Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 19 тамызда № 8625 тіркелді

Қолданыстағы

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2) тармақшасына, 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидалары бекітілсін.
      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті (А.В. Мартыненко) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                        М. Оспанов

      «КЕЛІСІЛДІ:»
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігі
      төрағасының міндетін атқарушы
      __________ Ж. Жарқынбаев
      2013 жылғы 28 шілде

      «КЕЛІСІЛДІ:»
      Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі
      _____________ Е. Досаев
      2013 жылғы 29 шілде

Қазақстан Республикасы 
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының  
2013 жылғы 17 шілдедегі 
№ 213-НҚ бұйрығымен   
бекітілген        

Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің
(бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және
тарифтік сметаларды бекіту қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидалар табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъект) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту тәртібін айқындайды.
      3. Субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің және тарифтік сметалардың жобасын табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген инвестициялық бағдарламаларының (жобаларының) параметрлерін (көрсеткіштерін) ескере отырып қалыптастырады.
      4. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) базалық тарифтiк смета - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 нөмірмен тіркелген) Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiнің (бұдан әрі - Ерекше тәртіп) талаптарына сәйкес қалыптастырылған Субъект тарифтерінiң (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейi енгiзілген бірінші жылға тарифтiк смета;
      2) болжанып отырған тарифтiк смета - Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып қалыптастырылған орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңнiң кейінгі жылдарына арналған тарифтiк смета;
      3) құзыреттi орган - мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      4) тарифтiк кіріс - уәкiлеттi орган бекiткен тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейi бойынша Субъект реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден алатын кіріс.
      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
      5. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін қалыптастыру Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) әрбір түрі бойынша және жалпы өзге қызметі бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебінің негізінде жүзеге асырылады.
      6. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) болжанып отырған тарифтік сметаны қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындар Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасына, Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасына сәйкес келуге тиіс.
      7. Тарифтік сметаның болжанып отырған көрсеткіштері Субъектінің орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған тарифтік кірісін айқындауға негізделеді.
      Тарифтік кіріс орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге кіретін әрбір жылға жеке есептеледі. Барлық кезеңге арналған тарифтік кірістің негізінде орташа өлшенген тариф (баға, алым мөлшерлемелерісі) есептеледі.
      Тарифтік кіріс реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуге арналған шығындардың болжанып отырған көлемдеріне, кезең шығыстарына, сондай-ақ пайданың ұйғарынды деңгейіне сүйене отырып айқындалады.
      8. Уәкілетті орган тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлерін төтенше шара түрінде бекіту туралы шешім қабылдаған кезде осы Қағидалардың 20212427-тармақтарының талаптары қолданылмайды.
      9. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің қолданысы кезеңінде Субьект «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес осы Қағидаларға 23-қосымшаларға сай ақпарат ұсынады.
      10. Тарифтер деңгейінің қолданысы кезеңінде уәкілетті орган, егер Субъект тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің шығын бөлігін төмендетсе, тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін төмендетпейді. Шығындарды қысқартудан алынған (шығындарды оңтайландыру немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың неғұрлым тиімді технологияларын және әдістерін қолдану нәтижесінде пайда болған) қаражатты Субъект жаңа өндірістік активтерді құруға, оларды кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыруға жұмсайды.
      Бұл ретте Субъект:
      тарифтік сметаны реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері, инвестициялық бағдарламаны (жобаны), күрделі, ағымдағы және жөндеу жұмыстарының басқа түрлерін, салалық стандарттардың талаптарына сәйкес пайдалану шығындарын іске асыру бөлігінде орындайды;
      тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін есептеу кезінде көзделген тарифтік кірісті алуды қамтамасыз етеді.
      11. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейіне енгізілетін еңбеқақы шығыстары Субъект персоналының бекітілген нормативтік санына сүйене отырып айқындалады.
      Cумен жабдықтау және (немесе) суды бұру, жылу энергиясын өндіру, беру саласындағы Субъектілер үшін тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейіне, сондай-ақ электр және жылу энергиясының құрамдастырылған өндірісі бар энергия өндіруші ұйымдарына енгізілетін еңбеқақы шығыстары Субъект персоналының бекітілген нормативтік санымен айқындалады.
      12. Орта мерзімді (ұзақ мерзімді) кезеңге тарифтердің шекті деңгейін жыл сайын бекітуге жол беріледі.

2. Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар
мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекітуге өтінімді ұсыну мен
қабылдау тәртібі

      13. Субъект уәкiлеттi органға тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейiн бекiтуге өтiнiмді олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн күнтізбелік бiр жүз сексен күн бұрын ұсынады.
      Тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) төтенше реттеуші шаралар ретінде қайта қаралған жағдайда, оның ішінде стратегиялық тауарлардың құнын арттыру кезінде табиғи монополия субъектісі өтініммен бірге өзі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметаны және тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің жобаларын береді, бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мұндай жағдайда қолданылмайды.
      14. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекітуге арналған өтінімге мыналар:
      1) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазба;
      2) инвестициялық бағдарлама (жоба);
      3) салалық ерекшеліктер ескеріле отырып, прейскурантпен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің жобасы;
      4) алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішіндегі бухгалтерлік теңгерім;
      5) алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішіндегі кірістер мен шығыстар туралы есеп;
      6) алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішіндегі ақшаның қозғалысы туралы есеп;
      7) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілген қызметкерлердің тізімі бойынша саны 50 адамнан асатын заңды тұлғалар үшін алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішіндегі инвестициялар туралы мәліметтер;
      8) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілген алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішіндегі еңбек бойынша есеп;
      9) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілген алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішіндегі жекелеген лауазымдар мен кәсіптер бойынша қызметкерлер жалақысының мөлшерлері туралы мәліметтер;
      10) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілген алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішіндегі өндірістік-қаржылық қызмет туралы есеп;
      11) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілген алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішіндегі негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің болуы және қозғалысы туралы есеп;
      12) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтік сметасының жобасы;
      13) алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішіндегі дебиторлық және кредиторлық берешектің толық жазылуы;
      14) алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішіндегі өзге және басқа да шығыстардың толық жазылуы;
      15) белгіленген тәртіппен бекітілген:
      персоналдың нормативтік санының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5568 тіркелген);
      шығыстың техникалық және технологиялық нормаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4379 тіркелген);
      нормативтік техникалық ысыраптардың (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4379 тіркелген) болуын растайтын құжаттар.
      Көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда - персоналдың нормативтік санын, шығыстың техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге арналған өтінімдерді қарауға уәкілетті органның қабылдағаны туралы ақпарат;
      16) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін Субъектінің ағымдағы және күрделі жөндеулер мен басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген сметасы;
      17) алдыңғы күнтізбелік жыл ішіндегі материалдық, қаржылық ресурстарды, жабдық пен қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері;
      18) қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесінің есебі;
      19) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асырғанға дейін пайдаланылатын және орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезінде пайдалануға енгізілетін негізгі құралдарға амортизациялық аударымдарды жылдарға бөліп есептеу туралы ақпарат;
      20) қарыз ресурстарын қаржыландыру және өтеу шарттары (кредиттер үшін пайыздар, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлемдер, өтеу мерзімдері мен басқалар);
      21) басшылардың, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлердің еңбегіне ақы төлеу қорын және лауазымдық жалақыларын, сондай-ақ оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесін (мемлекет қатысуының басым үлесі бар мемлекеттік кәсіпорындар не кәсіпорындар үшін) белгілеу туралы мемлекеттік мүлікті немесе мемлекеттік кәсіпорынды басқару жөніндегі органның шешімі қоса беріледі.
      15. Қағидалардың 14-тармағына сәйкес өтiнiмге қоса берiлетiн есептер мен негiздеушi материалдар мынадай тәртіп сақталып ұсынылады:
      1) өтiнiм материалдары тiгiледі, нөмiрленеді, Субъект басшысының мөрiмен және қолымен расталады. Бұл ретте қаржы құжаттарына Субъектiнiң бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi не оларды алмастыратын тұлғалар қол қояды және Субъектiнiң мөрiмен расталады;
      2) негiздеушi материалдар ретiнде өтiнiм беруден бұрынғы төрт тоқсан ішіндегі және өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi шығындар туралы нақты деректер ұсынылады;
      3) тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) көлемдердің маусымдық ауытқу әсерін болдырмау мақсатында жылға есептелген деректер негізге алынады;
      4) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын есептеу кезінде базаға өткен күнтізбелік жыл ішіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдері алынады;
      5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерi төмендеген кезде төмендеудi негiздеушi және растаушы материалдар ұсынылады;
      6) табиғи монополия субъектiсi жүзеге асыратын қызметтердiң әрбiр түрiне жеке дайындалады.
      16. Тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны төтенше реттеуші шара ретінде бекітуге арналған өтінімге:
      1) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаны бекіту себептері көрсетілген түсіндірме жазба;
      2) Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша тарифтік сметаның жобасы қоса беріледі. Бұл ретте стратегиялық тауарлардың құнын арттыру жағдайында тарифтік сметаның стратегиялық тауарларды пайдалануды қамтитын шығын баптары ғана түзетіледі;
      3) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар қоса беріледі.
      Стратегиялық тауарлардың құнын арттырған жағдайда, төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар ретінде өтінімге конкурстық құжаттама, тауарларды сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері, шарттар, шот-фактуралар, шығын деңгейінің есептері, алдағы кезеңге бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар, стратегиялық тауарлар құнының өзгеруі тарифтерді төтенше реттеуші шара ретінде бекіту үшін өтінім беруге себеп болған осы тауарлар шығысының нормалары туралы ақпарат қоса беріледі.
      17. Уәкілетті орган өтінім алған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған негіздеуші материалдардың толықтығын тексереді және Субъектіні өтінімді қарауға қабылдағаны туралы немесе өтінімді қараудан бас тартқаны туралы бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.
      Уәкілетті орган өтінімді алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және табиғи монополия субъектісін төтенше реттеуші шара ретінде шешім қабылдау үшін өтінімдерді қарауға қабылдағаны туралы немесе өтінімдерді қарауға қабылдаудан бас тартқандығы туралы бас тарту себептерін келтіре отырып жазбаша түрде хабардар етеді.
      18. Субъектінің өтінімін қарауға қабылдаудан бас тарту себептері:
      1) Субъектінің өтінімді ұсыну мерзімдерін бұзуы;
      2) Субъектінің осы Қағидалардың 14 және 16-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;
      3) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 15-тармағының 1)2) және 6) тармақшаларына келмеуі болып табылады.

3. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті
деңгейінің жобасын қарау және бекіту тәртібі

      19. Уәкiлеттi орган Субъектінің тарифтерi (бағалары, алымдар мөлшерлемелері) шектi деңгейiнiң жобасын осы Қағидаларға сәйкес экономикалық негiзделген есептерді ұсынған жағдайда, өтiнiмдi беру сәтiнен бастап күнтізбелік бiр жүз қырық бес күн iшiнде қарайды.
      Уәкілетті орган төтенше реттеуші шара ретінде шешім қабылдау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің жобаларын күнтізбелік жиырма күн ішінде қарайды.
      20. Уәкілетті орган тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің және тарифтік сметалардың жобасына:
      1) Субъект өтініммен бірге ұсынған негіздеуші құжаттар мен есептерді талдау, сондай-ақ қызметтің осындай түрімен айналысатын Субъектілер қызметінің көрсеткіштерін салыстырмалы талдау негізінде;
      2) бұл үшін тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бірлестіктерін, жобаны ұсынған Субъектіні тарта отырып, сараптама жүргізеді.
      21. Уәкілетті орган Субъект ұсынып отырған тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің жобасын жария тыңдаулар өткізу кезінде талқылауға салады.
      22. Уәкiлеттi орган жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды қолданыс мерзiмiн көрсете отырып, бекiту туралы шешiм қабылдайды.
      Тарифтердiң қолданыс мерзiмi Субъектiнiң инвестициялық бағдарламаны (жобаны) iске асыруы көзделген кезеңнен аспайтын мерзiмге белгiленедi.
      23. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту туралы уәкілетті органның шешімі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді және уәкiлеттi орган Субъектiге олар қолданысқа енгізгіленге дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірмей жолдайды.
      24. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
      25. Субъект тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейiн енгiзу туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн кемiнде күнтізбелік отыз күн бұрын жеткiзедi.
      Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейі төтенше реттеуші шара ретінде өзгертілген жағдайда, табиғи монополия субъектісі олардың өзгергені туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына оларды қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жеткізеді.
      26. Субъект уәкiлеттi органға күнтізбелік бес күн iшiнде тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейiн енгiзу туралы тұтынушыларды хабардар ету фактiсі туралы ақпаратты ұсынады.
      27. Егер субъект тұтынушыларды осы Қағидаларда көзделген мерзімде тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін енгізу туралы хабардар етпесе, онда көрсетілген тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейі уәкілетті органның шешімінде көрсетілген күнінен бастап енгізілмейді. Бекітілген тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп
көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына,
жұмыстарына) тарифтердің      
(бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің)
шекті деңгейін және тарифтік сметаларды
бекіту қағидаларына       
1-қосымша             

__________________________________________________________________
ТМС-ның атауы, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар)
_____________________________________________ тарифтік сметасы
түрінің атауы          


Көрсеткіштердің атауы*

Өлшем бірлігі

Қолданыс тағы тарифтік сметада қабылданды

Алдыңғы аяқталған жыл ішіндегі нақты көрсеткіштер

Алдыңғы аяқталған 4 тоқсан ішіндегі нақты көрсеткіштер

Субъектінің тарифтік сметасының жобасы

Жобаны іске асырудың барлық кезеңіне, оның ішінде

Жобаны іске асырудың 1 - (базалық) жылы

Жобаны іске асырудың 2 - жылы

Жобаны іске асырудың жылы

І

Тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы, оның ішінде

мың теңге








1

Материалдық шығындар, барлығы, оның ішінде

- " -








1.1

Шикізат және материалдар

- " -








1.2

Сатып алынатын бұйымдар

- " -








1.3

ЖЖМ

- " -








1.4

отын

- " -








1.5

Энергия

- " -








2

Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы, оның ішінде

- " -








2.1

өндірістік персоналдың жалақысы

- " -








2.2

әлеуметтік салық

- " -








3

Амортизация

- " -








4

Жөндеу, барлығы, оның ішінде

- " -








4.1

Негізгі қорлар құнының өсуіне алып келмейтін күрделі жөндеу

- " -








5

Өзге шығындар (толық жазу)

- " -








ІІ

Кезең шығыстары, барлығы, оның ішінде

- " -








6

Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы: оның ішінде:

- " -








6.1

Әкімшілік персоналдың жалақысы

- " -








6.2

әлеуметтік салық

- " -








6.3

Салықтар

- " -








6.4

Өзге шығыстар
(толық жазу)

- " -








7

Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар

- " -








ІІІ

Қызметтерді ұсынуға арналған барлық шығын

- " -








ІV

Кіріс (АРБ*ПС)

- " -








V

Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы (АРБ)

- " -








Барлық кіріс

- " -








VІІ

Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың жұмыстардың) көлемі

заттай көрсеткіштерде








VІІІ

Нормативтік техникалық ысыраптар

%










заттай көрсеткіштерде








ІХ

Тариф

теңге/көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) бірлігіне арналған









Анықтамалық:



8

Персоналдың орташа тізім бойынша саны,




оның ішінде:



8.1

өндірістік

- " -


8.2

әкімшілік

- " -


9

орташа айлық жалақы, барлығы, оның ішінде

теңге


9.1

өндірістік персоналдың

- " -


9.2

әкімшілік персоналдың

- " -


10

Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу

мың теңге


11

Пайданың есебінен жүзеге асырылатын шығындар (толық жазу)

- " -


12

Шаруашылық тәсілмен орындалатын ағымдағы (жоспарлы-алдын алу) жөндеу, барлығы, оның ішінде

- " -


12.1

жөндеуге арналған материалдар

- " -


12.2

жалақы

- " -


12.3

әлеуметтік салық

- " -






      * - шығындар қажет болған жағдайда кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін

Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп
көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына,
жұмыстарына) тарифтердің      
(бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің)
шекті деңгейін және тарифтік сметаларды
бекіту қағидаларына       
2-қосымша             

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаның орындалуы
туралы есеп

Есепті кезең 20___ ж.

Индексі: ТСО

Кезеңділігі: жылдық

Ұсынады: өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда, табиғи монополия субъектілері

Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Ұсыну мерзімі – өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда, жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей

Көрсеткіштердің атауы*

Өлшем бірлігі

Бекітілген тарифтік сметада көзделген

Тарифтік сметаның нақты қалыптасқан көрсеткіштері

% ауытқу

ауытқудың себептері

1

2

3

4

5

6

Тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы, оның ішінде

мың теңге





Материалдық шығындар, барлығы, оның ішінде

- " -





Шикізат және материалдар

- " -





сатып алынатын бұйымдар

- " -





ЖЖМ

- " -





отын

- " -





Энергия

- " -





Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы, оның ішінде

- " -





өндірістік персоналдың жалақысы

- " -





әлеуметтік салық

- " -





Амортизация

- " -





Жөндеу, барлығы, оның ішінде

- " -





Негізгі қорлар құнының өсуіне алып келмейтін күрделі жөндеу

- " -





Өзге шығындар (толық жазу)

- " -





Кезең шығыстары, барлығы, оның ішінде

- " -





Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы: оның ішінде:

- " -





Әкімшілік персоналдың жалақысы

- " -





әлеуметтік салық

- " -





Салықтар

- " -





Өзге шығыстар (толық жазу)

- " -





Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар

- " -





Қызметтер ұсынуға арналған барлық шығын

- " -





Кіріс (АРБ*ПС)

- " -





Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы (АРБ)

- " -





Барлық кіріс

- " -





Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі

заттай көрсеткіштерде





Нормативтік техникалық ысыраптар

%





Тариф

теңге/көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) бірлігіне арналған





      * - шығындар қажет болған жағдайда кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды толтыру жөніндегі түсіндірме

Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаның орындалуы
туралы мәліметтер

1. Жалпы нұсқаулық

      Осы түсіндірме өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда, табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаны орындау туралы есепті дайындауына арналған. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тарифтік смета - бұл уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша бекітетін кірістер мен шығыстар баптары, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы көрсеткіштер және уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері.
      Тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) жобаларын, оның ішінде сараланған тарифтерді бекіту туралы өтінімді беру және олар бойынша шешім қабылдау, сондай-ақ тарифтік сметалардың орындалуы туралы есепті қарау кезінде уәкілетті орган және табиғи монополия субъектілері Ерекше тәртіпті, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін), оның ішінде сараланған тарифтерді есептеудің салалық әдістемелерін қоса алғанда, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тарифтік сметалардың орындалуы туралы есепті қарау кезінде бухгалтерлік есеп, салық заңнамасы стандарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
      Тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды төтенше реттеуші шара ретінде бекіту және Заңның 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту он екі айда бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi. Жаңа тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды қолданысқа енгізу тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) бекітілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі өңірлік электр желілік компаниясын қоспағанда, тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірмелер

      1-баған - уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бөлінісінде бекітетін тарифтік смета көрсеткіштерінің атауы, кірістер мен шығыстар баптары, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы көрсеткіштер және уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі;
      2-баған-тарифтік смета көрсеткіштерінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
      3-баған - бекітілген тарифтік сметада көзделген кірістер мен шығыстар баптары туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері және табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі;
      4-баған – тарифтік сметаның кірістер мен шығыстар баптары туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері туралы нақты қалыптасқан көрсеткіштері және тарифтік сметаны орындау туралы есепті ұсыну кезеңінде табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі;
      5-баған-тарифтік сметаның бекітілген көрсеткіштерінен тарифтік сметаның нақты қалыптасқан көрсеткіштерінің пайыздық арақатынасы көрсетіледі;
      6-баған-тарифтік смета көрсеткіштерінің ауытқу себептерінің толық сипаттамасы көрсетіледі.

Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп
көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына,
жұмыстарына) тарифтердің      
(бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің)
шекті деңгейін және тарифтік сметаларды
бекіту қағидаларына       
3-қосымша             

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Қарыздар бойынша пайда болған міндеттемелерді нақты төлеу
туралы ақпарат

Индексі: ҚНТ

Кезең: тоқсан сайын

Ұсынатын: инвестициялық бағдарламасы (жобасы) бар табиғи монополиялар субъектілері

Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Ұсынатын мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі 25 күніне дейін

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

...

Төлем бойынша міндеттемелер:

мың $*






млн. теңге*






Кредиттер үшін пайыздар

мың $






млн. теңге






Комиссиялық төлемақы, сыйақылар, және т.б.

мың $






млн. теңге






Қарыздың негізгі сомасы

мың $






млн. теңге






Резервтік қорға жіберілді

мың $






млн. теңге






Есепті кезең аяғында резервтік қорда қаражаттардың нақты болуы

мың $






млн. теңге






Жинақталған қаражатқа сыйақы есептеу сомалары

мың $






млн. теңге






* Егер қарыздар ұлттық валютада болған жағдайда, онда тек теңгемен төлемдер бойынша ақпарат жіберіледі. Егер қарыздар шетел валютасымен алынған жағдайда, онда ақпарат екі өлшемде: шетел валютасымен, алынған қарыздар бойынша міндеттемелерге төлемақының нақты бағамы бойынша ұлттық валютамен беріледі.
** АҚШ долларына теңгенің бағамын көрсету.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі
түсіндірме

Қарыздар бойынша пайда болған міндеттемелерді нақты төлеу
туралы мәліметтер

1. Жалпы нұсқаулық

      Осы түсіндірме табиғи монополиялар субъектілерінің қарыздары бойынша пайда болған міндеттемелерді нақты төлеу туралы ақпаратты дайындауға арналған.
      Көрсетілген ақпаратты инвестициялық бағдарламасы (жобасы) бар табиғи монополиялар субъектілері тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі 25 күніне дейін қол жеткізілген нақты көрсеткіштерді құжаттармен растап және олар келісілген нұсқадан ауытқыған жағдайда себептерін түсіндіріп ұсынады.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейіне инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін кредиттерге сыйақылар төлеуге арналған шығындар енгізіледі. Алынған кредиттер бойынша сыйақылар мөлшерін (кредиттер үшін пайыздарды, комиссиялық төлемдерді) өзгерту инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде тек төмендету жағына рұқсат беріледі.
      Шетел валютасымен алынған кредиттер үшін сыйақылар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерінің (инфляция) негізінде теңге бағамының шетел валютасына болжамды өзгерілуі ескеріле отырып, тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейіне енгізіледі.
      1-баған - инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін кредиттерге сыйақылар төлеуге көрсеткіштердің атауы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша көрсетіледі;
      2-баған - көрсеткіштердің өлшем бірлігі көрсетіледі (егер қарыздар ұлттық валютада болған жағдайда, онда тек теңгемен төлемдер бойынша ақпарат жіберіледі. Егер қарыздар шетел валютасымен алынған жағдайда, онда ақпарат екі өлшемде: шетел валютасымен, алынған қарыздар бойынша міндеттемелерге төлемақының нақты бағамы бойынша ұлттық валютамен беріледі. АҚШ долларына теңгенің бағамын көрсетіледі.
      3-баған - тиісті жылдың тоқсандары бойынша кредиттер үшін сыйақылар төлемдері көрсеткіштерінің ақпараты көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының       
2013 жылғы 17 шілдедегі  
№ 213-НҚ бұйрығына    
қосымша          

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды ретету агенттігі
төрағасының күші жойылды деп танылған кейбір нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі

      1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4287 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылғы 28 шілдедегі № 139 нөмірінде жарияланған);
      2. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 13 маусымдағы № 163-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4812 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылғы 7 тамыздағы № 119 нөмірінде жарияланған);
      3. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 19-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5516 нөмірмен тіркелген, «Ресми газетінің» 2009 жылғы 10 қазаңдағы № 41 нөмірінде жарияланған);
      4. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 29 қарашадағы № 305-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8197 нөмірмен тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2013 жылғы 19 қаңтардағы № 20-21 нөмірлерінде жарияланған).