Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаны орындау туралы есепті орналастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметаны орындау барысы туралы тұтынушыларды хабардар ету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрінің | |
міндетін атқарушы | Т. Жақсылықов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
______________ С. Омаров
2015 жылғы 31 шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
______________ А. Рау
2015 жылғы 29 шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
______________ Ұ. Қарабалин
2015 жылғы 27 шілде
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 566 бұйрығына 1-қосымша |
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаны
орындау туралы есепті орналастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаны орындау туралы есепті орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаны орындау туралы есепті табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастыру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады.
1) табиғи монополия субъектісі - табиғи монополия жағдайында тауарлар өндірумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) тарифтік смета – уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бөлінісінде бекітетін кірістер мен шығыстар баптары туралы реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы көрсеткіштер және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8642 тіркелген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығымен бекітілген нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері;
3) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасың табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаны
орындау туралы есепті орналастыру тәртібі
4. Табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органның ведомствосына ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiн Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8625 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларына (бұдан әрі - № 213-НҚ Қағидалары) 1-қосымшаға және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8642 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларды бекiту қағидаларына (бұдан әрі - № 215-НҚ Қағидалары) 2-қосымшаға бекiту туралы" сәйкес нысан бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрінің бөлінісінде өткен күнтiзбелiк жылға бекiтiлген тарифтiк сметаны орындау туралы есеп бередi және оны өзінің интернет-ресурсында бір мезгілде орналастырады не уәкiлеттi органның ведомствосына тарифтік сметаны орындау туралы есепті уәкiлеттi орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастыру туралы өтініш жолдайды.
5. Субъекті тарифтiк сметаны орындау туралы есепке өткен күнтiзбелiк жылға мынадай материалдарды:
1) осы № 213-НҚ Қағидаларына 1-қосымшада және № 215-НҚ Қағидаларына 2-қосымшада көрсетілген кестені қоса беріп, тарифтік сметаны орындамау себептерiн түсiндiре отырып, оның орындалуы туралы түсiндiрме жазбаны;
2) бухгалтерлiк теңгерімді;
3) кірістер мен залалдар туралы есеп;
4) дебиторлық және кредиторлық берешектiң таратылған жазбасын;
5) капиталдағы өзгерістер туралы есепті;
6) ағымдағы, күрделi жөндеулер мен басқа жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталған шығын сметаларын iске асыру туралы мәлiметтердi;
7) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу жөнiндегi конкурстық (тендерлiк) комиссиялардың шешiмдерінiң көшiрмелерiн;
8) тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) ұсынылған төмендету коэффициенттерi туралы қағаз жүзіндегі және электрондық ақпаратты;
9) уәкiлеттi органның құзыретi шегiнде нақты шығындарды растайтын басқа да материалдарды қоса бередi.
6. Тарифтік сметаны орындау туралы есепке қоса берілетін материалдар тігіледі, нөмірленеді және табиғи монополия субъектісінің мөрімен және басшысының не оны алмастыратын адамның немесе құзыретіне бухгалтерлік есеп және қаржы мәселелері кіретін табиғи монополия субъектісінің басшысы орынбасарының қолымен расталады. Қаржы құжаттарына табиғи монополия субъектісінің басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және табиғи монополия субъектісінің мөрімен расталады.
7. Уәкiлеттi органның ведомствосы тұтынушылардың арыздары, шағымдары, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, мемлекеттiк органдардың өтiнiштерi бойынша және өз бастамасымен табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнама бұзушылығын бекiтiлген тарифтiк сметаны орындамау, сол сияқты тарифтiк сметаны орындау туралы жобаны және (немесе) есептi ұсынбау бөлiгiнде анықтап, мына іс-қимылдардың бірін қабылдауы мүмкіндігін қарайды:
1) қолданыстағы тарифтiк сметаға өзгерiс енгiзуге бастамашылық жасау;
2) табиғи монополия субъектісіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ден қою шараларын қолдану;
3) уақытша өтемдiк тарифті белгiлеу.
8. Табиғи монополия субъектісі тарифтік сметаны орындау туралы ақпаратты:
өзінің интернет-ресурсында - уәкілетті органның ведомствосына тарифтік сметаны орындау туралы есепті жолдаған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күні ішінде орналастырады. Мұндай жағдайда табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына осындай ақпараты орналастырғаны туралы тиісті ақпаратты оны орналастырған күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) ішінде жолдайды не уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастырады. Мұндай жағдайда табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына тарифтік сметаны орындау туралы есеппен бірге уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында тарифтік сметаны орындау туралы есепті орналастыру қажеттігі туралы хабарламаны жолдайды.
Уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындау туралы есебін өзінің интернет-ресурсында уәкілетті органның ведомствосына тарифтік сметаны орындау туралы есеп түскен сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) ішінде орналастырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 566 бұйрығына 2-қосымша |
Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметаны орындау
барысы туралы тұтынушыларды хабардар ету қағидалары
1. Осы Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметаны орындау барысы туралы тұтынушыларды хабардар ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметаны орындау барысы туралы тұтынушыларды хабардар етуін табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсы не уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы орналастыру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады.
1) табиғи монополия субъектісі – табиғи монополия жағдайында тауарлар өндірумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) тарифтік смета – уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша бекітетін кірістер мен шығыстар баптары, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы көрсеткіштер және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8642 тіркелген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығымен бекітілген нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері;
3) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасың табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметаны орындау
барысы туралы тұтынушыларды табиғи монополия субъектісінің
интернет-ресурсы не уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы
хабардар ету тәртібі
4. Табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органның ведомствосына ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiн реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрінің бөлінісінде өткен күнтiзбелiк жылға бекiтiлген тарифтiк сметаны орындау туралы есепті Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8625 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларына (бұдан әрі – № 213-НҚ Қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Нормативтік құққықтық аткілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8642 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларды бекiту қағидаларына (бұдан әрі – № 215-НҚ Қағидалары) 2-қосымшаға сәйкес ұсынады және өзінің интернет-ресурсында бір мезгілде орналастырады не уәкілетті органның ведомствосына тарифтік сметаны орындау туралы есепті уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастыру қажеттілігі туралы өтініш жолдайды.
5. Табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды өзінің интернет-ресурсында осындай ақпаратты орналастыру арқылы тарифтік сметаны орындау туралы хабардар еткен жағдайда, табиғи монополия субъектісі уәкілетті орган ведомствосының мекенжайына оны орналастырған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде осындай ақпаратты орналастыру туралы тиісті хабарлама жолдайды.
6. Тұтынушыларды уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсы арқылы тарифтік сметаның орындау барысы туралы хабардар еткен жағдайда, тиісті өтінімді табиғи монополия субъектісі № 213-НҚ Қағидаларға 1-қосымшаға және 215-НҚ Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпаратты қоса бере отырып, уәкілетті орган ведомствосының мекенжайына жолдайды.
Уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектісі ұсынған тарифтік сметаны орындау туралы есепті уәкілетті органның ведомствосына тарифтік сметаны орындау туралы есеп түскен сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күннің ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 566 бұйрығына 3-қосымша |
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) "Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2154 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2003 жылғы № 14 жарияланған, 829-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10561 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 177 бұйрығымен бекітілген Өз қызметiн концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн қалыптастыру ережесінің 10-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 120) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулықта:
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейi - Субъектінің тиiмдi жұмыс iстеуi және тұтынушыларға өткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) сапасын жақсарту үшiн алуға құқығы бар тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) құрамына кiретiн және уәкiлеттi органның ведомствосы бекiтуi (келісуі) тиіс пайда (салық салынғаннан кейiнгi таза кіріс);
5) "тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейi – қажеттілігіне қарай жылдарға бөліп ұзақ мерзiмдi кезеңге бекiтiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметiне (тауарына, жұмысына) арналған тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең жоғары шамасы";
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қолданысқа енгізілген активтердің коэффициентін Субъекті уәкілетті орган ведомствосының келісімі бойынша айқындайды.";
10. Активтердің нақты құны конкурстық негізде таңдап алынған тәуелсіз бағалау ұйымдарының негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесінде алынған Субъектілердің негізгі құралдарының қалдық құнының негізінде айқындалады. Субъектінің негізгі құралдарына қайта бағалау уәкілетті орган ведомствосының келісімі бойынша жүргізіледі.";
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін пайда мөлшерлемесі 30%-ға дейінгі мөлшерде қабылданады.
Қаржыландыру көздерін инвестициялар көлемдерінен асырған кезде, пайда инвестицияларды қаржыландыру көздері ретінде амортизациялық аударымдар мен қарыз қаражаттарды ескере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға қажет деңгейге дейін төмендету жағына түзетіледі.
Егер сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөнінде көрсетілетін қызметтерге тарифтердің жоспарлы деңгейі 1 м3 үшін қосымша құн салығынсыз 200 теңгеден асатын болса, пайда мөлшерлемесі тарифті немесе оның шекті деңгейін бекітуге өтінімді беру күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейінде қабылданады.
14. Энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерi үшiн пайда мөлшерлемесі капиталдың орташа өлшенген құнының (бұдан әрi - КОӨҚ) әдiсi арқылы есептеледi және мынадай формула бойынша айқындалады:
ПМ (КОӨҚ) = ((1 - g) x re) + (g x rd), мұндағы:
g - қаржыландырудың жалпы құрылымындағы Субъектiнiң қарыз және меншiк капиталының арасалмағын сипаттайтын шама болып табылатын леверидж, яғни негiзгi құралдарға жүргiзiлген соңғы қайта бағалау ескерiліп, барлық капитал құрылымындағы (меншiкті және қарыз капиталының сомасы) нақты қарызға алынған қаражаттардың үлесi. Леверидждiң деңгейi нөлден кем емес шама болып табылады. Субъектiнiң меншікті капиталының теріс мәнi жағдайында леверидж деңгейi 1-ге тең шамада қабылданады;
rе - меншікті капиталға сыйақының мөлшерлемесі (%);
rd - қарыз қаражатына сыйақының мөлшерлемесі (%).
Қарыз қаражатына сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша айқындалады:
rd = rf + БС, мұндағы:
rf – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне сүйене отырып айқындалатын тәуекелсіз мөлшерлеме;
БС – Субъекті шығаратын және сол мерзімде айналымдағы мемлекеттік құнды қағаздарға қатысты айналымда болған борыштық міндеттемелерге, егер борыштық міндеттемелерді шығару орын алған жағдайда, сыйлықақы негізінде айқындалатын Субъекті бойынша тәуекел үшін борыштық сыйлықақы. Басқа жағдайда ол осыған ұқсас қызмет түрімен айналысатын және Қазақстан Республикасының аумағында осындай кредиттік рейтингі бар басқа Субъектілердің борыштық сыйақыларын ескере отырып айқындалады.
Меншiкті капиталға сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша айқындалады:
re = rf + ra, мұндағы:
ra - меншікті капиталға тәуекел үшiн сыйлықақы. Меншікті капиталға тәуекел үшiн сыйлықақы Қазақстан Республикасының қор нарығы бойынша тәуекел үшiн сыйлықақының негiзiнде тұтастай айқындалады және салалық бета-коэффициентке мынадай формула бойынша түзетiледi:
r а = b х (15,7% - r f), мұндағы:
b - энергетикалық сектордың салалық бета-коэффициентi.
Салалық бета-коэффициенті 1,3 деңгейiнде қабылданған "Халықтық IPO" бағдарламасы шеңберінде бағалы қағаздар нарығында акциялар шығаруды жүзеге асыратын Субъектілерді қоспағанда, энергетикалық сектор ұйымының қолданысқа енгізілген активтеріне пайда мөлшерлемесін есептеу үшін салалық бета-коэффициент 0,89 деңгейінде қабылданған.
Акционерлік капиталға арналған сыйақы құны қарыз қаражатына арналған сыйақы құнынан кем болмайтын шама болып табылады.";
2) "Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 80-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2237 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 254) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту ережесінде:
5, 5-1 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн (бұдан әрi - Ерекше тәртiп), Заңның 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген бухгалтерлiк есеп стандарттарын, салық заңнамасын қоса алғанда, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды есептеудің салалық әдістемелерін (бұдан әрі – салалық әдістемелер) басшылыққа алады.
5-1. Активтері жасалған мәміленің немесе банкрот болып танылған борышкер – табиғи монополия субъектісінің конкурстық салмағын өткізу нәтижесінде меншігіне түскен табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекітуге өтінім бергенге дейін тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) конкурстық өндіріс процесінде өндіріп алынған осы активтердің немесе мүліктің меншік иелері үшін уәкілетті органның ведомствосы бұрын бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) және тарифтік сметалар немесе олардың шекті деңгейлері бойынша, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге ұсынады.";
6. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген табиғи монополиялар субъектілері уәкілетті органның ведомствосының оларды табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізілгені туралы хабарламасын алған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органның ведомствосына тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекітуге өтінім ұсынады.";
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7-1. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін қоспағанда, көрсетілетін қызметтердің осы түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық тиімсіздігі себебінен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде, есептерінде реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға шығындарды пайдалануды көздемейтін телекоммуникацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне салалық әдістемелерді қолдана отырып, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің салалық әдістемелерін қолданып, реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу жағдайларында телекоммуникация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекітуге арналған өтінімге:
1) уәкілетті орган ведомствосының тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды есептеудің жаңа әдіснамасын қабылдауына немесе есептерде табиғи монополия субъектісі шығындарды пайдалануды көздемейтін қолданыстағы әдістемелерге өзгерістер енгізуіне байланысты тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазба;
2) реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың жобалары;
3) телефон желілерінің саны;
4) пайдаланушылардың санаттары бойынша абоненттердің саны;
5) абоненттер санаттары бойынша және қосылыстар бағыттары бойынша телекоммуникацияның негізгі көрсетілетін қызметтеріне қолданыстағы тарифтер;
6) желіаралық трафиктерді өткізу үшін қолданыстағы есептік мөлшерлемелер;
7) халықаралық байланыс операторларының қолданыстағы есептік мөлшерлемелері;
8) кіретін халықаралық трафикті өткізу үшін қолданыстағы есептік мөлшерлемелер;
9) ұялы телефон байланысы операторларының қолданыстағы есептік мөлшерлемелері;
10) желіаралық трафик түрлері бойынша заңды тұлғалар және байланыс операторлары үшін жергілікті, аймақішілік, қалааралық және халықаралық деңгейлерде қосқаны үшін қолданыстағы тарифтер;
11) абоненттер санаттары бойынша және қосылыстар бағыттары бойынша қолданыстағы жеңілдіктер;
12) телекоммуникацияның негізгі қызметтеріне арналған қолданыстағы шегерімдер;
13) телекоммуникацияның негізгі көрсетілетін қызметтеріне орташа өлшенген тарифтер;
14) реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың есебі;
15) реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың есебін растайтын және негіздейтін басқа да мәліметтер мен материалдар қоса беріледі.";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) ұсынуға тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) және тарифтік сметаның жобасын күнтізбелік отыз күннің ішінде қарайды.
Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) және тарифтік сметаның жобасын қарау мерзімі өтінімнің уәкілетті органның ведомствосына келіп түскен күнінен бастап саналады.
10. Уәкілетті органның ведомствосы қажет болған жағдайда тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) және тарифтік сметаның жобаларына тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық ұйымдарын тарта отырып, табиғи монополия субъектісі өтініммен бірге ұсынған негіздеуші құжаттар мен есептерді талдау, сондай-ақ осындай қызмет түрімен айналысатын табиғи монополиялар субъектілерінің қызмет көрсеткіштерін салыстырмалы талдау негізінде сараптама жүргізеді.";
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекіту туралы шешім уәкілетті орган ведомствосының бұйрығы түрінде ресімделеді және табиғи монополия субъектісіне бекітілген тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны енгізгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жіберіледі.
13. Бекiтілген тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды енгiзу уәкiлеттi органның ведомствосы белгілеген күннен бастап жүзеге асырылады.";
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Ереженің 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаны бекіткен күннен бастап тоғыз айдан кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына оларды қайта қарау үшін өтініш беруге міндетті.
17. Оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны асырған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы жаңа тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны енгізумен қатар тұтынушыларға келтірілген залалға өтемақы төлеу туралы шешім қабылдайды.";
3) "Телекоммуникациялар қызметтерінің және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша байланыс операторларының табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасы міндетін атқарушының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 312-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2649 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 7-бабы 7-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 18-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Телекоммуникацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлерін және телекоммуникация қызметтерін ұсынумен технологиялық байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектiлерi (бұдан әрі – Субъект):
1) байланыс операторлары табиғи монополиялар туралы заңнамаға және монополияға қарсы заңнамаға сәйкес реттелетiн телекоммуникацияның көрсетілетін қызметтерінің түрлерi бойынша кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердi бөлек есебін жүргiзу әдiстемесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ведомствосына:
2005 жылғы бiрiншi жартыжылдықтағы қызмет бағыттары бойынша бiрiншi есептiлiкті 2005 жылғы 15 тамызға;
2005 жылғы екінші жартыжылдықтағы реттеліп көрсетілетін қызметтердiң түрлерi бойынша бiрiншi есептiлiкті 2006 жылғы 15 ақпанға ұсыну мерзімімен әзірлесін және бекітсін;
1-1) уәкілетті органның талабы бойынша қаржылық есептілікті және өзге де қажетті ақпаратты қағаз немесе электрондық жеткізгіште электрондық құжатты уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы орналастыру жолымен Субъекті тиісті талапты алған күннен бастап уәкілетті орган белгілеген бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде ұсынсын;
1-2) акционерлік қоғамдар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілері үшін аудиторлық ұйымдар жыл сайынғы міндетті аудитті жүргізсін;
1-3) аудиторлық есепті және жылдық қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жылдық қаржылық есептілік бекітілген сәттен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында орналастырсын және табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жарияласын.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Байланыс операторлары реттеліп көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес әрбір реттеліп көрсетілетін қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 186 бұйрығымен бекітілетін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10469 тіркелген) (бұдан әрі – реттеліп көрсетілетін қызметтер) бағаларын (тарифтерін) мемлекет реттейтін қызмет түрі бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің жеке есебін жүзеге асырады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телекоммуникациялар қызметтерінің және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша байланыс операторларының табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесінде:
32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Байланыс операторлары уәкілетті органның талабы бойынша қаржылық есептілікті және өзге де қажетті ақпаратты қағаз немесе электрондық жеткізгіште, электрондық құжатты уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы орналастыру жолымен Субъекті тиісті талапты алған күннен бастап уәкілетті орган белгілеген бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде ұсынады.
33. Қағаз жеткізгіштегі есептілікке байланыс операторының басшысы және бас бухгалтері қол қояды және мөрмен расталады. Электрондық жеткізгіштегі есептілік қағаз жеткізгіштегі есептілікке сәйкес келуге тиіс.";
4) "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу және табиғи монополиялар субъектілерінің қорытындылар ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы № 77-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4166 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2006 жылғы 5 мамырдағы № 81 (1061) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 14-1) тармақшасына және 14-1-бабының 1-тармағының 4-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 121) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Өңірлік электр желісі компаниялары үшін техникалық сараптама жүргізу және өңірлік электр желісі компанияларының қорытындылар ұсыну қағидалары бекітілсін.";
Өңірлік электр желісі компаниялары үшін техникалық сараптама жүргізу және өңірлік электр желісі компанияларының қорытындылар ұсыну қағидалары осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5) Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.11.2016 № 484 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6) Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.02.2017 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7) "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28126), "Казахстанская правда" газетінде 2013 жылғы 23 қазандағы № 299 (27573) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 114) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
8) "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8625 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 20 қарашадағы № 257 (28196), "Казахстанская правда" газетінде 2013 жылғы 20 қарашадағы № 319 (27593) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 254) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) базалық тарифтiк смета – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 нөмірмен тіркелген) Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiнің талаптарына сәйкес қалыптастырылған Субъекті тарифтерінiң (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейi енгiзілген бірінші жылға тарифтiк смета;
2) болжанатын тарифтiк смета – Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып қалыптастырылған ұзақ мерзімді кезеңнiң кейінгі жылдарына арналған тарифтiк смета;
3) құзыреттi орган – мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
4) тарифтiк кіріс – уәкiлеттi органның ведомствосы бекiткен тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейi бойынша Субъекті реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден алатын кіріс;
5) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
6) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті;
7) тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің шекті деңгейін түзету – тарифтің бекітілген шекті деңгейін өсірусіз тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің шекті деңгейін түзету;
8) стратегиялық тауарлар табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын беру және тарату, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн – электр энергиясы, жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін және жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы нормативтік ысыраптар үшін – жылу энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін – газ, сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін – сатып алынатын су.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады."
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Тарифтік сметаның болжанатын көрсеткіштері Субъектінің ұзақ мерзімді кезеңге арналған тарифтік кірісін айқындауға негізделеді.
Тарифтік кіріс ұзақ мерзімді кезеңге кіретін әрбір жылға жеке есептеледі. Бүкіл кезеңге арналған тарифтік кірістің негізінде орташа өлшенген тариф (баға, алым мөлшерлемесі) есептеледі.
Тарифтік кіріс реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуге арналған шығындардың болжанатын көлемдерінің, кезең шығыстарының, сондай-ақ пайданың жол берілетін деңгейінің негізінде айқындалады.";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің қолданысы кезеңінде Субьекті "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның ведомствосына жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сай нысан бойынша ақпарат ұсынады және оны осы Қағидалардың 40-тармағында айқындалған тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастыру үшін жолдайды.
10. Тарифтердің шекті деңгейінің қолданысы кезеңінде уәкілетті органның ведомствосы, егер Субъекті тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің шығын бөлігін төмендетсе, тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін төмендетпейді. Шығындарды қысқартудан алынған (шығындарды оңтайландыру немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың неғұрлым тиімді технологияларын және әдістерін қолдану нәтижесінде пайда болған) қаражатты Субъекті аса тиiмдi әдiстер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету іс-шараларын өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқаруына байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын жаңа өндiрiстiк активтердi жасауға, кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға жұмсайды.";
11-тармақ алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Тарифтердің шекті деңгейлерін әр жылға бекітуге жол беріледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекітуге арналған өтінімге:
1) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазба;
2) бес жылдық және одан да көп мерзімге бекітілген инвестициялық бағдарлама (жоба) не инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге өтінімді бір мезгілде ұсынған жағдайда, бес жылдық және одан да көп мерзімге арналған инвестициялық бағдарламаның (жобаның) жобасы "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен ұсынылады;
3) салалық ерекшеліктер ескеріле отырып, прейскурантпен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің жобасы;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі бухгалтерлік теңгерім (бұдан әрі - бухгалтерлік теңгерім);
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі кірістер мен залалдар туралы есеп (бұдан әрі - кірістер мен залалдар туралы есеп);
6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішінде капиталдағы өзгерістер туралы есеп (бұдан әрі - капиталдағы өзгерістер туралы есеп);
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 28 қазандағы № 27 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9910 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі инвестициялық қызмет туралы есеп;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10125 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі еңбек бойынша есеп (1-е нысаны);
10) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10125 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі жекелеген лауазымдар мен кәсіптер бойынша қызметкерлер жалақысының мөлшерлері туралы есеп (2-Е кәсіп);
11) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10074 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп;
12) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10074 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі негізгі қорлардың жай-күйі туралы есеп;
13) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтік сметасының жобасы;
14) алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішіндегі дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуы;
15) алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішіндегі өзге және басқа да шығыстардың таратылып жазылуы;
16) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгі нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған персонал саны, шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттіліктерінің есептері және техникалық ысыраптардың есептері;
17) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер мен басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасы;
18) есепке алу саясаты (ол болған жағдайда);
19) алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде материалдық, қаржылық ресурстарды, жабдық пен қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері;
20) қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесінің есебі;
21) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырғанға дейін пайдаланылатын және ұзақ мерзімді кезеңге инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезінде пайдалануға енгізілетін негізгі құралдарға амортизациялық аударымдардың жылдарға бөлінген есебі;
22) қарыз ресурстарын қаржыландыру және өтеу шарттары (кредиттер үшін пайыздар, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлемдер, өтеу мерзімдері мен басқалар);
23) басшыларға, олардың орынбасарларына, бас (аға) бухгалтерлерге еңбекақы төлеу қорын және лауазымдық жалақыларын, сондай-ақ оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесін (мемлекеттік кәсіпорындар не мемлекет қатысуының басым үлесі бар кәсіпорындар үшін) белгілеу туралы мемлекеттік мүлікті немесе мемлекеттік кәсіпорынды басқару жөніндегі органның шешімі;
24) табиғи монополия субъектісінің жобалық қуаты туралы және оны нақты пайдалану туралы деректер;
25) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарланған көлемін растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, шарттар, табиғи монополия субъектісінің жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндетіне және мүмкіндіктеріне, тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) деңгейін қолдау немесе өсуі мақсатында көлемдерін төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып, тауарларды өндіру көлемдерінің есептері), маркетингтік зерттеулердің, тұтыну сұраныстарының материалдары қоса беріледі.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес өтiнiмге қоса берiлетiн есептер мен негiздеушi материалдар мынадай рәсімдер сақталып ұсынылады:
1) өтiнiм материалдары тігіледі, нөмірленеді және Субъекті мөрімен және басшысының не оны алмастыратын адамның немесе құзыретіне бухгалтерлік есеп және қаржы мәселелері кіретін басшы орынбасарының қолымен расталады. Бұл ретте, қаржы құжаттарына Субъектінің басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және Субъектінің мөрімен расталады.
2) негiздеушi материалдар ретiнде өтiнiм берудің адындағы төрт тоқсан ішіндегі және өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi шығындар туралы нақты деректер ұсынылады;
3) көлемдердің маусымдық ауытқу әсерін тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) болдырмау мақсатында жылға есептелген деректер негізге алынады;
4) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын есептеу кезінде базаға өткен күнтізбелік жыл ішіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдері бірінші жылға және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарланған көлемдері – Қазақстан Республикасының даму басымдықтарын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, кейінгі жоспарланатын жылдарға алынады;
5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерi төмендеген кезде төмендеудi негiздейтін және растайтын материалдар ұсынылады;
6) табиғи монополия субъектiсi жүзеге асыратын қызметтердiң әрбiр түрiне жеке дайындалады."
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаны төтенше реттеуші шара ретінде бекітуге арналған өтінімге:
1) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаны бекіту себептері көрсетілген түсіндірме жазба;
2) Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нысан бойынша тарифтік сметаның жобасы қоса беріледі. Бұл ретте, стратегиялық тауарлардың құнын арттыру жағдайында тарифтік сметаның стратегиялық тауарларды пайдалануды қамтитын шығын баптары ғана түзетіледі;
3) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар қоса беріледі.
Стратегиялық тауарлардың құнын арттырған жағдайда, төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар ретінде өтінімге конкурстық құжаттама, тауарларды сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері, шарттар, шот-фактуралар, шығын деңгейінің есептері, сондай-ақ тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгі нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған техникалық ысыраптардың есептері, құнының өзгеруі төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің шекті деңгейін бекітуге себеп болып табылатын стратегиялық тауар шығысының нормалары қоса беріледі.";
20-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) ұсынылатын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) белгіленген тәртіпке сәйкес келмеуі болып табылады.";
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің және тарифтік сметалардың жобасын бекіту тәртібі
21. Уәкілетті органның ведомствосы Субъектінің тарифтерінiң (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің және тарифтік сметаларының жобасын осы Қағидаларға сәйкес экономикалық негiзделген есептер берiлген жағдайда өтінім берілген сәттен бастап күнтізбелік жүз қырық бес күн iшiнде қарайды.
Уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің және тарифтік сметалардың жобаларын төтенше реттеуші шара ретінде шешім қабылдау үшін күнтізбелік жиырма күннің ішінде қарайды.
Егер тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің және тарифтік сметалардың жобаларын қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы оны Субъектіден бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімді белгілеп жазбаша түрде сұратуға құқылы.
22. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің және тарифтік сметалардың жобасына:
1) Субъекті өтінішпен бірге ұсынған негіздеуші құжаттар мен есептерді талдау, сондай-ақ қызметтің осындай түрімен айналысатын Субъектілер қызметінің көрсеткіштерін салыстырмалы талдау негізінде;
2) ол үшін тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бірлестіктерін, жобаны ұсынған Субъектіні тарта отырып, сараптама жүргізеді.
23. Уәкілетті органның ведомствосы Субъект ұсынған тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің жобасын жария тыңдаулар өткізу кезінде талқылауға шығарады.
24. Уәкілетті органның ведомствосы жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту туралы шешiмді оның қолданыс мерзiмiн көрсете отырып қабылдайды.
Тарифтердiң қолданыс мерзiмi Субъектiнiң инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны iске асыруға көзделген кезеңінен аспайтын мерзiмге белгiленедi.
Егер Субъекті тарифтің шекті деңгейінің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін уәкілетті органның ведомствосына Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген мерзімде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) тиісті шекті деңгейін бекітуге өтінім бермеген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды инвестициялық құрамдастарды (инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға тартылған қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу амортизациялық аударымдар қаражатының есебінен жүргізілетін жағдайларды қоспағанда) ескерместен қайта қарайды.
25. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту немесе реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекітуден бас тарту туралы уәкілетті орган ведомствосының шешімі уәкілетті орган ведомствосы басшысының бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті органның ведомствосы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Субъектіге жолдайды.
Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді бекіту туралы уәкілетті орган ведомствосының шешімі уәкілетті органның ведомствосы басшысының бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті органның ведомствосы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей Субъектiге жолдайды.
26. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін төтенше реттеуші шара ретінде енгізу уәкілетті органның ведомствосы айқындайтын күннен бастап жүзеге асырылады.
27. Субъекті тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейi енгiзілетіні туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жеткiзедi.
Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейі төтенше реттеуші шара ретінде бекітілген жағдайда, олардың өзгергені туралы ақпаратты табиғи монополия субъектісі тұтынушылардың назарына оларды қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жеткізеді.
Табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді енгізу туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей аталған ақпаратты табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру арқылы жеткізеді.
28. Субъекті уәкiлеттi органның ведомствосына тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейi енгiзілетіні туралы тұтынушыларға хабар берілгені жөніндегі факт туралы ақпаратты күнтізбелік бес күн iшiнде ұсынады.
29. Егер субъекті тұтынушыларды осы Қағидаларда көзделген мерзімде тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін енгізу туралы хабардар етпесе, онда көрсетілген тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейі уәкілетті орган ведомствосының шешімінде көрсетілген күнінен бастап енгізілмейді. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) бекітілген деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.".
30. Осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес бекітілген тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейін көтерместен оның шекті деңгейін түзету үшін табиғи монополия субъектісі табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына ағымдағы жылдың аяғына дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету туралы ұсыныспен өтініш жолдайды.
Тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету туралы ұсыныспен өтініш берген кезде табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға түзетулерді ескере отырып, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін көтермей оның және тарифтік сметаның жобасын және түзетулерді енгізуді негіздейтін материалдарды ұсынады.
Тарифтік сметаның және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің ұсынылған жобасы және материалдар Қағидалардың 17-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
31. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету бойынша құжаттарды ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
32. Егер тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету туралы ұсынысты қарау кезінде қосымша құжаттар (ақпарат) қажет болған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы құжаттарды ұсыну бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімді белгілеп, оны өтініш берушіден жазбаша түрде сұратуға құқылы. Мұндай жағдайда табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету туралы ұсынысын қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, ол туралы өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған күнінен бастап күнтізбелік үш күннің ішінде хабар беріледі.
Тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету туралы ұсынысты қарау мерзімін уәкілетті орган ведомствосының басшысы ұзартады.
33. Егер осындай түзету табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) деңгейінің көтерілуіне алып келетін жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзетуден бас тартады.
34. Инвестициялық бағдарламаны қысқартуға оған қарай түзетулер енгізілген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін оны төмендетуге қарай түзетеді.
35. Тарифтік сметада көзделген, шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттіліктері ескеріле отырып айқындалған шығындар баптарын түзету аталған шығыстарды асырған жағдайда не еңсерілмес күш мән-жайларын және төтенше жағдайларды қоспағанда, шығыс нормаларын бес пайыздан астам төмендеткен жағдайда жүзеге асырылады.
Табиғи монополия субъектiсi табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаны орындау туралы есепті "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-6) тармақшасының негізінде уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырады.
Табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды тарифтік сметаны орындау барысы туралы есепті кезеңнің жарты жылында бір рет тиісті ақпаратты "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-7) тармақшасының негізінде уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабардар етеді.
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларына 1-қосымшада:
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанда;
"Ұсыну мерзімі – өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей жыл сайын" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұсыну мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей";
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі Түсіндірмеде:
Жалпы нұсқаулардың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополия субъектісі "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес тарифтік сметаны орындау туралы есепті қол жеткізілген нақты көрсеткіштерді құжаттармен растап және олар келісілген нұсқадан ауытқыған жағдайда себептерін түсіндіре отырып, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырдан кешіктірмей жыл сайын ұсынуға міндетті.";
9) "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларды бекiту қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8642 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 14 (27635) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 256) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларды бекiту қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) құзыретті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) стратегиялық тауарлар табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын беру және тарату, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн – электр энергиясы, жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін және жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы нормативтік ысыраптар үшін – жылу энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін – газ, сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін – сатып алынатын су;
3) өтінім – табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін), оның ішінде сараланған және инвестициялық тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту туралы уәкілетті органның ведомствосына берген ресми өтініші (арызы);
4) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
5) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті.
Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес қолданылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекiту туралы өтiнiмді ұсыну және шешiм қабылдау кезінде уәкiлеттi органның ведомствосы және табиғи монополиялар субъектiлерi Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін (бұдан әрi - Ерекше тәртiп), табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп стандарттарын, салық заңнамасын белгілейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Табиғи монополия субъектісі тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қолданысқа енгізгенге дейін өтініммен бірге өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметалардың және тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын, сондай-ақ "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) (қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда) күнтізбелік тоқсан күннен кешiктiрмей ұсынады.
Уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) қайта қаралған жағдайда, табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап экономикалық негізделген есептерді және жаңа тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекіту үшін өтінім берген кездегі көлемде өзге ақпаратты бір ай мерзімде ұсынады.
Тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) төтенше реттеуші шаралар ретінде, оның ішінде стратегиялық тауарлардың құнын арттыру кезінде қайта қаралған жағдайда, табиғи монополия субъектісі өтініммен бірге өзі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметаның және тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын ұсынады, бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мұндай жағдайда қолданылмайды.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiтуге арналған өтiнiмге:
1) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту қажеттiгi туралы түсiндiрме жазба;
2) тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) жобасы;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі бухгалтерлік теңгерім (бұдан әрі - бухгалтерлік теңгерім);
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі кірістер мен залалдар туралы есеп (бұдан әрі - кірістер мен залалдар туралы есеп);
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп;
6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішінде капиталдағы өзгерістер туралы есеп (бұдан әрі - капиталдағы өзгерістер туралы есеп);
7) Ереженің осы тармағының 3)-6) тармақшаларында көзделген қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазба;
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10125 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі еңбек бойынша есеп (1-е нысаны);
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10125 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі жекелеген лауазымдар мен кәсіптер бойынша қызметкерлер жалақысының мөлшерлері туралы есеп (2-Е кәсіп);
10) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 50 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10074 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп (1-ПФ), шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін шағын кәсіпорнының қызметі туралы есеп (2-ШК);
11) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10074 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі негізгі қорлардың жай-күйі туралы есеп;
12) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобасын есептеу үшін жиынтық деректер;
13) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нақты шығындарды негiздейтiн материалдарды қоса бере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтiк сметасын орындау туралы есеп;
14) дебиторлық және кредиторлық берешектердi таратып жазу;
15) өзге және басқа шығыстарды таратып жазу;
16) бекiтiлген инвестициялық бағдарлама (жоба);
17) негiзгi құралдар құнының өсуiне алып келмейтiн, ағымдағы және күрделi жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасы;
18) есепке алу саясаты (ол болған жағдайда);
19) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгі нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған персонал саны, шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттіліктерінің есептері және техникалық ысыраптардың есептері;
20) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері;
21) негiзгi құралдарды соңғы қайта бағалау нәтижелерi туралы мәлiметтер;
22) негiзгi құралдарды пайдалану мерзiмдерi көрсетiлген амортизациялық аударымдардың есебi;
23) Ерекше тәртiпке сәйкес тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн нақты жұмсалған шығыстар туралы мәлiметтер;
24) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарланған көлемiн растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, шарттар, табиғи монополия субъектiсінің жалпыға бiрдей сапалы қызмет көрсету мiндетiне және мүмкіндіктеріне, тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) деңгейiн қолдану немесе көтеру мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып тауарлар өндірісі көлемінің есептері), тұтынушы сұранысын маркетингтiк зерттеулері материалдары);
25) табиғи монополия субъектiсiнiң жобалық қуаты туралы және оны нақты пайдалану туралы деректер;
26) Ерекше тәртiптiң талаптарына сәйкес осы Қағидалардың 3-33-қосымшаларында көрсетiлген нысан бойынша тарифтiк сметаның жобасы;
27) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түсетiн таза кірісті пайдалану туралы ақпарат;
28) амортизациялық аударымдарды пайдалану туралы ақпарат;
29) нормативтiк техникалық ысыраптарды уәкiлеттi органның ведомствосы белгiлеген шамаға және мерзiмде төмендету бойынша және экономикалық тиiмдiлiктiң деректерi мен есебiн қамтитын өтiнiмдi қарау кезеңiнде қолданылатын iс-шаралар жоспарлары (электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату, су шаруашылығы жүйесi, мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау, сондай-ақ шикi газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау салаларындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi ұсынады) қоса берiледi;
30) өңірлік электр желісі компаниялары үшін техникалық сараптама қорытындысы.";
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны төтенше реттеуші шаралар ретінде бекітуге арналған өтінімге:
1) табиғи монополия субъектісінің қызметін тұрақтандыру және азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекітудің себептері көрсетілген түсіндірме жазба;
2) Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес осы Қағидаларға 34-қосымшада көрсетілген нысан бойынша тарифтік сметаның жобасы қоса беріледі. Бұл ретте стратегиялық тауарлардың құнын арттырған жағдайда, тарифтік сметадағы стратегиялық тауарларды пайдалануды қамтитын шығын бабы ғана түзетіледі;
3) Табиғи монополия субъектісінің қызметін тұрақтандыру және азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар қоса беріледі.
Стратегиялық тауарлардың құнын арттырған жағдайда, төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар ретінде өтінімге конкурстық құжаттама, конкурстық (тендерлік) комиссиялардың тауарларды сатып алу жөніндегі шешімдері, шарттар, шот-фактуралар, шығындар деңгейінің есептері, сондай-ақ тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгі нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған техникалық ысыраптардың есептері, құнының өзгеруі төтенше реттеуші шара ретінде тарифті бекітуге өтінімді ұсынуға себеп болып табылатын стратегиялық тауар шығысының нормалары қоса беріледі.
11. Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге тұтынушылардың топтары бойынша сараланған тарифтерді бекітуге арналған өтінімге:
1) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар;
2) өтінім берер алдындағы төрт тоқсанда немесе өткен күнтізбелік жылда тұтынушылар топтарының бөлінісінде (оның ішінде халық, бюджеттік ұйымдар, жылу энергетика саласындағы кәсіпорындар, өзге заңды тұлғалар) текше метрде (м3) суды тұтыну көлемі бойынша ақпарат;
3) өтінім берер алдындағы төрт тоқсанда немесе өткен күнтізбелік жылда текше метрде (м3) суды тұтыну көлемі және азаматтарды тіркеу кітабында тіркелген адамдар саны бойынша, жеке есепке алу аспабы жоқ абонент үшін – әрбір абонент бойынша ақпарат;
4) өтінім берер алдындағы төрт тоқсанда немесе өткен күнтізбелік жылда текше метрде (м3) суды тұтыну көлемі және азаматтарды тіркеу кітабында тіркелген адамдар саны бойынша, жеке есепке алу аспабы бар абонент үшін – әрбір абонент бойынша ақпарат қоса беріледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Өтінімге қоса берілетін есептер мен негіздейтін материалдар мынадай талаптарға сәйкес жасалады:
1) өтiнiм материалдары тігіледі, нөмірленеді және табиғи монополия субъектісінің мөрімен және басшысының не оны алмастыратын адамның немесе құзыретіне бухгалтерлік есеп және қаржы мәселелері кіретін басшы орынбасарының қолымен расталады.
Қаржы құжаттарына субъектінің басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және табиғи монополия субъектісінің мөрімен расталады.
2) негіздейтін материалдар ретінде өтінім берер алдындағы төрт тоқсан ішіндегі және өткен күнтізбелік жыл ішіндегі шығындар туралы нақты деректер ұсынылады;
табиғи монополия субъектісі өтінім қарауға қабылдағаннан кейін уәкілетті орган ведомствосының талабы бойынша күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органның ведомствосына өтінім берер алдындағы 4 тоқсан ішіндегі шығындар туралы нақтыланған деректерді ұсынады;
3) көлемдердің маусымдық ауытқу әсерін тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне), оның ішінде сараланған тарифтерге болдырмау мақсатында бір жылға есептелген деректер негізге алынады;
4) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын есептеу кезінде базаға өтінім берер алдындағы төрт тоқсан ішіндегі немесе өткен күнтізбелік жыл ішіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдері алынады;
5) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері төмендеген кезде төмендеуді негіздейтін және растайтын материалдар ұсынылуға тиіс;
6) табиғи монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің әрбір түріне жеке дайындалады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Осы Қағидалардың 8-10-тармақтарына сәйкес бекітілген тарифтердің деңгейлерін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді бекіткен жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның ведомствосы өтінім алған күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде ұсынылған негіздейтін материалдардың толықтығын тексереді және субъектіні өтінімді қарауға қабылдағаны туралы немесе өтінімді қараудан бас тартқаны туралы бас тартудың себептерін келтіре отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.
Табиғи монополия субъектiсінің өтiнiмiн қараудан бас тарту себептерi:
1) өтiнiмді ұсыну мерзiмдерiн бұзу;
2) осы Қағидалардың 7, 8 және 11-тармақтарында көрсетiлген құжаттарды ұсынбау;
3) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес келмеуi;
4) табиғи монополия субъектiсiнiң инвестициялық тарифтi бекiтуге өтiнiм беру жағдайларын қоспағанда, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада белгiленген конкурс (тендер) өткізу туралы талаптарды, сондай-ақ өзге тәсiлдермен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердi сатып алу туралы талаптарды бұзуы;
5) шынайы емес ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсынуы болып табылады.
Табиғи монополия субъектісінің төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекітуге арналған өтінімін қарауға қабылдаудан бас тарту себептері осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау болып табылады.
Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекітуге арналған өтінімін қарауға қабылдаудан бас тарту себептері осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау және осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 4), 5) және 6) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.";
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өтінімді қарау және тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) мен тарифтік сметаларды бекіту тәртібі
18. Уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың жобаларын уәкілетті орган ведомствосының талаптарына сәйкес экономикалық негізделген есептерді ұсынған жағдайда күнтізбелік елу бес күн ішінде қарайды. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің), инвестициялық тарифтердің, оның ішінде сараланған тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және оларға тарифтік сметалардың жобаларын қарау мерзімі өтінім берілген сәттен бастап есептеледі.
Уәкілетті органның ведомствосы төтенше реттеуші шаралар ретінде шешім қабылдау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың жобаларын күнтізбелік он күн ішінде қарайды.
Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың жобаларын қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімді белгілеп, оны өтініш берушіден жазбаша түрде сұратуға құқылы.
19. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларына табиғи монополия субъектісі өтініммен бірге ұсынған негіздеуші құжаттар мен есептерді талдау негізінде сараптама жүргізеді.
Уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектісі ұсынатын тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың жобасын жария тыңдауларды өткізу кезінде талқылауға шығарады.
20. Уәкілетті органның ведомствосы жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша жаңа тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
21. Уәкілетті органның ведомствосы жаңа тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту туралы шешім қабылдау кезінде осы Қағидаларға 3-33, және 34-қосымшаларда көрсетілген нысан бойынша тарифтік сметаны бір мезгілде бекітеді.
22. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) жаңа тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін), инвестициялық тарифтерді бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы уәкілетті орган ведомствосының шешімі уәкілетті орган ведомствосының бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектісіне оларды қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірмей жолдайды.
Осы Қағидалардың 8-10-тармақтарына сәйкес бекітілген тарифтің деңгейін өзгертпей, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді бекіту туралы уәкілетті орган ведомствосының шешімі уәкілетті орган ведомствосы басшысының бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті органның ведомствосы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей Субъектiге жолдайды.
23. Жаңа тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды қолданысқа енгізу тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) бекітілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
24. Уәкілетті органның ведомствосы инвестициялық тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту туралы өзінің шешімінде оның қолдану мерзімін көрсетеді.
25. Тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды төтенше реттеуші шара ретінде қолданысқа енгізу уәкілетті органның ведомствосы анықтайтын күннен бастап жүзеге асырылады. Бұл ретте жаңа тарифті бекіту үшін он екі айлық уақыт кезеңі бұрын жалпы тәртіппен бекітілген тариф (баға, алым мөлшерлемесі) қолданысқа енгізілген күнінен бастап белгіленеді.
26. Табиғи монополия субъектісі тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өзгергені туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында осы ақпаратты орналастыру арқылы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жеткізеді.
Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) төтенше реттеуші шаралар ретінде өзгертілген жағдайда, табиғи монополия субъектісі олардың өзгергені туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жеткізеді.
Табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 8-10-тармақтарына сәйкес бекітілген тарифтердің деңгейлерін өзгертпей, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді енгізу туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, аталған ақпаратты табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру арқылы жеткізеді.
27. Табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына бес жұмыс күні ішінде тұтынушыларды хабардар ету фактісі туралы ақпарат ұсынады.
28. Егер табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды осы Қағидаларда көзделген мерзімде жаңа тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) енгізілетіні туралы хабардар етпесе, онда көрсетілген тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) уәкілетті орган ведомствосының шешімінде көрсетілген күнінен бастап енгізілмейді. Бекітілген тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) енгізу тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту айынан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
29. Уәкілетті орган тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) төтенше реттеуші шаралар ретінде бекіту туралы шешім қабылдаған кезде осы Қағидалардың 23, 24, 28-тармақтарының талаптары қолданылмайды.
30. Уәкілетті орган ведомствосының өтінімді қарауға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы шешіміне табиғи монополия субъектісі немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде шағым жасауы мүмкін.";
5-тарау алып тасталсын;
Табиғи монополия субъектісі "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-6) тармақшасының негізінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өзінің интернет-ресурсында немесе уәкілетті органның интернет-ресурсында табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті орналастырады.
Табиғи монополия субъектісі "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-7) тармақшасының негізінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тұтынушыларды өзінің интернет-ресурсында немесе уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында тарифтік сметаның орындалу барысы туралы тиісті ақпаратты орналастыру арқылы жарты жылда бір рет хабардар етеді.
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларына 1-қосымшада:
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанда:
"Ұсыну мерзімі – өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұсыну мерзімі – жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей";
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндіруде:
Жалпы нұсқаулардың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, қол жеткізілген нақты көрсеткіштерді құжаттамалық растаумен және келісілген нұсқадан ауытқу болған жағдайда, себептерін түсіндірумен тарифтік сметаның орындалуы туралы есеп ұсынуы қажет.";
36-қосымша алып тасталсын.
10) "Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір әдістемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 372-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9120 тіркелген, "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 ақпанда жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1) тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Табиғи монополия субъектісінің электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесі бекітілсін.";
Осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
Өңірлік электр желісі компаниялары үшін техникалық сараптама
жүргізу және өңірлік электр желісі компанияларының
қорытындылар ұсыну қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өңірлік электр желісі компаниялары үшін техникалық сараптама жүргізу және өңірлік электр желісі компанияларының қорытындылар ұсыну қағидалары (бұдан әрі Қағидалар) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Өңірлік электр желісі компаниялары үшін техникалық сараптама (бұдан әрі – сараптама) жүргізу тәртібін, сондай-ақ өңірлік электр желісі компанияларының қорытындылар ұсыну тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
құзыреттi орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
сарапшы - қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу қызметтерін көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
техникалық сараптама - қолданысқа енгiзiлген активтердiң техникалық жай-күйiн (техникалық сипаттамаларын) және активтердi жұмыс iстеуiн қалпында ұстауды қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргiзу қажеттiгiн, өндiрiс технологиясының, материалдық, еңбек шығындарының белгiленген нормаларға сәйкестiгiн қоса алғанда, технологиялық процестiң тиiмдiлiгiн талдау, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттiгiн, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша негiзгi құралдарды iске қосудың деңгейiн және олардың дұрыс бөлiнуiн талдау;
уәкiлеттi органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органның ведомствосы;
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Техникалық сараптама жүргізу және өңірлік электр
желісі компанияларының қорытындылар ұсыну тәртібі
4. Өңірлік электр желісі компанияларының қызметіне сараптаманы уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) өңірлік электр желісі компаниясы ол үшін тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, үш жылда бір рет мерзімділікпен жүргізеді.
5. Сараптама жүргiзу барысында сарапшы өңірлік электр желісі компаниясы ұсынған ақпаратты осы Қағидаларға сәйкес зерделейдi және талдайды.
6. Сарапшы қажет болған жағдайда жүргiзiлiп отырған сараптаманың шеңберiнде өңірлік электр желісі компаниясынан және (немесе) уәкiлеттi органың ведомствосынан қосымша ақпарат сұрайды.
7. Жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша сарапшы Шартта көзделген мерзімдерде уәкілетті органның ведомствосына сараптама объектілері бойынша объективті, дәлелді, ғылыми-негізді қорытындыны қамтитын аралық және түпкілікті есептер ұсынады.
8. Уәкілетті органның ведомствосы сарапшы ұсынған есептерді күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарайды.
Егер есептерді қарау үшін қосымша материалдар мен ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы оны сарапшыдан немесе өңірлік электр желісі компаниясынан сұрайды және есепті қарау мерзімін ұзарту туралы сарапшыны хабардар етіп, күнтізбелік 30 (отыз) күнге ұзартады.
9. Есеп осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес келмеген жағдайда уәкiлеттi органның ведомствосы сарапшыға оны сәйкес келтiру қажеттiлiгi туралы хатты нақты мерзiмдерін көрсете отырып жолдайды.
10. Сарапшы ұсынылған ақпарат бойынша есептi Қағидалардың 13ө-тармағына сәйкес пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ведомствосына ұсынады.
11. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетудің салалық ерекшеліктеріне сәйкес мәселелерді қарау шеңберінде сараптама жүргізу үшін уәкілетті органның ведомствосы тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерін тарта алады.
12. Тарифті, оның шекті деңгейін және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін өңірлік электр желісі компаниясы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізілген сараптаманың қорытындысын ұсынады.
13. Өңірлік электр желісі компаниясының сараптамасы мыналарды:
1) негізгі құралдардың техникалық жай-күйiн талдауын және техникалық сипаттамаларын бағалауды, оның ішінде:
жабдықтың сараптама жүргізу күніне тозу дәрежесін;
негізгі құралдарды (болған және мүмкін болатын) осы салада өңірлік электр желісі компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдаған сыныптау топтары бойынша пайдалану мерзімдерін;
жабдықтың жобалық және технологиялық қуатының, регламенттелген қуат резервінің болуын;
реттеліп көрсетілетін қызметтерді есепке алу аспаптарының (оның ішінде коммерциялық) болуын, субъектінің қызметін сипаттайтын және тарифті есептеген кезде қолданылатын шығындар деңгейін айқындауға қажетті басқа да техникалық көрсеткіштердің бағалауын қамтиды.
Техникалық жай-күйді талдау негізінде регламенттелген пайдалану жұмыстарын (техникалық қызмет көрсету), ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер (негізгі құралдардың құнын арттыратын және арттырмайтын) жүргізудің, негізгі құралдарды реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша ауыстырудың, реконструкциялаудың және жаңғыртудың қажеттілігі туралы қорытынды беріледі. Бұл ретте:
өңірлік электр желісі компаниясы белгілеген жөндеудің барлық түрі мерзімділігінің жабдықтың белгілі бір түрін жөндеуге арналған нұсқаулықтардың, қағидалар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігіне;
олардың іс жүзіндегі жағдайы мен құзыретті орган бекіткен нұсқаулықтар мен нормативтік техникалық құжаттардың талаптарын ескере отырып, өңірлік электр желісі компаниясы жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың жарамды жай-күйі мен жұмыс қабілеттілігін қолдау мақсатында айқындаған реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша негізгі құралдарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеулер жүргізу көлемдері негізділігіне;
өңірлік электр желісі компаниясының негізгі құралына, ғимараттары мен құрылыстарына, өңірлік электр желісі компаниясы бекіткен қосымша жабдықтарына жүргізілетін жөндеудің барлық түрлеріне арналған перспективалық және жылдық (айлық) кестелердің болуына қорытынды берілуге тиіс.
Техникалық сараптамаға жатқызылған кезең үшін және оны жүргізу сәтіне негізгі құралдардың қолданысқа енгізілу деңгейі бағаланады, сондай-ақ тиісті көрсеткіштердің деңгейі жабдықтың жиынтық белгіленген қуаты, қуаттың коэффициенті, физикалық тозу коэффициенті, саланың ерекшелігін ескере отырып, жүктелім және (немесе) басқа да көрсеткіштер кестесін толтыру коэффициенті, пайданың ұйғарынды деңгейін есептеген кезде пайдаланылатын өңірлік электр желісі компаниясы активтерінің қолданысқа енгізілу коэффициенті бағаланады.
Реттеліп көрсетілетін және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілмейтін қызметтер түрлері бойынша іске қосылған активтерді бөлудің Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген талаптарға сәйкес келуіне баға беріледі. Егер сарапшының осы мәселе бойынша қорытындысында өңірлік электр желісі компаниясы қызметінің реттеліп көрсетілетін түрлері мен тұтастай алғанда реттеліп көрсетілмейтін түрлері бойынша іске қосылған активтерді бөлу схемасымен алшақтық болған жағдайда, сарапшы ұсынылып отырған негізгі құралдарды бөлуді негіздейді.
Сарапшы жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша негізгі құралдарды пайдалануды, негізгі құралдарды пайдалануға байланысты пайдалану және басқа да шығыстарды оңтайландыру жөнінде ұсыныс жасайды;
2) шикізат пен материалдар шығысын, оның ішінде құзыретті орган бекіткен шикізат (отын, энергия және басқа) және материалдар шығысының нормаларын бағалайды. Шикізат пен материалдар шығысының нақты көлемдері нормативтерден асып кеткені анықталған жағдайда, асып кету мөлшері мен оның туындау себептері ашылуға тиіс. Сарапшы бағалаудың нәтижелері бойынша шикізат пен материалдар шығысын оңтайландыру жөнінде ұсыныс жасайды. Бұдан басқа, сарапшы тауар-материалдық құндылықтардың (ТМҚ) авариялық (азайтылмайтын) қорына тексеру жүргізеді. Бұл ретте сарапшы өңірлік электр желісі компаниясының іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көлемдерде ТМҚ-ны "жиып қою" қажеттілігін және қоймадағы ТМҚ-ның нақты көлемдерінің қажетті көлемдерге сәйкестігін бағалайды;
3) еңбек шығынын және өңірлік электр желісі компаниясының персонал санын бағалауды, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау жөніндегі нормативтік талаптардың сақталуын айқындауды ұсынады.
Сарапшы еңбек жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен персоналдың нормативтік санына, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген еңбек жөніндегі нормативтеріне сәйкес келуін бағалайды, сондай-ақ іс жүзіндегі және нормативтік санға салыстыру жүргізеді.
Іс жүзіндегі санның нормативті саннан асып кеткені анықталған жағдайда, асып кетудің мөлшері мен оның туындау себептерін ашу қажет. Сарапшы өңірлік электр желілік компаниясының персонал санын өңірлік электр желісі компаниясының қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру кезінде ескерілетін және ескерілмейтін персонал санына, оның ішінде реттеліп көрсетілмейтін қызмет түрлерін көрсетумен айналысатын персонал санына бөлудің негізділігі бойынша қорытынды ұсынады.
Еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау жөніндегі нормативтік талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуын талдау:
өндірістік процестің еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік техникалық құжаттамасында белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігін;
қызметкерлердің еңбек процесінде өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен өлшемшарттарды қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштерді бағалауды;
4) нормативтік және коммерциялық ысыраптардың, оның ішінде құзыретті орган бекіткен нормативтік ысыраптар деңгейін бағалауды, коммерциялық ысыраптардың әрбір түрі бойынша деңгейі мен пайда болу себептерінің анықтамасын қамтиды.
Егер өңірлік электр желісі компаниясы электр энергетикасы саласында қызметтер көрсеткен жағдайда, сарапшы кернеудің әртүрлі кластарындағы электр желілері жұмысының схемалары мен режимдерінің ерекшеліктеріне сәйкес тұтастай алғанда өңірлік электр желісі компаниясының желілері не оның элементтері бойынша құзыретті орган бекіткен нормативтік ысыраптарға, оның ішінде кернеудің жоғары (220, 110, 35 кВ) және төмен (10,6-0,4 кВ) топтары бойынша, кернеудің жоғарыда көрсетілген топтары бойынша олардың көлемін көрсете отырып, нормативтік ысыраптарға баға береді; қоректік судың (будың және конденсаттың) іс жүзіндегі шығысына және оның құзыретті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекіткен бу мен конденсат ысыраптарының нормаларына сәйкес келуіне талдау жүргізеді.
Сарапшы жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша нормативтік және коммерциялық ысыраптардың деңгейін төмендету жөнінде ұсыныс жасайды;
5) инвестициялық қызметті бағалауды ұсынады.
Сарапшы заңнамада белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) іске асырылуына:
әрбір уақыт аралығында (жарты жылдықта) өңірлік электр желісі компаниясы көрсеткен қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) іс жүзіндегі қол жеткізілген көлемдерін инвестициялық бағдарламада (жобада) белгіленген көрсеткіштермен салыстырмасының;
инвестициялардың салымдарын инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген мақсаттарға бағыттау сәйкестігінің бөлігінде талдау жүргізеді.
Сарапшы инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырған кезде:
өңірлік электр желісі компаниясының қолданысқа енгізілген негізгі құралдарының таратылуының қолда бар деңгейінің өсуі не сақталуын;
нормативтік және (немесе) нормативтен тыс ысыраптардың (өзгерістің серпінін көрсету) төмендеуін;
ұсынылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемінің және сапасының артуы қалай жүзеге асырылатынын тексереді.
Сарапшы түзету қажеттілігінің объективтік себептері пайда болған кезде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету негізділігіне баға береді.
Сарапшы есепке алу аспаптарын сатып алу мен орнату (құралдардың саны, үлгісі мен сипаттамасы) қажеттілігін, есепке алу аспаптарын орнатуға бағытталған инвестициялардың көлемін бағалайды.
Сарапшы энергияны үнемдеуді ынталандыратын өңірлік электр желісі компаниясы жүргізіп отырған іс-шараларды талдайды және оларға қорытынды береді және энергия үнемдеу, оның ішінде өндіру мен энергияны тұтыну режимдерін оңтайландыру, оның есебі мен бақылауын ұйымдастыру, отын-энергетикалық ресурстарды тасымалдау мен тұтыну кезінде олардың ысыраптарын қысқарту, босатылатын және тұтынылатын энергетикалық ресурстарды есептеу бөлігінде нақтылықты, шынайылық пен өлшем бірлігін қамтамасыз ету аясындағы саясатты іске асыру мақсатында инвестициялар салу қажеттілігін бағалайды.
Сарапшы өңірлік электр желісі компаниясының даму жоспарларының болуын тексереді. Өңірлік электр желісі компаниясы электр энергиясын беру және (немесе) бөлу жөніндегі қызметтер көрсетсе, сарапшы қолда бар желінің нақты схемасымен ұлттық немесе өңірлік электр желісінің жылдық жоспарларының болуын тексереді. Бұл ретте электр желісінің жылдық даму жоспарында мынадай негізгі мәселелер:
қолда бар электр желісін оның топологиясы, жүктелімі, кернеуді реттеу, шектеулер тұрғысынан талдау;
электр желісіндегі электр энергиясы ысыраптарының төмендеуіне бағытталған іс-шаралар;
электр желісі жұмысының тұрақтылығы мен сенімділігін, сондай-ақ электр желісі жұмысының ең жоғары үнемділігін қамтамасыз ету үшін қажетті капитал салымдарының бағасы көрініс табуға тиіс;
6) тиісті мемлекеттік органдардың нұсқамаларын орындау, оның ішінде орындалған нұсқамалардың шығындары сметаларының болуы туралы ақпаратты;
7) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тарифте (баға, алым мөлшерлемесінде) және (немесе) тарифтік сметада көзделген есепке алу аспаптарын тексеру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың талдауын;
8) көрсетілетін қызметтер көлемдерінің, оның ішінде олардың сапасына бағалауды ұсынады.
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін айқындаған кезде пайдаланылатын өңірлік электр желісі компаниясы деректерінің ашықтығы, тексерілуі мен шынайылығы деңгейінің негізділігін бағалай отырып, көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдеріне (серпін, негізгі тұтынушылар) талдау жүргізілуге, реттеліп көрсетілетін қызметтердің нақты және болжамды көлемдерін төмендету бойынша, оның ішінде ысыраптар көлемдерінің ұлғаю есебінен мүмкін болатын тәуекелдер көрсетілуге тиіс.
Сарапшы көрсетіліп отырған реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемдерін айқындау өлшемшарттары бойынша ұсынымдар береді.
Сондай-ақ өңірлік электр желісі компаниясы көрсететін қызметтердің көлемдері заңды тұлғалармен жасалған шарттарда көзделген көлемдердің, электр беру желілеріндегі авариялар санының, жылу энергиясын энергия өндіруші ұйымдардан жылу желілеріне жіберу көлемдерінің сәйкестігіне талдануға тиіс.
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды,
алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды
қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Ерекше тәртіп мынадай ережелерді қамтиды:
1) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн шығындарды реттеу;
2) табиғи монополия субъектiсi шығыстарының баптарын шектеу;
3) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiн қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстар тiзбесiн белгiлеу;
4) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн пайданы шектеу;
5) негiзгi құралдардың тозуын есептеудiң қолданылатын әдiстерiн келiсу;
6) табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар қаражаттарын пайдалану бағыттарын келісу.
3. Ерекше тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) құзыреттi орган - мемлекеттік биліктің тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган, ал сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - жергiлiктi атқарушы органдар;
2) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы және уәкілетті орган мемлекеттік реттеуге жатқызған, белгілі бір тауарды тұтынушыға қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрінде беру жағдайын қоса алғанда, табиғи монополия субъектісі ұсынатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
3) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігі - тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметаларды бекiту кезінде ескерілетін, өндірістік шығыстар мен кезең шығыстарынан тұратын табиғи монополия субъектісінің қызметтер (жұмыстар) көрсетумен байланысты шығындарының жиынтығы;
4) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізілетін шығын түрлерін шектеу - тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметаларды бекiту кезінде ескерілмейтін шығыстар тізбесін белгілеу;
5) шығындар деңгейін шектеу - шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттілігін есептеу негізінде тарифте (бағада, алым мөлшерлемесінде) ескерілетін шығындар деңгейінің, сондай-ақ тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер және лимиттер негізінде есептелген нормативтiк техникалық ысыраптар деңгейінің шегін белгілеу;
6) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) немесе оның шекті деңгейіне енгізілетін пайданы шектеу - инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті қаражатты ескере отырып, белгіленген тәртіппен айқындалған пайда шамасының шегін белгілеу;
7) уәкілетті органның ведомствосы - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.
4. Ерекше тәртіп реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын табиғи монополия субъектілеріне қолданылады.
5. Тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алу негізінде жүзеге асырылады.
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру кезінде осы Ерекше тәртiптiң талаптары ескеріле отырып, шығындар енгiзiледi. Шығындардың баптарын қалыптастыру Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) немесе оның
шектi деңгейiне енгiзiлетiн шығындарды реттеу тәртібі
6. Табиғи монополия субъектісінің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) және оның шекті деңгейіне енгізілетін шығындарды реттеу тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізілетін шығыс түрлерін шектеу жолымен жүзеге асырылады.
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) болжанатын тарифтік сметаны қалыптастырған кезде ескерілетін шығындар Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасына, Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасына сәйкес келуі тиіс және негіздеуші құжаттарды бере отырып, табиғи монополия субъектісі оны растауы тиіс.
7. Тарифтік шығын бөлігінің өндірістік шығыстарына:
1) материалдық шығыстар;
2) өндiрiстiк персоналға еңбекақы төлеу шығыстары;
3) амортизация;
4) негізгі қор құнының ұлғаюына әкеп соқпайтын жөндеу жұмыстарына шығыстар;
5) реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) тікелей жататын өзге де өндірістік шығыстар жатады.
8. Тарифтің шығын бөлігінің кезең шығыстарына:
1) әкімшілiк персоналға еңбекақы төлеу шығыстары;
2) міндетті сақтандыру түрлеріне, салықтарға, алымдар мен төлемдерге арналған шығыстар;
3) өзге де әкімшілік шығыстар;
4) сыйақылар төлеуге арналған шығыстар кіреді.
9. Тарифтің шығын бөлігінің өндірістік шығыстары тарифтің шығын бөлігіне мынадай тәсілмен кіреді:
1) тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлiгiне енгiзiлетiн материалдық шығыстары тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған өнiмнiң (көрсетілетін қызметтердiң, тауарлардың, жұмыстардың) бiрлiгiн шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, энергия (бұдан әрi – материалдық ресурстар) қажеттіліктерінің есептеріне сүйене отырып және Заңның 18-4-бабында белгіленген тәртіппен тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекітуге өтінім беру күніне жүргізілген тендерлік (конкурстық) сатып алудың іс жүзіндегі нәтижелері бойынша анықталған материалдық ресурстардың бағаларына сүйене отырып және іс жүзіндегі көрсеткіштерге, бірақ тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгі нормалар мен нормативтерден асырмай айқындалады.
Тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған техникалық ысыраптардың есептеріне сәйкес нормативтік техникалық ысыраптар деңгейімен байланысты шығыстар.
2) өндiрiстiк персоналға еңбекақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектiсi персоналының нормативтiк санынан аспайтын нақты санға және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алымдар мөлшерлемелерінде) қабылданған орташа айлық жалақыға сүйене отырып анықталады.
Бұл ретте, персонал санының, шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттілігінің есептері және техникалық ысыраптардың есептері тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде жүргізіледі.
Электр және жылу энергиясының құрамдастырылған өндірісі бар энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру, жылу энергиясын өндіру, беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өндiрiстiк персоналға еңбекақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтiк санынан аспайтын нақты саннан және өтінім беру алдында бір жыл бұрын статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызметінің түрлері бойынша қалыптасқан өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан анықталады.
Электр және жылу энергиясының құрамдастырылған өндірісі бар энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері ескеріле отырып қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алымдар мөлшерлемелерінде) қабылданған орташа айлық жалақыға сүйене отырып анықталған сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру, жылу энергиясын өндіру, беру саласындағы табиғи монополия субъектілерінің өндірістік персоналының жалақысын өтінім беру алдында бір жыл бұрын статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызметінің түрлері бойынша қалыптасқан өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан асырған кезде Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып, қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алымдар мөлшерлемелерінде) қабылданған орташа айлық жалақыға сүйене отырып анықталатын өндірістік персоналдың жалақысы ескеріледі.
3) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары;
4) табиғи монополия субъектiсiнiң негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеу және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына арналған қаражаты мұндай жұмыстың қажеттілігі туралы растаушы құжаттардың негізінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізіледі;
5) реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) тікелей жататын басқа өндірістік шығындар салалық ерекшелікті ескере отырып, растаушы құжаттардың негізінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізіледі.
10. Кезең шығыстары тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне былайша кіреді:
1) әкімшілік персоналға еңбекақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтiк санынан аспайтын нақты саннан және өтінім беру алдында бір жыл бұрын статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызметінің түрлері бойынша қалыптасқан өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып, анықталады.
Персонал санын қысқарту нәтижесінде әкімшілік персоналға еңбекақы төлеу шығыстарын нақты үнемдеген жағдайда, әкімшілік персоналға еңбекақы төлеу шығыстары тарифте бұрын бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшерде ескеріледі, ал үнемдеу сомасын табиғи монополия субъектісі әкімшілік персонал жалақысының деңгейін арттыруға бағыттауы мүмкін.
Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, табиғи монополия субъектілері басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлерінің және әкімшілік персоналдың басқа да қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары бойынша шығындарға енгізілетін субъектілердің әкімшілік персоналының еңбегіне ақы төлеу шығыстары штат кестесіне сәйкес табиғи монополия субъектісі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысының он бес еседен аспайтын ең жоғарғы және ең төменгі деңгейінің арасындағы ара қатынасы негізінде шектеледі.
Электр және жылу энергиясының құрамдастырылған өндірісі бар энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру, жылу энергиясын өндіру, беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін әкімшілік персоналға еңбекақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтiк санынан аспайтын нақты саннан және өтінім беру алдында бір жыл бұрын статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызметінің түрлері бойынша қалыптасқан өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан анықталады.
2) кезең шығындарында ескерілетін міндетті сақтандыру түрлеріне, салықтарға, алымдар мен төлемдерге арналған шығыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген мөлшерлемелерге сәйкес айқындалады:
3) негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің өндірістік емес сипаттағы амортизациялық аударымдары;
4) өзге де әкімшілік шығыстар салалық ерекшеліктерді ескере отырып, растаушы материалдардың негізінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізіледі.
Өзге де әкімшілік шығыстарға консалтингтік, маркетингтік қызметтердің және мердігерлік тәсілмен жүргізілетін жөндеу жұмыстарының, аудиторлық қызметтердің (акционерлік қоғам нысанындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін ғана) және бөгде ұйымдар жүзеге асыратын салалық ерекшеліктерге байланысты басқа қызметтердің, сондай-ақ іссапар шығыстары және әкімшілік персоналдың байланыс, мерзімдік баспасөзге, қызметтік автокөлікті ұстауға, ақпараттық, консультациялық қызметтерге арналған шығыстар кіреді.
Табиғатты қорғау шығыстары, табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы өзге де шығыстарға кіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерлемелер мен алымдар мөлшері ескеріле отырып анықталады.
Өндірістік қажеттілікке байланысты әкімшілік персоналдың біліктілігін арттыруға арналған шығыстар мұндай қажеттілікті растайтын құжаттарды ұсынған кезде кезең шығыстарында ескеріледі.
Өндірістегі өнертапқыштыққа және өнертабыстыққа байланысты шығыстар реттеліп көрсетілетін қызметтердің шеңберінде экономикалық негізделген материалдар болған кезде кезең шығыстарына қосылады.
5) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық жобасын іске асыру үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар табиғи монополия субъектісі қарыз қаражатын тарту туралы жасалған шарттарды ұсынған кезде кезең шығыстарына қосылады және былайша айқындалады:
инвестициялық жобаны іске асыру үшін ұлттық валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселік ресми мөлшерлемесі қолданыла отырып есептелген сома шегінде ескеріледі.
инвестициялық жобаны іске асыру үшін шетелдік валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеуге шығыстар тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу кезінде Лондон банкаралық нарығының 4 еселік мөлшерлемесі қолданыла отырып есептелген сома шегінде ескеріледі.
Шетелдік валютада алынған қарыз қаражаттары үшін сыйақы Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерінің және Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштерінің негізінде шетелдік валютаға теңге бағамының болжамды өзгеруі ескеріле отырып, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігінің кезең шығыстарында ескеріледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мен Лондон банкаралық нарығының мөлшерлемесі табиғи монополия субъектісінің тарифiн (бағасын, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметасын бекiту жөнінде шешім қабылданған күніне қолданылады.
11. Уәкiлеттi органның ведомствосы осындай немесе ұқсас қызмет түрiмен айналысатын табиғи монополия субъектiлерiнiң жалақыларына жұмсалатын шығындарды салыстырып талдау негiзiнде, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi көрсететiн реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемi қысқарған жағдайда тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) енгiзiлетiн әкiмшiлiк және (немесе) өндiрiстiк персоналдардың еңбегiне ақы төлеу шығыстарын төмендету немесе жоғарылатудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары тікжелілік (біркелкі) есептеу әдісі бойынша есептеледі және тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізіледі.
Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметаларды бекiткен жағдайда, жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк мақсаттағы шығыстарды уәкiлеттi орган осы Ерекше тәртіптің 5-тармағында көзделген жағдайларда тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) өзгерту алдындағы кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алымдар мөлшерлемелерінде) қабылданған шығыстар шегiнде тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) енгiзеді.
Уәкiлеттi органның ведомствосы тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде табиғи монополия субъектiсінiң қызметiнің тиiмдiлiгi төмендеуі (көрсетiлген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) өзiндiк құнының артуы), көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiнің азаюы, кредиторлық және дебиторлық берешектердiң ұлғаюы жағдайында кезең шығыстарының сомаларын өзгерту мақсаттылығын айқындайды.
3. Тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемелері) немесе оның
шектi деңгейiн қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн
шығыстар тiзбесiн белгiлеу
12. Табиғи монополия субъектілерінің тарифтерiн (бағаларын, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларын қалыптастыру және бекiту кезінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігінде мынадай шығыстар ескерілмейді:
нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауарлық-материалдық құндылықтардың және қоймалардағы қорлардың бүлінуі мен жетіспеушілігіне басқа өндірістік емес шығыстар мен ысыраптар;
реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету, ұсыну кезінде пайдаланылмайтын немесе табиғи монополия субъектісінің теңгерімінде болып табылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;
жалға, сенімгерлікпен басқаруға немесе мүліктік жалға, лизинг бойынша алынған негізгі құралдарды (жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдардан басқа) пайдалану үшін жалдау төлемақы шығыстары;
табиғи монополия субъектісінің теңгерімінде болып табылмайтын негізгі құралдарды ұстауға және жөндеуге;
ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшін төлемдер;
сот шығындары;
үмітсіз борыштар;
шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсім, тұрақсыздық айыбы және санкциялардың басқа да түрлері;
табысты жасырғаны (кеміткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
ұрлықтан келген залалдар;
қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтарды (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу және басқалар) ұстау жөніндегі шығыстар;
құзыретті органмен келісілген технологиялық қажеттіліктен басқа денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындары, кәсіптік-техникалық училищелер объектілерін ұстауға;
сауықтыру лагерлерін, мәдени және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстауға;
мәдени-ағарту, сауықтыру және спорт іс-шараларын (демалыс кештерін, спектакльдер мен концерттер өткізу) өткізуге;
ұйым қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бау-бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған несиелерін, (пайызсызды қоса алғанда) өтеуге арналған;
мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуге арналған;
бау-бақша серіктестіктерін абаттандыруға (жолдар салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру) арналған;
дәрістер, көрмелер, пікірсайыстар, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар өткізуге және ұйымдастыруға, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардағы мүшелік жарналарға шығыстар;
өндірістік мақсаттарға пайдаланылатын өнімдерді қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалар бойынша, жарнамалық, плакаттық және баспаханалық өнімдер шығару бойынша шығыстар;
табиғи монополия субъектісінің персоналы үшін пәтерлерді, тұрғын үй ғимараттары мен құрылыстарды, жатақханадан және қонақ үйлерден орындар сатып алуға, жалдауға және ұстауға шығыстар (өндірістік шығыстарға жататын реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін технологиялық тұрғыдан қажет, өндірістік персонал үшін темір жол разъездерінде қызметтік тұрғын үйлерді ұстауға арналған шығыстарды қоспағанда);
қаланы абаттандыру, ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды және осы тәріздес басқа да жұмыстарды орындауға шығыстар;
білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлердің еңбек демалыстарына ақы төлеуге шығыстар;
жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беруге және сыйақының басқа да нысандарына шығыстар;
кәсіби ауруларды оңалту еміне байланысты шығындардан басқа, табиғи монополия субъектісі қаражаттарының есебінен қызметкерлерге және олардың балаларына емделуге, демалуға, саяхатқа шығуға жолдамаларға ақы төлеу жөніндегі шығыстар;
өз қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетуге денсаулық сақтау органдарымен жасалған шарттар бойынша емхана қызметтеріне ақы төлеуге шығыстар;
сақтандыру төлемдері (кәсіпорындармен өз қызметкерлерінің пайдасына жасалған жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша кәсіпорындар төлеген жарналар);
қызметкерлерге, оның ішінде балалар тәрбиелейтін әйелдерге қосымша берілетін демалыстарға (еңбек заңнамасында көзделгеннен тыс) ақы төлеуге, қызметкердің отбасы мүшелеріне демалысты өткізетін жеріне және қайтар жолына жолақы төлеуге, сондай-ақ пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төлеуге шығыстар;
демеушілік көмектің барлық түрлерін көрсетуге шығыстар;
еңбек заңнамасында көзделгеннен басқа табиғи монополия субъектісінің қызметкерлеріне (қызметкерлерге тамақты тегін немесе төмендетілген бағамен беру, сауықтыру топтарына, секцияларда, клубтарда шұғылдануға арналған абонементтерге, протез салуға ақы төлеу) жеңілдіктер;
мерейтойлық күндерге немесе қызметкерлерге ынталандыру түрінде берілетін (автомашина, пәтерлер, ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар мен басқа тауарлар, сондай-ақ қызметкерлердің жеке есептерінің пайыздық мөлшерлемелерін арттыру) сыйлықтарды сатып алуға шығыстар;
мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі, шипажайлардағы және сауықтыру лагерлеріндегі балалар тамақтарының құнын өтеуге шығыстар;
тұтынушылардан коммуналдық төлемдерді қабылдау жөніндегі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банк және ұйымдар қызметтеріне арналған шығыстар;
ұжымдық шартта айқындалған мақсаттар үшін кәсіподақтарға аударым жасау шығыстары;
тәжiрибелік-эксперименттiк жұмыстарды жүргізуге, өнертапқыштық пен рационализаторлық ұсыныстар бойынша модельдер мен үлгiлердi жасауға және сынауға (реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынған кезде қолданылатын жұмыстарды қоспағанда), көрмелер, байқаулар, конкурстар мен басқа да iс-шаралар ұйымдастыруға, авторлық сыйақылар төлеуге және басқа байланысты шығыстар;
өндіріске және реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қатысы жоқ және тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өсуіне алып келетін шығыстар.
13. Сыйлықақыға және жалақыға берілетін басқа да сыйақы түрлерiне арналған шығыстар табиғи монополия субъектiсiнің (мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда) тарифінiң (бағасының, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлiгiне енгiзiлмейді және табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілмейтiн қызметінен алынған кіріс есебінен немесе әкімшілік және өндірістік персоналдарға еңбекақы төлеу шығыстарын үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.
14. Шығыстарға бағытталған, тарифтің шығын бөлігінде ескерілмеген субсидияларды қоспағанда, табиғи монополия субъектісіне мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлiнетiн субсидия тарифтiң шығын бөлiгін азайтуда ескерiледi.
4. Табиғи монополия субъектілерінің тарифіне (бағасына,
алым мөлшерлемесіне) немесе оның шекті деңгейіне
енгізілетін пайданы шектеу
15. Уәкілетті органның ведомствосы тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу кезінде белгіленген тәртіппен пайданың жол берілетін деңгейін қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының шамасына пайда мөлшерлемесінің көбейтіндісі ретінде анықтайды. Тарифке енгізілетін пайда деңгейі инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаражатты және амортизациялық аударымды ескере отырып шектеледі.
Инвестицияларды табиғи монополия субъектілері меншікті және (немесе) қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Меншікті қаражат көзі кіріс (таза пайда) және амортизациялық аударымдар болып табылады.
Қарыз қаражатын қайтару кіріс (таза пайда) және амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылады.
Акционерге дивидендтер төлеу шығыстары пайдаға қосылмайды.
5. Табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарының
тозуын есептеуге қолданылатын әдістерді және тарифтік
сметасында көзделген амортизациялық аударымдар
қаражаттарын пайдалану бағыттарын келісу
16. Уәкiлеттi орган сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру саласындағы қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектiлерін қоспағанда, табиғи монополия субъектiсi негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзгеннен және (немесе) олар реконструкцияланған (жаңғыртылғаннан) кейiн тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлiгiне амортизациялық аударымдарды өсіруді кезең-кезеңмен енгiзеді.
17. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің тозуын тікжелілік (біркелкі) есептеу әдісін қолдану уәкілетті орган ведомствосының келісімін талап етпейді.
18. Амортизацияны есептеудің өзге әдістерімен амортизацияны қолдану мен есептеуді уәкілетті органның ведомствосы келіседі.
19. Реттелетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетудегі қолданысқа енгізілген активтерден түсетін амортизациялық аударымдар негізгі құралдар құнының артуына әкелетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталады.
Табиғи монополия субъектісінің электр энергиясын желіге
жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі
реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді немесе олардың
шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополия субъектісінің электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесі (бұдан әрі Әдістеме) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі және "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Әдістеме "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" (бұдан әрі – Жүйелік оператор) акционерлік қоғамы ұсынып отырған электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтер және оның шекті деңгейлерін есептеудің тетігін айқындау мақсатында әзірленді.
3. Осы Әдістемедегі негізгі ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық
диспетчерлендіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке
тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу тетігі
4. Электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерi (Тmd) мынадай формула бойынша есептеледі:
(килоВатт-сағат үшін теңге (бұдан әрі – теңге/кВт.сағ.)),
мұндағы:
Z – электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметті көрсетуге арналған Жүйелік оператордың экономикалық негізделген жалпы шығындары, теңге;
Р Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2154 тіркелген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес есептелетін электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді тиімді көрсету үшін қажет қолданысқа енгізілген активтердiң реттелетiн базасына арналған пайданың жол берілетін деңгейі, теңге;
Wжіб. – субъектінің электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді тұтынушылармен жасалған шарттармен, ниет хаттамаларымен және субъектінің жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен мүмкіндіктеріне, тарифтер деңгейін қолдау немесе көтеру мақсатында көлемді төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары кернеудің барлық кластарындағы желілері бойынша босатылған, электр энергиясының төрт алдағы тоқсанға немесе өткен күнтізбелік жылға жоспарлы немесе іс жүзіндегі көлемі, кВт.сағ (килоВатт-сағ);
Wимп. – субъектінің электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді тұтынушылармен жасалған шарттармен, ниет хаттамаларымен және субъектінің жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен мүмкіндіктеріне, тарифтер деңгейін қолдау немесе көтеру мақсатында көлемді төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, Қазақстан Республикасының шекарасында алынатын электр энергиясының төрт алдағы тоқсанға немесе өткен күнтізбелік жылға жоспарлы немесе іс жүзіндегі көлемі, кВт.сағ.
Жүйелік оператордың экономикалық негізделген шығындарының (Z) есебі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің, "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17) тармақшасына және 14-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператор әзiрлеген және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосымен келісілген жеке құжат не есепке алу саясаты бөлігі түрінде жасалған кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алу әдістемесінің талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.