептерін көрсете отырып жазбаша түрде хабардар етеді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.05.2016 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Субъектінің өтінімін қарауға қабылдаудан бас тарту себептері:

      1) Субъектінің өтінімді ұсыну мерзімдерін бұзуы;

      2) Субъектінің осы Қағидалардың 14 және 18-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;

      3) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2) және 6) тармақшаларына сәйкес келмеуі болып табылады;

      4) ұсынылатын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) белгіленген тәртіпке сәйкес келмеуі болып табылады.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің және тарифтік сметалардың жобасын бекіту тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Уәкілетті органның ведомствосы Субъект тарифтерінiң (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің және тарифтік сметаларының жобасын осы Қағидаларға сәйкес экономикалық негiзделген есептеулер берiлген жағдайда өтінім берілген сәттен бастап күнтізбелік бір жүз қырық бес күннен аспайтын мерзімде қарайды.

      Уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлерінің және тарифтік сметалардың жобаларын төтенше реттеуші шара ретінде шешім қабылдау үшін күнтізбелік жиырма күннен асырмай қарайды.

      Егер тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың жобаларын қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы оны Субъектіден бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімді белгілеп жазбаша түрде сұратады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің және тарифтік сметалардың жобасына:

      1) Субъекті өтінішпен бірге ұсынған негіздеуші құжаттар мен есептерді талдау, сондай-ақ қызметтің осындай түрімен айналысатын Субъектілер қызметінің көрсеткіштерін салыстырмалы талдау негізінде;

      2) ол үшін тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бірлестіктерін, жобаны ұсынған Субъектіні тарта отырып, сараптама жүргізеді.

      23. Уәкілетті органның ведомствосы Субъект ұсынған тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің жобасын жария тыңдаулар өткізу кезінде талқылауға шығарады.

      24. Уәкілетті органның ведомствосы жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту туралы шешiмді оның қолданыс мерзiмiн көрсете отырып қабылдайды.

      Тарифтердiң қолданыс мерзiмi Субъектiнiң инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны iске асыруға көзделген кезеңінен аспайтын мерзiмге белгiленедi.

      Егер Субъекті тарифтің шекті деңгейінің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін уәкілетті органның ведомствосына Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген мерзімде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) тиісті шекті деңгейін бекітуге өтінім бермеген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды инвестициялық құрамдастарды (инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға тартылған қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу амортизациялық аударымдар қаражатының есебінен жүргізілетін жағдайларды қоспағанда) ескерместен қайта қарайды.

      25. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту немесе реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекітуден бас тарту туралы уәкілетті орган ведомствосының шешімі уәкілетті орган ведомствосы басшысының бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті органның ведомствосы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Субъектіге жолдайды.

      Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді бекіту туралы уәкілетті орган ведомствосының шешімі уәкілетті органның ведомствосы басшысының бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті органның ведомствосы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей Субъектiге жолдайды.

      26. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

      Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін төтенше реттеуші шара ретінде енгізу уәкілетті органның ведомствосы айқындайтын күннен бастап жүзеге асырылады.

      27. Субъекті тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейi енгiзілетіні туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жеткiзедi.

      Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейі төтенше реттеуші шара ретінде бекітілген жағдайда, олардың өзгергені туралы ақпаратты табиғи монополия субъектісі тұтынушылардың назарына оларды қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жеткізеді.

      Табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді енгізу туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей аталған ақпаратты табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру арқылы жеткізеді.

      28. Субъекті уәкiлеттi органның ведомствосына тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейi енгiзілетіні туралы тұтынушыларға хабар берілгені жөніндегі факт туралы ақпаратты күнтізбелік бес күн iшiнде ұсынады.

      29. Егер субъекті тұтынушыларды осы Қағидаларда көзделген мерзімде тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін енгізу туралы хабардар етпесе, онда көрсетілген тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейі уәкілетті орган ведомствосының шешімінде көрсетілген күнінен бастап енгізілмейді. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) бекітілген деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.".

      30. Тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің шекті деңгейін (бағаның, алым мөлшерлемесінің) көтермей, түзету үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына ағымдағы жылдың соңына дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмейтін мерзімде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін көтермей, тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету туралы ұсыныс жолдайды.

      Тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету туралы ұсыныспен өтініш берген кезде табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға түзетулерді ескере отырып, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін көтермей, оның жобасын және түзетулерді енгізудің қажеттігін негіздейтін материалдарды ұсынады.

      Тарифтік сметаның және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің ұсынылған жобасы және материалдар осы Қағидалардың 17-тармағы 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету жөніндегі құжаттарды ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен асырмай қарайды.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.05.2016 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Егер тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету туралы ұсынысты қарау кезінде қажетті қосымша құжаттарды (ақпаратты) уәкілетті органның ведомствосы бес жұмыс күнінен кем болмайтын құжаттарды ұсыну мерзімін белгілей отырып, оны өтініш берушіден жазбаша түрде сұратады. Мұндай жағдайда табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету туралы ұсынысын қарау мерзімі "күнтізбелік" отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, ол туралы өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап "күнтізбелік" үш күннің iшiнде хабар беріледі.

      Тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету туралы ұсынысты қарау мерзімін уәкілетті орган ведомствосының басшысы ұзартады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.05.2016 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Егер осындай түзету табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) деңгейінің көтерілуіне алып келетін жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзетуден бас тартады.

      34. Инвестициялық бағдарламаны қысқартуға оған қарай түзетулер енгізілген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін оны төмендетуге қарай түзетеді.

      35. Тарифтік сметада көзделген, шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттіліктерін ескере отырып айқындалған шығындар баптарын түзету аталған шығыстардан асып кеткен жағдайда не еңсерілмейтін күш мән-жайларын және төтенше жағдайларды қоспағанда, шығыс нормаларын бес пайыздан астам төмендеткен жағдайда жүзеге асырылады.

      Субъект табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаны орындау туралы есепті Заңның 7-бабының 7-6) тармақшасы негізінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады.

      Субъект тұтынушыларды тарифтік сметаны орындау барысы туралы есепті кезеңінің жартыжылдығында бір рет тиісті ақпаратты Заңның 7-бабының 7-7) тармақшасы негізінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабардар етеді.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Қызметі "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті немесе оның шекті деңгейін бекіту тәртібі

      Ескерту. Қағида 4-тараумен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Қызметі "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті немесе оның шекті деңгейін бекіту тәртібі қызметі мынадай талаптарға сәйкес келетін электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Компания) тарифін бекіту кезінде қолданылады және мыналардың:

      2018 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей, диспетчерлік технологиялық басқарудың;

      2020 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей, электр желілерін, жабдықты, тетіктерді пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді, еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын жүзеге асыратын жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптармен және құрылғылармен қамтамасыз етілген, оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталған қызметтердің;

      2020 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес желілік қызметтерді көрсетуге желілік оператормен жасалған шарттардың;

      2022 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей, желілік операторда және өңірлік электр желісі компаниясында орнатылған жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, телекоммуникациялар жүйелерінің болуын қамтиды.

      37. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің Қағиданың 36-тармағында көзделген талаптарға сәйкессіздігін айқындау тәртібін энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган айқындайды.

      38. Энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган уәкілетті органың ведомствосына немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің Қағиданың 36-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтіндігі туралы ақпаратты ұсынады.

      39. Уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі Заңның 18-бабының 8-тармағына сәйкес Компанияға Қағидалардың 38-тармағында көзделген ақпаратты алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тарифті немесе оның шекті деңгейін бекітеді.

      40. Уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі Субъектіге электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тарифті немесе оның шекті деңгейін бекіткен кезде мыналарды:

      тауарларды өндіруге және көрсетілетін қызметтерге арналған шығындардағы және кезең шығыстарындағы амортизациялық аударымдарды;

      сыйақы төлеуге арналған шығыстарды (олар болған жағдайда);

      мүлік және көлік салықтарын өтеуге арналған шығыстарды;

      негізгі борышты төлеуді (олар болған жағдайда);

      пайданы;

      негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі шығындарды алып тастайды.

      41. Осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген шығындарды қоспағанда, Компанияға электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тарифті немесе оның шекті деңгейін бекіту туралы шешім Заңның 18-бабына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының немесе уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесі басшысының не осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес тарифтік сметаны бекітуді, басшының міндетін атқарушы адамның бұйрығымен ресімделеді.

      42. Уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі бұйрықты тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей Компанияға табыс етеді.

      43. Компания электр энергиясын беру жөніндегі қызметке тарифтің өзгеруі туралы ақпаратты тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тұтынушының назарына жеткізеді.

  Табиғи монополиялар
субъектілерінің
реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне (тауарларына,
жұмыстарына) тарифтердің
(бағалардың, алымдар
ставкаларының) шекті деңгейін
және тарифтік сметаларды
бекіту қағидаларына
1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаның орындалуы туралы есеп

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Есепті кезең 20___ ж.

      Индексі: ТСО-1

      Кезеңділігі: жылдық

      Ұсынады: өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда, табиғи монополия субъектілері

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

      Ұсыну мерзімі – жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей

Көрсеткіштердің атауы*

Өлшем бірлігі

Бекітілген тарифтік сметада көзделген

Тарифтік сметаның нақты қалыптасқан көрсеткіштері

% ауытқу


Ауытқудың себептері

1

2

3

4

5


6

Тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы, оның ішінде

мың теңге






Материалдық шығындар, барлығы, оның ішінде







Шикізат және материалдар







Сатып алынатын бұйымдар







Жанар-жағармай материалдары







Отын







Энергия







Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы, оның ішінде







Өндірістік персоналдың жалақысы







Әлеуметтік салық







Амортизация







Жөндеу, барлығы, оның ішінде







Негізгі қорлар құнының ұлғаюына алып келмейтін күрделі жөндеу







Өзге шығындар (таратып жазу)







Кезең шығыстары, барлығы, оның ішінде







Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы: оның ішінде:







Әкімшілік персоналдың жалақысы







Әлеуметтік салық







Салықтар







Өзге шығыстар (таратып жазу)







Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар







Қызметтер ұсынуға арналған барлық шығындар







Кіріс (АРБ*ПС)







Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы (АРБ)







Барлық кіріс







Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі

заттай көрсеткіштерде






Нормативтік техникалық ысыраптар

%






Тариф

теңге/көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) бірлігіне арналған






      Ескертпе:

      * – шығындар қажет болған жағдайда кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін

      Ұйымның атауы _________________________________________________

      Мекенжайы _____________________________________________________

      Телефоны _______________________________________________________

      Электрондық поштаның мекенжайы ________________________________

      Орындаушының тегі және телефоны ________________________________

      Басшысы _______________________________________________________

      (тегі аты әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Күні 20 жылғы " " ______________

      Мөр орны

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды толтыру жөніндегі түсіндірме
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтік сметаның
орындалуы туралы мәліметтер
1-тарау. Жалпы нұсқаулық

      Осы түсіндірме өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда, табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтік сметаны орындау туралы есепті дайындауына арналған. Тарифтік смета – бұл уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бөлінісінде бекітетін кірістер мен шығыстар баптары туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы көрсеткіштер және "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 3-бабының 21) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның ведомствосы бекіткен нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері.

      Тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) жобаларын, оның ішінде сараланған тарифтерді бекіту туралы өтінімді беру және олар бойынша шешім қабылдау, сондай-ақ тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті қарау кезінде уәкілетті органның ведомствосы және табиғи монополия субъектілері Ерекше тәртіпті, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін), оның ішінде сараланған тарифтерді есептеудің салалық әдістемелерін қоса алғанда, табиғи монополиялар салаларындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ табиғи монополия субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті қарау кезінде бухгалтерлік есеп, салық заңнамасы стандарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

      Тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды төтенше реттеуші шара ретінде бекіту және "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтiк сметаларды бекiту бекітілген шекті тарифтің қолданылу кезеңінде бiр реттен жиі жүргiзiлмейдi. Жаңа тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды қолданысқа енгізу тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) бекітілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

      Табиғи монополия субъектісі "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес тарифтік сметаны орындау туралы есепті қол жеткізілген нақты көрсеткіштерді құжаттармен растап және олар келісілген нұсқадан ауытқыған жағдайда себептерін түсіндіре отырып, есепті кезеңнен кейінгі жылғы 1 мамырдан кешіктірмей жыл сайын ұсынуға міндетті.

2- тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірмелер

      1-баған – уәкілетті органның ведомствосы реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бөлінісінде бекітетін тарифтік смета көрсеткіштерінің атауы, кірістер мен шығыстар баптары туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы көрсеткіштер және уәкілетті органның ведомствосы бекіткен нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі;

      2-баған – тарифтік смета көрсеткіштерінің өлшем бірлігі көрсетіледі;

      3-баған – бекітілген тарифтік сметада көзделген кірістер мен шығыстар баптары туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері және табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі;

      4-баған – тарифтік сметаның кірістер мен шығыстар баптары туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері туралы нақты қалыптасқан көрсеткіштер және тарифтік сметаны орындау туралы есепті ұсыну кезеңінде табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі;

      5-баған – тарифтік сметаның бекітілген көрсеткіштеріне тарифтік сметаның нақты қалыптасқан көрсеткіштерінің пайыздық арақатынасы көрсетіледі;

      6-баған – тарифтік смета көрсеткіштерінің ауытқу себептерінің толық сипаттамасы көрсетіледі.

  Табиғи монополиялар
субъектілерінің реттеліп
көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына)
тарифтердің (бағалардың,
алымдар ставкаларының) шекті
деңгейін және тарифтік
сметаларды бекіту қағидаларына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қарыздар бойынша пайда болған міндеттемелерді нақты төлеу
туралы ақпарат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Есепті кезең 20___ ж.

      Индексі: ҚНТ-1

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынады: инвестициялық бағдарламасы (жобасы) бар табиғи монополиялар субъектілері

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ұсынатын мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі 25 күніне дейін

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

...

Төлем бойынша міндеттемелер:

мың $*






млн. теңге*






Кредиттер үшін пайыздар

мың $






млн. теңге






Комиссиялық төлемақы, сыйақылар, және т.б.

мың $






млн. теңге






Қарыздың негізгі сомасы

мың $






млн. теңге






Резервтік қорға жіберілді

мың $






млн. теңге






Есепті кезең аяғында резервтік қорда қаражаттардың нақты болуы

мың $






млн. теңге






Жинақталған қаражатқа сыйақы есептеу сомалары

мың $






млн. теңге






      Ескертпе:

      * – Егер қарыздар ұлттық валютада болған жағдайда, онда тек теңгемен төлемдер бойынша ақпарат жіберіледі. Егер қарыздар шетел валютасымен алынған жағдайда, онда ақпарат екі өлшемде: шетел валютасымен, алынған қарыздар бойынша міндеттемелерге төлемақының нақты бағамы бойынша ұлттық валютамен беріледі.

      ** – АҚШ долларына теңгенің бағамын көрсету.

      Ұйымның атауы _________________________________________________

      Мекенжайы ____________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық поштаның мекенжайы _______________________________

      Орындаушының тегі және телефоны _______________________________

      Басшысы _______________________________________________________

      (тегі аты әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Күні 20 жылғы " " ______________

      Мөр орны

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
Қарыздар бойынша пайда болған міндеттемелерді нақты төлеу туралы мәліметтер
1-тарау. Жалпы нұсқаулық

      Осы түсіндірме табиғи монополиялар субъектілерінің қарыздары бойынша пайда болған міндеттемелерді нақты төлеу туралы ақпаратты дайындауға арналған.

      Көрсетілген ақпаратты инвестициялық бағдарламасы (жобасы) бар табиғи монополиялар субъектілері тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 күніне дейін қол жеткізілген нақты көрсеткіштерді құжаттармен растап және олар келісілген нұсқадан ауытқыған жағдайда себептерін түсіндіріп ұсынады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейіне инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін кредиттерге сыйақылар төлеуге арналған шығындар енгізіледі. Алынған кредиттер бойынша сыйақылар мөлшерін (кредиттер үшін пайыздарды, комиссиялық төлемдерді) өзгерту инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде тек төмендету жағына рұқсат беріледі.

      Шетел валютасымен алынған кредиттер үшін сыйақылар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерінің (инфляция) негізінде теңге бағамының шетел валютасына болжамды өзгерілуі ескеріле отырып, тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейіне енгізіледі.

      1-баған – инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін кредиттерге сыйақылар төлеуге көрсеткіштердің атауы уәкілетті орган ведомствосы бекіткен нысан бойынша көрсетіледі;

      2-баған – көрсеткіштердің өлшем бірлігі көрсетіледі (егер қарыздар ұлттық валютада болған жағдайда, онда тек теңгемен төлемдер бойынша ақпарат жіберіледі. Егер қарыздар шетел валютасымен алынған жағдайда, онда ақпарат екі өлшемде: шетел валютасымен, алынған қарыздар бойынша міндеттемелерге төлемақының нақты бағамы бойынша ұлттық валютамен беріледі. Бұдан басқа, АҚШ долларына теңгенің бағамы көрсетіледі.

      3-баған – тиісті жылдың тоқсандары бойынша кредиттер үшін сыйақылар төлемдері көрсеткіштерінің ақпараты көрсетіледі.

  Табиғи монополия
субъектілерінің Реттеліп
көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына)
тарифтердің (бағалардың,
алымдар ставкаларының)
шекті деңгейін және тарифтік
сметаларды бекіту қағидаларына
3-қосымша

      ___________________________________________________

      (ТМС атауы))

      _____________________________________________ тарифтік сметасы

      реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрінің атауы

№ р/с№

Көрсеткіштердің атауы*

Өлшем бірлігі

Қолда-ныстағы тарифтік сметада қабылданды

Алдың-ғы аяқтал-ған жыл ішіндегі нақты көрсет-кіштер

Алдыңғы аяқталған 4 тоқсан ішіндегі нақты көрсеткіштер

Субъектінің тарифтік сметасының жобасы

Жобаны іске асыру-дың барлық кезеңі-не, оның ішінде

Жобаны іске асыру-дың 1 - (базалық) жылы

Жобаны іске асыру-дың 2 - жылы

Жобаны іске асыру-дың і-жылы

І

Тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы, оның ішінде

мың теңге








1

Материалдық шығындар, барлығы, оның ішінде

- " -








1.1

Шикізат және материалдар

- " -








1.2

Сатып алынатын бұйымдар

- " -








1.3

жанар-жағармай материалдары

- " -








1.4

отын

- " -








1.5

Энергия

- " -








2

Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы, оның ішінде

- " -








2.1

өндірістік персоналдың жалақысы

- " -








2.2

әлеуметтік салық

- " -








3

Амортизация

- " -








4

Жөндеу, барлығы, оның ішінде

- " -








4.1

Негізгі қорлар құнының өсуіне алып келмейтін күрделі жөндеу

- " -








5

Өзге шығындар (таратып жазу)

- " -








ІІ

Кезең шығыстары, барлығы, оның ішінде

- " -








6

Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы: оның ішінде:

- " -








6.1

Әкімшілік персоналдың жалақысы

- " -








6.2

әлеуметтік салық

- " -








6.3

Салықтар

- " -








6.4

Өзге шығыстар

(таратып жазу)

- " -








7

Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар

- " -








ІІІ

Қызметтерді ұсынуға арналған барлық шығын

- " -








ІV

Кіріс (АРБ*ПС)

- " -








V

Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы (АРБ)

- " -








Барлық кіріс

- " -








VІІ

Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың жұмыстардың) көлемі

заттай көрсеткіштерде








VІІІ

Нормативтік техникалық ысыраптар

%










заттай көрсеткіштерде








ІХ

Тариф

теңге/көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) бірлігіне арналған










Анықтамалық:


8

Персоналдың орташа тізім бойынша саны,

адам


оның ішінде:


8.1

өндірістік

- " -

8.2

әкімшілік

- " -

9

орташа айлық жалақы, барлығы, оның ішінде

теңге

9.1

өндірістік персоналдың

- " -

9.2

әкімшілік персоналдың

- " -

10

Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу

мың теңге

11

Пайданың есебінен жүзеге асырылатын шығындар (толық жазу)

- " -

12

Шаруашылық тәсілмен орындалатын ағымдағы (жоспарлы-алдын алу) жөндеу, барлығы, оның ішінде

- " -

12.1

жөндеуге арналған материалдар

- " -

12.2

жалақы

- " -

12.3

әлеуметтік салық

- " -

      * - шығындар қажет болған жағдайда кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін

  Табиғи монополиялар
субъектілерінің реттеліп
көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына)
тарифтердің (бағалардың,
алымдар ставкаларының) шекті
деңгейін және тарифтік
сметаларды
бекіту қағидаларына
4-қосымша

(ТМС атауы) _____________________________________________ тарифтік сметасы реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрінің атауы

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Көрсеткіштер
дің атауы*

Өлшем бірлігі

Қолда
ныс
тағы тарифтік сметада қабыл
данды

Алдыңғы аяқтал
ған жыл ішіндегі нақты көрсеткіштер

Алдыңғы аяқталған
4 тоқсан ішіндегі нақты көрсеткіш
тер

Субъектінің тарифтік сметасының жобасы

Жоба
ны іске асырудың бар
лық кезеңіне, оның ішінде

Жоба
ны іске асыру
дың
1 –
(база
лық) жылы

Жоба
ны іске асырудың
2 –
жылы

Жобаны іске асыру
дың
і-жылы

І

Тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы, оның ішінде

мың теңге








1

Материалдық шығындар, барлығы, оның ішінде









1.1

Шикізат және материалдар









1.2

Сатып алынатын бұйымдар









1.3

Жанар-жағармай материалдары









1.4

Отын









1.5

Энергия









2

Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы, оның ішінде









2.1

Өндірістік персоналдың жалақысы









2.2

Әлеуметтік салық









3

Жөндеу, барлығы, оның ішінде









3.1

Негізгі қорлар құнының өсуіне алып келмейтін күрделі жөндеу









4

Өзге шығындар (таратып жазу)









ІІ

Кезең шығыстары, барлығы, оның ішінде









5

Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы: оның ішінде:









5.1

Әкімшілік персоналдың жалақысы









5.2

Әлеуметтік салық









5.3

Өзге шығыстар
(таратып жазу)









ІІІ

Қызметтерді ұсынуға арналған барлық шығын









ІV

Кіріс (АРБ*ПС)









V

Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы (АРБ)









Барлық кіріс









VІІ

Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың жұмыстардың) көлемі

заттай көрсеткіштерде








VІІІ

Нормативтік техникалық ысыраптар

%










заттай көрсеткіштерде








ІХ

Тариф

теңге/
көр
сетілетін қызмет
тердің (тауарлардың, жұмыстардың) бірлігіне арналған)
 








      Ескертпе:

      * – шығындар қажет болған жағдайда кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін.

  Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының
2013 жылғы 17 шілдедегі
№ 213-НҚ бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды ретету агенттігі
төрағасының күші жойылды деп танылған кейбір нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4287 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылғы 28 шілдедегі № 139 нөмірінде жарияланған);

      2. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 13 маусымдағы № 163-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4812 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінің" 2007 жылғы 7 тамыздағы № 119 нөмірінде жарияланған);

      3. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 19-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5516 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетінің" 2009 жылғы 10 қазаңдағы № 41 нөмірінде жарияланған);

      4. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 29 қарашадағы № 305-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8197 нөмірмен тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2013 жылғы 19 қаңтардағы № 20-21 нөмірлерінде жарияланған).