Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 199 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 маусымда № 13770 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Құқықтық актiлер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 5 мамырдағы
№ 199 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
ТІЗБЕСІ

      1. "Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесi туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 80-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2237 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту ережесінде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) ұсынуға тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) және тарифтік сметаның жобасын күнтізбелік отыз күннен асырмай қарайды.

      Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) және тарифтік сметаның жобасын қарау мерзімі өтінімнің уәкілетті органның ведомствосына келіп түскен күннен бастап есептеледі.".

      2. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 шілдедегі

      № 213-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8625 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 257 (28196) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің қолданысы кезеңінде Субьекті Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның ведомствосына жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат ұсынады және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады немесе осы Қағидалардың 35-тармағының екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастыру үшін жолдайды.";

      14-тармақта:

      2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бес жылдық және одан көп мерзімге инвестициялық бағдарламаның (жобаның) жобасы немесе қабылданған шешімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, бекітілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) болуын растайтын құжат;";

      4), 5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі бухгалтерлік баланс (бұдан әрі - бухгалтерлік баланс);

      5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі кірістер мен залалдар туралы есеп (бұдан әрі - кірістер мен залалдар туралы есеп);

      6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп;

      7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) нысан бойынша капиталдағы өзгерістер туралы есеп (бұдан әрі - капиталдағы өзгерістер туралы есеп);";

      11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 7 қазандағы № 154 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12227 болып тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп;

      12) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 7 қазандағы № 154 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12227 болып тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі негізгі қорлардың жай-күйі туралы есеп;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтерді бекітуге өтінімді күнтізбелік жиырма күннен асырмай қарайды. Қарау мерзімі өтінім берілген сәттен бастап есептеледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді бекіту жағдайларын қоспағанда, уәкілетті органның ведомствосы өтінімді алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылған негіздеуші материалдардың толықтығын осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес келуіне тексереді және Субъектіні өтінімді қарауға қабылдағаны туралы немесе өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартқаны туралы бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.

      Уәкілетті органның ведомствосы өтінімді алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және табиғи монополия субъектісін төтенше реттеуші шара ретінде шешім қабылдау үшін өтінімді қарауға қабылдағаны туралы немесе өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартқандығы туралы бас тарту себептерін көрсете отырып жазбаша түрде хабардар етеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Уәкілетті органның ведомствосы Субъекті тарифтерінiң (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің және тарифтік сметаларының жобасын осы Қағидаларға сәйкес экономикалық негiзделген есептеулер берiлген жағдайда өтінім берілген сәттен бастап күнтізбелік бір жүз қырық бес күн iшiнде қарайды.

      Уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлерінің және тарифтік сметалардың жобаларын төтенше реттеуші шара ретінде шешім қабылдау үшін күнтізбелік жиырма күннен асырмай қарайды.

      Егер тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың жобаларын қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы оны Субъектіден бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімді белгілеп жазбаша түрде сұратады.";

      31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету жөніндегі құжаттарды ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен асырмай қарайды.

      32. Егер тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету туралы ұсынысты қарау кезінде қажетті қосымша құжаттарды (ақпаратты) уәкілетті органның ведомствосы бес жұмыс күнінен кем болмайтын құжаттарды ұсыну мерзімін белгілей отырып, оны өтініш берушіден жазбаша түрде сұратады. Мұндай жағдайда табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету туралы ұсынысын қарау мерзімі "күнтізбелік" отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, ол туралы өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап "күнтізбелік" үш күннің iшiнде хабар беріледі.

      Тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету туралы ұсынысты қарау мерзімін уәкілетті орган ведомствосының басшысы ұзартады.".

      3. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8642 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 14 (28238) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларында:

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Табиғи монополия субъектісі тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қолданысқа енгізгенге дейін қабылданған шешімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, бекітілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) болуын растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініммен бірге өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметалардың және тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын күнтізбелік тоқсан күннен кешiктiрмей ұсынады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiтуге арналған өтiнiмге:

      1) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту қажеттiгi туралы түсiндiрме жазба;

      2) тариф (баға, алым мөлшерлемесі) жобасы;

      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) нысан бойынша бухгалтерлік баланс (бұдан әрі - бухгалтерлік баланс);

      4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) нысан бойынша кірістер мен залалдар туралы есеп (бұдан әрі - кірістер мен залалдар туралы есеп);

      5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) нысан бойынша ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп;

      6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) нысан бойынша капиталдағы өзгерістер туралы есеп (бұдан әрі - капиталдағы өзгерістер туралы есеп);

      7) Қағидалардың осы тармағының 3)-6) тармақшаларында көзделген қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазба;

      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10125 болып тіркелген) нысан бойынша еңбек жөніндегі есеп (1-е нысаны);

      9) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10125 болып тіркелген) нысан бойынша жұмыскерлер жалақысының мөлшерлері туралы есеп (2-Е кәсіп);

      10) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 7 қазандағы № 154 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12227 болып тіркелген) нысан бойынша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп (1-ПФ), шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін шағын кәсіпорнының қызметі туралы есеп (2-ШК);

      11) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 7 қазандағы № 154 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12227 болып тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі негізгі қорлардың жай-күйі туралы есеп;

      12) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобасын есептеу үшін жиынтық деректер;

      13) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нақты шығындарды негiздейтiн материалдарды қоса бере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтiк сметасын орындау туралы есеп;

      14) дебиторлық және кредиторлық берешектердiң толық жазылуы;

      15) тарифтік смета бойынша өзге және басқа шығыстардың толық жазылуы;

      16) қабылданған шешімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, бекітілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) болуын растайтын құжат;

      17) негiзгi құралдар құнының өсуiне алып келмейтiн, ағымдағы және күрделi жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасы;

      18) есепке алу саясаты (ол болған жағдайда);

      19) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде жүргізілген персонал саны, шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттіліктерінің есептеулері және техникалық шығындардың есептеулері;

      20) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері (қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда);

      21) негiзгi құралдарды соңғы қайта бағалау нәтижелерi туралы мәлiметтер (болған жағдайда);

      22) негiзгi құралдарды пайдалану мерзiмдерi көрсетiлген амортизациялық аударымдардың есебі;

      23) Ерекше тәртiпке сәйкес тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн нақты жұмсалған шығыстар туралы мәлiметтер;

      24) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарланған көлемiн растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, шарттар, табиғи монополия субъектiсінің жалпыға бiрдей сапалы қызмет көрсету мiндетiне және мүмкіндіктеріне, тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) деңгейiн қолдау немесе көтеру мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып тауарлар өндірісі көлемінің есептері), тұтынушы сұранысын маркетингтiк зерттеулердің материалдары);

      25) табиғи монополия субъектiсiнiң жобалық қуаты туралы және оны нақты пайдалану туралы деректер;

      26) Ерекше тәртiптiң талаптарына сәйкес осы Қағидалардың 3-33-қосымшаларында көрсетiлген нысан бойынша тарифтiк сметаның жобасы;

      27) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түсетiн таза кірісті пайдалану туралы ақпарат;

      28) амортизациялық аударымдарды пайдалану туралы ақпарат;

      29) нормативтiк техникалық шығындарды уәкілетті органның ведомствосы айқындаған шамаға және мерзiмде төмендету жөніндегі және экономикалық тиiмдiлiктiң деректерi мен есептерiн қамтитын өтiнiмдi қарау кезеңiнде қолданылатын iс-шаралар жоспарлары (электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату, сумен жабдықтау, мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау, сондай-ақ шикi газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердi көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi ұсынады) қоса берiледi.";

      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қабылданған шешімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып бекітілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) болуын растайтын құжат;";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтердің деңгейлерін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты тұтынышылар топтары бойынша сараланған тарифтерді бекітуге өтінімді күнтізбелік жиырма күннен асырмай қарайды. Қарау мерзімі өтінім берілген сәттен бастап есептеледі.";

      16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Осы Қағидалардың 8-10-тармақтарына сәйкес бекітілген тарифтердің деңгейлерін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді бекіткен жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның ведомствосы өтінім алған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және табиғи монополия субъектісін өтінімді қарауға қабылдағаны туралы немесе өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартқаны туралы бас тартудың себептерін келтіре отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың жобаларын уәкілетті орган ведомствосының талаптарына сәйкес экономикалық негізделген есептеулерді ұсынған жағдайда күнтізбелік елу бес күн ішінде қарайды. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің), инвестициялық тарифтердің, оның ішінде сараланған тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және оларға тарифтік сметалардың жобаларын қарау мерзімі өтінім берілген сәттен бастап есептеледі.

      Уәкілетті органның ведомствосы төтенше реттеуші шаралар ретінде шешім қабылдау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың жобаларын күнтізбелік он күннен асырмай қарайды.

      Егер тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың жобаларын қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімді белгілей отырып, оны өтініш берушіден жазбаша түрде сұратады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаны түзету жөніндегі құжаттарды ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен асырмай қарайды.".